Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.бөлім
ХХ ғасырдың 20.30жж. Қазақстанда кітап баспа ісінің
қалыптасу тарихынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . ... 6
1.1 Қазақ кітабы тарихының теориялық зерттеулері ... ... ... ... ... ..6
1.2 А.Байтұрсынов: Мемлекеттік баспаның құрылуы ... ... ... ... ..11
1.3 А.Төреқұлұлы . Орталық баспаның (Центриздат)
ұйымдастырушысы және басқарушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ІI.бөлім
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі ... .. ... .. ... .. ... .. ... .28
2.1 Х. Досмұхамедұлының баспагерлік қызметі ... ... ... ... ... ... ...28
2.2 Ораз Жандосовтың кітапхана ісі саласындағы мұралары ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз егемендік алып, тарихымызды жаутаңдай отырып жазудан арылған шағымызда, рухани-мәдени өміріміздің айнасы боларлықтай айғақтарды қайтадан өз халқымыздың рухани мәдениеті, ғылымы екендігі даусыз. Өкінішке орай, науқандық идеологияның шашбауын көтеріп, мәдени мұрамыздың бары мен нәрін тұтас игеруден гөрі, алалап жинау, біржақты бағалау күні кешеге дейін орын алып келгені мәлім. Сондықтан да тарихымыздағы іргелі мәселелермен қатар халқымыздың мұрасын, ұлттық мәдениетін, ғылымды өздерінің қара басының қамынан жоғары қойған тұлғаларымыздың тұтастай бір ұрпағының қызметін өмір сүрген кезеңімен байланыстыра зерттеу аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Академик М.Қ.Қозыбаев «Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері» деген мақаласында былай деген еді: «Біз қазақ зиялыларының жалпы тарихын жазар белеске келіп қалдық. Онда зиялы қауым кім, ол қай заманда жеке тап болып, топ болып қалыптасты, қандай кезеңдерді басынан кешірді, қазақ зиялыларының өркениетке қосқан үлесі қандай? – деген сияқты келелі сауалдарға жауап беруіміз керек.
Ұлттың ашытқысы – зиялы қауым. Ол барша халықты қоса да, ыдырата да алады. Сондықтан қазақ зиялылары тарихы шын мәнінде ұлт тарихы екендігін айтқан орынды. Сөз арасында айта кетер жай қазақ зиялылары туралы сөз - өркениет туралы сөз» [1].
Тұлғаның қоғамдағы атқаратын зор беделін көрсете келе, академик В.И.Вернадский жазған болатын: «Мыслящий и работающий человек есть мера всему. Он есть огромное планетарное явление» [2]. Білім мен тәжірибе арқылы біліктілікке ие болған ойлы адамдардың ақыл-ойына, олардың болашаққа жасаған болжамына құлақ аспау – замана кемістігі, дәуірдің қатерлі ауруының көрінісі, болашаққа артар ауыр жүгі. Міне, сондықтан өткеніміздің куәгерлерінің қалдырған мұраларының тынымсыз ізденістер арқылы естір құлаққа, көрер көзге дәл мағынасында жеткізіліп, өз бағасын алар уақыт жетті.
Егер де өткен тарихымыздың терең қойнауына көз жүгіртер болсақ, оның аумалы-төкпелі болғанын байқаймыз. Бірнеше ұрпақтың өмір-тіршілігі алмасқан кезеңнің өзінде, біздің көптеген тұлғаларымыз – ойлы, жүректі және сөзсіз талантты, кіндік қаны тамған туған жері, елі үшін көзсіз сеніммен, бар жан-тәнімен қызмет еткендер есімі танылмай, тиісті бағасын алмай отырғандығы кезінде – заманымыз тарихшылар алдында шаң басқан мұрағаттар сөресіндегі олардың туындыларын зерделеп, көпшілікке таныту міндетін артып отыр.

1. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы ҚР Президентінің жарлығы: 2004 ж. 13 қаңтар. №1277// ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы.-2004.- №2.-4-19б.
2. Қазақ тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-3 том.-Алматы, 1996-2002
3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.-455б.
4. Байырғы түркі өркениеті: Жазба ескерткіштер: (ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Астана қаласы, 2001 жылғы 18-19 мамыр). – Алматы, 2001.-548б.
5. Тасмағамбетов И. Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші //Егемен Қазақстан, 2001, 19 мамыр.
6. Сулейменов О. Золотая латынь. /О судьбе книги в современном мире //Простор-1996, №3. – с.35-42.
7. Сулейменов О. Язык письма.-Алматы-Рим:8ап Paoio, 1998.-501 с.
8. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Тарихи-(философиялық зерттеу).-Алматы: Рауан, 1995.-237 б.
9. Елекенов Ш. Кітаптану негіздері. Оқу құралы. Алматы: Санат, 1997.- 76б.
10. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан – Алматы: Қазақстан, 1971.- 180 б.
11. Жиренчин А. Из истории казахской книги-Алма-Ата: Казахстан, 1987.- 144 с.
12. Субханбердина У. Қазақ кітабының шежіресі. 1807-1917. Библиогр. көрсеткіш.-Алматы: Рауан, 1996.-285 б.
13. Барманкулов М.К. Тюркская вселенная.-Алматы: Білім, 1996.-240 с.
14. Бектемісов Ә. Жан азығы. Қазақстан кітап баспаларының өткен жолы мен өркендеуі жайлы естеліктер-Алматы: Қазақстан, 1991.-144 б.
15. Бочагов А.К. У истоков. Воспоминания-Алма-Ата: Казахстан, 1972.-10 с.
16. Елеукенов Ш., Шалғымбаева У. Қазақ кітабының тарихы. /Ежелгі дәуірден 1917 жылға дейін-Алматы:Санат, 1999.-197 б.
17. Динерштейн Е.А. Развитие издательского дела в союзных и автономных республиках. Обзор литературы в 1967-1979 годы-М: Книга, 1973.-115 с.
18. Қазыбек Тауасарұлы.-тарихи тұлға, ғалым және ақын Ғылыми конф. Материалдары.-Алматы: Қазақ университеті, 2001.-171 б.
19. Қасқабасов С. «Темір қазығымыз – рухани мұралар болуы тиіс»: (2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде).//Алматы ақшамы.-2005.-27 қаңтар.
20. Мамажанов М. Асыл мұра. Кітап – даналық қазынасы.-Алматы: Қазақстан, 1993.-128 б.
21. Калиев Ж.К., Коротовский М.П. Книгоиздательское дело Казахстана.-Алма-Ата, 1992.-256 с.
22. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. –Алматы: Қазақ университеті, 1992.-272.
23. Рахимжанов С.Р. Из истории книги Казахстана /1945-1960 гг./-Алматы:Талант, 1998. – 186 с.
24. Алсатов Т.М. Қазақ қолжазба кітаптарының тарихы.-Алматы:Баспагер, 1999.-108 б.
25. Атабаев Д.А., Есенғалиева Ә.Г. Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихынан./Қазақстанның кітапбаспа ісі үлгісінде/. –Алматы, 2000.- 148 б.
26. Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллабергенов Қ. Әлем баспасөзі тарихынан.-Алматы «Санат», 1998.-256 б.
27. Атабаев Д.А. Организация и деятельность казахского государственного издательства.- В кн.: Книга и чтение в жизни различных социально-профессиональных групп населения республики.- Алма-Ата, 1982.- С.85.
28. Аймауытов Ж. Психология.- Ташкент, 1926.- 176 б.
29. Досмұхамедұлы Х. Жануарлар. Үшінші бөлігі. Ташкент, 1926. ІҮ бет.
30. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное).- Алматы: Ана тілі, 1998.- 164 б.
31. Диваев Ә. Тарту.- Алматы: Ана тілі, 1992.- 29 б.
32. Диваев Ә. Тарту.- Алматы: Ана тілі, 1992.- 33 б.
33. Жұмабаев М. Таңдамалы өлеңдер жинағы. 3 басылымы.- Ташкент,-1923.
34. Нұрпейісов К., Құлкенов М. т.б. Халел Досұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы.- Алматы, 1996.- 155-160бб.
35. Декрет ВЦИК и СНК об организации Центрального-Восточного издательства //Издательское дело в первые годы Советской власти: Сб. Документов и материалов.- М., 1972.- С.139-140.
36. Сонда. 225б.
37. ГАРФ. Ф. 1318, Оп.1, Д. 1700, Л.2.
38. Центральное издательство народов СССР и его книга //Красная печать.- 1926.- N 4.- С.34.
39. Книговедение: энциклопедический словарь.- М.: Сов. Энциклопедия, 1982.- 585 б.
40. Идрис. Качество книг Центриздата //Красная печать.- 1927.- N 7.- С.49.
41. Баренбаум И.Е. История книги. Изд. 2-е.- М.: Книга, 1984.- С.171.
42. Книговедение. Энциклопедический словарь. М.: Сов. Энциклопедия.- 1982.- С.585.
43. Торекулов Н. 5-летие Центриздата //Новый Восток.- 1929.- 26-27.- С.421-422.
44. Тогжан Г. О деятельности киргизской секции Центр-издата //Книгоноша, 1925.- С.61.
45. Пять лет Центрального издательства народов СССР. 1924- 1929 гг.- М., 1929.- С.61.
46. Еңбекші қазақ, 1926.- №80.

М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3
І-бөлім
ХХ ғасырдың 20-30жж. Қазақстанда кітап баспа ісінің
қалыптасу тарихынан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... . ... 6
1.1 Қазақ кітабы тарихының теориялық зерттеулері ... ... ... ... ... ..6
1.2 А.Байтұрсынов: Мемлекеттік баспаның құрылуы ... ... ... ... ..11
1.3 А.Төреқұлұлы - Орталық баспаның (Центриздат)
ұйымдастырушысы және
басқарушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ІI-бөлім
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі ... .. ... .. ... .. ... .. ... .28
2.1 Х. Досмұхамедұлының баспагерлік қызметі ... ... ... ... ... ... ...2 8
2.2 Ораз Жандосовтың кітапхана ісі саласындағы мұралары ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 55
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз егемендік алып, тарихымызды
жаутаңдай отырып жазудан арылған шағымызда, рухани-мәдени өміріміздің
айнасы боларлықтай айғақтарды қайтадан өз халқымыздың рухани мәдениеті,
ғылымы екендігі даусыз. Өкінішке орай, науқандық идеологияның шашбауын
көтеріп, мәдени мұрамыздың бары мен нәрін тұтас игеруден гөрі, алалап
жинау, біржақты бағалау күні кешеге дейін орын алып келгені мәлім.
Сондықтан да тарихымыздағы іргелі мәселелермен қатар халқымыздың мұрасын,
ұлттық мәдениетін, ғылымды өздерінің қара басының қамынан жоғары қойған
тұлғаларымыздың тұтастай бір ұрпағының қызметін өмір сүрген кезеңімен
байланыстыра зерттеу аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Академик М.Қ.Қозыбаев Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері деген
мақаласында былай деген еді: Біз қазақ зиялыларының жалпы тарихын жазар
белеске келіп қалдық. Онда зиялы қауым кім, ол қай заманда жеке тап болып,
топ болып қалыптасты, қандай кезеңдерді басынан кешірді, қазақ зиялыларының
өркениетке қосқан үлесі қандай? – деген сияқты келелі сауалдарға жауап
беруіміз керек.
Ұлттың ашытқысы – зиялы қауым. Ол барша халықты қоса да, ыдырата да
алады. Сондықтан қазақ зиялылары тарихы шын мәнінде ұлт тарихы екендігін
айтқан орынды. Сөз арасында айта кетер жай қазақ зиялылары туралы сөз -
өркениет туралы сөз [1].
Тұлғаның қоғамдағы атқаратын зор беделін көрсете келе, академик
В.И.Вернадский жазған болатын: Мыслящий и работающий человек есть мера
всему. Он есть огромное планетарное явление [2]. Білім мен тәжірибе арқылы
біліктілікке ие болған ойлы адамдардың ақыл-ойына, олардың болашаққа
жасаған болжамына құлақ аспау – замана кемістігі, дәуірдің қатерлі ауруының
көрінісі, болашаққа артар ауыр жүгі. Міне, сондықтан өткеніміздің
куәгерлерінің қалдырған мұраларының тынымсыз ізденістер арқылы естір
құлаққа, көрер көзге дәл мағынасында жеткізіліп, өз бағасын алар уақыт
жетті.
Егер де өткен тарихымыздың терең қойнауына көз жүгіртер болсақ, оның
аумалы-төкпелі болғанын байқаймыз. Бірнеше ұрпақтың өмір-тіршілігі алмасқан
кезеңнің өзінде, біздің көптеген тұлғаларымыз – ойлы, жүректі және сөзсіз
талантты, кіндік қаны тамған туған жері, елі үшін көзсіз сеніммен, бар жан-
тәнімен қызмет еткендер есімі танылмай, тиісті бағасын алмай отырғандығы
кезінде – заманымыз тарихшылар алдында шаң басқан мұрағаттар сөресіндегі
олардың туындыларын зерделеп, көпшілікке таныту міндетін артып отыр.
Өйткені солар өмір сүрген дәуірден неғұрлым алыстаған сайын біз
олардың өз ортасынан ерекшеленетінін байқап, олардың іс-әрекетінің тиісті
бағасын бере отырып, замана қыспағындағы ерік-жігерінің, рухының
құламағандығына таңданысымызды жасыра алмаймыз.
Қазіргі күні Шәкәрім өлеңдерінің философиялық тереңдігіне шынайы
таңданыспен қараймыз, Мағжанның қайталанбас поэтикалық дауысын зор
мақтанышпен атаймыз, Міржақып Дулатовты, Жүсіпбек Аймауытовты, Ахмет
Байтұрсыновты, Әлихан Бөкейхановты және Мұхамеджан Тынышпаевтардың атақ-
даңқын аспандатамыз.
Бізде отандық ғалымдар соның ішінде тарихшылар, әдебиетшілер, тілтану
мамандары өткен ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ зиялыларының мұраларын
зерттеуде айтарлықтай жұмыстар орындады. Оның дәлелі соңғы оншақты жылда
жарық көрген қазақ зиялыларының еңбектері, оларға арналған зерттеулер,
монографиялар, ғылыми жинақтар, мақалалар.
Сонымен бірге айтатын жайт, осы уақытқа дейін аз зерттелген
мәселелердің бірі 20-30 жж қазақ зиялыларының кітап баспа ісінің қалыптасуы
мен дамуындағы ролі жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кітап мақсаты бүгінгі заман талаптары
тұрғысынан зерттеліп отырған бұл еңбекте кітап баспа ісінің және күрделі
кезеңдерінің бірі 20-30жж арналған беттерінде қазақ зиялыларының баспа
ісінің дамуындағы ролі туралы айтылады. Сонымен қатар кітапхана қорының ең
маңызды бөлімі – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Н.Төреқұлұлы,
Х.Досмұхамедұлының және т.б. еңбектерінің жиынтығы алғашқы рет зерттеледі.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны.
20-30 жж қазақ зиялыларының кітап баспа және кітапхана ісі саласындағы
қызметі. Негізгі зерттеуге алынған нысаналар – ғылыми еңбектері, оқулық пен
оқу құралдары, мақалалары, сөздері.
Мемлекеттік кітап баспасының ұйымдастыруы мен басқаруы. Кітап баспа
өнімдері.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
• 20-30жж. Республикада кітап баспа, кітапхана ісінің қалыптасуындағы қазақ
зиялыларының қосқан үлесін анықтау;
• баспа өнімдерінің негізгі даму бағыттары;
• қазіргі кездегі Қазақстан кітапханаларының даму басымдықтары қазақ
зиялыларының еңбектерін жинау, сақтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми әдістері.
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих,
мәдениеттану, кітаптану, кітапханатану ғылымдарында болып жатқан түбегейлі
өзгерістерді негізге алдық.
Қазақ зиялыларының баспа, кітапхана ісі жөніндегі еңбектері арнайы
зерттеу көзіне айналмай, тіпті назардан тыс қалып келгенін айта кеткен жөн.
Жұмыстың зерттеу негізіне тарихи-мәдени тәсіл қолданылды. Осы жерде
көңіл аударатын жағдай көрнекті қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың кітапхана
ісі саласындағы еңбектері алғашқы рет қазақ тілінде ғылыми айналымға
ұсынылып отыр.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, алты тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1. ХХ ғасырдың 20-30жж. Қазақстанда кітап баспа ісінің қалыптасу тарихынан
1.1 Қазақ кiтабы тарихының теориялық зерттеулерi
Белгiлi орыс кiтапханатанушысы А.А.Сидоров: “Кiтап – мәдениет атты
жалпы ғылымның ажырамас бірлiгi”, - деп, кiтап тарихын кiтап өндiрiсiнен
кейiнірек аяда тексеру қажет деп дұрыс атап көрсеткен болатын. Кiтаптың
тарихи кезеңдегi жағдайы елдiң экономикасы және мәдениетiмен тығыз
байланысты, олардың даму деңгейiн бейнелейдi.
Кеңес дәуiрiнде көп ұлтты кеңес кiтаптану ғылымының негiзi қаланған
едi. Елуiншi жылдардың аяғы, алпысыншы жылдардың басында бұл жұмыс қолға
алына бастады. Кiтап пен кiтап iсi тарихы және теориясы жөнiнде бiрқатар
ғылыми еңбек жарық көрдi. Олардың iшiнде маңыздылары: “Книга. Исследования
и материалы”атты ғылыми серия, “400 лет русского книгопечатания” (1964, 2-
томдық басылым), “500 лет после Гутенберга” (1968), “Проблемы рукописной и
печатной книги” (1968) т.б. аталған еңбектер кiтаптану ғылымын жаңа белеске
көтердi.
Кiтаптану саласын зерттейтiн ғылыми мекемелер жүйесi кеңейдi. Бұл
ғылымның орталықтары: Бүкiлодақтың кiтап палатасы, Мәскеу мемлекеттiк
университетi журналистика факультетiнiң, Санкт-Петербург және Мәскеу
мәдениет институттарының арнайы кафедралары, КСРО академиясының жаңа
мәдениетi тарихы жөнiндегi ғылыми кеңесiнiң кiтапты кешендi түрде
зерттейтiн комиссиясы, елдiң iрi-iрi кiтапханалары.
Алпысыншы-жетпiсiншi жылдары республикаларда ашылған мәдениет
институттары мен университеттердiң арнайы кафедралары бұл жұмысқа өз
үлестерiн қосты. Кiтап iсi мамандықтары бойынша кадрлар даярлау жолға
қойылды. Кiтаптану бойынша аспирантура ашылды, кандидаттық және докторлық
диссертациялар қорғалды.
Кiтаптанудың тарихы, теориясы мен әдiсi мәселелерiнiң жан-жақты, жүйелi
зерттелуiне бүкiлодақтың көлемiнде ұйымдастырылған пiкiр сайыстар, ғылыми
айтыстар мен конференциялар мұрындық болды. Осы ғылымды дамытудың жаңа
белестерiне шығаруда 1971 жылдан 1984 жылға дейiн, араларына үш жылдан
салып өткiзiлiп тұрған Бүкiлодақтың конференциялардың маңызы айырықша.
“Кiтап және әлемдiк өркениет” деген атпен 2004 жылы Халықаралық XI ғылыми
конференцияда кiтаптанудың қазiргi кездегi көкейкестi мәселелерi
талқыланды[1].
Қазақстанда кiтаптану саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың қанат
жаюына жоғарыда айтылған жағдайлар сөзсiз септiгiн тигiздi. Баспа,
полиграфия және кiтап саудасының жалпы мәселелерi мәдениет пен баспа
тарихына арналған зерттеулерде қарастырылған. Бұл ретте белгiлi ғалымдар
Р.Б.Сүлейменов пен Қанапиннiң монографияларын ерекше атап көрсету керек[2].
Оларда баспа iсiнiң даму жолдары, полиграфиялық базаның құрылуы және осы
саланың ғылыми-техникалық, әлеуметтiк прогрестегi орны айқындалды.
Республикада кiтап баспа iсiнiң қалыптасу және даму кезеңдерiн
зерттеуге кiтаптанушы ғалымдардың қосқан үлесi аз емес. Бұл үрдiстiң әр
түрлi бағыттары мен кезеңдерi, әр қилы дәрежеде, төңкерiске дейiнгi
басылымдар туралы Ә.Жиреншиннiң, ¦.Субханбердинаның, Ш.Елеукеновтың,
Ә.Дербiсалиевтiң, Ж.Шалғымбаеваның, кеңес дәуiрi кезiндегi және қазiргi
уақыттағы баспахана iсi туралы М.Мамажанов, П.Коротовский, Ж.Қалиев,
А.Сәрсенбаев, Д.Атабаев, Б.Бөлеков, С.Рахимжанова, З.Қасымов,
А.Асылбекованың[3] т.б. еңбектерiнде зерттелген.
Қазақ кiтабының шығуы мен дамуы, көне қолжазба мұраларды және сирек
кездесетiн басылымдарды зерттеу, олардың қазақ кiтабына қатысы мен
байланысын анықтау, республикамыздағы қолжазба қорын тексерiп бағалау
барысында қызықты жұмыстарды Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасы
және республикалық Алматы қаласындағы кiтап мұражайы жүргiзедi.
Баспа iсiнiң жеке мәселелерiне арналған алғашқы мақалалар өткен
ғасырдың 20-шы жылдарының басынан бастап газет-журнал бетiнде жарияланды.
Оларда сол кездегi баспаханалар, кiтап басылымдары туралы мәлiметтер
берiлген. 20-40жж жариялымнан А.К.Бочагов, ¤.Тоғжанов, Ауелбаев,
М.Жанғалин, С.Жүсiпбеков, И.Ф.Киселев, А.Потемкиннiң мақалаларын атауға
болады[4]. Республиканың он, он бес және жиырма жылдарына арналған
жинақтарда баспа, полиграфия және кiтап саудасы туралы жалпы қорытындылар
берiлген.
50-60 жж бiрнеше мақалалар жазылды. Олар кiтап баспа iсiн нығайту, кадр
даярлау жайы мен сапасы, полиграфия мекемелерiн техникамен жабдықтау сияқты
мәселелерге арналған. Бiрен-саран жеке еңбектер басылып шыға бастады.
Н.Н.Греховодовтың “Книжная торговля в Казахстане” (1966) деген
монографиясында кiтап саудасы мен ассортиментi, баспа өнiмдерiнiң таралымы,
кiтап насихаты туралы айтылады[5]. Қазақстандағы кiтап саудасы жайында
бiрталай мағлұмат бередi.
Аударма мәселелерi де ғылыми зерттеулердiң тақырыбы болды. әсiресе
марксизм-ленинизм шығармаларын қазақ тiлiне аудару жұмысы қарқынды
жүргiзiлдi. Бұл мәселеге байланысты көптеген ғылыми және көпшiлiкке
арналған мақалалар жарияланды, кiтаптар шығарылды. Бұлардың iшiнде
М.Жанғалиннiң “Марксизм-ленинизм классиктерi шығармаларын аударудың кейбiр
мәселелерi” деген зерттеуi баспасөз бетiнде жоғары бағаланды[6]. Осы
жылдары зерттеушiлер өздерiнiң назарын кiтап iсiнiң басты проблемаларының
бiрi – басылымның көркемдiк және полиграфиялық безендiруiне аударды[7].
70-80 ж.ж. баспа iсiнiң әртүрлi мәселелерiне арналған мақалалардың саны
көбейе түстi. Олардың тақырыптары кеңейiп, сол кездегi баспа жұмысының
көкейкестi мәселелерi талқыланған, атап айтқанда: баспагерлiк репертуар,
редакциялық-баспагерлiк өңдеу, кiтап саудасы, баспа өнiмдерiн тарату,
насихаттау т.с.с[8].
Осы жылдары елiмiзде кiтап және кiтапхана iсi, библиография саласында
ғылыми-зерттеу жұмыстары жолға алына бастады. Оны ұйымдастырушылар
Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасы, Орталық ғылыми кiтапхана,
қазақ қыздар мемлекеттiк педагогика және Шымкент мәдениет педагогика
институттарының арнайы кафедралары. Жекелеген ғалымдар мен мамандар да бұл
iске өз үлестерiн қосты.
Қазақ кiтабының тарихы бойынша алғашқы диссертациялар қорғалды, бiрнеше
ғылыми мақалалар, кiтапшалар, кiтаптар жарияланды. Бұл ретте тарихшы
Ә.Жиреншиннiң “Қазақ кiтабының тарихынан” (1971) деген еңбегiн ерекше
айтуымыз керек. Монография төңкерiске дейiнгi отандық кiтаптың қалыптасу,
даму кезеңдерiне арналған. Зерттеудiң басты мақсатының бiрi – қазақ кiтабы
дамуының кезеңдерiн жiктеу. Бұл мәселемен Ә.Жиренше алғашқы шұғылданған
ғалым.
Осы тақырыпқа арналған белгiлi ғалым, филология ғылымдарының докторы,
профессор Шериаздан Елеукеновтың “Қазақ кiтабының тарихы” (1999 ж.
Ж.Шалғымбаевамен бiрге) деген еңбегi бұл саладағы оңды зерттеу қатарына
жатады. Басылым қазақ халқының және оның арғы түркi тегiнiң қолжазба кiтабы
мен қазақтың өз баспа кiтабының 1917 жылға дейiнгi сан ғасырлық тарихымен
таныстырады; елiмiздегi кiтап және кiтап iсiнiң қалыптасу ерекшелiктерiн,
әр кезеңдердегi кiтап репертуарының бағыт-бағдарын саралай отырып, бұл
әлеуметтiк құралдың халық арасына таралуы, кiтап саудасы, баспасөз
еркiндiгi, цензура т.б. жайынан тиiстi мағлұмат бередi.
1997 жылы “Санат” баспасы ғалымның “Кiтаптану негiздерi” атты еңбегiн
шығарды. Бұл туынды осы салада қазақ тiлiнде алғаш жарық көрген осы
моралы[9]. Мұнда кiтаптану ғылымының басты-басты теориялық мәселелерi
қамтылған. Ш.Елеукеновтiң жоғарыда аталған және осы саладағы басқа да
еңбектерi қазақ кiтабының тарихын ғылыми тұрғысынан зерттеуге, жалпы
кiтаптану ғылымының негiзiн салуда едәуiр үлес қосады.
Қазақ кiтабының тарихын сөз еткенде оның ғылыми негiзiн салушыларының
бiрi ¦.Субханбердинаның есiмiн атамай кетуге болмайды. Ғалымның “Дала
уалаятының газетi”, “Түркiстан уалаятының газетi”, “Айқап бетiндегi
мақалалар мен хат-хабарлар”, “Қазақ кiтаптарының шежiресi” атты туындылары
қазақ баспасөзi мен кiтабының зор табысы деп есептеу керек[10].
Кiтап тарихын бүгiнгi заман талаптары тұрғысынан жазылған еңбектер де
жарық көрдi. Соның бiрi М.Мамажановтың 1993 ж. “Асыл мұра” атты кiтабы.
Басылымның туындылығы – автор тың деректерге сүйенiп ұлттық баспа тарихына
жаңа беттер қосты. Түп нұсқалы мұрағат құжаттарына негiзделген тарауларға
қазақ зиялыларының ұлттық баспа iсiнiң қалыптасуына қосқан үлесi туралы
материалдарды жатқызуға болады “Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың бас
баспагерi”, “Мiржақып Дулатов – тұңғыш қазақ библиографы” т.б.
Елiмiзде кiтап шығару iсiнiң соңғы жылдардағы жағдайы А.Сәрсенбаевтың
“Кiтап: тәуелсiздiк пен демократия тағдыры” (Атамұра, 1998) деген еңбегiнде
зерттеледi[11]. Автор нарық жағдайындағы кезеңде республикамызда баспа
iсiнiң даму бағыттары; кiтаптың бұл аралық, коммуникациялық ролi, кiтап
саудасының қазiргi кездегi ерекшелiктерi, полиграфия өндiрiсiнiң өзектi
мәселелерi және алдағы мақсаттары мен мiндеттерi туралы баяндайды.
Зерттеушi кiтап дағдарысының себептерiн ашып, қиындықтан шығудың, орын
алған кемшiлiктердi мүмкiн болғанша жоюдың амалдарын
қарастырады.А.Асылбековтың еңбегi де жоғарыда айтылған мәселелерге
арналған[12].
Республикадағы кiтап баспа iсiнiң қазiргi кездегi көкейкестi
проблемалары газет-журнал бетiнде де жариялануда.
Қазақ кiтабы тарихын зерттеуде ұлттық библиография мен кiтапхана iсiмен
салыстырғанда әжептеуiр iлгерiлегендiк бар. Сонымен бiрге кiтаптану
ғылымының қазiргi жайы әлi талапқа толық сай емес екендiгiн, теориялық жғне
әдiснамалық жағынан шындала түсуi қажет екендiгiн ескертуiмiз керек.
Осы уақытқа дейiн аз зерттелген мәселелердiң бiрi - өткен ғасырдың 20-
30 жылдар арасындағы қазақ зиялыларының баспа iсiнiң дамуындағы ролi.
Ұлттық баспаның қалыптасуына, оның нығаюына зор үлес қосқандар: Ахмет
Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Нәзiр Төреқұлұлы, Халел Досмұхамедұлы,
Алихан Бөкейханұлы, Сәкен Сейфуллин және т.б.
Кiтап тарихы бүгiнгi заман талаптары тұрғысынан зерттелiп отырған бұл
еңбекте кiтап баспа iсiнiң күрделi кезеңдерiнiң бiрi – 20-30 ж.ж. арналған
беттерiнде мемлекеттiк жаңа баспалар ұйымдастырылғаны туралы айтылған; бұл
кезеңде кiтап бұл халықтың өнер-бiлiмге деген алғышарттлығын ұштай түсiп,
адамдардың әлеуметтiк белсендiлiгiн көтеруде, ғылыми техникалық прогреске
жетуде, әдiлетсiздiкке қарсы бiтiспес күресте теңдiгi жоқ өлшеусiз рол
атқарады.
1.2. Мемлекеттiк баспаның құрылуы
1917 жылдан кейiн бүкiл кеңестiк республикалар сияқты қазақ ССР-iнде де
кiтап баспа iсiн жолға қою аса қиын, қоғамдық-саяси өмiрдiң қайшылықтары
жағдайында қалыптасты, бұл кезеңде бiр жағынан халықтың жанқиярлық ерлiк
iсiмен қатар өктемдiк пен түрешiлдiк, екiншi жағынан сталинизм уақытындағы
жаппай қылмыс жасау, мемлекеттiк басқарудағы аса iрi қатерлiктер мен
келеңсiздiктер орын алды.
Осы кезеңде мәдени құрылыс пен оқу-ағарту iсiнiң негiзгiсi баспа iсiн
ұйымдастыру болды. Қазақ кiтап тарихының осы уақытқа дейiн аз зерттелген
мәселелерiнiң бiрi - өткен ғасырдың 20-30 жылдар арасындағы қазақ
зиялыларының ұлттық баспа iсiнiң дамуындағы ролi.
Қазақ Автономиялы Республикасының мемлекеттiк баспасы 1920 жылдың
қарашасында ұйымдастырылды. Оны көру туралы мәселе сол жылдың 4-12
қазанында өткен қазақ АКСР Кеңесiнiң құрылтай съезiнде қабылданды. Бұл
съезде республика үкiметi мен мемлекеттiк органдары құрылды. Сонымен қатар
съездiң шешiмiнде: “...Ағарту комиссариатының iс-шараларын өмiрге ендiру
үшiн Халық ағарту комиссариаты жанынан мемлекеттiк баспа ұйымдастыру
қажет”, - деп атап көрсетiлдi.
1920 жылдың 3 қарашасында қазақ Орталық Атқару Комитетi өзiнiң кезектi
мәжiлiсiнде ұлттық мемлекеттiк баспа туралы Ереже қабылдады. Бұл құжатта
баспаның құқықтары мен мiндеттерi айқындалды. Ережеде былай делiндi:
“...бiр орталықтан идеялық басшылық жасау және әдеби-баспагерлiк iсi мен
үгiт- насихат қызметiн iске асыру, жергiлiктi орындарға әдебиеттер мен
ақпараттық байланыстар бөлiнiсiн реттеу мақсатында құрылады”. Мемлекеттiк
баспа қазақ Республикасының үкiметiне тiкелей бағынышты болды.
Сөйтiп, республикада алғаш рет ресми баспа айымы құрылды. Баспа
редакция алқасы құрамына А.Байтұрсынұлы, А.Бөкейханұлы, С.Садуақасов,
Х.Болғанбаев, Ж.Аймауытұлы кiрдi. “Белгiлi әзiрлiк жұмысынан кейiн редакция
алқасы қазақ мектептерi үшiн кiтап тапшылығын жою мақсатымен жұмыс жоспарын
белгiлеу үшiн жиналды, - деп жазады зерттеушi В.С.Познанский. Осы уақытқа
дейiн мұқият жабық болып келген құжаттармен танысу кейiн ол алмас
буржуазияшыл ұлтшылдар деп жарияланған адамдар, “...дұшпандық идеологияны
тықпалап, зиянкестiк жасамағанын, қайта пайдалы iспен - өз халқын оқыту-
ағарту iсiмен шұғылданғанын айқын көрсетедi”.
Редакция алқасы 1921 жылы 31 қаңтарда өткiзген мәжiлiсiнде қазақ
тiлiнде оқулықтар дайындау және шығару жөнiнде шаралар белгiледi. Мектепте
өтiлетiн пәндер бойынша оқулықтардың қолжазбаларын жазатын авторлардың
тiзiмi бекiтiлген. Бiрiккен кеңестiң мәжiлiсiн А.Байтұрсынұлы басқарған.
1921 жылы ақпанда Республика Орталық Атқару Комитетiнiң бiрiншi
сессиясы болып өткен, онда жасаған баяндамасында С.Мендешов Республикада
кiтап баспасының құрылуын жоғары бағалап, Орталық Атқару Комитетiнiң жүзеге
асырған iрi шараларының бiрi-мемлелекетiк баспаның құрылуы болады деп
көрсетедi.
Тұңғыш қазақ тiлiндегi оқулықтар шығарыла бастады. ¤йткенi оларға
сұраныс өте жоғары едi. 1921 жылы баспа үлкен қиыншылықпен Ахмет
Байтұрсыновтың “Тiл құралы” атты оқулығы басып шығарылды. Ол кейiн Орынбор,
Қызылорда, Ташкентте бiрнеше рет қайта басылды. Қазмембаспаның сондай-ақ,
кесiндi әлiппе, өлшеу, салмақ табицаларын шығаруға қол жеттi. Бұл жаңадан
құрылған баспаның ең алғашқы қазақ кiтаптары едi. Орыс тiлiнде қазақ АКСР
кеңесi II съезi шешiмдерi және қаулысы жарық көрдi.
Бiрақ, қиындық жеткiлiктi болды. Баспаханаларда қағаз, қарiптер,
бояулар, құрал-жабдықтар, тағы басқалар жетiспейтiн. Даярлықтан өткен
мамандар аз, әсiресе, араб қарпiмен мәтiн терушiлер жоқтың қасы болатын.
Бұл жағдай туралы баспаның сол кездегi меңгерушiсi А.К.Бочагов былай
деп жазған: “Технический аппарат в каре крайне слаб. Часть типографий
уничтожена, шрифты затоплены вколодцах отступавшими белогвардейцами, машины
износились, материалов мало, удовлетворить потребности республики при таких
условиях невозможно, особенно в мусульманских изданиях ”. Мемлекеттiк
баспаның Бас басқармасы 1922 жылғы 30 қазандағы мүмкiн болмады, сондықтан
техникалық орындалуы жеңiл – пьесалар, брошюралар және есебiнде
көрсетiлген – әр түрлi қарiптердiң жоқтығынан оқулықтарды басу басқа
жұмыстарды алуға тура келдi. Баспа iсi ұлттық авторлардың жоқтығынан да
ақсады. Қазақ мемлекеттiк баспасы құрылған алғашқы жылы қазақ тiлiнде бiрде-
бiр қолжазба (насихаттық әдебиеттерден басқа) болған жоқ, оқулықтар мүлдем
шығарылмады.
Ең қиын мәселенiң бiрi –баспа төңiрегiнде шығармашылық iскер авторлар
мен аудармашы тобын көру болды. Қазмембас ұлттық авторларды қазақ тiлiнде
қолжазба дайындау, шығатын кiтап санын көбейту үшiн “Еңбекшi қазақ” (1922,
31 қазан) газетi арқылы “Қазақ жазушыларына” және “Қазақ әдебиетiн
сүюшiлерге, әдебиетшiлерге, барлық қазақ ақындарына” деген үндеу жолдаған.
Оларды қазақ мектептерi үшiн оқу құрал, оқулық даярлауға белсендi қатысу,
фольклорды көбiрек жинауға шақырған. “Ләзiм болса қазақ жазушылары
өздерiнiң негiзгi жұмысымен шұғылданумен бiрге өздерiнiң бар қолжазбаларын,
көне халық әдебиетi бойынша материалдарын баспаға жiберсiн”.
Осылар жөнiнде А.К.Бочагов өзiнiң “Бастапқы кезде” деген естелiгiнде
әсерлi де, шыншыл әңгiмелейдi. 1921 жылы оны Орынборға шақырып,
Қазмембастың меңгерушiсi етiп тағайындайды. 1930 жылдары ол Орынбор
педагогика институтының ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
болады. Оның оншақты кiтаптары мен кiтапшалары жарық көрдi. Мiне, ол
“Бастапқы кезде” деген естелiгiнде (Алматы, 1972 ж.) былай деп жазады:
“Кәсiби мамандардың, әсiресе әрiп терушiлердiң жетiспейтiндiгi анық
байқалды. Теру бөлiмiнде татарлар iстейтiн. Бұлар өз iстерiнiң шеберлерi
едi, бiрақ олар аз болатын, бiз әрiп теруге қазақ жолдастарды қалайша тез,
пiшiмдi даярлауды ойластыра бастадық.
1922 жылдың бас кезiнде баспахананың жанынан қазақ әрiп терушiлердi
даярлау жөнiнде қысқа мерзiмдi курстар ашылды. Оларда 20 адам оқыды.
Олардың бәрiн цехқа жiберiп, тәжiрибелi әрiп терушiлер бекiтiп, мамандыққа
жұмыс процесi үстiнде үйреткен. Оқушыларға теориялық бiлiм аз берiлдi.
Соған қарамастан бiз олардың сауатын арттыруға тырыстық. Төрт-бес ай өтер-
өтпестен оқушылардың көбiсi әрiп теру iсiне белсене қатыса бастады”.
Полиграфиялық базаның негiзiн көру үшiн арнайы шаралар қабылданды.
1921 жылы Орынборда 10 баспахана болған, оның жетеуi мемлекет мүлкiне
айналдырылып губерниялық комитеттiң полиграфиялық бөлiмiне берiлдi. 1922
жылы 18 ақпанда Еңбек және қорғаныс кеңесi полиграфия өнеркәсiбiнiң
сақталуы жғне онан ары дамуы туралы шешiм қабылдады. Сол жылдың наурыз
айында қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесi №3 баспахананы Қазмембастың
қарамағына беру туралы қаулы шығарды. Осы қаулымен №1 баспахананың
машинасы және қазақ қарiптерi баспаға берiлдi, сонымен, 1922 жылдың өзiнде
қуатты баспахана ұйымдастырылады.
Баспа iсi бiрте-бiрте жолға салына бастады. 1921 жылы Орынборда
полиграфия өндiрiсi үшiн 4-жылдық мектеп және қазақша әрiп терушiлердi
дайындайтын қысқа мерзiмдi курстар ашылды. Қазан қаласынан әрiптер сатып
алынды. 1920 жылы баспаға 9 вагон қағаз жiберiлiп, оның 3 вагоны 1922 жылы
өндiрiске келiп түстi.
Қазақстан баспасының қалыптасуына Республика Оқу Халық Комиссариаты
үлкен орын алды. Бiрiншiден, баспа тiкелей соның басшылығымен жұмыс iстесе,
екiншiден, оның аппаратында Академиялық Орталық құрылып, ол баспа жұмысына
айрықша көмек көрсеттi. Бұл Орталық Мемлекеттiк баспаға оқулықтардың
түпнұсқасын дайындады. Сонымен қатар қазақ тiлiнiң терминологиясын, емле
ережесiн, әлiпбиiн әзiрлеп, қоғамдық-саяси тағы да басқа әдебиеттердiң
аудармасымен шұғылданды.
1921 жылдың қыркүйегiнде Мемлекеттiк баспаның Бас басқармасы қарқында
Оқу Халық Комиссариаты қарамағына өткiзiлдi.
Қайта құрылған баспаның жұмысын редакциялық алқа басқарды. Оның
төрағасы мен мүшелерiн Халық Ағарту комиссариаты мен Халық комиссарлары
Кеңесi (Совнарком) бекiтетiн. Редакциялық алғаның төрағасы Оқу Халық
Комиссариатының мүшесi де болды.
Редакциялық алқа баспаның барлық жоспарлары мен қаржы сметаларын жасап
отырды, белгiлi мерзiмде мәжiлiстер өткiзiлiп, оған қазақ Орталық Атқару
Комитетi, Халық Комиссарлары Кеңесi, Халық комиссариаттары және басқалай
мекемелер өкiлдерi шақырылып отырды. Бұл мәжiлiстерде республикадағы кiтап
шығару мәселелерi талқыланды.
Редакциялық алқаға жалпы негiзде баспа iсiн орталықтандыруға қатысты
мiндеттi қаулылар мен жарлықтар шығару жарлығы берiлдi. Мембаспаның Бас
басқармасының дербес бланкiлерi мен мөрi болды. Алғашқы кеңестiк қазақ
баспаның құрылған кездегi атқарған мiндеттерi осындай едi.
1922 жылы 8 наурызда республика Халық Комиссариаты Кеңесi “Мембаспа
туралы Ереже” қабылдады, бұл ережеге сәйкес ол шаруашылық есепке көштi.
Баспа өнiмдерiн шығару ақылы болды, сөйтiп баспа iсiнiң экономикалық негiзi
қаланды.
20-30 жылдары республикадағы мәдени-әдеби, оқу педагогикалық және кiтап
баспа iсiне ҚАССР Оқу Халық Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби
комиссиясының төрағасы, әрi қазақ өлкесi Төңкерiс комитетiнiң мүшесi
ретiнде, тiл бiлiмi саласындағы Ғалым-жаңашыл және дарынды әдебиетшi,
ұлттық интеллигенциясының ең жоғары бiлiмдi өкiлi ретiнде Ахмет Байтұрсынов
барынша кең көлемде аса күштi ықпал еттi.
Аса көрнектi мемлекеттiк және қоғам қайраткерi, қазақ кеңес әдебиетiнiң
негiзiн салушылардың бiрi Сәкен Сейфуллин де республикадағы кiтап баспа
iсiне белсендi, жан-жақты көмек көрсеттi. “Сейфуллин халық ағарту, баспа
iсi саласында, оқулық және басқа да әдебиеттердi шығаруға белсендi,
мақсатты жұмыс жүргiздi. Әсiресе, Қазмембас үшiн оқулық әдебиеттiң бiрегей
нұсқаларын даярлайтын Халық Ағарту комиссариаты жанындағы Академиялық
орталық қызметiнде өте жемiстi жұмыс атқарды”.
1923 жылы 19 қазанда РСФСР өкiметiне қазақ АКСР Халық комиссариаты
кеңесiнiң төрағасы С.Сейфуллин және басқалары республикадағы кiтап шығару
iсi мен баспасөздi дамыту қажеттiлiгi туралы былай деп жазды: “Қазақстанға
өз ана тiлiндегi ғылыми және безендiрiлген көркем әдебиет керек. Қазақ
баласына жаңа коммунистiк жағдайдағы оның тұрмысын суреттейтiн әлiппе,
оқулық қажет. Оған көркем безендiрiлген жаңа әлiппе, балалар журналы және
басқа басылымдар керек, егер бұл осы кезге дейiн болмаса, оны
тұтынушылардан тыс жерде емес, осында Орынбор қаласында ұйымдастыру қажет”.
Бүкiл ел бойынша полиграфиялық өндiрiстiң әлсiздiгiне, көп қиындыққа
қарамастан, Қазақстанның баспа iсiн құруына көмек көрсетiлдi. Республика
баспасөзiн дамыту үшiн РСФСР мәдени қоры айтарлықтай қаржы бөлдi.
Қазақстанның мемлекеттiк баспасы құрылуымен республикада кiтап баспа
iсiн ұйымдастыру тарихының бiрiншi және анағұрлым жауапты кезеңi аяқталды.
Ол азамат соғысы мен экономикалық зардаптардың қиын жағдайларын бастан
өткердi.
Баспа көбiне мектеп оқулықтары мен әдiстемелiк құралдар, iшiнара көркем
әдебиет, одан соң саяси қоғам және ауылшаруашылық кiтаптарын шығарумен
айналысты. 20-шы жылдардың бас кезiнде қазақша оқу құралдары пайда бола
бастады. Мұқабаларында қазақ авторларының есiмдерi жазылды. Ахмет
Байтұрсынұлының “Оқу құралы. Қазақша әлiппе”, Мағжан Жұмабайұлының
“Педагогикасы”, Мiржақып Дулатұлының “Есеп құралдары”, “Қирағат кiтабы”,
Елдес Омарұлының “Физика”, Телжан Шонанұлының “Орысқа қазақ тiлiн
үйреткiш”, Ж.Тiлеуұлының “Гигиена” сол кезеңнiң туындылары. Қоғамдық саяси
бөлiмiнде Шығыс халықтары жастар одағының ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаев
туралы “Бiздiң Ғани” жинағы, С.Садуақасовтың “Жастар үшiн жаңа жол” кiтабы
жарияланды. Баспа репертуарында көркем әдебиетте орын алған: С.Сейфуллиннiң
“Қызыл сұңқарлар”, “Бақыт жолында” пьесасы, “Қызыл ат” атты өлеңдер жинағы,
Мұхтар Әуезовтың “Еңлiк-Кебек” пьесасы, “Қорғансыздың күнi” әңгiмесi. Бұлар
өз дәуiрiндегi қазақ көркем әдебиетiнiң тұңғыштары едi.
Осы баспадан 1924 жылы шыққан Жүсiпбек Аймауытұлының “Тәрбиеге жетекшi”
(Бала оқытушыларға) атты туындысы туралы “Еңбекшi қазақ” газетiнiң 1925
жылғы 40 санында мақала жарияланған: “Жүсiпбектiң “Тәрбиеге жетекшi кiтабы
жыл құсы. Бұл кiтаптың тiлi өте жеңiл. Баспасы анық. қағазы жақсы.
Корректуралық жаңылысы көп жоқ. Кiтап аяғында пән сөздерiнiң қазақшасы
тiзiлген. Жүсiпбек кiтабы ескi сарын емес, жаңа сарынмен жазылған. Осы
күнге шейiн Ғылымның оқыту тәрбие туралы шығарған қорытуының Жүсiпбек қазақ
оқытушыларына ең керегiн алып жазған. Кiтапта “қиын” (теория) аз, iс
жүргiзу жағы басым. Бiзге керегi де осы. Жүсiпбек оқытушыларымыздың тамырын
жақсы айырған. Бұл кiтапты оқып шыққан кiсi мектептiң мақсатымен де, қалай
ұйымдастыруды да түсiнедi. Баланы қалай оқытуын да үйренедi. Кiтап
оқытушыларға жақсы жетекшi. Бұл кiтапты оқытушылардың оқып шығып, жаттап
алуы керек. Оқытудың тәртiбi жайынан тәрбие алмаған мұғалiмдер түгел, оқу
жолына маман оқытушылар да бұл кiтапты дұрыстап оқуы керек.
Бұл кiтап педтехникумдарда, пединституттарда оқу құралы болуға жарайды.
Бұл кiтап әр оқытушы үстелiнiң үстiнде жатуы керек. Әр мектептiң
кiтапханасында болуы керек”.
Қазақстанда мемлекеттiк негiздегi жаңа баспа iсiнiң бастауында тұрып,
оның әрi қарай дамып, орнығуына өлшеусiз зор еңбек сiңiрген қайраткерлердiң
бiрi – Мiржақып Дулатұлы. Ол әсiресе, Қызылорда қаласында мемлекеттiк
баспаның жұмысын ширатып, жандандыра түсуге белсене атсалысты, сонымен
бiрге көркем шығармалардың, жаңа оқулықтардың авторы ғана болып қоймай,
тiкелей баспада редакция меңгерушiсi болып жұмыс iстедi. Мiржақып Дулатұлы
– ¦лттық библиографияның негiзiн қалаушылардың бiрi. Баспадан шыққан “Қазақ
кiтаптарының көрсеткiшi” (1926-1927ж.ж.) деп аталатын еңбектiң
құрастырушысы. Жоғарыда көрсетiлген Ж.Аймауытұлының “Тәрбиеге жетекшi” атты
еңбегiне арналған мақаладан өзiндi осы көрсеткiште басылған.
Мемлекеттiк баспаның репертуарында қазақ зиялылырының шығармалары басым
орын алған. Олар мемлекет және қоғам қайраткерлерi боуымен қатар Ғылымның
әр саласынан кiтап жазып, ұлттық баспа iсiнiң өсiп, өнуiне үлкен үлес
қосқан, оның бастауында тұрған.
Бiз әңгiме еткен қазан төңкерiсiнен кейiнгi осынау бiр қарбалас та
қаурыт кезеңде ерен еңбегiмен танылған ардагер баспагерлерiмiздiң тағы та
бiр аса қадiрмен шоғырын айрықша алғыс сезiммен есiмiзге аламыз. Ұлтымыздың
кiтап баспасы тарихына алтын әрiппен жазылуға әбден лайықты даңқты бұл
оқиға Орда қаласында болған-ды. Ресей патшалығының шаңырағы әлi шайқалмай
тұрған дiн аман шағында қазақтың ең соңғы ханы – Жәңгiр хан Ордада сарай
салдырып, оны мәдени орталыққа айналдырған қам-қаракетiне көзi қарақты
оқырмандарымыз әбден қанық. Хан ордасында баспахана да болған. Бұл
баспахананың шапағатын бүгiнде көрiп, бiлiп отырмыз. Ордада да әр кезде әр
алуан басылымдар жарық көрген. Мәселен, мұнда 1911 жылы “Қазақстан”, ал
1917 жылдың орта шенiнен бастап “Ұран” газетi шығып тұрды. Қазақстандағы
тұңғыш кеңес өкiметi осы Бөкей Ордасында орнағанда да жаңа өкiмет
баспахананы өз кеңсесiне жарата бiлдi. Орда шақарында орыс және қазақ
тiлдерiнде тұңғыш кеңестiк газет “Киргизская правда” – “Қазақ дұрыстығы”
газетi, көп ұзамай “Дұрыстың жолы” жғне “Мұғалiм” атты журнал шығарылған.
Ал РКФСР өлттар iсi жөнiндегi Халық комиссариаты қазақ бөлiмiнiң 1918 жылы
қазанның 18 жұлдызындағы хаттамасында Ордада баспа бөлiмi мен қазақ
мектептерiне арналған оқулықтар, оқулықтар, оқу құралдары қазақ тiлiне
аударатын тәржiме бөлiмдерi ашылғанын жария еттi. Баспа бөлiмiнiң
меңгерушiсi болып Ишанғали Меңдiханов, ал тәржiме бөлiмiнiң меңгерушiсi
болып Сейтқали Меңдешев тағайындалды.
Қазақ қайраткерлерiнiң қарымды қызметiнiң нәтижесiнде баспахана қазақ
және орыс қарiптерiмен қосымша байытылып, әрi маман полиграфшы кадрлардың
қатары молыға түстi. Баспахананың электр қуатымен қамтамасыз ететiн дербес
электр станциясы да болды. Баспа қызметi бiрте-бiрте ширай түсiп, қазақша
кiтап шығару iсi жолға қойылды. Қысқа уақыттың iшiнде 1918 жылдың мамырынан
бастап 1919 жылдың мамыр айына кейiнгi аралықта қазақ тiлiнде 35 кiтап
жарық көрдi. Бұл сол кездегi өлшеммен қарағанда үлкен жетiстiк болды.
Тiкелей тәржiме бөлiмi әзiрлеп, оның алғашқы шығарылған кiтаптарының iшiнде
мына басылымдар болды: “В.И.Лениннiң американ жұмысшыларына хаты”,
“Жұмыскер бостандығының ұлы жетекшiсi – В.И.Ульянов-Ленин” (авторы
Ем.Ярославский), “РКФСР Конститутциясы (Негiзгi заңы)”.
Қазақстандағы тұңғыш кеңес баспасының iргетасы осылай қаланды.
Кеңес өкiметiнiң тұсында тұңғыш қазақ кiтап баспасының уығын қадап,
iргесiн көтеруге өлшеусiз зор үлес қосқан, туған халқына қалтқысыз қызмет
еткен баспагер қайраткерлерiмiздiң бұл шоғырындағы аяулы тұлғаларымыз
кiмдер едi? Ендi солар туралы қысқаша болса да iшiнара мәлiметтерге кезек
берейiк.
Ұлттар iсi жөнiндегi халық комиссариаты қазақ бөлiмiнiң Орда қаласында
орналасқан Бөкей бөлiмшесiн басқарған Мұстафа Көкебаев балықшының отбасында
туып өстi. Хан ордасындағы төрт кластық училищенi және Омбыдағы мал
дәрiгерлiк училищенi бiтiрген Мұстафа белгiлi әдебиетшi, журналист болған.
Мұхамеджан Сералин шығарған “Айқап” журналында оның мақалалары жиi-жиi
басылып тұрды.
Ишанғали Меңдiханов Орынбор мұғалiмдерi семинариясын бiтiргеннен кейiн
мұғалiм, бiтiстiрушi судьяның тiлмәшi, Iшкi Орда басқармасында писарь болып
iстедi. Патшаның саяси режимiн сынап-мiнегенi үшiн отарлық өкiмет орындары
мен олардың ауылдағы жандайшаптары тарапынан И.Меңдiханов қуғын-сүргiнге
ұшырады. Ишанғали Меңдiханов өзiн драматург ретiнде де көрсеттi, ол қазақ
даласында алғашқылардың бiрi болып “Малдыбай” комедиясының, “Байғұстар”,
“Тамырлар” пьесаларының және басқа шығармалардың авторы болды.
Ишанғали Меңдiханов Бөкей Ордасы төңкерiстiк комитетiнiң құрамына
кiрдi, облыстық кеңестердiң бiрiншi съезiнiң жұмысына қатынасты, облыстық
атқару комитетiнiң мүшесi болып сайланды, Халық оқу-ағарту iсiнiң облыстық
комиссары болды.
1919 жылғы ақпанда Ишанғали алты жiгiттi ертiп, қазақ әскери
комиссариатының тапсырмасын орындау үшiн Қазыбай-қамысты көл деген жерге
барады. Мұнда ақ бандиттер оны ұстап алып, атып өлтiрдi.
“Дұрыстық жолы” газетiнiң хабарлағанындай, “Iшкi Орданың мейлiнше адал
әрi жiгерлi қызметкерлерiнiң бiрiнiң” өмiрi осылай қайғылы аяқталды. Ұлттар
iстерi жөнiндегi халық комиссариатының органы – “Жизнь национальностей”
газетi: “Қазақ халқы өзiнiң ең таңдаулы өкiлдерiнiң бiрiнен айырылды” деп
жазды.
Бөкей бөлiмшесiндегi ең беделдi қайраткер, баспа iсiнiң шебер
ұйымдастырушысы Сейiтғали Меңдешевтің есiмi де қалың көпшiлiкке жақсы
танымал. Қазан мұғалiмдерi семинариясындағы оқуын аяқтағаннан кейiн
С.Меңдешев Петроградқа, Мәскеуге, Саратовқа барып демократ
интеллигенттермен байланыс жасады, ал 1905 жылы Офэде бiрiншi орыс
төңкерiсiне тiкелей қатысты. Сол кездiң өзiнде-ақ С.Меңдешев халық ағарту
iсiнiң үлкен бiлгiрi ретiнде айрықша көзге түстi. Ол 1914 жылы Петроград
өткен Бүкiлресейлiк кеңесте қазақ даласындағы оқыту мен ағарту iсiнiң жайы
туралы баяндама жасап, қазақ халқын оқыту-ағарту жүйесiн қайта құру
жөнiндегi өзiнiң тұжырымдамасын ұсынған болатын. Ауыл мұғалiмдерiнiң
мұқтаждары мен “Қазақстан” газетiн шығару үшiн қаржы жинауға белсене
қатысқан да С.Меңдешев болды. Бұл газеттiң алғашқы сандары Офэде 1911 жылы
жарық көрдi. Меңдешев басқалармен бiрге патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы
жарлығы бойынша қазақтарды тылдағы жұмыстарға жегуге қарсы наразылық
бiлдiрдi. Бұл үшiн Астрахань түрмесiне қамалды.
1919 жылғы шiлдеде РКФСР халық Комиссарлары кеңесiнiң төрағасы
В.И.Ленин қол қойған мандат бойынша С.Меңдешев қазақ өлкесiн басқару
жөнiндегi әскери-төңкерiстiк комитеттiң мүшесi болып тағайындалды. 1920
жылғы қазанда Қазақстан кеңестерiң бiрiншi құрылтай съезiнде оны қазақ АКСР
Орталық Атқару комитетiнiң төрағасы етiп сайлады. 30-жылдары – оқу-ағарту
халық комиссары, одан кейiн республика үкiметi жанындағы ғылым жөнiндегi
мемлекеттiк комитеттiң төрағасы.
“Қазақ бөлiсi қызметiнiң маңызды нәтижесi Орда қаласында... тұңғыш
кеңестiк ұлттық баспаны ұйымдастыруы болды... Мұның өзi Бөкей облысы
жұртының ғана емес, сонымен бiрге жалпы қазақ халқының мәдени өмiрiндегi
зор маңызы бар оқиға болды[13]”. Сонымен Орда кезеңiнiң 1917 жылдан кейiнгi
уақыт iшiнде қазақстанда баспа iсiнiң қалыптасуы үшiн мән-мәнiсi бұған
дейiн бағаланып келгендегiден әлдеқайда зор болып отыр. Кеңестiк дәуiрде
кiтап шығару iсiнiң iргетасы қазақстанда нақ осы Бөкей облысында қаланды.
Болашақ қазақ мемлекеттiк баспасының шаңырақ көтеруiне алғышарттар жасалды.
1.3. Н.Төреқұлұлы – Орталық баспаның (Центриздат) ұйымдастырушысы және
басқарушысы
Ұлттық баспа iсiнiң бастауында, оның қалыптасуына еңбек сiңiрген қазақ
интеллигенциясының көрнектi өкiлдерiнiң бiрi – Нәзiр Төреқұлұлы тұрды.
Кеңес үкiметiнiң алғашқы жылдарында бiрқатар республикаларда баспа
жұмысы айтарлықтай дами қоймады. Осыған орай жергiлiктi ұлттық баспаларды
құрумен қатар, Мәскеу ұлттық кiтаптарды басып шығаруды ұйымдастыру
қажеттiгi туды. 1922 жылы 14 желтоқсанда БОАК және ХКК Күншығыс баспасы
туралы бiрлескен қаулы қабылданды.
Бұл құжаттың түпнұсқасы орыс тiлiнде жазылған, онда баспаны ұйымдастыру
жөнiндегi шешiм былай деп тұжырымдалған: “Выполняя постановление Совнаркома
малая коллегия Наркомнаца 20 декабря 1922 года поручила т.т. Брайдо и
Атабаеву пересмотреть положение о Восточном издательстве и в случае
отсутствия разногласий у них считать это постанолением коллегии. Тогда же
было и утверждено и правление организации издательства в составе т.т.
Торекулова, Атабаева и Алиева”.
Шығыс баспасының негiзгi мақсаты – шығыс кеңестiк республикалары мен
автономиялық облыстардың еңбекшiлер үшiн ана тiлiнде кiтаптарды басып
шығару және сол арқылы олардың қоғамдық-саяси дамуына ықпал ету болды.
Баспада редакциялық секция құрылды: қырғыз (қазақ), татар, башқұрт, өзбек,
әзербайжан, түрiк, удмурт және бурят-монғол.
Баспаның жұмысына басшылықты жалпы редакциялық кеңсе жүргiздi.
Баспаның Мәскеуде “Қызыл шығыс” атты типографиясы мен дүкенi болды.
Баспахананың материалдық базасы бiршама дұрыс едi: көп мөлшерде шығыс
қарiптерi болды, сондай-ақ батыс халықтарының қарiптерi де жинақталып, аз
ғана уақыт iшiнде көптеген күрделi тапсырыстар орындалды.
РКП (б) Орталық комитетiнiң арнайы құрылған комиссиясы баспа iсiне
қатысты бiршама iс-шараларды iске асыру қажеттiгiн дұрыс деп тапты. Шығыс
баспасын кадрлармен күшейту, шығынды өтеу мақсатында арнайы қаржы бөлу
баспаның негiзгi күшiн саяси-қоғамдық, көркем-әдеби және техникалық
кiтаптарды басуға жұмылдыру, баспалардың бiр бөлiгiн (әсiресе мерзiмдi)
республикаларға ауыстыру туралы ұсыныс жасалды.
1923 жылдан бастап, осы Күншығыс баспасының жанынан “Темiрқазық” атты
журнал шыға бастады. Бұл журналды ұйымдастырушы, оның жауапты редакторы да
– Нәзiр Төреқұлұлы болатын.
Журналда қоғамдық-саяси мақалалардан бастап, әдеби-мәдени дүниелер де
көптеп жарияланды. Басылым әсiресе ауыз әдебиетiне, ұлт әдебиетiнiң
классиктерiне көбiрек орын беруге тырысты. Қазақтың мақал-мәтелдерi,
жұмбақтары мен жаңылпаштары, арнау-толғаулары, жоқтау өлеңдерi осы журнал
жарияланып, кейiннен жеке кiтап ретiнде шығарылды.
“Темiрқазық” журналының бiрiншi нөмiрiнде “Күншығыс” баспасөзi
басқармасынан” деген редакциялық мақалада “... алдымен елдiң көгеруiне,
терезесi тең болып теңелуiне керек шарттың бiрi – ел бастайтын оқығандардың
көп болуы керек. Ендiгi заманның құбылысы өнер-бiлiммен ғана шешiледi”, деп
жалпы жұртқа сөз арнаған.
1923 жылы Орталық Батыс ¦лттық баспасы құрылды. Оның құрамында немiс,
поляк, еврей секциялары болды. 1924 жылы 13 маусымында жоғарыда көрсетiлген
баспалардың бiрiгуi арқасында КСРО халықтарының Орталық баспасы
(Центриздат) құрылды. Бұл баспаның ұйымдастырушысы және басқарушысы Нәзiр
Төреқұлұлы едi.
Баспаға ұлттық тiлдерде мерзiмдi және мерзiмсiз қоғамдық-саяси, ғылыми
оқулық әдебиеттердi жарыққа шығару мiндеттеледi. 1925 жылдың өзiнде бұл
баспадан 29 устеумен 38 солтүстiк кавказ, моңғол тiлдi ұлттар үшiн
шығарылды. Кiтаптарды теру үшiн орыс, латыш, араб, армян қарiптерi
пайдаланылды.
1925 жылы баспаның жанынан бiлiктi ұлттық полиграфия мамандарын даярлау
үшiн кәсiби мектеп ашылды. Орталық баспа 50 халықтар тiлдерiнде әдебиеттер
шығарды. Ол әмбебап баспаға айналды. Кiтап репертуарында – әлiппелер,
оқулықтар, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшiлiк, ауылшаруашылық, көркем балалар
және жасөспiрiмдер үшiн әдебиеттердi шығарды. Әр түрлi мәселелерге арналған
кiтапшалар шығаруды тәжiрбиеге айналдырды. Олардың бағалары өте төмен (2-5
тиын), таралымы көп болды (10-20 мың) дегенмен де Орталық баспа оқулық
әдебиеттердi шығаруға (көбiнесе бастауыш мектеп үшiн) баса назар аударды.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшiн Мәскеуде Орталық баспаның арнайы
баспаханасы құрылды. Бастапқы кезде кiшiгiрiм баспахана болса, 1925 жылы
iрi Кiтап фабрикасына айналды. Оның жанынан терушiлер мектебi ашылды. Онда
22 ұлт өкiлдерi бiлiм алды. Бұл жерде Орталық баспа мен оның бөлiмшелерi
үшiн ғана емес, сонымен қатар республикадғы ұлттық баспаларға да кадрлар
даярланды.
Шет ел баспасөзi фин-угор және түрiк тiлдерiндегi кiтаптардың тарихқа
шығуын ерекше мәдени оқиға ретiнде бағалады. Баспада 20 ұлттың өкiлдерi
жұмыс iстедi. 1924-1931 жылдар аралығында бұл жерде 5 мыңға жуық аталым
жарық көрдi.1928 жылы 50 тiлде 40 млн. данадан астам оқу құралдарын
баспадан шығарды.
Қазақ бөлiмiнiң айналасына ұлтымыздың танымал зиялылары топтастырылды.
Олар басылымдардың сапасын арттыруға көп күш жұмсады, өздерi кiтаптар
жазып, шет тiлiнен әдебиеттер аударды. Бөлiмнiң әдеби қызметкерi болып
iстегендер Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, С.Садуақасов, ¤.Тоғжанов т.б. Мысалы,
Ә.Бөкейханов туралы бас редактордың орынбасары Великовскийдiң мiнездеме-
пiкiрi: “КСРО халықтарының Орталық баспасы, қараша, 1927, 115-Л” Азамат
Ә.Н.Бөкейханов 1922 жылғы 14 желтоқсаннан 1927 жылғы қазанға дейiн
Мәкеудегi КСРО халықтарының Орталық баспасының қазақ секциясында әдеби
қызметкер болып қызмет еттi. Орталық баспада атқарған өзiнiң ғылыми және
әдеби қызметiнде азамат ... Н.Бөкейханов қазақтардың тiлiн, шаруашылығы мен
тұрмысын төбегейлi терең бiлумен қатар, өзiне жүктелген мiндеттерге аса
адалдықпен қарайтынын көрсеттi”.
Бұл мәлiметтердi құрастыруда негiзiнен, Мемлекеттiк кiтап палатасы
шығарған “Советтiк Қазақстанның кiтаптары”(I, II бөлiм), “Ақталған
жазушылар мен журналистер еңбектерiнiң көрсеткiшi” (1917-1937)” (1993).
“Қайта оралған есiмдер” (1998) библиографиялық көрсеткiштерi пайдаланылды.
Бiздiң пiкiрiмiзше, төменде келтiрiлiп отырған кiтаптар саны әлi
толықтырылуы мүмкiн.
№ Құрылым саласы Саны
1 Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар 75
- марксизм-ленинизм 19
- философия 1
- тарих 23
- экономика 10
- мемлекет және құқық 6
Педагогика 16
2 Ауылшаруашылық ғылымдары 37
3 Фольклор 9
4 Көркем әдебиет және әдебиеттану 27
5 Жаратылыстану 14
6 Техника ғылымдары 13
7 Медицина. Денсаулық сақтау. 14
Жалпы саны 190
Кiтаптардың негiзгi саны мен тақырыптары мен мазмұндары ауыл-селоны
кеңестендiру қазақтың көшпелі халқын отырықшылдыққа бейiмдеу, ұжымдастыру,
индустриялық дамуды жеделдету мәселелерiне арналды.
Осыған орай бұл баспадан аса көрнектi қоғам қайраткерi Тұрар
Рысқұловтың “Қырғызстан”, “Орта Азиядағы жергiлiктi халықтың 1916 жылғы
көтерiлiсi”, ¦.Кемеңгеровтың “Бұрынғы езiлген ұлттар”, “Қазақ тарихынан”,
Шығыс халықтары жастар одағының ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаев туралы
“Бiздiң Ғани” жинағы жарық көрдi. Қазақ зиялылары өз еңбектерiнде халықтың
қасiреттi кезеңдегi ауыр ахуалы туралы, зорлап ұжымдастыру сияқты асыра
сiлтеулер мен өрескел заңсыздықтар туралы пiкiрлердi ашық та батыл айтты.
Педагогика саласын С.Қожановтың “Арифметика”, И.Тастыбаевтың “Бастауыш
география”, М.Жұмабаевтың ересектерге арналған “Сауатты бол әлiппесi”,
Қ.Кемеңгеровтың “Қазақ тiлiн игерушi еуропалықтарға арналған оқулық” және
басқаларының дәрiстiк кiтаптары жарық көрдi.
Нәзiр Төреқұлұлы өзi де қалам тартып, осы жылдары “Қазақ-қырғыз үшiн
жаңа әлiппе”, “Жат сөздер”, “ұлт мәселесi және мектеп” деп аталатын
кiтаптар шығарған. Ғалымның “Жат сөздер” атты тамаша туындысы кезiнде
“Еңбекшi қазақ” газетiнiң бетiнде мақала басылған екен. Осы мақалада
мынадай дәйек сөз алынған: “Нәзiр жолдас кiтапшасында түрлi дәлелдер
келтiрiп, қазақ тiлi сөздiң құлағына қалай ен салып алатынын, тiлдi қалай
таза сақтауын түсiндiрдi. Кiтап дәлелдi, түсiнiктi және деп кезiнде
жазылған. Қазақ тiлiн ардақтағысы келген, өз тiлiн дұрыстағысы келген адам,
тiлi бетiне секпiл салып, аттарын бұзғысы келмеген адам Нәзiр кiтабын оқып,
ойлануы керек...”.
Осынау бiр киелi сөздер нақ бiзге, қазiргi ұрпаққа арналып жазылғандай
бүгiн де өз өзектiлiгiн жоймаған көкейкестi мәселе болып отыр.
II. Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметi
2.1. Х.Досмұхамедұлының баспагерлiк қызметi
Осы жылдары туған халқына танымал болған, ¦лтымыздың бiртуар перзентi
Халел Досмұхамедұлы – ғалым дәрiгер, тарихшы, тiл мен әдебиет зерттеушiсi,
қоғам қайраткерi, әрi баспагер. Ол 1923 жылы Орта Азия мемлекеттiк баспа
алқасының мүшесi, кейiн қазақ мелекеттiк баспасының Шығыс бөлiмiнiң
меңгерушiсi; 1924-1925 жж. Қазақ Ғылыми баспа комиссиясының төрағасының
орынбасары болып тағайындалды. Баспа басшысы ретiнде әлеуметтiк маңызы бар
кiтаптарды таңдап алу, халықтық мұраларға ерекше ыждағатпен қарау, олардың
барынша кем-кетiксiз, қатесiз шығуына тiкелей араласу – Х.Досмұхамедұлы
атымен шыққан кiтаптардың қай-қайсысына да тән басты белгi, көрсеткiш.
Түркiстан Халық Ағарту Комиссариаты өлкенiң рухани мәдениетiн өркендету
мақсатымен 1921 жылдың басында Ғылыми Кеңес құрды. Оның құрамында қазақ-
қырғыз Бiлiм Комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедұлы сайланды. Бiлiм
комиссиясы қазақ тiлiнде ғылыми және көркем әдебиет, әсiресе, оқулықтар
жазуға; халық әдебиет үлгiлерiн жинау, өңдеу, олардың түпнұсқасын дайындап
баспаға тапсыру жұмыстарына айырықша көңiл бөлдi. Бұл оның негiзгi қызметi
деп “Бiлiм комиссиясының 1921 жылдың қаңтарынан – 1922 жылдың қазан айына
дейiнгi Мемлекеттiк Ғылыми Кеңесiне берген жылдық есебiнде көрсетiлген.
Құжатты Х.Досмұхамедұлы өзi толтырып қол қойған.
Бiлiм комиссиясы 1921 жылы ұйымдастырылды, сол жылдың өзiнде 12 кiтап
қаралып, баспаға берiлдi. Оқулықтар құрастыруға қазақтың көрнектi зиялылары
тартылды. Атап айтқанда: М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Қожанұлы, Ә.Диваев,
М.Тынышбайұлы, т.б.
Ана тiлiнде тұңғыш оқулықтар жазудың қиындығын Х.Досмұхамедұлы өзiнiң
“Жануарлар” атты еңбегiнiң кiрiспесiнде былай деп сипаттайды: “Дәрiс
кiтаптардың жоқтығынан үлкен кемшiлiк және халық ағарту жолындағы зор
кедергiлер осындай кемшiлiктi жойып кедергi бұзу – бiлiмi бар қазақ
зиялыларының мiндетi. Алаштың iшiндегi бiлiмдiлердiң мойындағы борышын
атқаратын заман келдi. Бiлiмдi дегендердiң көбiсi дәрiстiк не өз бетiнен
жазуы, не бөтен тiлдерден аударуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz