Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы



Кіріспе
I . бөлім. Әлеуметтанудағы Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы.
1.1. Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің негізгі бағыттары.
1.2. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаттамасы.
I I . бөлім. Әр ғылым салаларындағы әлеуметтік жұмыс.
2.1. Әлеуметтік жұмыстың әр ғылым салаларымен байланысы.
2.2. Әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің қоғамдағы орны.
Қорытынды.
Сілтемелер тізімі:
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, өзіндік экономикалық бет-бағдар жасады. Сонымен бірге біздің тек қана экономикалық формациямыз өзгеріп қана қойған жоқ, әрі қоғамымыз бүтіндей өзгерді. Жаңа ғасырға аяқ басқан жас мемлекетіміз құрылымында, жас қоғамдық құбылыстар мен жаңа мамандықтар қалыптаса бастады. Соның бірі – Әлеуметтік жұмыс мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамдық қажеттілік болса, және оның мамандық ретінде қалыптасуының бірнеше себептері бар. Соларға өз бетімше қысқаша тоқталып өтсем:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясында, әсіресе, 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған '',...Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады…1 '' – деп, әлеуметтік саясат жүргізе бастауы, жаңа пәннің қалыптасуына әсер етті.
Екіншіден, Кеңестік жүйеде өмір сүрген мемлекетіміз Егемендік алғаннан кейін, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік проблемаларға кездесе берді. Соның бірі түсініктірек болуы үшін “кедейлік” ұғымын алсақ. КСРО-кезеңінде бұл терминмен тікелей ұшыраспағанбыз, өйткені Кеңес елдерінде сол ұғымды ресми мойындаған емес, ал шын мәнінде бұл өзекті мәселе қоғамымызда белең алып бара жатқан соң оны ресми мойындап, нақты зерттеулер, онымен күресу жолдары қарастырылуы өте қажет болды.
Үшіншіден, Қазақстан халқының қоғамы, әлеуметтік топтары өтпелі кезеңге дейін де, өтпелі кезеңде де, өтпелі кезеңнен кейін де Әлеуметтік – экономикалық қиындықтар әсерінен Әлеуметтік қорғаныш қабатынан айрыла бастады. Қоғамымыздағы түрлі әлеуметтік топтар мүддесін қорғайтын мамандар қажеттілігі күнделікті тұрмыстағы ең өзекті мемлекеттік мәселе болуы.
Төртіншіден, қоғамдық келеңсіздіктердің күрделі мәселелерін зерттейтін, реттейтін мемлекеттік әлеуметтік институт қажеттілігі.
Бесіншіден, Тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдары,әлемнің дамыған елдерінің модельдерін зерттеу барысында, кез-келген дамыған мемлекеттің өзіндік бекітілген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің берік екенін көрсетті, сонымен бірге Қазақстанға да әлеуметтік ориентация ( бағдар ) болды.
Алтыншыдан, Республика халқының демографиялық хал-ахуалының нашарлауы нақты зерттеу мен оның алдын-алу ( профилактикасын ) шараларын жүргізуге қажет, демографиялық топтар денсаулығын зерттеу, жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін демографиялық ілімдер, әлеуметтік топтар мен олардың психологиялық стимул, мотивацияларын жақсарту үшін – практикада, әлеуметтік жұмыскерлерге сұраныстың артуы.
I. Нормативтік-құықтық акттілер:

1 – Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995-жыл.
2 – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: " Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" 2005-жыл, 19-ақпан, " Казахстанская правда " газеті.

II. Кітаптар бойынша:

3 – Е.И. Холостова. " Технология социальной работы ", Москва " Инфра-М " 2001-жыл.
4 – Л. Т. Кожамкулова. "Социальная работа города: Принципы и направления" Алматы "Қазақ Университеті" 2003-жыл.
5 – С. В.Тетерский. ”Введение в социальную работу”, Москва:
Академический проект.2003-жыл.
6 – Е. И. Холостова “Теория социальной работы”, Москва " Юрист " 1998-жыл.
7 – Курбатов. В. И. “Социальная работа”, Ростов – на – Дону:
Феникс. 2004-жыл.
8 – Т. С. Пантелеева. Г. А. Червякова. " Экономические основы социальной работы ", Москва " Гуманист ", 1999-жыл.
9 – П. Д. Павленок. " Основы социальной работы ", Москва " Инфра-М ", 2001-жыл.
10 – А.А. Козлов. " Социальная работа ", Москва: 2005-жыл.
11 – Г. П. Медведева. " Этика социальной работы ", Москва " Гуманист ", 1999-жыл.
12 – Д. Майерс. " Социальная психология ", Санкт-Петербург " Питер ", 1997-жыл.
13 – И. Г. Зайнышев. " Теория и методика социальной работы ", Москва "Союз", 1994-жыл.
14 – А. М. Панов. " Социальное обслуживание населения социальная работа за рубежом ", Москва, 1994-жыл.
15 – Е. И. Холостова. " Словарь – справочник по социальной работе ", Москва " Юрист ", 1997-жыл.
16 – Э. Г. Тучкова. " Право социального обеспечения ", Москва " Юрист ", 1995-жыл.
17 – Г. М. Андреева. " Социальная психология ", Москва " Аспект Пресс ", 1999-жыл.


18 – Ж. Н. Сарсенова. " Әлеуметтік жұмыс ", студенттерге арналған оқу құралы, Алматы, 2004-жыл.
19 – З. Ж. Жаназарова. " Социальная работа с семьей ", учебное пособие для студентов, Алматы " Қазақ Университеті ", 2003-жыл.
20 – П. Д. Павленок. " Введение в профессию "Социальная работа" ", Курс лекции, Москва " Инфра-М ", 1998-жыл.
21 – И. В. Гейц. " Обязательное пенсионное и социальное страхование ", " Дело и сервис ", 2003-жыл.
22 – С. Ю. Янов. " Обязательное социальное страхование ", " Инфра-М ", 2005-жыл.
23 – Л. В. Топчий. " Кадровое обеспечение социальных служб: состояние и перспективы развития ", Москва, 1997-жыл.
24 – Н. Б. Шмелева " Стоновление и развитие социального работника как профессионала ", Москва, 1997-жыл.
25 – С. Ю. Янов. " Социальное страхование и внебюджетные фонды ", " Инфра-М ", 2005-жыл.
26 – И. А. Зимней. " Социальная работа ", Москва, 1994-жыл.
27 – Е. Р. Ярская – Смирнова, Э. К. Наберушкина. " Социальная работа с инвалидами ", Санкт-Петербург, " Питер ", 2005-жыл.
28 – Л. Г. Гуслякова. " Теория социальной работы ", Москва, " Юристъ ", 1999-жыл.
29 – М. В. Фирсов. " История социальной работы в Росии ", Москва, 2005-жыл.
30 – С. И. Григорьев. " Теория и методология социальной работы ", Москва, 1994-жыл.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, өзіндік
экономикалық бет-бағдар жасады. Сонымен бірге біздің тек қана экономикалық
формациямыз өзгеріп қана қойған жоқ, әрі қоғамымыз бүтіндей өзгерді. Жаңа
ғасырға аяқ басқан жас мемлекетіміз құрылымында, жас қоғамдық құбылыстар
мен жаңа мамандықтар қалыптаса бастады. Соның бірі – Әлеуметтік жұмыс
мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамдық қажеттілік болса, және
оның мамандық ретінде қалыптасуының бірнеше себептері бар. Соларға өз
бетімше қысқаша тоқталып өтсем:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясында, әсіресе,
1995-жылғы 30-тамызда қабылданған '',...Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады...1 '' – деп, әлеуметтік саясат жүргізе бастауы, жаңа пәннің
қалыптасуына әсер етті.
Екіншіден, Кеңестік жүйеде өмір сүрген мемлекетіміз Егемендік
алғаннан кейін, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік проблемаларға кездесе берді.
Соның бірі түсініктірек болуы үшін “кедейлік” ұғымын алсақ. КСРО-кезеңінде
бұл терминмен тікелей ұшыраспағанбыз, өйткені Кеңес елдерінде сол ұғымды
ресми мойындаған емес, ал шын мәнінде бұл өзекті мәселе қоғамымызда белең
алып бара жатқан соң оны ресми мойындап, нақты зерттеулер, онымен күресу
жолдары қарастырылуы өте қажет болды.
Үшіншіден, Қазақстан халқының қоғамы, әлеуметтік топтары өтпелі
кезеңге дейін де, өтпелі кезеңде де, өтпелі кезеңнен кейін де Әлеуметтік –
экономикалық қиындықтар әсерінен Әлеуметтік қорғаныш қабатынан айрыла
бастады. Қоғамымыздағы түрлі әлеуметтік топтар мүддесін қорғайтын мамандар
қажеттілігі күнделікті тұрмыстағы ең өзекті мемлекеттік мәселе болуы.
Төртіншіден, қоғамдық келеңсіздіктердің күрделі мәселелерін
зерттейтін, реттейтін мемлекеттік әлеуметтік институт қажеттілігі.
Бесіншіден, Тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдары,әлемнің дамыған
елдерінің модельдерін зерттеу барысында, кез-келген дамыған мемлекеттің
өзіндік бекітілген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің берік екенін
көрсетті, сонымен бірге Қазақстанға да әлеуметтік ориентация ( бағдар )
болды.
Алтыншыдан, Республика халқының демографиялық хал-ахуалының
нашарлауы нақты зерттеу мен оның алдын-алу ( профилактикасын ) шараларын
жүргізуге қажет, демографиялық топтар денсаулығын зерттеу, жақсарту
жұмыстарын жүргізу үшін демографиялық ілімдер, әлеуметтік топтар мен
олардың психологиялық стимул, мотивацияларын жақсарту үшін – практикада,
әлеуметтік жұмыскерлерге сұраныстың артуы.
Жетіншіден, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді
толықтай бір арнаға келтіру нәтижесінде ресми түрде тұрақтанған әлеуметтік
жұмыс мамандығы қоғамның әр саласымен байланысты болып, қоғамымыздың
бүтіндігін құрады.
Сегізіншіден, бұрыннан бері қалыптасқан,жинақталған теориялық
ілімдер негізінде, әлеуметтік саланы қолданбалы деңгейге жеткізу, себебі
әлеуметтік жұмыс өзінің ауқымына байланысты теориялық және қолданбалы
деңгейде қызмет атқарды және осы екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты
болса, Әлеуметтік жұмыскер осы теория саласын практикада ұштастыратын
реттеушілік гуманистік функцияларын атқарды. Қоғамымыздағы көптеген
әлеуметтік проблемаларды шешуге өз үлесін қосатын мамандық өте қажет-ақ.
Тоғызыншыдан, 70-жылдан астам уақыт бойы Кеңеңстік жүйеде өмір
сүрген біздің мемлекет жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға өту
кезеңінде көптеген деформацияға ұшырады. Соның бастыларының бірі әлеуметтік
және еңбек салаларындағы қатынастардың тепе теңдігінің бұзылуы мен
жұмыссыздық проблемаларының өзектіленуі. Бұл жерде мемлекеттік түзету мен
әлеуметтік сала маманының реттеушілік функциялары қана әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың қалыпқа түсуіне, әлеуметтік сфера ахуалының
жақсаруыны және қоғамды стратегиялық маңызы бар реформаларын жүзеге
асыруына көмек береді.
Мемлекеттің арнайы реттеушілік функцияларының анализінің үрдісі
кезінде “хұқық”, мораль әлеуметтік сала мамандарының орны ерекше
Яғни, әлеуметтік жұмыскерге деген талап өзінен-өзі туындады емес-пе?
Мәселенің бәрін өзектілігіне қарай тізбектей берсек,әлеуметтік
жұмыскерлер-ге деген талап, сұраныс қоғамымзда үлкен орынға ие.
Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы себептері әрине өте көп, бірақ мен
соның негізгі деген тоғыз түрін өз бетімше түсіндіруге тырыстым. Біздің
мамандығымыз жас мамандық болған себептен, әрі қоғамның әрқилы салалары-мен
күрделі байланысты болғандығынан өте әмбебап (универсалды) мамандар-ды
даярлауды өзіне міндеттейді. Әлеуметтік сала аясындағы күнделікті өміріміз
керемет деп айтпағанымызбен, әлеуметтік жұмыс саласының мамандарының үл-кен
күш салуы арқасында бірте-бірте қалыпқа түседі деген игі сеніммен бола
шаққа қарай аяқ басудамыз.
Әлеуметтік жұмыс мамандығының, Тәуелсіз мемлекетіміздегі жас,
болашақ түлектері ретінде, қоғаммен тікелей байланыстағы пәніміздің ғылыми-
материалдық базасының жоқтығына қарай, бірақ күнделікті әлеуметтік-қоғамдық
проблемалардың өзектілене беруіне қарай, көптеген қиындыққа жолығудамыз,
оны өзіміз шынымен-ақ сезіне бастадық. Әрине, жаңа пән аумағында алғашқы
түлектер ондай келеңсіздіктерге жолығуы да шартты, себебі Қазақстандағы
әлеуметтік жұмыс жөнінде бітіру жұмысын жазуға алғаш қалам тартқандардың
біріміз.
Енді, әлеуметтік жұмыс қандай пән?, маңыздылығын, зерттелу деңгейін,
мақсат – міндеттерімен таныстырып өтуге тырысайын.
Әлеуметтік жұмыс – әр кезде, тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік
саясатына сәйкес көрсетілетін, өзіндік әлеуметтік көмектер тәртібінің
моделі, әрі қоғамдық құбылыс. Бұл түсініктеме кең көлемде бәрін
қамтымағанмен, көп нәрсенің мәнін ашатын анықтама. Ал, қысқа ғана
нұсқасында әлеуметтік жұмыс қоғамның өсуінің, дамуының тұрақтылығы болып
табылатын, адам құқығы мен тұлғаның әлеуметтік қорғалуын талап ететін,
қоғамдық қажетті саяси іскерлік түрі.
Әлеуметтік жұмысты, былайынша, халықтың әлеуметтік, мәдени әрі
материалдық жағдайын қамсыздандыру мақсатында істелінетін мемлекеттік әрі
мемлекеттік емес арнайы іс - шаралар формасы деп те түсіндіруге болады.
Әлеуметтік жұмыс мамандығы әр түрлі форма мен атаулар алуы арқылы әр
түрлі тарихи кезеңдер мен мәдениеттерде бұрыннан белгілі. Әлеуметтік жұмыс
туралы алғы мәліметтер біздің заманымызға дейінгі 1750 – жылға сәйкес
келеді.2
Бұл кезде ежелгі Вавилонда әділеттік кодтары – азаматтық акттері,
адамзаттың бір – біріне деген, жақынына деген махаббатына, кедейлерге деген
қамқорлыққа шақыру пайда болған. Көне Грецияда әлеуметтік жұмыс,
“Филонтропия” (грекшеден аударғанда: “адамзатқа қатысты махаббатын
білдіру”) ретінде таныс болды. Римде “халықтық дәстүр” негізінде белгілі
болған.
Әлеуметтік жұмыс басында қоғамдық құбылыс ретінде пайда болып кейіннен
әлеуметтік институт дәрежесіне көтеріліп беки түскен.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік бағдарлық теориясымен модельдерінің
қалыптасуына Классикалық позитивизм әсер еткен( Огюст Конт, Герберт Спенсер
. т .б).3
Біз әлеуметтік жұмысты зерттемес бұрын, алдыменен, Әлеуметтік
институт, Әлеуметтік саясат мәселесіне тоқталып өтуіміз керек. Бұл үшін біз
алдыменен Макс Вебермен, Эмиль Дюркгейммен, басқа да ірі ғалымдармен
берілген Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясат идеяларымен танысайық.
Мысалға, Әлеуметтік институт - Әлеуметтік феномен. Біз қоғам құрған
бетімізде сол феноменді бірге өмірге әкелеміз.Ал одан біздің алысқа кете
алмауымыз біздің сол институтпен бірге біртұтас құрамада екенімізді
көрсетеді, яғни бұл біртұтас құбылыс екен – деп кезінде Эмиль Дюркгейм
өзінің әлеуметтік идеяларында айтып өткен, егер осы Институт жақсы болса,
қоғамымыз сау ал егер ауру болса – қоғам ауру, ретсіздікке яғни аномеяға
тап болады деген. Бұл біртұтастық принципі, ал әлеуметтік саясат осы
біртұтастықтың бір элементі.
Әлеуметтік саясат туралы ойлар, идеялар XX – ғасырдың ортасысынан
бастап, әлеуметтік әділідік, әлеуметтік мемлекет анализін қарастырғаннан
басталады. Бұл салаға өз еңбегін қосқандар: Дж. Лус, Дж. Роус, Дж.
Гроссман. тағы. басқ.
Осыменен, әлеуметтік жұмыс қоғамдық феномен ретінде пайда болып, ғылым
болып бекігенін білеміз. Ғылым ретінде пайда болып кәсіби әлеуметтік
жұмыскерлерді даярлау XIX – ғасырда Амстредамда, кейіннен Берлин, Лонданда
жүзеге аса бастауы, әлеуметтік жұмыстың кәсіби деңгейге өтуінің,
әлеуметтік диагноздан және әлеуметтік жұмыскерлердің басшылыққа алатын
құралымен, әдістер таңдауының бәрі тек жалпы моральдық критерий емес,
ғылыми негізделген кәсібилік бағыт екенін дәлелдеді.4 Әлеуметтік көмек
адаммен бірге қоршаған ортаның өзгеруіне әкелетін шаралар, комбинациялар
жүйесі ретінде қарастырыла бастады. XIX – ғасыр ширегінде, әлеуметтік
жұмыскермен, басты тезис: адамның әлеуметтік ауруларын емдеу үшін алдыменен
адам бойында қоршаған ортаға бейімделу мен оның тұлға болуындағы
рессурстарын күшейтіп, бәрінен бұрын отбасын қарастыру керек екені
айқындала түсті.
Әлемдік практикадағы қазіргі бағыт: әлеуметтік жұмыс әлеуметтік
өзгерістерге әкелетін, соған бағытталған іскерлік түрі екені алғы түсінік
болып отыр. Бұл позиция бойынша әлеуметтік жұмыс, қоғамдағы конфликттер мен
катаклизмдерді тежеуші мықты күш болып, оны реттеуге келгенде мемлекет пен
қоғамға қарағанда көп күш жұмсай алатыны белгілі болып отыр. Бұл тұстан
алсақ, қазіргі Қазақстанда әлеуметтік жұмыс, қоғам біртұтастығын сақтауда
мемлекеттік саясат ұстанғанымен де, ұлттық қауіпсіздікті күшейтіп,
мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауына да көп көмегін тигізуде.
Қазіргі Қазақстан әлеуметтік жұмысының алдында тұрған қоғам мен адам
өмірінің әлеуметтік мәселелеріндегі басты проблемалық жағдайларының
маңыздылары төмендегідей қарастырылады:

■ Әлеуметтік және психологиялық конфликттер, кризистік(тоқыраулар),
стресстік жағдаяттар;
■ Эмоциональды және психологиялық проблемалар;
■ Қажеттілік және кедейшілік;
■ Маскүнемдік және Нашақорлық;
■ Зорлық - зомбылық, күш көрсету, шектеу (дискриминация);
■ Қылмыс пен құқық бұзушылық;
■ Жұмыссыздық пен кәсіби бейімделу;
■ Мүгедектер мен жалғызбасты кәрілер;
■ Жалғызбастылық;
■ Тұрғын үй проблемалары;
■ Бағып алу, Тастандылық, Асырап алушылық;
■ Ата – аналарының балаларына қатысты қатігездігі. т.б
Әрине, тек қана біздің қоғам аурулары (аномеясы) тек осыменен шектеледі
деген сөз емес, бұнымен қатар саяси, экономикалық проблемаларда аз емес.
Көрсетілген тізімде әлеуметтік критерийдегі мәселелер.
Әлеуметтік жұмыс, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетумен
шектелмейді. Сонымен қатар ол, әлеуметтік бақылаудың ең нәзік құралдарын
жүзеге асырады. Кез – келген әлеуметтік жұмыскердің бақылау мен қамқор
арасындағы диллемасы, кез – келген әлеуметтік көмек көрсетуде бақылау
элементтерінің болуы, әлеуметтік жұмыс функцияларыда осыдан құралады. Бірақ
бұл диллема әлеуметтік жұмыскер бәрінен кімнің мүддесін бірінші болып
қорғайды? Мемлекеттің бе? Жұмыс берушінің бе? Әлде клиенттің бе?
Әрине кәсіби деңгейі, бағдары бойынша әлеуметтік жұмыскер алдыменен,
клиенттің, одан кейін барып қоғамның – ұйымдардың , мемлекеттің мүддесін
қорғауы шарт.
Осындай приоритеттер жүйесін өмірдің өзі үйретеді. Әдетте сол өмір
үшін күресте әлеуметтік жұмыскер көбіне өзінің мүдделестерімен ұйымдар
қолдауына ие болады.
Бүгінгі таңда “әлеуметтік жұмыс” мамандығы әр алуан мынадай мамандықтар
түрін өзіне біріктіреді: Әлеуметтік педагог, Әлеуметтік психолог, Этнолог,
Әлеуметтік юрист, Эколог, Валеолог, Әлеуметтік аниматор, Геронтолог, тар
шеңбердегі арнайы әлеуметтік мамандар (босқындармен жұмыс атқарушылар,
мүгедектер, “қатер тобымен”, Медициналық әлеуметтік жұмыскер. т. б), немесе
арнайы жастық тобымен жұмыс атқарушылар(балаларменен,кәрілермен әлеуметтік
жұмыс. т.б), әйтпесе арнайы мекемелерде (мектептегі әлеуметтік жұмыскер,
әскери ортадағы әлеуметтік жұмыскер, экстремальды жағдайлардағы әлеуметтік
жұмыскер, әлеуметтік жұмыс ұйымдары, т.б) 5
Кәсіби іскерлік ретінде әлеуметтік жұмыс 3 – саланы қамтиды:
1) Әлеуметтік терапия: жекелей тұлғалық әрі отбасылық
деңгейіндегі индивидтің роблемаларын шешу, әлеуметтік
бейімделу мен реабилитация(ақтау), конфликттік жағдайларды
шешу ісінде оның қоршаған ортасы;
2) Топпен әлеуметтік жұмыс; топтар мынаған жіктеледі: жасы
бойынша (балалар, қарттар, жастар, т. б), қызығушылығы мен
жынысы бойынша (конфессиалық, жалғызбастылар қоғамы,
жалғызбасты аналар, жалғызбасты әкелер, бұрынғы нашақорлар мен
алкоголиктер, т. б). Әлеуметтік жұмыскерлер көбіне ассоциалды
және қылмыстық группировкалармен де жұмыс атқарады: (балалар
мен жасөспірімдер қылмысы, қаңғыбастар, ұйымдасқан қылмыстық
жезөкшелік, нашақорлық, ассоциалды бағытталған жасөспірімдер
тобы .т.б).
3) Тұрғылықты мекен жайы және қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыс:
Ол әлеуметтік көмек көрсетулер жүйесін кеңейтуге бағытталған,
жергілікті бөлімдерге бөлініп әлеуметтік көмекпен
қамсыздандыруды қарастырсады, қауымдастық байланыстарды
бекітуге, адамдардың әлеуметтік–психологиялық климатының
жақсаруына, топтық көмек көрсету шаралары.т.б. 6

Міне осы функциялардың бәрін қатар атқарған әлеуметтік жұмыскер - әмбебап
сала маманы болып шығады.
Әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты – жақсы әл – ауқат жөніндегі қамқорлық,
тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетін ашу, отбасы қамы, қоғамның қалыпты
әлеуметтік функцияларының орындалуын қадағалау.7
Әлеуметтік жұмыстың іскерлігі аясындағы басты мақсаты клиенттің өмірлік
маңызы бар проблемаларын шешуге көмек көрсету.8
Әлеуметтік жұмыстағы орталық фигура клиент, ал мақсаты - әлеуметтік
жұмыскерлер қатысатындай проблемалардан әр клиент өмірін сақтандыру мен
одан қорғау шаралары.9
Әр оқулықта әр түрлі сипаттамалар берілгенімен, бәрінің де көрсеткені
әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты, – мемлекет мақсатының айқын бөлігі ол –
әлеуметтік жұмыстың қандай жолмен болсын, қиын жағдайға душар болған
индивидттер мәселесін гуманизм заңдылықтарымен шешу, алдын-алу, кез-келген
адамды сол шаралары арқылы бір-біріне деген сенімдерін нығайту, көмек
беріп, күнделікті өмірдегі әлеуметтік проблемаларды дұрыс шешуге бағыт беру
жолдарын қарастыру. Әрине бұл берілген анықтама да абстракциялық аспектте
болуы ықтимал, өйткені басқа мамандықтардай емес, әлеуметтік жұмыс
мамандығының жұмыс аясы өте үлкен екені бізге мәлім. Адам өміріндегі
маңызды, жауапты шешімдер шығарып, дұрыс жолмен бағыт-бағдар беру әр
әлеуметтік жұмыскердің адамдық кәсіби борышы.

Әлеуметтік жұмыстағы мақсатқа жету жолдары:

( Клиентпен танысу, жағдаяттың диагностикасы; (бұл жерде “клиент”
рөлінде, қоғам, әлеуметтік топ, немесе жекелеген адамда болуы мүмкін ).

( Проблемалардың, қажеттіліктердің дифференцияциясын анықтау,
мүмкіндіктерді айқындау;

( Мәселенің шешілу жолдарымен, оның жүзеге асуын қадағалау шарттарының
функциясы;

( Бақылау мен қамқорлық;

Әлеуметтік жұмыскердің арнайы функциялары мен құндылықтары мыналар
болуы шарт:

–– Жақындарына мейірбандылық көрсету, мәселені бірге түсінушілік, ниет
білдірушілік, ізгілік;

–– Проблемаларды шеше білу жолдарына қатысу;

–– Клиенттің ішкі күшіне сену, жағдайдың позитивті өзгеруіне деген
сенімнің болуы;

–– Көмек пен жақсылықтар жасау ниетінің болуы;

–– әлеуметтік білімдер жиынтығын жинақтау;

–– Тәжірибе алу;

–– Әлеуметтік шығармашылық; т.б...

Әлеуметтік жұмыс құрылымы:
Әлеуметке жаңаша көзқараспен қарауы арқылы қоғамға деген көзқарасын
жаңарту. Ежелден бері адам бойында қалыптасқан ізгі ниет, жақсылық
қасиеттерінің гуманизм принциптері екенін білген әлеуметтік жұмыскер өзінің
гуманизмін іс-әрекеттері арқылы өзгеге білдіре білуі қажет. Сол гуманизм
заңдылықтарын өз бойында жаңғыртуы арқылы, жаңа заман, жаңа кезеңге сәйкес,
жаңаландыру. Қоғамның әлеуметтік кеселден арылуы үшін қажет болар бар игі
іс-әрекеттерін аянбай шығара білу.

I – бөлім. Әлеуметтанудағы Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы.

1. Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің негізгі бағыттары.

Әлеуматтану ғылымы таза қоғамдық-гуманитарлық пән. Ерекшелігі де сол
қоғамның негативті немесе позитивті, яғни қалыпты жағдайлардағы
феномендерінің әрқилылығын зерттейді, анализ жасайды, гипотеза айтады. XX-
ғасырдан бастап Әлеуметтану қоғамдық құбылыстарды теориялық зерттеуден,
практикалық немесе тікелей шешу жолдарын зерттеуге көп көңіл бөле бастағаны
белгілі болды. Әсіресе 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейін Әлеуметтану ғылымы
аясында –– Әлеуметтік жұмыс деген іскерліктер ілімі пайда бола бастады. Бұл
қоғам талаптарынан туындаған еді. Өйткені, Әлеуметтану қоғам түрін, типін
зерттеп, негативті әсерлерін анықтағанымен, нақты соны емдеуге келгенде
шегіншектей берді.Әлеуметтік жұмыста бұл құбылысты Әлеуметтік ингибиция деп
атайды. (“inhibition”– ағылшын тілінен аударғанда тежелу, басылу, қысым
көру ). Қоғамның бір негативті әсеріне екінші бір негативті әсері келіп
жабыса беруі әлеуметтанушылардың жолына кедергі келтірді. Әлеуметтанушы әр
саламен байланысы бар – әмбебап болуы шарт болды. Сонда барып – Әлеуметтік
жұмыс мамандығы нағыз көзге көріне бастады. Бұрынғы гуманист, филантроптар
енді ресми түрде – Әлеуметтік жұмыскер мәртебесіне ие болды. Былайынша
алғанда Әлеуметтану екі қанатқа жарылды немесе қоғамды шар ретінде алсақ
Әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс, сол шарды қоршаған екі қорғаныш қабаты
болды. Қоғам кеселін анықтау, түрін, типін теориялық- ғылыми зерттеу
бірінші (ішкі) қабаты Әлеуметтану болды, ал солардағы нақты практикалық іс-
әрекеттер жүйесінің жүзеге асуы процессін екінші (сыртқы) қабат –
Әлеуметтік жұмыс атқарды. Бұл жерде Әлеуметтануды бірінші (ішкі) қабатқа
қоюымда екі мақсат бар:
біріншісі: Әлеуметтік жұмыс Әлеуметтану ғылымы аясында пайда болып дамуында
болса,
екіншісі: екі қабаттың ортасында тұрған “шар – қоғамнан” бөлінген
әсерлерге, алғаш болып Әлеуметтану танып зерттеп, реттеу шараларын ғылыми
негіздегеннен кейін барып қана, бірінші қабаттан шыққан әсерлерге екінші
қабат реакциясын я болмаса өзіндік іс- әрекеттерін білдіреді.
Әлеуметтану мен Әлеуметтік жұмысты біріктіретін тағы бір ортақ аспект:
ол екі ғылымның да қоғамнан қандай болсын өзгеріс күтуі. Ал қоғамның
өзгерісі негативті немесе позитивті болуы, содан кейінгі тезистегі мәселе.
Енді Әлеуметтік жұмысты зерттеудегі басты методологияларға тоқталып
өтсемдеп едім.
Біздің қоғамымыз үшін Әлеуметтік жұмыс жаңа құбылыс болғандықтан көп
жағдайда Әлеуметтік жұмыс классификациясы, мәндік сипаттамалары, зерттеу
методологиялары көптеген ғалымдар үшінде пікірталас тудыруда.
Әдіс ––– ғылыми мәнінде– философиялық– ғылыми білімдер жүйесінің пайда
болуы мен құрылу тәсілдері, сонымен қатар шындықты теориялық практикалық
қолданып, ие болу үшін қолданылатын операциялар мен тәсілдер жиынтығы.10
Өзінің генетикалық тамыры бойынша әдіс, адамды шындықтың (действительность)
заңдылықтары мен қасиеттерін білуі арқылы практикалық іскерлікке
тәрбиелейді.
Әдістің дамуы мен диффинициясы нәтижесінде, ол туралы таным мен
ойланулар әдістен – әдістемеге (методология) әкеледі.
Әдістеме (методология) –– шындықтың практикалық және теоретикалық
құрылысы мен ұйымдастырылуы заңдылықтарымен шарттарын зерттеу жүйесі.
Методологиялық ілімдер жүйесінде – алынған білімдерді практикалық
шындыққа икемдеу мен жүзеге асырылу шаралары қарастырылады. Методологиялық
анализ зерттеленіп отырған объект жөнінде түрлі мағлұматтар алуға
көмектеседі, әрі объектке ықпал ету мен процедуралық шарттарын нақты
белгілеп береді.
Дәл қазіргі кезеңде Методология тарапынан Әлеуметтік жұмыс 3 – түрлі
көзқараспен анықталады:

1) Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде;

2) Әлеуметтік жұмыс –– практикалық іскерлік түрі ретінде;

3) Әлеуметтік жұмыс –– оқыту пәні ретінде;

Анық бір нәрсе ол, осы 3 - көзқарастың да әрқайсысында Әлеуметтік жұмыс
әрқилылығынан қарастырылып,әр түрлі сапалы сипатқа ие де, зерттелінуімен
жүзеге асуында әр түрлі әдістер мен бағыттардың қолдануын талап етеді.
Егерде Әлеуметтік жұмыс ғылым ретіндегі басты мақсаты –– Әлеуметтік
шындықты тану болса, практикалық іскерлік түрі ретінде –– осы Әлеуметтік
шындықтың түзілуін қарстырады. 3 – сатысы –– Әлеуметтік жұмыстың оқыту пәні
ретінде пайда болу кезеңінен бастап, нақты ғылым болып беку жолдарын
тереңнен қарастырады.

Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде. Ғылым саласы ретінде методологиялық анализі
– ғылым пәні мен объектінің бөлектелуін, жалпы заңдылықтары мен түсінік –
категориялдық аппаратының анықтамасын, зерттеудің ұйымдастырылуы шарттары
мен әдістерін талап етеді.Ғылымның пәні мен объекті зерттелуші құбылыстар
шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Нақты
зерттелініп отырған ғылым объектісі, сол ғылымның зерттеуге бағытталған
шындық жағы түсіндіріледі. Сонымен қатар, бірде-бір ғылым әлі дейін өзінің
объектісін әртүрлі себептері қырынан толығымен суреттей алмайды. Осыған
байланысты, нақты ғылым өзінің қызығушылықтар сферасын шектеуге мүдделі
болып отыр. Кез-келген ғылым өзінің объектісін тануға келгенде, тек, сол
ғылымды тудырған дәстүрді зерттеумен, соның түсінік аппаратын, соның тілін,
зерттеуді тудырған зерттеулер мен анализдер жүйесін, ондағы басымдық
көрсетіп отырған фрагменттерді тануымен шектеледі. Сол себепті де ғылым
объектісі мен пәнін зерттелінетін объект қырларына қарай бөлектеп,
екшелейді. Қазіргі кезде бәрі қабылдаған кез - келген ғылым пәнін түсіну
дегеніміз –– сол ғылымдарды өмір сүріп отырған объективті құбылыстар
таңдауы мен нәтижелерін анықталған көзқараспен қарау ғана дейміз. Ғылымның
пәнінің анықтамасы, білім аясында жеткен жетістіктерге тікелей байланысты,
әлеуметтік практиканың дамуы .т.б..
Егер де объект ғылымнан тәуелсіз өмір сүрсе, ғылым пәні ғылыммен бірге
қалыптасып, оның жүйесіндегі категориялар тәртібін белгілейді. Осылайша,
ғылым пәні мен объектінің танымы Әлеуметтік жұмыстың пәні мен теориясының
қалыптасуына әсер етті. Әлеуметтік жұмыстың теориясына әлеуметтік
бағыттардың түрліше бөлінуі тән. Әлеуметтік жұмыстың жеке ғылым ретіндегі
пәні, қоғамдағы әлеуметтік үрдістердің даму бағытының сипаттары мен
заңдылықтары екені қазіргі кезеңдегі Әлеуметтік жұмысты танушыларға белгілі
болып отырған жайт.

Ғылыми білімдер аясындағы Әлеуметтік жұмыс әдістері.
Әлеуметтік жұмыстағы объективті ғылыми таныммен зерттеу объектісінің
түзілуі жөніндегі түсініктерді зерттеуде қолданылатын әдістер басқа
ғылымдарды зерттеуге қолданылатын әдістермен ұқсас.
Ғылымда білім алу тәсілдеріне деген қарым- қатынас өте қатал түрдегі
сипатқа ие. Олардың бәрі қатаң түрде қысылған, өйткені ол алынған
мәліметтер ғылыми негізделіп, объективтілігін анықтауға оң әсерін тигізеді,
ғылымда әдіссіз білім өмір сүрмейді: егер зерттелінетін құбылыс туралы
ғылыми әдіс болмаса, онда ол туралы ғылыми білімдер де жоқ.
Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесі, қоршаған әлемдегі білімдер
жүйесі тәрізді көп әрі көпқырлы. Осыған байланысты түрлі себептерге
бағынатын көптеген әдістер жіктемесе пайда болды, әрі олар мына жіктемеге
бағынады: қоғам –– қауымдастық деңгейі, қолданыс аясы (ауқымы), іскерлік
мәні мен мазмұны сипаттамасы .т.б.

Бұл жағынан 3- ке бөлеміз:
1) Жалпыламалық;
2) Жалпығылымдық;
3) Арнайы ерекшелетін ғылыми әдістер жүйесі;

Бір қыры жағынан философия Әлеуметтік жұмыстың негізгі методологиялық
негізі болып табылады, өйткен себебі адам алдында тұрған көптеген
проблемаларды түсінудегі негізгі заңдылықтар мен бағыттарды анықтайды.
Философия жалпы табиғат заңдылықтарының қағидалары туралы ғылым, адамның
саяси – әлеуметтік қырларын кеңінен ашады, танымдық құндылықтарды
қарастырады, адам өмірінің бар қырын, деңгейін, қорғалу дәрежесін
көрсетеді.
Ал осы іскерліктің бәрін Әлеуметтік жұмыскер өзінің басты міндеті
санайды, өйткені оның жұмысының бәрі адаммен байланысты, адамға қатысты.12
1) Жалпыламалық (немесе философиялық ) әдіс, іскерліктің әр түріндегі
субъекттің дүниетанымы әрі методологиялық бағыттарының бірлігі ретінде
түсіндіріледі. Таным тарихында жалпыламалық әдістің екі түрі белгілі:
––– диалектикалық және
––– метафизикалық әдістер.
Бұл жалпыфилософиялық әдістер. Метафизикалық әдіс – XIX- ғасырдың ортасынан
бастап диалектикалық әдіспенен шектеле бастады. Материалистік диалектика
әдістері, үрдістер мен құбылыстардың, жағдаяттардың бәрі дерлік
зерттеушінің санасында, танымында Әлеуметтік шындықтың объективті
диалектикасы ретінде негізделеді, дәл қазіргі кездегі қолданылатын
жалпыфилософиялық әдіс. Сонымен бірге, кез – келген жағдай, үрдіс өзінің
құрылып түзілуімен, дамуы түрінде зерттеліп қарастырылады, ал бұл дегеніміз
факторларды жинау мен талқылауда субъективтілікті шеттеді де, біржақтылыққа
әкеледі.
2) Жалпығылымдық әдістер –– іскерліктің бар саласында қолданылады, соның
ішінде Әлеуметтік жұмыста да. Олар кең көлемді пәнаралық қолданысқа да
ие. Жалпығылымдық әдістер жіктемесі ғылыми таным деңгейімен тығыз
байланысты.
Ғылыми деңгей екі деңгейден тұрады:
■ эмпирикалық және
■ теориялық.

Эмпирикалық деңгей шынайы өмір сүріп отырған сезімдік қабылданатын
объекттерді тікелей зерттеумен суреттеледі. Бұл деңгейде зерттелінетін
объект туралы ақпараттардың жинақталу үрдісі жүреді, бақылау жүргізу арқылы
табиғи құбылыстардың әрқилылығы анықталып, әртүрлі өлшемдер белгіленіп,
эксперименттер жүргізіледі. Осы жерде алынған мәліметтер, ақпараттар алғаш
рет жіктелініп, кесте, графиктер жасалынады.
Ғылымда жалпығылымдық эмпирикалық әдістердің екі түрі белгілі:
1) Бақылау және 2) Эксперименттер.

Бақылау. Адам өміріндегі іскерліктерін қоршаған орта аумағында, көріп
бақылау тәсілдерімен шынайы болмысында суреттейді. Кең көлемді ауқымда
алсақ кез-келген эмпирикалық әдіс бақыланылатын объект спецификасымен
өзгерістерін білу үшін бақылау элементтерін өз бойына бойына сіңіреді.
Бірақ жалпы ғылым дәстүрінде, бақылау мен өзіндік бақылауды біріктіретін
ерекше әдіс бар, ол – Интроспекция деп аталады. Әлеуметтік жұмыста бақылау
деп – зерттелініп отырған Индивид немесе әлеуметтік жүйе өзінің көрсеткен
мінез-құлқы мен ерекше белгілерінің білініп, белгілену әдісін айтады.

Эксперимент. Ғылыми танымның жетекші әдісі, әлеуметтік, психологиялық
зерттеулердің де нақты құбылыстарды зерттеп анықтауға, себеп-салдарлық
бағылыңқылықтарды ерекшелеуді, тәжірибелік негізде басым орын алуға
бағытталған басты әдіс. Эксперименттің бақылаудан басты ерекшелігі, ғалымды
зерттелініп отырған жағдаятқа белсенді араластырып, оны тікелей басқаруына
мүмкіндік береді.
Ғылыми танымдағы теоретикалық деңгейді, рационалды таным дәрежесінде
жүзеге асады. Берілген деңгейде зерттелінетін объект немесе құбылыстарға
тән ерекшеліктер, заңдылықтар, маңызды жақтары, нәтижелік гипотезалары
кеңінен қарастырылады.
Жалпығылымдық теоретикалық әдістерді төмендегіше жіктеуге болады:
(Зайнышев .2002 классификациясы негізінде)13

• Ғылыми абстракция әдісі, зерттелініп отырған объект немесе
құбылыстың ішкі жағы қарастырылып, ғылыми анықтамалар беріледі;
• Анализ және синтез әдісі. Зерттелінген объекттің анализі
жасалынып, құраушы бөліктері анықталып, олар жеке-жеке
зерттеледі. Синтез нәтижесінде әлеуметтік үрдіс туралы біртұтас
картина құрастырылады;
• Индукция мен Дедукция әдісі. Индукция көмегі жекелеген факттерді
зерттеуден жалпы деңгейлер мен нәтижелерге өтуді қамтамассыз
етеді. Дедукция жалпы нәтижелерден жекелеген нәтижелерге
әкеледі.
• Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасындағы ерекше мен
жалпының бірлігі. Әлеуметтік жұмыстың технологиясы кең көлемде
әлеуметтік даму үрдісінің әлеуметтік теорияларын қарастырады,
әдіспенен көпқырлы тәсілдерді біріктіреді.
• Тарихи әдіс. Тарихи зерттеулер тек қана тарихи кезең
контекстінде, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің пайда болуы
мен дамуын, әлеуметтік заңдылықтардың туындауын анықтамайды,
сонымен қатар ондағы әлеуметтік үрдістердің өзгерістерінің
күшін, проблемаларының құрамын, кезектілігін, приоритеттерін
анықтап береді.
• Қарапайымнан күрделіге өту әдісі. Әлеуметтік үрдістер қарапайым
және күрделі әлеуметтік құбылыстардан тұрады. Әлеуметтік даму
барысында, қарапайым қатынастар жоғалмайды, күрделі жүйенің
элементтеріне айналады. Күрделі әлеуметтік құбылыстар,
қарапайымдарға сүйеніп, (абстакциялар, консепциялар, т.б) ғылыми
таным аспекттісінде кеңірек әрі нақтырақ анықтама алуға
көмектеседі. Сол себепті, қарапайым әлеуметтік құбылыстардан
күрделісіне көшу, ойлаудағы абстрактіліктен нақтыға көшу
қимылына әкеледі.
• Сандық және сапалық анализ бірлігі – әлеуметтік қатынастағы
таным әдісі. Әлеуметтік теориялар, әлеуметтік құбылыстардың тек
сапалық жағын суреттеумен шектелмейді. Осы мақсатта олар сандық
өзара байланысты қарастырады, сол арқылы танылған әлеуметтік
құбылыстар сапалықтан сандыққа айналып, өлшемдер шамасымен де
түсіндіріледі. Мысалға, әлеуметтік үрдістердің өлшемін, темп,
пропорция, әлеуметтік даму көрсеткіштері көрсете білуі мүмкін.
• Бұлармен бірге статистикалық әдістер, статистикалық анализдер
математикалық процедураларда, эмпирикалық әдістерді орналыстыра
білуімен нақты есептеу, жиналған ақпарлардың шындығын тексеруге
көмектеседі.

3) Арнайы ерекшеленетін ғылыми әдістер – бұл белгілі бір ғылымға ғана тән
арнайы білім саласындағы таным тәсілдері. Бұндай тәсілдер, мысалы,
Әлеуметтануда – Социометрия әдісі, математикада – коррелациялық анализ
т.б. Бұл әдістер сәйкестендірілген трансформациядан кейін, әлеуметтік
жұмыстағы проблемаларды шешу жолы мен профилактикасында қолданылады.
Әлеуметтік жұмыс пәнаралық ғылым саласы ретінде кейінірек пайда
болғандығынан, көптеген нақты ғылым салалары негізінде туындағандығынан
(медицина, биология .т.б ), сонымен қатар, әлеуметтік – гуманитарлы
бағыттағы ғылым салаларына да тікелей қатысы болғандықтан, әр ғылым
саласының түрлі технологияларымен әдістерін қолданады, алдыменен өз пәніне
қарай бейімдеуі де шартты нәрсе. Осындай жеке әдістерге мысал ретінде:
Интервью, Анкеталау, Контент-анализ, Эксперттік әдістер (эксперттердің
бағалау әдісі ), фокус – тобы әдісі, тесттілеу, іскерлік өнімдерінің
анализін тағы да басқа көптеген әдістермен технологияларды жатқызамыз.

Әлеуметтік жұмыс –– практикалық іскерлік түрі ретінде.
Практикалық іскерлік деңгейінде әлеуметтік жұмыс жіктемесі әлі күнге дейін
нақты белгіленіп бір жүйеге келтірілген тәртібі жоқ, ал ол үрдіс барысы
күнделікті әлеуметтік жұмыс практикасында жүзеге асуда, бірте-бірте қалыпқа
келуде. Кәсіби іскерлік жіктемесінің әдістерін белгілеу – әлеуметтік
жұмысты ғылыми ұйымдастырудағы басты компоненттердің бірі. Бірақ, әдістер
анализі мен суреттемелері, мазмұндық дифференциациясы арнайы әдебиеттерде
әлі күнге дейін жаңадан құрылуда. Егер әлеуметтік жұмыстың анализі –
гуманитарлы таным методологиясының дайындалған ғылыми жүйесіне сүйенсе,
әлеуметтік жұмыскерлердің практикалық іскерлігінің методологиялық тәуекелі
құрамдас негізінде басқа бағыттарды талап етеді.
Кез-келген ғылыми ұйымдасқан теория мен практиканың әдістері үшін ––
методологиялық анализ маңызды рөл атқарады. Ал методологиялық анализге
ғылыми теория мен практика орны ерекше. Ғылымда, кәсіби іскерліктің мақсаты
танымға жету мен оны жүзеге асыра білу. Әлеуметтік жұмыста да, дәл осы
кәсіби мақсат пен оған жету жолдары, әдіс-тәсілдері, әлеуметтік жұмыстың
өзіндік мамандық мәртебесіне ие болуында айрықша орын алады.
Ғылымда алдыға қойған мақсатқа жету жолдары – іскерлік әдісі аталады.
Адамзат қазіргі кезге дейін өз тарихында көптеген іскерлік әдістерін
жинақтаған. Бірақ тапсырмалар мен проблемалардың күрделенуі осы әдістердің
үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Айтылғандардың бәрі дерлік әлуеметтік
жұмысқа тікелей қатысты.
Орыс әдебиетінде кәсіби іскерлік әдістерін суреттеу мен оны жіктеу
төмендегідей болып келеді:14 (П.Д.Павленок, 1997)
1. Әлеуметтік әдістер көмегінсіз, алғашқы әлеуметтік бағдар,
практикалық әлеуметтік жұмыс практикасының анализі де мүмкін
емес, осы әдістер, тәжірибелері жалпы алғанда, әлеуметтік
жұмыстың тиімділігіне өз үлесін тигізеді.
2. Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері:
• Сананың қалыптасу әдістері;
• Іскерлік образының қалыптасу әдістері;
• Жазалау мен қолдау әдістері;
• Тұлғаны ұжымдық іскерлікке қосу әдістері;
• Бірте – бірте күшейетін іскерлікке қосылу әдістері;
• Педагогикалық коррекция әдістері;

3. Психологиялық әдістері:
▪ Психодинамика әдістері;

▪ Психологиялық консультация әдістері;
▪ Психологиялық таңдау әдістері;
▪ Әлеуметтік–психологиялық тренинг және аутотренинг;
▪ Мінез–құлықты коррекциялау әдісі, түрткілер, қарым-қатынасқа түсу,
өзіне-өзі баға бере білу. т.б.

Әрине, осы жіктемелерден әлеуметтік жұмыстың өзіндік іскерлігінен айрылған,
тек әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық практикалардың әртүрлі
аспекттерінде жүзіп жүрген өте жас мамандық екенін көреміз.
Әрине, бұл біздің Қазақстандық әлеуметтік жұмыстың да жаңадан ғылыми
негізделіп келе жатқан мамандық екенін мойындауымыз керек. Бұл мәселе
төңірегінде әлеуметтік жұмыс жөнінде үлкен ғалымдар өзіндік теорияларын,
концепцияларын түсіндіруге тырысып жүр.
Кейінірек, Ресейлік әдебиеттерде (И.Г.Зайнышев. “Технология социальной
работы” 2002-год.) әлеуметтік жұмыс практикасында 3-түрлі әдістер тобын
бөліп қарау ұсынылып жүр: (бұл әдістер әлеуметтік қолдау мен көмек көрсету
практикасында қолданылады):

Әлеуметтік – экономикалық әдістер;
Реттеу – ұйымдастырушылық әдістер;
Психолого – Педагогикалық әдістер; 15

Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік – экономикалық әдістеріне – әлеуметтік
жұмыскердің, клиентке жұмсаған барлық материалдық, моральдық, ұлттық,
отбасылық және басқа да әлеуметтік қызығушылықтары мен ұсынымдары кіреді.
Бұл топқа табиғи және ақшалай көмек, жеңілдіктер жүйесінің тобы, біруақытта
белгіленген көмек ақшалары, патронаждық, тұрмыстық қамсыздандыру, моральды
марапаттаулары т. б. жатады.
Реттеу–ұйымдастырушылық –– әлеуметтік қызметтің құрылымдары, әлеуметтік
жұмысты басқару, ұйымдастыру, нормативті-хұқықтық актілер, құқық бекітетін
өкілеттілік, міндеттер, әлеуметтік ұйымдар мен қызметтердің әртүрлі
буындары тарапынан жүзеге асатын әдістер жүйесі кіреді. Бұл топтың негізгі
әдістері: Регламенттеу, қалыпқа келтіру (нормирование) және Инструкциялау.

Регламенттеу – әлеуметтік органдардың ұйымдастырылуы кезіндегі
жауапкершілік, өкілеттілік бөлу тәсілдері. т. б.

Қалыпқа келтіру (Нормирование) – белгіленген тәртіптер жүйесі әлеуметтік
жұмыскерге, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білуге бағыт-бағдар береді.

Инструкциялау – клиенттер тарапынан болатын негативті әсерлерден дұрыс шыға
білу жолдары. Әлеуметтік жұмыскердің жұмыс тәртібін түсіндіру. т. б.

Психолого–педагогикалық әдістер – клиентке оның мінез-құлқы мен ішкі
табиғатына әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық реттеу механизмі
арқылы жанама әсер ететін әдістер жүйесі. Бұл топтағы негізгі әдіс –
үгіттеу, сендіру. Әртүрлі формада жүзеге асады: Әлеуметтік зерттеулер,
кеңес беру, аргументация, (рекомендация) әлеуметтік-психолық-диагноз,
психологиялық коррекция, асихологиялық-консультация, психотерапия,
психопрофилактика, ақпаратпен таныстыру, оқыту әдістері мен тәрбилеу,
әлеуметтік терапия .т. б. Бұлардың ішіндегі ең кәсіби сипатқа ие әдіс –
әлеуметтік терапия.

Әлеуметтік терапия – жекелеген адамдар немесе топтың сезімдерін, қарым-
қатынасындағы импульстерді реттеуге мақсатты бағытталған жүйелік әдістер
тобы. Әлеуметтік терапия мақсаты – түзету, коррекция, дизфункцияларды
болдырмау, қалыпты дамуды қамтамассыз ету, т. б.

Батыстық әлеуметтік жұмыс дәстүрінде сәл басқаша әдістер, үлгілері бар. АҚШ
пен батыс Еуропада, әлуеметтік жұмыс, басқа пәндер негізінде жинақталған
әлеуметтік (универсалды) әмбебаптық практикалық іскерлік түрі саналады.
Олардың жүйесінде әлеуметтік жұмыс идеялары теория болып бекітілмес бұрын,
алдыменен әлеуметтік жұмыскермен практикада қалай функцияланады, тиімділігі
қандай, соны басты есепке алады. Бұл классикалық емес, академиялық
теориялар – “бір объект туралы” деп аталынады. Бұл теориялар “кәсіби
іскерлік теориялары” немесе “объектпен жұмыс теориялары” деп те аталынады.
Сәйкесінше, әлеуметтік жұмыс әдістері басқаша қарастырылады. Олардың
негізінде әлеуметтік жұмыста қолданылатын тәсілдер жүйесіне, әлеуметтік
жұмыскер берілген проблемаларды шешу үшін қандай айла қолданады? Бұл
көзқарастар бойынша әлеуметтік жұмыскер Индивидпен, топпен немесе
қауымдастықтармен жұмыс атқарғанда жұмыс жүйесін қалай ұйымдастырады? Міне,
осының бәрі келіп әлеуметтік жұмыс методологиясына әкелетіні заңды
құбылыс.
Іс-әрекеттердің әлеуметтік-психологиялық механизмдеріне, негізгі
себепреінің сипаттарына қарай, әлеуметтік жұмыскердің партнері кім
(клиентпен): Индивид, шағын топ немесе әлеуметтік қауымдастық па?
Байланыстылық дәрежесіне қарай шетелдік әлеуметтік жұмыс дәстүрі мынадай
тәртіпте жіктеледі:

1. Жекелей (индивидуалды) әлеуметтік жұмыс;
2. Топтық әлеуметтік жұмыс;
3. Қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыс;
Жекелей (Индивидуалды) әлеуметтік жұмыс – индивидттер-ге немесе отбасыларға
психологиялық, тұлғаралық, әлеуметтік және экономикалық проблемаларына
байланысты келеңсіздіктерін тікелей араласу арқылы шешуге көмек беретін
әлеуметтік жұмыс әдістерінің жүйесі.
Топтық әлеуметтік жұмыс – шағын топтардағы өмір сүріп отырған немесе болуы
мүмкін проблемаларға олардың мүшелерімен біріге отырып, психо-әлеуметтік
әсер етуді талап ететін, әлеуметтік жұмыстың мақсатты әдістері.
Қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыс – әлеуметтік проблемаларды шешуде
индивидттер, топтар немесе ұйымдар мақсатты бағытталған әлеуметтік жұмыс
бағыты мен әдісі.
Әрине, осының бәрін ескерсек, шетелдерде әлеуметтік жұмыс мамандығы
бұрыннан қалыптасқанын білеміз. Ал әлеуметтік жұмыстың методологиясындағы
әлеуметтік жұмыс оқыту пәні ретіндегі әдістері, әлеуметтік жұмыстың басқа
пәндермен ортақ байланысты аспектілерін, пән болып қалыптасқаннан бергі
заңдылықтары мен қағидаларын, ерекшеліктерін, зерттеу әдістерін көрсетеді.
Әлеуметтік жұмыс Қазақстанда пән болып соңғы 10-жылдық ішінде қалыптаса
бастады, әрі ғылыми әдістері мен теориясында, практикасында шетелдер
тәжірибесіне, көбіне Ресей елінің тәжірибелеріне сүйенеді.

1.2. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаттамасы.

Әлеуметтік жұмыс ғылымы аясына өте кең көлемдегі кәсіби сипаттамалар қажет.
Басты себептерінің бірі ол – әлеуметтік жұмыс басқа ғылымдармен күрделі
байланысты. Өте үлкен шеберлікті талап етеді. Кәсіби іскерлік сипаттамалары
әлеуметтік жұмыскерге әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басқаруынан
бастап, әлеуметтік министрлік заңдары мен жарғыларын білуге, әлеуметтану
мен экономика элементтерін, қолданбалы психология әдістерін әсіресе,
“клиентпен” жұмыс істей білу шарттарын үйренуді міндеттейді. Кез-келген
ғылымда “профессионализм” идеясы болады. Ол идея қарапайым теориялық
ілімнің өмірге қажетті қолданбалы ғылымға айналуын көздеп қана қоймай, сол
ғылым мамандарының шеберлік деңгейін қарапайымнан күрделіге, яғни жай
білімдермен қаруланған маманды ғана емес, сол білімдерді адамзат мүддесіне
пайдалы қолдана білетін мамандар даярлап шығуға тырысады. Адамдардың
өмірлік маңызы бар проблемаларын шешуге көмектесу үшін кәсіби іскерлік
көрсете білу - әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшелігі.Адамдар
проблемаларының анализі мен шешу жолдарымен байланысты дәстүрлі іскерлік
салаларынан (әлеуметтану, психология, педагогика, юриспреденция . т. б. )
әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі оның өзіндік интегралдық сипатымен
айрықшаланады. Кей жағдайда әлеуметтік жұмыскер әлеуметтанушы да,
психологта, педагогта, юристе бола алады. Ол мысалға клиенттің жекелей
проблемаларын шешу мен диагностика істегенде психологиялық әдістер мен
әлеуметтік терапия тәсілдерін қолдана алады. Әлеуметтану әдістеріне ол
отбасының әлеуметтік тарихы мен қауымдастықтарды зерттегенде сүйенеді.
Клиент мінез-құлқына бағыттық әсер ету кезінде педагогика тәсілдерін
қолдана алады. Өз клиентін заңдық сұрақтар жөнінде жауаптарымен
хабарландырғанда әлеуметтік жұмыскер юрист рөліне кіреді.
Әлеуметтік жұмыскер көп жағдайда әмбебаптылық көрсетсе де, оның
әмбебаптылығының нақты шекаралары бар. Мысалға, клиенттің өмірлік мәні бар
проблемаларын шешкенде ол тек әлеуметтік жұмысқа қана тән спецификаны
қолданады. Сөйткені мен де ол психологты да, юристі де, педагогты да,
әлеуметтанушыны да ауыстыра алмайды, өйткені олардың барлығы да әлеуметтік
жұмыскерді ауыстыра алмайды. Осы жерде әлеуметтік жұмыстың кәсібилік
деңгейі әрі ерекшелігі – көп ғылымдар шекарасында тұрғанын атап өту керек.
Көп ғылымдармен байланысты болса да әлеуметтік жұмыс сол ғылымдар
әдістеріне тек өзіне ғана тән ерекшелікпен өзіне икемдей алады. Кәсіби
деңгейі “көрші” ғылымдар территориясын “оккупациялау” мен өзіне икемдеуге
бағытталған.
Тағы бір әлеуметтік жұмыскердің айқын ерекшелігі психолог адамның –
психикасын зерттесе, әлеуметтанушы – оның әлеуметтік қарым-қатынасына
көбірек бағытталады, ал медик – адам физиологиясы мен психикалық
денсаулығын қарастырса, заңгер – құқықтық мінез-құлқын оқиды, яғни бәрі
дерлік өздерінің қырымен адамды түсіндіруге тырысса, әлеуметтік жұмыс,
адамды оның барлық қырларымен мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде, бүтін
индивид ерекшелігін толығымен қамтиды. Былайда айтуға болады, егер адамға
бірінші жағдайларда абстракциялық бағытпен жақындаса, екіншісінде –
нақтылық пен мұқияттылық негізгі орында болады. Психолог пен
әлеуметтанушының негізгі құндылық бағдары: кәсіби құндылықтар адамға
құндылық ретіндегі іскерлік болса, әлеуметтік жұмыскер іскерлігі керісінше:
адамнан – жоғарғы құндылыққа – кәсіби құндылықтарға жету болып табылады.
Осындай сапалық ерекшеліктер әлеуметтік жұмысты біруақытта басқа
ғылымдармен жақындатса, кей жағдайларда олардан жеке дара ғылым ретінде
алшақтата береді. Бұл дегенің әлеуметтік жұмыс басқа ғылымдармен күрделі
байланысты болғанымен, өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін дәлелдейді.
Әлеуметтік жұмыскердің негізгі міндеттері мен кәсіби сипаты төмендегідей
жіктеледі:
– Индивидттер мен топтарға көмек көрсету;
– Оларға экологиялық және рухани сипатта жайсыз әсер ететін әлеуметтік
проблемаларын нақты анықтап соларға қорғаныш қабатын түзе білу;
– Адамдарға қиын жағдайдан шығуға:
қолдаушылық көрсету, реабилитация арқылы немесе коррекция
қорғаушылық арқылы көмек беру;
– Билік көмегіне сүйеніп, қорғансыздарды заңды жолмен қорғау;
– Әрбір клиентті өзіндік мүмкіндіктерін қолдану арқылы өзін-өзі әлеуметтік
қорғауға жағдай жасау немесе соған үйрету;
– Барлық құралдар мен мүмкіншіліктерді қолдану арқылы әлеуметтік көмекті
қажет ететіндерге қорғаныш болу . т. б.

Міне, осындай кең көлемді шешілуге тиісті сұрақтар жүйесі әлеуметтік
жұмыскерді кәсіби деңгейге жету үшін өте үлкен диапозондағы білімдермен
ілімдерді оқып біліп оны практикада қолдана білуге міндетті екенін
білдіреді.
Әлеуметтік жұмыскер профессионалдық деңгейге жету үшін алдымен өзіндік
этикалық стандартты меңгеру шарт. Әлеуметтік жұмыскердің негізгі этикалық
стандартына төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Әлеуметтік жұмыскер өтіркпен, алдаушылық, қулық сұмдықпен байланысты
істерге қатыспауы керек;

2. Әлеуметтік жұмыскер өзінің іс-әрекеттерін жеке тұлға және әлеуметтік
жұмыскер ретінде нақты белгілеп алуы қажет;

3. Әлеуметтік жұмыскер өзінің кәсіби білімімен практикалық тәжірибесін
шебер ұштастыра білуі керек;

4. Әлеуметтік жұмыскер үшін қызмет борышы бәрінен жоғары тұруы шарт;

5. Әлеуметтік жұмыскер бір адамға немесе адамдар тобына қатысты істелінетін
гуманды емес дискриминациялық іс-әрекеттерді болдырмауға, бар күш жігерін
салуы тиіс;
6. Әлеуметтік жұмыскер кәсіби қарым-қатынасын жеке басының мақсатына,
пайдасына жету үшін жұмсамауы керек;

7. Ғылыми немесе зерттеулік жұмыстарымен шұғылданып жүрген әлеуметтік
жұмыскер, зерттеуіне қатысып отырған адамдарға зерттеу анализін алдын-ала
болжапайтуы керек те, оларды өз еркімен қатысқаннан кейін зерттеу
нәтижелерін қажет болған жағдайда құпиялылығын сақтауды қадағалап,
зерттеуінің адамдарға зиянсыз болуын қатаң ескеруі керек.

8. Түрлі жағдайларды талдайтын әлеуметтік жұмыскер кәсіби мақсатта, өзі
тектес кәсібі бір мамандармен ғана жағдайды талқылауға құқығы бар. Маңызы
мен құпиялылығы бар жағдайлар өз маңызын жоймауы, құпиялылығы жария
болмауы шарт;

9. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған ақпарлар құпия сақталынылады.

Әлеуметтік жұмыскерлердің клиент алдындағы этикасы төмендегідей болуы
керек:

1. Клиент мүддесі бірінші орында болуы керек.

2. Әлеуметтік жұмыскер клиентпен өзін лояльды, профессионалды ілімдерін
қолдануы арқылы қайырымды ұстауы керек.

3. Ешуақытта клиентпен қарым-қатынасын жеке басының пайдасына құрмауы
керек.

4. Ешуақытта нәсілдік бөлуге, жастық, жыныстық дискриминацияларға жол
бермеу керек. Мәртебесіне, жеке басының Конституциялық құқығының
бұзылуына жол бермеу. Ұлттық – саяси, отбасылық дәрежесіне нұқсан
келтірмеу басты этикалық шарттардың бірі.

5. Әлеуметтік жұмыскер өз клиентін әлеуметтік қызмет бойынша болуы мүмкін
қатермен хабарландыруы тиіс. Егер клиентке пайдасы тиеді деп тапса, басқа
сала мамандарымен де ақылдасуға болады.

6. Әлеуметтік жұмыскер клиентпен жұмысын маңызды себептермен ғана үзе
алады, әрі ол клиентке жайлы болуы үшін, бар шаралар жүйесін қарастыруы
керек.

7. Әлеуметтік жұмыскер клиент проблемасын шешуде оның өзіндік пікірімен
санасуы керек, клиентке өзін анықтауға мүмкіндік беруі тиіс.

8. Әлеуметтік жұмыскер клиенттің азаматтық немесе юридикалық құқығы
бойынша, іске клиент атынан түсуге болмайды.

9. Әлеуметтік жұмыскерге осы әлеуметтік жұмыс этикаларын қатаң түрде сақтау
міндетті саналады, әрі оны бұзуға ешқайсысының да құқығы жоқ.
10. Профессионализмге жету үшін әрбір әлеуметтік жұмыскер өзінің қажетті
теориялық, практикалық ілімдерімен қатар осындай қажетті білімдер, іс-
шаралар жүйесін өз бойына сіңіруі шартты болып табылады.

Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сапасы.
Алдыңғы қамтылған мәліметтермен бірге әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сапасы
мына төмендегі жіктемелермен де анықталады:
– Әлеуметтік жұмыскер әлеуметтік жұмыс миссиясын, мақсаттылығын ұстанып,
әлеуметтік проблемаларды шешуге әлеуметтік жұмыс әдістерін барынша икемді
қолдануы керек.
– Әлеуметтік жұмыскер мамандықтың мақсаттылығы мен мәртебесін қорғауы
тиіс.
– Әлеуметтік жұмыскер әлеуметтік жұмысқа қатысты мәселелерді үнемі
бақылап, өз ойын білдіре алуы керек.
– Әлеуметтік жұмыскер өз “әріптесімен” зерттеулер нәтижесімен, практикалық
тәжірибесімен бөлісуі шарт. Әлеуметтік жұмыс мамандығының дамуына өз
үлесін қосуы керек.
Әлеуметтік жұмыскердің жеке басының сапасы қандай болуы керек? 16
Әлеуметтік жұмыскердің білімін, қоғаммен араласу деңгейін есепке ала
отырып, оның жеке басының сапасын да көрсете білу керек. Жеке
ерекшеліктері: кеңпейілділік, қамқорлық, адалдық,біреудің қайғысына
ортақтаса білушілік, шыдамдылық, адамдық адамгершілік,адамдармен араласа
білу, шынайылық. Қоғаммен араласуы кезінде қойылатын шарты: басқаларға
назар аудара білу, өзгені тыңдай білу,адамдарға сыйласымды қарым-қатынас
жасау. Жұмысына қатысты талаптар: адалдық, жауапкершілік, өзіне-өзі талап
қоя білу, берілген істі аяғына дейін атқара білу.
Әлеуметтік жұмыскерді клиенттен алыстатын ерекшеліктер: шыдамсыздық,
менмендік, қатігездік, қулық, ашуланшақтық, – бұл жеке басының
ерекшеліктері. Ал қоғаммен араласуы кезіндегі негативті ерекшеліктері: жасы
үлкендерге құрмет көрсете алмау, жауыздық, көргенсіздік, анайылық, өзгені
сыйлай алмау. Жұмысына қатысты ерекшеліктері: өз клиенттеріне деген
немқұрайдылық, жұмысының нәтижесіне деген писсимистік, әрдайымғы асығыстық,
ағаттықты көп жіберу, жауапсыздық, еріншектік, жеңіл ойлылық, алаяқтық, т.
б. жаман қасиеттер.
Әлеуметтік жұмыскер алдыменен кәсіби деңгейге жетпес бұрын өзін адам
ретіндегі жақсы-жаман қасиеттерін айыра білуі керек. Содан кейін барып қана
кәсіби сипаттамалар жүйесін өз бойына жинақтайды. Қоғам ауруын,
келеңсіздіктерін, негативті әсерлерін жоймас бұрын, өз басының, жеке
сапаларының негативті әсерлерін жеңгеннен кейін барып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыскер
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
М. Вебердің әлеуметтанудағы көзқарастары
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
Эмиль Дюркгейм (1858-1917)
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Пәндер