Инновациялық сабақты ұйымдастырудың (жоспарлаудың) қазіргі формасы



Кіріспе

І.тарау. Инновациялық сабақты ұйымдастырудың (жоспарлаудың) қазіргі формасы.

1.2. Инновациялық сабақтың түрі және ол туралы түсінік.
1.3. Инновациялық сабақтың негізгі сипаттамасы.
1.4. Инновациялық сабақ.іскерлік ойын.


ІІ.тарау. Сабақта іскерлік ойынды жүргізу әдісі және жобалау.

«Болат туралы түсінік, оның түрлері және маркілеу принциптері» тақырыбына материал жинақтау.

2.1. Іскерлік ойынды жоспарлау.
2.2. Іскерлік ойын сабағының конспект жоспары.
«Болат туралы түсінік, оның түрлері және маркілеу принциптері»
тақырыбының материалын жинақтау,жазу.
2.3. Іскерлік ойынды жүргізудің қиындығы.

Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Ғасырлар бойы мектепте балаға білім беру үрдісінде үлкен тәжірибе жинақталды. Көптеген педагогтар оқытудың әртүрлі формаларын зерттеп келді. (И.М.Чередов, В.К.Дъяченко, Слатенин т.б.), соның барысында әртүрлі көзқарастар мен түсініктер жинақталды, оқытудың әртүрлі тиімді әдістері, формалары қабылданды. Бірақ,бүгінгі күнге дейін бұл сұраққа жауап берген бірдей пікір жоқ. Білім беру үрдісінде жоғарғы деңгейдегі білім беру мақсатындағы әдістер, жаңа тәсілдер ұсынылып,ол дәстүр бойынша сарапталып және жаңа формалары, тәсілдері әлі де іздестірілуде. Шәкірттердің кәсіптік біліктілік деңгейін арттыру мақсатында білім берудегі кешенді тәсіл үшін, ең алдымен шынайы оқу мүмкіндіктерін ұғыну,яғни, оқу мүмкіндіктері мен танымдық қызығушылығының, уәждемесінің, қабілеті мен деңгейінің т.б. техникалық және кәсіптік сапасының жоғары болуын білім беру және оны меңгеру сапасымен толықтыру қажет.Білім беру үрдістерін үнемі түрлендіріп отыру, оқушылардың біліктілігі мен кәсіптік дағдысын қалыптастыра отырып,кәсіптік құзіреттілігін анықтауға көмегін тигізеді, ықпал етеді. Қазіргі кездегі мектептерде жеке адамның жобалау педагогикасы, дәстүрлі емес әдістер өзіндік орын алып отыр. Білім мазмұны білім жүйесін, шеберлік,дағды,шығармашылығын, әлемдік көзқарас және жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған қоғамның талабына сай-деп табылғандары білім беру үрдісінде ұсынылуы тиіс. Егер,білімнің мазмұны дәлелді және дәстүрлі мақсатпен сәйкес келсе (негізгі білім мақсаты-ғылыми негізбен сабақтасып, мазмұны оқулықтағы мағлұматтардың мазмұнымен сәйкес болса), онда негізі инновациямен түйіседі[9]. Жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиетін,әлеуметтік жағдайын, қабілетін қалыптастыруға мазмұны маңызды мақсат қойылған болса, онда сол мақсатқа қол жеткізеді. Қазіргі таңдағы білім берудің басым бағыттарының бірі – тұлғаға бағытталған педагогикалық іс – әрекет.Сондықтан басшыларға білім беруде тұлғаға бағытталған көзқарасты жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселе. Яғни,білім беру үрдісін инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім беруді жүзеге асыру – педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық әдіснамалық жаңа бағыты, оқушының қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байлансты идеялар, түсініктер және іс-әрекеттерді жүзеге асыру қазіргі таңның негізгі талаптарының бірі болып есептеледі.Кәсіптік оқыту мекемесінде оқытудың инновациялық барысын-дағы зерттеу объектісі-оқытып-үйрету болып табылса,ал, негізгі пән -инновациялық сабақты ұйымдас-тырушы. Кәсіптік білім беру жағдайында инновациялық сабақтың теориялық талдауы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Оқушының жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуын инновациялық оқыту жүйесі қамтамасыз етеді.
1.Батышев С. Я. Профессиональная педагогика. М.: Изд.«Эгвес».
2.Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологии». М.Педагогика,1989г.
3.Вербитский А.А., Борисова Н.В."Методологические рекомендации по проведению деловых игр", М., 90.
4.Гребенюк О.С. Общая педагогика: Курс лекций/ Калинингр. ун-т. - Калининград, 1996.
5.Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Совсем необычный урок: практ. пос. для учителей, студентов средн. и высших пед. уч.зав., - Ростов-на-Дону: Изд-во “Учитель”, 2001.
6.Никитина Н. Н., Железнякова О. М., Петухов М. А., Основы профессионально-педагогической деятельности, Уч. изд., М.: Изд-во «Мастерство», 2002
7.Онищук В.А. Урок в современной школе: Пособие для учителя. – 2-е изд., перераб. - М.: Просвещение, 1986.
8.Педагогика./ Под ред. В. А. Сластенина. – М.: Академия, 2004.
9.Пидкасистый П.И. «Технология игры в обучении» – М.:Просвещение, 1992г.
10.Сластенин В. А., Исаев И. Ф., Шиянов Е. Н. Общая педагогика. – М.: Владос, 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

І-тарау. Инновациялық сабақты ұйымдастырудың (жоспарлаудың) қазіргі
формасы.

1.2. Инновациялық сабақтың түрі және ол туралы түсінік.
1.3. Инновациялық сабақтың негізгі сипаттамасы.
1.4. Инновациялық сабақ-іскерлік ойын.

ІІ-тарау. Сабақта іскерлік ойынды жүргізу әдісі және жобалау.

Болат туралы түсінік, оның түрлері және маркілеу принциптері
тақырыбына материал жинақтау.

2.1. Іскерлік ойынды жоспарлау.
2.2. Іскерлік ойын сабағының конспект жоспары.
Болат туралы түсінік, оның түрлері және маркілеу принциптері
тақырыбының материалын жинақтау,жазу.
2.3. Іскерлік ойынды жүргізудің қиындығы.

Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Ғасырлар бойы мектепте балаға білім беру үрдісінде үлкен тәжірибе
жинақталды. Көптеген педагогтар оқытудың әртүрлі формаларын зерттеп келді.
(И.М.Чередов, В.К.Дъяченко, Слатенин т.б.), соның барысында әртүрлі
көзқарастар мен түсініктер жинақталды, оқытудың әртүрлі тиімді әдістері,
формалары қабылданды. Бірақ,бүгінгі күнге дейін бұл сұраққа жауап берген
бірдей пікір жоқ. Білім беру үрдісінде жоғарғы деңгейдегі білім беру
мақсатындағы әдістер, жаңа тәсілдер ұсынылып,ол дәстүр бойынша сарапталып
және жаңа формалары, тәсілдері әлі де іздестірілуде. Шәкірттердің
кәсіптік біліктілік деңгейін арттыру мақсатында білім берудегі кешенді
тәсіл үшін, ең алдымен шынайы оқу мүмкіндіктерін ұғыну,яғни, оқу
мүмкіндіктері мен танымдық қызығушылығының, уәждемесінің, қабілеті мен
деңгейінің т.б. техникалық және кәсіптік сапасының жоғары болуын білім беру
және оны меңгеру сапасымен толықтыру қажет.Білім беру үрдістерін үнемі
түрлендіріп отыру, оқушылардың біліктілігі мен кәсіптік дағдысын
қалыптастыра отырып,кәсіптік құзіреттілігін анықтауға көмегін тигізеді,
ықпал етеді. Қазіргі кездегі мектептерде жеке адамның жобалау
педагогикасы, дәстүрлі емес әдістер өзіндік орын алып отыр. Білім мазмұны
білім жүйесін, шеберлік,дағды,шығармашылығын, әлемдік көзқарас және жеке
тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған қоғамның талабына сай-деп
табылғандары білім беру үрдісінде ұсынылуы тиіс.

Егер,білімнің
мазмұны дәлелді және дәстүрлі мақсатпен сәйкес келсе (негізгі білім мақсаты-
ғылыми негізбен сабақтасып, мазмұны оқулықтағы мағлұматтардың мазмұнымен
сәйкес болса), онда негізі инновациямен түйіседі[9].

Жеке тұлға ретінде
адамгершілік қасиетін,әлеуметтік жағдайын, қабілетін қалыптастыруға мазмұны
маңызды мақсат қойылған болса, онда сол мақсатқа қол жеткізеді. Қазіргі
таңдағы білім берудің басым бағыттарының бірі – тұлғаға бағытталған
педагогикалық іс – әрекет.Сондықтан басшыларға білім беруде тұлғаға
бағытталған көзқарасты жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселе. Яғни,білім
беру үрдісін инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім
беруді жүзеге асыру – педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық әдіснамалық
жаңа бағыты, оқушының қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіре
отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байлансты идеялар,
түсініктер және іс-әрекеттерді жүзеге асыру қазіргі таңның негізгі
талаптарының бірі болып есептеледі.Кәсіптік оқыту мекемесінде оқытудың
инновациялық барысын-дағы зерттеу объектісі-оқытып-үйрету болып табылса,ал,
негізгі пән -инновациялық сабақты ұйымдас-тырушы. Кәсіптік білім беру
жағдайында инновациялық сабақтың теориялық талдауы курстық жұмыстың негізгі
мақсаты болып табылады. Оқушының жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде
қалыптасуын инновациялық оқыту жүйесі қамтамасыз етеді.

Бұдан мынадай қорытынды
тұжырымдама жасауға болады:
-Егер мұғалім-оқытудың инновациялық сабақ оқытудың тиімді
әдістерін қолданса, онда, білім беру үрдісі қызықты да,пайдалы болады,
оқушы белсенділігі артып,өз бетінше ізденіп,өзінің алдына мақсат қоя алатын
болады және оқушы білім сапасы деңгейі жоғарылайды. Cондықтан, бұл жұмыстың
мақсаты мынадай: -
Кәсіптік оқытуда инновациялық сабақты жоспарлау негізін оқып-үйрену және
сабақты инновациялық технологияны тиімді қолданып жүргізу өте қажет;

- Инновациялық сабақтың құрылымдық
жоспарын өңдеу және оны жүзеге асыру қажет. Қазіргі уақытта инновациялық
сабақ түрлерін тиімді қолдау жан-жақты қамтылуда.Сондай-ақ, деңгейлеп білім
беру мен өздігімен білім көтеруді ұйымдастыру, компьютерлендірілген,
электронды оқыту,дидактикалық құралдарды тиімді қолдану сияқты әдіс-
тәсілдерді қолдану дамуда және үрдіске айналып отыр.

І-бөлім. Инновациялық сабақты теориялық негізде қолдану

Қазіргі қоғамдағы қарқынды өзгерістердің бірі – кәсіптік оқыту
үрдісінде сапалы білім бере отырып, білікті кадрлар даярлау ісінде тиімді
жаңа тәсілдерді талап етуде.Осыған байланысты педагогтарға білім беру
ісінде оралымды, құрамдасқан, өзекті, оқу сапасын арттыруға бағытталған
сенімді педагогикалық технологиялар аса қажет болып отыр.
Инновациялық әдіс-тәсілдердің мақсаты- әр алуан нәтижеге бағдарланған түрлі
бағдарламаларды жасаудың негізінде оқыту үрдісінің деңгейі мен сапасын
кезең-кезеңмен көтеру. Аталмыш жаңалықты енгізу жұмысшы мамандықтарына
оқытудың сапасын елеулі арттырып, жеке оқытудағы мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі оқу үрдісін икемді етіп
ұйымдастыруға, педагог шеберлігін арттыруға, оқу сапасының оқытушы мен
өндірісте оқытатын шеберге тәуелділігін төмендетіп, бағдарламалар мен оқу
құралдарын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Білім беру саласында болып
жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы
бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда,
ұрпақ тәрбиесі және оның дамуымен арнайы айналысатын әлеуметтік-
педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру
қажет. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Инновациялық сабақ –тың мақсатын жүзеге
асыру барысында оқушыны объект деп қарамай,оны дамытушы тұлға ретінде
қабылдап, олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы осыған лайық өзгерістерге
ұшырап, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізу
өте қажет. Жаңа технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты-міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге дейін жету. Жаңа
технологияның тиімділігі,артықшылығы:
- көп деңгейде даярлау мүмкіндігіне ие
болады;
- жеке тәсілдер арқылы оқушылардың коммуникативті дағдыларын, оқытушымен
арада тығыз байланыс орнатуға жағдай жасау; -
кәсіптік мәнді пәндерді анағұрлым саналы, ынталана үйренуге жағдай жасау;

- әр білім
алушының белгілі бір дидактикалық мақсаттарға жетуін қамтамасыз ететін
оқудағы ақпараттың бір бөлігі.
Олар:

а)танымдық;

б) іскерлік түрінде болады.

1) Танымдық үрдістерін дамыта түсуге мыналар
әсер етеді:
- меңгерілген түсініктерді сақтап қалуға
мүмкіндік беретін таныс үлгілер мен сызбаларға сүйене отырып, жаңа оқу
материалдарын түсіндіру;

- адамның белгі беру жүйелеріне сүйену;

- күрделілік деңгейлері түрліше оқу материалдарына жиі қайта оралып отыру;

- әр оқушы өз
еңбегіндегі ақырғы нәтижелерге қызығушылығы;

- жеке тәртіпте жұмыс істей алудың мүмкіндігі;

- сабақтағы өзара көмек,өзара іс-әрекет;

- әріптестік қарым-қатынас;

- танымдық іс-әрекеттерден ләззәт алып, қуану, қол жетімді өз деңгейінде
жұмыс істеудің мүмкіндігі, іскерлік ойындарға қатысу, қорқыныштың болмауы,
өзіндік әне өзара бірігіп дайындала алу мүмкіндігі.

2)
Іскерлік түріндегі әдістер жекелеген функцияларды тиісті операцияларды
оқыту кезінде бөлуге негізделген қызмет тәсілдерімен анықталды.Оларда
қызметтің сипатына қарай нақты дағдыларды дамытуға бағытталған ақпаратты
білім беріледі.

Іскерлік түріндегі сабақтың сипаттамалары:

- жазылуы айқын, нақты,түсінікті;

- мәнді, қол жетімді, ақырғы нәтижелі;

-қолайлылығы, технологиялылығы.
Инновациялық технологиялық әдіс-тәсілдердің
негізгі критерийлері:

- нәтижелерге,алға қойылған мақсаттарға жетуге қажетті маңызды
ақпараттардың нәтижелері мен мазмұнына сәйкестік;

- баяндалуының анық және дәлме-дәл болуы;

- істің нәтижесінен келіп көрінетін деңгейі мен сапасының критерийлерін
белгілеу;
- нақты
нәтиже алуға беталыс;

- стандартқа сәйкес бағалаудың өлшемі мен мүмкіндігі.

Іскерлік сабақ- өз кезегінде өзін-өзі бағалауға,өзіндік талдау жүргізуге,
өз қол жеткізген нәтижелерді басқалармен салыстыра қарастыруға жағдай
жасап, рефлексия технологиясын меңгеруге ықпалын тигізеді. Іскерлік
сабақта оқушылар жеке және топтаса жұмыс істеген кезде оның жүйелі түрде
жүргізілуін қамтамасыз етеді,әрі оқу үрдісіне қатысушылардың барлығы бірдей
ұғымдарға сүйенеді.Оқытушы соның нәтижелеріне сүйене отырып, білім
алушылардың білімі, машығы мен дағдылары жүйесін меңгеру деңгейі туралы
мәліметті құрастырады.Іскерлік сабақта сабақтың конспектісі немесе оқу
материалының жоспары емес, бұл оқушы-лардың белгілі бір тақырыпты үйрену
әрекеті мен білік дағдысының қалыптасуына көбірек көңіл бөлінеді. Қазіргі
таңдағы білім берудің басым бағыттарының бірі- сабақ өту барысында жеке
тұлғаны қалыптастыру, яғни өз бетінше ізденіп білім алуға бейімделген,
бәсекеге қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-
әрекет.Бұл бағытта технологиялық компоненттің өзіндік рөлі зор.

Ол профессор И.В.Бондаревскийдің айтуынша төмендегідей әдіс-тәсілдерді
қамтиды:
- диалогтық;

-шығармашылық іс-әрекет;

- оқушының жеке басының дамуын қолдауға бағыттау;

- оқушыларға өз бетінше шешім қабылдауға, шығармашылыққа, білім алудың
мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.

Инновациялық сабақ – сабақты ұйымдастырудың қазіргі заманғы формасы.

Педагогикада оқу-тәрбие үрдісінде
сыныптық-сабақ жүйесі әртүрлі формада құрылады: үй тапсырмасы (өз бетінше
дайындалу), экскурсия, практикалық сабақ, өндірістік практика, семинар
сабақ, сыныптан тыс жұмыс, факультатив сабақ,қосымша сабақ, консультация,
зачет, емтихан.Бірақ, кәсіптік оқытудың негізгі формасы- сабақ болып
табылады.
Педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық және жеке оқытудың,дамыту және тәрбиелік
міндетін жүзеге асыру мақсатында ( белгілі бір уақытта, қарым-қатынас, іс-
әрекеті) арнайы бағыттағы оқытудың вариативтік формасы бұл – сабақ –деген
көзқарас қалыптасқан. Сабақты белгілеу қозғалмалы жүйе секілді түйіседі
және оның маңызы зор, олай болса, оқушы мен педагогтың өзара қарым-
қатынасы, білім-білігі және шеберлігі қабілетінің дамуы, тәжірибелік іс-
әрекеті, оқушылардың білімді игеруін жүзеге асырылуы сабақ негізінде
орындалады.Сабақтың нәтижелілігі мен тиімділігі – көбінесе сабақ
құрылымына, сабақта дидактикалық талаптары мен өзара тақырыптық
байланыстары, сабақ бөліктеріне,мақсатының дұрыс қойылуына байланысты
болады.

Дәстүрлі сабақтың құрылымы 4 негізгі элементтерден тұрады: Сұрау,
түсіндіру, бекіту, үй жұмысы. Мұндай сабақ білімді қалыптастырады, бірақ,
оқушылардың жалпы дамуына толық талап қоя алмайды, сабақ дәстүрлі құрылым
элементтерінен құралғандықтан, өз бетінше білім алуға әсер ету мүмкіншілігі
төмен.Бір жағынан, мұндай сабақ ішкі оқу процесіне әсерін тигізе
алмайды(ұйымдастыру, сұрау, түсіндіру, бекіту т.б). Сондықтан, дәстүрлі
сабақ педагог үшін, педагог жетекшілігімен жақсы нәтиже бере алмайды.

Қазіргі таңда адамның ақыл-есі, рухани, мәдени,әдептілігі, адамгершілігі,
сондай-ақ, жоғарғы дәрежеде интелекті потенциал ретінде, адамның жеке тұлға
ретінде қалыптасуына үлкен көңіл бөлінеді. Соған байланысты интелектуалды
потенциалды және интелектуалды жеке тұлға ретінде оқу орнын бітіріп, ғылым
негізінде білім, жалпы мәдениет, өз бетінше жылдам ойланатын, ынталы,
тапқыр, шығармашыл тұлға қалыптысуы қажет. Оқушының білімін бағалау және
бақылау жұмысын орындауда, қандай да бір тақырыптарды меңгерген
соң,инновациялық сабақ таратылады.Мұндай сабақ жай емес, яғни дәстүрлі
емес әдіспен өткізіледі. Кезекті өзгеріс әдеттегі күнделікті үйренген
жағдайдан сондай-ақ, көңілді атмосфера орнатып, жұмыстың нәтижесі
көрінеді,әдеттегі жағдайды бұзып алудан, қателесуден қорқатын психологиялық
кедергіні жояды. Мұндай сабақ барысында барлық бала қамтылады, әдісті
тиімді қолдану нәтижесінде көрнекілік есту және көру арқылы таралады
(компьютер, видеотехника, көрме, буклет, стенділер). Сабақта әртүрлі
методикалық әдіс-тәсілдерді педогогикалық және психологиялық ерекшеліктерді
жинақтауға болатын мынадай жолдармен қол жеткізуге болады:

- белгілі бір тақырыпта оқушының ақыл-ойы дағдысы, білімі бақыланады,
бағаланады;

- оқушының сабаққа ынтасын арттырып, іскерлік, еңбекшіл, ізденіс
атмосферасын қамтиды;

-сабаққа мұғалімнің неғұрлым аз қатысуы қамтылады;

Әрине, инновациялық сабақ оқушыларға көбірек ұнайды, себебі, сабақты
ұйымдастыру, өткізу, сабақтың күнделікті қатаң құрылымын сақтау мақсат
емес, керісінше оқушының өз бетінше білім алуына жағдай жасалады. т.б.
Сондықтан, мұндай сабақты әрбір мұғалім жиі өткізуге қалыптасқаны жөн.
Сонымен қатар, біртекті ұқсас сабақтарда оқушылардың танымды еңбектерінің
болмайтыны, нәтижелілігінің төмен болатыны сияқты мәселелер ескерілуі
керек. Дәстүрлі емес сабақ барысында мұғалім жалпы сабақ құрылымын оқу,
қабылдау кезінде күш жұмсамай-ақ меңгеру жолын қарастыруы тиіс.

Инновациялық сабақ туралы түсінік және оның түрлері.

Инновация – білім берудегі мақсатқа жаңаша жолмен жету әдісінің
педогог жұмысымен сәйкес келетін оқыту және тәрбиелеу үрдісінің жаңа
формасы, жаңа мазмұны.

В.А. Сластенин: инновацияны - жаңашылдық, жаңалық, өзгеріс
деген мағынаны білдіреді- деп анықтама берген.

80-жылдың аяғында 90-жылдың басында сабақтың негізгі дамуы, жалпы білім
беретін және кәсіптік маман дайындайтын мектептер стандартты емес сабақ
өткізетін белсенді орындар болып есептелінді.

Қазіргі жаңа педагогикалық технологияның өзі де бізге осы дәстүрлі емес
бағытта жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттайды. Сабақ беру процесін күрделі
педагогикалық объект болғандықтан оның типі дидактикалық бағытына,
мазмұнына байланысты өзгере береді. Бүгінгітаңдағы беріліп жүрген
сабақтар мынадай топқа бөлінеді:

Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы да, салмақты ойлауға
тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі
бар, өмірдегі қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықты түсіне
білетін еркін сөйлеп өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде
осындай сабақ үлгілерінің маңызы зор.Ондай сабақтардың формаларының бірі –
Іскерлік ойын сабағы.Стандартты емес немесе инновациялық сабақ бұл -
яғни, дәстүрлі емес, варианттық құрылымды және меңгеруді, негізінен
оқушының білім алуға қызығушылығын арттыратын білім алудың жаңа іс-әрекетін
қамтитын сабақ.

Қазіргі таңдағы әртүрлі инновациялық сабақтың сандары көп.
Мұндай сабақты мынадай топқа бөлуге болады:

жарыс және ойын сабақ түрлері: конкурс, турнир, жүгіру, жекпе-жек,КТК,
іскерлік ойыны, рөлдік ойын, кроссворд, викторина (сұрақ-жауап);зерттеу,
іздену,суреттеу, алғашқы түпдерек бойынша талдау, миға шабуыл, сұхбат,
репортаж, рецензия сияқты қоғамдық практикада белгілі жанрлық және
әдістемелік жұмысқа негізделген формадағы сабақтар.

Оқу материалдарын дәстүрлі емес сабақ түрінде
негіздеген сабақтарға: ақыл-ой сабағы, ашықтық, дублер әсер етуді
бастайды-сабақтары жатқызылады.

Конкурс сабақ

Мұндай сабақты жүргізу мынадай ерекшеліктерге мүмкіндік береді:

-
Бүкіл курстық сабақты жүргізу білім дағдарысын және практикалық қабілетін,
теориялық білімін тексеру;

- Оқушы білімін жүйелеу;

- Оқушының берілген тапсырманы өз бетінше орындауы, өз еркімен
еңбектенуін дамыту;

- Жетістікке, жеңіске, еркіндікке тәрбиелеу;

- Оқушының таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру;

- Оқушының өз бетінен іздену, ойлау қабілетін, шығармашылығын,
белсенділігін дамыту.

Мұндай сабақ тапсырмасы КТК (КВН) сабағының тапсырмасындай болады.

Конференция сабақ

Конференция сабақтың мақсаты: оқушылардың ізденіс жұмыстарында
кездескен жаңа өндірістік жайын талдағанда бұрынғы алған білімдерін іс
жүзінде қолдану біліктілігін қалыптастыру;оқушыларды кәсіптік сана мен
мәдениеттілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру,сонымен қатар,
оқушылардың өз бетінше ізденуге үйрету; ынтасы мен белсенділігін арттырып,
ой-өрісін, дағдысын қалыптастыру.
Конференция сабақ жоспарланып, сабақ қызықты, тартымды
өту үшін алдын-ала оқушыларға арнайы тақырыпта реферат,ізденіс тақырыбы
т.б. сияқты тапсырма береді, сол тақырыпқа олар ізденіп, дайындалып
келеді.Сонымен қатар, таңдалған тақырыпқа қатысы бар арнайы қонақтар
шақырылады.
Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзімен басталып, ары
қарай оқушылар мен қонақтарға сөз кезегі беріліп, тақырып бойынша әңгіме
қозғалады. Кейде сабақ пікірталаспен, ойқозғаумен жалғасып кетеді.

Тосын сый (Сюрприз) – сабақ

Тосын сый (Сюрприз)-сабағының ерекшелігі, оқушы оны қандай сұрақ,
қандай тапсырма күтіп тұрғанын білмейді.Ол үшін арнайы дайындалған сұрақтар
салынған конверт, қара жәшік, қорапша т.б. қолданылады. Мұндай
сабақтың мақсаты:

- оқушы біліміне, түсінігіне талдау жасайды, оның өзара байланысы мен
маңызын көрсетеді;

-ойлау қабілетін дамытады, кеңейтеді, тарихи деректер туралы сөздік
қорлар арқылы бұрынғы білімі, уақыты, ұзақтығы қайталанады;

- сабақ барысында өз өміріндегі тәжірибесі түсінік процесін,
меңгерген білімін ортаға салады.

КТК (көңілді тапқырлар клубы) сабағы

Мұндай сабақтың негізгі мақсаты және міндеті төмендегідей болады:

- тақырыптар
процесі, құбылысы, заңдылығы бойынша оқушының білімін жүйелеу және талдап
қорыту;

- меңгерген материалды жүйелеу және талдап қорыту қабілетін дамыту;

- заңдылық және
процеске түсінік беру;

- себеп-салдар байланысын анықтау;

- кестесін құру;

- оқушының шығармашылық және олардың ойлау қабілетін дамыту;

- ауызша жеткізу сауаттылығын қалыптастыру;

- оқушының ұжыммен жұмыс істеу қабілетін, жолдастық сезімін, өз бетінше
ізденіп білім алуға, жауапкершілікке тәрбиелеу;

- пәнге танымдық қызығушылығын дамыту.

Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, әр топқа топ басшы сайланады.
Кім берілген сұраққа көп жауап берсе, сол жеңімпаз болып саналады.
Сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыс-бұрыс немесе толық жауап берілуін
арнайы белгіленген мұғалім, ата-анадан сайланған есеп комиссиясы
таразылап, бағалайды. Мұндай сабақта берілетін тапсырма әртүрлі болады. Бұл
есеп шығару, топтардың кезектесіп қоятын сұрағынан, ребусты шешу,
кроссворд, ереже-заңды табу, артық сөздер мен қатені табу, алдын-ала
мұғалім тақырып бойынша берген үй тапсырмасын демонстрациялау, сахналық
ойын т.б.

Бұл сабақтың нәтижелілігі:

- өз бетінше білім алуға, белсенділікке тәрбиелейді.

Аукциондық сабақ

Бұл сабақ қайталау-талдау сабағы ретінде сабақ мақсатына орай
меңгерген сұрақтың практикалық маңызын көрсетеді. Сабақ құрылымы мынандай:
сәлемдесу, тақырып бойынша сабақты қайталау сұрақтары, аукцион туралы
түсінік беру, сату заттары, музыкалық үзіліс, сату жалғасы, музыкалық
финал, қорытынды.

Сабақта аукционды мынадай формада құруға болады: демонстрациялық стол
жанында өзі ойлап тапқан костюмде жүргізуші орналасады. Олардың алдында
үлкен зырылдауық, оның айналасында сатылатын заттар қойылады. Жүргізуші
зырыл-дауықты айналдырып жібереді. Бағдарша дәл қай зат тұсына тоқтаса,
қандай зат сатылатыны анықталады.

Сатып алушы алғысы келетін заттың өтіп жатқан тақырыппен байланысын
көрсету керек. Екінші жүргізуші әрбір жауаптан соң, дауысын қаттырақ
көтеріп санақ жүргізуі тиіс: бір, екі, үш.., ал сатып алушылар кезекпен
атауы тиіс. Кім үш- деп соңғы болып атаса, сол ұтады. Біз тек кең
таралған стандартты емес сабақтарды қарастырдық. Мұндай сабақты
жоспарлағанда және жүргізу барысында мұғалім таңдалған тақырыбына сабақ
өткізу үшін және оқушы мүмкіндігін ескеріп өңдеуге, сондай-ақ мұғалім
өзінің қиялын және тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіптік оқыту

жүйесінде өзіндік орын алатын инновациялық сабағын жоспарлай алады.

Бұл жұмыс та іскерлік ойын сияқты мұндай инновациялық сабақтың
жоспарлануына және егжей-тегжейлі талдауына тоқталамыз.

Іскерлік ойын

Іскерлік ойын-модельдеудің әртүрлі жағдайындағы кәсіптік әрекеттің
жаңа әдісін іздестіру және оны орындау құралы.Іскерлік ойын-күрделі
мәселенің шешімін табу жолында арнайы талдау ережесін жүзеге асыруға арнайы
әдіс көмегімен қатысушылардың шығармашылық белсенділігін, ынтасын
арттырады, жұмысты реттеуші психолог-ойын мамандарының көмегімен нәтижелі
қарым-қатынастар қамтылады.

Негізгі мақсаты:

- Ойын кезіндегі жасау және кәсіпкерліктің даму әрекетінің
практикалық шешімнің дағдысын қалыптастыру.

Нәтижелілігі:
-
тақырыпты меңгеру кезінде оқушының белсенділігі артады және білімі
бекітіледі;
- сабақ
барысында материалды түсіндіру, талдау, жинақтау орындалады;

- алған білім (практикалық)
тәжірибе жүзінде қабылданады, алдағы әрекет жоспарланады.

Іскерлік ойынның бірнеше этаптарын құрып,
технологиялық схемасын жасауға болады.Мысалы: Іскерлік ойын-бұл уақыт
факторы және кері байланысқа қосылған ситуация анализі.

* Іскерлік ойын-шаруашылықтағы қажеттіліктермен сәйкестендіріліп,
қайта жандандыру құралы.

* Іскерлік ойын-бұл жасанды жолмен өндірілген өнімді, шын өнімге
ұқсатып жасау жағдайын топпен орындайтын жаттығу.
* Іскерлік ойын-бұл ойын түріндегі өз бетінше ереже қабылдауды
имманентті жеңіп шығудың бір жолы.

* Іскерлік ойын-тиянақты, дұрыс қолдану үшін оның мәнін анықтау қажет.
Іскерлік ойын мен балалар ойынының айырмашылығын түсіну, ажырата алу керек.
Егер, алғашқы ереженің негізі басты орын алса, онда екінші ереже, еркін
ойын жүргізуге негіз болатын бастапқы кезең болады. Ойын (схема) кестеден
тыс шығу қажет болған жағдайда қолданылады.

Іскерлік ойынның негізгі ерекшелігі (атрибуты):
Ойын сол немесе сондай мақсатты жағдайға, адамдық
әрекетке еліктетеді. Ойынға қатысушылар ойынға деген ынтасын арттыру және
олардың әртүрлі қызығушылығын арттыруда ерекше орын алады.Ойын әрекеті
жүйелік ережемен шектеледі. Іскерлік ойында өңдеу әрекетінің кеңістік-
уақытша сипаттамасын басқаша жасайды. Ойында негізгі талаптар болады.
Ойынды реттеуші нұсқа мыналардан құрылады: сценарийі, сахналық көрінісі,
сын және рефлексиялық қойылым,судьялық және ақпаратпен қамту жүйесі.
Іскерлік ойын ұқсастықтарының негізі мен таныса отырып, жеке ойынды
қарастыру, біртектес мысал келтіру арқылы нақты және толығырақ түсінік
алуға болады.

Келесі белгілер арқылы біртекті жүйе құрылады:
- өңделетін обьектіге-жалпы басқармалық және
функционалдық (өндірістік еліктеу, қаржылық әрекет);

- интерактивті және интерактивсіздіктің бірлескен әрекет болуы;

-жай және күрделі конструктивті негізі арқылы;

- қатты және қатты емес бірдей мағыналы ұтыс бойынша;

Іскерлік ойынды өңдеу барысында мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

а)
тақырыптық;

ә) проблемалық.

Белгілеуі бойынша типін анықтау (оқу үшін, зерттеу мақсатында шешім
қабылдау үшін жобалау, мамандық сұрақтары бойынша) құрастыру мақсатында
бөлу. Қарым-қатынас, байланыс, талдау әрекеті, проблемадан шығу, ойын
негізіне жататын негізгі заңдылыққа талдау.

Ойын бірлігі және функциясы болып екіге
бөлінеді. Осы жұмыс негізінде сценарий жоспары түзіледі және ойын оқиғасы
ойланады. Ойыншылар қолдана алатын шешім жасалады. Бұл этапта жай ойын
базасы құралатын белгілі негізгі нүктелер анықталады. Ойыншылар арасында
ереже тұжырымдалып, ойыншылар арасында рольдер бөлінеді. Айыппұл жүйесінің
тұжырымдалуы және мадақтау, ұтыс, эксперттері бағаланса, сандық нәтижесі
айтылғанда, ойын нәтижесі анықталады.

Белгілері Іскерлік ойын класы
1. Атқаратын қызметіне қарай -оқу іскерлік ойыны
тағайындау -өндірістік іскерлік ойын
-ұйымдастыру әрекеті (ОДИ) іскерлік ойын
2. Ойын моделінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Оқытуды ұйымдастыру түрлері
Оқыту әдістерін жіктеу проблемалары
Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
Балабақша балаларын оқытудың психологиялық негіздері
МДҰ әдістемелік кабинет
Оқыту процесін ұйымдастыру
Пәндер