Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым.
1.1 Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.6
1.1.1.Жүйке жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.9
1.1.2. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.11
ІІ. Жүйке жүйесінің қызметінің дамуы.
2.1. Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .12.13
2.1.1. Мидың ана құрсағында дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.17
2.1.2. Мидың нәрестелік шақ кезеңінде дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18 .19
2.2. Рефлекторлық қызметтің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.22
2.3. Шартсыз рефлекстердің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23 .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері, жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отыруы, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы, бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлтпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралғаны, бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынуы, нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқаны, орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатуы, жануарлар мен балалардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткені, осы бөліктердің жоғарысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келуі, осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі — жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзыңдығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетуі, жұлынның, ішкі жағында сұр зат орналасқаны, мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсауы, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалғаны, жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарауы, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы — шетке тебетін жүйке деп аталуы, жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т. б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылуы, мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөлуі, мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болуы, орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі — ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып ми бағанасын құрауы, ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқаруы осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттеуде психологияның зерттеу әдістері эксперимент әдісі, тест әдістерін қолдану.

1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
11. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым.
1.1 Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-6
1.1.1.Жүйке жүйесінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-9
1.1.2. Жоғарғы жүйке жүйесінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-11
ІІ. Жүйке жүйесінің қызметінің дамуы.
2.1. Баланың жүйке жүйесінің даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...12-13
2.1.1. Мидың ана құрсағында
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...14-17
2.1.2. Мидың нәрестелік шақ кезеңінде
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 18 -19
2.2. Рефлекторлық қызметтің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .20-22
2.3. Шартсыз рефлекстердің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .23 -26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері, жүйке
жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отыруы,
айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы, бұлармен қатар жүйке
жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлтпалардың, клеткалардың қызметін, зат
алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын
жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп
аталатын жеке клеткалардан құралғаны, бұл нейрондардың әрқайсысының екі
түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон),
ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынуы, нейрондардың
тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке
жүйелерінің өне бойына орналасқаны, орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал
перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі
жүйкелер жатуы, жануарлар мен балалардың психикалық әрекетінің материалдық
негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер
арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің
бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар
бірінің үстіне бірі орналаса біткені, осы бөліктердің жоғарысы төменгісінен
құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келуі, осы
жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі орталық жүйке
жүйесінің төменгі бөлімі — жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының
ішіне орналасқан, оның ұзыңдығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін
жетуі, жұлынның, ішкі жағында сұр зат орналасқаны, мұның көлденең
кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсауы, сұр зат нейрондардың ұзын
бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалғаны, жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке
талшықтары тарауы, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы — шетке
тебетін жүйке деп аталуы, жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес,
ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т. б.) жұмысын
басқаратын орталық болып табылуы, мәселен, жаңа туған нәресте емуге
әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөлуі, мұның бәрі жұлынның
шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болуы, орталық жүйке
жүйесінің екінші бөлігі — ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400
грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып ми
бағанасын құрауы, ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде
ерекше қызмет атқаруы осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктерін
зерттеуде психологияның зерттеу әдістері эксперимент әдісі, тест
әдістерін қолдану.

1.1 Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады,
айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке

жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын
тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты
дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп
бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі)
және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми
мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады. Жануарлар мен
балалардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың
және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық
дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы
үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы
бөліктердің жоғарысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі
жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі
— жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның
ұзыңдығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетеді. Жұлынның, ішкі
жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің
бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен
қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір
тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы — шетке тебетін жүйке деп аталады.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым
қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т. б.) жұмысын басқаратын
орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді,
аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз
рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі — ми. Оның орташа салмағы ересек
адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі
қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы жануарлардың
өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша ми — жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан
айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру,
шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық
орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын
басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың
үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида
құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын
реттейтін жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың
осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық
рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі —
афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т. б.) басшылық
ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін
арттыру не төмендету, оған баратын импульс-терді іріктеп, електен еткізу де
осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не
басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы
орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам
күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады.
Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке
орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып,
зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.
Афференттік — латынның афференс деген сөзі, қазақша жеткізуші деген
мағынаны білдіреді. Бұл жерде миға тітіркендіргіштерді жеткізіп отыратын
жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.
Егер осы айтылған ми бағанасының құрамдары эволюциялық дамудың төменгі
сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса,
жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі қызметті ми
қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын
ми қабығы адамдарда ерекше жетілген.
1.1.1.Жүйке жүйесінің құрылымы.
Адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады.
1. Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сыңар) тұрады. Ми
сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 пайызына тең. Мұның ішінде
ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ол қалыңдығы
3 — 4 миллиметрлік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары
типі мен қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан
тарайтын жүйке талшықтары оларды сезім мүшелерімен, бүкіл денемен, сондағы
барлық клеткалармен байланыстырады. Ми қабығындағы осындай жүйке клеткалары-
ның саны 14 миллиардқа жуық деп есептелінеді. Ми қабығы төрт бөлімге
бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми қабығы
бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген
анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері,
қозғалыс, иіс, дәм т. б. анализаторлардың жүйке орталықтары бар. Мәселен,
мидың желке бөлігінде — көру зонасы, самай бөлігінде — есту, төбе бөлігінде
— қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200-ге жуық.
Бұлардың мидағы орны бір жерге шектелмеген, жүйке клеткалары мидың басқа
бөліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми қабығының дамуы еңбек процесімен
қатар жүріп отырған. Оның дамуы адам сезім мүшелерінің, әсіресе, заттарды
сипай сезу арқылы танытатын қолдың дамуына үлкен әсер еткен. Адамның жүйелі
дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан, тілден, таңдай мен еріннің
бұлшық еттерінен келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын клеткалар), есту
мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат
жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың ішіндегі ең бір теңдесі жоқ
түрі. Адамның миы үлкен және салмақты болған сайын, ақылды және қабілетті
болады деп ойлаған. Осы кезге дейін бүкіл әлемде ғұлама атына бар жоғы 400-
дей адам ғана ие болыпты. Солардың кейбіреулерінің миларының салмағы
мынадай болған:
Тургенев — 2012 гр.
Кювье - 1828 гр.
Байрон - 1807 гр.
Шиллер - 1785 гр.
Бехтерев — 1720 гр.
Павлов — 1653 гр.
Менделеев - 1571 гр.
Либих - 1382 гр.
9.Кюри-1100гр.
10. Франс - 1017 гр.
Тізімге қарағанда, ми салмағы бойынша, ғұламалардың ішіндегі ең миы
үлкені И. С. Тургенов екен. Ал миының салмағы бар болғаны 1017 грамм болған
француз жазушысы ақын А. Франс та ғұламалар тізіміне кірген. Сол тізімнің
астына тайға таңба басқандай етіп былай деп жазыл-ған: "Адам қабілеті
немесе ақылдығы оның миының көлеміне немесе сал-мағына байланысты емес".
Бұл, әрине, ғылыми түрде дәлелденген тұжы-рым. Оның әлде де ашылмаған
көптеген құпия сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың
қалайша пайда болатындығы, өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни
осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша
мәлім емес. Дегенмен, ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті.
Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы мидың кез келген бөліктерімен байла-
ныса алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін "тірі" электр
импульстерін тіркейді. Мидағы жүйке талшықтарының жаны да "сіріден" берік.
Егер радиоприемниктің бір тал сымы істен шыққан болса, ол жұмысын дереу
тоқтатқан болар еді, ал жүздеген, мындаған жүйке клеткалары зақымданған ми
өз жұмысын одан ары жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар да қалпына
келіп отырады екен. Мәселен, адам қатты ашуланган кезде, жүйке
клеткаларының бірқалып-ты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары
істен шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан-жағындағы клеткалар
жойылып, артынан өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі
психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының (нерв
талшықтарының клеткаларға ұштасқан жуандау жері) кейбір бөлімдері бұзылады
да, кейін бұл жүйке клеткалары өзгеріске түсетін көрінеді.
Мида әлсіз электр токтары (биотоктар) жұмыс істейтіндігі ғылымға көптен
мәлім. Биотоктардың мұндағы жүріс-тұрыс, өрісін осциллофаф дейтін аспап
арқылы зерттейді. Мәселен, оны электродпен жалғастырып адамның басына
кигізгенде, биотоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды
мидың электроэнцефалограммасы дейді. Биоток-тардың бірнеше ритмдері
(толқындары) ажыратылады. Мәселен, мида секундына 9—12 жиілік шамасында
өрістейтін "альфа— толқын" (мидың дем алыс, тыныш жағдайын көрсететін
ритм), секундына 3—5 жиілікпен өтетін "дельта —толқын" (ұйқы кезіндегі ми
қызметінің ритмі), секун-дына-13-20 жиілікте болатын "бета-толқын" (күрделі
ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс алып отыратындығы анықталған.
1.1.2. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі.
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс
туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596—1650). Рефлекстің
биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749—1820) өз еңбектерінде
дұрыс көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс
- латын сөзі, қазақша - бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан
немесе іштен келетін тітір-кендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап
реакциясы. Жануарлар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі.
Мәселен, электр тогымен тітіркендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы,
жарық түскенде көздің сығырая қалуы, жаңа туған баланың анасының емшегін
еме бастауы т. б. осы айтылған рефлекстің сан алуан фактілері.
Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы
деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор (сезім мүшесі), өткізгіш
жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі
және орталықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер)
келетін жүйкелер.
Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланыс-ты. Ми
жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан
мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүл-де қол үзген болар
еді де, организмдегі түрлі тітіркендіргіштерге ретімен жауап беріп отыру
қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы
құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін
бағыттай алады. Кейінгі зерттеу-лерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш
мүшелі доға принципіне шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс
органына келумен біт-пей, ол сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп
отыратындығы бел-гілі болып отыр. Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан көп
бұрын орыс физиологы П. К. Анохин (1898— 1974) ұсынған осы теория (1935)
рефлекс туралы ілімнің творчестволықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп,
физиолог Н. А. Бернштейн (1896—1966) айтқандай, қазір реф-лекстердің жасалу
жолын доғамен белгілемей "рефлекс шеңбері" арқы-лы жасалатындығын мойындау
бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр. Рефлекс туралы теорияның негізгі
қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И. М.
Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы жазған "Ми рефлекстері" деген еңбегінде
психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді.
Сеченовтің отандық ғылым алдындағы баға жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік
теорияның негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты
материалистік тұрғыдан алғаш рет шешті. И. М. Сеченов мынадай қарапайым
тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңар-ларын аралық мидың тұсынан тіліп
алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы
тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда
болатынын бақылады. И. М. Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының
кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе
рефлексті ми-дың тежей алатындығын айқын көрсеткен И. М. Сеченовтің ми
қабы-ғында қозумен қатар тежелу процесі де қоса қызмет атқарады деген
пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін,
оның барлық көріністерінің негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда
болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді.
ІІ. Жүйке жүйесінің қызметінің дамуы.
2.1. Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері.
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген
жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз
рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері
біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін
реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ
бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері,
аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім
мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке
және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы,әсерлердің
көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен
жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып
болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар
сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне
және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен
мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта
күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-
құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған
кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың
белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе
(тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды.
Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене)
кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның
ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері
қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан
алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған
балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс
пайда болады. Алғашкы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер
жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінін жинақталуы-нан
көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге
келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар
ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік
неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса
білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың
ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен
жанасудың қажетті дәнекершісі кажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі
ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамнын көрінуіне
байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы
қалыптасады. Жадырау комплексі кол мен аяқтың екпінді қимылдарынан
көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын
болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жана туған кезеннің соңы,
нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
2.1.1. Мидың ана құрсағында дамуы.
Сезім міүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың маңызы.
Бала, көпшілік хайуанаттардың төліне қарағанда, әлдеқайда әлжуаз болып туа-
ды. Жаңа туған нәресте сыртқы - әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын
жөн - жосықсыз қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа біткен
мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздгі
емес, керісінше күштілігі болып табылады.
Нәрестенің негізгі ерекшелігі —- жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән
мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексізді. Егер органикалық
қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің
жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа
қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері)
қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.
Әсерленуге ұмтылу өзінің негізінде бағдарлау рефлексімен байланысты және
баланың сезім мүшелерінің әсерленуге әзірлігіне қарай дамиды. Жаңа туған
баланың көру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz