Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар



Жоспар:

І Кіріспе.

ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.

ІІ Негізгі бөлім.
1. Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы.
Егістікке пайдаланатын жерлердің нашарлауы;
Тың игеру науқанының топыраққа әсері;
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы;. Өсімдік . жер шарының "өкпесі".
Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы.
Жануарлар . табиғат туындысы;
Адамдардың жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері;
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру;
4. Қазақстан аумағындағы полигондар.
5. Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
6. Балқаш көлі . Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі.
7. Каспий теңізінің экологиялық ахуалы.
8. Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар.
9. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері.
10. Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау
себептері.

ІІІ Қорытынды.
Кіріспе.
 ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген « тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны арттты.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан-байтақ өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. Жер бедері бірде тайгага ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға ауасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз тартады. Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз жазық дала орталық Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстікке қарай Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньға иек артады. Республика аумағы 4 аймаққа бөлінеді.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалар мен ластанған 6 млрд. м³ ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай т.б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық орналасқан орнына байланысты. Онсызда ауа алмасуы нашар қаланың құрылыстары оның жолына азын-аулақ бөгет болуда. Мысалы, тау аралық ауа қозғалысының долында тұрған аумаққа «Самал» ықшам ауданының салынуы осыны аңғартады. Оның орнына Фурманов, Достық көшелерінің аралығындағы Медеуден келетін ауа қозғалысының жолында тұрған осы ауданда үлкен бақ, парк жасаса, ол қаланың өкпесіне айналған болар еді.

 Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деграцияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 проценті шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн га жайылым, 34млн га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жердің 180 млн га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясы, 60 млн га тұздану, 10 млн га химиялық және радиактивтік заттармен ластанған. Солтүстік облстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қара шірігінің 25-30 % жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы мың га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптің қалдықтарымен ластануы, ауыр метелдардың жинақталуы, радиоктивті элементтердің және ракета ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңа Дария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржолата жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойнша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклитпен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол Республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр. Соңғы жылдары байқалып отырған әлеуметтік климатттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейітті белдемдеріне әсерін тигізіп, егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агро-техникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендеттті. Топырақтың ауыр металлдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоктивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптен шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн тонннаға жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. Павлодар, Екібастұз, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және отты заттармен ластануға ұшыраған. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақсатан аумағында ядролық қарулар сыналған жердің көлемі Ақтөбе облысында- 4207,5; Атырау-2635,3; Шығыс Қазақстан-11,1; Жамбыл-2576,1; Батыс Қазақстан-1558,8; Орталық Қазақстан-19,6; Маңғыстау-21,4; Павлодар-717,0: Оңтүстік Қазақстан-8,1; Семей-941,2 мың га жерлерді қамтыған. Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидттерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Авторы: Сағынбаев.Ғ.Қ.
"Экология негіздері" Алматы 1995 жыл.
2. Авторы: Бейсенова.Ә; Самақанова.А.
"Экология және табиғатты тиімді пайдалану"
Алматы 2004 жыл.
3. Авторы: Жаттамбаев.Ж.Ж.
"Экология негіздері" Алматы 2004 жыл.
4. Авторы: Асқарова.О.Б.
"Экология және қоршаған ортаны қорғау"
Алматы 2004 жыл.
10. Авторы: Хаскин.В.В.
"Экология" Москва 1998 жыл.
11. "Экологическое оброзование в Казакстане"
№6 ноябрь-декабрь 2005.
Л.Т.Малаева.

Тақырыбы: "Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар"

Жоспар:
І Кіріспе.
ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.
ІІ Негізгі бөлім.
1. Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы.
Егістікке пайдаланатын жерлердің нашарлауы;
Тың игеру науқанының топыраққа әсері;
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы;.
Өсімдік - жер шарының "өкпесі".
Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы.
Жануарлар - табиғат туындысы;
Адамдардың жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері;
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру;
4. Қазақстан аумағындағы полигондар.
5. Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
6. Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі.
7. Каспий теңізінің экологиялық ахуалы.
8. Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар.
9. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері.
10. Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау
себептері.
ІІІ Қорытынды.

Кіріспе.
➢ ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым
қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі
мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын
күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат
арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс
материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы
жедел игеріле бастады. Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге
айналдырып, бермесін тартып аламыз деген көзқарас қалыптасты. Мұның
барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән
құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен
әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі,
әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние
жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті.
Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс
аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы
жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның
ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық
жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп
кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген тұтыну қысымын өсірді.
Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының
мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны
жеделдете қанау оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп
оларда тұратын халық саны арттты.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы
табиғи байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан-байтақ өлкенің қысы
Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми
қайнатады. Жер бедері бірде тайгага ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде
жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал
құмды жоталарға ауасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз тартады.
Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз жазық дала орталық
Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына ұласып, одан әрі
оңтүстікке қарай Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар
Алатауы мен Тянь-Шаньға иек артады. Республика аумағы 4 аймаққа бөлінеді.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай металлургия, отын
өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл
сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалар мен ластанған 6 млрд.
м³ ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200
млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін
игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын,
мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай т.б.
кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның
қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық
орналасқан орнына байланысты. Онсызда ауа алмасуы нашар қаланың құрылыстары
оның жолына азын-аулақ бөгет болуда. Мысалы, тау аралық ауа қозғалысының
долында тұрған аумаққа Самал ықшам ауданының салынуы осыны аңғартады.
Оның орнына Фурманов, Достық көшелерінің аралығындағы Медеуден келетін ауа
қозғалысының жолында тұрған осы ауданда үлкен бақ, парк жасаса, ол қаланың
өкпесіне айналған болар еді.

➢ Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың көлемі
өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді
дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деграцияға ұшырап, құнарсыздану,
шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика
жерінің 180 млн. га немесе 60 проценті шөлге айналған. Барлық жердің 235
млн га жазық жерлер, 185 млн га жайылым, 34млн га таулы аймақтар алып
жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жердің 180 млн га жері жарамсыз
жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясы, 60 млн га тұздану, 10 млн
га химиялық және радиактивтік заттармен ластанған. Солтүстік облстарда тың
игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қара
шірігінің 25-30 % жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай газ
өнеркәсібінің қарқындап дамуы мың га астам жерді қамтыса, топырақтың
техногенді бүлінуі 2,5 млн га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып жатыр.
Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда
жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптің қалдықтарымен ластануы, ауыр
метелдардың жинақталуы, радиоктивті элементтердің және ракета ғарыштық
қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір
аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен
Сырдария өзендерінің су бассейінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен
тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының
экологиясына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңа Дария
өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржолата жойылу үстінде. Арал
өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойнша топырақтың химиялық улы заттармен
және радионуклитпен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке
пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол Республика бойынша
26610,7 мың га жерді алып жатыр. Соңғы жылдары байқалып отырған әлеуметтік
климатттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейітті белдемдеріне әсерін тигізіп,
егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың
құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның
үстіне топырақты қорғаудың агро-техникалық шаралары, қар тоқтату,
органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен
пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді
зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендеттті.
Топырақтың ауыр металлдармен және радионуклидтермен ластануы барлық
аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен
орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау
және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде
химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоктивті
қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптен шығарылған химиялық заттар Шығыс
Қазақстан бойынша жылына 5 млн тонннаға жетіп отырғаны тіркелген.
Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар,
Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым
жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор,
бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. Павлодар, Екібастұз,
Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және отты
заттармен ластануға ұшыраған. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақсатан аумағында
ядролық қарулар сыналған жердің көлемі Ақтөбе облысында- 4207,5; Атырау-
2635,3; Шығыс Қазақстан-11,1; Жамбыл-2576,1; Батыс Қазақстан-1558,8;
Орталық Қазақстан-19,6; Маңғыстау-21,4; Павлодар-717,0: Оңтүстік Қазақстан-
8,1; Семей-941,2 мың га жерлерді қамтыған. Қазақстанның құрғақ климаты
жағдайында радионуклидтер баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді
бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидттерді
өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал адам баласы
өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап,
зардап шегеді.

➢ Өсімдік – жер шарының өкпесі.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми
лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік –
жер шарының өкпесі деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз
елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Жер шарында орман қоры 21,8 млн га жерді алып жатыр. Яғни,
Республикамыздың барлық жерінің 3,35% құрайды. Біздің еліміздегі ормандар
жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың
бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың
ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша азая түсуде.
Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі
себептері- адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған
ортаның ластануы. Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы
биосфера үшін маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су
балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың
көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптарға жер асты сулары өзен мен
көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі – дәрмектік
өсімдіктердің, жеміс- жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып
табылады. Ормандардың егістік алқаптарды қорғауда да рөлі зор. Орманды
жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы
кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады. Орманның
ауаны тазартатын қасиеті де бар. Мысалы 1га орман бір күнде 220-280 кг
көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп щығарады. Яғни, ауаның
құрамын толықтырып отырады. Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы.
Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері т.б. демалыс орындарының тек қана
орманды жерде салынуы тектен – тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылым басым. Өсімдіктің біздің
жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып
бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы Қызыл кітап
шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды
сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың
бірі- сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып
қорықтар ұйымдастыру. Сирек және дәрілік өсімдіктерді қорғау баршаның ісі.
Біздің жеріміз дәрілік өсімдікке бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар
Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе
алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай т.б. өсімдіктер
медицинада кеңінен қолданылады. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар
сирек кездесетін сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың да
саны азайып барады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан,
жайылымдардың тозу салдарынан, сирек кездесетін өсімдіктердің азайюынан
бүлінуде. Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм,
Тауқұм, Сарыесікатырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты жоталары бар. Олардың
бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екіншіден, жайылым
қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған
жердің көлемі 25 млн га жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар
қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызап,
қамқорлыққа алуымыз керек. Сирек өсімдіктердің қотарына ағаштар да жатады.
Оларды кесіп отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек.
Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, емен т.б.
ағаштарды қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе, орман ағаштарын кесу етек
алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты- жасанды жолмен орман қорын
көбейту. Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе - өрт. Өрт
көбінесе адамдар жіберген ағаттығынан болады. Орманның өрттен басқа да
жаулары бар. Олар- орман зиянкестері кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік
аурулары, паразиттер, саңырауқұлақтар мен вирустар. Оларды жою химиялық
және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады.

➢ Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы.
Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің
де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең
таралады. Дүние жүзінде жан- жануалардың 1,5 млн түрі бар. Бірақ жыл сайын
ғылымға жаңа түрлері белгілі болып отыр. Жануарлардың тіршілік үшін қызметі
сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі
үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы.
Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен.
Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп
келеді. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге
олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д.Фишердің
мәліметі бойынша 1600 жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, құстардың 94
түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен.
Олардың қатарына – дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, каролин тотысы
т.б. жатады. Қазақстан жерінде өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер,
құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі.
Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 жылы қазақ аңшысы атып
алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін
қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең
даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ.
Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің- 155, құстардың-
481, бауырымен жорғалаушылардың-48, қосмекенділердің-33, балықтардың-140
түрі тіршілік етеді. Десек те соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар
дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер
етіп отырған – антропогендік факторлар. Кең - байтақ жерімізде жүйткіп
жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт
азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп құрып бара жатыр. Айталық,
қазақтың кең даласын қаптап жүрген құландар қазір жоқтың қасы. Оның басты
себебі есепсіз аулау. Қазақстанда біраз аңдар мен құстар біржола құрып
кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына- қар батысы, құдыр, қызыл қасқыр,
арқар, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, көк суыр, қоңыр аю, күзен,
сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы т.б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ,
безгелдек, саңырау құр, қоқиқаз т.б. атауға болады.
Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі бір
қарағанда табиғи заңдылық. өйткені эволюциялық даму барысында бір түр
жоғалып, екінші түр пайда болып отыр. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың
өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты. Адам баласы
жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті
түрде пайдаланған. Сондықтан олар жойылып отыр. Ал ауыл шаруашылығының
зиянкестерімен күресу жолында улы химиялиқ заттарды пайдаланып, кейбір
организмдердің тіршілігін жойған. Сол сияқты тірі организмдерді тікелей
жоюдың ауыр түрі – мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл
тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар- атом бомбалары,
соғыс ракеталыры, жарылғыш заттар. Бейбіт жағдайда адам баласы ірі
құрылыстар, каналдар, суқоймаларын, өндіріс пен өнеркәсіп, автокөліктер
т.б. шаруашылық салаларын дамыта отырып, тірі организмдерге тікелей әсер
еткен.
Адам баласының жануарлар дүниесіне жанама әсері – орманды қыруда, тың
игеруде, батпақтарды құртуда, суқоймасын салуда, жол құрылыстарын жөндеуде
және жайылымдарды пайдалануда байқалады. Нәтижесінде, адамның іс-әрекетінен
табиғи экожүйелер өзгеріп, антропогендік ландшафтарға айналады. Олардың
негізгі сипаты фауна мен флоранфң біртіндеп жойылып, құрып кетуі. Тың
жерлерді игеру мен жайылымдарды пайдалану көптеген дала құстарының тұрақты
мекенін жойып жіберсе, полигондар ірі жануарлардың табиғи тұрақтарын жойып,
орын ауыстыруға, ақырында түрлі апаттарға алып барады. Жоғарыда айтылған
мәселелер бүкіл дүние жүзіне тән экологиялық жағдайлар. Сондықтан болар
жер шары бойынша сүтқоректілердің 120, ал құстардың 600-ге жуық түрінің
біржола жойылып кету қаупі бар.
Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар:
аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу,
лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары. Жануарларды
сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі,
экологиялық білімі, мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның
байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғатты қорғау ережелерін қатаң
сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

➢ Қазақстан аумағындағы полигондар.

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі.
Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны
ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім
еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн га жері 40 жыл бойы ядролық
сынықтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б.
полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде
1949-1989 жылдар аралығында боған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада,
183 жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен
салыстырсақ Ресейде- 225, АҚШ-та- 1032, Қазақстанда-500 астам жарылыс
жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін
көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытайда, Францияда, Үндістан
және Пәкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал
ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай)
Қазақстанға шекаралас жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында
сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом
бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады.
Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап
шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден
астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар. Қазақстанда
ядролық қаруды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша
сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді алып
жатыр.
Ядролық қару тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарда соғыс
ракеталарын , т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс
Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару
сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы
аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций,
қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар
Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына
Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ
алаңдары мен Байқаңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа
ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.
Полигондар ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом
қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол- Курчатов қаласы. Семей
облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом
сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық аймаққа
айналды. Қазақстан жерінде атом қаруын сынау 40 жылға созылып, табиғи
экожүйелерді бүлдіріп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн га
жетті. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ құрамы
радионуклейдтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған км
жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез
ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол
сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруымен ауырғандар
санының көрсеткіші бұл аймақтарда республика бойынша жоғары. Полигондар
аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп,
жарамсызданған. Ен далада еркін жүзген ақбөкен, қарақұйрық, елік, сілеусін,
қабылан, қарақал сияқты аңдар мен дуадақ, безгелдек, бұлдырық т.б. дала мен
шөлді жерлердің құстары сиреп немесе жойылып кетуі жақын. Өсімдіктері
селдіреп, сайраған құстарынан, шырылдаған жәндіктерінен айырылған дала
тыныштық құшағына енген. Тіршіліктің қайта қалпына келуі жүздеген, тіптен
мыңдаған жылдарға созылатыны анық. Өйткені тіршілік атаулы сынақтың құрбаны
болған.
1991 жылы 20 тамыз елбасының бұйрығымен Қазақсатан жерінде атом қаруын
сынау бірдола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана
қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім Семей-Невада қоғамдық
қозғалысының жемісі болды. Полигондар зардабын шешу проблемасы күн
тәртібінде тұр. Осы тұрғыда Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың
денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру (1992, 1995)
туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға
тигізген зардабын және родиактивті қалдықтарды жою проблемасы халықаралық,
мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген
жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз зор.

➢ Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066 км²,
тереңдігі-30-60 метр, тұзддылығы-10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы
байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-
150 мың балық ауланса, таңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі
игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз
өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт, 2
балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға аланды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5;
Түркіменстанда 2,4; Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал әмудария мен сырдария
бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық
санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған байланысты 1970-
1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі
себебі-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет
ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Мәселен, Аралға 1960-
1965 жылдар арасында 44 мың м³ су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары
13 мың м³, ал 1990 жылы екі есеге қысқарды. Нәтежесінде Арал теңізінің
деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км дейін қусырылды.
Судың тұздылығы 40% дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы
шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды
болмаған көрсеткішке жетті. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін
экологиялық апатқа ұшыратты. Арал апатына себеп болған факторларға:
• жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
• ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
• суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп
жіберу;
• жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді
пайдаланбау;
• табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл
өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге
жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру
шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген
улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар
әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына
зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда-60%, Қазақстанда-60-70%
артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңірінде
климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі
әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Физикалық география-қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейді
География – экология – қоршаған орта
Атмосфера, гидросфера және литосфераның ластануы
Қазақстан полигондары
Қазақстанның табиғат жағдайы
Топырақ - өсімдік қорлары
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Қазақстан Республикасының экологиясының ластануы
Ауру түрлері
Пәндер