Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДВОКАТУРА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 5
1. 1 Қазақстан Республикасындағы адвокатураның тарихи-құқықтық қырлары . . . 5
1. 2 Адвокаттық қызметті реттейтін заңдар: түсінігі, мән-мағынасы . . . 17
2 АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ . . . 25
2. 1 Адвокаттар алқасы және олардың құрылу тәртібі . . . 25
2. 2 Адвокаттар алқасының органдары және олардың өкілеттігі . . . 30
2. 3 Заң консультациясы және адвокаттық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандары . . . 34
3 АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 43
3. 1 Қазақстан Республикасыңдағы адвокаттардың түсінігі, құқықтық мәртебесі . . . 43
3. 2 Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі және адвокатура әдебі. . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дипломдық жұмыс «Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі» тақырыбына жазылған. Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-құқықтық институтпен де тығыз байланысты.
Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық деп жариялаған 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы талаптарына сәйкес 1997 жылы 5 желтоқсаңда Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы қабылданды. Осы заң адвокатура институтының рөлін айтарлықтай көтерді, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін корғауға жәрдемдесті, сол арқылы жалпы заңдылықтың сақталу мен нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар, бұл жаңа заң демократиялық, қүқықтық мемлекетті құру және нарықты экономиканың тереңдеу жағдайында адвокатураның ұйымдастырылуы мен кызметін реттеуге орайластырылды.
Осы заңдарға сәйкес адвокаттар алқасы әртүрлі тәсілдермен кез келген қол сұғушылық пен тәртіп бұзушылықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі міңдеттерді, атап айтқанда, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету, ұйымдар тапсырысымен сотта өкілдік ету, заң тұрғысынан ақыл-кеңес беру, азаматтық істердің сот талқысына айыпкердің, талапкердің жэне іске қатысушы басқа тұлғаның өкілі ретінде қатысу және де басқадай заң көмегін көрсету арқылы жүзеге асырады.
Адвокаттар алқасының және оның мүшелерінің жұмысымен соттардың, прокурорлардың, тергеушілердің қызметі тығыз байланыста. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғау айтарлықтай дәрежеде солардың іс-әрекетіне байланысты. Құқық қорғау оргаңдары жүйесінде жұмыс істейтін кейбір лауазым иелері адвокатураның маңызын бағаламайды, ал кейбір жағдайларда адвокатура, адвокаттық қызмет жэне заң көмегін көрсету тәртібі туралы түсініктері шамалы болып келеді.
Адвокатура қызметінің міндеттері мен қызметі туралы қажетті білімнің жоқтығы, түптің түбінде, зандылық пен құқық тәртібін нығайтуға септігін тигізбейді, осы тұлғалар мен адвокаттар арасыңда жанжалдың шығуына алып келуі, азаматтар мен қоғам үшін жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін.
Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, кылмыстық, әкімшілік құқық сияқты пәндер мен соттағы дәлелдеу теориясын және тағы басқаларды жетік және дәйекті игеруді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Адвокатураның мәні мен мақсаттары жэне 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңды тұрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелердің мән-мағынасын ашу. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыстың методологиялық негізін құрайтын жүйелі салыстырмалы-құқықтық және нормативтік құқықтық актілер. Жұмысты зерттеу барысында Республикамызда адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі мәселесін реттейтін басты нормативтік акт Ата заңымыз, Қазақстан Республикасының адвокатты қызметті реттеуде қолданыстағы басқа да заңдар мен ережелер, сондай-ақ ғалымдардың, атап айтатын болсақ, С. Тыныбеков, Е. О. Алауханов, және еңбектері мен арнайы әдебиеттері қолданылды.
Дипломдық жұмыста адвокаттық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық және ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыстың зеттеу объектісі. Құқық саласындағы адвокатура ұғымы, адвокаттық қызметтің пайда болуының тетіктері, оның айырмашылықтарын зерттеу және адвокаттық қызметті мемлекеттік реттеудің мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәні құқықтық кешен болып табылатынын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе және үш тараудан, бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр тарау жеке-жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген, жеті параграфтан тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
АДВОКАТУРА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Қазақстан Республикасындағы адвокатураның тарихи -құқықтық қырлары
Кеңестік саяси жүйе орныққанан кейін адвокатура айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 1864 жылғы реформа бойынша құрылған присяжнойлық және жеке адвокатураның қызметі олар жаңа социалистік мемлекетті құру принципіне қайшы болғандықтан, Кеңес үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды. Адвокатура біртіндеп кеңестік сот төрелігіндегі қосымша қызмет атқара бастады. Құқық қорғау институтын ұйымдастыру мен сотқа қатысушылардың қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Бір нысанды жоққа шығара, ал екіншісін енгізе отыра, кеңестік заңнама тоталитарлық режим талаптары мен нығайту мақсаттарына жауап беретін қорғаушылар қызметінің ұжымдық нысанын орнықтыра бастады.
Солай болса да, азаматтык істер, қылмыстық істер мен өкілдік бойынша қорғаудың жаңа ұйымының көп жыл бойы ізденуі нәтижесінде адвокатура дамуын жалғастырды. Белгілі практикалық және теориялық тәжірибе жинақталды. Адвокаттық қызметтің жаңа нысандары пайда болды, оның құқықтық нормативтік базасы және т. б. нығайды. КСРО ыдырап, жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кеңестік кезеңде жинақталған жақсы тәжірибе ұлттық адвокатуралар қызметіне негіз болып қаланды.
Кеңестік дәуірдегі адвокатураның ұйымдық нысаны сондай-ақ мемлекет тарапынан оған деген көзқарас бойынша революцияға дейінгі адвокатурамен көптеген ортақ тұстарының болғандығын атап өткен жөн. «Екі адвокатура да жергілікті деңгейде ұйымдастырылды, оларда орталық аппарат пен идеялық тұғырнама болған жоқ, соның салдарынан олар патшалықтың немесе Кеңес өкіметі саясатының жетегінде кете беретін. Екі адвокатура да өз әрекеттері үшін Әділет министрлігінің кырағы қадағалауына, судьялардың немқұрайлы қарауына, өздерінің сотқа дейінгі сатыдағы рөлінің төмендеуіне мойынсұнуға тиіс болды. Қос адвокатура да өз кұқықтары мен міндеттерін анықтауда бәрібір мемлекетке тәуелді болды».
РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) 1917 жылғы 24 қарашадағы №1 сот туралы декретімен присяжной және жеке адвокатура институты таратылды. «Алдын ала тергеу сатысында жіберілетін айыптаушылар мен қорғаушылар ролін азаматтық құқықтарды пайдаланатын, кінәраттары жоқ барлық азаматтар мен азаматшалар атқара алады. Алайда, азаматтардың құқығын қорғауға тиіс арнайы орган Декретпен құрылған жоқ».
1918 жылғы 7 наурыздағы №2 сот туралы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) декретімен жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттары Кеңестері жанынан қоғамдық айыптаушы, қоғамдық қорғаушы ретінде құқықтық делдал болғысы келген тұлғалар алқасының құрылуы қарастырылды. Бұл алқаға жоғарыда аталған Кеңесті сайлайтын және кері шақыратын тұлғалар кірді. Тек осы тұлғалардың ғана сотта еңбегін төлету арқылы сөз сөйлеу құқығы болды.
1922 жылғы 26 мамырдағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) Қаулысымен бекітілген адвокатура туралы Ереже адвокаттық қызметті тікелей реттейтін алғашқы нормативтік құқықтық акті бола отыра, адвокатураны алғашқы рет еңбекшілерге азаматтық дауларды шешу кезінде заң көмегін және қылмыстық сотта қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған, өзін-өзі басқаратын ұйым ретінде анықтады.
Әділеттің губерниялық бөлімдері жанынан қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаушылар алқасы құрылды. Алғашқы құрамдағы қорғаушылар алқасының мүшелерін Әділеттің губерниялық бөлімдерінің ұсынысы бойынша губерниялық атқару комитеттері бекітті. Бұдан әрі алқаға мүше қабылдауды алқа төралқасы жүргізді, олар алқаға жаңа мүшелерді қабылдаудан бас тарту құқығы берілген губерниялық атқару комитетінің төралқасына қабылдау туралы хабарлап отырды.
Қорғаушы алқасының мүшелері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда қызмет жасай алмайтын. Тек мыналарға ғана рұқсат етілді:
1) сайлау бойынша мемлекеттік лауазымда отырған тұлғалар үшін;
2) заң ғылымының профессорлары мен оқытушылары үшін. Губерниялық қорғаушылар алкасы мүшелерінің жалпы жиналысы өз құрамынан төралқа сайлады.
Қорғауға қорғаушы алқасының мүшелерінен басқа айыпталушының немесе жәбірленушінің жақын туысқандары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың және олармен тең дәрежеде Бүкілресейлік Кәсіптік Одақтар Орталық Кеңесінің (ВЦСПС), Бүкілресейлік Тұтынушылар Қоғамы Орталық Одағы мен басқа кәсіптік және қоғамдық ұйымдардың өкілетті өкілдері жіберілді. Басқа тұлғалар өндірісінде осы іс жатқан соттың ерекше рұқсатымен ғана жіберілді.
Қазақстандағы кеңестік адвокатураның қалыптасу процесі обьективтік және субъективтік қиыншылықтарға тап болды. Ең алдымен, білікті және даярланған қадрлар жоқ болатын. Екіншіден, көптеген сот қызметшілері, Әділет халық коммиссиариаты мен өзге құқық қорғау органдарының басшылары адвокатураға жатырқай қарады. Олар кеңестік сот өзінің пролетарлық табиғатынан қателеспейді және кез келген істі өз бетінше шешуге қабілетті деп санады. Ең соңында, қоғамда адвокатураны патша билігінен қалған мұра, күні еткен институт ретінде және т. б. сандаған пікір қалыптасты.
Қырғыз (Қазақ) АССР Кеңестерінің алғашқы құрылтай съезінде 1920 жылғы 6 қазанда «ҚАССР еңбекшілері құқығының Декларациясы» қабылданды, онда былай делінді: «Халықтық әділетті Кеңестік Ресейдің Халықтық Революциялық Сотының тәжірибесімен дәлме-дәл сәйкестендіре, қырғыз халқының тұрмыстық ерекшеліктерінің осы декларациямен белгіленген еңбекшілер құқығының негізгі қағидаларына қайшы келмейтін тұстарымен санаса отыра құру қажет». Съезд «Кеңестік әділетті ұйымдастыру туралы» қарарында әділет органдарын жергілікті жерлерде консультациялар және соттық қорғау түрінде халыққа тегін заң көмегін ұйымдастыруға міндеттеді. Құқық көмегін жүзеге асыру үшін съезд партия, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлерін тартуды ұсынды, Әділет кадрларын даярлау үшін заң курстары ашылды.
Қорғауды ұйымдастыру мәселесіне 1921 жылғы 8 сәуірдегі ҚАССР Орталық Атқару Комитеті (ЦИК) Декретімен бекітілген Қырғыз автономиялы Социалистік Республиқасының халық соты туралы Ережесінің арнайы бөлімі арналды. Онда 1920 жылғы 21қазандағы РСФСР халық соты туралы Ереженің кейбір баптары сол қалпында қайталанды. Мысалы, 43-49-баптарда сот органдары қорғаушылар ретінде осы міндетті атқаруға кабілетті азамматтарды тарта алатындығы көрсетілді. Бұл үшін губерния әділет бөлімдері ерекше тізімдер жасады. Қорғауға жіберу туралы мәселені халық соты (өкімдік және соттық отырысында) іс пен айыпталушы тұлғаның сипатына байланысты шешті және кассациялық шағымнан бөлек шағым жасалуға жатқан жоқ. Алайда халық соты айыптаушы іс бойынша сөйлеген кезде немесе бұл туралы қамауда отырған айыпталушы өтінсе, қорғаушыны жіберуге немесе тағайындауға міндетті болды. Халық соты айыпталушы тұрған ұйымның (кәсіподақтың зауыт комитетінің және т. б. ) осы мақсат үшін іс сапармен келген мүшелерін, сондай-ақ айыпталушының жақын туысқандарын қорғауға жіберетін. ҚАССР Әділет халық комиссариатының жанынан үш адамнан тұратын халықа заң көмегін көрсету жөніндегі бюро құрылды.
Қазақстандағы адвокатураның бүгінгі қызметі мен жәй-күйін оның қалыптасу, құрылу және даму тарихын мейлінше түсіну және қарастыру мүмкін емес. Өйткені бұларсыз осы маңызды қоғамдық-құқықтық, институттың алдында тұрған міндеттердің мәнін түсінуге болмайды. Ақыр аяғында бұл бізге құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда адвокатураның орнын, ролі мен маңызын анықтауға мүмкіңдік береді.
Адвокатураға жүктелген міндеттердің орындалу ерекшеліктеріне және құқықтық қатынастар жүйесіндегі оның жағдайына орай тарихтың әр кезеңінде оған деген көзқарас қоғамның саяси жүйесіне, оның экономикалық денгейіне, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасына және көптеген басқа жәйттарға байланысты өзгеріп отырды.
Адвокатураның қалыптасу жолы қиын болды және қоғам дамуының жекелеген кезеңінде адвокатура ұйымдары қызметінің нысанын, тәсілдері мен әдістерін жетілдірудің сан түрлі жолдары іздестірілді.
1917 жылға дейінгі мерзімде кәсіби адвокатураның өмірге келуі Ресей империясындағы (құрамына Қазақстан кірген) зандылықтың қалыптасу және даму тарихымен және 1864 жылғы озық сот реформасының жүргізілуімен тығыз байланысты.
Сол дәуірдегі заң терминологиясында «адвокат» ұғымы 1864 жылы пайда болды, алайда тіпті кеңестік дәуірдің өзінде 1939 жылға дейін қолданыстағы заңнамада пайдаланылған жоқ. Адвокаттар алқасы сияқты адвокатура қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанына келсек, ол еш уақытта да дамыған демократиялық елдегідей (АҚШ, Германия, Франция және т. б. ) қоғамдық-құқықтық маңыз бен корпоративтік бірлікке еш уақытта да және бүгінгі күнге дейін ие болған жоқ.
1864 жылғы сот жарғыларымен (Сот ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы; Азаматтық сот ісінің Жарғысы; Татуластырушы судьялар қолданатын жазалар туралы Жарғы) төлтума және тиімді сот төрелігі жүйесі құрылды.
1864 жылғы 20 қарашада Билік етуші Сенаттың Жарлығымен бекітілген Сот ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы адвокатураны Ресейдің жаңа заң мекемесі етті.
Патша самодержавиясы кезінде адвокаттық қызметтің дамуы мемлекеттің азаматтық қоғамының жаңа тәуелсіз институттарын - кәсіби адвокаттық бірлестіктерді құруға рұқсат ету ниетінің жоқтығымен тежелді, I Петрден бастап (ол оларды «өсекші, ұрылармен және суайттармен ымыра-лас» деп атады, "өздерінің қажетсіз бос дәлелдерімен судьяның басын қатырады және істі тез бітірудің орнына оны боссөзділікпен ұзаққа созады») I Николайға дейінгі барлық императорлар («Францияны адвокаттар емей, құртқан кім? Мирабо, Марат, Робеспьер дейтіндер қайдан шыққан?!» Жоқ . . . Ресейді мен билеп тұрғанда адвокаттар қажет емес, оларсыз да өмір сүреміз») батыстық үлгідегі адвокаттық корпорацияны Ресей империясында құруға табандылықпен қарсы күресті.
Сот жүйесінің реформасына дейін қорғау институты нақты міндеті, мақсаты мен мүддесі бар қандай да бір ресімделген және ұйымдасқан қоғамдық топ бола алмады. Бұның үстіне олардың өкілдерінің тиісті кәсіби білімі, өзінің ұйымдық құрылымы мен атауы болған жоқ. Бірнеше ғасыр бойында адвокаттардың міндетін жеке адамдар - делдалдар (стряпчий) немесе істі қузаушылар (ходатаи) атқарды. Олардың міндеті заңмен реттелмеді, соған орай оларға қомақты талап қойылмады (арнайы білімнің болуы және т. б. ) Әдеттегідей, олардың міндеті кейбір құжаттарды (қағаздар-ды) жазып-тасумен шектелді, тіпті 1832 жылы присяжной делдалдар (стряпчий) институтының құрылуы да өз қызметінің жіктік сипатына орай Ресейдің сан алуан әлеуметтік жіктерінің өкілдеріне сот пен басқа мекемелерде олардың мүддесін қорғауға кепілдік бере алмады.
Сот ұйғарымдары мекемесі адвокатура ұйымдарының негізіне қарама-қайшы ереже енгізді, оның мәнісі бүгінгі түсінік тұрғысынан олар өзінің қызмет міндеті мен саласы бойынша қисынға келмейтін құқықтық делдал, шешен және өз клиентінің сенімді өкілі құзіреттерін қоса атқарды. Осы құқықтық телінушілік қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасында сақталған, біздіңше, олай етудің ешбір орайы жоқ. Еуропаның көптеген елдерінде құқықтық делдал мен соттағы өкілдік екі дербес институт ретінде дамыды.
Адвокаттар екі санатқа бөлінді: присяжной (алқа) сенімділері-адвокаттар - кәсіби ант беретін корпорация және адвокаттық қызметпен жеке дара айналысатын жеке сенімділер. Сот палатасы жанынан присяжной сенімділері мүшелерінен сайланатын присяжной сенімділерінің кеңесі құрылды. Олардың міндетіне жекелеген адвокаттар қызметіне бақылау және басқа да іс-әрекеттер кірді. Присяжной сенімділері кеңесінің қызметіне жоғарғы қадағалау Сот палатасы мен Билік етуші сенатқа жүктелді.
Присяжной сенімділері корпорациясының өзін-өзі басқаруы ретінде сот палатасы жанынан присяжной сенімділері кеңесі жұмыс істеді (алайда барлық губернияда емес) . Олар лауазымдары сайланбалы төрағадан, жолдастар төрағасынан және кеңес мүшелерінен тұрды. Кеңеске сайлау жәй көпшілік дауыспен әрбір лауазымға жеке жүргізілді. Кеңес бұрынғы құрам есебінен кейін жыл сайын присяжной сенімділерінің жалпы жиналысында қайта сайланды.
Кеңес өз қызметін әртүрлі бағыттар бойынша жүргізді. Ол присяжнойлық сенімділерді қабылдады және босатты, тәртіптік практика жүргізді, присяжной сенімділер арасында «тегін» істер бөлді, олардың арасыңдағы дау-дамайды реттеді, ол өз шешімін жай көпшілік дауыспен қабылдады.
Сөйтіп, присяжнойлық адвокатура сайланбалы органдар түріндегі және жоғарғы сот орындарының сырттай қадағалауындағы ішкі өз-өзін басқаруға біріккен присяжнойлық сенімділер сословиясы дейтін - ерікті кәсіп адамдарының корпорациясы - присяжнойлық сенімділер кеңесі. Қылмыстық істер бойынша қорғаумен, азаматтық процесте тараптарға өкілдік етумен қатар (оның ішінде сот тағайындауы бойынша) адвокаттарға, кедейлер үшін тегін консультация беруді қоса алғанда, халыққа заң көмегін көрсету жүктелді [1, 89] .
Сот ұйғарымдары мекемесі туралы Жарғымен жаңа қоғамдық-құқықтық институтқа қатаң талаптар қойылды. Онда присяжной сенімділердің құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершілігі нақты көрсетілді. Бұл үшін қажетті шарттарға сай келген және белгіленген тәртіппен адвокаттар корпорациясына қабылданған адамдар ғана присяжной сенімділері бола алды.
Осы нормативтік құқықтық талаптар екі санатқа бөлінді - оң (бола алатын) және жағымсыз (бола алмайтын) .
Сот ұйғарымдары мекемесінің 354-бабына сәйкес 25 жасқа толған, жоғары заң білімі және сот ведомствосының шенеунігі немесе присяжной сенімдісінің көмекшісі ретінде бес жыл сот тәжірибесі бар адам ғана присяжной сенімдісі бола алатын.
355-бапта кімдердің присяжной сенімдісі бола алмайтындығы ашық көрсетілді: 1) 25 жасқа толмағандар; 2) шетелдіктер; 3) қарызын төлей алмайды деп жарияланғандар; 4) жалақысыз құрметті немесе қоғамдық лауазымдағы адамдарды қоспағанда, үкіметте немесе сайлау бойынша қызметте тұрғандар; 5) сот үкімі бойынша дәулет құқығынан айыруға немесе шектеуге ұшырағандар, сондай-ақ дін сотының үкімі бойынша діни мәртебеден айырылған дін қызметшілері; 6) дәулет жағдайының құқығынан айыруға немесе шектеуге әкеп соққан қылмыстары мен теріс әрекеттері үшін тергеуде тұрғандар және осындай қылмыстары мен теріс әрекеттері үшін сот үкімімен ақталмағандар; 7) қызметтен сот бойынша немесе діни мекемеден әшкереленгендігі үшін я болмаса қоғам арасынан және дворян жиналысынан өздері жұмыс істеген қоғамдардың үкімдері бойынша шығарылғандар; 8) сот бойынша басқа істер жөнінде жүріп-тұруына тиым салынғандар, сондай-ақ присяжной сенімділері қатарынан шығарылғандар.
Бұл арада присяжной сенімділері кеңесінің сол уақыттың өзінде-ақ қабылдау туралы мәселені шешкен кезде бұл адам туралы барлық мүмкін мәліметтер негізінде үміткердің адамгершілік қасиеттері туралы дәйектерді басшылыққа алғандығын атап өту қажет.
Сот ұйғарымдары мекемесінде присяжнойлық сенімдінің қызмет атқаруға кіру тәртібі анықталды, оған төмендегі талаптар кіреді: қабылдау және тіркеу. Присяжнойлық сенімділерді қабылдау кеңеске тәуелді болды; оның шешімі - присяжной сенімділері корпорациясына негізгі тіркеу актісі. Кеңестердің бірі өтініш берушіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда, бұл тұлғаны сол мәліметтерімен басқа кеңес қабылдай алатын. Формальды құқық қабілеті шарттарына негізделген қабылдаудан бас тарту туралы кеңес анықтамасы үшін сот палатасына, бұдан кейін Билік етуші сенатқа шағым жасауға болатын. Алайда тұлғаның адамгершілік тұрғыдан бағалануына негізделген қабылдамау туралы кеңес анықтамасы шағымдануға жатқан жоқ. Жазу формалды сипатта болды, оны присяжной сенімділері қатарына осы тұлғаны қабылдау туралы кеңес анықтамасының негізіңде сот палатасы жүргізді, жазу процесіне округ присяжной сенімдісінің тізіміне қабылданған адамның тегін енгізу, кеңес берген куәлікке қол қою және оны қабылдау туралы жарияланым кірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz