Меншікті капиталдың есебі туралы ақпарат
Кіріспе
1. Шығарылған капитал (акция) құрылуы.
1.1 Акционерлік қоғамның жарияланған капиталы.
1.2 Серіктестіктердің жарияланған капиталы.
1.3 Төленбеген капитал есебі.
2. Эмиссиялық табыс есебі.
3. Сатып алынған меншікті үлестік құралдардың құрылуы және оның есебі.
4. Резервтердің құрылуы және оның есебі.
5. Бөлінбеген табыстың құрылуы мен есебі
Қорытынды.

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шішімді қабылдау үшін негіз бола отырып,тұтынуды,таратуды,айналысты және басқа өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектінің күрделі экономикалық тетігін нақты,жақсы жолға қоймайынша,сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорын иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысырапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге,оның сапасын көтеруге,өзіндік құнды төмендетуге,қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.Бұл орайда,шаруаға қырсыздыққа,кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттар көмегімен шаруашылық жүргізуші субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін,экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін,сөйтіп,ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктердің бірі ретінде пайдаланады.
Сонымен бухгалтерлік есеп бұл шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын бақылап,есебін толық әрі сенімді жүргізу болып табылады.Ал шаруашылық жүргізуші субьект дегеніміз не? Шаруашылық жүргізуші субьект бұл белгілі бір қызмет түрімен айналысатын кез-келген кәсіпорын.Яғни,қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және табыс алу мақсатында кәсіпкерлік іс-әрекетке бағытталып құрылған коммерциялық ұйым шаруашылық жүргізуші субьект болып табылады.Ол өз қызметін жеке дара жүргізіп,салық төлегеннен және бюджетке міндетті төлемдер жүргізгеннен кейінгі шығарылған өнім мен табыспен өзі іс-әрекет жүргізеді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның өзінің меншікті(жарияланған) капиталы болуы керек.Жарияланған капитал-«жарғы» деген сөзден алынған-ұғымды анықтайтын ережелер жиынтығы,белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі,немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі,яғни жарияланған қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жаңа шот жоспары құрылды.Ол шот Халықаралық шоттар жүйесіне негізделіп жасалған.Міне,осы жазғалы отырған жұмысымда жаңа шот жоспарын қолданып,меншікті капиталды жаңа шот жоспарына салып,оның есебін көрсету менің ең маңызды мақсаттарымның бірі.

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
2.Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамы туралы заңы.
3.Радостовец В.К.,ҒабдуллинТ.Ғ.,Радостовец В.В., Шмидт О.И.. Кәсіпорындағы кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.Алматы 2003.
4.Т.А. Тасмағанбетов, А.Ш.Омаров,В.К. Радостовец. Қаржы есебі.Алматы.Дәуір 1998
5.Назарова В.Л. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция.Алматы.Экономика 2002 жыл.
6.Вещупова Н.Л.,Фомина Л.Ф.Бухгалтерский учет на предприятиях различных форм собственности.Москва. Магис 1994.
7.Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет. Москва. Инфра-М 1999
8.Салина А.П. Принципы бухгалтерского учета.Алматы.Экономика 2003
9.Сейдахметова Ф.С. Особенности учета в различных субьектах хозяйства.П.р. Мамырова.Алматы. LEM 2001
10.Кеулімжаев К.К.,Әжібаева З.Н.,Құдайбергенов Н.А.,Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп.Алматы Экономика 2001
11.Андросов А.М.Бухгалтерский учет. Москва. Финансы и статистика 1996
12.Құдайбергенов Н.А. Субьектінің қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы.Алматы Экономика 1998
13.Палий В.Ф.,Палий В.В. Финансовый учет. Москва. ФБК Пресс 1998

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Бухгалтерлік есеп
және аудит кафедрасы.
МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ.
Орындаған: Сейдазымова А.Б.
Тексерген:Евескина Ж.Т.
Алматы 2006
Жоспар.
Кіріспе
1. Шығарылған капитал (акция) құрылуы.
1. Акционерлік қоғамның жарияланған капиталы.
2. Серіктестіктердің жарияланған капиталы.
3. Төленбеген капитал есебі.
2. Эмиссиялық табыс есебі.
3. Сатып алынған меншікті үлестік құралдардың құрылуы және оның есебі.
4. Резервтердің құрылуы және оның есебі.
5. Бөлінбеген табыстың құрылуы мен есебі
Қорытынды.
КІРІСПЕ.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын
алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шішімді
қабылдау үшін негіз бола отырып,тұтынуды,таратуды,айналысты және басқа
өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субьектінің күрделі экономикалық тетігін нақты,жақсы жолға
қоймайынша,сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде
жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорын иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын
азайтуға,ысырапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге,оның сапасын
көтеруге,өзіндік құнды төмендетуге,қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.Бұл
орайда,шаруаға қырсыздыққа,кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша
бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттар көмегімен шаруашылық жүргізуші
субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін,экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау
үшін,сөйтіп,ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу
экономикалық тетіктердің бірі ретінде пайдаланады.
Сонымен бухгалтерлік есеп бұл шаруашылық жүргізуші субьектінің
қаржылық жағдайын бақылап,есебін толық әрі сенімді жүргізу болып
табылады.Ал шаруашылық жүргізуші субьект дегеніміз не? Шаруашылық жүргізуші
субьект бұл белгілі бір қызмет түрімен айналысатын кез-келген
кәсіпорын.Яғни,қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және табыс алу
мақсатында кәсіпкерлік іс-әрекетке бағытталып құрылған коммерциялық ұйым
шаруашылық жүргізуші субьект болып табылады.Ол өз қызметін жеке дара
жүргізіп,салық төлегеннен және бюджетке міндетті төлемдер жүргізгеннен
кейінгі шығарылған өнім мен табыспен өзі іс-әрекет жүргізеді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның өзінің
меншікті(жарияланған) капиталы болуы керек.Жарияланған капитал-жарғы
деген сөзден алынған-ұғымды анықтайтын ережелер жиынтығы,белгілі бір
ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі,немесе актив құндарының екінші жағынан
көрінуі,яғни жарияланған қорға салынған активтердің жалған және номиналдық
құны.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жаңа шот жоспары
құрылды.Ол шот Халықаралық шоттар жүйесіне негізделіп жасалған.Міне,осы
жазғалы отырған жұмысымда жаңа шот жоспарын қолданып,меншікті капиталды
жаңа шот жоспарына салып,оның есебін көрсету менің ең маңызды
мақсаттарымның бірі.
Курстық жұмысты жазудағы алдыма қойған мақсаттарым:
• Шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылу формалары мен меншікті
капиталының құрылу тәртібін анықтау;
• Жарияланған капиталдың құрылу ережелерін және оның құрылымын анықтау;
• Меншікті капиталдың құрылымын ашып,оның есебін көрсету.
• Шаруашылық жүргізуші субьектілер жайлы толық ақпарат алу;
• Меншікті капиталдың құрылуы және есебі туралы мәліметті терең ашып
көрсету.
1.Шығарылған капитал (акция) құрылуы.
1.1 Акционерлік қоғамның жариланған капиталы.
Мекеменің меншікті капиталы-ол міндеттемені есептегеннен кейінгі
оның активтері.
Меншікті капитал құрамына мыналар енеді:
• Шығарылған капитал(акция);
• Эмиссиялық табыс;
• Сатып алынған меншікті үлестік құралдар;
• Резервтер;
• Бөлінбейтін табыс.
Меншікті капиталдың негізгі элементі болып жарияланған капитал
саналады.Кәсіпорынның жарияланған капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету
үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасалған қаражаттарының сомасы болып
табылады.Жарияланған капиталдың құрылу және өзгеру тәртібі заңмен және
нормативтік құжаттармен реттеледі.Әр түрлі ұйымдардағы жарияланған
капиталдың есебі кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасына тәуелді болып
келеді.
Жарияланған капитал акцияларды орналастырудың немесе сатудың,жеке
капиталын салудың,мемлекеттің қаражаттарының,материалдық емес активтердің
және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтардың есебінен
құрылады.Сонымен қоса,жарияланған капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар
өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады,ол
құрылтайшылардың(акционерлердің,қат ысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік
сипатын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің жарияланған капиталына
салынатын салымдары ақша да,бағалы қағаз,мүлік те,мүліктік құқық және басқа
мүлік (интеллектуалдық қызметтің нәтижесі не берілген құқық қоса алғанда)
болуы мүмкін.
Мемлекеттік тіркеуден өткен кезде жарияланған капитал
–құрылтайшылардың салған сомасына тең болады және ол құрылтайшылық
құжаттарында беріледі.
Жарияланған капитал көлемі құрылтайшылармен белгіленеді және
сейкес мемлекеттік органдармен тіркеледі.Егер белгіленген жарияланған
капитал сомасы құрылтайшылармен төленбеген болса,онда жарияланған
капиталды көбейту туралы шешім тіркеуден өтпеу керек.
Жарияланған капиталды құқықтық бақылау оның функцияларына
байланысты ерекше мәнге ие болады.Олар үш негізгі категорияға бөлінеді:
• Жарияланған капиталға салымдар кәсіпорынды ұйымдастыру кезінде
қызметін жүргізу үшін материалдық база болып табылады;
• Жарияланған капитал кепілдік қызметке ие.Шаруашылық жүргізуші
субьект меншіктегі мүліктің негізінде кредиторлардың алдында
міндетті;
• Жарияланған капитал кәсіпорынға қатысушы немесе әр акционердің
қатысу үлесін анықтайды.
Жарияланған капитал сомасы тіркеу кезінде кәсіпорын жарғысында
белгіленеді.Ақша құралдарының әсерінен жарияланған капитал өзгермеуі керек.
Жарияланған капиталдың өсуі немесе кемуі жаңа құрылтайшылардың
келуі немесе кетуі нәтижесінде болуы мүмкін.Мұндай кезде жаңа жарияланған
капиталды қайта тіркеу қажет.
Жарияланған капиталға натуралды түрдегі салым барлық
құрылтайшылардың келісімі бойынша ақшалай түрде бағаланады.
Шаруашылық жүргізуші субьект құрғанда құрылтайшылар ақшалай емес
құралдар құнының жоғарлауына қызығушылық тудырады,ал мемлекеттік кәсіпорын
қайта құрған кезде керісінше мүлік құнының төмендеуіне қызығушылық
артады.Кәсіпорын құрған кезде құрылтайшылар оның ұзақ уақыт жұмыс
істейтіндігіне сенім артады,бірақ өз үлесін төлеудегі актив құнының
артуымен олар әлі ашылмаған кәсіпорынға зиян әкеледі.
Активті жоғары бағалау кәсіпорынға теріс әсер беруі мүмкін.Егер
онық қаржылық жағдайы тұрақты болмаса,онда ол кәсіпорын серіктестіктеріне
әсер береді.Сондықтан заңнама бойынша құрылтайшылар кредитор алдында
салымның жоғары бағалу сомасына жауапкершілікте болады.
Мүліктік құқық ретінде жарияланған капиталға салымға өз үлесін
берген құрылтайшы осы мүлікке өз иелігін жоғалтады.Бірақ кәсіпорын
мүлігінде өз салымына байланысты иелік ету құқығын алады.Сонымен қатар
құрылтайшы өз бөлігін сатуы мүмкін.Бұл жерде мүлік емес,кәсіпорын мүлкінің
бір бөлігінің иелік ету үлесі болып табылады.Осы жағдайда бұл үлес жаңа
құрылтайшының иелігіне көшеді.
Жарияланған капиталдың абсолютті көлемі және оның баланс
пассивінің жалпы қорытындысындағы үлесі-кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығын баяндайтын көрсеткіш.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде шаруашылық
субьектіні қалыптастыру,құқық және міндеттерінің тәртібі
анықталған.Азаматтық Кодекстің 58 бабында шаруашылық субьект жарияланған
капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым ақшасы) бөлінген
коммерциялық ұйым ретінде сипатталады,ал өзінің қызмет процесінде
жасаған,жинаған және құрған мүлік жеке меншігіне жатады.
Қазақстандағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің
классификациясы және іс-әрекет ерекшеліктері.
Субьект түрі Ерекшеліктері Жарияланған капиталдың
минималды көлемі
Шаруашылық Жарияланған капиталмен Қатысушылар салымдарының
серіктестік құрылтайшылар (қатысушылар) жиынтығы шаруашылық
үлесіне (салым) бөлінген заңды серіктестіктің жарияланған
тұлға болып табылатын капиталын құрайды.Егер
коммерциялық ұйым. қатысушылар салымының құны
20000 АЕК асып түссе,онда
оның бағалануы тәуелсіз
аудитормен расталады.
Толық Мүлік жетіспеген жағдайда оның Жарияланған капитал төлеу
серіктестік міндеттемесі бойынша кезінде толық
жауапкершілік алған барлық серіктестіктің жарияланған
құрылтайшылардың құрылтайшылық капитал көлемі 25 АЕК кем
келісімге қол қою негізінде болмауы керек.
құрылады және жұмыс істейді.
Коммандативті Толық серіктестіктегі сияқты Жарияланған капитал
серіктестік ережелер серіктестіктің
(сенімге қолданылады.Серіктестік қатысушыларының
негізделген) қызметімен болған шығын салымдарынан
тәуекелділігін алады.Ол құрылады.Салым мөлшері
тәуекелділік салған салым жариланған капитал салу
сомасына тең.Қатысушылар кезінде 50 АЕК кем болмауы
серіктестіктің іс-әрекетін тиіс.Салымның жалпы үлесі
жүргізуге қатыспайды. коммандативті
серіктестіктің жарияланған
капиталының 50% аспауы
тиіс.
Жауапкершілігі 50 адамнан аспайтын ұйым.ЖШС Жарияланған капитал
шектеулі қатысушылары міндеттемелер құрылтайшылық құжаттармен
серіктестік бойынша жауап бермейді және анықталған үлесті
шығын бойынша тәуекелділікті құрайды,ал тіркеу
алады.Тәуекелділік салған салымжүргізген кезде 25% аз
құнына тең. болмауы тиіс.
Қосымша Бір немесе бірнеше тұлғадан Жарияланған капитал ЖШС
жауапкершілігі тұрады.Серіктестіктің жарияланған капиталы
бар серіктестікқатысушылары жарияланған сияқты
капитал өздерінің салымдары құрылады.Жарияланған
бойынша міндеттемеге жауап капитал көлемі ЖШС үшін
береді.Ал бұл сомалардың белгіленген жарияланған
жетіспеушілігі кезінде қосымша капиталының 50% кем
иелік ететін мүлік көлемінде болмауы керек.
салым ретінде
Акционерлік Жарияланған капиталы номиналдықЖарияланған капитал
қоғам құнға тең белгілі акция шығарылған акциялардың
көлемінде бөлінген номиналдық құнына
қоғам.Акционерлік қоғам тең,бірақ заңмен
қатысушылары міндеттеме және белгіленген көлемнен кем
шығын тәуекелділігін болмауы керек.Жарияланған
алдиайды.Акционерлік қоғамның капитал көлемі шығаруға
келесідей түрлері болады. жариялаған акциялардың
номиналдыңқ құнының
қосындысына тең.
Ашық Ашық акционерлік қоғам Жарияланған капитал
акционерлік қатысушылары басқа минималды көлемі 5000 АЕК
қоғам акционерлердің келісімінсіз құрайды.Мемлекеттік тіркеу
акцияларын басқа тұлғаға беруі кезіне дейін жарияланған
мүмкін.Сонымен қатар қоғам капитал көлемінің 25 %
заңнамамен белгілеген тәртіппентөленуі тиіс.
акцияларды сату келісімін жазуы
мүмкін.
Тәуелді Басқа заңды тұлға сайлауға Акционерлік қоғам қатысуы
акционерлік қатысатын акциялардың 20% көп олардың әрқайсысының
қоғам иеленетін қоғам жарияланған капиталының
25% аспауы тиіс.
Өндірістік Тұлғалардың кәсіпкерлік Өндірістік кооперативтің
кооператив іс-әрекетпен айналысу алғашқы капиталы
мақсатында бірігуі.Ол мүшелерінің кооперативті
қатысушылардың жеке еңбегінде құруға және ұйымдастыру
және мүшелік салымдарын шығындарын жабуға
біріктіру негізінде бағытталған мүліктік
құрылады.Кооператив мүшелері жарналардан тұрады.
екеуден аз болмауы керек.
Мемлекеттік Құрылу кезінде мемлекеттік Міндетті түрде
кәсіпорын мүлік қолданылады.Мемлекеттік кооперативтің жарияланған
және қоғамдық қажеттіліктермен капиталының 10% аз емес
анықталған көлемде резервтік капитал
әлеуметтік-экономикалық құрылу керек.Резервтік
мәселелерді шешеуге қордың белгіленген
бағытталады. көлеміне жеткенде
кооператив табысының 5%
резервке бағытталады.
Коммерциялық Шаруашылық жүргізу құқығына Осы мекеменің өзіндік
емес мекеме. негізделген мемлекеттік құралдарымен,тұлғалардың
мекемемен құрылған саяси көмегімен құрылады.Оның
партиялар,қоғамдық негізгі мақсаты
бірлестіктер,ассоциациялар,діниқа жеттілікті
бірлестіктер және тағы басқа. қанағаттандыру.
1998 жылдың шілде айына дейін серіктестіктер құрамына акционерлік қоғамдар
да кіретін.Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы Заңының 3
бабына сәйкес: Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен
акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.Қоғамның өз
акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Қағам өз міндеттемелері бойынша өз
мүлкі шегінде жауап береді-делінген.
Акционерлік қоғам өз жарияланған капиталын жай және артықшылығы
бар акцияларды шығару арқылы тартады.Акция-акционерлік қоғам шығаратын және
акционерлік қоғамды басқаруға қатысу,ол бойынша дивиденд және қоғам
таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын
бағалы қағаз.
Жалпы акциялар жай және артықшылығы бар деп бөлінеді.Жай акциялар
өз ұстаушысына басқа иеленушілермен бірдей құқық береді.Жай акция өз
иеленушісіне акционерлер жиналысына қатысуға және барлық шешімдер
қабылдағанда дауыс беруге құқық береді.Сонымен қатар жай акция акционерге
дивиденд алуға,қоғамның жабылуынан кейінгі мүлкінің белгілі бір бөлігін
алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция ұстаушылар жай акцияларды ұстаушылардан
қарағанда артықшылығы бар.Ол белгілі бір көлемде дивиденд алу,жабылғаннан
кейінгі мүлкінің белгілі бір бөлігін иемдену.Артықшылығы бар акция
жарияланған капиталдың 25 % көп болмайды.
Акционерлік қоғамның екі түрі болады:ашық және жабық.Акциялар
құрылтайшылар арасында және белгілі бір тұлғалар шегінде орналастырылған
қоғам-жабық акционерлік қоғам деп аталады.
Акциялар басқа бір тұлғаларға берілуі,сатылуы мүмкін қоғам –ашық
акционерлік қоғам деп аталады.
Акционерлік қоғамды тіркеу акционерлердің жиналысында бекітілген
жарғы негізінде жүргізіледі.Қоғам жарғысы заңды тұлға ретінде қоғамның
құқықтық мәртебесін анықтайтын құрылтайшылық құжат.Қоғамның жарғысы
келесідей мәліметтерді қамту қажет:
1. Қоғам түрі (ашық,жабық);
2. Қоғамның толық және қысқартылған атауы;
3. Қоғамның орналасқан жері;
4. Қоғамның жарияланған капитал мөлшері;
5. Акцияның әр түрі бойынша шығаруға жарияланған акция
саны,категориясы,номиналдық құны және иеленуші құқықтары;
6. Қоғамның резервтік капиталын құру және қолдану тәртібі;
7. Қоғамның іс-әрекетін тоқтату шарттары.
Акционерлік қоғамның жарияланған капиталы Қазақстан
Республикасының Акционерлік қоғам туралы Заңының 10 бабына сәйкес:
Қоғамның жарияланған капиталының ең төмен мөлшері тиісті қаржы жылына
арналған Республикалық Бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында
белгіленген 5000 АЕК мөлшерінде болады
Акцияның номиналдық құны-шығару кезінде бағалы қағаз құнының
ақшалай көрінуі.
Акцияларды шоттар жоспарында көрсету үшін 5000 Шығарылған капитал
(акция) бөлімшесінің 5010 Жарияланған капитал шоты берілген.
Акционерлік қоғамның жарияланған капиталының қалыптасуы акцияларды
сату мен шығару арқылы жүргізіледі.Акцияны шығарған кезде келесідей жазу
жазылады:
Дт 5020 Төленбеген капитал
Кт 5010 Жарияланған капитал
Шығарылған акциялардың(салымдардың) немесе жарналардың номиналдық
құны төленсе:
Дт 1050 Ағымдағы банктік шоттардағы валюта түрінде ақша
қаражаттар;
1040 Ағымдағы банктік шоттардағы тенге түріндегі
ақша
қаражаттар;
1010 Кассадағы тенге түріндегі ақша қаражаттар;
1020 Кассадағы валюта түріндегі ақша қаражатар
Кт 5020 Төленбеген капитал.
Егер шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі
құралдармен,материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен
төленсе,онда:
Дт 2710 Гудвилл;
2730 Басқа да материалды емес активтер;
2410 Негізгі құралдар;
1320 Дайын өнім;
1330 Тауарлар;
1350 Басқа да қорлар.
Кт 5020 Төленбеген капитал.
Егер акциялардың сату құны номиналдық құннан жоғары болса:
Дт 5010 Жарияланған капитал;
Кт 5110 Эмиссиялық табыс.
Номиналдық құннан төмен сатылған акциялар:
Дт 5110 Эмиссиялық табыс;
5020 Төленбеген капитал;
5410 Есепті жылдың табысы мен пайдасы;
Кт 5010 Жарияланған капитал.
Акциялардың номиналдық құнының төмендеуі мен жоғарлауы акциялардың
ұсақталуы арқылы,яғни акция көлемінің өсуі немесе оларды консолидациялау не
акциялардың азаюы арқылы болады.
Акционерлік қоғамның акцияларының ұсақталуын олардың нарықтық
құнын төмендету және олардың өтімділігін арттыру мақсатында жүргізуі
мүмкін.Бұл қажеттілік акциялардың нарықтық бағасының тым артуы кезінде
туындайды.Себебі, ол акциялардың бағалы қағаздар нарығында жасайтын капитал
операцияларына әсер етеді.Акциялардың ұсақталуы акциялар санының өсуі және
пропорционалды олардың номиналдық құнының төмендеуі арқылы
жүреді.Акцияларды ұсақтаудан кейін олардың айналыстағы көлемі
азаяды.Акциялар бағасының төмендеуі олардың бағалы қағаздар нарығындағы
сату және сатып алу қасиетін арттырады.Акциялардың ұсақталуы жарияланған
капитал көлеміне әсер етпейді.
Дивиденд бұл-акцияларды ұстаушыларға берілетін сыйақы.Әдетте
дивидендтер ақшалай төленеді,бірақ бағалы қағаздар да берілуі мүмкін.
Дивиденд көлемі директорлар кеңесімен анықталып,сәйкес құжаттармен
рәсімделеді.Дивидендтер жайлы айтқанда оларды төлеумен байланысты үш
мерзімді айту жөн.
1.Жариялау күні.Бұл директорлар кеңесімен дивидендтер төленуі
керек деген шешім.Бұл шешім акционерлік қоғамның акционерлер алдындағы
міндеттемені тудырады.
2.Тіркеу күні.Директорлар кеңесімен белгіленген күн,осы күннен
бастап акционерлерге дивидендтер төленуі мүмкін.Ол тіркеу датасына дейінгі
қолында акция бар акционерлерге беріледі.Дивиденд алуға дивидендтер алу
туралы ресми жариялауға 30 күн бұрын алынған акциялар құқылы.
3.Төлеу күні.Акционерлерге дивидендтердің нақты төленуі.Дивиденд
мөлшері бір акцияға белгіленеді.Акционерлік қоғам дивидендтер бойынша
төлемді тоқсан,жарты жыл және жыл қорытындысы бойынша төлеуге
құқылы.Дивиденд төлеу кезінде алғашында артықшылығы бар акция бойынша,содан
кейін жай акция бойынша төленеді.Дивидендтер айналысқа түспеген және
қоғаммен сатып алынған акцияларға төленбейді.
Дивидендтердің ақшалай төленуі акционерлік қоғамның таза табысынан
есептеледі.
Дивидендтерді жариялау
Дт 5410 Есепті жылдың табысы мен пайдасы;
5430 Өткен жылдардың пайдасы;
Кт 3030 Дивидендтер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
борыштар;
Дивидендтерді төлеу
Дт 3030 Дивидендтер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
борыштар;
Кт 1010 Кассадағы тенге түріндегі ақша қаражаттар;
Акциялармен төленетін дивидендтер қосымша шығарылған акциялармен
есептесу арқылы жүргізіледі.Акционерлік қоғам дивидендтерді акциялар
бойынша төлеуді келесідей жағдайда шешуі мүмкін:
1.Акционерлік қоғамның айналым капиталын үнемдеу;
2.Акцияның нарықтық құнының төмендетіп,оның санын арттыру үшін;
3.Акционерлік қоғам иелігінде жеткілікті ақша-қаражаттар жоқ.
Дивидендтердің акциямен төленуі акционерлік қоғамның жарияланған
капиталының тек қана құрылымын өзгертеді.
Акционерлік қоғам өзінің акцияларын қайта бөлу және жою үшін сатып
алуы мүмкін.Қоғам акцияларды мынадай жағдайда сатып алады:
1.Қоғамның шығарылған акцияларын толық төлегенге дейін;
2.Егер жарияланған капитал сатып алу нәтижесінде шығарылған
жарияланған капиталдың минималды көлемінен төмен болса;
3.Егер қоғам акцияларды сатып алу кезінде төлем қабілеттілігі жоқ
болса,банкрот немесе акцияларды сатып алу нәтижесінде осындай жағдайда
болса;
4.Егер акцияларды сатып алу кезінде акционерлік қоғамның
жарияланған капиталы шығарылған жарияланған капиталынан төмен болса.
Жарияланған капитал алынған акциялар есебінен төмендеді.
Дт 5010 Жарияланған капитал;
Кт 5210 Сатып алынған меншікті үлестік капитал;
Сатып алынған акциялар сақталуы,қайтадан айналысқа енуі немесе
мүлдем жойылуы мүмкін.Жойылған акциялардың ешқандай құқығы жоқ.
Акционерлік қоғам өз акцияларын сатып алды.
Дт 5210 Сатып алынған меншікті үлестік капитал;
Кт 1040 Ағымдағы банктік шоттардағы тенге түріндегі ақша
қаражаттар;
Кт 5110 Эмиссиялық табыс;
Егер акция номиналдық құннан жоғары бағамен сатып алынса,5110
Эмиссиялық табыс шотында көрініс табады.Бұндай шотта сальдо болмаса
немесе ондағы ақша-қаражаттар жетіспесе,онда 5400 Бөлінбеген табыс
шотында көрінеді.

Дт 5410 Есепті жылдың табысы немесе пайдасы;

Акциялардың жойылуы

Сатып акцияларды қайта шығару
Дт 1040 Ағымдағы банктік шоттардағы тенге түріндегі ақша

Егер сатып алынған акциялар қайтадан айналысқа енгізген кезде
құнынан төмен шығарылса,онда айырмашылық 5110 Эмиссиялық табыс шоты
бойынша жабылады,ал жетіспеушілік кезінде 5400 Бөлінбеген табыс шоты
арқылы жабылады.
1.2 Серіктестіктердің жариланған капиталы.
1998 жылдың 1 қаңтарынан біздің Республикамызда кіші кәсіпкерлік
ұғымы пайда болды.Заң актілерімен кәсіпорын ұғымы қолданылды.Осы себептен
Қазақстанда осындай ұйымдар серіктестік атауын иеленді.
Серіктестік түрлері және ерекше қасиеттері.
СеріктестікҚатысушылар Жарияланған капитал
түрі саны
Есептік Құрылу тәртібі Ерекшеліктері
көрсеткіштердің
минималды көлемі
Толық Екі адамнан аз25 АЕК Құрылтайшы
серіктестікемес жеке құжаттарымен
тұлғалар анықталады
КоммандотивӨзінің 50 АЕК Құрылтайшы Салымшылыр
ті құрамына,қатыс құжаттарымен үлесі 50% аз
серіктестікушылар және анықталады емес
қатысушы
салымшыларды
кіргізеді.Олар
дың саны екі
адамнан кем
болмауы
керек.Бір
қатысушы бір
салымшы.
ЖШС 1 және 100 100 АЕК Тіркеу кезінде
адам жарияланған
көлеміндегі капиталдың 25%
заңды және ,жыл ішінде
жеке қалған бөлігі
тұлғалар.ЖШС төленуі керек.
қатысушы
ретінде бір
тұлғадан
тұратын ЖШС
бола алмайды.
Қосымша 1 және 100 100 АЕК Тіркеу кезінде
жауапкершіладам жарияланған
ігі бар көлеміндегі капиталдың 25%
серіктестікзаңды және ,жыл ішінде
жеке қалған бөлігі
тұлғалар.ЖШС төленуі керек.
қатысушы
ретінде бір
тұлғадан
тұратын ЖШС
бола алмайды.
Шаруашылық серіктестік акция шығаруға құқығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz