Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері


КІРІСПЕ 2

1.1.Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері. 4
1.2. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары. 9
1.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. 19
1.4. Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу 22

ҚОСЫМША 1 33

ҚОРЫТЫНДЫ 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 38
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстын міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру-дың көрсеткіштерін айқындау;
Бастауыш сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1. Әбдіразақов Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі. Шымкент.
1994ж.
2. Әбдіразақов Е. Халықтық педагогика. Шымкент.1990ж.
3. Әбдіразақов Е. "Ақыл-ой, парасат тәрбиесі" Шымкент қаласы.1994ж.
4. Қайров И.А., Богданов О.С. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы "Мектеп" 1988ж.
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана.1988ж.
6. Сағындықұлы Е. "Педагогика" Алматы.1999ж.
7. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. "Алматы".1999ж.
8. Мүрсалімова У. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ". А.-1998ж.
9. Халметова Т. Адамгершілікке баулу - тәрбиеден. "Қазақстан мектебі" 2001ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 27 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Жоспар
Кіріспе 2

1.1.Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері. 4
1.2. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеу
жолдары. 9
1.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу. 19
1.4. Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу 22

Қосымша 1 33

Қорытынды 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 38

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам
мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты
мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу
үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат
керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-
текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты
тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын,
ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп
жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала
алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік,
имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге
осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын
аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын
қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп
бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына
белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп
қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында
да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз
қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік
тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік
тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстын міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру-дың
көрсеткіштерін айқындау;
Бастауыш сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің әдістемесін
ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1.1.Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері.

Халкымыздың перзенті М.Жұмабаев тәрбиені төрт түрге: дене тәрбиесі,
ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп бөле келе Егер де адам
баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәррбиесі түгел болғаны,-
дейді.
Соның ішінде адамгершілік тәрбиесіне тоқталатын болсақ адамның
моральдық бейнесі оның бүкіл өмірі мен іс-әрекетінде дами береді, бірақ
адамгершіліктің негізгі бейнелері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік
кезде қалыптасады. Одан әрі қарай жаңа адамгершілік қалыптың пайда болуынан
гөрі, бойындағы бұрынғы бары дамиды немесе тәрбиедегі кемістік жөнделеді.
Ата-аналар: "Ең бастысы ұлының немесе қызының қандай маман
болғандығында емес, ең маныздысы олардың нағыз адам болуында",- деген сөзді
жиі айтады. Ата-аналардың бұл сөздерінен өз балаларының адамгершілік
бейнесі жөнінде қамқорлық жасайтыны көрінеді.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершлік қасиеттерімен, қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың
қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық,
құлық пен адалдық, зұлымдық пен махаббат, борыш пен намыс, ар мен
ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына
жастайынан, мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Ал
осыны ойлаған ата-ана жастарды отбасында кішіпейілдікке,
ізеттілікке, инабаттылыққа, имаңдылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет
етіп қойды.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына
сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға
негіз болып табылатынын қауымдық, әлеуметтік, халықтың игі іс-әрекеттер,
мінез-құлықтағы имандылық инабаттылықты көрсететін терек мәнді ұғым.
Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды,
сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерге
қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жаман
әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі-
бауырмалдық, бүкіл алам баласын бауыр, лос түту, көпшіл болу.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың
қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы
ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады.
Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті
ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері
сырттап жүреді, өзімшіл болады.
Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы
дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік
тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.
Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне
едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады.
Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта
бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың
мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері
-оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін,
адамгершілік нормаларын ауытқушыларға жол бермеулі қалыптастыру болып
табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке
даярлаумен тығыз байланысты.
Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін,
аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілкке
тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен-ақ жүргізе бастауы
тиіс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде
игеріледі. Оқу барысында оқушлардың таным-білім әркеті мен еңбек әрекеті
ұштасып жатады. Оқу бала үшін - қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа
білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және
сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның тұрған кезінен-ақ
басталады. Мектепке дейінгі жаста балаларды бастапқы адамгершілік сезімдер
мен ұғымдар, адамшылық мінез-құлықтың ең карапайым дағдылары қалыптасады.
Мектепте бұл жұмыс он бір жыл бойына мұғалімдердің басшылығымен жүйелі
түрде, көзделген мақсатқа сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі
кезде қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-
құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершілік білімдері мен
сезімдері негізінде бастауыш сыныптарды адамгершілік көзқарастардың, мінез-
құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады. Бұдан
бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбиенің арасында диалектикалық өзара байланыс
бар.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыртқы ықпалды тез қабылдағыш,
үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың
сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келетінін, бұл жастағылар өзгелерге
қойылатын адамгершілік талаптар жөніндегі ымырысыздығымен, мінез-құлықтары
еркіндігімен ерекшеленетін психологтар анықтаған. Бұл ерекшеліктер бастауыш
сыныптағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиеленетіндігінің кепілі болып
табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілкке тәрбиелеу үшін
нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Адамгершілкке тәрбиелеуде
балалардың онда адамгершілік тәжірибесі шешуші маңызға ие. Тәрбиенің ісі ең
алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады, мұнда ол адамгершілік
ережелеріне, нормаларына, принциптеріне дағдыланады және олардың
қажеттілігіне көз жетеді.
Мектеп окушыларының қандай да болсын қызметі айналадағылардың қоғамдық
мүдделерімен, қоғам өмірімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол оның
адамгершілік қызметі болып табылады. Сөйтіп, адамгершілік бастама баланың
бүкіл сан қырлы практикалық қызметіне, оның сезімдік және интеллектуальдық
сфераларына өзек болады. Балалар мейлі мектеп ауласында ойнап жүрсін,
мейлі еңбек етіп жатсын, солардың бәрінде де олардың қызметінен
адамгершілікке тән немесе оған қайшы қасиеттер көрінеді. Осыдан келіп,
адамгершілік тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айрықша бір тарауы деп те, тәрбие
жұмысының кез-келген басқа тарауының бір жағы деп те қарау керек деген
қорытынды туады. Мұғалім балалардың оқуын, еңбегін, ойының ұйымдастырғанда,
олардың адамгершілік тұрғыдан жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.
Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның
тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан қалыптасқан
дағдыларды жоғары жаңа талаптар негізінде қайта құру әрқашан қиындықпен
іске асады.
Адамгершілік тәрбие процесінде мектеп оқушыларының мұраттары мен,
моральдық тәрбиелілік дәрежесі арасындағы қайшылықты есепке алудың мәні
зор.
Бала үлкендердің талап-тілегін жай ғана орындай салмай, ықыласпен өзі
қалаған жағдайда адамгершілік тәрбие оқушының адамгершілік тұрғыдан өсуін
бағыттай алатыны мәлім. Бұл тіпті кішкентайлардың адамгершілік тәрбиесінде
жетекші роль атқаратын еліктеу барысында көрініс табады. Егер бұл жақсы
өнегеге еліктесе, оның дамуы жемістірек болады.
Мұғалімдердің бәрі бірдей оқушы мүддесін байқап, оны көтерлемелеп,
қанағаттандырып отырмайды. Балалардың көптеген тілегіне тіпті жауап оларға
тиыс салу. Жазаланудан қорыққан бала өз тілегінен уақытша бас тартуы
мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен қайшылық жойылмайды. Жаза сейілгенде, бала
өзінің тілегін қанағаттандыруға көшеді. Үлкендердің өз тілек-мүддесіне
қатынасын сезген тәрбиеленуші енді қулыққа, екі жүзділікке салады. Ол
үлкендерге былай деп жауап берсе, ал іс жүзінде басқаша істейтін болады.
Сөйтіп бірте-бірте өзінің төңірегіндегілерді алдаута үйренеді. Мұндай мінез-
құлық кейде тәрбиеленушілердің моральдық бейнесінде ауыр кемшіліктерге
әкеліп соғуы мүмкін.
Баланың тілегін екі етпей орындау да кері ықпал етеді. Ж.Ж.Руссо баланы
бақытсыз етудің сенімді жолы – оны "болмайдыны" естімеуге үйрету деген
болатын.
Тәрбиеші баланың тілек-мүдделерін басқара білуі, яғни оның стихиялық
түрде пайда болатын тілектерін ақылмен қанағаттандырып, саналы түрде жаңа
мүдделерін қалыптастыра білуі керек.
Өзінің адамгершілігін жетілдіруге, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі
тәрбиелеуге ұмтылудың үлкен мәні бар.
Оқушы өзіне міндеттеме алғызып, оны орындауға итермелептін стимул -
адамгершілік мұраты. Яғни, оқушы өзін адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде
өзіне міндеттеме алу әдісі. Мұрат шәкірт өмірінде жарық жұлдыз іспеттес, ол
адамды үнемі жаңара түсуге шақырады. Адам өзін үнемі өз мұратымен
салыстырады, өзінің кемістігін айқынырақ сезініп, оны тезірек түзетуге күш
салады. Ал мұғалім балалардың өзін тәрбиелеу әрекеттерін үнемі
бақылап отыруы тиіс.
Мектеп оқушысының адамгершілік мұратының қалыптасуында мұғалім маңызды
роль атқарады. Өзінің барлық жұмысында ол шәкірттерді адамдар мінезіне
талдау жасап, білуге шынайы адамгершілікті өтірік, жасанды адамгершіліктен
ажырата білуге үйретеді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны адамгершілік сапаларының кең көлемін
қамтиды.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды алға шарты сынып
пен мектептегі жалпы адамгершілік "климат" мұғалімдер мен балалар
арасындағы қарым-қатынастың, балалардың өзара қатынастарының стилі, сонымен
бірге мұғалімнің өз үлгісінің оның балаларға көзқарасының шешуші маңызы
бар. Балалар тіпті ұсақ-түйек істерді де қимыл-әрекеттерін де өзінің
мұғаліміне еліктеуге тырысады.
Сонымен, бастауыш сыныптағы адамгершшік тәрбиесі тұтас тәрбие жұмысының
құрадас, маңызы болып табылады.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеу
жолдары.

Бастауыш сыныптардағы мектеп оқушысын адамгершілікке тәрбиелеу ең
алдымен мектептегі қызметтің басты түрі – оқыту процесінде жүргізіледі.
Баланың оқуын үстірт қараған жағдайда ғана оның жеке өзінің ісі болып
көріне алады. Ал шын мәніне келгенде, сабақ – алуан түрлі ұжымдық
әрекеттің, көңіл-күйдің, өзара адамгершілік қарым-қатынас тәжірбиесін
жинақтау орны. Балалар сабақ үстінде өз бетінше іс істеуте, оны ойдағыдай
жүзеге асыру үшін өз әрекетін басқа балалардың әрекетіне қатысты етуге,
жолдастарын тыңдап, түсіне білуге, өз білімін өзгелердің білімімен
салыстыруға, пікірін дәделдеуге, басқаларға көмектесе және өзі де көмек ала
білуге үйренеді. Сабақ үстінде балалар жаңа білім алу процесінде қуаныш
сезімдерін, сәтсіздіктер мен қателіктер өкінішін ұжыммен бірге бастан
кешеді. Тәрбие тұрғысынан алғанда, мектепте оқытылатын пәңдердің бәрі
бірдей дәрежеде маңызды. Пәндердің алуан түрлі болуы әрбір баланың оқуда
өзінің қабілетті жақтарын көрсетуіне мүмкіндік береді. Біреуі зерек,
екіншісінің қолы шебер, үшіншісі ерекше епті, әдемі, тұлғасын мінсіз ұстап,
мінсіз қимылдайды, төртіншісі сымбат-сұлулыққа құштар, бесіншісі байқағыш
келеді. Баланың жеке қасиеттерінің осындай күшті жақтары ең алдымен әр бала
бір салада едәуір білімге үйреніп мағлұмат алатын оқу процесінде көрінеді.
Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбы-құрдастармен ұдайы қарым-қатынаста
болған баланың адамгершілігі қалыптасады, оның өмірлік тәжірибесі молаяды.
Бастауыш сынып оқушыларының көңіл-күйі, олардың қуанышы мен күйініштері ең
алдымен оқуға байланысты болады. Сабақта тәрбие процесінің негізгі барлық
элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы өзара
араласып жатады. Баланы тәрбиелейтін оның сәттері емес, сабақ үстіндегі
бүкіл оқыту процесі.
Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін
оның мазмұнының ғылымилығы мен мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің
адамгершілік эмоциялық қуаты, сабақ үстіндегі мұғалім мен балалар арасында
қалыптасатын өзара қарым-қатынас стилі, мұғалімнің өзіндік адамгершілік
бағыты, оның оқылып отырған материалға көзқарасы және басқалары.
Балалардың бірлесіп істейтін жұмыс тәжірибесін молайту мұғалімге
қойылатын басты талаптардың бірі. Ол үшін мұғалім сабақ үстінде оқушылардың
оқулық материалды білуін бағалап қана қоймай, сонымен қатар олардың
адамгершілік іс-қимылдарына көңіл аударуы керек. Сабақ үстінде мұғалім
табиғи жағдайларды пайдалануына және балалар арасында туатын өзара қарым-
қатынастардың сипатын түсіндіруіне, теріс қылықтарға жол бермеу үшін әдейі
жаңа жағдайлар туғызуына мүмкіндік мол. Сабақ кезіндегі бірлескен қимыл
үстінде бастауыш сынып оқушыларына ненің жақсы, ненің жаман екені туралы
түсінік қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының бірлесіп істейтін жұмысы
әр алуан.
Сөйлеуді дамыту — оқу мен грамматика сабақтарының құрамдас бөлігі. Бұл
сабақтарда мұғалім баланың сөз қорын байытуда жүзеге асырады. Алғашқы
сабақтарды балалардың өздерінің манындағы оқиғалар немесе табиғат
құбылыстары жөнінде еркін әнгімелесуіне арнауға болады. Балалар өз
жолдастарының айтқанын тыңдауға, ұжымдык әңгімеге үйренеді. Алғашқы
сабақтарда олар өздерінің жауаптарына, пікірлеріне мұғалімнің жақсы
ілтипатын сезінуі тиіс. Мұндай көзқарас оның өз пікірлерін батылырақ
айтуына мүмкіндік береді.
Математика сабақтарында да бірлескен жұмысты ұйымдастыруға болады. Олар
белгілі бір ережеге арнап есеппен жазбаша есептен тапсырмалар ойлап табады,
оны шешуді бір-біріне ұсынады. Әрбір бала кімге сұрақ немесе жазбаша есеп
келетінін өзі шешеді. Бір партада отырған балалар есепті шешкенде алынған
жауаптарды өзара тексереді.
Бастауыш сынып оқушыларының адамдық өзіндік қасиеттерін
қалыптастырудағы өзіндік міндеттердің бірі оның адамгершілік ұғымдары мен
түсініктерін молайту болып табылады. Балалардың бұларды меңгеру дәрежесі
түрліше, яғни ол баланың жетілуіне, өмірлік тәжірибесіне байланысты, бұл
тұста ана-тілі сабақтарының рөлі орасан зор. Бала кітап оқи отырып,
айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысады, олардың
қуанышына, кейде сәтсіздіктеріне ортақтасады. Көркем сөз баланың санасына
ғана емес, сонымен бірге сезіміне, қимыл-әрекеттеріне әсер етеді. Сөз
баланы қанағаттандырады, жақсы болуға. қандай да бір жақсылык істеуге
құштарландырады. Мұғалім оқуға арналған текстерді пайдалана отырып, нағыз
жолдастық пен шынайы достық туралы, бұл үшін қандай да қасиеттер
(кішіпейілділік, қайырымдылық, әділеттілік т.б.) туралы балалардың
көзқарасын кеңейтеді. Ол үшін әрбір сабақта қосымша сұрақтар қоюдың маңызы
зор. Ол сұрақтар шығарманың адамгершілік жақтарын айқындауға бағытталған,
оларды балаларды жалпы жетілуі мен танымына қарай өзгертіліп отыруы мүмкін.
Әңгімелесудің ең маңыздысы - оқушының оқылған әңгіме, ертегі не өлеңге
көзқарасын анықтау, оларға өздерін пікірін айтып беруді ұсыну. Балалардың
"Ол (әңгіменің қаһарманы) маған ұнайды", "Бұл әңгіме қызық екен" деген
сияқты қысқа жауаптарына қанағаттанбау керек. Өзінің жауабын дәлелдеу,
оқушыны оқығанын - ойластыруға, әңгімедегі қайсыбір кейіпкерінің іс-
әркетіне баға беруге, ал көбінесе өзінің де тәжірибесін еске түсіруге
мүжбүр етеді. Балаға: "Өмірде осы оқиғаға нендей бір жәйттерді байқағаның
бар ма?"-деп сұрақ қоюға болады. Әңгімелесуді мектеп оқушысының тек
мақұлдайтын ғана емес, талқылайтын да эмоцияларын туғызатындай етіп жүргізу
керек. Бұл мектеп оқушыларының қатыгездік өзімшілдік, немқұрайлылық
көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеуге, олардың кейіпкердің дұрыс және
теріс қасиеттерін жақсырақ танып, дұрыс бағалауына көмектеседі. Мәселен, -
сыныпта С.Көбеевтің "Түлкі мен қырғауыл" атты мысалын оқығанда,
мысалда қулық пен арамдықты, жамандықты сынайды. Мысал қара сөзбен
жазылған. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде, оны мұғалім оқып шыққаннан кейін
балаларға мәтін бойынша төмендегідей сұрақтар қойылады.
Түлкі мен қырғауыл не жайлы әңгімелесті?
Түлкі қырғауыл не деп алдады?
Қырғауыл қалай аман қалды?
Ал енді балалардың мәтін бойынша ой қорытуы үшін жеке-жеке немесе
топқа бөліп сұрақтар қойылады. Мәселен,
I топ.
Түлкіге мінездеме беріңдер. Сендер түлкіге ұқсағыларың келе ме? Неге?
(Түлк, қу, айлакер. Біз түлкіге ұқсағымыз келмейді. Себебі, ол өзгелерге
жамандық жасайды, алдайды).
Сендерге қырғауыл ұнай ма? Несімен ұнайды?
(Бізге қырғауыл ұнайды. Ол ақылды).
III топ.
Жамандық деген не? Жақсылық, жамандық туралы мақал-мәтел айта
аласындар ма?
(Жамандық - өзгені алдау, қиянат, күш керсету, адал болмау. Жақсы
өтіріктен жаман шындық артық).
Жалпы, бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың маңызы зор. Ертегі
балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады.
Жаңа буын оқылғанды Ана тілі" пәнінде 2 сынып) Ертегілер
тақырыбына едәуір орын берілген. Байлық пен ақыл, Ұр тоқпақ,
Жақсылық пен жамандық ертегілерімен оқушылар осы сыныпта танысады.
Әрбір ертегіні мұғалімнің жеңіл тілмен баяндап, түсіндіруі маңызды.
Оқушылар оқиғаға өздері араласып жүргендей әсер алуы тиіс. Жақсылық пен
жамандық ертегісінде шындық пен жалғандық, ақылдылық пен ақымақтық қатар
көрсетіліп, жаман мінезге жақсы мінез қарсы қойылады.
Ертегіні оқушыларға рөлге бөліп оқытып, дауыс интонациясын сақталуын
ескерту керек. Ол үшін келесі сабақта оқушылар ертегіні саналап
көрсететіндей ролдерді бөліп береміз.
Ал келес, сабақта бір оқушы – жақсылық, екіншісі – жамандық, 2-3 оқушы
аңдар болып, ертегінің мазмұнын айтып береді. Олар беттеріне андар:
арыстан, қасқыр, түлкі болып, бет перде киіп, дауыстарын өзгертіп, бірі
жуан, бірі жіңішке қалыпта ертегіні жеңіл әрі қызықты етіп айтып береді.
Сабақ соңында "Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам" деген мақалдың мағынасын
түсіндіріп, сабақты қорытындылаймыз.
Ертегімен танысуды жалғастыру мақсатында бейнелеу өнері сабағында осы
тақырыпты пайдалана отырып, балаларға андардың суретін салдырамыз. Бұл
шәкірттердің ой-қиялын дамытып, пән сабақтарының идеялық мазмұнын
ұштастырады.
Демек, ертегі оқыту барысында қандай қиыншылық болса да қарсы тұра
білу, еңбек адамын қадірлеу, биік адамгершілік қасиеттер дәріптеледі.
Еңбек сабақтарында адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері орасан зор.
Мұғалім мұнда еңбек жөніндегі дұрыс көзқарасқа және еңбек үшін
жауапкершілікке, бірлесіп жұмыс істей білуге, еңбекке деген шығармашылық
көзқарасқа тәрбиелейді.
Жас ұрпақты өндіріс саласындағы еңбекке, кәсіпті дұрыс таңдап алуға,
енбектің құдіреттілігін түсінуге тәрбиелеу жөніндегі қоғамның талаптары
мектепте оқыту мен тәрбиелеудің барлық буындарын қамтиды. Бұл жұмыстың
негізі бастауыш сыныптарда қаланады.
Еңбек сабақтарында балалар өз еңбегі үшін жауапкершілікті сезіп, оған
қоса ортақ еңбектің нәтижелі болуын ойластыруы үшін оларды
жұмыла жұмыс істеуге үйрету, өз тәжірибесін жолдастарына үйретуге баулып,
мұны дамыту өте маңызды. Балалар сабақ үстінде ортақ құралдармен, жартылау
даяр материалдармен құрастыруды үйренеді, белгілі бір бұйымлы бірлесіп
жасайды.
Мұғалім оқушыларға ұйымшылдықпен жұмыс істеудің мәні, бір-біріне қалай
көмектесу керектігін, бір бірінен нелерді үйренуге болатынын түсіндіреді.
Бұл тек ұжымдық қана емес, сонымен бірге жеке жұмыс формаларында да сөзсіз
қажет.
Сонымен, еңбек сабақтарында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде
ұжымдық жұп, топтық және дербес жұмыс түрлері маңызды.
Ұжымдық жұмыстар — тапсырманы бүкіл сыныптың орындауын шарт ететін
жұмыстар. Мысалы, мектеп, сыныпта мерекелік безендіруге арналған
жалаушалар, шырша ойыншықтарын дайындау, мектеп учаскесінде өсімдіктерді,
сыныпта бөлме гүлдерін күту, т.б. жұмыстар.
Әрине, ұжымдық жұмыстың табысты болуы үшір еңбекке деген ынта мен
дағдыдан басқа балалардың ұжымдық еңбекке үйрету қажет.
Жұп болып жұмыс істеуде мұғалім балалардың назарын жұмыс кезінде бір-
біріне кедергі жасамауына, құрал-сайман мен матеиал үшін таласып, керісіп
қалмауына аударуы керек. Әкелінген материалды әділетті түрде тен немесе
жұмыс жағдайына қарай бөліп беру керек. Балалар ұйымшыл, бірлескен еңбек ең
алдымен осындай қарапайым істен басталатынын түсінеді. Бұл жерде бір
ескертетін жайт, кейде сыныптас балалар алдында дайындасуға бейім тұратын
зеректеу балаға сынан етіп шеберірек жолдасын қою керек, сонда олар сыныпта
өзінен ілгері балалар бар екенін сезінетін болады. Сондай-ақ балалардың
дербестігі мен шеберлігі жағынан айырмашылық болса онда олардың бастауын
әлдебір нәрсені істеп үйренгенге дейін епті баламен бірге жұмыс істеу, ал
одан соң осы үйренген баланы келесі икемсіздей жолдасына үйретуші етіп қою
керек.
Топ болып жұмыс істегенде әр топты мұқият қадағалау керек. Үш-төрт
оқушыдан тұратын бұл топты олардың өздерінің тілегі бойынша, мұғалімнің
қалауынша немесе жұмыстың сипатына қарай ұйымдастырылады.
Егер балалардың жұмысында достық болмаса, бірінің үстінен бірі шағым
айтса, жұмысты ұйымдастыра білмесе, мұғалім ақыл-кеңесімен көмектесуге
топтың құрамын өзгертуге тиіс.
Егер балалар ұйымшылдықпен еңбек етіп оқудағы тапсырмаларын орындап
жүрсе, онда топта біраз уақыт бойына өзгеріс жасамаған жөн. Мысал ретінде
ұжымдық еңбек сабағының түсіндірмесін берейік: "Жалаушалар әзірлеу"
сабағын балалар қағазбен, желіммен, қайшымен жұмыс істеуге
дағдыланғаннан кейін өткіземіз.
Еңбек сабағы алдында мұғалім оқушылардың үлгерімін көрсетеді. олармен
жұмысты қалайша жақсырақ жоспарлауға болатынын, топтағы балалар
арасында еңбекті қалайша бөлісуге болатынын талқылайды. Жалаушаны жасау -
төмендегі жағдайлардан тұрады:
жалаушаны трафератпен салу;
жалаушаны ойып алу;
жалаушаны безендіруге арналған геометриялық бейнені ойып алу;
әшекейді жалааның бетіне желімдеп жапсыру;
жалаушаны жібіне ілу.
Мұғалім әркімнің шеберлігін ескере отырып, жұмыс операцияларын
балалардың дұрыс бөлуіне көмектеседі. Бұл сабақ балаларлың жолдастық қарым-
қатынастары нығаюына көмектеседі.
Бейнелеу өнері сабақтарында балалардың бейнелеу қабілетін дамыту
арқылы, олардың өмірге деген идеялық түсініктері мен оның шын істерімен
байланысын анықтауға көмектеседі. Бейнелеу баланың көптеген қабілеттерінің
алғашқы белгілері, баланың айрықша эстетикалық қабылдағыштығы қалыптасады.
Ал мұның өзі әрқашанда құбылыстарды моральдық тұрғыдан бағалаумен
байланысты. Бейнелеу қызметі сезімдерін өзгертіп, байыту арқылы балаларлың
рухани дүниесіне, адамгершілік санасына әсер етеді.
Баланы тәрбиелеу үшін бейнелеу өнері сабақтарының алуан түрін нақты
заттардың суретін салу, көркемдеп безендіру, суретшілердің туындылары
туралы әңгімелер, арнаулы тақырыптағы тапсырмалар береміз.
Тақырыптық тапсырмалардың тәрбиелік тиімділігі олардың мазмұны мен
құрамына байланысты. Мысал ретінде сабақта "Аяз" ертегісі бойынша
өткізілген әңгімені келтірейік. Сабаққа дейін балаларға бұл ертегі оқып
беріледі.
Мұғалім: Бұл ертегіде кім, қандай адамдар қатысатынын" еске түсіріндер.
Олардың қайсысы қандай адамдар? Өгей шеше туралы не айтуға болады? Оның
мінезі қандай, түрі қандай?
Асан: Ол ашуланшақ ештеңеге қуанбайтын адам. Ол бай киінеді.
Майра: Ол мейірімсіз.
Мұғалім: Оның шашы қандай? Мұрны кандай?
Қанат: Мұрны үлкен, қызыл.
Мұғалім: өгей шешенің қызы қандай?
Айша: Ол да өте мейірімсіз, жалқау.
Мұрат: ол ұйқышыл, сараң.
Мұғалім: Ең негізгісі - ол ерке. Киім берсе ол: "жаман" дейді, ал тамақ
берсе "жемеймін" дейді,
Асхат: Аяз оған сарай тазала деді. Ал ол істемеді. Сол үшін өгей
шешенің қызы мұздап қатып қалды.
Айнаш: Егер жұмыс істесек аяз биді тондыра алмайды.
Мұғалім: Енді Аяз туралы: ол жұмыс істегені үшін сыйлайды, ол жұмыс
істемегені үшін жазалайды. Ол қандай?

Әдеп және тазалық
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық, әдептілік
қасиеттерін сіңіру.
2. Тазалық, сенім, иман ұғымдарын қалыптастыру.
Әдісі: репродуктивті, эвристикалык, проблемалық,ъ
Көрнекілігі: кесте.
Бұл сабақтың өзгешілігі әр этап бойынша тірек сұрақтары қойылып
отырады.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру. 2-3 минут.
II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру. 5-8 минут.
Иманды адам қандай мақсатка жетеді?
1. Өзі иманды адам басқаға жамандық жасамайды.
2. Иманды пенде шыққан түбін біледі, яғни Алланың жаратқанын біледі. Ол
өзінің үстазын да, ата-анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды. Сыйлы
ды болады.
3. Ондай пенде екіжүзді болмайды. Жалған сөйлеу және жалған
ант екіжүзділіктің нәтижесі деуге болады.
4. Қоғамға, Отанға пайдалы, білімді бола аламыз.
5. Мұндай балалардан келешекте халыққа пайдалы адам шығады.
6. Осы айтылғандарды менгерген бала ұлық болады, бірақ кішік.
Мансапқор болмайды.
III. Оқушыны біліміді саналы меңгеруге дайындау. 5-7 минут.
Балалар, алдымен бір жақсылықты кімге жасау керек?
Өзіме.
Үй-ішіме.
Тутан-туыс, көршіме. Кешег, туған ауылыма.
- Отаныма, Қазақстанға, яғни оның табиғатын, шекарасын қорғауға.
Мұғалім:
- Дұрыс-ақ. Олай болса, қолымыздағы 5 саусақты салалап көрелік:
1. Жан. 2. Тән. 3. Рух. 4. Ақыл. 5. Көңіл.
IV. Жана матеиалды түсіндіру. 7-10 минут.
- Біздің бүгінгі сабағымызда жан мен тәнге қажет "Тазалық және әдеп"
деген жаңа тақырыпты оқып үйренеміз".
Күн ретін, тақырыпты жаздыру.

Әдепті бала болу үшін не істеу керек? і. Тазалықты үйрену.
Иманды болу.
Қайырымды болу.
V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру. 10 минут.
1. Тазалық деген не?
Тазалық дегеніміз адам өз денесін, киген киімін, жүрген жерін,
отырған орнын таза ұстау.
2. Иман деген не?
Иман — сенім.
Неге сенеді?
Аллаға.
Періштеге.
Пайғамбарға.
Құран-кәрімге.
Ақірет күннің бар екеніне.
Өліп-тірілуге.
Осының бәрі де бір Алладан.
3. Әдеп деген не?
Әдеп деген тек жақсылыққа тәрбелеу.
VI. Білімді бекіту. 2-5 минут.
Осы айтылғандарға діннің қатысы бар ма?
Имансыз деген дінсіз. Дінсіз деген өзіне-өзі сенбеген адамнан еш
опа болмайды. Одан ұры да, қанішер, жауыз да, адамға да, қоғамға да
пайдасыз ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жайлы
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жайында
Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері
Музыкалық тәрбие берудің негізгі мәселелері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь