Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуында іс - әрекеттің және қарым қатынастың алатын орны



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 4 бет
І . Бөлім. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
1.1 Жеке тұлғаның дамуы жайлы педагог . психологтардың
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 . 9 бет
1.2 Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие тұлғаның дамуындағы күрделі
процестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 .13 бет
1.3 Белсенділік оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі ... . ... 13.17 бет
ІІ . Бөлім. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН
ФАКТОРЛАР
2.1 Іс . әрекет және қарым . қатынас негізгі әсер етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.25 бет
2.2 Жеке тұлғаның қалыптастырудағы оқулықтың рөлі ... ... ... 25.28 бет
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.30 бет
IV. Пайдаланылған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 бет
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32.33 бет
Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік – экономиклық дамуы өскелең, ұрпақтың интеллектуалдық, білімділік, жеке тұлғаны қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде Елбасы Н.Ә.назарбаев өзінің Қазақстан халықына жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, халық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айыпты; «Біз өзіміздің заманаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осынақындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесі турғымыз келетін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін оның білуге және ұғынуға тиіспіз».
Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетірдірудің, әлеуметтендіру, адамгершілік, интеллектуалдық мәдение дамуының жоғары деңгейінің және кәсіби, біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие бере отырып жан – жақты қалыптасқан саналы азамат қалыптастыру бүгінде біздің басты бағытымыз.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы ізгілік идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, өлең шығармашылық әлемуетінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Енді осы идеяларды дамыту үшін лекцияның алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлға бойында жан – жақтылық пен саналық, шығармашылық ой – мазмұнылық қалыптасуы, дарындылық біртұтас ой жүйесін қалыптасуы, сонымен қатар ерік – жігер қасиеттерімен бірге батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына көп септігін тигізе отырып бүгінгі таңда ең бастымы сапалы азамат қалыптастыру.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте – бірте іс - әрекетке ұласып ол жүзеге асты. Я.А.Каменский «Ұлы дидактика», деген еңбегінде тұлға дамуындағы дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып түсіндірді. Яғни дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.
Әр түрлі іс - әрекеттік, дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мына жайттарды есепке алу керек:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері
- белгілі көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы,
- ақыл – ой іс - әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ойынның мазмұны мыналарды қамтылуы тиіс.
1. Ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3 - 4 бет
І – Бөлім. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
1.1 Жеке тұлғаның дамуы жайлы педагог – психологтардың
көзқарастары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..5 – 9 бет
1.2 Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие тұлғаның дамуындағы күрделі
процестер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 9 -13 бет
1.3 Белсенділік оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі ... . ... 13-17
бет
ІІ – Бөлім. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН
ФАКТОРЛАР
2.1 Іс - әрекет және қарым – қатынас негізгі әсер етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18- 25 бет
2.2 Жеке тұлғаның қалыптастырудағы оқулықтың рөлі ... ... ... 25-28
бет
ІІІ. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29-30 бет
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 бет
V. Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 32-33 бет

Кіріспе

Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік – экономиклық дамуы өскелең,
ұрпақтың интеллектуалдық, білімділік, жеке тұлғаны қабілеттерін жетілдіре
түсуді талап етуде Елбасы Н.Ә.назарбаев өзінің Қазақстан халықына
жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, халық болашаққа
өтетін құндылықтар туралы айыпты; Біз өзіміздің заманаларымыздың болашағын
қандай күйде көргіміз келеді, осынақындап алатын уақыт жетті. Біз ненің
іргесі турғымыз келетін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін дамуымыздың
траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін оның білуге және ұғынуға
тиіспіз.
Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетірдірудің,
әлеуметтендіру, адамгершілік, интеллектуалдық мәдение дамуының жоғары
деңгейінің және кәсіби, біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие
бере отырып жан – жақты қалыптасқан саналы азамат қалыптастыру бүгінде
біздің басты бағытымыз.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы ізгілік
идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, өлең
шығармашылық әлемуетінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Енді осы идеяларды
дамыту үшін лекцияның алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа
технологияларын қолдана отырып, жеке тұлға бойында жан – жақтылық пен
саналық, шығармашылық ой – мазмұнылық қалыптасуы, дарындылық біртұтас ой
жүйесін қалыптасуы, сонымен қатар ерік – жігер қасиеттерімен бірге
батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына
көп септігін тигізе отырып бүгінгі таңда ең бастымы сапалы азамат
қалыптастыру.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден
зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен
тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға
дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте – бірте іс - әрекетке ұласып
ол жүзеге асты. Я.А.Каменский Ұлы дидактика, деген еңбегінде тұлға
дамуындағы дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып
түсіндірді. Яғни дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен
пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни
әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.
Әр түрлі іс - әрекеттік, дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу
кезінде мына жайттарды есепке алу керек:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері
- белгілі көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы,
- ақыл – ой іс - әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ойынның мазмұны мыналарды қамтылуы тиіс.
1. Ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
2. Ойындардың тапсырмалардың әр түрлі тәсілімен орындалуын қадағалау
және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекілер қарапайым болып,
олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіп болуы шарт.
Жалпы, оқушылардың іс - әрекетінде пайдаланған ойындар дамытушылық –
баланың физиологиялық және психикалық (қабылдау, ес, ойлау, қиял, зейін,
елік) дамуын қамтамасыз ете алады.
Мектепте көркем шығармаларды тиімді пайдалану оқушьшардың сана-сезімін
оятады, оларды жаңа өмір үшін күресуге тәрбиелейді. Тәрбие жұмысының
саласында оқушылардың көркем - өнер іс - әрекетінің бірнеше формалары бар.
Олар: әдебиет, музыка, көркемөнер үйірмелері; музыканы сүюшілер клубы:
балалар шығармашылығының көрмесі мен сайысы; көркемөнер - паздар үйірмесі;
көркемөнер галареясы, музей, табиғат, театр және кинотеатрлармен оқушыларды
таныстыру үшін эстетикалық сайыстар; әдебиет және өнер қайраткерлерімен
кездесулер; поэзия, музыка, кино және көркемөнер күндері; эстетикалық
тақырыптарға жүргізілетін пікірталастар мен әңгімелер т.б.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақ
композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете
біле бермейді. Ал, осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының
ескелең өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім. Міне, осыған
орай, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды эстетика саласындағы,
мәселелермен үнемі таныстырып отырудың тәрбиелік мәні өте зор.
Курстық жұмыстың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптастыруға қажетті негіз
және қазіргі заман талабына сай әсер ететін дамытушылық факторларды
анықтау.
Зерттеу жұмысының объектісі – жеке тұлғаның қалыптастырудағы қажетті
қазіргі әлеуметтік қоғамның мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының пәні – тұлға ны қалыптастырудың әдіс тәсілдері, әсер
етуші факторлар.
Міндетері:
1. Жеке тұлғаны қалыптастырудың – ежелден қалыптасқан факторлар мен
озық идеялды ойлардың негіздерін оқып үйрену.
2. Жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті мұғалім және ортаның идеялық ой
– жүйесін анықтау.
3. Жеке тұлғаны қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін
факторларды анықтау.

І БӨЛІМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
1.1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ ЖАЙЛЫ ПЕДАГОГ – ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа деиін әр түрлі
пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек
философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын - ала тағдыр
белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл
болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың
пікірлері ойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып
туатын сияқты.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі —
преформистер. Преформизм — XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен,
адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер
ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің
организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда
болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан қағынан артуы деп қарастырады.
Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын
жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-
1949) баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше
батереясы, ондағы гена саймандары өзгермейді, олар баланың дене
қасиеттерін, ақыл — ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз
ойын дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп
тұжырымдайды.
Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын
баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттерімен дәлелдейді. Дьюидің
пікірі бойынша, адамда туысымен - ақ дайын талаптар мен қабілеттер және
эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту
мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез - құлқының
қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі
философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған
көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке
қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін - өзі
жетілдіруі, бұған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндірсе, ал
неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан
адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді.
Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке
адамның дамуы мен қалыптасуындағы қоғамның ролін теріске шығарады.
Адамның жан - жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігін
XVI және XVII ғ.ғ. алғашқы рет байқаған гуманистер социалиялшылдар Томас
Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі — жалпыға
бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр
түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп
өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Кампанелла адам баласының
дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты,
сондықтан тәрбие процесінде балалардың ақыл - ойын, қабілетін дамыту үшін
игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.
XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш.Фурье,
Роберт Оуэн және Сен - Симон балаларды Жан - жақты қабілетті дамыту, яғни,
оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты
деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы тәрбие жүйесін батыл сынап,
жеке адамның жан - жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, халыққа білім
және тәрбие арқылы таптық коғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға
айналдыруды арман етті.
Алғашқы гуманистер және социал - қиялшылдар адамды жан - жақты,
жарасымды етіп дамыту өндіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік
және адамды — адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп
тұжырымдады.
Жеке адамды жан - жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең
алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф. Энгельс болды. Олар
қоғамның даму заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының
мақсаты бақытты өмір сүріп, жан - жақты дамуына игілікті жағдай жасайтын
жаңа қоғамды орнату керек деген қорытындыға келді.
Даму—жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ
немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік
және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның
өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді. Баланың дамуы
және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан
оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары идеялық,
адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп, жан - жақты жетілдіреді, осының
нәтижесінде балаларда Отанға сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып, еңбек ету,
ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.
Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың
организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы
дамиды. Оларға организмнің өсіп - жетілуі, ақыл - ойының дамуы, мінез-
құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және
әлеуметтік ортаның, тәрбие мен озін - өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне
байланысты. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді.
Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына
байланысты. Сондықтан қабылдау процесіңце баланың санасында ішкі қайшылық
туады. Бұл дамудың қозғаушы күші.
И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму—ішкі нерв жүйесі қызметінің және
сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал
етуі.
Педагогика баланың дамуына өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп
қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері — ішкі қайшылық күресі.
Даму процесінің сан өзгерістері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы,
баланың даму процесінде мынадай зандылықтарды байқауға болады: алғашқы
кезеңде бала тілінің дамуы, оның, түсіне білуіне және сөйлеу білуіне,
сөздік қорына байланысты. Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қалмайды, ол
жетіле түседі. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың
айналадағы адамдармен қарым - қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтары мен
сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық
процестерінде бірте - бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде
баланың ақыл - ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.
Даму — әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктерін
атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп
жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер (бастың көлемі, көкірек шеңбері,
қол - аяқ және т.б.) бір қалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені, организмнің өсу
қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездеу кезеңдері баяулау
кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс
мүшесінің жехілу кезеңінде осу күшейеді; соңынан баяулай бастайды.
Баланың жоғары нерв қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты шарлары
қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми
қабығының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау мен естің, қиял мен
ойлаудың т.б. негізгі механизмі болады. Осы нерв процестері (талдау,
синтез) арқылы бала озінің мінез - құлқы мен қылығын табиғи және әлеуметтік
ортамен сәйкестендіру жолдарын іздестіреді. Жеке адам мен ортаның қатынасын
реттеуде екінші сигналдық система зор рөл атқарады. Жоғары нерв қызметі екі
сигнаддық системаға байланысты И.П.Павловтың айтуы бойынша тері, көз, құлақ
т.б. сезу мүшелері арқылы түйсіну, қабылдау, елестету жануарлар мен адамға
ортақ — бірінші сигналдык системаға, сөз, ойлау адам баласына ғана тән,
екінші сигналдық системаға жатады. Заттар мен құбылыстардан тікелей
алынатын сигналдарды алмастыратын сөз. Сондықтан И.П.Павлов сөзді
сигналдардың сигналы деп атады. Екінші сигналдық система ойлау мен
сөйлеудің физиологиялық негізі. Сонымен бірге екінші сигналдық система
бірінші системамен өзара әрекеттесіп, ойлау іс - әрекеті және бақылаумен,
ес және сезіммен тікелей байланысты қызметтердің де физиологиялық негізі
болады.
Бала организмі мен нерв жүйесінің даму негізінде, оның психикалық
қызметінің (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.)
дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметтің негізгі механизмі мидың үлкен
жарты шарлар қабытының әрекеті болады. Психиканы айналадағы объективтік
шындықтың біздің нерв жүдемізде бейнеленуі дейміз.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс - әрекеті болады. Мұндай іс-
әрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен
сигитталады. Жетекші іс - әрекеті — өсуші индивидтің мұқтаждарын
қанағаггандыру мен таным немесе психикалық процестерін қалыптастыруға
бағытталған іс - әрекеті.
Таным іс - әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер (ықылас, тілек және
т.б.) туады, баланың түсінігі мен үғымы, білімі мен тәжірибесі артады,
ойлау операциясы да (талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау,
классификация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала өйлау
операциясы арқылы өбъективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай
білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады. Әрине,
бала өз бетінше жаңалық ашпайды, ол мұғалімнің тәрбиешінің көмегімен
белгілі, зерттелген ғылыми мәліметтерді бағдарлама, оқулық және баска да
әдебиеттер арқылы қабылдап, меңгереді.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы
қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан (кіші мектеп жасындағы балаларға тән,
(абстракті ойлауға) жоғары сынып оқушылары көшеді. Сөйтіп, олардың ой -
өрісі кеңиді.
Таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу
т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік,
мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық,
бақылағыштық, білуге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды
жақтары да жетіле түседі.
Іс - әрекеті процесінде әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін жеке адамда
шешімділік, өзін ұстай білу, батылдық, табандылық, төзімділік сияқты ерік
қасиеттері пайда болады. Ал ерік дегеніміз - адамның белгілі бір мақсатқа
ұмтылуы мен белсенді қимылы.
Отан соғысы жылдары (1941-1945) халқымызға үлгі мыңдаған, жүз мыңдаған
совет азаматтарының (генерал Д.М.Карбышев, қазақ қыздары М.Мәметова,
Ә.Молдағүлова, татар жазушысы Мұса Жәлиль, фузин партизаны Фере Мсулишвили
т. б.) өшпес есімі тарихта мәңгілік болып қалды. Олар Отан үшін соғыста,
фашистер лагерінде асқан ерлік, төзімділік, шешімділік, табандылық
көрсеткен халық батырлары. Совет Армиясының генералы, әскери ғылымдардың
докторы Дмитрий Михайлович Карбышевті 1941 жылы ауыр жаралы, ессіз қалыпта
Гитлер әскері тұтқынға алды. Неміс генералдары Германия фашистері үшін
қызмет етсеңіз барлық жағдайды жасаймыз деп Карбышевке айлашарғы әрекет
жасады, жалған уәде берді. Бірақ, батыр генерал фашистерге сөзбен соққы
беріп, олардың ұсыныстарын қабылдаудан бас тартты. Неміс фашистері Д. М.
Карбышевті. бірнеше жыл концентрациялық лагерьде ұстап, айуандықпен азап
көрсетті. 1945 жылы ақпан айының 18 - күнінің орасан суық түнінде
Маутхаузен концлагерінің қорасында өзінің көзқарасынан қайтпаған 64 жастағы
совет генералы Д.М, Карбышевті фашист қанішерлері қыс айында ұстіне суық су
құйып, қатырып өлтірді. Карбышев секілді көптеген жауынгерлер тұтқында да
үлкен ерліктің үлгісін, табандылық және төзімділік қасиеттерін көрсетті.
Шешімділік деп өз ойын тез қорытып, адамның бірден шешім қабылдауын айтады.
Табандылық дегеніміз адамның қандай қиыншылық кездессе де қажымай жеңіп,
өзін - өзі билей білу, соның нәтижесінде негізгі мақсатына жетуі болып
табылады.
Отанымыздың өндіріс саласындағы, ауьш шаруашылығындағы, ғылым мен
техника, әдебиет пен өнер майдандарындағы еңбек ерлері, жаңалық ашып
отырған адамдар — жоғары моральдық қасиеттері қалыптасқан еңбеккерлер.
Бұлардың моральдық қасиеттерін іс - әрекеттерінің нәтижелерінен байқауға
болады.
Жеке адамның психикалық дамуы - бұл оның іс - әрекеті мен мінез-
құлқындағы саналылығының өсіп жетілуі. Сананыңдамуы мен адамның қоршаған
дүниені жете түсінуін, яғни, оның табиғи, әлеуметтік ортаға көзқарасы мен
қатынасын айтады. Ал сана дегеніміз — объективтік шындықтыл бейнеленуінің
жоғары формасы.
Сана адамның іс - әрекеті барысында пайда болады. Еңбек және қоғамдық
қатынастың нәтижесінде адам өзіне және өзінің іс- әрекетіне қоршаған ортаға
жете түсшеді. Оның сана - сезімі дамиды. Дамудың нәтижесінде адамның сыртқы
көріністері байқалады. Оларға өзін - озі бақылау мен бағалау, намыс, өз
қадірін сезу, өздігінен жетілуге талаптану т.б. жатады. Сана - сезімнің
осындай сыртқы көріністерін мұгалім оқыту және тәрбие беру ісінде
психология мәліметтеріне суйеніп, еске алып отыруы қажет. Өйткені, сана мен
өзіндік сананың дамуы қоғамдық қатынастардын жүйесіндегі (үйелменде балалар
тәрбие және білім алатын мекемелерде, өндіріс орындарында т.б.) адам
баласының белгілі орын алып тәрбиеленіп, өсіп - жетілуінің қажетті шартты
жағдайларының бірі.
Сонымен, жеке адамның дамуы дегеніміз — оның нерв жүйесіндегі
функционалдық мүмкіншіліктерінің, пихикалық процестерінің, адамгершілік
қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы
жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты
келешекте жасаудың даму тарихы.

1.2 ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ, ОРТА, ТӘРБИЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ
ПРОЦЕСТЕР

Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік
орта, тәрбие т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата - анамен биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне
не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нәрсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті
мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалау арқылы
берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, алғашқы биологиялық қажеттерін, ал
кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикалық қабілеттілігі сияқты өте
нәзік ерекшіліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік
ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.
Соңғы жылдары әдебиет беттеріндегі генеалогиялық жене статистикалық
деректерге қарағанда ата - аналарды және олардың балаларын ұрпақ бойынша
зерттеудің кейбір нәтижелері тұқым қуалау себептеріне байланысты
ұқсастықтардың болатындығын көрсетеді. Мысалы, атақты ұлы композитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпағы 300 жылдың бойында 20 - дан астам музыканттар
берді. Әрине, бұны бір жағынан үйелмен мүшелеріндегі табиғи
мүмкіншіліктердің болуына, ал екінші жағынан Бах үйелменіндегі музыкалық
дәстүрге, арнаулы музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Баланың орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктерін жоққа
шығаруға болмайды. Ғылыми деректерге қарағанда, ми және сезім органдарының
құрылысы мен функцияларындағы кейбір айқын ерекшеліктер әр түрлі арнайы
қабілеттердің себепшісі. Мысалы, музыкаға дарынды адамдардың миының
қатпарларындағы ерекше цитоархитектоникалық аймақтарында нерв клеткаларының
жақсы дамығандығы байқалған. Ал музыка дыбысын ажырата алмайтын адамның
самай бөлігінде мұндай нерв клеткаларының топтануы болмайды. Әрине, бұдан
жеке адамның музыкаға қабілеті тіптен дамымай қалады деген ұғым тумайды.
Өйткені, адамның музыканы есту қабілетінің нашар болуы, оның фонетиканы
игеріп кетуіне теріс әсер етпейді. Сондықтан әр түрлі қабілеттерінің
компоненттерін белгілеп, олардың қайсысы нышан арқылы дамиды, ал қайсысы іс-
әрекеттерінің нақты тәсілдері мен арнайы жаттықтыру жұмыстары арқылы
қалыптасады. Міне, осы жағын еске алып анықтаған жөн. Себебі қабілеттер
дамуының әлеуметтік заңдылықтарын адамның генетикалық фондысынан ажыратып
алып қарастыру ешқандай ақылға сыймайды.
Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Тұқым
қуалаушылықты таратушы клеткалар ядросының дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК)
мен белоктан туратын хромосомдары болады. Хромосомдардың өте уақ бөлшектері
геналар ұрпаққа ата - аналардың жыныс клеткалары арқылы беріледі.
Адамда туа бітетін қасиеттер (шартсыз рефлекстердің фондысы — денені
тік ұстап журу, тілдің дамуы, ойлануға, еңбек етуге қабілеттілік, музыкаға
бейімділік, тағы да басқа іс - әрекеттері) нышан түрінде болады.
Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің
дамуына қажетті табиғи мүмкіншіліктерді нышан дейміз, Нышан өздігінен
дамымайды, оны қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға
байланысты.
Педагогика нәсілдік дене қасиеттері мен нышандардың ықпалын жоққа
шығармайды, бірақ оларды жеке адамның дамуына шешуші фактор деп
есептемейді.
Кейбір ғалымдар жеке адамның дамуы мен қалыптасуын тұқым қуалаушылыққа
байланысты, ал адамның жоғары қабілеттерін және талантын таңдаулылардың
жоғары нәсілдік улесі деп қарастырады.
Орта адамның дамуы - күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және
әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат
жағдайларының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы.Тропикалық ауа райы
жағдайында және ауа райы өте суық солтүстік аймақтарда тұратын халықтардың
тұрмысында және іс - әрекеттерінде елеулі айырмашылықтар болады. Ауа райы
өте ыссы елдердің халықтары егін шаруашылығымен шұғылдан - са, ал Қиыр
Солтүстіктің қатаң ауа райына шыныққан тұрғындар бұғы өсіру, балық аулау
кәсібімен айналысады. Табиғат жағдайларына байланысты олардың мінез -
құлықтарында да ерекшеліктер байқалады. Әрине, бұл жағдайлар халықтардың
адамгершілік қасиеттеріне, эстетикалық талғамдарына зиянды әсерін
тигізбейді; Әлеуметтік орта жеке адамның мінез - құлқының дамуына ықпал
жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс -
әрекеттері.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсеңді әсер ететін, өз өміріндегі
жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады.
Қоғамдағы адамның дамуы табиғи, әлеуметтік орта мен адамның күрделі және
өзара әрекеттесуінің әсерінен адам өзінің іс - әрекеттері арқылы жұмыс
жағдайын, өзінің психдкасын белсенділікпен өзгертеді.
Біздің елімізде адамның қалыптасуы әлеуметтік ортаны құрайтын шындық
жағдайларында жүзеге асырылады. Әлеуметтік орта мен мектептің ықпал жасауы
нәтижесінде дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты
болымды қасиеттері дамып қалыптасады.
Әрине, әлеуметтік орта адамның қалыптасуына жоспарлы түрде ықпал
жасамайды. Сондықтан ортада стихиялық жағдайлардың да болуы сөзсіз. Егер
адамның қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамның талабын
қаиағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды
осы әлеуметтік ортадан жинайды.
Адамның дамып, жетілуіне қажетті мүмкіншіліктердіны санды табиғат
береді. Бірақ нышан өздігінен дамымайды, оның дамуына себепші болатын
факторлардың бірі - әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік өмірден тыс
қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Түрлі себептермен Африка, Үндістан, Индонезия елдерінің ормандарында,
аңдардың үңгірлерінде, әлеуметтік ортадан тыс, өмір сүріп тіршілік еткен
жас балалардың санасын ояту, қабілетін дамытудың мүмкін еместігіне ғылыми
мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Годамури деревнясында
тұратын жергілікті халықтардың хабарлауымен аңшылар қасқырдың кушіктерімен
бірге үңгірде үйықтап жатқан екі баланы ұстап алып, жетім балалар
тәрбиелейтін үйге өкеліп тапсырган. Олардың біреуі екі жастағы, екіншісі
жеті жастан асқан қыз балалар болды. Бұл балалардың қылықтары қасқыр
сықылды төрт аяқтап жүру, шикі ет жеу және күндіз ұйықтап, түнде жүруге
бейімделген.
Балалар үйінде кішісіне Амала, ал үлкеніне Камала деп ат қойылды. Амала
бір жыл ғана өмір сүрді, ал Камала он жеті жасқа келіп, 1929 жылы қайтыс
болды. Осы он жыл ішінде. Камаланың денесі мен санасында қандай өзгерістер
болды? Үшінші жылы жас баладай аяғымен қаз тұруға үйренді, ал жетінші жылы
басқа адамның көмегінсіз жүретін болды. Соңғы жылдары өз бетімен жуыну,
орындыққа отырып, тәрелкеден тамақ ішу, түнде ұйықтау секілді адамгершілік
әдеттер қалыптаса бастады. Бірақ, Камаланың санасы жетіліп, тілі дамымады,
он жеті жасқа дейін, болғаны, елу алты ғана сөзді үйренді.
Соңғы кезде (1972) Орталық Австралияда (аборигендер тайпасы) және
Филиппиннің Минданао аралындағы ормандарда (тасадао тайпасы) табылған
жабайы адамдардың сана – сезімдерінің өте төменгі сатыда екендігі
байқалады. Олардың тіршілік өрекеттерінің де алғашқы қауымдағы жабайы
адамдардьщ өмір сүріп, күнін көру әрекеттерімен ұқсастығы анықталды.
Себебі, аборигендер көп ғасырлар бойы қоғамдық өмірден қол үзген,
әлеуметтік ортадан тыс қалған жабайы адамдар. Мұндай ғылыми деректер — жеке
адамныңдамуы мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның маңызын түсіндіруде
негізті сүйеніш-тердің бірі.
Педагогика адам дамытуда әлеумеггік ортаның ықпалын мо-йындайды, оған
зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және ал-дын-ала анықтаушы фактор деп
қарастырмайды.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі –тәрбие. Тәрбие
балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығьгмен даму дәрежесіне
лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы адамдардың іс-әрекеттерін үйымдастыру
үшін, тәрбиеші тәрбиенің қүралдары мен әдістерін және формаларын
іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек тәрбие алдын-ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және үйым-дастырыла
жүргізіледі. Соңдықтан да тәрбиенің ортадан айырма-шылығы осыңдай
заңдылықтарга байланысты.
Педагогика тарихында тәрбиенің ролін аса артық бағалаушылар да болды.
Джон Локк адамнын козқарастары мен адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы
жетіледі деген сыңар жақ қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны
табиғатынан - ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені
қажет деп, тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде Локк
тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта мен түқым қуалаушылық
факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.
В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза ақ тақта емес,
оған емір жазатын әріптердің мәні төрбиеші мен жазу құралына және сол
тақтаның өз сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары
бағалай келіп, адамиың дамуына түқым қуалаушылық пен ортаның өсерін де
ескерген жөн деді.
Локк пен Белинский көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы
жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен,
кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының
тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертіп, жөндеуге бдлады деген жорамалды
ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту және оның таным қабілетін
дамыту мәселелерін педагогика таптық қоғамды жойьш, жаңа демократиялық
коғамды қүрғанда ғана іске асы-руға болады деп қарастырады.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануы
тиіс. Осыған орай, төрбиедіі тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін
тиімді етіп үйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды
іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын
дамытады.
Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі
кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.

1.3 БЕЛСЕНДІЛІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ.

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық
белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін Павлов И. П.
Избранные произведения, АН СССР, 1949, 479 бет. жаарамдылығын жете анықтау
мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі
жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-
қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында
байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері,
тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары
қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара
қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке
байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге
бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді.
Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық
сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап
көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді
ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнына
түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым - қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын
көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен,
үлкендермен балалардың қатынас жасауында ор алуан ерекшеліктер болады. V-VІ
сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас
болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Мектепте оқу жылы басталысымен-ақ
балалар жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-
шараларына қатысып отыруға тілек білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып
бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-әрекеттеріне
қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттеріне жаппай қатысып,
балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезімде болуы олардың
әлеуметтік белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелерінің арасындағы
өзара қатынас болымды нәтиже береді.
Ұжым өзінің әрбір мүшесінің өсіп-жетілуіне достық, жолдастық негізінде
жағдай жасап қамқоршы болады. Ал ұжымның қамқорлығын сезген жеке мүшелері,
оның талабын орындауға, бірігіп кызмет етуге әр уақытта дайын екендігін
білдіреді.
Мектеп жасындағы (VIII-XI сынып) балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынас жасап қана қоймай, олар үлкендермен араласып қатынас жасауды
қажет етеді. Өйткені жоғары сыныптарда өтетін әдебиет, тарих пәндерінен
балалардың білімі тереңдеп, ой-өрісі кеңиді. Олар өндірістік практика
кездерінде жеке адамдармен, ұжымдармен кездесіп, қатынас жасайды. Бұл
жастағы балалардың үлкендермен достық қатынасының тууына білім және өмір
саласында сөз етілетін мәселелер себепші болады. Балалардың үлкендермен
әңгімелесуі әр түрлі мазмұнда болады: біріншіден, әңгіме ғылым мен техника,
өнер мен әдебиет саласындағы жаңалықдар туралы; екіншіден, адамдар
арасыңдағы қарым-қатынас, жолдастардың сапа қасиеттері мен қылықтары жайлы;
үшіншіден, өздерінің өмірге көзқарастарын әсіресе, мамандықты таңдап алуда
ойларын ортаға салып, халық шаруашылығының әр алуан салаларында еңбек етіп
жүрген кісілерден көмек және ақыл-кеңес алады. Осындай өзара қатынастардың
нәтижесінде балалар өнегелі еңбек озаттарына еліктейді, үлгі алады,
солардай болсам екен деп арман етеді.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (марқабаттық,
қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің
қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі
(5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды,
олардың қүрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір
нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар
шегені магнит қалай ұстап түр? Жапырақтың түсі неге жасыл болады? Жаңбыр
қайдан пайда болады?— деген сияқты сұрақтарды балалар үлкендерге әрдайым
қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен
шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да олар өзара
таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды
жанындай сүйеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың неге?, не үшін?,
қалай? деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының
алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе
тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде олардың жауаптарына өзінше
қанағаттанбай шүболанады. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап,
таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық,
талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру
тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың,
құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге,
алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың
таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің
теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Мұны оқушылардың ауыл
шаруашылық тәжірибелік жұмысынан да байқауға болады. Оқушылар химия,
биология және еңбек сабақтарында алған теориялық білімдерін мектептердің
тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндіріс бригадаларының егістік
жерлерінде ұйымдастырылатын тәжірибелік жұмыстың барысында пайдалана
отырып, мұғалімнің басшылығымен ғылыми-зерттеу әдістерін үйренуге
дағдыланады. Ал оқушылардың тәжірибелік жұмысқа қатысуы, қазіргі ауыл
шаруашылық ғылымының жетістіктеріне, олардың көзі - химия мен биология
пәндеріне ғылыми-практикалық таным ынтасын арттырады. Егер тәжірибелік
жұмыс ғылыми мақсатқа сай ұйымдастырылмаса, оқушылар жай ғана жұмыс істеп
жүргендей сезінеді. Осының салдарынан оқу бағдарламасы бойынша игерген
теориялық білім мен еңбектің байланысы болмай қалады.
Зерттеу мәліметтері (Ж.Қоянбаев) оқушылардың өзі істеген тәжірибелік
жұмыстарының ғылыми-теориялық негізін кейде толық дәлелдей алмайтынын
көрсетті. Жүгеріден мол өнім алуда микроэлемент бордың қандай маңызы бар? -
деген сұраққа, оқушы борды қолдана отырып, бақылау мөлдектеріне қарағанда,
тәжірибе мөлдектерінен мол онім алдық деп жауап береді. Сор және кейбір
сортаң жерлерге гипс бергенде не себепті топырақтың құнарлығы артады деген
екінші сұраққа, оқушы: гипс топырақтың сорын жойып, қүрылысын жақсартады
деді.
Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: оқушы өзі жүргізген
тәжірибелік жұмыстың агрономиялық мазмұнын меңгерген. Бірақ, оның сабақта
алған білімінің теориялық жағы байыпты болмаған. Сондықтан бордың
жетіспеуінен өсімдік тамырының, сабағы мен бүршігінің өсу және даму
процесінің тоқтайтыны жөнінде оқушы қажетті түсінік ала алмаған. Өсімдіктің
өсу дәуірінде химия түздарының (хлоридтер, карбокаттар) біраз мөлшері
топырақтың жоғары қабатында жиналатынын, гипс берілген сортаң топырақтың
сулы ерітіндісінде гипс молекуласы диссоциациясының әлсіз сілті мен күшті
қышқылдың пайда болуынан топырақ ерітіндісінің сілтілігі төмендейтініне
оқушы түсінбеген. Бұған қарағанда мұғалім тәжірибенің ғылыми мазмұнын
оқушыларға терең түсіндірмегендіктен, олар сабақта микроэлементтердің
ролін, химиялық процестің жүру жолдарын жете үғынбай, тек қана тәжірибенің
практикалық маңызын анықтай білген.
Әрбір тәжірибелік жұмыстың практикалық және перспективалық маңызын,
сонымен қатар оның ғылыми негізін мүғалімнің терең аша білуі - оқушылардың
таным белсенділігін арттырудың басты шарты.
Жеке адам санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі
ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей
талаптанып әр түрлі әрекет жасайды. Баланың мұндай талаптанушылығын қостап,
тәрбиеші оған үнемі көмек және бағыт беріп отыруы қажет. Оқушыны мұғалімдер
мен тәрбиешілердің тарапынан берілетін түрлі тапсырмалар мен сабақ үстінде
айтылатын ғылыми ережелер сия беретін әшейін бос қуыс нәрсе деп ойлауға
болмайды. Оқушы— өсуші, дамушы организм, ол шамшырақ, оның тұтанып жарық
беруі мұғалімнің тікелей басшылығымен ұйымдастырылатын өзін-өзі тәрбиелеу
ісіне байланысты. Демек, бала тәрбиенің әрі объектісі, әрі субъектісі болуы
тиіс. Бала айналаны қоршап түрған дүниеге көз жіберіп, үстіртін қарап
қоймай, өзінің, соған қатысын, өзінің ішкі дүниесін тани білуі қажет. Сонда
ғана ол тәрбиенің субъектісі бола алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тәрбие — жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы
Тұлғаның ақыл - ойының қалыптастыру процесі
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт
Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері
Пәндер