Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І. Тарау. Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Ес жөнінде жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.7
1.2. Естің теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.9
1.3.Ес түрлері және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.11
1.4. Ес процестері және есте сақтау заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.19
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы ес процестерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.21
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес процесінің дамуындағы іс . әрекеттің ықпалын психологиялық тесттер арқылы алмастыру ... ... ... ... 22.24
2.3. Бастауыш мектеп кезіндегі баланың ес процесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25.28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29.30 Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.

1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
11. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І. Тарау. Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Ес жөнінде жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...4-7
1.2. Естің
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..8-9
1.3.Ес түрлері және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10 -11
1.4. Ес процестері және есте сақтау
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-19
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын
зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы ес процестерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-21
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес процесінің дамуындағы іс -
әрекеттің ықпалын психологиялық тесттер арқылы алмастыру ... ... ... ... 22-
24
2.3. Бастауыш мектеп кезіндегі баланың ес процесінің

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9-30 Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 31
Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық
құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз
санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта
жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен
тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын
білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат
топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден
құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан
құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін
жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып
табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау
заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі
мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері
қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа
болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі,
естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары
неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес
заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте
қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған
тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін
тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен
байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы
жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес
процестерінің дамуын зерттеуде психологияның әдістерін: байқау әдісін,
әңгіме әдісін, анкеталық әдістерін, тест әдістерін қолдану.
Теориялық қолданылымы: Ес процестерін анықтаудың тиімді үлгілерін табу
және есте сақтау заңдылықтарын анықтау.
Практикалық қолданылымы: Баланың жас ерекшелігіне байланысты ес
процестерінің дамуын бағалау және дұрыс есте сақтауын қамтамассыз ету.

1.1.Ес жөнінде жалпы түсінік
Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің
әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама
уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін
іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді
жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан,
оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Сонымен
ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық
процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субьекті жеке
басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Баланың алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен
байланыстырылды, ал 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында ғылыми іздену шеңбері
кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да,
жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізілген
американ психологі Торндайк жануарлар-дағы дағдылардың қалыптасу
заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға
жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін байқады.
20 ғ. Алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп ,
ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте
қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың
сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге
дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процесстерімен ғана
шектелген еді.
Ал, естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп,
оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек
философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы
қойылды да жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғарғы
формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер
күн тэртібінде тіпті де қойылмады. (А.Бергсон)
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С.Выготский
есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің
жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың
әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы
рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А.А Смирнов және П.И.Зинченко естің
саналы іс әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып,
есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі
күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын
одан әрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің
физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып,
философтар мен психологтар есті материяның жалпы қасиеті деуден аспады.
Кейінгі 30-жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс
берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және
жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені
анықталып, оның РНҚ (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға
тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге
болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте
қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген
зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану физиология-
лық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан адам
есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр.
Оның құрамы сан алуан. П.Линдсей мен Д.Норман естің бір-біріне ұқсамас 3
типі болатынын алға тартады: 1 .Қысқа мерзімді ес. 2.Ұзақ мерзімді ес.
З.Механикалық ес.
Қысқа мерзімді ес жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал
басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі
толық көріністе болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес
келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде
қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында дыбыстар жүйесінде қабылданбай,
біртұтас сөздер қалпында еске түседі. Әдетте, ұсынылған материалдың ең
мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады.
Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет
қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім қабылдауға болады. Ал
механикалық естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады
да, ұзарта сақтауға келмейді.
Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілі болғандай, осы мезетте болған
оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды
есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес
-жадта сақтау жүйесінің маңызды әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес
жүйкесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі -шағын уақытқа жұмыс
істесе, екіншісі -материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті.
Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан
артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді. Ұзақ мерзімді еске
байланысты қиыншылық- бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін
таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көпшілігі соншалықты, оны санмен
айғақтау мүмкін емес. Солай болса да сана қорымыздан қажетті дерек дер
кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.
Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа
болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденген-дей, ми 10
млрд. Нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға
қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі
оның биологиялық, әлеуметгік дамуына тәуелді.
Механикалық ес. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние
көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске
түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-
0,5 сек. Ішінде жойылып кетеді.
1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша
өшетініне мән беріңіз; қағу тоқтаған соң да, болған қаққылау сезімі біршама
уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана
есіңізде қалады.
2.Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмы-ңыз.
Ашып-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз
алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.
3.Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз,
қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ерігенін байқайсыз.
1.2. Естің теориялары.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбы-
лыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің
ассоциатив-тік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыс-
тарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде
емес, өзара байланысты топталған не тізбектелген (Сеченов) қалыпта жүреді.
Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңгыртудың физиоло-гиялық
негізі уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда
ассоцияциялар деп аталған. Ассоцияциялардың бірі заттардың уақыт пен
кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоцияциясы, екін-шісі
олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоцияциясы, үшін-шісі
қарама-қарсылыққа негізделген контрастық ассоцияция, төртіншісі себеп
-салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоцияция. Бұл бағыттағы
теорияны ұсынып, дамытқандар : Аристотель, Юм.Д. Джеймс, Спенсер,
И.М.Сеченов, И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар
емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топ-
тап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын
құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теория-ның
негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсендік қандай да бір
жолмен ағзадағы элекр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске
қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон
жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екінші-
сіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Синапс
негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі қоздырушы, екіншісі-тежеуші. Сонымен
қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе
тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы қысқа
мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады
да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер
ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда
болады. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксири-
бонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа
(РНК) нуклейн қышқылының молекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа
генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген
тәжірибені де бірден-бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды.
Эксперименттер нәтижесінде тэнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы
тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бүл
келесі сүрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа
пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма?
Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның
жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол
игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді.
Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ қүрт)
алғашқысының дағдысын қайталап берді.
1.3. Ес түрлері және оның ерекшеліктері
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатын
орай естің әр түрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес болуы шарт:
1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес
қозғалысты, сезімдік, бейнесі және сөз-логикалы болып бөлінеді;
2) іс-әрекет мақсатына орай ес-ырықты жэне ырықсыз болуы мүмкін;
3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орына тәуелді жатталып, сақталу
мерзімінің мөлшеріне байланысты қысқа мерзімі, ұзақ мерзімді және нақты
қызметтік естер ажыратылады.
Қозғалысты ес әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін
есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі
басқаларына гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музикалы шығарманы
дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің
қозғалысты есі тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын
қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекет-терінің қалпына түсуіне
және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет
пен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы
дамыған қозғалыстар ес адамның әрекет естілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен
бармағынан өнер тамғанынан көрінеді.
Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған
ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз
орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Осында, көңіл-күй есі адам
өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздың өтіп, есімізде
сақталған сезімдік әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі
жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен
қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып,
толғанысқа түсуінің осы сезімдік еске негізделген.
Бейнелі ес елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар,
дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік жэне
дәмдік болып бөлінеді. Егер қору, есіту естері әрбір жете дамыған адамның
өмірлік бағыт бағдарына қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен
дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты
мұндай ес түрлері ес-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі
болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі
мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің
көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т.б.
Ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді,
сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан.
Біздің ойымыз эр түрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту
материалдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтықсыз
қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз
мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы
емес, механикалық жаттауға айналады.
Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мэн екінші сигналдық жүйеде.
Сондықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі жэне эмоционалды естер
жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет.
Сөзді-логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға
жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне
ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы,
негізінен, осы мағыналық еске байланысты.
Іс-әрекет мақсатына байланысты ес ырықты, жэне ырықсыз болып бөлінеді.
Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс-
ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса,
ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жанғырту арнайы
мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2
деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен
жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз -ақ қажетті болған тұрмыстық
біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-
әрекеттерін басшылыққа алу қажеттілігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске
ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет
қылып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне
сыртқы әсерлер іздері бекігенге дейін өтетін процестерге аударылуда. Қандай
да материал есте қалдырылуы үшін, ол субьекті тарапынан тиісті дэрежеде
өңделіп игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет, яғни
сырттан түскен әсерлердің басы бірігетін уақыт. Бұл процесс-жаңа ғана болып
өткен оқиға енді жоқ болсада, біз оның көріністерін елестетеміз,
құлағымыздан шуы кете қоймайды. Мұндай процестер тұрақты болмайды, жойылып
та кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру механизмдерінің қызметінде үлкен роль
ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті
естің ерекше формасы ретінде-қысқа мерзімді ес деп танылған. Бұл ес түрі,
жоғары да көрсеткеніміздей, материалды аз уақыт аралығында ғана сақтау
мүмкіншілігіне ие.
Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай
қозғалыстар жэне қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады.
Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек,
кейін әрекеттің эр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы
екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы
көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нәтижелері
әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет бөлігінің
ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет бөліктерінің көлемі
мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса,
ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы
мүмкін.Қызметтік естің жоғары дәрежеде нәтижелі болуы адамның ниетті
жаттығуларына байланысты.
1.4. Ес процестері және есте сақтау заңдылықтары.
Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз, ниеттелмеген
мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ
жадта қалдыру. Бұл болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің
санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр
деңгейде болған із қалдырады.
Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі
заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін
оқыла салған кітап мазмұны т.б. ал енді олардың әрқайсысының жадталуы
бірдей емес. Әдетте адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары
мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты
заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті еріксіз есте қалудың өзі де
таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты,
ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп
қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл ой парасатын
пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу
формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша,
көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол
есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан ырықты
есте қалдыру ырықсыз ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді
келеді. Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы
мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге егер алға осы осы
міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса
есте қалдыру тиімді нэтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда
жалпы міндеттер белгіленумен бірге ( тұтастай жаттап алу) жеке, арнайы
міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой -
пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде сөзбе-сөз жаттап алу, ал
үшінші бірде-деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.
Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен біздің іс- әрекетімізбен
тікелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бірақ біздің мақсатты
әрекетіміздің мазмұнынан тыс, ырықсыз есте қалдыруға негіз болған әрекетке
енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қалдырудың болмағанынан ойда қала
бермейді. Қалай болғанда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі білімдеріміздің
көбі арнайы әрекет-шаралардың нэтижесінде пайда болады, жинақталады. Мұндай
ниетті әрекеттің басты мақсаты-қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте
қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай
әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне
ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін
қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды
басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту кезінде
сол материал шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекетің таңдамалылығы
осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау жэне жатталғанды еске түсіру
мақсатында өткендегі-лерді саналы сараптау-саналы іс-әрекеттің айрықша
формасы болып саналады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы
адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне
білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен
әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол
қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс
нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал
мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы
көзден таса, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің
астарында екінші сигналды жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан,
мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлде қайда тиімді келеді.
Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды
керек етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе
бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат
етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.
Түсінімді және берік есте қалдырудың шартары. Материалды түсініп, ұғу
үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой
топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы-
мәтінінің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір бөлшектен
екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының логикалық бірізді
тізбегі құрылады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар
тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді. Жоспар түзіп
жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан
шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.
Материалда ұғудың пайдалы әдісі—салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен
оқиғалар арасындағы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім
көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендегілермен
салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан
білім жүйесіне ендіріп барады.
Материалдың түсінімді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер
мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен
мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп
бару қажет.
Есте берік қалдырудың жолы-қайталап тұру. Бұл білім, ептілік,
дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы
үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау
белсенді және әртүрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру,
схема сызу,таблица түзу, көрнекі құрал жасау т.б.). белсенді қайталау
барысында екінші сигналдық жүйе жанданып, материалды ұғына түсінуге нәр
береді.
Қайталанудың әртүрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың өмірмен,
күнделікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz