Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. 1 Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері.
ІІ. 2 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
ІІ. 3 Танымдық ойын «Дербестік дамыту құралы»
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу бағдармасы шеңберімен шектелмей, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады.
Биология адамның рухани әлемін қалыптастыруға және байытуға ықпал ететін пән ретінде аса маңызды. Табиғатқа, туған жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік аяқ астынан пайда болмайды. Ол отбасынан, мектептен тәрбиеленеді. Көпшілік жағдайда дүниетанымның қалыптасуы, әлемді ғылыми тұрғыда түсіну биологиялық біліммен тығыз байланысты. Экологиялық проблемаларды шешу жалпы биологиялық негізден басталатын экологиялық мәдениеттің алғы шарты - экологиялық сауаттылықсыз мүмкін емес. ЮНЕСКО деректері бойынша, қазіргі таңда қоғам өмірінде биологияның аса зор рөлінде қарамастан, жұртшылықтың биологиялық сауаттылығының төмендеуі байқалады, олардың биологиялық білім негіздерінен хабарлар емес екендігі көрінеді. Дегенмен көпшілік мемлекеттер биологиялық білімге қатты көңіл бөліп отыр. Мысалы, Америкада биология міндетті пәндер қатарына кіргізіліп, ал биолог мамандығы компьютер мамандығымен бірдей басқа барлық мамандықтар арасында рейтингте бірінші орында тұр.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері
Мектептің жұмыс практикасында және әдістемелік әдебиеттерде «сыныптан тыс жұмысы» ұғымы «сабақтан тыс жұмыс» ұғымымен жиі теңестіріледі, ол дұрыс емес. Биологияда сабақтан тыс жұмыс ұстаз тапсырмасы бойынша барлық оқушылармен сабақтан, жеке зертханалық жұмыстармен, міндетті практикалық жұмыстармен тығыз байланысты, орындалғанына сынып журналына оқушыларға баға қойылады. Сабақтан тыс жұмысқа, мысалы, «тұқым тақырыбын оқығанда үрмебұршақ тұқымының өнуін бақылау, «ішек қуыстылар» тақырыптарына гидраның бүршіктенуін бақылау т. с. с. жатады.
Сыныптан тыс жұмыстарға биология бағдарламасы бойынша міндетті деп қаралатын ботаника және зоология бойынша жазғы тапсырмалар да жатады.
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстар мен қатар факультативтік курстар ұйымдастырлады. Факультативтік курсты таңдап алу ерікті жағдайда болады да, ол арнайы оқулықтар мен бағдармалар арқылы тұрақты кесте бойынша өткізіледі.
Биологиялық сыныптан тыс жұмыстан сабақтан тыс, бірақ мектептен тыс мекемелер (жас натуралистер стансасы, үкіметтік емес ұйымдар шаралар, оқушылар сарайы т. с. с. ) өткізетін жұмыстарды ажырата білу керек. Мектептен тыс мекемелер үшін сабақтың арнайы бағдарламасы шығарылады. Жақсы ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстың оқу- тәрбиелік маңызы зор. Ол сабақта алған білімді одан әрі кеңейтіп, тереңдетіп, сезінуге мүмкіндік береді. Себебі осы кезде биология ғылымының негізгі әдістері - бақылау мен тәжірибе жасауды бір шектеу жоқ. Қайсыбір құбылыстарды бақылау және тәжірибе жасау арқылы тікелей нысандар мен құбылыстар жөнінде нақты мағлұматтар алады. Мысалы, капуста ақ көбелегі немесе кәдімгі масаның дамуына әртүрлі жағдайдың әсер етуін, бір гүлді өсімдіктің өсіп дамуын ұзақ бақылау кез келген оқыту әдісіне қарағанда (әңгіме, коллекциялар, суреттер, тіпті фильмдер көруі) балалар санасында жақсы орнығады.
Бақыланатын құбылыстардың нақтылығы , бақыланғанды қысқаша жазып алу қажеттілігі, тиісті қорытынды жасау, сонан соң сол туралы сабақта немесе үйірме отырысы кезінде әңгімелеу - осының бәрі оқушының ойлауының, бақылағыштығының дамуына себіп тигізіп, бұрын олар көңіл қоймай жүрген мәселелеріне де көңіл аударуларына себеп болады.
Сыныптан тыс жұмыстарда бақылаулар мен тәжірибелер өткізумен байланысты әр түрлі тапсырмалардың кеңінен қолданылуын оқушыларда зерттеушілік ыңғай дамытады. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың әр жақты қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік туғызып, оқушылардың дарындылыққа ыңғайын айқындап білуге себебін тигізеді, оларға болашақ мамандық таңдауға көмектеседі. Ғылым тарихында көптеген ғылым-биологтардың ыңғайы бала кезінен білініп, дамығаны белгілі. Биологиядан әртүрлі сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылатын көптеген мектептердің оқушылары оны бітірген соң биологиялық, медициналық немесе ауылшаруашылық мамандықтарындағы жоғарғы не орта оқу орындарын таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыс кезінде әр түрлі тәжірибелер орындауда, бақылаулар жүргізу кезінде, қоғамдық пайдалы жұмыспен шұғылданып, оқушылар тірі табиғатпен тығыз байланысқа түседі.
Биологиядан жүретін сыныптан тыс жұмыстар теорияның практикамен байланысын тереңдете түсіп, политехникалық оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды әртүрлі еңбекке: тірі табиғат мүйісіндегі жануарларға арналған торларды жасау және жөндеу, оқу-тәжірибе алаңын ұйымдастыру, азық даярлау, жануарларды күтіп-баптау, ағаштар мен көшеттер егу, өсімдіктерді күту және баптау т. с. с. үйретеді, бұл өз кезегінде балалардың тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілігін тәрбиелеп, бастаған істі соңына дейін тиянақты орындауға, ұжымдылыққа баулиды.
Биологиядан жүретін сыныптан тыс жұмыстар тек бақылаулар және тәжірибелермен ғана шектеліп қоймайды. Онда көрнекі құралдар даярлау, биологиялық олимпиада, көрмелер, қаьырға газеттерін шығару, табиғатты қорғауда қоғамдық пайдалы жұмыстар т. б. елеулі орын алады.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен түрлері ішінде барлық әдістемешілердің пікірі бойынша негзгі формасы жас натуралистер үйірмесі. Басқа формаларды бөлуде әртүрлі пікірлер бар. Біздің ойымызша, сыныптан тыс жұмыстар формаларын жіктеуге оған қатынасатын оқушылар санын және осы жұмыстардың жүйелілігі немесе эпизодтығы принципін ескерген жөн. Осы айтылғанды ескере отырып, бізге биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың келесідей формаларын бөліп көрсетуге болады;
а) дербес жұмыс;
в) топтық эпизодтық;
с) үйірмелік жұмыс;
д) жаппай натуралистік шаралар.
Табиғаттағы және тірі табиғат мүйісіндегі, жылыжайдағы, оқу-тәжірибе алаңындағы тәжірибе мен бақылау, қабырға газеттерін шығару, көрнекі құралдарын дайындау т. б. сыныптан тыс жұмыстардың барлық формаларына тән сыныптан тыс жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Эпизодтық топтық, үйірмелік және жаппай жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстардың ұжымдық формалары тобына біріктіруге болады.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың дерьес жұмыс формасы мектептердің барлығында дерлік жүргізіледі. Биологияға қызығушылығы жоғары жекелеген оқушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін ұстаз оларға табиғатта қандай-да бақылау жүргізу, қайсыбір ғылыми-көпшілік кітапты оқу, көрнекі құрал дасау, қабырға газетіне, стендіге материал таңдап алу т. с. с. жұмыстар береді. Кейбір кезде оқушылардың құмарлығын қанағаттандыру үшін, мұғалім өз алдына ешқанлай нақты маұсат қоймай, осы сыныптан тыс жұмысты белгілі бір арнаға бағыттамайды, тіпті өзі оны жүргізіп жүрмін деп те есептемейді. Осындай көрініс негізінен тәжірибесі аз мұғалімдерле байқалады. Негізінен биологияның тәжірибелі ұстаздары биологияға қызығушылығы бар балаларды анықтап, үнемі оларды назарында ұстайды, олардың қызығушылықтарын белгілі бағытта дамытуға міндеттенеді де, осы міндетті жүзеге асыру үшін дербес тапсырмалар таңдап, оның мазмұнын күрделендіріп және кеңейтіп отырады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын және оны ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттары әртүрлі болады. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстың нәтижесі көбінесе оның мазмұны мен ұйымдастырылуына байланысты. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларда қызығушылық тудырып, оларды әртүрлілігімен тартуы тиіс. Оыслай болуы, оны мектепте оқылатын биология пәндерінің қосымша сабағы ретінде сыныптағы сабақ, зертханалық т. б. сабақтар сияқты өткізбеуге байланысты. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс белгілі бір дәрежеде оқушылар үшін міндетті оқу сабақтарынан бір демалыс ретінде болуы керек.
Жалпы орта мектептердегі биологиядан сыныптан тыс жұмыстардан жинақталған тәжірибенің көрсеткеніндей негізінен ұстаздың жетекшілігімен жүргізілетін дербестік, өз бетімен практикалық сипаты басым оқушылар жұмысынан тұруы тиіс, олар: дербес бақылаулар мен тәжірибелер, дене еңбегі анықтамалармен, ғылыми-көпшілік әдебиеттерімен, журналдармен жұмыс.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мазмұнын қоршаған тірі табиғатпен, орман шаруашылығының, ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларымен, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегімен, табиғатты қорғау, табиғатты қорғау мәселелерін тұрғындарға насихаттау, көрнекі құралдарды дайындау сияқты міселелермен байланыстырған тиімді болады.
Танымдық ойын «Дербестікті дамыту құралы».
Бүгінгі білім беру процесінде пәнге танымдық дербестікті дамыту құралы ретінде қызығуды қалыптастыру проблемасының мәні барған сайын ұлғайып келеді. Өйткені, бүгінгі өмір оқушыдан ұдайы құбылып отыратын қоршаған әлем бағдарын таба білуді талап етеді. Бұл орайда мұғалімнің міндеті табиғатпен, қоғаммен және өз-өзімен үйлестікке өмір сүруге, жоғары мақсаттарды дербес қоюға және оларға қол жеткізе білуге қабілетті адамды тәрбиелеу болып табылады. Компьютерлендіру заманында жеке тұлғаның руханилығы мен жалпы адамзаттық мәдениетін сақтап қалу маңызды. Оны табиғатты зерттеу және табиғатпен араласу кезінде жүзеге асыруға болады, ол жаратылыстану пәндерін зерделеу процесінде және осы білім беру саласында, сыныптан тыс жұмыста жүзеге асуы мүмкін.
Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды проблеманың психологиялық негізін В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Эльконин, педагогикалық жақтарын Ю. К. Бабанский, Г. И. Шукина және әдістемелік тұрғыдан аталған проблеманы Н. Д. Хмель, А. Е. Әбілқасымова, М. Қ. Құрмановтың және басқа да педагог-ғалымдардың еңбектерінде жаратылыстану - математика пәндерін оқыту мысалында қарастырылып, нақты әдістемелік ұсыныстар берілді.
Оқушының оқу процесіндегі көзқарасын өзгерту, оған қызмет субъектісіне айналуға көмектесу үшін «ішкі ортаны» құруға жәрдемдесетін оқудың көптеген сыртқы ресурстарын - дербес жұмыстың қызықтылығын, көрнекілігін, техникалық құралдарын, мазмұнын, тәсілдерін, нысандарын тұрақты жаңғыртуды пайдалану қажет. Танымдық қызығуды қалыптастыруға төмендегілер ықпал етеді:
- жаңашылдығы;
- игерілетін білімдердің мәнділігі;
- дербес жұмыс;
- қарым-қатынас;
- жетістік.
Ю. К. Бабанскийдің пікірінше, «қызығу - тұлғаның психикалық қызметінің бүкіл сипатына жан-жақты әсер ете отырып, оның барлық ойлау процестері мен жадын, көңілі мен қиялын толықтыра отырып, анағұрлым жоғары, сапалы жаңа баспалдаққа көтереді». Ондай қызмет адамның тәжірибесін қалыптастыруға, демек, оның әлеуметтік және ғылыми-техникалық процестерге тікелей қатысуына функционалдық ықпал етеді. Анағұрлым жоғары әуестік немесе білім құмарлық деңгейі әлеуметтік ынталантырудың ықпалымен дамиды. Танымдық ойынның өте көп түрлері қамтитын саласының бірі - басқатырғы. Бұл ойын өте көп адамның қисынды ой-пікірін дамытуға әсер етіп, зейінділік пен тапкырлыкқа баулиды. Басқатырғыда, басқа ойындардай белгілі орындау шарты жоқ, автор жасампаздығы мен қиялынан туындайтьн, төзімділік пен тапқырлықты шыңдайтын ғажап ойын. Басқатырғының түрлері сан алуан.
«Космекенділердің кебею жолы»
Мына сурет бойынша бақа мен тритонның уылдырықтан кебею жолын жеке-жеке көрсетілген сандар бойынша тізіп жазыңыз.
«Жануарлар әзіл-қалжыңы»
Мына жануарлар табиғатта кездеспейді Оны суретші өзі ойдан салған. Сіздер осы жануарлардың денесі қандай жорғалаушылардың мүшелерінен құрастырылғанын айтыңыздар?
жеке
уылдырық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz