Қылмыстық іс жүргізу қағидалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 6
1. 1 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы, олардың маңызы және жүйесі . . . 6
1. 2 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүйесі . . . 8
2 ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ТЕК СОТТЫҢ ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ ҚАҒИДАЛАРЫ . . . 11
2. 1 Заңдылық қағидасы және оны қамтамасыз етудің кепілдіктері . . . 11
2. 2 Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы қағидасы . . . 14
3 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАҒИДАЛАР . . . 18
3. 1 Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау . . . 18
3. 2 Жеке адамның абыройы мен қадір - қасиетін құрметтеу . . . 21
3. 3 Адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасы . . . 24
3. 4 Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау . . . 28
3. 5 Жеке өмірге қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы . . . 31
3. 6 Тұрғын үйге қол сұқпаушылық қағидасы . . . 35
3. 7 Меншікке қол сұқпаушылық қағидасы . . . 38
4 ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ . . . 41
4. 1 Кінәсіздік презумпциясы қағидасы . . . 41
4. 2 Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі . . . 43
4. 3 Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру . . . 45
4. 4 Судьялардың тәуелсіздігі қағидасы . . . 47
4. 5 Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру . . . 49
4. 6 Істің мәнжайын жанжақты, толық және объективті зерттеу . . . 51
4. 7 Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау қағидасы . . . 54
4. 8 Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституцияның бірінші бабының бірінші тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады [1] .
Қaзaқстaн Республикaсының Қылмыстық қылмыстық іс жүргізу жүйесін жетілдіру aясындa, сот aктілерін орындaуғa бaйлaнысты бірқaтaр бaғдaрлaмaлaр іске aсырылып, олaрдың aрaсындa бірқaтaр бaсым мәселелерді кезең-кезеңмен шешіп және белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік aлғaнымызбен, елбaсымыз Н. Ә. Нaзaрбaевтың 2012 жыл 15 желтоқсaндaғы «Қaзaқстaн-2050» стрaтегиясы - қaлыптaсқaн мемлекеттің жaңa сaяси бaғыты Қaзaқстaн хaлқынa жолдaуындaғы Пaрлaментке койғaн тaпсырыстaрының бірі өзекті зaң aктілерінің қaбылдaнуы қылмыстық сот ісін жүргізуді және, ең aлдымен, қылмысқa қaрсы мемлекеттің күрес сaясaтын тұжырымдық тұрғыдaн жaңғыртaды, біздің құқықтaрымызды қaзіргі сын-қaтерлерге өз дәрежесінде әрекет жaсaйтындaй деңгейге көтереді [2] - деген Президентіміздің сенімі, қылмыстықіс жүргізк сaясaтын тиімді іске aсыру, соның ішінде сот aктілерін aтқaруғa бaйлaнысты мәселелерді шешудің зaңнaмaлық сaпaсы мен деңгейін жaңaшaлaуғa бетбұрысты жолдaйды.
Осығaн орaй ескі Қaзaқстaн Республикaсының қылмыстық іс жүргізу кодексі зaңды күші жойылып, 2014 жылғы 4 шілдедегі Қaзaқстaн Республикaсының Қылмыстық-процестік кодексi қaбылдaнып, 2015 жылы 1 қaңтaрдaн бaстaп күшіне енді [3] .
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының жүйесі реформалануда, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласын ізгілендіру, азаматтық қоғам институттарын нығайту жалғасуда. Соңғы жылдар ішінде Демократияландыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия, Омбудсмен институты, Ұлттық Кеңес, бұқаралық ақпараттар құралдарының Қоғамдық Кеңесі құрылды, сот төрелігі жүйесіне присяжныйлар сотын енгізу туралы заң қабылданды, барлық салаларда сыбайлас жемқорлықпен күресу күшейіп келеді. Сөзсіз, аталған жағдайлардың барлығы Қазақстанда құқықтық мемлекеттің негізгі институттарының берік қалыптасып жатқандығының айғағы. Сондай-ақ, аталған реформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әлі де талай өзгерістерге ұшырайтындығы белгілі.
Бүгінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мейлінше қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтып келеді, жалпы жұрт таныған халықаралық нормалар мен қағидаларды қамтитын халықаралық стандарттар молынан еніп келеді. Құқықтық саясат ел Президенті атап өткендей екі векторлық бағытта: бір жағынан қоғам және мемлекет үшін аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін жауаптылық қатаңдатылуы қажет, екінші жағынан елімізде ауырлығы төмен қылмыстар үшін жазаның ізгіленуі қажет, яғни егер қылмыс аса ауыр болмаса, қоғамға қауіптілік деңгейі басым болмаған жағдайда ол адамға ізгілікпен қарау. Бұл орайда, рақымшылық және кешірім жасау ізгілікке бағытталған оң қадамдардың бірі болып отыр, ал Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде орын алған қылмыстық процестің қағидаларының маңызы ерекше.
Қылмыстықпен күресуде қазіргі уақытта қылмыстылықтың алдын алу алдыңғы орынға қойылып, негізгі бастама бағытты құрайды. Осыған орай, қазіргі уақытта қылмыстылықтың алдын алуды тиімді ұйымдастыру, оның ішінде қылмыскерлердің кінәсін әшкерелеп, анықтау, әділетті жаза тағайындау барысында қылмыстық іс жүргізу қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері аса маңыздылыққа ие болды. Бұл жайында ҚР Президенті 20. 09. 2002 жылы мақұлдаған №949 Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты Тұжырымдамасында: “Қылмыстық заңнамада қылмыстылықтың алдын алу және оны болдырмау, онымен күрестегі табандылық, жедел-іздестіру қызметін жетілдіру, нақты қалыптасқан оперативтік ахуалға тиісінше көңіл аудару, ақпараттық қамтамасыз ету мен талдау жұмысының деңгейін көтеру басым бағыттар болуы тиіс” деп нақты белгіленген.
Қағида қандай да бір теория, білім, ғылымның және тағы басқалардың негізгі бастапқы жағдайы, басшылыққа алатын ережелері. Қағида бір нәрсенің негізін, алғышартын білдірсе де, субъективтік категория, себебі адам санасында көрініс табады.
Дипломдық жұмыстың объектісі айыпқа тартуды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық қағидаларды анықтау және қылмыстық іс жүргізу қағидаларынна байланысты қатынастарды реттеу.
Дипломдық жұмыстың пәні қағида ұғымы, қылмыстық іс жүргізу қағидалары және қылмыстық іс жүргізу саласындағы қызметі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міңдеті. Жұмыстың басты мақсаты мен міндеті - кінәліге әділ жаза таңдау немесе қылмыстық іс жүргізу құқығының сипаттағы басқа да шара тағайындаумен байланысты теориялық, нормативтік құқықтық проблемаларды кешенді түрде, кең тұрғыда талдау негізінде жаза институтына қатысты жазаны топтастырудың теориялық ережелерін жүйелеп шығару және сот практикасына осыған орай кепілдемелер беру болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылды:
- Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі және маңызын ашу
- Заңдылық және сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы қағидаларын зерттеу
- Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей байланысты қағидаларын анықтау
- Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын талдау
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы және жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу объектісін таңдауға, нысанасын ықшамдауға, қойылған мақсаты мен міндеттеріне негізделеді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 4 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1. 1. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары ұғымы, олардың маңызы
Қағида термині (латынша “principum”) түсініктемесінің үш мағынасы бар: философиялық; заттықолданбалы және теориялық құқықтық. «Қағида» ұғымының философиялық мағынасы мынада: жалпы таным негізіне немесе әлде бір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
Қағида ұғымының заттықолданбалы мағынасы-осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді. Қағидатің теориялыққұқықтық маңызы - тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Кез-келген құқықтық саланың қалыптасуы мен дамуына көңіл аудармастан бұрын, нақты құқықтық сала негізделіп негізгі бастау алып тұрған қағидаларды арнайы зерттеп, саралау қажет. Жалпы, «қағида», яғни «принцип» деген термин латын сөздігінен туындаған және өз тілімізге аударғанда негіз, бастау деген мағынаны білдіреді [4, 123] Н. И. Матузов пен А. В. Мальконың көзқарасы бойынша, құқық қағидасы - бұл құқықтың пайда болуының, дамуының және жұмыс істеуінің адамгершілік және ұйымдық негізін құрайтын бастапқы, анықтаушы идеялар, ережелер, нұсқаулар [5, 349] .
С. С. Алексеевтің пікірінше, құқық қағидасы - бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар[7, 114] . Бір жағынан, олар құқықтың заңдылықтарын көрсетеді, екінші жағынан, құқықтық реттеудің барлық аясында әрекет ететін және барлық субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар заңда тікелей қөрсетіледі немесе заңның жалпы мағынасынан туындайды.
Құқық қағидалары заң шығарушы үшін алға қоятын идеялар ретінде бола тұрып, құқық нормаларын жетілдіру жолдарын анықтайды. Қағидалардың арқасында құқық жүйесі адам мен қоғамның маңызды мүдделері мен қажеттіліктеріне бейімделеді [8] .
Ф. Энгельстің мына пікіріне ден қоялық: « . . . Қағидалар табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмайды, олардан дерексіздендіріледі: табиғат пен адамзат қағидаларға лайықталмайды, керісінше қағидалартабиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана дұрыс болады» [9, 78] .
Сонымен, «қағида» термині негіз, негізгі бастама деген мағынаны қызмет саласының негіздерін құрайтын және заңда белгіленген бастама ережелер қарастырылады.
Профессорлар Н. А. Селиванов пен В. А. Снетковтың редакциялығындағы еңбекте қылмыстық процесс қағидаларының мынадай анықтамасы келтіріледі: «қылмыстық процесс қағидалары - бұл қылмыстық процестің ең маңызды қасиеттері мен заңдылықтары туралы негізгі, бастама идеялары» [10] . Бұл тұрғыдан олар орындалуы міндетті құқықтық канондар ретінде бағаланады.
Қандай да болсын ережелерді қылмыстық іс жүргізу құқығы категориясына жатқызу үшін олар мына талаптарға сай келуі тиіс:
- олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы сәттерді айқындап, олардан өз кезегінде, жекедара сипатты ережелер туындайды;
- қағидалардың өздерінде адамдардың ерік берілген немесе міндетті іс қимылдарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық элементтері (болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуы тиіс емес;
- негіз қалаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды, өйткені олар қылмыстық ісжүргізу құқығының заңдылықтарымен және ішкі логикасымен объективті түрде байланысты;
- жатқызылған ережелер объективті және субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс ( мазмұн объективті, заң сөзінің нысаны субъективті) ;
- қағида ережелерінің мәніне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиіс (құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал қағидаларсақталады) ;
- өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;
- қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға тиіс.
Сонымен, Қазақстандық ғалым Е. Е. Ерешевтің ойынша, қылмыстық іс жүргізу қағидалары - қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады [11, 123] .
Бұл қағидалардың маңызы осы аталған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы қағидаларға негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы қағидаларды басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден, (Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексігыі (ҚПКнің) 9бабында айтылғандай), бұл қағидаларды сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істің материалдарының заңды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады [3] .
Сөйтіп, қағидалармәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:
- қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде қағидалар орталық, басты орын алады;
- олар өзара тығыз үйлесімді байланысты бастапқы, негізгі нормалар болып табылады;
- қағидаларқұқықтық нұсқаулар ретінде қалыптасады және нормативті сипатта болады;
- олар қылмыстық процестің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін түсінудің кілті болып табылады;
- қағидаларіс жүргізу құқығының негізгі бағыттарын, даму перспективаларын айқындайды;
- олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға байланысты ұсыныстардың негізділігін анықтау кезіндегі басты өлшемдер болып табылады;
- қағидаларқұқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік бағдарлар функциясын атқарады;
- қағидаларіс жүргізу нормаларының дұрыс түсіндірілуіне жәрдемдеседі.
Қылмыстық процестің қағидаларын бастама ережелер ретінде қарау заңи әдебиетте қабылданған ортақ пікір болғанымен, олардың заң актілерінде тұжырымдалып көрсетілуі жөнінде ғалымдардың арасында пікірталас жоқ емес.
Кейбір авторлардың пікірінше, заңда баян етілмеген, алайда басшылыққа алынатын құқықтық идеялар да қылмыстық процестің қағидалары ретінде бола алады деп санайды [12, 18] . Ал, ғалымдардың басым көпшілігі қылмыстық процестің қағидаларыне заң актілерде белгіленген бастама ережелер ғана жатқызылуы керек екендігін қолдайды [13, 5] . Бұл жағдайда қағидаларқұқықтық нормаларға айналып, олардың іс жүзінде қолданылуы және қатаң сақталуы процеске қатысушылардың барлығына бірдей талап болып табылады. Олай болмаса, қағидалардың іс жүзінде сақталуы қылмыстық процестің субъектілері үшін міндетті бола алмайды.
1. 2 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүйесі
Қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында қағидаларды тұжырымдауға, түсіндіруге байланысты мәселелерді зерттеп, дайындауға байланысты екі тенденция қалыптасқан. Бір жағынан - қағидаларретінде тануға ұсынылған ережелер тым ұлғайтылуы ұсынылады. Екінші жағынан - осы ережелер шеңберін орынсыз тарылту ұсынылады. Екі тенденция да тұйыққа апарып тірейді. Осы қайшылықтарды жүйе құрайтын факторлар табылған жағдайда ғана жоюға болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидалары - ең алдымен өзара байланысты элементтер жүйесі. Аталған элементтердің мәні мен орны жүйе құрайтын факторлар негізінде елеулі ықтималдылықтармен анықталады [14, 34] .
Қылмыстық іс жүргізудегі қағидаларға қатысты жүйені құрайтын факторлар ретінде мыналар алынған:
- қағидаларды мақсаттар мен міндеттер ортақтығының байланыстыруы;
- ішкі қайшылықтардың жоқтығы;
- объективті және субъективті бастамалар бірлігі;
- өзара байланыстылық және дербес те, бір мезгілде ықпал жасау ерекшелігі;
- қағидаларды қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағдарлау.
«Қағидалар» категориясының мәніне жасалған талдау қылмыстық іс жүргізудің барлық қағидаларының бірдей дәрежеде маңызды деп танылуы қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясының қазіргі жетістіктеріне неғұрлым толық сай келеді деуге мүмкіндік береді [15, 79] .
Іс жүргізу нысаны жөнінде қағидаларүш топқа бөлінуі мүмкін:
- сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талаптарды білдіруші қағидатер;
- сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талаптар мен тікелей тергеу және сот қызметіне қатысты талаптарды ұштастыратын қағидатер;
- тікелей тергеу және сот қызметіне, оның мазмұнына қатысты талаптарды білдіруші қағидатер [16, 53] .
Қандай да болсын топқа қатысты екеніне қарамастан оның қылмыстық іс жүргізу құқығының кез келген көзінде орнықтырылуы мүмкін, оның өзі олардың ҚРның Конституциясы мен комституциялық заңдарына сәйкес келуі жөніндегі талапқа қайшы келмейді.
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының маңыздылығы олардың ҚРның Конституциясында орнықтырылуымен айқындалады. Бірақ Конституцияда белгіленген бастама ережелер негізінен сот төрелігін атқарудың жалпы қағидаларыне жататын болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу қағидаларын толық қамти алмайды.
Жаңа ҚПКнің 1031 баптарына сәйкес, қылмыстық процестің қағидаларына мына бастама ережелер жатады:
- заңдылық;
- сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
- адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;
- жеке адамның абыройы мен қадірқасиетін құрметтеу;
- адамның жеке басына тиіспеушілік;
- қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық;
- меншікке қол сұқпаушылық;
- кінәсіздік презумпциясы;
- қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі;
- сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асыру;
- судьялардың тәуелсіздігі;
- сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру;
- істің мәнжайын жанжақты, толық және объективті зерттеу;
- дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау;
- сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету;
- куәлік айғақтар беру міндетінен босату;
- білікті заң көмегін қамтамасыз ету;
- жариялылық;
- қылмыстық сот ісін жүргізу тілі;
- іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың еріктілігі[6] .
Бұл аталған бастама ережелер өзара байланысты және бірбіріне қайшы келмейтін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу тәртібін тұтас сипаттап көрсететін процесуалдық қағидаларжүйесін құрайды.
Қылмыстық іс жүргізу әдебиеттерінде қылмыстық іс жүргізу қағидалары әртүрлі тұрғыдан түсіндіріледі. Олардың ішіндегі ең айқын үш бағыт бар хъ:
Бірінші бағыт өкілдері ( Савицкий М. Я., Томин В. Т. ) прнициптер жалпы басшылық идеялар бола отырып, идеялар күйінде қалуы тиіс деп санайды. Олар құқықтық тұрғыдан нақтылауды қажет етпейді, себебі құқық жүйелерінің түгелдей бәрінде кездеседі деген пайым айтады.
Екінші бағыт үшін (М. Л. Якуб., Н. Н. Полянский) қағидаларретінде тек заңмен баянды етілген, анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының қызметін айқындайтын жалпы және бастапқы ережелерінің танылуы тән. Мәселен, Н. Н. Полянский былай деп ой қорытады: «Кеңестік қылмыстық іс жүргізу қағидалары деп, біз, басшылық идеяларынан туындайтын қағидаларды, қылмыстық істерді тергеу. Қарау және шешу кезінде орындалуға тиісті талаптарды айтамыз». Анықтауда нормативтік сәтті атап көрсету қажет.
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының қазіргі ұғымына бәрінен де жақын тұрған үшінші бағыт (П. С. Элькинд., М. С. Строгович., М. А. Чельцов., И. В. Тыричев) сол қағидаларға тек құқықта орнықтырылған басшылық идеяларын ғана жатқызады [18, 125] .
Яғни қылмыстық іс жүргізу құқығының түгелдей барлық көздерінде орын алған қағидалар жүйесі жайында, сондай-ақ жалпы қылмыстық іс жүргізу құқығының мәнімен орынды түрде туындайтын қағидалар жайында болып отыр. Бұл бағыттардың үшіншісі қылмыстық іс жүргізу құқығы дамуының қазіргі деңгейіне барынша толық сай келеді.
2. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ СОТ ӘДІЛДІГІН ТЕК СОТТЫҢ ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
2. 1. Заңдылық қағидасы және оны қамтамасыз етудің кепілдіктері
Конституцияның, заңдардың және осыларға сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерінің барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, мекемелермен, лауазымды адамдармен және азаматтармен мүлтіксіз сақталуы және орындалуы заңдылықты білдіреді. Бұл жалпы құқықтық конституциялық қағида. Конституциялық қағидалар- Конституцияда бекітілген және конституциялық құрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын құқықтық нормативтік идеялар. Сондықтан олардың мемлекет үшін, азаматтар үшін айрықша маңызы зор. Конституцияның кіріспесінде айтылғандай, Конституция мемлекеттің де, қоғамның да негізгі заңы болып табылады.
ҚРсы Конституциясының жоғары заңдық күші, Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен басқа да құқықтық актілердің Қазақстан Конституциясына қайшы келмеуін, жоғарыдан төменге дейінгі мемлекеттік органдар, сондайақ азаматтар, олардың бірлестіктері Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді [19, 57] .
Заңдылық мынадай қағидаларға ие:
- Заңның ерекше пұрсаттылығы. Мемлекетте Парламент қабылдаған заңның ең жоғары күшке ие болуы. Барлық нормативтік құқықтық кесімдер заңды іс жүзіне асыру үшін қабылданады. Оған ешқандай кесім қайшы келмеуі керек.
- Заңды қолданудағы бірлік және бірыңғайлық. Заңдылық әр аймақтық болып бөлінбейді. ҚРда Конституция бекіткен Конституциялық құрылым, демократия, билік жүргізу, адам құқықтарын қорғау бірыңғайлы, жүйелі мағынада іс жүзінде асырылады.
- Заңдарды жаппай сақтау және орындау. Бұл қағида - Конституциялық талап. Заңды орындау әрбір адамның ішкі жан дүниесінің, ойөрісінің қажеттілігі болуы тиіс.
- Заңдылық пен мәдениеттіліктің тығыз байланыстылығы. Заңдылықты нығайту репрессиялық тәсілдерге емес, мәдениеттілікті меңгеру, дамыту арқылы іске асырылады.
- Адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі. Заңдылық арқылы адам құқықтары мен бостандықтары тиімді қорғалады және қамтамасыз етіледі.
Қағидаларқылмыстық процестің негізін құрай отырып, оның басқа барлық қасиеттері мен қатынастарын анықтайды [20] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz