Өндірістің жалпы сипаттамасы және классификациясы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1. Өндірістің жалпы сипаттамасы және классификациясы . . .
1. 1. Өндіріс ұғымы. Өндіріс шығындарының түрлері мен классификациясы . . .
1. 2. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру . . .
1. 3. Өндіріс шығындарының есебін жүргізетін счеттар жүйесі .
1. 4. Өндіріс шығындарының аналитикалық есебін ұйымдастыру . . .
1. 5. Негізгі өндіріс шығындарының есебі . . .
1. 6. Көмекші өндіріс шығындарының есебі . . .
1. 7. Үстеме шығыстарының есебі . . .
1. 8. Өндіріс шығындар есептеу тәсілі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы . . .
2 . ЖШС «Бест-стройкомплект»-тегі өндірістік есеп шоттарының есебі . . .
2. 1. Ұйыммен танысу
2. 2. «Бест-стройкомплект» ЖШС-нің есебі
3. Өндірістік есеп шоттарының пәнаралық байланысы . . .
3. 1. Өндірістік есеп шоттарындағы кірістер мен шығыстар аудиті
3. 2. Өндірістік есеп шоттарының шығындар аудиті
Кіріспе.
Өндіріс ұйымның шаруашылық қызметіндегі ең басты үрдісі. Осы үрдіс ұйымның қаржылық жағдайына, яғни пайда немесе залалына әсер етеді. Осыған байланысты өндіріс үрдісін, яғни олардың шығындарын, өнімдерді шығару көлемін, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын және т. б басқару қажеттілігі туындайды. Жалпы өндіріс дегеніміз-қоғамының өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды, өнімдерді шығаратын процесс. Қазіргі заманғы өндіріс ғылыми техникалық прогресстің нәтижелерін қолдану, соның ішінде жүйе ретінде дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорындар цехтардан, учаскелерден, қослқы шаруашылықтардан басқару және ұйымдастыру шаруашылықтардан тұрадыф. Осы аталғандардың барлығы кәсіпорынның өндірстік құрылымын құрайды.
Курстық жұмыстың негізгі бөлім 3 бөлімшеден тұрады:
- Теория
- Талдау
- Пәнаралық байланыс
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда ҚР дамыған нарықтық экономикаға көшуде. Көп жағдайда коммерциялық кәсіпорындар тиімді, әрі неғұрлым жоғары пайда табу мақсатын көздейді және ол мақсатқа жету өндіріс саласымен айналысу рентабьлдігі болып табылады.
Өндіріс саласында қызмет көрсету басқа салалармен салыстырғанда көп қаржы, ұзақ уақытты талап ететін болса да, оның жемісі табысты болады.
Бірақ бұл табыстарға жету үшін кәсіпорын көп қиыншылықтардан өтуі ықтимал. Себебі:кәсіпорынның есеп саясаты, әкімшілік шешімдер, өндіріс шығындардың есебі, экономикалық тұрақтылығы өндіріспен тікелей байланысты болады, яғни кәсіпорынның табысты болуы кәсіпорын саясатының ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Өндіріс- бұл кәсіпорынның пайда болғаннан бастап, ликвидицияға ұшырағанға дейін басты, негізгі күші болып табылады. Белгілі бір өнімді өндіруші ұйымның өндіріс цехтары болмаса, кәсіпорынның алға жылжуы, ғылыми техникалық прогресске сай, иновациялық дамуы мүмкін емес. Өндіріс шығындарын дұрыс ұйымдастыру бұл кәсіпорынның алдағы кезеңдегі тиімділіктің негізгі кепілі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты : Курстық жұмыс тақырыбының мазмұнын ашу, тәжірбие барысын өндірістік есепшоттармен ұштастыра білу. Өндірістік есепшоттарының пәнаралық байланыссын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті :Курстық жұмысты жазу барысында қойылған мақсаттарға жету. Жоспар бойынша барлық міндеттерді орындау.
1. Өндірістің жалпы сипаттамасы және классификациясы .
1. 1. Өндіріс ұғымы. Өндіріс шығындарының түрлері мен
классификациясы.
Өндіріс - қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек кұралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішівде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын - цехтардан, учаскелерден, бригадалардан, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, бригада, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады.
Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:
• заттай;
• технологиялық;
• аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын кө-теруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-катынастардың қүрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай кұрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін артты-руға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
• кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жататындығы;
• шығарылған өнімнің номенклатурасы;
• оның конструкциялық ерекшеліктері;
• қолданылған материалдар;
• шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;
• өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;
• өнім сапасына қойылатын талаптар;
• өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыруы;
• технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
• өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;
• өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.
Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.
Өндіріс кұрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:
• кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
• негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;
• кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақгы жұмыс жүргізу;
• өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;
• техника мен жоғары сапалы технологаяны тұрақты түрде дамыту, өңдірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
• өндірістің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жо-ғарғьі өнімді техниканы кең көлемде ёнгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.
Өндіріс шығындарының түрлері мен классификациясы
Өндіріс шығындарын басқару мен оның есебін бақылау мақстындағы жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіледі.
- Шығынның пайда болған жерде:жауапты орталықтарды (өндірісте, цехтарда, учакелерде және т. б) және өндіріс түріне қарай (негізгі, көмекші өндіріс)
Шығындардың құрамын бақылау мақсатында, олардың қай жерде, өндіріске қанша мөлшерде жұмсалғанын біліп қана қоймай, олардың не үшін, қай бағытта жұмсалғанын, яғни олардың технологиялық үрдіске қатысы бар ма, жоқ па оны да біліп отыру қажет. Осы аталған сипаттарына орай шығындар өндіріс түрлеріне қарай топтастырылады.
Негізгі өндіріс -ол жерде өнім өндіруге қатысты және оны сатуға байланысты үрдістер мен жұмыстар орындалып, қызметтер көрсетіледі.
Көмекші өндіріс-ол жерде негізгі өндіріске тікелей қатысы жоқ, өнділетін өндірістік өнімдерді өз өнімдерімен, жұмыстарымен, қызметтерімен қамтамасыз ететін жұмыс түрлері жатадлы. Мысалы:таза ауа айдайтын станцияны, өндірісті жылумен, тоқпен, бумен, сумен қамтамасыз ететін жылу орталықтарын соларға жатқызуға болады. Басқа көмекші өндірістер негізгі өндірісті құралдармен, жабдықтарды жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етіп, жүк тасымалдау қызметтерін және т. б қызмет түрлерін көрсетеді.
- Экономикалық элементтер бойынша(элементтер, шығын баптары) шығындар элементтік және кешендік болып бөлінеді. Элементтік шығындарға бір тектес шығындар түрі жатады (еңбеккерлердің еңбекақысы, жұмсалған материалды құндылықтардың құны, негізгі құралдар мен материалды емес активтерге есептелген амортизация) .
Осылай жіктеу арқылы құндылықтарды дайындау үрдісін жоспарлауға, штаттық кестені сараптауға, тарифтік стафкалар мен жалақы көлемін реттеуге болады және т. б.
Кешендік шғындар элементтік шығындардың бірнеше тобынан құралады (жалпы өндірістік шығындар, жалпы шаруашылық шығындары, алдағы кезеңдер шығындары және т. б) Олардың жұмсалу көлемі сметалар мен нормативтер бойынша бақыланады.
- Өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына қосылу түріне орай, шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар -өнімнің жекелеген бір түріне жатқызылатын шығындар (материалдар, еңбекерлердің еңбекақысы және т. б)
Жанама шығындар-бір мезетте бірнеше өнімдерге, жұмыс пен қызмет түрлеріне бөлінетін шығындар (жарық беру, жылыту, машиналар мен жабдықтардың жұмысы және басқалары) . Бұл шығындар жекелеген өнім түрлеріне есеп саясатында көрсетілген тәртіппен жалпы шығындарды пропорционалды түрде бөлу арқылы тартылады.
Шығындардың есебін осылай жүргізу, өнімнің өзіндік құнына өнім түрлері мен құрамдас бөліктері бойынша сараптау жүргізуге мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнының құрамындағы тікелей шығындар, әдетте, элементтерге бөлініп, ал жанама шығындар кешенді баптарды құрайды.
- Технологиялық үрдіске қатыстыөндіріс шығындар негізгі және қосымша болып бөлінеді (өндіріске қызмет көрсету, ұйымды басқару) . Қосымша шығындар есебінде үлгілік баптар бойынша цехтарды басқару шығындары ескеріледі (жалпы өндірістік шығындар) және ұйымды тұтастай басқару шығындары (жалпы шаруашылық шығындар) кіреді.
- Техникалық-экономикалық факторларға қатыстыжәне негізінен өнім көлеміне қатысты, ол шығындарды шартты айналымы және шартты -тұрақты деп қарастыруға болады.
Шартты айнымалы шығындар шартты бір көлемдегі өнімге сай нормаланады. Шартты-айнымалы шығындар мөлшері өнім көлемінің өсуіне, немесе азаюына қарай пропорционалды түрде өзгеріп тұрады, мысалы, соған сәйкес
Олардың қатарына өндірістегі еңбекерлердің еңбекақысын және негізгі материалдарды және т. б жатқызуға болады.
Шартты-тұрақты шығындарға құрылымдар немесе ұйым бойынша толықтай шектеулі түрде жұмсалатын шығындар жатады. Және олар өнім өндірудің өндірістік бағдарламасына тікелей қатысты емес (мысалы, ғимаратқа жарық, жылу беру немесе әкімшілік басқару аппаратының шығындары) .
- Өнімді өндіру және өткізу, жұмыстарды атқарып, қызмет көрсетуге байланысты шығындардыжоспарлау мақсатында олар калькуляция баптары бойынша топтастырылады, соның нәтижесінде өнімнің өндірістік және тұтастай өзіндік құны және өнәімнің сату бағасы есептеліп шығарлады.
Калькуляция баптары бойынша шығындар құрамы элементтік шығындар құрамынан көбірек болады, себебі ол өндірістің құрылымын, қажеттіліктерін толық қамтып, дайындалған өнімнің бағасын анықтауға және өндіріске экономикалық сараптау жасауға мүмкіндік береді.
Өзіндік құнды дұрыс есептеп шығару үшін, шығындарды ағымдағы (ағымдағы айға қатысты) және бір мезеттік (кейінгі бірнеше айға қатысты) деп бөлудің маңызы зор.
Аталған классификация бойынша, шығындарды шаруашылық үрдістеріне, өндіріске, өнім түрлеріне қарай біліп отыру үшін бухгалтерлік есеп счеттарының жүйесі құрылған. Әрбір ұйым өзінің қаржылық-шаруашылық ерекшеліктеріне қарай есеп жүргізу үшін, қажетті счеттар топтамасын таңдап алуға тиіс.
Одан әрі, шығындардың классификациясына байланысты, бухгалтерлік есепті шоттардың жұмыс жоспарына қарай, ұйымның есеп саясатына сай шығындарды есептеудің негізгі элементтерін бекіту керек. Осыған байланысты, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылатын, өндірістің түрін, қызмет түрлерін, калькуляция түрлерін бухгалтерлік счеттардың мәліметтері бойынша қалыптастыратын негізгі счеттар анықталады.
1. 2. Өндірістің бухгалтерлік есебін жүргізу.
Өндіріс ұйымдарының шаруашылық қызметіндегі ең басты үрдісі . Осы үрдіс ұйымның қаржылық жағдайына, яғни пайда немесе залалына әсер етед і. Осыған байланысты өндіріс үрдісін, яғни олардың шығындарын, өнімдерді шығару көлемін, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын және т. б басқару қажеттілігі туындайды.
Бұл үрдісті, барлық шаруашылық операциялармен тығыз байланысты құжаттар негізінде ақпараттардың деркезділігі мен дәлдігін қамтамасыз ететін бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше.
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін жүргізудегі негізгі мақсаттар:
- өнімді өндіру мен өткізуге байланысты жұмсалған нақты шығындардың дер кезінде, толық және дәлме дәл көрсетілуін қамтамаыз ету.
- Барлық тауарлық өнімнің және өнімдердің жеке түрлері бойынша нақты өзіндік құнын есептеп шығару.
- Басқару құрылымдарына өндірістік үрдістерді басқарып және тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпараттарды беру.
- Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарын үнемдеп және ұқыпты пайдалануды бақылау.
Өткізілген өнімдердің, орындалған жұмыс пен атқарылған қызметтің өзіндік құны, есептегі кезеңдегі шығындардың, сонымен қатар өткен кезеңдегі және қазіргі есепті кезеңде алынатын табысқа қатысы бар, келешекте жұмсалтын шығындардың есебінен құралады.
Құндлықтардың есебін жүргізу тәртібі ХҚЕС 2 «Құндылықтар» және ҚЕҰС 12 бөлімдері арқылы реттеледі.
Қаржылық қорытындының қалыптасуына әдеттегі шығындар түрінен басқа, операциялық, өткізуден тыс және төтенше шығындар да қосылады, бірақ олар өндірістік өзіндік құнының санатына қосылмайды.
Әдеттегі түрдегі шығындардың қатарына төмендегілер жатады:
- Шикізат, тауарлар және басқа да құндылықтарды сатып алуға кеткен шығындар
- өнім өндіру үшін құндылықтарды өдеуге (қажетті түріне жеткізуге) тікеле жұмсалатын шығындар, оларды өткізу, сонымен қатар тауарларды сату (қайта сату) үшін орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шығыны (негізгі құралдар мен айналымнан тыс активтерді қалыпты жағдайда ұстап тұру және пайдалануға жұмсалатын шығындар)
- коммерциялық шығындар
- әкімшілік және т. б шығындар
Бухгалтерлік есеп жүйесінде бұл шығындар ақшалай түрде көрсетіледі.
ҚЕҰС 2 және ХҚЕС 2 сәйкес түсім түсіруге, операциялық немесе басқа да түрдегі табыстарды табу мақсатында және есептесу формасына (ақшалай, айырбас, есепке алу( байланыссыз, шығындардың барлығы бухгалтерлік есепте көрсетілуі тиісті. Ақы төлеудің ақшалай немесе есептесудің басқа да формасының қай уақытта қолданылғанына қарамастан, шығындар жасалған есептегі кезеңге сәйкес танылады.
Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесінде төмендегі шарттар орындалған болса, жұмсалған шығындар заңды болып табылады. :
- заң талаптары мен нормативтік актілерге, іскерлік айналым дәстүрлері мен тиісті келісім шартқа сай жасалған шығындар
- шығын соммасының көлемін анықтау мүмкіндігі бар болса
Тиісті операциялардың атқарылу нәтижесінде ұйымның экономикалық пайдасының азаятынына көз жетіп тұрса. Ондай жағжай ұйымның активтерін басқа мекемеге берілетіні белгілі болған жағдайға байланысты туындайды. Егер аталған шарттардың бірі орындалмаса бухгалтерлік есеп бойынша дебиторлық қарыз пайда болады.
Ескере кететін жәйт, стандарттарға сай негізгі құралдар мен материалды активтердің амортизациясын есептеу, амортизацияланатын активтердің құнына, пайдалы қолдану мерзіміне және мекеменің амортизация есептеудің қай тәсілін таңдауына орай жүргізіледі.
Әдеттегі жұмсалатын шығындардың түрлерін төмендегі элементтер бойынша топтастыруға болады:
- материалдар
- еңбекақы
- әлеуметтік сақтандыру аударымдары
- амортизация
- басқа да шығындар
Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын және ұйымның қаржылық қорытындысына тікелей әсер ететін, шығындардың құрамы мен көлемін анықтау құқысы ұйымдардың өзіне берілген.
Өнімнің, жұмыс пен өзіндік құнына ұйым өнім өндіру кезінде қолданылатын шикізатты, материалдарды, жанармайларды, энергия қуатын, негізгі құралдарды, еңбек және қаржылық ресурстарды және өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған басқа да шығындарды қосады, оның ішінде:
- технология мен өндірісті ұйымдастыруға, өндірістік үрдістер мен шығарылған өнімнің сапасын бақылауға кеткен тікелей шығындар;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындап және игүеруге жұмсалған шығындар;
- өндіріске байланысты өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныстар шығындары:тәжірбиелік-экспериминталдық жұмыстарды жүргізу, раионализаторлық ұсыныстарға орай өнімдердің жаңа үлгілерін дайындап, сынақтан өткізу, өнертапқыштық және рационизаторлық іс шараларына байланысты көрмелер, байқаулар ұйымдастыру;
- өндірістік үрдістерге қызметжасау шығындары;
- еңбек етудің қалыпты жағдайы мен техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары;
- өндірісті тасқаруға байланысты шығындар;
- еңбек туралы заңдарға байланысты жұмыссыз тұрған кездегі ақы төлеу, кезекті және қосымша ақылы еңбек демалыстарының төлемдері және т. б
- әлеуметтік салықтың есептелген соммасы;
- амортизация есебінде өнімнің өзіндік құнына қосылатын негізгі өндірістік қорларды қалпына келтіру шығындары;
- материалды емес активтердің амортизациясы;
- басқа да шығындар.
Өнімнің өзіндік құнына сонымен қатар, ішкі өндірістік себептерге байланысты жұмыссыз тұру және жарамсыз өнімдерді шығару шығындары да қосылады.
Шығарылатын өнімнің құрамы мен түрлеріне, орындалатын жұмыстар мен қызметтерге байланысты шығындар туралы бухгалтерлік ақпаратты, олардың түрлерін анықтаудан бұрын, ұйым соған сәйкес тиіті жоспарын жасап алған жөн. Ол жоспарда өнімнің өзіндік құны, сату бағасының есебі, пайда сияқты көрсеткіштер бухгалтерлік синтетикалық және аналитикалық және қаржылық есептер түрінде бөлек көрсетіледі. Осы ақпараттардың негізінде бухгалтерия ұйымның есеп саясатын қалыптастырып, жасайды.
1. 3. Өндіріс шығындарының есебін жүргізетін счеттар жүйесі.
Өндіріс үрдісі және өндірістегі шығындардың әртүрлі болуы, шоттардың үлгілік жоспарындағы мына счеттар тобын пайдалануды талап етеді:8100 «Негізгі өндіріс», 8200 «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар», 8300 «Көмекші өндірістер», 8400 «Жүкқұжат шығындары».
Өндірістік шығындарды элементтерімен және калькуляция баптары бойынша есебін жүргізуді қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістің барлық шығындарын дайындалған өнімнің түрлеріне қарай 8100 «Негізгі өндіріс» счетында топтастырады. Счет пайдалану мақсаты бойынша калькуляциялық болғанымен, экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық жағдайын сипаттай алады.
8300 «Көмекші өндірістер» счетында ұйымның құрылымдары қолданатын көмекші өндірістер өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құнын анықтайды (мысалы, жылу өндіретін цех шығарған бу, цехтар мен зауыт басқармасын жылыту үшін қолданылады) . Осыған байланысты көмекші өндірістер өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құны өндірісті басқаруға кететін шығындардың да құрамына қосылады.
Өндірістік шығындар классификациясының жалпы сүлбеі
Технологиялық
процесске қатысты
1. Негізгі айнымалылар. Ма-териалдар
Еңбекерлер еңбекақысы
Еңбеккерлер еңбекақысының қосымшалары
Игеру шығындар
Кепілдік жөндеу резерві
Жарамсыздық шығындары ж. т. б
2. Қосымша шартты тұрақтылар
Жалпы өндірістік шығындар
Жалпы шаруашылық шығындары
1. Элементтіктер
Материалдар
Еңбекерлер еңбекақысы
Еңбеккерлер еңбекақысының қосымшалары
Негізгі қорлар мен материалды емес активтердің амортизациясы
Басқа да шығындар
2. Кешенді
Алдағы кезеңдегі шығындар
Алдағы кезеңдегі шығындар мен төлемдердің резервтері
Жалпы өндірістік шығындар
Жалпы шаруашылық шығындары
Жарамсыздық шығындары
1. Тікелей
Материалдар
Еңбекерлер еңбекақысы
Еңбеккерлер еңбекақысының қосымшалары
Игеру шығындар
Кепілдік жөндеу резерві
2. Жанама
Жалпы өндірістік шығындар
Жалпы шаруашылық шығындары
1. Материалдар
2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар
3. Қайтарылатын қалдықтар(-)
4. Тасымалдау, дайындау шығындары
материалдар жиыны.
5. Еңбекерлер еңбекақысы
6. Еңбеккерлер еңбекақысының қосымшалары
7. Игеру шығындар
8. Кепілдік жөндеу резерві
9. Жарамсыздық шығындары
10. Жалпы өндірістік шығындар
11. Жалпы шаруашылық шығындары
Жиынтық-өндірістік өзіндік құн
12. Коммерциялық шығындар
Барлығы-толық өзіндік құн
Счеттарды корреспонденциялаудың мысалы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz