Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының жалпы сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының жалпы сипаттамасы . . . 9
1. 1 Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар . . . 9
1. 2 Д. Рақышевтың әншілік мектебінде қалыптасқан әдістемесінің бүгінгі музыкалық педагогика практикасымен сабақтастығы . . . 30
1. 3 Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының тәрбиелік мәні . . . 46
2 Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану . . . 56
2. 1 Мектеп оқушыларына арналған «Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы» факультативтік курсының мазмұны . . . 56
2. 2 Сыныптан тыс «Дәнеш тағылымы» атты тәрбие жұмысының педагогикалық үлгісі . . . 89
Қорытынды . . . 140
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 142
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1] . Осы міндеттерді шешуде ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Қ. Түймебаев «орта білімнің мазмұнында тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруға баса мән берілгенін» айрықша атап өтеді [2] . Бұл міндеттер еліміздің мемлекеттік құжаттарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында [3], Тіл туралы Заңында[4], Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында [5] т. б. атап көрсетілген. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында»: « . . . баланың бойында оқу қызметін меңгертуге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге баса көңіл аудару керек», - делінген [6] .
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында (2003) «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету - «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс», - деп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған аса бай мәдени мұрасының келер ұрпақты тәрбиелеудегі мүмкіндігінің жоғары екендігіне ерекше назар аударған [7] . Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында: «Мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеудің тұтас жүйесін құру» басты міндет ретінде айқындалуы халқымыздың мәдени қазынасына терең үңіліп, оны жаңа көзқарас тұрғысынан талдау қажеттілігін туындатады [8] . Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, білім беру үрдісінде олардың рухани жан дүниесін байыту бүгінгі өмір талабынан туындайды. Бұл туралы ұлы ойшыл Әл-Фараби «Тәрбиелеу дегеніміз - халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» деген [9] .
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақтар - ұлы өркениеттің мұрагерлері, тарихи сан-сапамыз құз-қияларына өзінің ұлттық «мен» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алады. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен қатар еселеп жаңғырта да білді» - дегені [10], қазақ халқының мол мәдени, рухани мұраларының, соның ішінде ұлт мәдениетінің бір бөлшегі болып табылатын Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының өміршең екендігін көрсетеді.
Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері осындай тарихи тұлғалардың, ғұлама-ойшылдардың, ақын-жыраулардың, әнші-сазгерлердің, педагог-ағартушылардың қайталанбас тәліми мұралары туған халқымен табысуда. Сондықтан да, жас ұрпаққа жаңа заман талабына сай тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы зор. Осы бағытта қазіргі бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу, өнердегі әсемдікті санамен пайымдай алатын, мәдени өрісі кең етіп өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет.
Бүгінгі таңда қазақ ойшылдары мен ғалымдарының, ағартушыларының педагогикалық мұрасы сан қырынан зерттелген: Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы педагогиалық ой-пікірлердің тарихы (Қ. Б. Жарықбаев[11], С. Қ. Қалиев[12], К. Б. Бержанов[13], С. Мусин[14], Г. М. Храпченков[15], А. Г. Герасимова[16], А. Н. Ильясова[17], К. Ш. Шаймерденова[18], А. М. Құдиярова[19], Қ. Б. Сейталиев[20], Т. М. Әлсатов[21], К. К. Құнантаева[22] ) ; Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы ой-пікірдің дамуы (М. Б. Мадин[23], М. Б. Көккөзова[24], К. Ж. Ибраева[25], К. К. Камалиева[26], Р. Н. Көшенова[27], Қ. Қ. Шалғынбаева[28], А. Б. Тұрсынова[29], І. Р. Халитова[30], А. З. Дайрабаева[31], В. Буланова[32], Т. Ә. Ахметов[33], К. Т. Ыбрайымжанова[34] ) .
Ұлт тұлғаларының педагогикалық мұралары жан-жақты қарастырылып, зерттеу нысанасына айналуда: түркі халықтарының (Қ. Б. Жарықбаев[35], Ө. Әлеуов[36], С. Қ. Қалиев[37], Қ. Б. Бөлеев[38], Т. М. Әлсатов[39], А. Қ. Жұмабеков[40] ) ; демократ-ағартушылардың (Ш. Әлжанұлы[41], Қ. Б. Жарықбаев[42], А. Көбесов[43], К. Құнантаева[44], Г. И. Түретаева[45], Ж. З. Зейнуллина[46] ) ; ақын-жазушылардың (С. Садуақасова[47], Р. Көшенова[48], Қ. Қ. Шалғынбаева[49] ) ; майдангер -жазушылардың (А. Табылдиев, А. Бейсебаева, Р. Джанабаева, с. Иманбаева, Е. Жұматаева) ; қазақ зиялыларының (М. Ж. Құрманбаева[50], Қ. Т. Ыбраимжанов[51], Т. Ә. Ахметов[52], Б. Қиясова[53], Р. Үсенбаева[54], А. Құдиярова[55], А. Тұрсынова[56], С. Баймұратова[57], Қ. Қ. Қоянбаева[58], М. Ж. Құлжабаева[59], С. Т. Сманова[60], А. Е. Садыкова[61], С. С. Жакибекова[62], Е. К. Нұрланбекова[63], А. К. Асаубаева[64], М. К. Буметова[65], Р. Мұратханова[66], М. Д. Есекешова[67] және т. б. ) . Оқу - тәрбие үрдісінде оқушыларға музыка арқылы адамгершілік - эстетикалық, патриоттық тәрбие беру мәселесі де бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (С. Ұзақбаева, Ш. Құлманова, Л. И. Алимова, Е. Қозыбаев, М. Оразалиева, Б. Өтемұратова және т. б. ) зерттеледі. Бұл еңбектер кейінгі зерттеулерге негіз боларлық қазақстандық педагогиканың тарихын айтарлықтай байытты. Мамандар ғылыми ой-пікірдің тарихын зерттеуде халықтың есінде терең із қалдырып, рухани мәдениетінің бөлінбес қазынасына айналған адамдардың іс-әрекеті екеніне көз жеткізіп берді.
Зерттеуге алып отырған тақырыбымызға жақын еңбектер - Ж. Төлебаеваның[68], Қ. Қ. Құламбаеваның[69], Б. Т. Махметованың[70], А. Т. Имашеваның[71] зерттеулері.
Осы қатарда артында елеулі музыкалық-педагогикалық мұра қалдырса да, өнердегі өмір жолы мен шығармашылығы әлі де зерттелмей келе жатқан әнші-сазгер, педагог - Дәнеш Рақышев есімін атауға болады.
Д. Рақышевтың музыкалық шығармашылығы ұлттық болмысты танытуда көркемдік нақышымен, музыкалық-педагогикалық мазмұнының тереңдігімен, қайталанбас әншілік дәстүрімен құнды. Сондықтан да, әншінің музыкалық шығармашылығының қайталанбас әншілік, сазгерлік мәнері, педагогикалық, қызметі зерттеу жұмысының өзектілігін танытады. Бұл мәселе - зерттеудегі мақсатымыз.
Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасынан айтарлықтай педагогикалық идеялар жинақталған, алайда, олар өз деңгейінде анықталмағандықтан, жүйеленбегендіктен күні бүгінге дейін ұрпақ тәрбиесінде кәдеге аспай отыр. Бұл туралы белгілі ақын-жазушылар С. Бақбергенов, Б. Нұржекеев, О. Асқар, Е. Бейсенбек, қоғам қайраткері Қ. Сұлтанов және т. б. замандастары мен шәкірттерінің жекелеген мақалаларынан, Т. Исабектің «Әнші Дәнеш» деректі романынан, Қ. Толыбаев құрастырған «Әнші Дәнеш» естелік-жинағынан, Р. Қ. Дүйсембінованың «Қазақтың ән және әншілік өнері» әдістемелік нұсқауынан, Ә. Ысқабаев, К. Құсайын құрастырған «Дәнеш әндері» жинағынан және Д. Рақышевтың «Әншілікке тәрбиелеу баяны» әдістемелік нұсқауынан, «Мақтанышым - елім» әндер жинағынан, «Өнермен өзектес өмір» естелігінен, Р. Имәрованың «Өткеннің бәрі аяулы» күнделік-естелігінен табуға болады. Бірақ олар ғылыми тұрғыдан толық талданбаған және музыкалық-эстетикалық тәрбиенің дамуына қосқан үлесінің мәні жеткілікті ашылмаған.
Осы тұрғыдан алғанда Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын зерттеу жас ұрпақтың музыкалық-эстетикалық, адамгершілік тәрбиесіндегі мәнін пайымдауға мүмкіндік береді.
Демек, Д. Рақышевтың Қазақстанда қалыптастырған әншілік мектебінің, әншілікке баулу әдістемесінің педагогикалық негіздерінің ашылмауы, тәлімдік мұрасының мектептің оқу-тәрбие жұмысында пайдалану жолдарын қарастыратын бірден-бір зерттеу жұмысының жоқтығы, ұстаздық тәлімгерлік идеяларына көңіл бөлмеу мәселенің негізгі қарама-қайшылықтарын көрсетеді. Осының бәрін жинақтау зерттеу тақырыбын «Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын зерттеп, жинақтау, жүйелеу және орта мектептердің оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық көзқарасының қалыпттасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметік жағдайларды анықтау.
2. Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасындағы жеке тұлғаның қалыптасуына музыкалық, эстетикалық, адамгершілікті әсер еткен адами-кісілік қасиетінің ерекшеліктерін анықтау.
3. Д. Рақышевтың мұрасын педагогикалық талдау негізінде бір жүйеге келтіріп, тәрбиелік мәнін айқындау.
4. Д. Рақышевтың әншілік мектебінде қалыптасқан әдістемесінің бүгінгі музыкалық педагогикамен сабақтастығын дәлеледеу.
5. Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын анықтау, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу пәні : Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы.
Зерттеу нысаны: Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық көзқарастары, педагогикалық іс-әрекеті.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасына педагогикалық талдау жасалынып, оның әншілік мектебінде қалыптасқан әдістеменің бүгінгі музыкалық білім беру педагогикасымен сабақтастығы дәлелденсе, мектеп практикасында пайдалану жолдары анықталса, онда өзінің тарихи тамырынан ой таразылай алатын шағырмашылықты тұлға тәрбиелеуге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, Д. Рақышевтың музыкалық шығармашылығы оқушылардың музыкалық-эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін тиімділікпен жүзеге асыруға игі ықпалын тигізеді.
Зерттеудің жетекші идеясы: Д. Рақышевтың музыкалық шығармашылығы және педагогикалық мұрасы ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігі, қайталанбас тарихи-педагогикалық құбылыс. Жас ұрпақтың музыкалық-эстетикалық, адамгершілік тәрбиесінде Д. Рақышевтың мұрасы игі ықпалын тигізеді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасына байланысты Д. Рақышев жөнінде жарық көрген еңбектерге және мерзімді басылымдарда жарияланған материалдарға, публицистикалық, мемуарлық әдебиеттерге, теориялық талдау; репертуарындағы әндерінің, төл әндерінің музыкалық-педагогикалық мазмұнын тарихи уақиғалардың контекстінде хронология бойынша талдау, мұрағат, мұражай материалдары, замандастарының естеліктеріне тарихи педагогикалық тұрғыдан талдау; интервью, анкета, әңгімелесу және алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: өскелең ұрпақты әйгілі, ұлы адамдардың өмірі мен іс - әрекетіндегі қадір тұтарлық үлгі-өнеге негізінде тәрбиелеу жөніндегі педагогикалық идеялар (П. Ф. Лесгафт. К. Д, Ушинский, АС Макаренко, В. А. Сухамлинский және т. б. ), адамға білім мен тәрбие берудегі тұлғалық-бағдарлы тұрғы тұжырымдамасы (Н. А. Алексеев, В. В. Сороков, И. С. Якимонская және т. б. ) ; тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі объективтік, жүйелілік, тарихи салыстырмалылық тұжырымдар; педагогика және психология тарихшыларының жеке адамдардың мұрасын зерттеудегі әдіснамалық тәжірибесі; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мәдениет туралы» Заңдары және тұжырымдамалары және басқа да мемлекеттік маңызы бар құжаттар.
Зерттеудің көздері: Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы; Д. Рақышев туралы жазылған деректі еңбектер мен мерзімді басылым материалдары; Алматы облыстық мұрағаттарындағы, мұражайлардағы материалдар; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1999, 2007), «Мәдениет туралы» Заңы (1996), Мәдениет министрлігінің әр жылдардағы есептері, анықтамалары; мектептегі іс-тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (1999-2001ж. ж. ) Д. Рақышевтың музыкалық шығармашылығы бойынша әдебиеттер, мұражай, мұрағат, материалдары мақсатты бағыттылықпен іздестіріліді, зерделенді, жүйеге келтірілді.
Екінші кезеңде (2001-2004ж. ж. ) Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттеліп, оны мектеп практикасында пайдалану жолдары анықталды.
Үшінші кезеңде (2004-2007ж. ж. ) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстыру, талдау, топтастыру, жинақтау, оларды математикалық өңдеу, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау, әдістемелік құралдар әзірлеу, диссертацияны әдеби жағынын рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Д. Рақышевтың әнші-сазгер, педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар анықталды;
- Д. Рақышевтың Қазақстанда музыкалық педагогика саласында ерекеше маңызы бар өзіндік әншілік мектебінде қалыптасқан әдістемесінің бүгінгі музакылық педагогикамен сабақтастығы дәлелденді.
- Д. Рақышевтың мұрасы педагогикалық талдау негізінде бір жүйеге келтіріліп, тәрбиелік мәні айқындалды.
- Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын мектеп практикасында пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулар дайындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Мектеп оқушыларына арналған «Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы» атты факультативтік курс бағдарламасы және әдістмесі жасалды.
- Сыныптан тыс «Дәнеш тағылымы» атты тәрбие жұмысының педагогикалық үлгісі («Атамекен» тәрбие бағдарламасы негізінде) дайындалды.
- Зерттеу жұмысының нәтижелерін болашақ музыка пәні мұғалімін даярлайтын оқу орындарында «Музыка тарихы», «Дәстүрлі ән» пәндерінде, мұғалімдердің білім жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Талдықорған қаласындағы Д. Рақышев атындағы мектеп-интернатында, Е. Берліқожаұлы атындағы №11, Б. Жолбарысұлы атындағы №18, М. Жұмабаев атындағы №19, Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Н. Есеболатов атындағы, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткізілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы;
2. Д. Рақышевтың әншілік мектебінде қалыптасқан әдістемесінің бүгінгі музыкалық педагогикамен сабақтастығы.
3. Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының тәрбиелік мәні.
4. Әнші, сазгер, педагогтың музыкалық-педагогиалық мұрасын мектеп практикасында пайдалану әдістемесі.
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, қойылған міндеттерге сай зерттеу әдістерінің тиімді жүйесінің пайдалануы мен тарихы, әдеби, мұражай қоры материалдары обьективті тұрғыда талданылуымен қамтамасыз етілген.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өкізу мен тәжірибеге ендіру: Зерттеудің негізгі қағидалары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда (Жетісай, 2000; Талдықорған, 2005; Талдықорған, 2006; Талдықорған, 2007; Көкшетау2007), «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп», «Білім берудегі менеджмент», «Ұлағат» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналдарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде з ерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, пәні, зерттеу нысаны, зерттеудің ғылыми болжамы, жетекші идеясы, зерттеу әдістері, зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері, көздері, кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.
Зерттеудің «Д. Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мрасының жалпы сипаттамасы» атты бірінші бөлімінде әнші-сазгердің музыкалық-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторлар қарастырылады, педагогикалық талдау негізінде жүйеге келтірілген музыкалық шағырмашылығының тәрбиелік мәні сипатталады, сонымен бірге Қазақстандағы музыкалық білім саласында ерекше маңызы бар, өзіндік әншілік мектебінде қалыптасқан әдістемесінің бүгінгі музыкалық педагогикамен сабақтастығы дәлелденеді.
Зерттеудің «Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасын мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану» атты екінші бөлімде Дәнештің музыкалық мұрасы арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық, адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру принциптері, әдіс-тәсілдері, кезеңдері белгіленеді. Д. Рақышевтың мұрасын пайдалану жөніндегі «Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы» атты факультативтік курстың және сыныптан тыс «Дәнеш тағылымы» атты тәрбие жұмысының педагогикалық үлгісінің сипаттамасы беріледі. Жүргізілген тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижелері қорытындыланып баяндалады.
Қорытындыда Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасы нақты тұжырымдар мен дәлелді пікірлер, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде туындаған ұсыныстар беріледі.
І. ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар
Еліміздің егемендік алып, ұлттық тарихымызды шынайы зерттеуге жол ашылуы, оның бай мұрасын ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға мүмкіндік туғызды. Әрине, өткен ғасырда зерттелінбей келген ұлттық тәлімдік мұра халқымыздың теңдесі жоқ байлығы болып табылады. Шығармашылық өмірінде ұлттық өнерді меңгертуге бүткіл болмысын арнаған, бар ғұмырын өнер үшін сарп еткен Дәнеш Рақышевтың артында қалдырған музыкалық-педагогикалық мұрасы - М. Әуезов «Шертісің де, әнің де қандай келісті. Сен үлкен композиторсың! Әнің - нағыз қазақ әні», - деп бағалаған баға жетпес құнды мұра [72] .
Дәнеш Рақышевтың әнші-сазгер, ұстаз ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды айқындау үшін оның өмірі мен шығармашылығы, балалық, шәкірттік, жігіттік, кемелдену шақтары және өмірінің соңғы кезеңдеріне байланысты басты уақиғалар қамтитын мерзіміне қарай жіктеліп, оның шығармашылық тұрғыда қалыптасуы мен тұлға ретінде қалыптасуы сараланды. (кесте 1) .
Дәнеш Рақышев туралы жарияланған еңбектер мен зерттеу материалдарына шолу жасау, оның әнші-сазгер, қоғам қайраткері, педагог ретінде аты әйгілі болғандығын және халқының аяулы ұлы, біртуар дарынды азаматы екендігін айғақтайды.
Өкінішке орай, Дәнеш Рақышевтың өмір белестері мен шығармашылық іс-әрекетінің дамуы, музыкалық-педагогикалық мұрасы арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмай келеді. Әнші-сазгердің өмірі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі көптеген мақалалар мен естеліктер жинақтарында, деректі романда, мұрағат деректері [73] негізінде ғана қарастырылған.
Дәнеш Рақышевқа қатысты әдебиет саласы, музыкатану, музыкалық педагогикасы жөніндегі алғашқы ғылыми пікірлер ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының соңғы кезеңдерінен бастап жарық көре бастады. Аға буын әдебиетшілеріміз С. Бақбергенов («Сұқсыр» [74], «Әнімен әлдилеген туған елін» [75] ), Б. Нұржекеев («Әнмен өрілген сезім» [76] ), Қ. Сұлтанов, Б. Нұржекеев («Жезтаңдай әнші» [77] ), Қ. Сұлтанов («Дәнеш ағамен алғашқы кездесу» [78] ) О. Асқар («Дарынды Дәкең» [79] ), Е. Бейсембек («Балжан-ай» [80] ), өнертанушы И. Жақанов («Аспандағы аққуға ән жалғаған» [81], «Қапастағы тоты» [82] ), музыкалық білім беру педагогикасы саласынан ғалым-ұстаздар Р. Қ. Дүйсембінова («Өнеріне тәрбиесі сай әнші еді [83] », «Жастарды музыкалық мұра арқылы тәрбиелеу - ізгілендіру негізі [84] », «Дәнеш Рақышев мұрасы-тәрбие арқауы» [85] ), Ж. Мырқаев («Қас тұлпардың дүбіріне ілестік» [86], «Ақиық әнші» [87] ), Ж. Ш. Таубалдиева, Р. М. Рысбекова («Жетісу сазгерлерінің шығармалары арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру» [88] ), Д. Р. Пірінбекова («Ән өнеріндегі асыл бейне» [89] ), С. Т. Шыныбаев («Әншілік өнерге баулудағы ұстаздық өнеге» [90] ), Н. Жанпейісов («Әншілік әлеміндегі дара тұлға» [91] ), А. Қармысов («Өнер жолымды өрнектеген аға» [92] ), М. Мұқаманов («Аспандағы аққуға әнін қосқан» [93] ) өз еңбектерінде өскен ортасы, өмірі мен музыкалық-шығармашылық жолы туралы қысқаша қарастырған.
Әншінің қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесін Т. Исабектің «Әнші Дәнеш» атты деректі романынан қарастыруға болады. Бұл еңбекке қазақтың әйгілі әншісі әрі сазгері Дәнеш Рақышевтың өмірі мен шығармашылығы арқау болған. Роман авторы кейіпкерімен жастайынан аралас-құралас болып, қатар өскен адам, сондықтан да шығарма оқиғасы оқырманын шынайылығымен тәнті етеді. Деректі роман біртұтас желіде жазылып, «Жастық шақ белестері» және «Туған ел құшағында» деген екі бөлімнен тұрады. Оның мазмұны Дәнеш Рақышевтың музыка саласымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы саласында да өшпес із қалдырғанын көрсетеді [94] .
Дәнеш Рақышевтың музыка педагогикасы саласына қосқан үлесі 2001 жылы «Жалын» баспасынан шыққан Қ. Толыбаевтың «Әнші Дәнеш» атты естеліктер жинағында да көрініс тапқан. Жинақ Қазақстан Республикасының Халық әртісі, халық әндерін орындаудың асқан шебері, майталман әнші, өзіндік мәнері зор сазгер Дәнеш Рақышевтың атының аңызға айналғандығын паш етіп, оған деген халқының шексіз сүйіспеншілігін, оның игі қасиеттері мен кісілік сипаттарын елге танытуды көздейді [95] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz