Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары


Кіріспе
Қоғамда болып жатқан процестер экономикаға да, саясатқа да өзінің кері әсерін тигізіп, оның өмірде белең алуы жиі кездесіп жатады. Нарықтық қатынасқа көшу, шаруашылықтың жаңа нысандарын пайдалану, қоғамдық сананың бірден өзгеруі - қазіргі идеологияның, құқық жүйесі, моральдық нормалардың тоқырауға ұшырауына әсер етіп, қылмыстың белсенді бағыт алуына алып келді.
Егер 1996 жылы Қазақстанда 183977 мың қылмыс тіркелсе, 2002 жыл жоғарыдағы көрсеткіш 219901-ге өскенін көрсетті. Қылмыс әлемінде Қазақстан «қайта құрудан» өскенін дәлелдесе, ол қылмыстың ауыр түрлерінің өскенінен көрініп отыр. Мәселен, 2002 жылы 2625 қасақана адам өлтіру тіркелсе, бұл 2001 жылға қарағанда 7 %-ке өскенін көрсетіп, он жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есе көп екенін дәлелдеп берді.
Жалпы қылмыстылықтың жас жеткіншектерге әсерін тигізбей қоймайтынын олардың қолымен іске асқан қылмысынан көріп, жасы толмағандар арасындағы қылмыстылықтың өсіп отырғанын байқауға болады. 1996 жылы Қазақстан бойынша кәмелетке жасы толмағандар қылмысы 13724 санын көрсете, 2001 жылы 16244-ке жеткендігімен ерекшеленеді.
Кәмелетке жасы толмағандар қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. 78, 2% қылмыс олардың мүліктік қылмысқа барғанын көрсетсе, 49, 4% қылмыстың жеке адам мүлкін урлауға бағыт алғанын, ал, 17%-тің мемлекет және қоғам мүлкін тонауға, 11, 2% қылмыстың тонау мен шабуыл жасап тонауды құрағанына куәгер боламыз.
Қылмыстық процесс ғылымында шешуін таппаған күрделі проблемалардың бірі ретінде қоғамға жат әрекеттерімен көрінген кәмелетке жасы толмағандарды ерте бастан тауып, алдын алу жолдарын қарастыру мәселесі болып қалып отыр. Ал, бақылаусыз қалған жасөспірімдердің неліктен ондай халге жеткендігінің себеп-салдарын анықтау жеке тұрақты зерттеуді қажет етері сөзсіз.
Жоғарыда келтірген көрсеткіштердің барлығы нарықтық қатынасқа өткен кезеңде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды жүктеп, қылмыспен, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыспен күресті күшейтүге шешүші негіз бола алады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың республика құқық қорғау органдарының басшылары мен облысы әкімдерінің қатысуымен өткізген кеңесінде: « . . . әрбір екінші қылмысты жасы толмаған балалар топ болып жасаса, әрбір үшінші қылмысты ересектер ықпалымен жүзеге асырған» - деуі ойландырарлық мәселе.
Президенттің жасөспірімдер құқық бұзушылығы мен жасы толмағандар қылмысы үшін мектептің, олардың ата-анасы істейтін мекемені жауапкершілікке тарту мәселесін көтеру - құқық қорғау органдарының жұмысына тағы бір жауапкершілікті жүктесе керек.
Кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыстың саласына бастауы, оның тамырын кеңге жая түсуі құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен криминалист ғалымдардың алдына қылмыстың алдын алудағы нақты шараларға қоса, құқық қорғау органдары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның істеген келелі істерінің тиімділігіне баға беру міндетін де жүктейтінін айтпасқа болмайды.
Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысын зерттеген әлеуметтік -құқықтық тұрғыдағы арнаулы еңбектер көрсеткендей, ұрлық, тонау, шабуыл жасап тотнау, бұзақылық және меншікке зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылғандардың 2/3-сі қылмысты жасөспірім кезінен жасаған.
Бұл көрсеткіш ұры-рецидивистер арасында одан да жоғары.
Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық тәртібін бұзушылыққа қарсы профилактикалық шаралар жүргізу өте қажет. Құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту құқық қорғау органдарына қоса, қоғамдық ұйымдар, мектеп пен жанұяның бірігіп істер жүргізуін қажет етеді.
Сот тәжірибелері көрсетіп отырғандай, кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысына қоса, соңғы кезде жасөспрімдер (9-13) құқық бұзушылығы да көбейіп барады. Ол жалпы қылмыстың құрамын толықтыруда.
I. Қылмыстың процестегі дәлелдеу затының түсінігі, мазмұны
1. 1. Дәлелдеу затының түсінігі.
«Дәлелдеу заты» ұғымының көп қырлылығы оның мәнісі мен маңызы туралы ғылыми түсініктердің көп болуына байланысты.
Әдебиетте «таным заты» немесе «зерттеу тақырыбы» атты арнайы ұғымдарды негіздеудің және олармен дәлелдеу заты арасындағы айырмашылықты көрсетуге әрекеттер жасауы. Мысалы, В. Д. Арсеньев былай деп жазды: «мән-жайды дәлелдеу арқылы ғана емес, тікелей таным арқылы да анықтауға болады»1. Егер басты фактіге енетін жағдай дәлелдеу жолымен ғана анықталатын болса, қылмыс жасауға септігі тиген жағдайларды басқа да жолдармен анықтауға болады. Осыдан келіп дәлелдеу заты және таным заты деп бөлу пайда болды. Сонымен бірге дәлелдеу процесінің мәнісі-бұл қызмет таным процесінің бір түрі екендігі туралы куәландырады. Демек, дәлелдеу заты таным затының құрамдас бөлігі болып табылады.
Дәлелдеу заты әрбір қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын жағдайлардың жүйесін білдіреді. Мұндай мән-жайлардың тізбесі ҚІЖК-нің 117, 481-баптарында берілген, бірақ толық қамтылмаған. Әрбір нақты мән-жайда бұл тізбе қылмыстық кодекс баптарының диспозициясы тұрғысынан толықтырылады, нақтыланады. Қылмыстық кодекс бойынша, сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің жалпы бөлімінің тиісті ережелерімен айыптауға баға беріледі2.
М. С . Строгович дәлелдеу затын былай деп белгілейді: «Істі дұрыс шешу үшін дәлелдемелердің көмегімен анықталуға жататын қылмыстық істің фактілері, жағдайлары дәлелдеу затын құрайды. Әрбір дәлелдеме дәлелдеу затымен байланысты, ол дәлелдеу затына енетін қандай да бір
фактіні анықтайды3.
Л. М. Карнеева дәлелдеу затының құқықтық табиғатына ерекше назар аударып, былай деп жазған болатын: «Заңның өзінде көрсетілген дәлелдеу заты дәлелдеудің белгілі бір кезеңін сақтайтын, процессуалдық шешімді негіздеу үшін қажетті іс үшін маңызы бар жағдайлардың ең төменгі деңгейін белгілейді»4.
А. А. Эйсман дәлелдемелер мен қылмыс оқиғасы арасындағы логикалық-гноселогиялық байланысты атап көрсетеді. Атап айтқанда, ол дәлелдеу затын - қылмыстық істі дұрыс шешу үшін және сот ісін жүргізу міндетерін әрбір нақты жағдайда жүзеге асыру үшін маңызы бар зерттеліп отырған оқиғаның қасиеті мен байланысын бейнелейтін жағдайлар жүйесі ретінде белгілейді5.
Осыған ұқсас анықтаманы А. С. Кобликов та ұстанып, дәлелдеу затын «істі дүрыс шешу үшін қылмыстық іс бойынша дәлелдеу барысында анықталуға тиісті мән -жайлардың іс үшін маңызы бар жыйынтығы»6, - деп белгілейді.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан В. А. Баниннің көзқарасы біршама ерекшеленеді. Ол былай деп жазады: «Дәлелдеу затының заңдық кестесі дегеніміз-нақты іс бойынша процесті жүргізуші лауазымды адамдардың және қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін талап етілетін қылмыстық оқиғалардағы жағдайларды табу және анықтау жөніндегі процеске қатысушылардың қызметтерін басқаратын нормативтік тәртіп мәндері жинағынан тұратын ақпараттық жүйе»7.
М. М. Михеенконың түжырымдаған дәлелдеу заты түсінігінің анықтамасы теориялық-құқықтық тұрғыдан қызығушылық туғызады. Ол былай деп жазады: "Дәлелдеу заты дегенді . . . қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды шешу үшін, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің алдын алу шараларын қабылдау үшін қажетті қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген
мән-жағдайлардың жиынтығы деп түсінуіміз керек»8.
Келтірілген анықтамаларды талдау дәлелдеу заты үшін анағұрлым тән сипаттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
- дәлелдеу затының құқықтық сипаты бар, қылмыстық іс жүргізузаңдары ұйғарымдарымен байланыста болады;
- дәлелдеу заты қылмыс оқиғасымен гносеологиялық байланыстаболады және бет алды сипат алуы мүмкін емес;
- дәлелдеу затының элементтері - қылмыс жасаудың түсінік беретін оңтайлы ақпарат жүйесі;
- қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу дәлелдеу затынанықтамайынша мүмкін емес;
- дәлелдеу затына енетін мән-жайлар тізбесі ең төменгі деңгейдеболады;
- бұл тізбе әрбір іс бойынша анықтау үшін міндетті болып табылады;
- дәлелдеу затының ең болмаса бір элементін анықтамау іс толық көлемде жиналмағандығын білдіреді;
8. дәлелдеу затының элементтері логикалық тұрғыдан өзара
байланысты және өзара себепші болады, уақыт және кеңістік, жалпы және
жеке меншік, тұтас және бөлек, алғышарт пен салдар және тағы басқа да
философиялық категориялардың мәнімен және мазмұнымен анықталады.
Дәлелдеу затының құқықтық сипаты туралы айта отырып, болашақ заңдық тұрғыда анықталатын дәлелдеу соңғысына тән құдық нормалары элементтерінен өзінің нормативтік бекітілуін табуға тиіс екенін есте ұстау қажет. Осы көзқарастар тұрғысынан дәлелдеу затының құқықтық табиғатын шектеу Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 117 және 481-баптарының мазмұндарымен байланысты ғана біржақтылыққа және мәселенің мәнісін толық түсінбеушілікекке әкеп соғады .
Дәлелдеу затының жорамалы бірқатар қылмыстық іс жүргізу нормаларында көрініс тапқан және жинақтаушы сипаты бар. Жорамалдаудың мәні мынадан көрінеді: қылмыстық іс бойынша іс жүргізген адам не орган Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 117-бабында, кәмелетке толмағандардың істері бойынша, сондай-ақ Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 481-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтауға тиіс. Уәкілетті адамның (анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья) не уәкілетті органның (қылмыстық ізге түсу органы, сот) процессуалдық жағдайына, сондай-ақ Іс жүргізудің кезеңіне байланысты туындайтын құқықтық салдардың түрлі сипаты болады.
Дәлелдеу затының уақытша сипаты туралы мәселеге де мүлделік білдіріп отыр. Мәселен, А. Я. Дубинский былай деп атап өтеді: «Әдебиетте қылмыстык сот ісін жүргізуде өткенде орын алған фактілер мен жағдайлар ғана дәлелденуге тиіс деген пікірлер кездеседі. Мұндай қате пайымдаулардың болуы, сірә, мынандай жағдаймен түсіндірілсе керек. Құқық қорғау органдары жасалынып кеткен қылмыстың механизмін шынында да бірінші кезекте зерттейді. Алайда мынаны да ұмытпау керек, жасалған қылмысқа байланысты дәлелденуге жататын көптеген мән-жайлар осы шаққа қатысты болуы мүмкін, олардың ішінде мыналар да бар:
- қылмыстың салдары;
- қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын мән-жайлар;
- қылмыстың себептері;
- оны жасауға себепкер болып сақталып қалған жағдайла. 9
Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінде «Дәлелдеу заты» атты дербес норма енгізу ұсынылып жүр, мұның өзі Б. А. Тетенькиннің пікірі бойынша дәлелдеу заты бір мәнді емес деуді жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Бұл орайда дәлелдеу затына:
сотталушының қылмысқа қатысу деңгейі;
- қылмыстық іс-әрекеттің даму кезені;
- әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоққа шағаратын жағдай;
- қылмыстың нақты қүрамының белгілері;
- іс бойынша іс жүргізуді жоққа шығаратын мән-жай: сотталушығажазаны қолдану немесе колданбау;
- басқа да элементтерді енгізу ұсынылады. 10
РСФСР ҚІЖК-нің теориялық моделін жасаушылар (1990 жыл) осы
проблемаға қатысты қызықты айқындаманы жүзеге асырды. Атап айтқанда А. М. Ларин дәлелдеуге жататын мән-жайларға арналған дербес тарауда негіздемелер туралы жекелеген нормалар қарастыруды ұсынады:
- қылмыстық істерді шешу;
- айыптау мен соттау үшін;
- бірнеше қылмыстары мен бірнеше айыпталушылары бар іс бойыншаайыптау және соттау үшін;
- ақтау үшін;
- кінәсі туралы мәселені шешпестен істі қысқарту үшін. 11
Сөз жоқ, мұндай көзқарас сот ісін жүргізудің кезеңіне және өзге де нақты қалыптасқан жағдайларға қарамастан іс бойынша дәлелдеу затының бірлігі туралы дәстүрлі түсінікті жоққа шығарады. Оның үстіне дәлелдеудің жалпы және арнайы затының мәні өзгереді. Егер қылмыстық істерді шешудің негіздемелері туралы норманың жалпы сипаты болса және өзіне элемент ретінде арнайы сипаттағы дәлелдеу затын қосатын болса, өзге нормалар арнайы тақырыпты саралау жолымен реттейді. Арнайы тақырып қолданылып жүрген құқықта орын алғаны сияқты субъектінің (кәмелетке толмағанның) белгілері немесе оның процессуалдық - құқықтық ерекшеліктеріне (осыған қатысты қозғалған істің болуы) қатаң түрде бағдарланбаған. Арнайы тақырып аталған теориялық модельде ықтимал материалдық және процессуалдық - құқықтық салдарларына байланысты процессуалдық маңызы бар жағдайлардың барлық жиынтығына бағдарланған. Мәселен, айыптау мен соттау сияқты процессуалдық - құқықтық салдарлар туындауы үшін мыналарды дәлелдеу қажет:
1) қылмыс объектісі;
- жәбірленушінің тұлғасын сипаттайтын жағдай;
- қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшері;
- уақыты, орны, тәсілі, сондай-ақ қылмыстық заңда аталған басқада мән-жайлар;
- қылмыс жасаудың жағдайы;
- әрекет пен соның нәтижесіндегі қоғамдық қауіпті себепті байланыс;
- айыпталушының қылмыс жасағаны;
- қылмысты тікелей немесе жанама оймен не ұқыпсыздықтаннемесе менмендікпен жасағаны;
- қылмыстың себептері мен мақсаттары;
- айыпталушының тұлғасын сипаттайтын жағдай;
- қылмыстың себептері;
- оны жасауға жәрдемдескен жағдайлар.
Бірнеше қылмыстар және бірнеше айыпталушылар туралы іс бойынша айыптау мен соттауға арналған дәлелдеу заты айыптау мен соттау үшін дәлелдеу затының элементтерін қамтиды, сондай-ақ қосымша элементтерді көздейді (бір немесе бірнеше қылмысқа бірнеше адамның қатысқандығын дәлелдеу және тағы басқа) .
Біздің пікірімізше, мұндай айқындама өзінің барлық татымдылығына қарамастан, төтенше күрделі және теориялық тұрғыдан толық анықталмаған (алайда, дәлелдеудің жалпы және арнайы затын саралап белгілеудегі ұтылуы бастаманы жоққа шығарала алмайсың) .
1. 2. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегі.
Дәлелдеу заты деген ұғыммен қылмыстық істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын, объективтілігін қамтамасыз ету және бағалау үшін құрал болып табылатын екінші бір ұғым байланысты. Мұнда әңгіме соңғысының іс үшін маңызы болуы мүмкін барлық мән-жайларды толық және жеткілікті анықталуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктері жайлы болып отыр. Басқаша айтқанда, дәлелдеу шектері - бұл дәлелдеуге тиісті мән-жайлар «кешенін» анықтау жолымен істі дұрыс шешуді қамтамасыз ететін, іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қажетті және жеткілікті жиынтығы. Дәлелдеу заты мен дәлелдеу шектері өзара байланысты және өзара тәуелді болып табылады: дәлелдеу заты мақсаты, ал дәлелдеу шектері оған жетудің құралдарын бейнелейді. 12
- Сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуде қажеттіжәне жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеуүшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануға міндетті.
- Қылмыстық ізге түсу органдары нақты деректерді анықтайды, солардың негізінде іс үшін мәні бар мән-жайлар белгіленеді.
- Қылмыстық істі қараушы сот объективтілік пен бейтараптылықтысақтай отырып, айыптау жіне қорғау тараптарына олардың істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеу құқықтарын жүзеге асыру үшінқажетті жағдай туғызады. Сот тараптардың пікірімен байланысты емесжәне өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауүшін қажетті шараларды қолдануға құқылы.
4. Айыпталушыны әшкерлейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықтауға жатады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы туралы, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерді тексеруі тиіс (ҚР ҚІЖК-нің 24-бабы) .
Дәлелдеу шектерінің ұғымына, бір жағынан, мәнді құбылыстар мен олардың байланыстарын танудың қажетті және жеткілікті толықтығын қамтамасыз ету талаптары, екінші жағынан тану нәтижелерінің сенімділігі талаптары кіреді. Басқаша айтқанда, дәлелдеу шектері нақты іс бойынша оның шектерін жиналған дәлелдемелер жиынтығы сапалы жағынан дәлелдеу затының әрбір элементін анықтауды қамтамасыз ететіндей қылып айқындауды білдіреді. Сандық жағынан олар дәлелдеу адресаты сот өндірісінің тәрбиелік және ескерту әрекетіне тартылған барлық тұлғалар үшін осы мән-жайлардың дәлелді анықталғандығына кепілдік беруі тиіс. 13 Осылайша, дәлелдеу пәні іс бойынша оны қамтуға тиісті мән-жайларды жауаптылық, жаза және тағы басқа сұрақтарды шешу үшін фактілік негіздеме ретінде қамтыса, дәлелдеу шектері іс бойынша анықталуға тиісті мән-жайларға қатысты және олар туралы нанымды тұжырым жасауға мүмкіндік беретін (дәлелдеу пәнін анықтауға қажетті фактілік негіздеме) дәлелдеу материалын қамтиды. 14
Дәлелдеу затының маңызы дәлелдемелерсіз белгілі болған мән-жайдың мәнісі мен сипатын анықтамайынша толық болмайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 118-бабына сәйкес мыналар дәлелдемелерді талап етпейді:
1) жалпыға белгілі фактілер;
- осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпте жалпықабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
- заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленген мән-жайлар;
- адамның заңды білуі;
- адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
- олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және оларнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекеменікөрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелсізанықталған болып саналады.
Аталған мән-жайлар қылмыстық процесс барысында керісінше дәлелденбесе анықталған деп есептеледі.
Мұндай құқықтық ереженің болуының үлкен маңызы бар, ол мынадан көрінеді:
- процессуалдық әрекеттердің қылмыстық іс бойынша жүргізілетінжұмыс көлемі елеулі түрде қысқарады (мәселен, әкімшілік-аумақтықшекара белгіленген шектерде белгілі бір аумақтың белгілі бір ауданға, облысқа жатқызылуы: Ақмола облысының аумағы Қазақстан аумағынажатады; Медеу ауданының аумағы Алматы қаласының аумағына жатады) ;
- қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің мерзімдері қол жеткізеді;
- іс жүргізуде белгілі бір орнықтылық пен тұрақтылық қамтамасызетіледі (мәселен, тергеушіге қылмыстық іс жүргізуді тапсыру өз өзінен олүшін тергеушіде қажетті білім мен дағдылар, заңды өкілеттігі бар екендігінбілдіреді) ;
- сотқа сенім білдіру, қылмыстық процесте сот әділдігі мақсаттарынақол жеткізу (процесс барысында сот әділдігі мақсаттарын тану, дербесдәлелдеуді талап етпейтін, заң тәртібімен белгіленген құқықтық фактретінде преюдиция процесінде тану; заңды күшіне енген соттың үкімінемесе басқа да шешімі анықталған мән-жайларға, сондай-ақ құқықтық бағалауға қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады) .
Дәлелдеу заты ұғымы, біріншіден, объективтік шындыққа қол жеткізу деңгейі көзқарасы тұрғысынан дәлелдеу барысының өзің, екіншіден, қатыстылығы және іс жарамдылығы, толықтығы, объективтілігі және жан-жақтылығы, дұрыстығы және сенімділігі көзқарасы тұрғысынан қалыптасатын (немесе қалыптасқан) дәлелдемелер жүйесі тұрғысынан сипатталатын дәлелдеу шектері ұғымымен байланысты15 екенін жоғарыда айтып өткенбіз.
Сонымен бірге әдебиетте қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу шектерінің мәнісі мен маңыздылығы туралы әр түрлі пайымдаулар айтылып жүр.
«Дәлелдемелер теориясының» авторлары дәлелдеу шектерін дәлелдемелердің қажетті және жеткілікті жиыны деп түсінеді, іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиыны деп түсінеді, іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиыны дәлелдеуге жататын мән-жайлардың, ізделенетін кешенін анықтау жолымен істі дұрыс шешуді қамтамасыз етеді. 16 Осы көзқарасты процессуалистердің көпшілігі қолдайды. Бірақ, В. П. Корюкаев есептейтіндей, 17 мұндай көзқарас «дәлелдеу шектерінің бір жағын ғана білдіреді, өйткені болмысты дұрыс бейнелейтін дәлелдемелердің жиынтығы оқиғаның мән-жайы туралы сенімді қорытындыны қалыптастыруға байланысты, қорытынды өз кезегінде дәлелдемелерді бағалау негізінде жасалады. Дәлелдемелерді бағалау дәлелдемелердің жалпы процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, әңгіме дәлелдеудің шектері туралы емес, олардың алғышарттары туралы ғана болуы мүмкін.
Дәлелдеу шектерінің мазмұны дәлелдемелер мен олардың көздерінің көлемін қамтитын не дәлелдеудің шектері мен заты арасында шекара қойылмайтын бірқатар пайымдаулар да бір жақты болып табылады. М. С. Строговичке сілтеме жасайтын болсақ, ол былай деп тікелей атап көрсетеді: « . . . Дәлелдеу затының анықтамасы іс бойынша зерттеудің шектері мен бағыты анықтамасын білдіреді». 18 Бұл орайда ол дәлелдеу заты мен дәлелдеу шектері ұғымдарының ұқсастығы туралы Г. М. Миньковскийдің пікіріне сілтеме жасайды.
Сөз жоқ, дәлелдеу заты мен дәлелдеу шектерінің өзара байланысты екендігіне қарамастан, бұл ұғымдар бір мәнді емес. Ф. Н. Фаткуллиннің пікірі бойынша қылмыстық процестегі дәлелдеу шектері дегенді «тексерілетін тергеу жорамалдарының толықтығын, анықталуға тиісті фактілердің терең зерттелуін, осы фактілердің болуын немесе нақтылығын тану үшін міндетті дәлелдемелер мен олардың көздерінің толықтығын және іс бойынша жасалған қорытындылар негіздемелерінің жеткіліктігін білдіретін осы қызметтің шекаралары» деп түсіну қажет. 19
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz