Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар


Мазмұны
Кіріспе . . . 2-4
І Тарау Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда
педагогикалық дағдылар
1. 1. Тіл мәдениетін ұстарту жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын
талаптар . . . 5-15
1. 2. Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндама . . . 16-23
ІІ Тарау Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстары арқылы тіл мәдениетін ұстарту
2. 1. Сурет бойынша мазмұндама . . . 24-30
2. 2. Кино, диафильм бойынша мазмұндама . . . 31-41
Қорытынды . . . 42-43
Пайдаланған әдебиеттер . . . 44-45
Қосымшалар. 46
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет калған жоқ. Соның әсерінен қазақ тілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана-сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жакты дамытуға арналған.
Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген. Сонымен қатар ЖОО-дың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек делеіген.
Бұл білім беру саласында оқушыға жаңа көзқараспен қарауды үйретті. Мұндай көзқарас окушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай қазір оқушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде:
• Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен ұғым беру кезінде мүғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын қалыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты мақсат - оның коммуникативтік (қарым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, “заттың атын білдіретін сөздерге”, “заттың санын білдіретін сөздерге”, т. б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
• Бастауыш кластарда тілді оқытып-үйретудің әр түрлі салалары арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналық бойларына сай оларды дұрыс қолдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе “Сөйлем”, “Сөйлем мүшелері” тақырыптарын өткенде окушылардың тілдің морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықгалып, пайдаланылмайды.
• Календарлық жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген сағаттар өтіліп жатқан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі. Бастауыш кластарда бұл сабақтарды оқушылардың өсе түскен білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
• Қазіргі төртжылдық бастауыш кластарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы қолдалынып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта қарап, жаңарту қажет болып жатыр. Дәлірек айтқанда, бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысан етіп алған дұрыс.
• Мұның барлығы бастауыш мектепте қазіргі кезеңде дамытуға
лайық мәселелер.
Біздің диплом жұмысымыз бастауыш мектепте сан есімді өтуге арналып, осы проблемаларды аз да болса шешуге арналған. Бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары арқылы оқушылардың тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептегі оқу үрдісі.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары арқылы сөйлеу тіл әрекетін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сыныпта тіл мәдениетін ұстарту жұмыстарының оңтайлы жолдарын анықтау;
2. Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту дағдыларын қалыптастыру;
3. Ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
Зерттеудің әдісі: Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Кітапханалардан дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша әдебиет көздерінен қажетті материалдар, ғалымдардың озық тәжірибелерін зерделеу, сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Бастауыш сынып оқушыларын тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілі білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық қолданымы: Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау Оқушылардың тілін мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
1. 1. Тіл мәдениетін ұстарту жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Адамдардың бір - бірімен пікір алысатын қатынас құралы ретіндегі тіл талай жыл бойы психологтардың назарын аударып келеді. Тіл тек қоғам бар жерде өмір сүреді, өйткені ол ұжымда қоғамда туады. Ұжымнан қоғамнан тыс тіл жоқ.
Сонымен бірге, тіл-пікірлесу құралы болып әр адамның ойын білдіреді. Ол-ойлаудың ойды айтып жеткізудің құралы. К. Маркстің сөзімен айтқанда, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы».
Тілдің жасаушы халық. Қазіргі біз қолданып жүрген халық тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, ұзақ уақыт қырналып ұстартылған. Оның мазмұнын көтеруге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, тарихи, философиялық ой-түсінігі жұмсалған. Сондықтан да ол бүгін жатқан, әдемі, ойлы естіледі. Тілдің поэтикалық құрылысы стильдік белгі жеке сөздердің орналасуынан, басқа сөздермен қарым-қатынасынан туады. Сондай жағдайда ғана ол мазмұнға, оқырман сезіміне әсер ете аларлық күш-қуатқа ие болады.
Ал тіл мәдениетін ұстарту - баланың ойлау процесімен байланысты, әрі психологиялық факторы әрі тіл білімінің зерттеу обьектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін дамыту, жеке сөздердің басын біріктіріп, сауатты сөйлеуге баулу - психология мен тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс. Психология арқылы жүзеге асады.
Психология ғылыми пікірлесудің қандай түрі болса да сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отыратынын, пікір алысудың нақты мақсаты мен жағдайларына қарай сөйлеу әрекеті әр түрлі болып, сөйлеу алдымен сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін, сөйлеудің өзі ауызша дыбысты тілдің көп және кем тараған түрі және жазбаша сөйлеу болып бөлінетінін анықтады. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Себебі сырттай сөйлеу (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір, ол негізінен ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинастетикалық сезімдер жатыр.
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады. Оларды қиял шынына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.
Психологтардың анықтауынша, бастауыш сынып оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құптарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Қазір бастауыш сынып оқушыларына білім беруде ойын элементтерін көбірек пайдаланып жұр. Мысалы: эксперимент сабақтарында оқушыларды рольдерге бөліп оқытқанда, жануарлардың образын беру, олардың қызығушылығын анағұрлым артатынын байқадық. Оқушылар тұс-тұстан: «Мен тшқан болып оқимын!», «Мен арыстан болып оқимын!» - деп өтініш білдіреді. Сонымен бірге, балалар оқуға деген ынтасы артып, тапсырманың өз беттерімен орындағысы келіп тұрады. Себебі мектепке дейін бала хат танымағандықтан түрлі әңгімелерді үлкендердің жәрдемі арқылы есітіп білсе, енді өздері оқи алатын болғандықтан, біреудің оқып беруін ұнатпай, өз бетімен оқығысы келіп тұрады. Сөйтіп тиісті мазмұнды өздері оқып, өздері меңгерген сайын, оқуға деген ынтасы, ықыласы онан әрі арта түседі.
Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғарғы сатысы творчестволық әрекетпен тығыз байланысты болады. Қиял пассив және актив қиял болып екіге бөлінеді. Пассив қиялға түс көру жатады, ал актив қиялдың өзі қайта жасау, творчестволық және арман болып үшке бөлінеді. Мектептегі шығарма, мазмұндама жұмыстары актив қиялдың екі түрін дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету - қайта жасау қиялының көініс болса, бала қиялының бетін шындыққа бұрып іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен қиялдың қосып дамытуға толықтыруға үйрету творчестволық қиялдың дамуына әсер етеді. Осыған байланысты мазмұндама қоздыру баланың активтік қиялын дамытуда маңызы зор.
Балалардың психикалық процестерінің қызметін (түйсік, қабылдау, зейін ес, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қыбығында етіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді.
Мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын әрекетті үздіксіз күшейтіп, уақытша байланыстыратын (анализатордың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстары) жасайды және жетілдіре түседі.
Тіл дамыту барысында, әсіресе бірінші сынып оқушыларының психикасында І сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан балалардың өмірде көрген - білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену қажет.
Психология оқулықтарында бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан тіл дамытуға алынатын мәтіндер балаларда болатын көңілділік сенгіштік, сезімталдық, қызығұшылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелу тиіс.
Алайда қандай әсерлі тақырып ұсынылғанмен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жар жарымас еді. Өйткені тіл дамытуға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, мұғалімнің дауыс сазының бір қалыпты, әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді нақышымен анық айтуының маңызы зор.
Сөйтіп оқушылардың ауызша, жазбаша, тіл мәдениетін дамытудың психологиялық негізі жөнінде аздап болса да мағұлмат алу оның түйесін жасап, әдістік тәсілдердің қолайлысын таңдап алуда жол-жоба көрсетеді.
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда біз дидактикалық негізгі талаптарына сүйенеміз.
Бастауыш мектептерде оқушыларды тіл мәдениетін дамытуда басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысты, көрнекілік, саналық, оқушылардың белсенділігін арттыру және белгіліден белгісізге, жеңілдеп ауырға принципі ескеріледі.
Оқытудың саналылығы мен оқушылардың белсенділігін арттырып принципін сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға біреудің айтқанын таңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрселер мен құбылыстарды салыстырып олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстар тіл дамытудың өн бойынан орын алады.
Сондай-ақ оқушылардың тіл мәдениетін дамытуда оларға қандай дағдылар берілуге тиіс екені белгіленуі қажет. Өйткені оқушының бойында бар дағдыны қалайша пайдаланып сол дағдымен байланыстырса, оларды қандай жаңа дағдыға төселдіретініміз біліп алмайынша, жұмыстан белгілі нәтиже күту қиын. Дағдының физиологиялық механизмдері жоғары нерв жүйесіне бағынатын шартты рефлекстер яғни динамикалық сторестип, ол бірінші сигналдық системаның қатынасымен екінші сигналдық система басталады. Сондықтан дағдыға бала механикалық түр де емес, саналы түрде жаттығады.
Тіл мәдениетін ұстарту процесінде оқушылар әр түрлі дағдыға әдеттенеді: орфографиялық, дағды лексикалық «сөзді дұрыс қолдану) морфологиялық және синтаксистік т. б. дағдылардың автоматтану дәрежесі әр түрлі. Бірінші, екінші сыныптарда орфографиялық лексикалық, морфологиялық, синтаксистік дағдылар әлсіз дамиды. Бұл дағдылардың қалыптасып, одан әрі бірте-бірте автоматтануына мазмұндама мен шығарма жұмыстарының әсері зор. Мазмұндама жұмыстарының мақсатының өзі оқушылардың ой-операцияларын (жалпылау, анализдеу, синтездеу, нақтылау, абстракциялау, даралау) жан-жақты дамыту болғандықтан - осы жұмысты іске асыру барысында кейбір процестер автоматтанып дағдыға айналады. Мазмұндама жұмыстарын жүргізу барысында жасалған қорытындылар мен методикалық әдебиеттерде айтылған пікірлерді салыстыра келіп, оқушылардың жазба жұмыстарында жіберген қателерін ескере, тұжырымдағанда бастауыш сынып оқушылары жазба тілін дамытуда мынадай педагогикалық дағдыларға үйренулері тиіс:
- Мазмұндамада оқушылар оқылған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады. Оқушы осыған жаттықпай шығарма жазуға көше алмайды.
- Мазмұндамаға ұсынылған материалға түсіну, оның идеялық-мазмұн ұғу. Мысалы: «Мен қалай кезекші болдым» тақырыбы бойынша мазмұндама жазу тапсырылды делік. Оқушы жалпы кезекші болғанда не істеу керектігін, кезекшінің міндеті жөнінде емес, өзі кезекші болғанда не істеуі жөнінде жазуға тиіс екенін білуі немесе «Біздің мектеп» тақырыбы берілсе, жалпы мектеп жөнінде үлкен-кішілігін емес. Мектепке келгелі көргендері мен бақылағандарын айтқызып әңгімелеу керектігін білгізу.
Сөйлеу әрекеті - үнемі ойлаумен тығыз байланысты процесс. Соған орай балалардың тілі мен сөйлеуін дамыту ойлау әрекеттерін өрістетумен ұштастырылады. Оқушылардың ойлау әрекетіндегі салыстыру мен топтастыру (классификациялау) жалпылау мен нақтылау тәсілдерін ауызша сөйлеуі мен жазбаша сөздеріне қолдана алулары - олардың ой жүйесінің қисынды сөйлеген сөзінің дәйекті түсініктерінің өрнекті әңгімелерінің бірізді екендігін аңғартады.
Сөйлеу әрекеті арқылы балалар нәрселер мен құбылыстардың мән - жайын түсінеді. Олардың елеулі белгілерін ойлануымен, салыстырумен танып біледі.
Соның нәтижесінде оқушылардың ғылым ұғымдары қалыптасып дүние танымдық шеңбері кеңейеді.
Оқушылардың сөйлеу тіл мәдениетін дамытатын негізгі пән - «Ана тілі». Алайда осы пән бойынша бағдарламалық талаптарға сәйкес оқушылардың ауызша мен жазу сөзін өзара тығыз ұштастырып, оны дамытып отыруға да жеткілікті мән бермеу фактілері байқалады:
Мұндай бағдарламалық таланттардың тек оқушылардың тілін дамыту саласында ғана емес, жалпы дүние танымы мен ақыл-ой қабілетін әрістетуде де шешуші маңызы бар.
Бастауыш сыныптарда тіл грамматикасы мен оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту ана тілі сабақтарында жүргізіледі дедік.
Алайда оқушылардың жазба сөзін дамыту саласындағы жұмыстар негізінен емделік ережелер мен таныс белгілерін дұрыс қолдану мақсатын көздеп, бекітуші жаттығулар сипатында ғана жүргізіледі.
Оқушылардың сөйлеу тілі мен жалпы ақыл-ой өрісін дамыту бағытында оқыту процесінде ілгеріден қалыптасқан тәсілдер - оқыған мазмұндарды айтып беру, баяндау, шығарма жазу. Осыған орай балалардың кішігірім әңгімелер мен көркем шығармалар мәтінінің мазмұнын ауызша айтып беруі мен жазба мазмұндама орындауының да үлкен мәні бар.
Мұғалім жетекшілігімен оқушыларға көрсетілген суреттердің түрлері мен мазмұнына қарай топтастырып бөлуі және олардың өз сөздерімен айтып беруге теселуі балалардың творчестволық қиялын дамытуы, тілін ширатады.
Тіл мәдениетін ұстарту сабақтарында ылғи назарда ұстайтын мәселенің бірі оқушылардың тілін жетілдіру, дамыту. Тіл ұстарту жұмысына қойылатын талаптар мыналар:
1. Оқушыларға әдеби тіл нормасын меңгерту: диалект сөздерді пайдаланудан, сөздерді диалектіге тән фонетикалық қалыпта айтудан арылтып, әдеби тілге үйрету.
2. Сөздерді орфоэпикалық нормаға сай айтқызу, сөздерді оқығанда да жазу қалпына ермей, айтылу нормасын сақтап оқуға үйрету.
3. Оқушының сөздік қорын молайту, сөздерді мағынасына сай таңдап, орнымен жұмсауға үйрету.
4. Оқушыны сөйлемді тұжырымды, тианақты етіп құруға үйрету.
5. Сөйлемдерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйемен айтуға үйрету.
Тіл ұстарту тек арнаулы сабақтарда ғана емес, грамматика, материалдарын өтетін сабақтарда да ескеріліп отырады. Оқулықта мазмұндама, шығарма жұмыстарына арналған жаттығулар бар, мұнымен қатар грамматика, емле материалдарын пысықтауға арналған жаттығулар да оқулықтың тілін дамытуға көмектесетіндей айтып беріледі.
Мұғалім сабақ өткізгенде әр жаттығудың тіл дамытуға байланыстыжағын анықтап, ескеріп отыруға тиіс. Жаттығу арқылы енген жаңа сөздерді, тосын көрінетін сөздердің мағынасын түсіндіріп отырылуы керек. Сөйлем құруға берілген сөздер орнымен жұмсалды ма, сөйлем дұрыс құралды ма мұғалім осының бәріне мән беріп, кезінде тексеріп, қатесін түзетіп отырады. Сөйлем құратқанда оқушыдан сөйлемді үйреншікті тақырып, мазмұн бойынша ғана құрамай, өмірдің әр саласын ескеріп, сөйлемнің мазмұнын бай етіп, құруды талап ету керек.
Тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары тек оқулықтағы материалдармен шектеліп қана қоймайды. Бұл жұмысты мұғалімдердің өздері іске асырып отырады.
Мысалы: таблицалар жасау әртүрлі суреттермен жұмыс, карточканы пайдалану, сөздік жұмыс жүргізу олардың сыныптан тыс өткізетін әр алуан жұмыстарында ойындар мен сынып жиынында сөйлеуі арқылы да іске асыруға болады.
Тіл мәдениетін ұстарту жұмысының мектептерде өзінің бағдарламасы, жаттығу түрлері, сондай-ақ әдісі болады.
Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл ұстарту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:
1. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние таным дамыту, әр нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап өз беттерімен қорытынды жасай білу:
2. Оқушылар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып Бере алатындай дәрежеге жетуі:
3. Қазақ тіл ғылымдарының зерттеу жұмыстарының негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін жұмыстарды, әсіресе мазмұндама жазу жұмыстарының оңай-да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату:
4. Тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, саналы да, белсенді еңбек етуге тәрбиелеу:
5. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алатын қорын тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қорыта айтқанда, тіл дамыту жұмысана қойылатын талаптар да балаларға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір әдістемелік талаптарға сүйенеді.
Оқушылардың тілін ұстарту жұмысы мектептерде негізінен балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы орындалатын болғандықтан, бұл жұмыстарға қойылатын әдіс - талаптарды көрсетейік. Ол тараптардың негізгі бастылары мынадай:
1. Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын, бетілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп іріктеуі қажет.
2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы. Оның өз дәрежесінде жазылуы қажет материалды жинау оның ішінде негіздерін түсініп, іріктеп ала білуіне байланысты.
3. Оқушы түсінгенін ешбір қайшылықсыз белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмыс дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет.
Оқушы әуелі жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4. Оқушылар сөзді айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс. Мысалы: 3-класс оқушысы «Мәншүк» тексі бойынша мазмұндама жазғанда « жаудың жаңбырша жаудырған оғы» деген тексті сол қалпында беруге тырысып, «тамаша жаудырған оғы» деп жазған.
Мұндай қателерге жол бермеу үшін, сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т. б. тексті анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.
5. Артық сөз қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше реет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz