Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі


Мазмұны
Кіріспе5
1 ТАРАУ. Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі дамуының теориялық аспектілері7
1. 1 Екінші деңгейлі банктерде жасалатын есептік және кассалық операциялардың негізгі түсінігі7
1. 2 Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге банктік қызмет көрсетудің жалпы көрінісі9
1. 3 Екінші деңгейлі банк клиенттерінің есеп айырысу кассалық қызметін бағдарламамен қамтамасыз ету16
2 ТАРАУ. АҚ «Қазақстан Халық банкі»мысалында қолданылатын клиенттердің есеп айырылысу кассалық қызметінің тәжірбиесі26
2. 1 Клиенттерге есеп қызметін жүргізудің жалпы қағидалары26
2. 2. АҚ “Қазақстан Халық Банк” заңды тұлғаларға есеп айырысу кассалық қызметінің негізгі түрлеріне талдау37
2. 3 АҚ “Қазақстан Халық банктің” жеке тұлғаларға есеп айырысу қызметін жүргізудің негізгі түрлерін талдау54
3 ТАРАУ. Клиенттерге есеп айырысу кассалық қызметін көрсету болашағы: жаңа құжаттар мен жаңа шешімдер64
Қорытынды78
Пайдаланған әдебиеттер тізімі81
Қосымша84
Кіріспе
Қазіргі кезде банк клиенттеріне есеп айырысу кассалық қызметі бір қаржылық-несие мекемесінде барлық қаржылық қызметті: банктік есеп айырысу, жылжымайтын мүлікке қатысты және трасттық операцияларды, бағалы қағаздарды сату/сатып алу немесе сақтандыруды жүзеге асыруға болады. Жаңа технологиялардың көмегімен жеке клиенттер мен шағын кәсіпорындар барлық деңгейдегі төлем құралдарына қолы жетіп, банктің бас мекемесіне халықтың сирек қатынауға мүмкіндік беретін банктік қызметтерді жүзеге асырып, банкомат арқылы есеп айырысу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан банктері өзінің қызметінде соңғы он жыл ішінде банктің компьютер орталығында орналасқан ұдайы электронды байланысқа сүйенеді.
Сонымен қатар банктер жүздеген шетел банктерімен кореспонденттік қатынаста түсіп, көптеген шет елдерде өзінің бөлімшелер мен филиалдары бар.
Коммерциялық банктер мен клиенттер арасындағы қатынастың жалпы бағыты банктік қызмет кестесін күрделендіру болып табылады. Алғашқыда клиент банктің қай қызмет болсын: шағын кәсіпорындармен жұмыс жасайтын форфейтинг секторы, валюталық дилер, факторингтік компаниясы немесе басқармасын өзі таңдап қызметін жүзеге асыратын. Соңғы жылдары көптеген ірі банктер қызмет көрсету басқармаларын түбегейлі өзгертіп, клиенттердің банктік қызметтің орталықтандырылған кеңес беруіне ыңғайландырды.
Бұл банктік қызмет пакетіне есеп айырысу кассалық қызметі (келесіде ЕАКҚ) бойынша кез келген қызмет комбинациясы кіреді.
Сонымен қатар, банктер әр клиентке қызмет көрсету барысында тауар экспортшылары мен импортшыларымен жасалған келісім-шарттары тәжірибесі секілді олармен тығыз қатынаста болып, жеке қызмет көрсетуге тырысады. Сонымен, соңғы кезде шетел тәжірибесі біздің халқымызға қазақстандық есеп айырысу кассалық қызметін дамытуына өз әсерін тигізіп жатыр. Осыған орай, банк клиенттеріне қызмет көрсетудің барлық күрделі банк операциялары екінші деңгейлі банк есеп айырысу бөлімдері (келесіде ЕАБ) құзырына жүктелген. Есеп айырысу кассалық қызметінің барлық операцияларын ескеріп, оны дұрыс ұйымдастыру банк үшін өзекті мәселе болып табылады.
Осыған орай қарастырылатын тақырып, отандық тәжірибеде өзекті және қызықты болып отыр.
Тақырыптың мақсаты халыққа есеп-айырысу қызметін көрсету аясында қолма-қол және нақты ақшасыз есеп айырысу жүйесіне талдау жасау. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, жұмыстың міндеттерін анықтауға болады:
- банктің есеп-айырысу қызметінің негізіне сипаттама беріп, оның ақша айналымындағы ролін анықтау;
- банк клиенттеріне есеп айырысу кассалық қызметінің негізгі қағидаларын қарастырып, негізгі төлемдер жіктемесін көрсету;
- банк клиенттеріне есеп айырысу кассалық қызметін ұйымдастырудың негізгі проблемаларына тоқталып, кейбір банк операцияларының дүниежүзілік желі «Интернет» арқылы дамуына шолу жасау.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы АҚ «Қазақстан халық банкі» мысалында алынған (Алматы облысы Талғар ауданы ) .
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ТАРАУ. Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі дамуының теориялық аспектілері
1. 1 Екінші деңгейлі банктерде жасалатын есептік және кассалық операциялардың негізгі түсінігі
Банк қызметі дамуында банктің негізгі қызметі ақша эмиссиясына сәйкес ақша айналымы мен несие қатынастарын жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан коммерциялық банктері кәсіпорындар мен мекемелерге және халыққа қызмет көрсетеді. Банктік қызмет аясында коммерциялық банктер құралдарды депозитке аккумуляциялап, оларды орналастырады және есеп айырысу кассалық қызметін жүзеге асырады. Банктік қызмет - клиенттің таңдауы бойынша белгілі бір ақыға банктік операцияны жүзеге асыру деп түсінеміз. Банктік қызмет көрсету банк клиенттерінің есеп айырысу кассалық қызметімен, банктік шот ашу мен Қазақстан Республикасында нақты ақшасыз есеп айырысумен байланысты.
Осы қызмет Қазақстан Республикасының 1995 ж 31 тамызда шыққан № 2444 Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы (27. 01. 1996 ж ҚР Президентінің жарлығымен №2830 өзгертулер енгізілген және 10. 02. 2003 ж №483-11 ҚР Заңдарымен) және басқа нормативті актілермен реттеледі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабында “Банктік қызмет деп - банктік операцияларды жүзеге асыру”, - деп түсіндіріледі.
Банк өзінің респонденттер шотын жүргізіп, есеп айырысу кассалық қызметінің кешенді қызмет көрсету және клиенттің ұсынысы бойынша басқа операцияларды жүзеге асырып, респодент және оның клиентурасына қатысты қажетті ақша қаражаттарын корреспонденттік шоттан алады және оны кез келген банктегі шотқа аударады, заңдарға сәйкес қолма-қол ақшаны береді, корреспонденттік шотқа қолма-қол және нақты ақшасыз төлемдерін қабылдайды, заңға сәйкес басқа операцияларды жүзеге асырады.
Респонденттің және оның клиентурасының есеп айырысу кассалық қызметтіне қатысты емес банктік банк операциялары жеке шарттар негізінде жасалады. Банк респондент қызметін келісім-шартқа сай компьютер-модемдік жүйені қолданып, есеп айырысу операцияларын сол күні (24 сағат ішінде) жүзеге асырады. Егер банк компьютер-модемдік байланысты қолдана алмайтын жағдайда, келісім шартта белгіленген басқа құралдармен жүзеге асыруға міндеттеледі. Банк респонденттің кореспонденттік шотына қаражаттарды бір тәулік ішінде қабылдап, келісім шартта белгіленген басқа құралдармен арқылы хабардар ету қажет.
Қазіргі кездегі қолданылатын Телекс, терминал бағдарламалары телефон желісі арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен электрондық байланысқа түсе алады.
Банктік қызмет жүйесіне сонымен қатар ҚР Банктік шотты ашу да кіреді. Банктік шот - бұл банкі мен шот иесінің депозиттермен банктік операцияларды келісімдік қатынас тәсілі. Олар шот иесінің қаражаттарын банк өз құзырында пайдаланады және шот иесі өзінің қаражатымен кедергісіз пайдалануға құқылы болу.
Банктік шотты ашу банкі мен шот иесінің арасындағы банктік шот келісім-шарт арқылы жасалады. Осы келісім-шарт бойынша банк шот иесінен түскен қаражатты қабылдауға, оны аударуға және үшінші жаққа беруге, шартқа сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыруға міндеттеледі. Келісім-шартқа екі жақтың реквизиттері, келісім-шарт нысаны, банктің шот иесіне берген жеке идентификациондық коды, салықтық қызмет органы берген шот иесінің салық төлеу жөнінде тіркеу номері, банк қызмет көрсету шарттары мен оларды төлеу тәртібі көрсетіледі.
Келісім-шартта сонымен қатар екі жақ келісілген басқа да жағдайлар көрсетіле алады.
Заңды тұлғаның банктік шотты бірнеше банктерде міндетті түрде жазбаша ескертумен ашып, он күн ішінде басқа банктерге өзінің жаңа банктік шот ашылғандағы жөнінде мәлімдеу қажет. Банк мекемелері салымшылардың салымдарын толық немесе бөліп басқа бөлімшелерге, филиалдарға, агенсттіктерге аудара алады. Салым - салымшының атына және басқа адам атына да аударыла алады. Аударымға қолма-қол ақшалар қабылданып, басқа бөлімшедегі салымшы шотына аударыла алады. Бұл операцияларды қазіргі кезде барлық банк мекемелері жүзеге асыра алады. Сонымен қатар банк бөлімшелері мен филиалдары азаматтардан басқа бөлімшелер мен филиалдардан аударма жайында талап тапсырмаларды қабылдайды.
Бүгінгі күні осындай көлемді және дәл банктік операцияларды жүзеге асыру дамыған информациялық технологиясыз мүмкін емес. Сондықтан екінші деңгейлі банктер есеп айырысу кассалық қызметтін жүргізуде өзінің есеп айрысу кассалық бөлімдерін ақпараттандыру мен компьютерлендіруге үлкен ерекше көңіл бөлу керек.
1. 2 Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге банктік қызмет көрсетудің жалпы көрінісі
Банк атқаратын есеп айырысу операциялары нақты ақшасыз және қолма-қол түрінде іске аса алады. Банк клиенттерінің тапсырмасы бойынша түрлі шоттарды ашып, сол арқылы төлемдерді: тауарлы-материалды құндылықтарды сату/сатып алу, жалақы беру, салық және басқа төлемдерді төлеу үшін қаражат аударуды жүргізе алады Есеп айырысу кезінде банк сатушы мен сатып алушы, кәсіпорындар, салық органдары, халық, бюджет арасында дәнекер ролін орындайды. Есеп айырысу кезінде банктер түрлі жетілген құралдарды пайдаланып, байланыс пен банкке түсетін құжаттарды техникалық өңдеуден өткізеді. Қарастырылған банктік операциялардың үш түрін - дәстүрлі банк операциялары деп атайды. Дәстүрлік ұғымы бұл жерде тарихи тұрғыда көп уақыт бойы бір банктен екінші банкке ауысуымен түсіндіріледі. Осы операцияларды ең көне, яғни оны кезінде ескі банк үйі жүзеге асырып, қазірде кіші және ірі банктер қолданады. Осы операциялардың дәстүрлілігі банктің статусын сақтайды. Банктер деп кез келген мекеме, не кәсіпорынның салымдарды қабылдап, несие беру немесе заңды және жеке тұлғалар арасында төлем жүргізетін мекеме, не кәсіпорын деп түсіну керек.
Қазіргі кезде салымдарды белгілі бір уақытқа және пайызға қабылдайтын қорларды жиі кездестіруге болады, алайда олар банк статусына ие бола алмайды. Несиелерді бос ақша қаражаттары бар кез келген сауда мекемелері жүргізе алады, алайда олар да банкке айналмай, өзінің бастапқы статусында қала береді. Пошталар клиентерінің төлем тапсырмалары бойынша қызмет көрсеткенімен пошта күйінде қала береді.
Осы операциялар бірігіп келіп банкті құрайды. Заңды банк -осы үш операцияларды бір уақытта жүзеге асыратын кәсіпорын десе де болады.
Егерде осы үш банк операциясын мекеме жүзеге асырмаса, онда заң бойынша ол банк деп есептелмей, басқа қаржы институттар қатарына қосылады («Банк және банктік қызмет туралы » заңында олар “басқа несиелік мекемелер” деген атауға ие болған) .
Дәстүрлі банк операциялар қатарларына кассалық операцияларды да қосуға болады. Қазіргі заңдарда олар базалық операциялар құрамына енбеген, алайда өзінің қызметі жағынан банктік қызметтің негізі болып табылады.
Банктің депозиттерімен, несиелеу мен төлем айырысумен айналысып кассалық операцияларды жасамауын көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Банкте барлық мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық кәсіпорындар, мекемелер қолма-қол ақшасын өткізіп, олардың ақша қаражаттары банкте орталықтандырылады.
Банктен кәсіпорындар мен мекемелер өзінің шоттарынан жалақыға, зейнетақыға қосымша ақылар мен басқа да шығындарды өтеуге қолма-қол ақшаларын алады.
Банктегі барлық ақша қаражаттары мен құндылықтар қозғалысы оның кассасы арқылы өтеді. Қолма-қол ақшалар операциялары Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сай жүргізіледі.
Әр банктің құрылымында ақша және басқа құндылықтарды қабылдау және қайтару үшін әдетте басшы қарамағында (касса меңгерушісі, аға кассир) кассалық операция бөлімі болады. Бөлім басшысы банк клиенттеріне дұрыс қызмет көрсетуге қадағалау жасайды.
Кассалық операциялар бөлімінде кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, кешкі, операционды кассалар ұйымдастырылуы мүмкін. Операциялық кассалардың саны банк қызметінің көлемі мен түріне байланысты. Ақша мен басқа құндылықтарды сақтау үшін банк мекемелерінде арнайы жабдықталған ақша сақтау бөлмесі жоспарланады.
Операционды күннің басында шығыс операцияларын жүзеге асыру үшін кассир касса меңгерушісінен тиісті ақша сомасын кітапшаға қолхат қойып алады.
Кассирдің қолма-қол ақшаны беру есеп-операциялық жұмысшының рұқсатымен жүзеге асырылады. Есеп-операциялық жұмысшының рұқсаты - шығыс құжаттарын тиісті түрде толтыру болып табылады. Осы құжаттар негізінде клиенттер - заңды тұлғалар белгіленген түрдегі ақша чектерін қолданады. Осы шоттар бойынша ақшаны алу клиенттің ағымды және депозитті шоттардың корреспондениясымен жүзеге асады.
Операциялық жұмысшы операциялардың заңды болуы, оны жүзеге асыру мүмкіншілігі, клиент шотында қаражаттың болуына қадағалау жүргізіп, берілген шығыс құшаттарына қол қояды, кассалық журналда операцияны белгілейді, ақша алатын тұлғаға шығыс-кассалық ордердің үзбелі талонын беріп, шығыс құжатын бақылаушыға ұсынады. Бақылаушы шығыс кассалық операцияның дұрыс рәсімделуін тексеріп, операцияларды шығыс касса журналына белгілейді және клиенттің шығыс кассалық құжатын каасирге береді. Кассир ұсынылған чекті алып банктің тиісті қызметкерлерінің қол қойғанын, олардың сәйкестігін тексереді, сандық көрсеткіштер мен жазбалы сомма көрсеткіштеріің сәйкестігін, ақша алушы жөнінде мәлімет беру құжаттарының толық болуын, кассаға ұсынылған бақылау маркі мен талонның номерін ақша чегінің номеріне сәйкестігін тексеріп барып құжатқа қол қойып, ақшаны береді. Ақша түбіртекте көрсетілген толық пашкеде, ал толық емес пашкеде парақтық төлеммен жүзеге асады. Металл ақшалар қаппен беріліп кассир ақша алушының көзінше қаптан пломбаны жұлып тастайды.
Операциялық күннің соңында кассир қабылданған ақшаны шығыс құжаттары мен қалған ақша соммасымен тексеріп есептік анықтама жасайды. Анықтама мәліметтері операциялық жұмысшы қолындағы касса журналының мәліметтерімен сәйкестендіріліп, кассир касса журналына, ал есеп-операциялық жұмысшы анықтамаға қол қояды.
Касса меңгерушісі операциялық касса кассирлерінен алған алғашқы құжаттыр мен бірге ұсынылған анықтамаларды алып, бір тәуліктегі кассалық айналым туралы анықтама құрайды. Ақша түсу уақытына қарай банкке қолма-қол ақшаларды кіріс кассалары- бүкіл операциялық күн ішінде, оның аяқталуына- кешкі кассалар атқарады. Қолма-қол ақшаларды қабылдау бойынша барлық операцияларды банктің есеп-операциялық жұмысшының бекітуімен (бақылаушы) тек кассир жүргізе алады. Клиенттің қолма-қол ақшаны салуы үш бөліктен тұрады: хабарлама, ордер және квитанция. Менеджер құжаттарды қабылдап операциялардың заңды екендігін тексеріп, құжаттар кешенінің дұрыс толтырылуын қадағалап, оларға қол қояды және операцияны касса журналына енгізіп, құжаттарды кассирге ұсынады.
Кассир банктің тиісті қызметкерлерінің қол қоюын тексеріп олардың сәйкестігін тексереді, сандық көрсеткіштер мен жазбалы сомма көрсеткіштерінің сәйкестігін тексеріп ақшаның полисті есеп бойынша қабылдайды. Егер салымшы банк кассасына ақшаны бірнеше кіріс құжаттарымен түрлі шоттарға енгізгісі келсе, кассир ақшаны әрбір құжат бойынша жеке қабылдайды. Кассир ақшаны қабылдап квитанцияны, хабарлама мен ордерге қол қойып квитанцияға мөр басып салымшыға ұсынады. Хабарламаға ұсынылатын ордерді кассир операциялық жұмысшыға ұсынып, ал хабарламаны өзіне қалдырады.
Ақша қаражаттары мен монеталардың түпнұсқалығымен төлем қабілеттілігін кассир мұқият қадағалау керек. Операция күннің аяғында қабылданған қолма-қол ақшалар операциялық кассаға енгізіліп сол күні салымшылардың тиісті шотына аударылуы қажет. Кешкі кассалар кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдардан ақшаны операциялық күннің аяқталуынан кейін қабылдайды.
Олар қабылдаған ақшалар келесі жұмыс күнінің аяғына дейін тиісті шоттарға аударылуы қажет. Кешкі кассалар қолма-қол ақшаларды берудің белгілі бір операцияларды жүзеге асырмайды. Ақшаны қабылдау кассир мен бухгалтер бақылаушы құзырында болып банк атынан бақылау қолына ие болады. Қабылданған ақшалар кіріс кассалық құжаттар касса журналы мен мөр кешкі касса операциясы аяқталғаннан кейін жеке сейфте екі құлыпқа жабылып күзетке өткізіледі. Келесі күннің басында кешкі касса жұмысшылары күзетшілерден сейфті қабылдап, ақша мен кіріс құжаттарын касса меңгерушісіне тапсырып кешкі касса журналына қол қояды. Банктер заңды тұлғаларға қызмет көрсету барысында нақты ақшасыз есеп айырысу түрлерін қолданылады және олар келесі қағидалармен белгіленеді.
Бірінші қағида бойынша клиенттердің қаражаттарды сақтау мен аударуға арналған банктік шоттармен ерекшелінеді. Нарықтық жағдайда төлемдерді банк арқылы жүргізу экономикалық қажеттілік пен нарық субъектісінің экономикалық даралығымен белгіленіп және өзінің әрекеті үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.
Нақты ақшасыз есеп айырылысудың бірінші қағидасы нарық жағдайында заңды және жеке тұлғаларға қатысты болуы, ал бұрынғы кезде тек бұл қызмет заңды тұлғаларға ғана ұсынылған.
Нақты ақшасыз есеп айырылысудың екінші қағидасы бойынша банктер клиенттердің шотындағы төлемдерді өздерінің қалауы бойынша жұмсауы. Бұл қағидада нарық субъектілерінің өз шотындағы төлемдерді өз қалауы бойынша кезекпен төлеу құқығы бекітілген. Бұл қағидада төлемнің қай мақсатқа жұмсалатындығы көрсетілмейді, бұның өзі алымшыны экономикалық дербестігін күшейтеді. Мұндағы басты талап шоттағы қалған ақша мөлшеріне қарай төлемдерді жүргізе алады.
Үшінші қағида нарық субъектілерінің есеп айырылысу түрлерін таңдау қағидасы және банктің келісім-шарттық қатынасқа араласпауы. Бұл қағида да барлық нарық субъектілерінің экономикалық дербестігін күшейтіп, қатынастағы материалдық жауапкершілікті өзіне жүктейді. Банк тек төлем арасындағы дәнекер қызметін атқарады. Төлемді жылдам түрде жүргізу қағидасын енгізу маңызды орынға ие. Кәсіпорын және басқа нарық қатынас субъектілері төлемнің жылдамдық деңгейі жайында ақпаратқа ие болып, өзінің ақша айналымын дұрыс пайдалануға және өзінің балансын өтімділігін басқара алады.
Жылдам төлеу мына жағдайда жүзеге асады:
-сауда операциясының басталуына дейін, яғни аванстық төлем;
-сауда операциясының жасалғаннан кейін, мәселен төлеушінің төлем тапсырмасы бойынша;
-сауда операциясы жасалғаннан кейін белгілі бір уақыт ішінде.
Тәжірбиеде уақыттан бұрын және уақыты өзгертілген, уақыты өткен төлемдер кездеседі.
Уақыттан бұрын төлем - бұл келісілген уақытқа дейін ақша міндеттемелерін орындау.
Уақыты өзгертілген төлем - белгіленген уақытта ақша міндеттемелерін өтеу алмағандықтан, осы төлем бойынша жаңа мерзімді белгілеу яғни алғашқы бекітілген төлем уақытысын создыру.
Уақыты өткен төлемдер-төлеушінің ақша қаражаттары болмауынан және банктік немесе коммерциялық несиені алу мүмкіншілігі жоқ кезде пайда болады.
Өтімді қаражаттардың түріне қарай оперативті және төлемнің перспективалық қамтамасыздығы деп екіге бөлуге болады.
Оперативті қамтамасыздандыру - төлеуші мен оның гарантының төлеуге қажетті бірінші класстағы қаражаттың жеткілікті болуы, міндеттемелерді уақытылы төлеуге кепілдеме береді.
Төлемнің перспективалық қамтамасыздандырылуы - шаруашылық байланыс жасау барысында төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін анықтауда белгіленеді.
Төленің қамтамасыздандыру қағидасы төлем жүргізу кепілін беріп, төлем тәртібін күшейтеді. Есеп айырысу қатысушыларының барлығының төлем қабілеттілігі мен нисие қабілеттілігін анықтайды.
Есеп айрысудың барлық қағидалары бірі бірімен тығыз байлыныста болады. Біреуінің бұзылуы басқа қағидалардың бұзылуына алып келеді.
Нақты ақшасыз есеп айырысу операциялары клиенттердің тиісті құжаттарды тапсырғаннан кейін банктің ашқан ағымды және басқа шоттар бойынша белгілі болады. Есеп айырысу құжаттары стандартталған талаптарға сай орындалып, онда келесі мәліметтер болуы шарт:
- есеп айырысу құжаттың атауы;
- есеп айырысу құжатының нөмірі;
- оның жазылған күні, айы, жылы;
- төлем түрі;
- РНН және төлеушінің атауы;
- банкттегі оның шоты;
- РНН, БИК банк төлеушісі және оның корреспонденттік шоты;
- РНН, қаражаттарды алушының атауы, оның банктегі шоты;
- РНН, БИК банк атауы, корреспонденттік шоты, төлемнің қажеттілігі (чекте көрсетілмейді) ;
- төлем соммасы (санды және жазбалы түрде) .
Есеп айрысу құжатының бірініші данасы міндетті түрде банкттегі шотпен пайдалану құқығы бар тиісті жұмысшы қолы мен мөрі қажет. Төлеушінің шотынан қаражаттарды алу тек есеп айырысу құжатының бірінші данасы негізінде жүзеге асады.
Есеп айырысу құжаттары (чектерден бөлек) әдетте бір реттен көшірме арқылы техникалық құралдарды пайдаланып беріледі. Чектер қолмен жазылып беріле береді.
Есеп айырысу құжаттары банктің операциялық күн ішінде қабылданып орындалуға алынады. Көптегент бенктерде операциялық күн тәртібі сағат 9:00 ден 18:00 бекітілген. Операциялық күн ішінде банк қабылдаған құжаттар сол күні баланс бойынша есепке алынады.
1. 3 Екінші деңгейлі банк клиенттерінің есеп айырысу кассалық қызметін бағдарламамен қамтамасыз ету
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz