«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I тарау

Жалпы телеарналар, сонымен қатар аумақтық телеарналардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.1 Жаңа мазмұнды және сапалы көрсетілімдер үстіндегі ізденістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

1.2 Қазақстандық телеарналардағы саяси бір негіздегі және экономикалық тұрғыдағы, мәдени бағдарламадағы
жаңартылулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

II тарау

Тәуелсіз Қазақстан телеарналарының: жалпы тенденциясы,
көрсетілім ауқымының кеңейуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Мемлекеттік емес станциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Мемлекеттік телеарналар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

Баспахана, радиостанция және телеарналардың деңгейі. ... ...34

2.2 Оңтүстік Қазақстан телеарнасындағы заман талабына сай
жаңа бағдарламаларға сұраныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы: «өткені мен бүгіні» менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік – Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика аумағына және де шет аумақтарға таралуы.
2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - «Бүкіл Орта Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең».
Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы журналистика - бұл жаңа мың жылдықтағы, негізі бүгін қаланып жатқан ғылым болғандықтан, біз оны жақсылап үйренуіміз қажет. Жаңа үлгідегі телеарна құру үшін, тек қана республика көлемінде ғана емес, сонымен қатар әр аумақтардағы телеарналар үшінде, кушті жігерлі іскер мамандар қажеттігін баса айтты.
Әр аумақта жаңа үлгідегі жалпыға ортақ телеарна құру мақсатында кешенді жұмыс жүргізіліп жатты. Көптеген қателіктерден кейін, бірнеше мәселелерден кейін, мемлекетіміздің шалғай шетінде орналасқан кіші ауыл – аймақтарда, телеарна арқылы дүние жүзінің жаңалықтарын біліп отыр. Аумақтық телеарналар үшін басты міндет өз ісіне қызығушылық болып табылатын. Қазіргі көлемді жаңалық ағымы баяу жұмыс істейтін журналистерге мұрша бере қоймайды. Дегенменде өз мүмкіншіліктеріне қарамай аймақтық журналистер керемет тарихи, мемлекеттік, мәдени бағдарламалар жасауда. Әрине тілге тиек етер болсақ, аумақтық БАҚ-да жұмыс атқарып жатқан әріптестеріміздің мәселелері бастан асатыны шындық. Жоғарыда айтқанымдай мен Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысын ашып көрсетемін.
1. Барманқұлов М.К. Весь мир у нас в квартире. АЛМАТЫ,1972.
2. Барманқұлов М.К. Телевидение: деньги или власть? – Алматы:
Санат 1997.
3. Юровский А. Я. Телевизионная журналистика – Москва. 1994.
4. Егоров В. Телевидение: теория и практика. - Москва. 1994.
5. Барманқұлов М.К. Теленовости: секреты журналистского мастерства – Москва. 1997.
6. Фенг И. Теленовости: секреты журналистского мастерства - Москва. 1997.
7. Коневский а. Л. Кабельное телевидение – М. Знание. 1991.
8. Андронов Е. Информационная элита: корпорайия и рынок новостей – М.1991.
9. Технологий тележурналистики. М. 1994.
10. Давыдова В. Деловая пресса Россий: Настоящее и будушее. М. Глобус, 1999.
11. Егоров В. ТВ между прошлым и будущим. – М.1990.
12. Кузнецов Г. Так работает журналисты ТВ – М.2000.
13. Голядкин Н. ТВ – информация в США. – 1995.
14. Гаймакова Б. Д, Сенкевич М. П. Және басқалар. Мастерство эфирного выступления – 1993.
15. «Хабаршы ҚАЗҰУ» журналы 2003ж.
16. «Хабаршы ҚАЗҰУ» журналы 2005ж.
17. «Хабаршы ҚАЗҰУ» журналы 2006ж.
18. « Хабаршы ҚАЗҰУ» журналы 2007ж.
19. «Хабаршы ҚАЗҰУ» журналы 2008ж.
20. «Хабаршы ҚАЗҰУ» журналы 2008ж.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені
мен бүгіні

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау

Жалпы телеарналар, сонымен қатар аумақтық телеарналардың

дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..7

1.1 Жаңа мазмұнды және сапалы көрсетілімдер үстіндегі

ізденістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .13

1.2 Қазақстандық телеарналардағы саяси бір негіздегі және
экономикалық тұрғыдағы, мәдени бағдарламадағы
жаңартылулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 19

II тарау

Тәуелсіз Қазақстан телеарналарының: жалпы тенденциясы,
көрсетілім ауқымының
кеңейуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Мемлекеттік емес
станциялар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

Мемлекеттік
телеарналар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26

Баспахана, радиостанция және телеарналардың деңгейі. ... ...34

2.2 Оңтүстік Қазақстан телеарнасындағы заман талабына сай
жаңа бағдарламаларға
сұраныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..56

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Кіріспе.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы
телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. Қазақстан – Шымкент
телеарнасы: өткені мен бүгіні менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай
аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты
мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық
телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу
тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік –
Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын
ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика
аумағына және де шет аумақтарға таралуы.
2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние
жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан
Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - Бүкіл Орта
Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына
аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең.
Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи
талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты
мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам
баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы журналистика -
бұл жаңа мың жылдықтағы, негізі бүгін қаланып жатқан ғылым болғандықтан,
біз оны жақсылап үйренуіміз қажет. Жаңа үлгідегі телеарна құру үшін, тек
қана республика көлемінде ғана емес, сонымен қатар әр аумақтардағы
телеарналар үшінде, кушті жігерлі іскер мамандар қажеттігін баса айтты.
Әр аумақта жаңа үлгідегі жалпыға ортақ телеарна құру мақсатында
кешенді жұмыс жүргізіліп жатты. Көптеген қателіктерден кейін, бірнеше
мәселелерден кейін, мемлекетіміздің шалғай шетінде орналасқан кіші ауыл –
аймақтарда, телеарна арқылы дүние жүзінің жаңалықтарын біліп отыр. Аумақтық
телеарналар үшін басты міндет өз ісіне қызығушылық болып табылатын. Қазіргі
көлемді жаңалық ағымы баяу жұмыс істейтін журналистерге мұрша бере
қоймайды. Дегенменде өз мүмкіншіліктеріне қарамай аймақтық журналистер
керемет тарихи, мемлекеттік, мәдени бағдарламалар жасауда. Әрине тілге тиек
етер болсақ, аумақтық БАҚ-да жұмыс атқарып жатқан әріптестеріміздің
мәселелері бастан асатыны шындық. Жоғарыда айтқанымдай мен Оңтүстік –
Қазақстан облысы телеарналарының жұмысын ашып көрсетемін.
Өзекті мәселелердің қорытындысы, шығуы, қалыптасуы және де бірнеше
мәселелердің теледидарға шығуы менің ғылыми ізденістерімнің басты тақырыбы.
Европа елдеріне және де көршілес мемлекеттердің телеарналарының жұмысыменен
біздегі телеарналардың жұмыс барысын салыстыра қорытындылауға тырыстым.
Эфир уақытысын қандай да бір материалдармен толықтыру азайып, Қазақстан –
Шымкент телеарнасының журналистері дайындаған мәнді – мағыналы
материалдар ауқымы кеңейе түсті. Эфир уақыты толыққанымен қоймай,
ақпараттық, өзекті мәселелерді қозғайтын, көңілді жадырататын
бағдарламаларда жұмыс істей бастады. Телеарналардың негізгі жұмысы әр
шыққан бағдарламалардың шындықты қаншалықты ашып көрсетуі, сонымен қатар
осы мәселеге орай Қазақстан - Шымкент телеарнасы қаншалықты шындықты ашып
көрсетіп жатқандығы болды. Осы бағдарламалардағы аталған мәселелердің
шешілуіне қандай да бір септігі тиеді ме? Көрермендер іздеу мен қатар,
аудитория сұрақтары, аудиторияның пікірі, аудитория ізденісінің жолдары
және басқада сұрақтарға жауапты Қазақстан – Шымкент телеарнасының
журналистері, орталық телеарналардың жұмыс дәрежесімен тең дәрежеде жұмыс
алып барды. Ғылыми жұмыс барысында әйгілі ғалым К. Леви Стросстың керемет
сөздері аталып өтіледі. Француз ғалымының ұсынған концепциясы тек өзіне
ғана назарын аудармай, өнерді үйрену жолдарының көзқарасымен дәлелдейді.
Атап айтқанда журналистика бұл шындықты ашып айту өнері. Ең жақсы жұмыс бұл
автордың қолданған әдісімен зерттеу тәсілі. Бұл тәсілмен жұмыс істеу
қолайлы. Сонымен қатар қандай қиыншылық болмасын өз сынағыңа төтеп берері
рас.
Менің ғылыми ізденісімде аса қажетті мәселе де қарастырылған. Бұл
мәселе заң жағына көңіл бөлу. Заң дегеніміз ол журналистикаға бағыт бағдар
беріп отырады. Мемлекет пен БАҚ арасындағы әрекеттестік: сөз еркіндігі мен
қадағалауы, дәл осы тақырып өрісінде мен журналисттердің заңға бағынуы және
осы қағидаға сай жұмыс барысын, ал тележурналисттің оның ішінде Оңтүстік
Қазақстандық тілшілердің өз мәселелерін қалай шешетінін ашып айтамын. Шет
елдерменде салыстыру алып бардым.
Мәселен Сингапур, Малайзия, Китай, Индия, Индонезия өз экономикаларын
модернизациялап алғандықтан, телеарна, басқада ақпарат құралдары онша
маңызды рөл ойнамайды. Азия мемлекетерінде кабельді және халықаралық жер
серіктері, сонымен қатар халықтық және аумақтық жер серіктері қарқынды
дамып келе жатқанын бүкіл әлем мойындап отыр.Өкінішке орай сол уақытта
көптеген азия мемлекеттері ақпарат тарату мекмелерін қатаң бақылауға ала
отырып, жаңа программалық қызметтерге жол жапты.. Тосқауыл қоюдың басты
негізі діни ұғымдар (ислам және католицизм), кейбір батыс мемлекеттерінің
мәдениеті және де түрлі негізі қаланып жатқан болатын. Мысалы, Оңтүстік
Кореяда жұмыс уақыты 10.00 ден 17.30 ға дейін телеареарналарға жұмыс
істеуге тыйым салынған. Әрине компромистік жағынан табуға болады бірақ
оңай емес.
Сондай–ақ Оңтүстік Қазақстандық телеарналардың айырмашылығы бұл
қаржылық қоры аянышты жағдайда тұр. Менің дипломдық жұмысымда бұл мәселе
жағдайы қаралған және де бұл мәселені шешу жолдары да шетте қалмаған. Бұл
мәселелерді шешудің жолдары БАҚ – ның жұмысымен және де ақпараттық
негіздегі талаптарға байланысты. Мемлекет көлемінде осыған орай саяси,
экономикалық, мәдени өзгертулер болып өтті.
Мемлекеттік Қазақстан-2030 бағдарламасында Н.Назарбаев атап
көрсеткен: трансформация әсерімен біздің қоғам, өзіміз көп нәрсені
ұғынбай, сапалы, бағалы қажетті сатыдағы адам баласының қарым-қатынасына
қадам басып келеміз. Осы мәселелерді шешіп, ойларды жүзеге асыру үшін
қолда бар мүмкіншілікті және қоғамдық институттарды жұмысқа тарту қажет.
Бұл мақсаттың жүзеге асуы үшін негізгі үлкен жұмыс телеарнаның тізгінінде.
Барша аталған демократиялық іс-шаралар Оңтүстік Қазақстан телеарнасын
айналып өтпеген. Мұндай саяси жаңалықтар аумақтық бұқаралық ақпарат
құралдарына өз әсерін тигізетіні баршамызға мәлім. Жаңа программалар
жергілікті тұрғындардың өміріне жақсы іс - әрекеттерімен көрініс тапты.
Жергілікті телеарналардың соңғы көрсеткіш дәрежелері ең басты ізденіс
жұмыстарының көздеген нүктесі болып табылады. Осы жұмыстар хабар тарату
саясатындағы басқада телеарналарға сабақ болады. Ал телеарналар
арасындағы бақталастық олардың экономикалық, іскерлік, жағын арттырады.
Бұл еліміздің хабар тарату базарына үлкен жол ашады.

Жалпы телеарналар, сонымен қатар амақтық телеарнаның дамуы.

Қазақстандағы жаңа кезең телеарналарының дамуы үш сатыдан тұрады
Бірінші кезең :1985- 1986жж.
- өткен тарихқа жаңа көзқарас
- жаңа экономикалық, шаруашылық басқаруға жаңа көзқарас.
- қазіргі мен бүгінгіні ұзақ сараптан өткізу
- батыстық экономика үрдістерін қолдану
- халықаралық ақпараттық нүктелердің көбеюі
- жариялаудың пайда болуы
- жарнама ағымы, жат хабарлар, батыстық бейне таспа өнімдері
- публицистика жанрларының, түрлерінің және негізгі қажеттіліктердің
кеңеюі
Екінші кезең: 1989-1991жж.
-суверенизация кезеңдері, автономизация, бір мемлекет ретінде,
телеарналарда солай ортақ хабар тарату үрдісімен;
- жекеменшік телеарналармен қатар, жер серіктіктік, кабельді
телеарналардың пайда болуы
- телеарналардағы және баспасөздегі жаңа жанрлар түрімен жаңа
бекітілген пішін түрлері;
- біріңғай ақпараттық кеңістіктің пайда болуы мен дамуы
- дүние жүзілік ақпараттық селге қосылу
- шығармашылық жарнама және телеарнаның экономикалық жағдайын арттыру
- информациялық орталықтардың құрылуы
Үшінші кезең 1991-1995жж.
- мемлекеттік БАҚ-тың қаржылай құлдырауға ұшырауы
- жаңа журналисттер дайындауға арналған алғашқы қадамдар
- ақпараттық кеңістіктегі бақталастықтың пайда болуы
- интерактивті БАҚ-тың пайда болуы
- электронды БАҚ-на тендер
- ақпараттық мекемелердің даму алды жоспарлары
- даму және мәдени басқарманың бекітуі
- кабельді және жер серіктік телеарналардың республика деңгейінде
дамуы
Телеарналардың даму жолындағы үш кезеңдер саяси, экономикалық, мәдени
кезеңдерге тікелей бағынады себебі бұл кезеңдер барша халыққа кері әсерін
тигізгені анық. Бірінші кезең Кеңес одағының телеарна үлгісі сақталды. Бұл
кезеңнің құлдырауына себеп болған Қазақстандағы жаңа батыстық үлгідегі
талаптарға сай мемлекеттік телеарналарымен ақпараттық базарлардың ашылуы.
Кеңес одағынан алған тәжірибесі және батыстық үлгі телеарнаға жаңа көрік
берді.
Осы тұрғыда басқа да ТМД елдеріндегідей БАҚ –ы жағдайы нашар саналды.
1993 жылдың 1 ші жартысында Қазақстандағы информация таратуына 1992 жылмен
салыстырғанда 65% ды құрады. Қағаз, бояу және де ондаған басқада қажетті
заттар бағасы едәуір қымбаттай түсті. Бұл қажетті заттар Қазақстанда
өндірілмейтіні баршамызға аян. 1993 жылдың сәуірінен бастап баспаханалар
қызметі 7 есеге өсті. Сонымен қатар жол жүру көліктерінің бағасы да артты.
Бұл қиындықтар аудандық баспасөздерге кері әсерін тигізді.
Осы кезеңде тәуелсіз баспасөзбенен телеарна, радио жекеменшікке айнала
бастады. Басты себеп болған: кооперативтік өндіріс 1987 жылы шыққан, Закон
о коопераций, қабылданған 1988 жылы, 1990 жылы Закон о печати и других
средствах массовой информаций цензураға жол ашты. Конституциядағы 6 ші
баптың өзгеруі, басқада саяси, экономикалық өзгерістер БАҚ –на зор әсер
етті:
1. цензураның болмауы.
2. экономикалық тәуелсіздік (комерциялық және басқа БАҚ)
3. моральдық тәуелсіздік.
Үшінші факторға қарағанда бастапқы екеуі журналистикаға едәуір кедергі
келтіре қойған жоқ. Үшінші факторды немістер айтқандай қайшы баста өте
жаман цензураның түрі болды.
Демократиялық бірегей қоғамға көшуге, тәуелсіздік алу жолындағы
Қазақстанға, телеарналардың дамуында көптеген қиыншылықтарға тап болды.
Демократиялық тәртіп: барша БАҚ – баспасөз, телеарна, радио басқа да
жарнама тарату мекемелері саяси талаптардан шыға алмайды Қазақстан
мемлекетінің парламенті (28 ші қаңтарда 1993 ж) тағайындаған констуцияда
айтылған.
Ішкі саясат негіздері Қазақстандағы телеарнаның құрылымына тікелей
әсер етеді.
Бұл:
- мемлекеттегі аумалы кезең;
- көршілес елдердің тұрақсыз жағдайда болу;
- қазақстандағы ұлыс құрамының күрделі болуы;
Әр аумақ өз күшімен жеке ақпарат орталықтарын құру жолында тер төгіп жатты.
Бұл құбылыстар Оңтүстік Қазақстан облысындада шет қалмады.
Мұнымен қатар экономикалық мәселелерде айтылып отырды. Газет шығару
үшін баспахана, телеарна және радио үшін радиостанция құру, бұл өте үлкен
шығынға әкеліп соғып отырды. Жаңа демократиялық мемлекеттер қатарына
қосылып отырған Қазақстан телеарнасы болсын, баспасөзі болсын, радиосы
болсын өз табыстары өздеріне жетпегені анық. Бұдан бөлек жекеменшік
телеарналар мен радиостанциялар өз шығындарын тек жарнама табысымен
табамыз деген үмітпен жұмыс істеді. Басты және қосалқы қаржылай көмек
беріп отырған мемлекет болды.
Мемлекетімізде сол кездің өзінде тәуелсіз жекеменшік телеарналар саны
200 ге жуық еді. Юридициялық статус бойынша осы мекемелердің бәрі өз
беттерімен жұмыс жасап жатты. Дегенмен де 70 % - ға жуығы мемелекеттің
қатысумен құрылған болатын. Көпшілігінің құрылуына себеп болған, жергілікті
әкімшілік немесе мемлекеттік бөлімдер қаражат жағынан көмек берді. Бұған
мысал ретінде Оңтүстік Қазақстан облысын алуға болады. Басқа да қызмет
өнімдері, жекеменшік әлде мемлекеттік телеарналар, тележурналисттер,
операторлар, камералық студиялар, станция қызметкерлері, режиссерлар, тағы
да басқа қызметкерлер еңбегі арқылы, хабарлар арқылы телекөрермендерге
жетіп отырды. Типографиялық қызмет секілді, телерадио реттегіш мамандар
байланыс министрлігінің арқасында жұмыс жасады. Бұл кезеңнен соң жұмыс
жақсарып келе жатты дегенмен көптеген қолдау керек болып отырды.
Айтып өтпеуге болмайтын жайт бұл үлескерлердің, құрылтайшылардың
бұйрығы, жекеменшік және комерциялық телеарналардың дәрежесіне де әсер
етті. Үлескерлер көп болған сайын журналистерге жұмыс жасауға көптеген
мүмкіндіктер туды. Келеңсіз жағдайларда болып отырды. Журналистермен
үлескерлер арасындағы ойдың бір жерден шықпауы. Электрондық БАҚ–ның
құрылтайшылары мемлекеттік мекеме болған соң оларда мемлекеттік болып
аталды. Қалғандары тәуелсіз болып саналды.
Батыстың еркін ақпарат таратуы бізде онша дами қоймады. Қоғамның,
халқымыздың үрдістеріне оң көзден қарауы мемлекеттің БАҚ-пен тығыз
байланыста болуы.
Халықтық әдет – ғұрыпы бұл жерде үлкен рөл атқарады. Бәрінен бұрын бүкіл
қоғамға оның түсінікті, яғни халықтық ғұрыптарға сай, мемлекеттік талапқа
да тура келетін БАҚ-ын құру көзделді. Бұл орайда аса көзге ілінетін аумақ
Оңтүстік Қазақстан облысы болды. Бұл ретте бірегей Қазақстандықтарға ортақ
ақпараттанған ортақ мекемелер іске қосыла бастады.
Бұндай көзқарастар Кеңес үкіметі кезеңінен қарағанда қазір көп
кездеседі. Бұл жайлы жекеменшік комерциялық телеарна басшылығы сөз етуде.
Мемлекеттік арналарда мүлдем айқындық жоқ деген сөзді - Ресейлік ТВ6
арнасының басты директоры Эдуард Гинделеев айтты. Сонымен бір сөзінде РТР
арнасын жауып, оның орнына басқа кішкене арна ашу керек дегенді қаса айты.
Ол телеарнада барша қызметкерлер тек табыс көзін ойлап отыр Халықтың БАҚ
арқылы алып отырған әсері құлдырап жатқаны ешкімді қызықтырмайды деген
пікір болды. Жоғарыда айтылған Ресейлік телеарна басшысының айтқан сөзі
Қазақстанның бірқатар көрермендерінің есінде Біз өзгеше бағыт ұстауымыз
қажет, хабарларды сары басылым ретінде қабылдауымыз қажет. Осыған орай
аяғынан енді тұрып келе жатқан Қазақстан тек заң және экономикалық
кедергілермен қатар: ақпарат алу және тарату құралдары, салық жұмысы,
бірнеше қажетті ақпараттармен құрылғылар, мамандар дайындау тағы басқа.
Мұнымен қатар жаңа ашылған телеарна бұрынан келе жатқан
телеарналармен бірдей жауапты болды. Үлкен мағынаға ие болатын мәселе,
қазақ ұлтының түйсігінен шет шықпай, демократия құру жолындағы саясаттан
шет шықпау болды.
Алдағы уақыттағы Қазақстандағы ақпар тарату өзгеріске түсіп, сапалы
әрі көлемді қатынастармен дами бастады. Республикада екінші кезеңде жаңа
тарихта 1260 қа жуық газет журналдары басқа да басылымдар шықты. Алматы да
ондаған мемлекеттік және жекеменшік телеарналар структурасы құрылып жатты.
Бастапқы екі кезеңде Қазақстанда жаңа ақпарат кешендерін құру нақты
негізнде БАҚ-на енуі өзгеріске түсті. Ал аумақтағы БАҚ мүлдем қиын күйде
болды. Себебі ауылдық жерде күн көріс өте қиын болатын.

Жаңа мазмұнды және сапалы көрсетілімдер үстіндегі
ізденістер
Шектеу қойылған тақырыптарға журналист қауымының қадам басуы 1986 –
1987 жылдары басталды. Жезөкшелікпен, нашақорлық жайлы репортаждар,
мақалалар тұжырымдар пайда бола бастады. Журналисттер елге бөтен, жат
нәрселер жаза бастады. Журналистикада кең көлемді ауқымды қамтитын сәт
басталды. Ескі басылымдар өздерін жаңа қызықты етіп көрсетретін бағыт
ұстанып, жаңа тәжірибелер ала бастады.
Журналисттердің құлдырауы тереңдей түсті. Өз жұмыстарының жемістерін
ақпарат ағымына шығарып жатты. Кеңес одағындағы кезең қазір Алтын ғасыр
деп атады. Керемет жылдам жұмыс баяндаған кез 1987 жылға Огонек,
Литературную газету, Московский новости, От керки до керки салмақты
журналистика жемісі болды.
Тарихи дәлелдер, қоғамдық процесстерге терең үңілу деген жұмыстар
бәсеңдей бастады.
Информация ағымының мазмұны, эфир, газет бетінде болсын саяси тоқырау
да темір пердеге және суық соғыстың соңында қоғам назарына тасыған өзендей
құйылып, адамдардың әлеуметтік және ғылыми білімін тереңдете түсті.
Кең көлемді ағым процесінде қазақ тіліндегі баспа да болсын экранда
бағдарламалар пайда бола бастады. Тіпті білім беруде де қазақ тілін өтіп
қазақша сөз сөйлеу басталды. 1988 – 1989 жж мемлекеттік телеарналарда
мынадай бағдарламалар беріле бастады: Учимся говорить по казахский, бала
тілі бала-бақшаларда қазақ және орыс тілдерін үйретуге Двуязычние дружбы
два крыла, - келеңсіз мағынадағы бағдарлама болды. 1990 жылы қазақ
телеарналарындағы тематика және түрлі бағдарламаларының ауысуы немесе
өзгеруіне структуралық өзгерістер әсер етті. Жеке Уроки казахского языка
секілді бағдарламалар қарқыны күшейіп, жинақы тұрде қиындықты жариялаған
Судьба языка,- судьба народа атты орыс тіліндегі бағдарламалар көрсетіле
бастады. Алғаш осы кезде Қазақстан атты ақпараттың кешке эфирге шығатын
бағдарлама қазақ тіліде жарық көре бастады.
Арады 75 жыл салып ең алғашқы қазақ газетінің бірі саналатын Қазақ
газеті өз оқырмандарына қайта оралды. Қайта туылған газет 266 номермен
шықты. Халықты көкей – кесті мәселелері кең көлемде халыққа газеттерде
былай жетті. Хабар тарату саласында жаңа кезең мынадай мәселелерді қамтыда.

- жаңа тарихи дәлелдер, олардың жарыққа шығуы;
- экологиялық сауалдар;
- халықтың жаңадан тууы;
- әлемдік бірлестікке қосылудағы жол;
- эконмика дамуымен, нарықтық кезеңге жол;
- айқындық, өмір жайлы, нашақорлық, тәуекел тараптар т. б.
- барша кезеңдегі эмиграцияға жаңа көзқарас;
- көңіл көтеретін бағдарламалар, мәдениет саласындағы күрделі
сюжеттер;
Телеарналардың мемлекетпен санасуы ақырындап азая бастады. Аумақтық
БАҚ – тың алдында ақпараттық ағымға ену деген үлкен мақсат тұрды. Белгілі
болғандай. Ғылымдардың басқаруы бойынша: сәтті ұйымдастырылған жүйенің кез
келген функциясы қоршаған ортаның бірлестігіне ғана емес, әр элементің
нақты араласуында. Орталық телеарналардың, 14 арна бойынша, 5 хабар тарату
аумағы, сонымен қатар 119 бағдарламалы телеорталықтар, барлығы орталық
телеарнаға мүдделі болды. Соның өзінде өз көрермендерін бүкіл Кеңес аумағы
бойынша жоғалтты. Мысалға алатын болсақ: Прибалтикада орталық телеарнаның
бір бағдарламасын көру үшін арнайы қондырғы қажет болды. Ал Маяк
радиостанциясы болса олардан жақсы жұмыс істеді.
Қазақстандағы ұқсастық процестер өрби түсті. Басқа жергілікті
комерциялық хабар тарататын радиостанция Маяк (Сергей Дувановтікі)
Маяктағы бірнеше сағат таратылатын хабарды қосуды ұмытып кететін.
Күнделікті дерлік кешкісін бірнеше сағат Ресей телеарнасының орнына АТВ
(алматы телеарнасы), кезіндегі мемлекеттік телеарнаменен редакция түбірінен
құрылған болатын. Сол канал хабар тарататын. Қазіргі таңда ол каналдың
орнын Рахат2 мемлекеттік акционерлік бірлестік АТД - АТВ (Алматы дидары
– Алматинксая телевидение) осы арнаға құрылтайшылық еткен: Қазақстанның
баспа министрлігі, қала әкімшілігі Республиканың телерадио, хабар тарату
комплексі. Жеке фирма Тамыр, АО Интермодель және АТВ жұмысшылар тогбы.
Мемлекеттік Республикалық арнамен қатар бірер сағат, күн ара Ресей каналы
жаңалықтар жиынтығымене терең талдау жасайтын бағдарламалармен үздік
интервью сұрақтармене көрермен назарына шығып отырды. Жарнамаға да уақыт
табылып жатты. Жетіспеушіліктер: өте нашар күйдегі студия жасаулары, кең
көлемді кореспонденттер арасында жүйенің болмауы, техникалық жетіспеушілік.
Жаңа өтпелі кезеңнің экономикалық мүмкіндіктері техникалық қолайсыздықтарға
эфирге шыққан журналистердің кемшіліктерін айқын көрсетіп отырды. Ашып
атқанда бүгінгі таңда эфирде сол жағдайлар қайталануда.
Бір кезеңдерде көрсетілген процесте Республикалық телеарна ақырындап
өз орналасқан жайына қарап, өзінің ең алдынғы шекпе шығып келе жатқанын
ұғынды. Қазақ телеарнасында қайта құрылу нақты білім алу процесіне қарайды.
Бұған бірден – бір дәлел екінші телеарнаның, бағдарламаның пайда болуы:
Алатау - қазақ, неміс, ұйғыс, кәріс тіліндегі редакциялар жұмыс жасай
бастады. Жақсы жұмыс нәтижесі көрермен санының артуымен дәлелденді. Осы
күннің сұранысы мемлекетімізде өмір сүріп жатқан әр халықтың тілі мен
мәдениеті, салт – санасы, түбірлік өткен тарихы тобы да басқа осы секілді
мәселелер болды. Толық қанды, жүйелі мазмұнды, барша хабар тарату мәдениеті
мен үлгісін бойына сіңірген: информациялық, көңіл ашар, білімді
жетілдіретін, тәлім тәрбие беретін, танымдық тығы да басқа бағдарламалар
дайындау екінші кезектегі іс болды. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан телеарнасы
орталық телеларанға қарағанда екінші топта болды. Бұған себеп Қазақстан
телеарнасы өзінің ішкі базарымен санасты. Тек қана Республиканың болып
жатқан жаңалықтарымен сол жаңалықтарды анлиздеумен шектелді. Тек қана
информация тарату функциясын орындады. Қалған мәселелерді және хабар
таратуды Мәскеу мойнына алды. 1991 жылы Қазақстан мемлекетік
телеарналарында айтуға тұрарлық өзгерістер болды. Бұл өзгерістердің шеті
Оңтүстік Қазақстан облысының телеарналарынада өз әсерін тигізгені анық.
Мынадай шығармашылық топтар құрылды Парасат, Сана, Мұрагер, бұл
мекемелер тематикалық бағытымен ерекшеленді. Парасат шығармашылық
бірлестігі саяси теметикамен, қоғамға жүктеме алып келді. 1990 жылы жаңадан
дүниеге келеген политикалық бағдарламалар Мы базарға кіру жолындағы
өзіндік өрнегімен есте қалды. Сана шығармашылық бірлестігі болса, көркем
әдебиет арнасы ретінде басты бағыт – бағдарды, әдебиет, ән – күй, кино
секілді Республиканың оқиғаларын айқындайтын. Сонымен қатар Қазақстандық
әдебиет және өнер майталмандарының қатысуымен әр мерекелік іс шараларды
өткізуді мойнына алды. Ал Мұрагер шығармашылық бірлестігі болса
бүлдіршіндерге арналған бағдарламаларға жауап берді. Халыққа кеңінен
тараған бұл Мұрагер шығармашылық бірлестігі ұсынған Әнші балапан - жас
орындаушылар конкурсы. Телеарналық бағдарлама ретінде ойластырылғанменеде,
кейіннен эстрадалық шоуға, Республиканың үлкен сахнасына шықты.
Структуралық өзгерістерге жаңа теметикалық бағыттар қажет болды.
Себебі күннен күнге теларна жұмысы дамып келе жатқан еді. Сондықтан мынадай
жаңартулар жоспарланған еді:
- қоғамдық – саяси;
- музыкалық, жастарға арналған;
- экологиялық;
- мәдени гүлдену;
- бүлдіршіндерге арналған;
Музыкалық және жастар редакциясы өзіндік ерекшелігіне бар бағдарлама
құруды көздеді. Улыбка, Хорошее настоение, Молодежный четверг, На
ночь глядя, Құрдастар бұл бағдарламалардың бәрі дерлік музыкалық -
жастар редакциясының жұмысы саналды. Ал бүлдіршіндер редакциясы мынадай
бағдарламаларды жасады: Мы сидим на лесенке, Даналық әліппесі, Кел
балалар көрелік және тағы басқалар. Бұл жұмыстар қазақ телеарнасына күш
жігір беріп, әлбебап телеарнаға айналдырғандай болды.
Сонымен жаңа бір топ бағдарламалар пайда болды. Бұл Қазақстанның
мәдениетін дамытуға арналды. Ұлы жібек жолының тарихына үңілетін Ғасырлар
тағылымы аты бағдарлама еді. Қазақстан киномотографисттерінің бүгінімен
өткенінен сыр шертетін Кино және көрермен атты бағдарлама пайда болды.
Тарихи кино және көркемфильмдер түсірген Тарих, уақыт, шындық атты
бағдарлама дүниеге келді. Бұл бағдарламалардың барлығы Қазақстанның өткен
мәдениетіның тарихына үңілді. Телеарна тарихында жаңа бет бейнесі бұл
экологиялық мәселелерді қозғайтын бағдарламалардың пайда болуы еді. Бұл
жаңалықтар мынадай болды:
- дифференция принциптері.
- Көп тілділік.
- Акценттік күшеюімен жаң бағдарламалар. Жаңа заман талабына сай.
- Республикалық телеарнаның таратылуы ауқымының кеңеюі.
- Жаңа әрі ескі үрдістегі бағдарламалар санының артуы.
- Жанырлардың түрлену түрлері.
Информация ағымынан Оңтүстік Қазақстан телеарнасында артта қалған жоқ. Ескі
үлгі жанрдағы жергілікті халық сұранысы бойынша өзіндік стилдегі
бағдарламалармен өз қорын байыта түсті.

Қазақстандық телеарналардағы саяси бір негіздегі және экономикалық
тұрғыдағы мәдени бағдарламадағы жаңартылулар.

1985 жылы телеарнадағы тікелей эфир қайта туылды. 70 жылдарда тікелей
эфир жоқ болатын. Саяси форумдарды тікелей эфирге көрсетілу жасалып,
қоғамдағы саяси мәдениетті дамытып, тәрбиелеуге жол ашты.
1985 жылы телеаранадағы саяси ақпарат көлемі бағынбастан артты. 1987
жылы жеке орталық телеарнаның өзінде 40-қа жуық саладағы хабарлар пайда
болды. Мойындайтын нәрсе біздің телеарнада салмақты саяси ақпарат қатаң
тұрған жоқ. Мысалға алатын болсақ Литовск телеарнасында бұл жай керісінше
болатын. Жалпылай түсінік бойынша саяси зеректік қатаң қадағаланды. Ол
жақта берілгендер тікелей эфир хабарлар жұмыс жасады. Осы хабарлар арқылы
мемлекет билігіндегі азаматтар сонымен қатар саяси сан қилы және қоғамдық
қатынастардың өкілдері халыққа үндеу жолдап отырды.
Бізге осы өзгерістер пайда бола бастағаны анық. Бұған мемлекеттік
Алатау телеаранасында студияға әр қилы билік өкілдерін шақырып сұхбат
алды. Аталмыш телеарнада белгілі бір уақытта эфирге шығып тұратын
Президенский час атты бағдарламасы дайындалып отырды. ТМД елдерінің
студиялары ортақтасып жаңа жобалар, бағдарламалар дайындады. Қазақстанда
бұл жобаны КТК телеарнасында Время местная атты бағдарламаны тамашалау
мүмкіндік туды. Бірінші телеарнадағы Мир бағдарламасы осы бағытқа жол
ашып берді. Дегенмен мемлекетер арасындағы бағдарламалар және бағдарламалар
жасалу барысындағы студиядағы жұмыстар жаңа заман талабына сай бола қойған
жоқ. Республика көлеміндегі жеке формадағы өзіндік бағдарламаларды кәсіби
шығармашық деңгейде экранға шығару көзделді. Қазақстанда келешекте сәтті
информация тарату үшін облыстармен аудандарға ақпарат алаңдарын құру қажет
болды. Осы түрткіден соң Қазақстанның барлық 14 аумағында жеке өзіндік
телеарналар пайда болды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанда да жекеменшік
телеарналар пайда бола бастады.
Жамбыл облысының телеарнасы.
1989 жылы облысқа тұңғыш рет облыстық телерадио компаниясы пайда
болды. Бұған дейін тек қана радио бар болатын. Телеарна таңғы сағат 8-ден
түнгі сағат 24-ке дейін күнделікті хабар таратты. Тек сенбі күні сағат 9-
дан 24-ке дейін жұмыс жасады. Телеарна қоржынында 19 бағдарлама болды.
Екеуі күнделікті ақпарат қорытынды бағдарламалар болды. Ақпарат облыс
көлеміне Ақнұр қала көлемінде таралды. Ақпарат ауқымы қазақ тілінде 50%,
орыс тілінде де 50% болды. Ең танымал бағдарламалары: Қазақстан 2030
аптасына бір рет эфирге қазақ және орыс тілінде шығып тұрады: Темір қазық
аптасына бір рет қазақ және орыс тілдерінде шығады: Путе водител для
зрителей (журналист Р. Фролова): Ой толқын (журналист Е. Төреқұлов).

Қызылорда облсының телеарнасы.
Облыс көлемінде облыс және қалаға екі телерадио компания эфирге шығып
тұрады. Облыс көлемінде ақпарат тарататын Сейхун телеарнасы. Ал қалаға
Қызылардалық экономикалық апумақтан арнай ақпарат ағынымен Шарайна
телекомпаниясы таныстырып отырады. Облыс орталығында діни танымдылық
Шырағдан, Нұр, Тіршілік, Күн мен түн атты газеттер жарық көреді.
Оңтүстік Қазақстан облысының телеарнасы.
Оңтүстік Қазақстан облысында ең үлкен телеарна бұл ОҚТ (Оңтүстік
Қазақстан телеарнасы) мұнан соң ШТВ (Шымкент телевидениясы) қазіргі атауы
Қазақстан - Шымкент деп аталады. Бұл телерана мемелекттік болып
саналғандықтан орталық Қазақстан Ұлттық телеарнасы телеарнасына
бағынышты. Тікелей эфирде Бетпе – бет атты журналист Қалыбек Айтжан
негізін құрып, өзі жүргізіп отыр. Таң ертең халыққа ұйқы ашар бағдарлама
ретінде тікелей эфирде Көңіл ашар бағдарламасы жұмыс істейді. Телеарна
қазақ, орыс, өзбек тілдерінде жаңалықтар тарқатады. Аудиториясы бүкіл облыс
көлемін қамтиды. Бұдан да бөлек облыста 31 канал, Астана, Рахат
филиалдары жұмыс атқарады. Шымкент қаласында жекеменшік комерциялық
Отырар, Айғақ телеарналары жұмыс жасайды. Оңтүстік Қазақсан облысының
редакциясынан орыс, қазақ, өзбек тілдерінде газеттер шығып отырады. Қазақ
тілінде Оңтүстік Қазақстан, орыс тілінде Южный Казахстан, өзбек
тілінде Жануби Қозохистон газеттері шығады. Облыс орталығы Шымкент
қаласында Шымкент келбеті қазақ тілінде, Панарама Шымкента орыс тілінде
газеттері жарық көруде.

Алматы облысының телеарнасы.
Алматы - муниципалдық телеарна 2000 жылдан бері хабар таратып
келеді. Құрылтайшысы – Алматы әкімдігі аппараты. Хабар тарату уақыты
тәулігіне 14-16 сағат. Телеарна құру барысында сол қаланың қажеттілігін
өтеу үшін құрылған. Дәл қазіргі кезде авторлық бағдарламалары жоқ тек
көркем фильмдерді ретрансляциялап отыр.
1992 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданының тұрғындарының өздерінің
жекеменшік телеарнасы пайда болды. Олар өз экрандарынан өз теледидарларын,
өз дикторларын (30 минут сөйлеуге құқығы бар) көре алды. 1992 жылдың мамыр
айынан бастап аудан орталығы Чкалово және осы ауданға қарасты ауылдар
жергілікті телеарнаны тамашалай бастады. Осындай әрекеттермен дүние жүзілік
қоғамға ұмтылыс болып жатты. 1991 жылдың басында Шымкент қаласында
тәуелсіз атты телерадои компания жұмыс жсай бастады. Спутник ьнегізінде
жасалған бағдарламаларды трансляция жасап отырды. Әлемнің жетекші ірі
телекомпаниялары (БИ-БИ-СИ, МТВ, СтарТВ және де басқа) дайындаған
жұмыстарын эфирге шығарып ботырды. Қазақ және орыс тілінде бірнеше
тілмаштар штаты синхрон арқылы аударып телекөрермендерге жеткізіп берді.
Ал құрылтайшыларға келсек: комерциялық стикс ішкі экономика ассосациясы
Экон ПО Гарант трест Қазахтехмонтаж облыстық антимонполиялық комитет
көмек беріп отырды.

Қазақстандағы информация алаңының кеңеюі ішкі тәуелсіз ақпарат тарату
жолында жаңа журналист мамандарды дайындау қажеттігін ұқтырды. Осы мәселеге
орай Қарағанды университетінде жаңа журналистика мамандығына дайындайтын
бөлім ашылды. Аталған бөлімде алғашқы 20 студент Орталық Қазақстан үшін
бітіріп шықты. Ос ыстуденттер кеіннен де басқа аумақтарға жіберілді. Осымен
алғашқы мемлекет көлемінде өзіндік информация базарын құруға қадам жасады.
Бүкіл мемлекет аумақтары құрылған информация базарынан керекті мәлімет
алмасып отырды дегені түсінікті болды. Журналистика саласына жаңа кезең
комунистік партиялардың қолдауымен, Кеңес өкімет түсіндағы ережелер
жайылғанын атап өту керек. Қазақстандағы баспахана мен телерадиостанция
және телеарналар егелері тек қана мекемелер, акционерлік бірлестіктер, ірі
қаржылық концерндерден бөлек жеке тұлағларда бола білді. Мәселен сол
кездері көптеген жекеменшік газеттері Людмила (редакторы Гришина Л. П)
Павлодар қаласы, Часная жизнь (Ермалович А. Г) Қостанай қаласы,
Граждансое действие облыстың Сырбойы (газетінің редактор орынбасары
Парназов С, қазақ тілінде) Қызылорда қаласы т.б.

Хабар тарататын мекемелер араында баспаханалар, телеарналар, радиолар
тағы басқалары өзара тіл табыса бастады. Дефференциялды мінездеме бойынша,
мемлекеттегі келеңсіз жағдайларға, мәселелерге қатысуы, қатыспайы жайлы
қарама – қайшы ой пікірлер дами бастады. Телеарна мәселелері келесі
құбылыстармен терең қатынаста болды:

- ТМД-ның ертеңі мен бүгіні;

- Саяси күштерге қарсы күрес және төтеп беру;

- Нарықтық экономиканың құрылымы;

- Мемлекеттегі суверинизациянің қайта туылуы;

- Халықтар арасындағы келіспеушіліктер;

Осыған орай саяси процестер, қоғамдағы болып жатқан оқиғалар, саяси және
экономикалық білім беру мынадай өзгерістерге куә болды. Бұл өзгерістер БАҚ
– да:

- барша жұмыс өкілдерінің комерциялануы, өсіп жатқан аудиорияның
өзгеруі;

- сапалы темиткамен телебағдарламалар, радиоэфирлер, жаңа рубрикалар,
жанрлар, хабар таратудың жаңа түрлерінің пайәда болуы.

Республикадағы болып жатқан саяси процесстер 1992 жылы мамырда жарияланған,
республикалық суверинеттелуі, жер жөніндегі заң, жекешелендіру жолындағы
ТМД елдеріндегі экономикалық, ғылыми – техникалық мәдениет саласындағы
келісулер жасалды. Жаңа экономика құру жолында экономикалық қарым -
қатынастар пішімделген адеквитты информация орталығын, нақты айтқанда
информация базарын, нақты айтқанда нарықтық қожалықтарындағы структуралар
болып табылады. Дамыған мемлекеттердегі информация айналымы, материалдық
өнімдері біздің елге қарағанда қарыштап дамып кетке еді. Және олардың жұмыс
бағасы да едәуір артық болатын. Бірінші орында базар белгілері мен қатар
базар заттар және дамыған өнеркәсіп орындары болды. 1990 жылдарда бастау
алған БАҚ-ның саны және көлемі жағынан Орта Азия елдерімен санасқанда,
экономикасын нашарлап жатқанына қарамастан алдынғы орында тұрды.
Жекешелендірумен тығыз байланыста БАҚ-ы тек структураны мағынасын байытып
қана қоймай, журналистика теориясы жағынанда, БАҚ-ның жұмыс істеу
жағынанда, маркетинг үлгісінде өз орынын таба білді. Журналистік жазбасы
тауар ретінде қабылданып, қаншалықты көркем әрі мағыналы болса нарықтық
БАҚ-да өзіне деген қызығушылықты арттырып, өз аудиториясының кеңестері анық
болды. Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өзіндік білім беру арнасынқұрып
алға, қарай дами бастады. Базарлар өз талабын айқын түсіндіре бастады.
Аудитория өзінің айқындық, дәуірлік және де жаңа заман талабына сай БАҚ-
ның жұмысын талап ете бастады.

Қазіргі аумақтық информация әлемін құруда, әлемдік информация ағымына
бағыт пен қадам жасалып, халықаралық іскер қатынас орнату, БАҚ-ның
тәуелсіз, айқын түрін, өткір білім ауқымы:

- информатика теориясы: информациялық саясат, информаитка
әдістемесін, интернеттегі жаңа технологияны басқа білім
салаларымен (әлеуметтік, жжурналистика, философия, кибернетика,
экономика) танысып жұмыс жасау;

- информациялық базарлар құрылуы: оның құрлымы, маркетингі, жарнама,
информациялық менеджмент, дүние жүзілік информация ағымымен қарым –
қатынас;

- информация базарындағы мекемелердің дамуы: мамандар дайындау.
Телеарна адам өміріндегі үлкен қуатты күшке ие болды. Телеарна
қоғамның бір бөлігі өзінше информациялық – шығармашылық заңнама.
Телеарна қазіргі таңда басқа да БАҚ –мен бір қатарда. Қоғамдағы
басты ақпарат көзі. Адамдардың ғылыми, мәдени, саяси жұмыстарын
телеарна арқылы білуге болады. Барша БАҚ қоғамға әсер етеді.

Тәуелсіз Қазақстанның телеарнасы. Жалпы тенденциялар.

Қазіргі таңда Қазақстанда жаңа БАҚ-ның құру жолында өте тез жұмыс
жүргізілуде. Алдын болмаған мемлекет аралық телеарна, басылымдар: Заман
Қазақстан қазақ түрік газеті, Республика аралық Азия газеті,
телекомпания арасында қазақ – италян арнасы Тотем қазақ түрік телеарнасы
ТАН ПЛАС ТВ алда қазақ – француз мемлекеттік телеарнасы ашылады деген сөз
бар.

Қазақ журналистикасы үшін түрлі діни, тілдік, жарнамалық тағы басқа.
Басылымдармен басқада БАҚ-ның өнімдері болды.

Хабар тарату ауқымының кезеңі.

Республиканың географиялық ереекшелігі тереториядағы халықтың, елді -
мекеннің аздығы (17 милион адам 3мың шаршы метрдегі) релефтік қиылыстар
тиелеарнаға кері әсерін тигізуде.

Бір бағдарламалық хабар таратуда Республиканың қалаларының 98%, ал
елді мекендердің 86% қамтылған. 1990 жылы енген космостық жүйе жжарық,
свет хабар таратуға көп мүмкіндік ашты. Бұл телеарнаның толқынын тек
Республика көлеміне ғана емес, қандастарымыз тұратын: Солтүстік Қытай,
Монғолия, Ресейге, Ауғаныстарға, Иранмен Түркияға хабар тарата бастады.
Экономикалық және технологиялық қиыншылықтарға орай тәжербиелі түрде жұмыс
жүргізген жоқ.

Горизонт космостық станциясы көмегімен Ресей телеарналары өздерінің
Останкино және РТВ хабарларын әрімен қарай жалғастырып жатты. Толқынды
жақсы әрі сапалы және жаңа заман талабына сай тарқататын бұл құрылғылар өз
жарамдылық кезеңінен соң, ескіріп отырды. РТВ телеарнасы жергілікті уақытта
830 дан 230 ға дейін, кешкісін 1900 ден 2100 ге дейін жұмыс жасады. Қалған
уақытта облыстық және басқада жергілікті телеарналар ақпарат және
телехикаялар беріп отырды. Останкино арнасы болса, 730 дан 130 ға дейін
тек өз бағдарламасынан бөлек арналар жұмыс жасамады.

Аумақ аралық телеарналардың хабар таратуы орталық Азияда 1960
жылдардан бастау алады. Сол кезеңнің өзінде Ташкент, Алматы, Бишкек
қалалары арасында радио сызықтары жұмыс істегенмен, олар байланысқа
мемлекеттер өз егемендігін алғанрнан кейін ғана қосылып, жұмыс атқарды.

Ал қазіргі таңда концерттік бағдарламалар Өзбекстаннанда,
Қырғызстаннан да алып, көрсетуге береді. Көрші елдермен ақпарат алмасу осы
күнде де қолайлы емес. Бұдан шығатын сөз Алматы мен Ташкент көршілес
жатсада өз хабарларын Мәскеу арқылы ғана ала алады.

Қазақстан үшін жаңалық Түрік мемлекеттік телеарналары болды.
Евразия атты телеарнада Интелсат жер серігі арқылы көңілашар,
информациялық, танымдық бағдарламалар алынып отырды. Бұл бғадарламалар тек
Түрік тілінде эфирге шықты. Қазақстанда өмір сүретін, неміс және кәріс
халқы үшін Германиямен Оңтүстік Кореядан ақпар алып тұратын көпір ашу тек
1995 жылы жоспарланды.

Мемлекеттік емес станциялар.

Қазіргі таңда Қазақстанда 200 ден астап комерциялық телеарналармен 25
радиостанция жұмыс істейді. Бұның ішінде 11 облысты қамтитын ең ірі
акционерлік телекомпания Сарыарқа деп аталады. Оның басшысы И. Э. Фидель
болып табылады. Комерциялық телеарнаның техникалық дамуы. Оның қаржылай
мүмкіндегіне тікелей байланысты. Мәселен жекеменшік Тотем, Телеком
мекемесімен келісіп шартқа отырып, жердегі жер серігі болып табылатын
Жарық арқылы өте бай, кең көлемде ақпарат алып отыр. КТК –ның өзі
Рейтер агенттігі арқылы ТМД елдеріндегі тәуелсіз телеарналармен байланыс
орнатып, Время местная бағдарламасын Интерньюз қалыпты жүйесінде хабар
таратып отырды.

Соңғы жылдыры тәуілсіз арналар басқада телевизиялық мекемелермен
салыстырғанда сапа дәрежесі түскенімен атағы сол қалпында биікте тұр.

Мемлекеттік телеарна.

Мемлекеттік телеарнаалар өз аудиториясын тоқырау кезеңінде жоғалтты,
бұған себеп маңызды хабар емес, ұлттық концертік бағдарламалар берілуі
себеп болды. Бұдан өзгеге сол кезде мүмкіншілік болмады. Қазір өз
аудиториясымен байланыс жасап, маңызды ақпар таратуға мәжбүр. 1993 жылғы
көрсеткіш бойынша КТК ны Қазақстан астанасындағы жалпы халықтың 63%
көрсе, ТАП-ПЛАС-ТВ каналын - 48%, ал мемлекетті қазақ телеарнасын 27%
ғана көрді. Мемлекеттік теларнаалар соңғы жылдары өз тоқырауынан шығу
жолында көптеген еңбек жасауда. 1994 жылы 4 сәуірде шыққан жарлығы бойынша,
президент Н. Ә Назарбаев: теларнамен Қазақстан радиосын өзім қадағалап
қолға аламын- деді. Осы үкімді ұзақ күткенмен бұл үкім жекеменшік қазақ –
түрік компанияясы үшлін күтпеген жай болды. Ол кезде аталмыш компанияяны
Лейла Бекетова басқарып, иесі табылатын корпарация құру өз сенімін ақтады.
Бағдарламалардың қажетті деңгейдегі сатысын көздеумен қоймай, хабар
таратуды басқару, бір нүктеден Қазақстан ақпарат ағымын басқару, әлемдік
ақпарат ағымына қосылуды тездету, материалдық – техникалық ортаны нығайту,
ғылыми ізденіс жасайтын облыс, аумақтарында теларналармен радио және де т.б
БАҚ-н қаржылай көмек беретіні жайлы айтылды.

Осы кезеңдегі тележурналистер арсындағы байланысты арттырып,
телеақпар таратудың дәрежесін көтеруге болатындығын Лейла Бекетова
түсіндіріп бағуда болды. Бірақ оның сөзіне тәуелсіз телекомпаниялар құлақ
аспады. Бұл арналар мемлекет қадағалауына мұқтаж болды. Былай айтқанда
мүмкіндігі жоқ телеарна басқармасы нәтижесін биік тұғырдан көруге тірісті.
Үлкен қарқынды ұғым құрылды. Бұл ұйымға барша іскер кәсіпқойлар, бұрынғы
телерадио комитет мүшесі Қ. С. Смайлов, бұрынғы Интервидение мекемесінің
қызметкері Ю. М. Крылов, информациялық саясат ақылшысы ғылым докторы Б.
Қайшыбаев, Хабар информациялық агенттігінің басшысы Д. Назарбаева болда.
Қазақстан телеарнасымен радиосы қазіргі таңда жарық акционерлік қоғамның
100% акциясы мемлекетке тиесілі. Алдағы уақытта сол мекеме жұмысшыларына
10% акция мөлшері тиесілі болуы тиістігін қолдау үстінде. 1994 жылы
Қазакқстан толыққанды халықтық Интелсат ұйымының мүшесі болып жарияланды.
Бұл қоғамға кіру өте қымбат болатын. Мемлекет тарапынан қолдау күту өте
қиын үміт болатын. Батыс банктерінің біріне жүгіну жайлы ой, оның шешімі
деп табылды Интелсат ұйымына мүшелік ету Қазақстан үшін үлкен абырой
болып табылды.

Интелсат желісіне қосылу саяси және экономикалық даму процессіне
Қазақстан телеарнааларына өз жер серік жүйесіне қосылу мүмкіндігіне жол
ашты. Қиындық туылған соң осы істің жандануына алып соқты. Сұрапыл шешен
соғыс 1994 жылдыық 12 13 желтоқсан күндері бастау алған кезінде жер серігі
арқылы Ресей телеарналары: Останкино және РТР тікелей хабар тарата
бастады. Ал толық Шешенстанда болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші Қарағанды телеарнасы
ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ ХАБАР МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ
ҚAЗAҚСТAН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕAРНAСЫНДAҒЫ РЕКРЕAТИВТІК БAҒДAРЛAМAЛAРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Журналистикаға барар жолдағы алғашқы ізденістер
Парсылар
Қазір ақпарат ғасыры
Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
КТК телеарнасының кәсіби деңгейі
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Пәндер