Станоктық кескіндемедегі композиция


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Станоктық кескіндемедегі композиция

/арнайы мамандыққа оқитын студенттерге арналған композиция пәні бойыншаа әдістемелік көмекші оқу құралы/

Алматы, 2008

М а з м ұ н ы :

Беттері

Кіріспе 4

1-тарау. Композиция негіздері

1. 1. Композиция туралы жалпы түсінік. 5

2-тарау. Композиция пәні

2. 1. Композиция пән ретінде. 8

2. 2. Композиция пәнінде оқылатын дәрістер. 10

2. 3. Композиция пәнінің тәжірибелік жұмыстары кезіндегі заңдылықтары. 10

3-тарау. Композиция пәніне арналған тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар

3. 1. Шығармашылық натюрморт композициясы13

3. 2. Натюрморт композициясының ерекшеліктері 16

3. 3. Табиғат көрінісінің (пейзаж) композициясы17

3. 4. Портрет және бірденелі сюжетті композиция. 19

3. 5. Сюжетті-тақырыптық картина композициясы 20

3. 6. Бір немесе екі денеден тұратын композиция. 22

4-тарау. Композицияның даму тарихына қысқаша шолулар. 24

Қолданылған әдебиеттер 36

Кіріспе

Композицияны екі мағынада қарауға болады: композиция (композиция теориясы) ғылым сияқты, яғни творчествалық өнердің бөлігі сияқты, және композиция оқу пәні ретінде (оқу сабағы) .

Жалпы өнерде композиция көркем түрлердің жасалуын біріктіреді (нақты және кеңістіктің түзілуі, симметрия мен ассиметрия, масштаб, ырғақтылық және пропорция, нюанс пен қарама-қарсылық, болашақ, топталу, түстілік шешімдер және т. б) . Композиция шығарманың ішкі құраушысы ғана емес, қоршаған орта мен көрермендердің қатынастарын да ұйымдастырады. Композиция көркем түрдің компоненттерін жасаушы аса маңызды, шығарманы толықтырушы, олардың элементтерін бір-біріне үйлестіруші. Композиция сурет және кескіндеме сияқты пәндерге қарағанда оқу пәні ретінде кейінірек пайда болды. Композицияны алғаш зерттеу барысында мифологиялық, кейінірек ертегі және еркін тақырыптарда картиналарды жазуға әкелді. Композицияның оқу пәні ретінде қалып қалуы өнер шығармасында өте ұзақ уақыт танылды және өте күрделі оқушылардың шектелген шеберлігінде ғана дамыды.

Композиция пәні композицияға қатысты түсінік жүйесін жасау, композициялық түрдің арсеналын зерттеу, жеке шығармалардың біріккен құрамында барлық түрлердің байланыс сипаттамаларын қарастыру, композициялық шешімдердің типологиясын табу мақсатында үлгілер қатарын тарихи аспектіде анализдеу, сонымен қатар тарихи жағдайлар мен ұлттық үлгілердегі әрбір өнер жанрына және оның формасының спецификасына терең енетін тарихи жағдайларды шешу негізінде, қоғам мен табиғатта адам санасынан тыс, өнерде жүретін, сондай-ақ, спецификалық заңдарды және жеке жағдайдағы композиция аймағында, композициялық заңдар сияқты обьективті бөліктерді зерттеу сияқты заідылықтарымен студенттердің әлемдік танымдылығын және ортақ ойларын жетілдіруді қалыптастырады. Студенттерді этикалық тәрбиелілікке, көркем-эстетикалық мәдениетке және көркемдік талғамға тәрбиелей отырып, Студенттердің ойлау қабілетін, елестете алуын, есте сақтау қабілетін, шығармашылықтағы көркемдік мүмкінділіктерін дамытады.

Студенттер осы пән арқылы композицияның даму тарихымен танысып, композицияны оқу пәні ретінде және оны оқыту әдістерін зерттеуді үйреніп, композициялық нобайларды орындауды, салу білу мен этюдті, мұнымен қатар, суретшілердің бақылаулары бойынша жұмыстар жүргізу, натурада «бағалы дәнегін» белгілей отырып, натураның қатысуымен композициялық жұмыстар жасауды меігереді. Композиция пәні студенттерді өзінің құрамында бейнелік бастауы бар композиция жасауға (ойдан шығару), бұған қоса, композициялық шеберлікке, өзіндік шығармашылыққа және оқу шығармашылығындағы жұмысы бағытында ынталылықты баулиды.

Студенттерді, болашақ суретші-оқытушыларды композиция аймағында өз бетінше шығармашылық жұмыспен айналысуға және педагогикалық жұмысқа дайындайды.

1 тарау. Композиция негіздері.

  1. Композиция туралы жалпы түсінік.

«Композиция» латынның «compositio» сөзінен аударғанда шығарма, құрастырма, орналастыру деген мағынаны білдіреді.

Бөлек тараулардың байланысы мен үйлесуін, белгілі бір тәртіпте элементтердің жинақталуы, олардың өзара байланыстары, жалпы үйлесімге келуін біз өсімдік және жануарлар әлемінде байқаймыз. Мысалы, әрбір өсімдік бөлшектерден құралады, олар бірігіп қандайда бір бүтінге келіп, форманы береді. Бейнелеу өнерінде «Композиция» түсінігінің анықтамасын зерттейтін болсақ, біз энциклопедиялық аудармалар мен өнер туралы кітаптардан көптеген мағлұматтар ала аламыз. Мысалы, Брокгауза мен Ефрона энциклапедиялық аудармасында композиция картинаға немесе суретке көшірілген, форма мен образдың, суретшінің ойындағы әлі бұлыңғыр салынатын және қоршаған нәрселер мен қолдану әдіс-тәсілдерінің көмегімен, оның өнердегі өзіндік бөлігінің, органикалық бүтіндігін, белгілі бір ойдағы берілген мазмұнына арналған сызықтар деп анықталады.

Табиғатта аса сипатты және жиі кездесетін композициялық заңдылық бүтіндік, симметрия және ырғақтылық болып табылады. Бүтіндік үйлесімділікте, соңғы құрылымдарда немесе заттың конструкцияларында, симметрия - тепе-теңдікте, ырғақтылық - анықталған аралықтарда бір немесе бірнеше элементтердің қайталануында байқалады. Симметрия үшін салыстырмалы тыныштық сипаты, салмақтылық және бөліктерінің тепе-теңдігі, ал ырғақтылыққа көп немесе аз дәрежедегі қазғалыс қонымды. Табиғат әлеміне тән композициялық бастау (бүтіндік, симметрия, ырғақтылық) өнерде ерекше арнайы түрде орын алады.

Композиция - шығарманы бүтіндейтін, олардың жеке элементтерін бір-біріне толықтыратын, аса маңызды, көркем түрді ұйымдастырушы компонент. Көркем тәжірибие барысында жиналатын композиция заңдылықтары, обьективті заңдылықтар мен өзара байланыстардың бейнесі болып табылады, ол нақты дүниенің құбылысы. Пластикалық өнерде композиция көркем түрлердің жасалуын біріктіреді (нақты және кеңістіктің түзілуі, симметрия мен ассиметрия, масштаб, ырғақтылық және пропорция, нюанс пен қарама-қарсылық, болашақ, топталу, түстілік шешімдер және т. б) . Композиция шығарманың ішкі құраушысы ғана емес, қоршаған орта мен көрермендердің қатынастарын да ұйымдастырады. Композиция көркем түрдің компоненттерін жасаушы аса маңызды, шығарманы толықтырушы, олардың элементтерін бір-біріне үйлестіруші болып табылады. Байқағанымыздай, композицияда толықтырулар байқалады. Композиция сипатының мазмұнына тәуелділігі көрсетіледі. Осындай анықтама обьективті және жалпы ортақ заңдылықтардың бар екендігін, осы және басқа шамада обьективті заңдылықтар мен өзара байланыстылықтың бейнесі, нақты дүниенің құбылысы екендігін көрсетеді. Алдыңғы анықтамаға қарағанда мұнда композиция құрылым ретінде қарастырылған. Белгілі болғандай, құрылым толық, заңдылықтардан тұратын және ортақ сипаттан тұратын байланысқан бөліктерден құралады. Бұған қоса, композицияның анықтамасын шығармас бұрын, мынандай, «құрамы» және «құрылысы» мазмұны жағынан ұқсас түсініктерді білуіміз қажет. «Құрамы» ол - ортақ түсінік, «құрылысы» - «құрамының» әртүрлі типтерінің бірі болып табылады. Бұған қоса, мынаған көңіл бөлу керек, «құрылым» мен «құрам» түсініктері толықтылықтың белгілерін көрсетсе де олар тұйықталған және аяқталған болуы мүмкін. Үнемі композиция аяқтылықты және тұйықталғандылықты ұсынады. Сондықтан композицияның анықтамасына «құрылым» түсінігі енгізілді, алайда ол да бүтіндікті ұсынады. Осылайша, композиция - ол фиксацияланған және элементтердің түсінігімен байланысқан тұйықталған құрамы (құрылысты да осылай айтуға болады) . Бұл анықтама аяқталған болатын, бірақ ол толық емес, құрамында немесе құрылысында элементтердің ауысуы болады, олардан кейбіреулерін шегеру немесе жаңаларды қосу (құрылысының немесе құрамының негізін сақтай отырып) . Мысалы, қандайда бір машинаға (құрылысқа) кішкентай бөлшекті қосу немесе бар болған бөлшектің біреуін алып тастау. Бірақ машина (құрылысында) нақты бейнесінде қалады. Бірақ мұны композицияға қатысты өнердің шығармасы деуге болмайды. Ол өзінің толықтығынсыз, көркем бейнесінсіз өзгере алмайды. Осы ой табиғи шығарма композициясында міндетті түрде көрінеді.

Осы анықтаманың анализі нәтижесінде «композиция» түсінігінің толығырақ анықтамасын жасау қажет болды. Ол үшін келесі сипаттағы үш түсінікті қосу керек болды.

1. Композиция - ол сондай толық түсінік, яғни одан ештеңе қосуға, ештеңе алып тастауға болмайтындығын анықтау.

2. Композиция анықтамасының мәтінінде «құрамдық» және «құрылыстық» түсінігін ашу.

3. Композиция анықтамасында, оны табиғи шығарманың көркем формасы екендігін көрсету.

«Композиция - бейнелеу өнерінің басты шығармасы ретінде, барлық формаларды біріктіруші, заңдылықты бір-бірімен байланысқан және онда еш нәрсені өзгертуге немесе ауыстыруға болмайтын, одан еш нәрсені алуға немесе қосуға болмайтын жалпы бөліктерден (элементтерден) бейнелеу өнерінің басты формасы және түсінігі жаңынан бәртұтас немесе мазмұны жағынан шашырамайтын туындысы болып табылады». Бұл «композиция» түсігінің анықтамасы бейнелеу өнерінде негізінен, табиғи шығармада негізгі көркем түр болып табылады, композиция деп кейде натурадан орындалған этюдті де жиі атайды. Жалпы осындай анықтама дұрыстау, натуралық этюдтің мәнері мен толықтылығы суретшінің таңдаған мотиві мен бейнеленетін, барлық элементтерді берілген өлшем мен форматта орналастыру, мотивтің «құрылысын» сезіну, оны түсте шешу, бастысын бөліп алу, және этюдті аяқтау. Осылайша, мұнда «композиция» түсінігі екі түсінікте қарастырылған: 1) негізінен - композиция табиғи шығарманың көркем формасы сияқты, 2) композиция жеке өнер шығармасы.

Композицияны тағы да екі мағынада қарауға болады: композиция (композиция теориясы) ғылым сияқты, яғни творчествалық өнердің бөлігі сияқты, және композиция оқу пәні болып табылады (оқу сабағы) .

Композиция немесе композиция теориясы бейнелеу өнеріндегі ғылым сияқты өзінің даму сатысымен қозғалады. Осыған байланысты, осы теорияның тарихы шын мәнісінде жоқ. Бірақ бейнелеу өнерінде композицияға байланысты туатын жағдайларға қатысты кейбір сұрақтарды мамандар зерттеуде.

Н. Н. Волковтың «Кескіндемедегі композиция» атты кітабында бірінші рет бейнелеу өнерінде композиция теориясының негізгі жағдайларының шеңберін жасау қадамы көрсетілді. Сондықтан бұл кітаптан көптеген әлі шешілмеген сұрақтар табуға болады. Осы және басқа да жағдайларды талқылауда автормен келісуге немесе келіспеуге болады. Жалпы бұл қадам сәтті, себебі автор композиция теориясына қатысты ең маңызды жағдайларды қарастырған. Композиция теориясын жасаудың қажеттілігін айтсақ, Н. Н. Волковтың композиция теориясын ғылым сияқты шешуге арналған негізгі тапсырмаларды анықтады.

Бұл тапсырмалар шынымен композиция теориясының барлық шеңберін жайлайды. Бірақ, біздің көз-қарасымыз бойынша, оларға тағы бір тапсырманы енгізу керек: обьективті бөліктерді зерттеу, қоғам мен табиғатта жүретін, сондай-ақ, өнердегі спецификалық заңдарды, және жеке жағдайда композиция аймағында, композициялық заңдар сияқты.

Осы заңдар догматикалық сипатта болмайды, алайда Н. Н Волковтың ойынша, суретшіге ол аса маңызды, себебі, оның негізінде композициялық түрдің кең анализі жатыр. Мысалы, бүтіндік композицияның тек қана құрылымы ғана емес, ол композиция заңдылығы екенін білетін суретші, өзінің шығармасында мұны ескеретін болады және алдын ала қатаң қателерден сақтанады, оларды жөндеуге жөндеуге уақыт жібермеуге тырысады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, композиция теориясының негізгі заңдарын келесідей түрлендіруге болады:

  1. композицияға қатысты түсінік жүйесін жасау
  2. композициялық түрдің арсеналын зерттеу
  3. жеке шығармалардың біріккен құрамында барлық түрлердің байланыс сипаттамаларын қарастыру
  4. композициялық шешімдердің типологиясын табу мақсатында үлгілер қатарын тарихи аспектіде анализдеу
  5. тарихи жағдайлар мен ұлттық үлгілердегі, әрбір өнер жанрына және оның формасының спецификасына терең енетін тарихи жағдайларды шешу негізінде
  6. қоғам мен табиғатта адам санасынан тыс, өнерде жүретін, сондай-ақ, спецификалық заңдарды және жеке жағдайдағы композиция аймағында, композициялық заңдар сияқты обьективті бөліктерді зерттеу

Мынаны байқау керек, композициялық түрлерді зерттеуінсіз және шығармада олардың сипатынсыз, композициялық шешімдердің типологиясы мен композицияның обьективті заңдарынсыз осындай тапсырманы шешу мүмкін емес. Сондықтан, түсінік жүйесінің тапсырмалары басқа көрсетілген тапсырмаларды шешуге қарағанда біртіндеп шешіледі.

Композиция теорисы ғылым сияқты даму үстінде болғандықтан және оның алдындағы негізгі, ғаламдық тапсырмалар әлі шешілмеуде. Тек зерттеліп болған нәтижелермен қанағаттану қажет болады.

2 тарау. Композиция пәні

2. 1. Композиция пән ретінде.

Композицияны тағы да бір мәнде - бейнелеу өнеріндегі оқу пәні ретінде қарастырайық.

Композиция сурет және кескіндеме сияқты пәндерге қарағанда оқу пәні сияқты кейінірек пайда болды. Композицияны алғаш зерттеу барысында мифологиялық, кейінірек ертегі және еркін тақырыптарда картиналарды жазуға әкелді. Композицияның оқу пәні ретінде қалып қалуы өнер шығармасында өте ұзақ уақыт танылды және өте күрделі оқушылардың шектелген шеберлігінде ғана дамыды.

Суретші-оқытушылардың ойынша, олардың ең басты тапсырмасы - шығарманы жазуды және салуды, оқудың нәтижесі ретінде оқушыларға жоба жасауды ұсынды, ал оның негізінде картина тудыруды ұйғарды. Картинаны бағаламау композицияны оқу құралы ретінде шегеру, әсіресе, көркем мектептерінің түзілуі барысында жас суретшілердің шығармашылық дамуын тежейді. Қазір де шығармашылықта ең негізгі нәрсе сезімталдылық деп санайтын оқытушылар аз емес. Алайда, тәжірибие композициялық ынталарға жас сурешілермен қатар, бейнелеу өнерінің оқытушыларын да үйрету қажеттілігін дәлелдейді.

Композиция курстары барлық көркемөнер колледждері мен жоғары оқу орындарында оқу жоспарларына енгізілген. Көркем-педагогикалық орташа және жоғары оқу орындарының түлектері бір уақытта суретші және бейнелеу өнерінің оқытушысы ретінде дайындықтан өтеді. Оларды суретші-маман етіп дайындайтын арнайы пәндермен қатар (сурет, кескіндеме, композиция, өнер тарихы), олар бейнелеу өнерінің негіздері әдістемелерін оқиды, сонымен қатар, композицияны оқу әдістемелерін де меңгереді. Композиция оқу пәні сияқты өзіне мақсат етіп мыналарды қояды: оқу, бейнелеу өнерінде композиция аймағында студенттерді тәрбиелеу, олардың творчествалық мүмкіндіктерін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру.

«Композиция» оқу пәнінің осы мақсатына жету барысында, оқытушының жетекшілігімен студенттердің оқу-тәрбиелік тапсырмаларын шешу қарастырылған.

«Композиция» оқу пәнінің негізгі тапсырмалары:

1. Студенттердің әлемдік танымдылығын және ортақ ойларын жетілдіруді қалыптастыру.

2. Студенттерді этикалық тәрбиелілікке, көркем-эстетикалық мәдениетке және көркемдік талғамға тәрбиелеу.

3. Студенттердің мынандай көркемдік мүмкінділіктерін дамыту:

А) Образдық (көркемдік) ойлау қабілетін;

Б) Творчествалық елестете алуын;

В) Көріп, есте сақтау қабілетін.

4. Студенттермен бейнелеу өнеріндегі шығармаларын жасау барысындағы олардың композициялық орналастырудығ анализімен байланысты тарихи дамуын зерттеу.

5. Композициялық шешім аспектісінде өнер шығармасын тудыруды студенттерге үйрету және олардың өзінің жеке творчествасының нәтижесін анализдеу тәжірибиесінде дамыту.

6. Студенттермен композицияның даму тарихын оқу пәні ретінде және оны оқыту әдістерін зерттеу.

7. Студенттермен композицияның теориялық негіздерін олардың даму тарихында және өнер шығармасының жасалу барысында өзара байланысын зерттеу.

8. Студенттердің көркем бақылаушылықтарын дамыту үшін келесілер ұсынылады:

А) студенттерді суретші тұрғысынан арнайы мақсатта бағытталған, көркем-ойлы бақылаулар жүргізуді үйрету.

Б) Өмірлік әсерлерді алуды шығармашылықта үйрету, осы әсерлерді шығармашылықта қолдана білуді үйрету.

В) Студенттерге композициялық нобайларды орындауды, салу білу мен этюдті, мұнымен қатар, суретшілердің бақылаулары бойынша жұмыстар жүргізу, натурада «бағалы дәнегін» белгілей отырып, натураның қатысуымен композициялық жұмыстар жасауды үйрету.

9. Студенттерді өзінің құрамында бейнелік бастауы бар композиция жасауға (ойдан шығару) студенттерді баулу.

10. Шығармашылық негіздеріне студенттерді баулу, бұған қоса, композициялық шеберлікке; өзіндік шығармашылыққа және оқу шығармашылығындағы жұмысы бағытында ынталылықты ары қарай дамыту.

11. Студенттерді, болашақ суретші-оқытушыларды композиция аймағында өз бетінше шығармашылық және педагогикалық жұмысқа дайындау.

«Композиция» оқу пәнінің тапсырмалары мен мақсаттарына сәйкес олардың мазмұндары да жасалып, ол оқу бағдарламасында көрсетіледі. «Композиция» оқу пәнінің мазмұны творчесвалық және тәжірибиелік бөліктерден тұрады.

Әрбір семестрдің басында әдеттегідей дәрістер оқылады. Олар тақырыпқа кіріспе болып табылады және практикалық сабақтар мен үй жұмыстарына теориялық дайындық береді, тапсырманы ойланып орындауға, студенттерді мектепке педагогикалық танымға баулиды.

2. 2. Композиция пәнінде оқылатын дәрістер.

Дәріс курсы үш бөлімнен тұрады. Біріншісінің құрамына композицияның ортақ теориялық сұрақтары бойынша кіріспе дәрістері кіреді. Мұнда олардың заңдылықтары қарастырылады, барлығына ортақ, бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері айтылады. Бұл дәрістер бірінші курстың бірінші семестрінің басында оқылады.

1 курс - 1) Көркемсурет-графика факультетінде композиция пәнінің тапсырмаларын орындау. 2) Композиция пәні туралы түсінік. 3) Оның көркем шығармадағы ортасы және мазмұны. Композиция принциптері.

4) Шынайы туындыдағы шығарма жұмысының жүйелері мен әдістері.

5) Натюрморт пен интерьер өнер жанрының бір түрі ретінде.

6) Жазықтықтағы кеңістік композициясының негіздері.

Екінші бөлімнің дәрістерінде бейнелеу өнерінің жанры мен түрлері бойынша композицияның спецификалық жағдайлары қарастырылады. Белгілі болғандай, бейнелеу өнерінің әрбір жанры, натюрморт, пейзаж, портрет және т. б - ортақ және ішкі жанрлы заңдылықтардың анықталған кешенімен сипатталады, өнер туындыларының композициясы арқылы көрінетін қабылдау мен ережелер сипатталады.

2 курс - 1) Табиғат көрінісінің (пейзаж) композициясы. 2) Табиғат көрінісі өнердегі сюжеттік картинаның құрамдық бөлігі немесе өз бетінше туындайтын жанры ретінде. 3) Композиция табиғат көрінісі-картинасының негізі ретінде.

3 курс - 1) Портрет композициясы. 2) Тақырыптық картина композициясы. 3) Композициялық ойлардағы сюжеттік-композициялық орталық пен оған қатысты сюжетті ашатын қосымша нәрселер.

4 курс - 1) Бір немесе екі денеден тұратын композиция.

5 курс - Қазіргі заманға байланысты тақырыпта көп денелі композицияға арналған іздену жобаларына жаттығулар.

2. 3. Композиция пәнінің тәжірибелік жұмыстары кезіндегі заңдылықтары.

Бағдарламаның әрбір тақырыбы екі негізгі жұмыс формасы арқылы жүзеге асырылады - аудиториялық және үй жұмысы

Аудиториялық тапсырмалар негізінен:

- Бекітілген теориялық материалдар бойынша және композицияның ең күрделі құрылымының құрамы, шаралары, қабылдауы және заңдылықтары сияқты әрбір бөлінген белсенді қатынастың дамуына қатысты жаттығулар жасаудан, бұған қоса, ерекшеленетін көркем шығарманың барлық көркемдік шаралары, барлық заңдылықтар мен композициялық орта теңдігі, ырғақтылық, тепе-теңдік, статистика мен динамика, рең, түстер, колорит өзіндік мақсатына емес, шығарма мазмұнының жарқын теңдігіне қызмет етеді;

- Үй тапсырмаларының жобасын жасаудан (мақсаттарды ашу, тапсырмалар мен тәжірибелік тапсырмалардың мазмұны) ;

- Сипатты және классикалық және қазіргі заман өнерінің ең жақсы туындыларының композициялық құрамының ауызша, жазбаша және бейнелік анализі; бұған қоса, бейнелік және мәнерлі шаралар үнемі үлгілі қатармен және нақтыға гуманисттік қатынаспен белгіленетін нақты өнердің идеалдарын тізбекті бекітуден;

- Теориялық материалдарды талқылау бойынша әңгімелерден;

- Аудиториялық және үй жұмыстар бойынша анализ. Сәйкесті қателерді түсіндіру және олардың пайда болуы мүмкіндігін зерттеуден;

- Композициямен жұмыс жасауда тәжірибие жинау: ой тастау, тақырып ойлау шығару, сюжет, сюжеттік оқиға, сюжетті ойлағандай немесе берілген тақырыпқа сай және эскиздің құрылыстық-пластикалық түрде оны шығару, түстік және колориялық шешімді іздеу, картонды жасау (бейненің нақты шамасында дайындықтағы аяқталған сурет композициясы) ; аяқталған композициялық жоба жасаудан;

- Көркем мұражайлар мен көрмелерге экскурсиялар жасаудан құрастырылады.

Тәжірибелік және аудиториялық сабақтар сұлба бойынша жүргізіледі: а) кіріспе әңгімелер және тапсырманың қойылымы; б) практикалық тапсырмаларды орындау в) жұмыс қорытындысын жүргізу және талқылау.

Оқу барысында композиция бойынша практикалық үй жұмыстары орындалады.

Студенттердің үй жағдайында композициялық тапсырмаларымен практикалық жұмыстары көп түрлі формаға ие болады. Форманың мысалы ретінде оқуда аса жиі кездесетіндерін атайтын болсақ:

а) композиция эскиздерімен жұмыс;

б) практикалық тапсырмаларыдың тақырыптарымен байланысты қоршаған өмірді бақылау;

в) тақырыпқа сай этюдтер мен сурет салу, нобайлауды орындау;

г) композициялық ойлаудың дамуын жаттықтыру (түстің колориялық сезімі, композициялық бүтіндігі және т. б) ;

д) композициялық тапсырманы жасау үшін жаңа материалды меңгеру;

е) әдеби және мұражайлық қайнарлар (кітаптар, костюмдер, өнер шығармалары және т. б) бойынша заман батырларының мінез-құлықтары мен тұрмысын зерттеу.

Бірінші курста практикалық үй тапсырмасы ретінде студенттер натюрморт композициясын орындайды. Бұл біріншіден, мынаған байланысты, бұл жағдайда композиция бойынша оқу тапсырмасы сурет және кескіндеме бойынша академиялық тапсырмаларды орындау программасымен сәйкес келеді. Ал бұл композиция курсының оқу-әдістемелік тапсырмаларын жақсы меңгеруге мүмкіндік жасайды. Екіншіден, натюрморт жанрының мысалында студенттерге творчествалық ізденіс әдістемесін меңгеруге жеңілдік жасайды, композиция аймағында бастапқы білім беруге көмектеседі.

Екінші курста интерьермен, экстерьермен, қала (индустриялды) мен ауыл пейзажымен жұмыстар жүргізіледі. Бұл әсіресе, бейнелеу өнері бойынша студенттерді жаздық практикаға дайындау кезінде бейнелеу материалдарын көп түрлі композициялық мүмкіндіктерін ұйымдастыру туралы елесті байытады. Натюрмортпен, интерьермен, пейзажбен жұмыс жасағанда, сондай-ақ, иллюстрациямен жұмыс жүргізгенде студенттердің педагогикалық ынтасын дайындауға көмектеседі. Композиция бойынша жиналған білімдері мен ынталанған студенттердің бұл жанрда оларды тақырыптық картиналарын, монументальды кескіндемесін, портреттің композициялық тапсырмаларын шешуге дайындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графика өнері жайлы жалпы баяндау
Алтын адамның монументалды кескіндемесінің маңызы
Жеке оқушылар суреттерін балалармен қосылып анализ жасау және салыстыру
Бейнелеу өнері және сызу
Табиғат көрінісін кенепте майлы бояулармен бейнелеу
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Иллюстрация қолданбалы графикада
Көркем сурет өнер түрі
Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz