Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Кіріспе
І Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
1.1 Тіл дамыту әдістерінің ғылыми негіздері
1.2 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ерекшеліктері
ІІ Тәрбиеші тілі . балалардың тілін дамытудың негізгі көзі
2.1 Сөйлеу аппараты дамуының бала тілін дамытудағы ролі
2.2 Балалар бақшасында тіл үйрету әдістері мен тәсілдері
2.3 Бала тілін дамытудағы арнайы сабақ өтудің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеудің өзектілігі:
Жеке адамның қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және оның қаншалықты ерте басталуына байланысты. Осыны ескере отырып, біздің елде балалар бақшалары ( сәбилік және мектепке дейінгі топтармен) бастауыш, орта және жоғары мектептердің іргетасы, аса маңызды буындардың бір ретінде халық ағарту жүйесіне енгізілген.
Балалар бақшасы балалардың жан-жақты дамуын – дене,
ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілді үйрету процесі кезінде жүзеге асырады.
Тіл үшін, - деп жазады профессор М. М. Кольцова « дамудың мұндай қиын- қыстау » кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезеңге қарай негізінен мидың анотомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала ана тілігнің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті назар аударылмаса, кейін оқулықтың орнын толықтыруға қыруар күш –жігер жұмсауға тура келеді.
Зеттеудің міндеті:
- Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми теориялық
негізін анықтау;
Мектепке дейінгі балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту;
Зерттеудің мақсаты:
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту және сөздік қорын байыту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу; сондай-ақ, мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесін жасау;
Зерттеудің әдісі:
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту дстемесінің мәнін мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық, методикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
Мектепке дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесін зерттеу жұмысы барысында бақылау, әңгіме, балалардың ауызша жауаптары мен жазбаша жауаптарын талдау ;
Теориялық қолданылымы:
Мектепке дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесінің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдасытруды, жалпы тілін дамытуды жүзеге асыру.
Практикалық қолданылымы:
Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім мектептердің бастауыш класты оқыту процесінде енгізілген жағдайда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту процесінде, балалардың тілін дамытып, қалыптастыруға кең мүмкіншілік жасайды. Зерттеу материалдары жоғары және орта педогогикалық оқу орындарында бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда және мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерін даярлауда, мұғалімдердің және тәрбиешілердің білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.

1. Баймұратова Б.Б. «Балабақшадағы ересек тілін дамыту туралы методикалық құрал» Алматы 1970
2. Баймұратова Б.Б. «Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту»Алматы 1976
3. А.П. Федеренко, Г.А. Фомичева, В.Н.Лотарев «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы» Алматы 1981
4. Баймұратова Б.Б «Балабақшадағы даярлық топ балаларының тілін дамыту» Алматы 1984
5. Бородич Б.Қ «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы» Алматы 1991
6. Дүкенбаева Қ. Г. «Сауат ашу методикасы» Алматы 1989
7. Володич А.Н «Методика развитья речи детей » Москва 1981
8. Короткова Е.Г. « Обучение детей дошкольного возроста » Москва 1992
9. Қожақметова Қ., Желдірбаева «Мәнерлеп оқу» 1983
10.Қожақметова Қ. «Мәнерлеп оқу» Алматы Мектеп 1982
11.М.Таубаев «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы»
12.Дмитрев Е.Д «Практика по вырозительному чтению» Москва
1989
13.//Отбасы және балабақша // 2003 №5
14.//Отбасы және балабақша // 2003 №1
15.//Отбасы және балабақша // 2002 №2
16.//Отбасы және балабақша // 2004 №3
17.//Бастауыш мектеп // 2003 №4
18. //Бастауыш мектеп // 2001 №5
19. //Отбасы және балабақша // 2000 №3
20. //Отбасы және балабақша // 2004 №6

І Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен
ұйымдастырылуы
1.1 Тіл дамыту әдістерінің ғылыми негіздері
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде
қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден,
тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тілсіз ұлт құрымақ. Тіл адамзат
қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана
өмір сүреді. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің
дамып, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша
жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін
бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің
жанғырығы мен ізі: арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі
рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері
жайында былай дейді. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе
желсіз түнде тымық, әсіресе құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен
тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр.
Тіл — адам қоғамынын рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым-
қатынас қызметін атқаратын, ой қаруы болып саналатын аса құнды құбылыс.
Тіл—адамдық белгісі, жұмсайтын қаруының бірі.[1]
Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі
оқушыларымызға тіл дамыту пәнін қалай меңгертумізге байланысты. Енді бұл
мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік
танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.
Міне сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік
жүктелмек, ол жауапкершілік —ата-бабаның әр сөзін сан ғасырлар бойы
сомдап жасаған ұлы қазына ана тілін көздің қарашығындай сақтап, кіршіксіз
күйде келешек ұрпаққа аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған
халқының ақыл-ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту.
Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның
алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
Тіл немесе тіл дамыту — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және
оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында
ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану
процесі — сөйлеуді зерттейді.
Тіл дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге
түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік
әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика
даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың
көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді
инвариант (лат - өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы өзгерілгіш деп
атады. [2]
Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. Психика үнемі өз-
геріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді,
оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар.
Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері психи-
калық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі.
Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға болады. Яғни баланың сөздік
қоры игерген тіл единицаларының негізінде молаяды.
Тіл дамыту пәніне арналған бағдарлама: ...тіл дамыту жұмыстарында
оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп
ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл
нормасында жатық, әдепті сөйлеуге дағдыландыру,—десе, ал Аханов тіл
дамытуды: Айтайын дегенді дәлме-дәл, ашық айқын және әсерлі түрде
жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен
үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен
эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру, деп біледі.
Көрнекті ғалым А.П.Федоренко Қазіргі тіл дамыту теориясының
негізгі мәселесінін, бірі балалардың лексикалық және грамматикалық
қажеттігіне саяды. Тіл дамыту, дейді X.К.Арғынов, — дағдыларын дамыту
болып табылады, - деп көрсетеді. Тіл дамыту мен байланыстырып сөйлеу
балалар бойында мынандай: оқу-интелектуалдық, оқу-коммуникативтік
дағдыларды дарыту, оларды тұрақтандыру арқылы жүзеге асады. [3]
Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл
материалдарымен ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын
қалыптастыруды айтамыз.
Дамыған тіл деп сипаты жағынан мазмұнды, көркем әдеби тіл нормасына
сай, өзара дұрыс байланысқа түскен аз сөзге көп мағына сыйғызатын, айтқанда
орфоэпиялық, жазғанда орфографиялық ережелерді сақтайтын тілді айтамыз.
Баланы қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш
мотив—оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамдар өмір сүру
үшін тамаққа, киімге, қарым-қатынасқа т.б. да толып жатқан қажеттерін
қанағаттандыруға тиісті. Баланы сөйлеуге, қарым-қатынасқа итермелеп тұрған
оның өзіне ғана белгілі ішкі қажеттілік. Алайда ойын жеткізуге сөздік қоры
тапшы. Бұл жерде бала сөйлеуге мұқтажданды, яғни оны анасымен қарым-қатынас
жасауға итермелейтін күш туды. Қажеттілігі мен мүмкінділігінше арасында
қарама-қайшылық пайда болды. Осы қайшылық баланы тіл үйренуге үнемі жетелеп
отырады. Адамның санасы да, тілі де қажеттіліктен пайда болған. Егер
адамдарда мұқтаждық болмаса,
тіл де, сана да болмас еді, — дейді академик Т.Тәжібаев. Тіл үйренуге тек
адамнын, перзенті ағзенті ғана қабілетті. Тіпті биологиялық жағынан аса
жақын маймылға да тілді үйретуге болмайды, демек нәресте де ғана тілге
икемділік бар. Осы икемділік іштен туа беріле ме, не жүре қалыптаса ма
деген сұрақ туады. АҚШ ғалымы Н.Хомский балаға икемділік туа берілетіндігін
айтады. Бұл пікірді М.М.Мұқанов қолдайды. Бірақ белгілі бір тілді меңгеру
(ағылшын, өзбек т.б.) қоршаған ортаға, өмір талабына сай қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың тағы бір ерекшелігі олар көбінесе
сөзді өзіне қарап айтады. Яғни бала кезде өзімен-өзі сөйлесіп отырады.
Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрлік (лат - ego sentrum - өзіне) сөйлеу
деп атаған. Әдетте ересектер ойлау процесін іштей сөйлеу нәтижесінде іске
асырады. Іштей сөйлеу мектеп жасына дейінгі балаларда әлі
қалыптаспағандықтан, өз ойын өзіне естіртіп айтады. Демек эгоцентрлік
сөйлеу өзгеге арналмай, өзіне бағытталған ойды жеткізудің ерекше түрі. Бала
ойы өзіне түсінікті болса, өзіне естіртіп айту не үшін қажет? Бала ойлау
процесі жүзеге асуы үшін сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе оның
ойлауы мүмкін емес. [18]
Ересектер күнделікті іштей сөйлегенде ойын соған тіркейді. Бала
мұндай операция жасауға дағдыланбағандықтан, ойын үнемі естіртіп айтады.
Сондықтан эгоцентрлік сөйлеу бөгде біреумен қатынастың түрі емес, өз ойын
өзіне жеткізу болып табылады. Ж.Пиаже эгоцентрлік сөйлеу балада 7 жасқа
дейін сақталынады да кейін мүлдем жоқ болып кетеді дейді. Бұған
Л.С.Выготский қарсы шығып, бала жеті жасқа толғанда эгоцентрлік сөйлеу
мүлдем жойылып кетпей, оның іштей сөйлеуіне айналатынын дәлелдейді.
Л.С.Выготскийдіц пікірінше, іштей сөйлеу сырттай сөйлеу нәтижесінде дамып
шығады. Сырттай сөйлеу бірден іштей сөйлеуге айналмайды, эгоцентрлік сөйлеу
бұл екеуінің арасын ұштастырып, өзі кейін жоқ болып кетеді дейді. [19]
Бұл пікірді А.А.Степанов та қолдайды. Іштей сөйлеу сырттай
сөйлеудің негізінде қалыптасады. Мұндай ауыстыру балаларда үш жаста
байқалады. Яғни балалар өзімен-өзі күбірлеп сөйлесе бастайды. Бұл сөйлеу
бірте-бірте азая келіп, іштей сөйлеу формасына айналады дейді.
Ал, М.М.Мұқановтың пікірінше, мектепке дейінгілерде іштей сөйлеу
болмайтынын, сөйлеудің тек сырттай сөйлеу түрін ғана пайдалануға қабілетті
екенін айтады. Мұнан шығатын қорытынды, мектепке дейінгі балалар сырттай
сөйлеуді меңгеріп, бұл интериоризация процесі (сыртқы сөйлеудің ішкі
сөйлеуге айналуы) қалыптасу кезеңін бастан кешіреді. [4]

Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психи-

жазғанда орфографиялық ережелерді сақтайтын тілді айтамыз.
Енді тіл дамытудың алғышарттарына келейік.

қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз, — дейді 3.А.Ковалев, — өмір
мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін
мұқтаждықтары. Қажеттіліктер ағзаның (организмнің) ішкі ортасыньщ немесе
өмірдің сыртқы Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың
сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару)
молаяды.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: ...тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы-
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд-
епті сейлеуге дағдыландыру,—десе, М. Балакаев: ...сөз бай-
лығын молайту, сез тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп,
дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақ-
тап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бә-
ріне бірдей қойылатын ортақ талаптар, - деп анықтайды.
Ал,Аханов тіл дамытуды: Айтайын дегенді дәлме-
дәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін
тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан
сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен

Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер алдымен
әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык
нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді,
қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе, —
дейді.
Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл
білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу баланың ойлау процесімен байланысты
әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен
саналады. Баланың тілін дамыту жеке сөздердің басын біріктіріп сауатты
сөйлеуге (жазуға) баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз
байланысты құбылыс.
Бұл пікірді Б.В.Беляев та қолдайды. Белгілі бір тілді меңгертуде тіл
біліміне сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет, — дейді.
Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы
заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір
ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық
ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға
қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас
қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана
емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды
адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл
кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті
түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын
қамтамасыз етеді.
Дағдыланудың оқу процесінде алатын орны ерекше, егер оқушы тіл
сабақтарында байланыстырып сөйлеуге машықтана алмаса, олар ғылым негізін
меңгере де алмайды. Тіл дамыту салаларын анықтауға арналған ғылыми-зерттеу
жұмыстарында, әр түрлі пікір айтылуда. Кейбір әдіскер-ғалымдар (130, 93).
тіл дамытуға сөз мағынасын игертуге байланысты жүргізілетін жұмыстарды
жатқызса, академик А.В.Текучев сөздік жұмыстарын, оның ішінде тұрақты сөз
тіркестерімен жүргізілетін жаттыруларға ерекше мән береді. А.Ю.Купалова тіл
дамытуда сөйлем құра білу дағдыларын қалыптастырудың рөліне ерекше мән
береді.
Бұл мәселе жөнінде казақ ғалым-әдіскерлердің пікірлерінде де бірізділік
жоқ. Мәселен, Р.Әміров Бірінші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін
істелінетін жұмыстар деген еңбегінде тіл дамытудың мазмұны мен салаларына
тоқталмай, бірінші сынып оқушыларының тілін дамытудың мәселелеріне жалпы
шолу жасап, жекеленген әдіс-тәсілдерге тоқталады. Б.Қәтембаева бала тілін
дамытуда мазмұндама жаздыру, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру,
көрген фильм, спектакль жайында ауызша және жазбаша пікір айту сияқты жұмыс
түрлерін және бұл жұмыстарды грамматикалық категорияларен ұштастырыпу
жүргізуді ұсынады. Сөздерді үйрете отырып және сөзжасам формаларын, сөз
бен сөздің байланысу, тәсілдерін меңгерту, сөйлем құрап, ойын жазбаша
сауатты бере білуге жаттықтыру, ауызша ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге,
сөйлей білуге мақсат етіледі. Сонда осы үш процесс сөздік жұмыс, сауатты
жазу, оны ауызекі жүйелі акта білу күнделікті өтілетін грамматикалық
тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіліп оты-рылса ғана тіл дамыту
жұмысын жүйелі жоспармен, белгілі мақсатпен өткізіледі — дейді.
X.Арғынов тіл дамыту жұмыстарына: әңгіме құрастыру, шығарма, мақал,
күнделік жаздыруды жатқызады. Тіл дамыту жұмыстары тіл туралы мәлімет
беріліцістилистика, қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы тақырыптарына
байланысты жүргізіледі. Олар мәтін талдау, әр түрлі жазба жұмыстарын
орындау, әңгімелесу т.б. түрлі әдіс-тәсілдер арқылы іс жүзіне асырылады -
дейді. Т.Әбдікаримова бас-тауыш сыныптарда оқушы тілін дамыту мәтінмен
жұмыс алып бару қажеттігін және Ана тілі оқулығымен тікелей байланысты
жүргізілуі тиіс деп біледі.
Бала тілін дамытудың теориялық негіздері жайында көптеген тұжырымдар
мен пікірлер айтқан әдіскер ғалым С.Рахметова тіл дамыту жұмыстарын үш
салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар: 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс: 3)
байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары. Әдіскердің пікірінше, бұл
жұмыстар бір-бірімен тығыз байланыстырыла, қатар алып барылуы тиіс.
Тілді меңгертудің мазмұнын көпшілік ғалымдардың ортақ бір пікірге
келмегендігін жоғарыдағы көзқарастар көрсетіп отыр.
Тіл дамытудың салаларын анықтауда сөйлеу не тілдің қызметін негіз етіп
алу тілді оқыту мен оның әдістемесіне сай келе бермейді. Өйткені қазіргі
кезде мектепте ана тілін оқыту, сөйлеу немесе оны жеткізу әдіс-тәсілдерін
емес, тілдік құ-рылысты меңгерту мақсат етіледі. Ойды жеткізу тәсілдері,
тіл шеберлігі, тілдік құрылыстың негізінде жүзеге асады. Олай болса, тіл
дамыту жұмыстарының салаларына негіз етіп мектептегі қазақ тілі курсындағы
тілдің негізгі единицаларға сәйкестілікті алу қажет.
1.2 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ерекшеліктері
Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл материалдарымен
ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын қалыптастыруды айтамыз.

сай, өзара дұрыс байланысқа түскен (грамматикалық, логикалық), аз сөзге көп
мағына сыйғызатын, айтқанда орфоэпиялық, жағдайларының тұрақты талаптарын
бейнелейді.
Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Мысалы: үш
жасар сәби анасына бір нәрсе жайында айтқысы келді дейік. Бірақ анасы оның
тәтті былдырынан еш нәрсе түсінер емес. Баланы сөйлеуге, қарым-қатынасқа
итермелеп тұрған оның өзіне ғана белгілі ішкі қажеттілік. Алайда ойын
жеткізуге сөздік қоры тапшы. Бұл жерде бала сөйлеуге мұқтажданды, яғни оны
анасымен қарым-қатынас жасауға итермелейтін күш туды. Қажеттілігі мен
мүмкінділігінше арасында қарама-қайшылық пайда болды. Осы қайшылық баланы
тіл үйренуге үнемі жетелеп отырады. Адамның санасы да, тілі де
қажеттіліктен пайда болған. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана
да болмас еді, — дейді академик Т.Тәжібаев.
Адамның қажеттіліктері: материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер
болып үшке бөлінеді. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігінің
негізіне байланысты Рухани қажеттіліктер танымдағы және эстетикалық
ләззатқа қажеттіліктер жатса, қоғамдық қажеттіліктерге еңбекке, адамдармен
қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер жатады.
Қарым-қатынас жасау қажеттілігі — адамды тіл ұстартуға, байланыстырып
сөйлеуге итермелейтін негізгі қозғаушы мотив.
Қарым-қатынасқа түспеген сөйлеу әрекеті тоқырауға ұшырап, өмірлік мәнін
жоғалтады, жасанды тілге айналады. Н.И.Жинкин мектептегі тіл дамыту
жұмысының негізгі қиыншылығын былай түсіндіреді: Ситуация урока снимает
естественную коммуникативность речи. Есть только один способ освободиться
от этого недостатка. Надо чтобы у ученика возникла потребность в
коммуникации.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну бала тілінің дамуына-игі әсерін
тигізеді. Сонымен бірге, қарым-қатынас барысында оқушы басқаларды ғана
емес, өзін де танып біледі. Әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды.
Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интелектуалдық және эмоциялық
жағынан байыта түседі, білім, тәжірибе, жеке пікір алмасуына өз ықпалын
тигізеді, - дейді А.Г.Ковалев.
А.Г.Ковалевтің бұл пікірін көрнекті философ Ю.К.Мельвиль де қолдайды:
Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана
пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек өз
жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да
қалыптасады, - деп қарым-қатынастың адам, қоғам өміріндегі аса
маңыздылығын атап көрсетеді.
Көптеген ғалымдардың пікрі бойынша, мұғалімдер оқушыларды қарым-қатынас
жасауға қажетсінуді тудыру үшін сөйлеу ситуациясын (речевия ситуация)
ұйымдастыруы қажет деп біледі: үшіншілері белгіленген жоспар бойынша сөйлеу
әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар бірлігін жасау (тілдік және
тілдік емес) деген пікір айтады: төртіншілері оқуда сөйлеу ситуациясын
тудыру оқушыларды сөйлеуге мәжбүр ететін арнайы әрекеттер жасау деп
түсінеді.
Т.А.Ладыженская ана тілі сабақтарындағы сөйлеу ситуациясының негізгі
мақсаты оқушылардың шындыққа жанасымды нақтылы сөйлеуін тудырып, қарым-
қатынас қажеттілігін қанағаттандыру, деп біледі.
Ана тіліне, байланысты қолданылатын қарым-қатынас ситуациясы ұғымы
Т.А.Ладыженскаяның еңбектерінде дұрыс шешімін тапқан. Ол сөйлеу ситуациясын
тудырудың компониенттері мен жолдарын анықталады, әсіресе тіл сабақтарында
пайдаланатын көрнекіліктердің оқушыны сөйлеу жағдайына жетелеудегі
мүмкіншілігін көрсетті.
Біз қатысқан бір сабақта мұғалім оқушыларға етістікті қатыстырып сөйлем
құрауды тапсырды. Оқушылар: Қой маңырады, Ит үрді, Жылқы жоңышқа жеді
т.б. осы сияқты сөйлемдерді ойлап тапты. Мұғалім сұрағына дұрыс жауап
бергенімен, балалар тапсырманы өте енжар, ешбір қызығусыз орындалды.
Көбісінің зерігіп, іші пысып отырғаны байқалады. Неге бұлай? Оның себебі
мұғалім сабақта сөйлеу ситуациясын құра алған жоқ.
Оқу ситуациясы сабақта қарым-қатынасқа түсетіндердің барлығына — оқушы
мен мұғалімге. оқушы мен басқа оқушыға қатысты болуын талап етеді. Ситуация-
сөйлеушілерді бай-ланыстыратын фраза.
Егер сіз танысыңызға келіп: Асан Алматыдан келіпті десеңіз. Ол
танысыңыз Асанды танымайтын болса, оның Алматыдан келгеніне ешқандай мән
бермейді. Әрі кеткенде Асанның кім еді? деп таңдануы мүмкін, өзара
сөйлесу әрі қарай өрбімейді.
Ал егер әлгі танысыңыз Асанды танитын болса, оның Алматыдан келуінін,
ол үшін мәні болса, әңгімелесушілердің арасында сөйлеу ситуациясы
туындайды. Екеуінің арасында қызу әңгіме өрбіп жүре береді.
Ситуация — қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге жаттығудың аса маңызды
шарты. Мұны түсіну үшін ситуацияның не екенін дұрыс пайымдау қажет.
Көбінесе оны бізді қоршаған орта мен ондағы заттармен шаштыстырылып, қате
түсініліп келеді. Сондықтан сабақтарда да Стадионда,. Асханада, Бақта
т. б. осы сияқты Ситуациялар пайда болып жүр. Алайда мұғалім оқушылар
мұндай ситуацияларда болып тұрып-ақ ыкылассыз жауап беретінін, не мүлде
жауап бермейтінін талай рет байқаған да болар. Оқушылардың қарым-қатынасқа
ықылассыз болуы қиялдан жасалған ситуацияларда ғана емес, сонымен бірге,
сабақ барысында шын мәнінде ұйымдастырылған ситуацияларда да, атап
айтқанда, қалаға, мектеп кітапханасына, ауыл бақшасына саяхатқа шыққанда да
байқалады.
Ситуацияның сөйлесуге жетелейтінін тіл дамыту мәселесімен айналысқан
ғалымдардың бәрі мойындайды, ал жоғарыда келтірілген стимулдар оқушыларды
қарым-қатынас жасауға, түрткі бола алмаса, онда олар шын мәнінде ситуация
болмағаны.
Шын мәнінде, ситуация – қарым-қатынасқа түсушілерді қоршаған заттар мен
құбылыстар емес, ол әңгімелесушілердің өзара қарым-қатынас жүйесі. Өйткені
кітап жайында ұшақтың ішінде де, жол қатынасы жөнінде кітапханада да
сөйлесуге болады ғой.
Сөйлеушілердің өзара қатынасы пікір алысуға бірі ез пікірін дәлелдеуге,
екіншісі біріншісінің дәлеліне келісуге не қарсы тұруға, шағым етуге т. б.
Жетелейді. Олардың өзара қатынасы неғұрлым тереңірек болса, солғұрлым
сөйлесуі, пікір алысуы жеңіл болмақ.
Көптеген тіл сабақтарында сөйлеу ситуациясыньщ түзілмеуінін ен, басты
себептерінің бірі, оқушылардьщ құрған сөйлемдерінің өздерінің іс-
әрекеттерімен байланыстырылмағаныннан деп білу керек. Сөйлеу ситуациясын
оқушылардың іс-әрекетімен байланыстыру оларды тек пікір айтуға жетелеп
қоймайды, сонымен бірге, ана тілінін қатынас құралы екендігін түсінуіне
ықпал етеді.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың
тілші тәрбиешілердің білуі оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға септігін
тигізеді.
Психологиялық зерттеулерде балалардың жас шамасына қарай сөздік
қорының түрліше болатындығын көрсетілген. Жас шамасы қаншалықты есейген
сайын сөздік қор белгілі бір деңгейге жеткен соқ, жаңа сөздерді. талғап-
таңдап қабылдайды. А.М.Ким бұны тіл үйренудің заңдылығы деп танып, төртке
бөледі:
Бірінші заңдылық бойынша, балалардың сөздік қоры бір-келкі
дамымайды, тілі шыға бастаған балалардың сөздік қоры өте баяу жетіледі.
Екінші зандылық бойынша сөздік қоры 300-ден асқан бала айналадағы
қоршаған дүниені білуге құштар болады да, тілді өте оңай игереді. Бұл
шамада 3-4 жасар балаларда (кейде 5-6 жасар балалар да) өте анық байқалады.
Үшінші заңдылық бойынша, сөздік қор белгілі бір шамаға жеткен
балаларда тілге қызығу пассив бола бастайды, олар қажетті сөздерді тез
ұмытып, қайта-қайта ескертуді талап етеді.
Төртінші заңдылық бойынша, тілді үйрену, сөздерді есте сақтау әрі
сапалы, әрі механикалық түрде болады. [6]
Нәресте дүниеге тек тілге потенцалдық қабілетімен ғана келеді.
Баланың қабілеттері мен жеке басты белгілерін, олардың даралық мінез-
құлықтарын, тілін көбіне әлеуметтік орта, отбасының жағдайлары шешеді. Тіл
даму үшір міндетті түрде үлкендермен қарым-қатынаста болуы шарт. Баланың
сөздік қорының баюына - ересектердің қалыптасқан тілі үлкен себепкер.
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау, т.б.)
байқалғанымен, бұлар әлі тіл дыбысының сипаты болмайды. Жылаудың әсерінен
баланьщ тыныс мүшелері мен сөйлеу ағзалары дейінгілер сөздік қорына
негіздей отырып, тілдің тиісті ережелерін білмесе де, үлкендерге еліктеу
арқылы көптеген сөйлемдер құрады. Түзген сөйлемдердің бәрі сәтті шыкқан дей
алмаймыз. Тіл ережесіне қайшы келетін сөйлемдер де құрады.
Таным процестерінін бірте-бірте дамуы бөбектің тіліне де әсер етеді.
Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлегенін сөзін естісек, тіл
дыбыстарын анық ажырата алмаймыз. Бізге ол дыбыстар тек шудан тұратын болып
көрінеді. Мұның себебі қалыптаспағандықтан, ана тілімізде естіген сөздер
белгілі ережеге бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есіту деп атайды.
Фонематикалық есіту дегеніміз әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп
өзге тілдегі дыбыстарды ажырата алмауы. Осы қасиет тек бөбек жасынан
басталып, өз тілінің фонематикалық есіту ерекшелігін басқа тілдерден дәл
ажырата бастайды. Фонематикалық есіту мектепке дейінгілерде ана тілінде,
тереңірек сипатқа ие болады. Мысалы, көз деген сөздін орнына бөз деп
айтылса бір дыбыстып, өзгерілуі, сол сездің мағынасын өзгертіп жіберетінін
бала сезе алады.
Бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға (жағдай) тәуелді болып келсе,
мектепке дейінгі балалар (6-7) монолокқа жақын контекстік сөйлеу формасын
игереді. Қонтекстік сөйлеу формасы деп аталу себебі оның мазмұны
хабарламаның бүкіл контексінен түсінікті болуынан. Сөйлеудің бұл формасы
кең көлемде, логикалық жүйеде мазмұндап беруді талап етеді.
Бала қарым-қатынас жасауға қажетті жаңа сөздер мен грамматикалық
формаларды ересектердің жетілген тілінен, балалар әдебиетінің көркем
туындыларынан алады. Мектеп жасына дейінгілердің (6-7) байланыстырып
сөйлеуін дамытуға әсер ететін маңызды көздердің бірі — үлкендер оқып
беретін ертегілер, өлеңдер мен әңгімелер. Ана тілінде сөйлеуді жүйелі түрде
үйрету олардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда жетекші рөл атқарады.
Мектепке дейінгі кезеңде ситуациялық және контекстік сөйлеу формалары қатар
орып алады, алайда бала қарым-қатынастың нақтылы мақсатына қарай оның
бірін пайдаланады.
Егер тіл арқылы қарым-қатынас барлық негізгі кезеңде сөйлеушіге де,
тыңдаушыға да кернекі түрде беріліп, түсінікті жағдайда жүзеге (органдары)
нығая түседі. Үшінші айда бала гуілдей бастайды. Төртінші айдан бастап бала
өмірінде былдырлау пайда болады. Бұл әрекет ересектердің сөзіне еліктеуден
туады. Былдырлау нәтижесі сөйлеу ағзаларын одам әрі нығайтады. Бұл кезедде
нәрестеде бірінші ассоциациялардың элемент пайда болады. Дыбыс сипаттарын
аң-ғартатындығы баиқалады. Мысалы, тық-ты, десең, қабырғадағы ілулі
сағатқа қарайды. 8 айлық бала сөздің интонациясын, дауыс ырғағын ажырата
алады. Алайда олардың мән-мағынасым толық ұға алмайды. Оның алғашқы сөздері
ата әже апа, аға т.б. болады. Бала алдымен дауысты дыбыстарды,
кейінірек дауыссыз үнді дыбыстарды, содан кейін қатаң, ұяң түрлерін
меңгереді.
Балаға ызың дауыссыздар мен (ш.ж.) ысылдап шығатын дау-ыссыздарды ұғыну
қиын болады.
11-12 ай толғанда нәресте тілі шыға бастайды. Әуелгі кезде ол
айналадағы заттар мен жан-жануарлардың шығарған дыбысына еліктейді. Өзі
сөйлей алмаса да үлкендердің сөзін түсінеді. Өзгелердің сөзіне түсіну
баланьщ сөйлеуінен бұрын туады.
Н.М.Щелованов, Н.М.Аксарина, Г.Я.Розенгарт-Пупко, М.И.Лисиналардың
ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткеніндей, нәресте өзінің жымиюы,
күлкісі, қозғалыс реакциясы (Н.М.Щелованов) арқылы айналасындағы
адамдармен ерте қарым-қатынас жасауға талпынады. Бір жасқа толған сәби әр
түрлі сигналдар, сөздер пайдалану арқылы апасы, әпкесі және тәрбиешілерімен
қатынасқа түскісі келетінін байқатады.
Бір жаста нәресте 10-нан астам сөз біледі. Бірақ ол игерген сөздерімен
сөйлем құрастыра алмайды. Жеке сөздерге сөйлемдік, тіпті одан да көп мазмұн
беріп сөйлейді. Бұл кезеңдегі баланың сөзін сөз-сөйлемдер деп атайды.
Мысалы, апа деген сөз бір жағдайда су ішкім келеді, екінші жағдайда
сыртқа шығамын, үшінші жағдайда маған басқа бала тиісіп жатыр деген
мағынаны білдіруі мүмкін. Сәбидің былайша сөйлей бастауы оның ми әрекетінде
екінші сигналдық жүйеніқ пайда болуымен байланысты.
Тіл үйренуге тек адамнын, перағзенті ғана қабілетті. Тіпті биологиялық
жағынан аса жақын маймылға да тілді үйретуге болмайды, демек нәресте де
ғана тілге икемділік бар. Осы икемділік іштен туа беріле ме, не жүре
қалыптаса ма деген сұрақ туады. АҚШ ғалымы Н.Хомский балаға икемділік туа
берілетіндігін айтады. Бұл пікірді М.М.Мұқанов қолдайды. Бірақ белгілі бір
тілді меңгеру (ағылшын, өзбек т.б.) қоршаған ортаға, өмір талабына сай
қалыптасады.
Бөбек бір жарым жаста 200-дей сөз біледі. Осы көзден бастап, игерген
сөздерден сөйлем құрауға талпынады. Меңгерген сөздік қорынан бала 1000-ға
тарта сөйлем құрастыра алады.
Бөбек бір жарым жаста 200-дей сөз біледі. Осы кезден бастап, игерген

Бала, үш жасқа жеткенде 1200-1300 сөз біледі. Бұл жастағы балалардың
сөйлем құрауы ересектерден кем болмай, тіпті aнa тілінде кездеспейтін жаңа
сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек қандай сөздер айтуға болатынын,
не болмайтынын біле бермейді. Бұрын соңды іс-тәжірибеде өткізбегендіктен
қателіктерге жол береді. Мұндай сәтсіздіктер үлкендер көмегімен түзетіліп
отырылады.
Үш жасар баланың сөздік қоры ете тез молайып, 400-600 сөзге жетеді.
Төрт жаста бұл сөздер екі есеге дейін, ал бес жаста 1500-2000 сөзге жетеді.
5-7 жас аралығында балалар тек үй ішіндегілермен ғана сөйлесіп
қоймай, аулаға шығып құрбыларымен ойнайтын болғандықтан әрқайсысының сөздік
қоры бірінің білмегеніп бірі үйрену арқылы бөбекке қарағанда 3 есе арта
түседі. Атап айтқанда, 3200-3800-дей, сөздік қорға ие болады. Мектепке
дейінгілер есінде бар сөз қорына негіздей отырып, тілдің қалыптасқан
ережелерін білмесе де, үлкендердін, сөйлеу әрекетіне еліктей отырып,
мыңдаған сөйлем құра бастайды. Мектепке дейінгі бала тілінің тағы бір
ерекшілігі сөздік қорында бар морфемалар арқылы сөздерге жаңа жұрнақтар
желімдей алу қабілеті. [7]
Егер бөбектің сөздерден сөйлем құрастыру мүмкіндігі шектеулі
болса, (сөйлемнің құрамы 2 сөзден артпайтын болса) енді бұл мүмкіншілігі
есейген сайын арта түседі. Сөйлем құрау тек сан жағынан емес, сапа жағынан
да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке асырылса, онда мұндай жағдайда
толық, кең түрде байланыстырып айтып берудің қажеттілігі шамалы, оның
орнына көбіне қол қимылы, лепті дауыс және сілтеу есімдіктері мен үстеулер
алмастырған ситуациялық сөйлеу формасы пайда болады.
Егер баланың айтайын деген оқиғасы жайында тыңдаушы хабардар
болмаған жағдайда қарым-қатынас жасалатын: болса, онда кең көлемде,
логикалық жүйеде сөйлеу формасын пайдалану қажеттілігі туады. Алайда
мектепке дейінгі баланың контекстік тілі, оның ситуациялық тілін ығыстырып
шығармайды.
Ситуациялық тілмен катар контекстік тіл де мектепке дейінгі жас кезеңде
арнаулы жағдайларда пайда болып, шапшаң дамиды. Көбінесе мынандай да
болады, бала белгілі бір оқиғаны хабарлау барысында ересек кісінің біріне
сөйлеудің ситуациялық формасын, екіншісіне контекстік формасын пайдалануы
мүмкін. Мысалы, балабақшаның ересек тобы тәрбиешісімен бірге қаладағы
зообаққа барды делік. Қайтар жолда олардың бірі өзінің алған әсерін
тәрбиешімен бөліскісі келіп, түрлі сұрақтар береді. Көргендері жайында
таңданысын білдіреді. Айтуынша бала оқиғаны қай жерден бастап әңгімелесе де
бәріне түсінікті болатындықтан ситуациялық тілді пайдаланды, өйткені
тәрбиеші де, басқа балалар да онымен бірге зообақтағы жануарларды бірге
көрген болатын. Ол үйге келген соң, онымен бірге зообақта болмаған ата-
анасына көрген-білгендерін баяндап береді. Енді бала контекстік сөйлеуді
пайдаланады. Серуенде болған оқиға желісін байланыстырып айтып бермесе,
тыңдаушылар оны түсінбес еді. Бұған қарап ситуацияға қатысты сөйлеу тілдің
төменгі, ал контекстік негізінде сөйлеу сөйлеудін, жоғарғы сатысы екен
деген ұғым тумаса керек. Олай дейтініміз, кейбір жағдайда ересек өздері де
ситуациялық тілді пайдаланатыны жиі кездеседі. Сөйлеудің бұл формасы,
әсіресе бірін-бірі жақын білетін кісілер арасында жиі кездеседі. [16]
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінінің қалыптасуына ересектердің
сөзінің әсері өте күшті екендігі белгілі. Бала оларға үнемі еліктеп, сөз
арқылы қарым-қатынас жасауға талпынады. Өз бетінше сөз шығарып, басқа
балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалатын қателіктерді көрігің
келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.
Отбасында баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті
көңіл бөлінсе, ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады. Әрине
мектепке дейінгі балалардың тілі жақсы жетілген дей тұрсақ та, ол бала
тілі. Контекстік тілді әрі дамытып, жетілдіруге іргетас қаланды деп айтуға
болады.
Біз үшін баланың сөздік қоры және оның контекстік тілді құра білуі
қаншалықты маңызды болса, оның өз ойын қалай, қайтіп айтып жеткізе алуы да
соншалықты маңызды болуы тиіс. Тілдің эмоциялық мәдениетінің адам
өміріндегі маңызы зор. Тіл жатық және мәнерлі айтылуы мүмкін. Сонымен бірге
оның кейде қалай болса солай аса жылдам немесе баяу, жабырқау түрде мүлде
сылбыр да ақырын айтылуы ғажап емес. Баланың қалай сөйлегеніне, тілінің
қалай дамығанына қарай, оның тілін қалыптастыратын ортаға баға бере аламыз.
[9]
Бала тілінің дамуына аса нәтижелі және нәтижесіз кезеңдер
болатынына келейік. Адам психикасының дамуының аса табысты мезгілін
психологияда сензаитвтік кезең деп атайды. Әр жылда егіннің жақсы немесе
өнімсіз болатыны сияқты, адамның да оның ішінде баланың әрнәрсеге
қабілетті, сезімталдығы, қабылдау түрліше болып келетін кезеңдері болады.
Бұл жөнінде тұңғыш пікір айтқан Италияның дарынды педагогі Мария Монтессори
болды. Бұл көзқарас жөнінде Л.С.Выготский мен А.С.Лейтестер құнды пікірлер
айтты.
Сензитивтік көзге неге мән берілуі тиіс? Өйткені бала қабілеті мен
қабылдауы үнемі прогресспвтік жолмен дамымай, есейген сайын бұл қасиеттер
көмескіленуі мүмкін, тіпті жоғалып кетуі де ықтимал. Тәрбиеші бала
қабілетінің мол кезін пайдаланбай мезгілінен кешігіп қалса, даму өз
дәрежесінде болмайды, ол дамыта алған күннің өзінде де оған көп уақыт, көп
қаражат шығару қажет.
Ғалымдардың пікірінше, тіл дамытуды меңгерудің сензитивтік кезі
мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста бала тілдің грамматикалық құрылысын
толық игеріп, ересектер және құрдастарымен пікір алысу дәрежесіне дейін
көтеріледі. АҚШ-тың лингвист ғалымы Э.Пульгремнің айтуынша, егер баланы шет
тілінде 4-5 жастан оқытса, тез үйреніп жақсы меңгерген болар еді. Ал тілді
балалардың сензитивтік кезі сенгеннен кейін меңгертетін болса, оған көп
уақыт және мол қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады.
Кейбір жағдайда баланың алғашқыда белгілі бір нәрсеге ықыласы
болмаса, кейін соған қызығушылығы артуы мүмкін. Оның себебі әуелгі кезде
бұл іс-әрекет түріне ықыласы да оны қызықтыратын түртікісі де болмауы
мүмкін. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді
келеді. Мұнан шығатын қорытынды, баланың синзитивтік кезі белгілі бір
жасына ғана сай келмей, оның жеке басының психикалық ерекшелігіне сырттан
түрткі әсердің күшіне қарай алдағы өмірінде де кездесуі мүмкін.
Мектепке дейінгі кезеңде тілді практика жүзінде қолдану ауызша
сөйлеу тіліндегі сөздерді бөліп талдаудан анағұрлым ерте қалыптасады. Бөбек
(1-3 жас) сөйлемнен сөзді мүлдем ажырата алмайды, тек қайталаумен
шектеледі. Ал мектепке дейінгілер. (6-7 жас) бірте-бірте сөйлем құрамынан
заттың мағыналық сөздерді, яғни зат есімді оқшаулай алады, біртіндеп басқа
да сөз табына бөлуге өтеді. [15]
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тіліндегі жеке
сөздерде бөліп алу процесі бірнешс кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде бала
белгілі бір ойыншықпен ойнайды, ойын барысында ауызша сөйлеу тілінен сөзді
бөлу үшін сыртқы тіректі таба алмайды. Екінші кезеңде бұл сырты тіректер
тіл құрамынан сөзді бөліп алуға көмектеседі, бірақ бұл операция тұрақты
сипат алмайды. Үшінші кезеңіде мектеп жасына дейінгі балалар (6-7)
сыртқы таяныштарға сүйенбей-ақ ішкі іс-әрекет нәтижесінде тілден сөзді
бөлу операциясы біршама тұрақты болады. [3]
Мектептегі оқу жүйесінде аса қажетті сөйлем құрамынан сөзді бөліп,
оны талдау дағдысы бүкіл мектепке дейінгі кезеңде өте баяу қалыптасады.
Жоспарлы түрде оқыту бұл процесті тездетуге ықпал етеді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың өзіне тән мынандай тіл
ерекшеліктерін атауға болады.
1. Баланың алғашқы сөздері сөз-сөйлем, яғни ол бір сөзімен-ақ
айтайын деген ойын аңғартады.
2. Егер бөбекке (1-2 жас) кебіне ситуациялық (жағдай)
сөйлеу формасында болса, мектепке дейінгі балаларда (3-7
жас) контекстік және этоцентрлік сөйлеулер тән.
3. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері
дамиды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады.
Жылаудың әсерінен баланың тыныс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz