Кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметі



Кіріспе 3.4
Негізгі бөлім
2.1. Кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметін талдау 5.6
2.2. Нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формалары 7.13
2.3. Шаруашылық қызметті талдау әдістерінің жіктелуі 13.14
2.4. Шаруашылық қызмет нәтижелерін талдаудың дәстүрлі әдістері 14.16
2.5. Экономикалық ақпараттарды өңдеуде абсолютті, салыстырмалы және орташа шамаларды пайдалану
16.30
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Мазмұны 33
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады. Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;
• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;
• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты. Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген. Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс.
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.
3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.
4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.
5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994.
8. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 1994.
9. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
10. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996.
11. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
12. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,1996.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің,
ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы
көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын
әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық
қорытындысы болып табылады. Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және
тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін
жоғарлату;
• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін
анықтау;
• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін
іздеу және қорды көтеруді анықтау;
• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды
анықтау;
• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің
тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау
қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің
барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана
іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық
қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып
келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар
сақталуына байланысты. Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық,
объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық
принциптеріне негізделген. Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды
бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік
нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін
талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық,
халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес
даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет. Ғылымилық принципі кәсіпорын
қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және
саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта
болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс.
Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі
заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану
жолы арқылы жүзеге асырылады. Объективтілік принципі экономикалық талдау
барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-
салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар
жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер
нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты
және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік
жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде
негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың
қорытындысына әсер етеді. Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында
кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы
тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.
Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның
барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара
байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.

II.Негізгі бөлім
2.1 Кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметін талдау

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын
бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды анықтау және өндірістің
тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның (фирманың‚ компанияның‚ тағы басқа)
шаруашылық қызметінің жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен және
ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара байланыста кешенді түрде зерделеу. Оны
орындау кезінде оперативтік‚ 
статистикалық және бухгалтерлік есе п материалдары‚ олардың есептемелері‚
нормативтік және жоспарлы деректер‚
техникалық ақпарат пайдаланылады; т ехника мен технологияның‚ өндіріс пен
еңбекті ұйымдастырудың‚ жоспарлау мен басқарудың‚ қаржыландырудың‚ несие-
ақша қатынастарының шаруашылық қызметтің тиімділігіне әсері анықталады.
Талдау жалпы экономика талдау және техника-экономиканы талдау түрінде болып
келеді. Біріншісі шаруашылық қызметтің қорытындылаушы құндық 
көрсеткіштерін зерделеуге бағытталған; екіншісі кәсіпорынның техника
 деңгейін және оның экономикалық көрсеткіштерге әсерін зерделеп‚
бағалауға бағытталған. Зерделенетін мәселелердің көлеміне қарай толық
талдау (бүкіл шаруашылық қызметті талдау) және тақырыптық талдау
(шаруашылық қызметтің жекелеген жақтары мен көрсеткіштерін талдау‚ мысалы‚
еңбек өнімділігін‚ негізгі қорлардың пайдаланылуын‚ жалақыны‚ пайданы‚
пайдалылықты‚ тағы басқаларды талдау) түрлеріне бөлінеді.
Талдау материалдары арнаулы тәсілдер мен әдістер (салыстыру‚ топтастыру‚
математикалық статистика‚ тізбекті ауыстырымдар‚ тағы басқалар) арқылы
зерделеніп‚ қорытындыланады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау
және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның
қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына
тікелей тәуелді болады. Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым
жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша,
басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсу кәсіпорынның
өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер
жатады:
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен
өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі
сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.

Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын
көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын
пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол сатудан түскен табысты (ақшаны)
қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу
арқылы есептейді.
Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр
қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың
артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды;
Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының
айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысыың (жұмыс,
қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен
анықталады:
Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның
талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни
олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.
Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан
түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі, дайын өнімнің
орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен
табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен
анықталады. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді
сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа
шамасына қатынасымен есептеледі.Ақша қаражатының айналымдылық
коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты
қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы
міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып
табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы
кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады.
Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың
айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны
қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының
айналым жылдамдығын көрсетеді.
Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша),
бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген.
Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты
кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған
коэффициент анықтайды.
Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі
кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды.
Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі
қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі.

2.2. Нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формалары
Білімгерлермен нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа
формаларын талдау. Шаруашылықтың әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық
формаларын құрудың негізі – меншік түрлерінің алуан түрлілігін қарастыру.
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. Иемдену-айыру қатынастары.
Меншік объектілері және субъектілері. Меншік формалары. Қоғамда меншік
формаларының көптүрлі болуының заңды қажеттілігі. ҚР-да меншік қатынастарын
қайта құру. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, түрлері,
әдістері, проблемалары.
 
1. Нарықтық экономика саласындағы шаруашылықтың жаңа формалары
2. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі
 1. Шаруашылықтың жаңа формалары: акционерлік қоғам, кіші
кәсіпорындар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, суды тұтынушылар
қоғамдастығы және т.б. Акционерлік қоғам (корпорация) - корпоративті
капитал негізінде құрылған заңды тұлға болып табылады. Ақшалай қаржы –
акциялар шығару және сату жолымен, негізгі капитал жекешелендірілген
мемлекеттік меншікті сатып алу есебінен құрылады. Мемлекеттік ауыл
шаруашылық кәсіпорындарын (кеңшарларды) қайтадан ұйымдастыру кезінде
кәсіпорындардың мүлкі оның қызметкерлеріне үлестер бөліп беру жолымен
ұжымдық-үлестік меншікке айналдырылуы мүмкін, яғни акционерлік кәсіпорын
болады. Шаруашылықтар мұнымен қатар акциялар шығара алады және сата алады.
Акционерлік кәсіпорынды иемдену құқығы акциялар санымен анықталады.
Акционерлер қоғамның қарыздары бойынша жауапкершілікті акцияларға салған өз
салымдары шеңберінде ғана атқарады. Сондай-ақ кіріс те акциялар саны
бойынша бөлінеді.
Акционерлік қоғамдардың мүшелері өздерінің
акцияларына дивиденд түрінде кіріс алады.
Акционерлердің мүліктік және жеке құқықтары бар. Мүліктік құқықтарға
дивитденд алу, сондай-ақ фирманың жойылуы мүмкін жағдайда мүлік құнының бір
бөлігін алу құқығы жатады. Жеке құқыққа акционерлердің жалпы жиналысында
дауысқа ие болу құқығы жатады.
Салымшының өз акциясын сату және қоғамнан шығу құқығы бар.
Бизнесті ұйымдастырудың корпоративті түрі қоғамның капиталын құруға
ірі инвесторларды да, көптеген ұсақ инвесторларды да тартуға мүмкіндік
береді.
Қоғамның жалпы басшылығын акционерлердің жалпы жиналысында сайланған
директорлар кеңесі жүзеге асырады. Компанияның директорлары болып
компанияның акционерлері де, жалдамалы менеджерлер де сайлана алады.
Директорлар кеңесі басқарушыларды тағайындайды және олардың
жалақыларын белгілейді, маңызды келісім-шарттар бойынша шешім қабылдайды
және дивидендтер мөлшерін айқындайды.
Басқарушылар (менеджерлер) акционерлік қоғамның атқарушы органы болып
саналады, сондықтан олардың басты міндеті – компанияның ағымдағы істеріне
басшылық ету.
АҚ рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар
бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да заңды тұлғаларда хақылы. А.қ.
құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келсім шарты жасалады, оны
қоғамның жарғысы деп атайды. А қ ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды.
А.қ. негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі
капитал көлеміне сай келуі керек.
Ауыл шаруашылығында өндірісті ұйымдастырудың осы түрі бойынша
шаруашылық аралық кәсіпорындар мен берлестіктер, жекешелендірілген ірі
кеңшар негізіндегі өндірістік бірлестік, құс фабрикасы және акционерлік
қоғамның басқа түрлері құрыла алады.
Агробизнес кәсіпорындары, акционерлік қоғамдардан басқа, шарт бойынша
ассоциацияларға, әртүрлі салааралық және аймақтық бірлестіктерге кооперация
негізінде біріге алады.
Қазіргі жағдайларда бірнеше шаруашылықтардың күш біріктіруінсіз
өндірісті қарқындатудың жүзеге асырылуы қиын. Мысалы, көкөністі сақтау мен
қайта өңдеу жөнінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет
көрсету, көлікті бірлесіп пайдалану, суландыру жұмыстармен жүргізу үшін
шаруашылық аралық кәсіпорындар құру экономикалық тұрғыдан жөн болады. Осы
мақсаттар үшін әртүрлі шаруашылықтардың, тіпті өнеркәсіптік кәсіпорындардың
күш-жігері мен қаржыларын бірыңғай технологиялық жүйемен жұмыс істейтін
мамандандырылған шаруашылық аралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер құру
ұстанымы бойынша біріктіру экономикалық жағынан тиімді.
Ауыл шаруашылық өндірісі технологиялық үрдісінің әрбір кезеңі өзінің
жүзеге асырылуы үшін машиналардың белгілі бір жүйесін, кадрлардың кәсіби
дайндығын талап етеді. Көпсалалы құрылымы кезінде, материалдық және еңбек
ресурстарының белгілі бір жетімсіздігі жағдайында шаруашылықтар, барлық
салалар былай тұрсын, тіпті өзінің негізгі салаларын да оңтайлы түрде
қарқындатуды қамтамасыз ете алмайды, себебі бар ресурстар бытырап
шашырайды.
Ғылым және қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, жерді, еңбекті,
техниканы, сондай-ақ қарқындандырудың басқа факторларын да ұтымды
қолданудың және осының негізінде өнімді молайту мен ауыл шаруашылық
өндірісі тиімділігін арттырудың сенімді жолы – еңбектің одан әрі бөлінуі
мен шаруашылықаралық кооперация.
Шаруашылық кооперация кезінде ауыл шаруашылық өндірісі салалары
индустриялық негізге көшіріледі, ал кәсіпорындардың өзінде қалдырылған
салалар олардың жалпы саны қысқартылуы нәтижесінде неғұрлым шоғырлана
түседі.
Кооперацияның мақсаты – ауыл шаруашылық өнімін өндіруді ұлғайту, еңбек
өнімділігі мен негізгі және айналмалы қаржыларды пайдаланудың тиімділігін
арттыру.
Кәсіпорындарды мынадай негізгі түрлерін бөліп айтуға болады:
- шаруашылықаралық кәсіпорындардың иіндеттерін орындаушы
шаруашылықтар;
- шаруашылықаралық кәсіпорындар (ұйымдар);
- ауыл шаруашылығындағы өндірістік бірлестіктер;
- агроөнеркәсіптік кәсіпорындар;
- агроөнеркәсіптік бірлестіктер;
- ғылыми-өндірістік бірлестіктер.
Кәсіпорындардың бірінші формасы әртүрлі ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының кооперациялану негізінде өнімдер мен шикізатты жеткізіп
тұру туралы шартқа сәйкес құрылады. Бұл ретте шаруашылық құралдары
біріктірілмейді, бірлескен өндіріс жүргізілмейді. Мысалы, мал бордақылау
шаруашылықтары, бұларға көрші кәсіпорындарға мал жеткізу туралы шартқа
сәйкес бордақыланатын малды жеткізіп тұрады.
Серіктестік – жарғылық қоры  құрылтайшылардың салымдарына бөлінген 
заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша,
мүліктік  құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар
салынады. Толық серіктестік –қатысушылары кәсіпорынының міндеттемесі
бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін
серіктестік. Сенім серіктестігі - серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге
өзінің салымының көлемінде жауап беретін кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын
серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бір немесе бірнеше адам
құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үестіруге
бөлінген серіктестік. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік тің
қатысушылары серіктестік міндеттемелеріне  өздерінің салымымен ал бұл
жеткіліксіз болса салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап
береді. Коперативтер -азаматтардың өз еркімен бірлескен шаруашылық немесе
өндірістік  қызмет үшін пай жарналарын біріктіру нәтижесінде түзіледі.
Кәсіпорын – белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін
заңды тұлға.
Ауыл шаруашылық кәсіпорны салалық құрылымының үлкен маңызы бар, ол
кәсіпорын орналасқан аймақтың ерекшеліктерін, экономикалық ресурстардың
қаншалық бар екендігін ескеруге тиіс.
Қазақстан үшін ауыл шаруашылық кәсіпорнының өндірістік құрылымын
айқындайтын маңызды жағдайларға мыналар жатады:
- жыл мезгілдері бойынша жауын-шашынның мөлшері;
- су көздерінің болуы мен орналасуы;
- топырақ құрамы және оның эрозияға шалдыққыштығы;
- жарамды жерлердегі егістіктің үлесі;
- табиғи жайылымдардың болуы мен өнімділігі;
- еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
- инвестициялар тарту мүмкіндігі;
- өнім өткізу рыногының болуы мен қашықтығы;
- қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының орналасуы;
- көлік жағдайлары: жолдар, жүк тасу бағалары, арнайы көлік.
Республиканың әртүрлі аймақтарында бұл факторлардың әр түрлі қилысымы
болады.
Нарық жағдайында өндірістің тауарлы салалары, яғни кәсіпорынның
кірісін қамтамасыз ете алатын саласы маңызды.
Тауарлы ауыл шаруашылық салалары негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі сала өндірістің мамандандырылуын айқындайды және оның өнімінің
үлес салмағы кәсіпорынның тауарлы өнімінде анағұрлым көп болуы керек. Әрбір
кәсіпорында бірнеше негізгі сала болуы керек. Мысалы, қала маңындағы
аймақта сүт және көкөніс өндіру болса, солтүстік аудандарда астық өндіру
мен құс өсіру және басқалар қатар жүреді. Анағұрлым ірі негізгі саланы –
басты сала деп атайды.
Негізгі саладан басқа бірнеше қосымша салалар да тауарлы болуы мүмкін.
Қосымша салалар үстеме тауарлы өнім өндірісін қамтамасыз етеді және
негізгі салалармен қиылысатын кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұтымды
құруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер астық және құс етін өндіру – негізгі
салалар болып табылатын шаруашылықта табиғи жемазық жайылымдары үлкен
болса, онда бұл жайылымдарда қосымша тауарлы салалар ретінде жылқы
шаруашылығы немесе қой шаруашылығы өнімдерін өндірген жөн.
Ірі шаруашылықта негізгі және қосымша салалардан басқа қосалқы
өндірістер де болуы мүмкін, олардың өнімдері негізінен ішкі қажеттіліктерді
қанағаттандыруға пайдаланылады.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары бірнеше салалардан тұруы, көпсалалы
болуы, сондай-ақ бір ғана саладамамандандырылуы да мүмкін (құс фабрикалары,
жылыжай комбинаттары және басқалары).
Сөйтіп, сала – ауыл шаруашылық өндірісінің бөлімі. Саланың айырықша
белгілері:
- өнім құрамы (ет, сүт, астық және т.б.);
- еңбектің қолданылатын жарақтары мен құралдары (астық өндіруге
комбайн қажет, сүт өндіру кезінде сауу агрегаттары керек);
- өндірістің технологиясымен ұйымдастырылуы;
- еңбеккерлердің (комбайншылардың, сауыншының, шопандардың) кәсіби
ерекшеліктері.
Ауыл шаруашылығында ірі екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал
шаруашылығын бөліп айтуға болады. Өз кезегінде өндірілетін өнімге
байланысты бұл салалар көптеген басқа салаларды да қамтиды.
Өсімдік шаруашылығын – астық шаруашылығы, мақта шаруашылығы, қызылша
шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы және т.б.
шаруашылықтар сияқты салалардың жиынтығы деп білген дұрыс. Мал
шаруашылығына – қой шаруашылығы, қарамал шаруашылығы, құс шаруашылығы,
жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, үй қоянын өсіру шаруашылығы, ара
өсіру шаруашылығы және басқалары кіреді.
Ауыл шаруашылық тауарын өндіруші осы салалардың қайсысымен немесе
олардың қандай жиынтығымен шұғылданғандығы жақсы екенін ойлап шешуге тиіс.
Бұл ретте ол кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи ерекшеліктерін, өзінің
шаруашылығында ресурстардың бар болуын және оны қосымша иемдену
мүмкіндігін, өнім өткізу рыногын, өңдеу мүмкіндігін, өнімге сұранысты және
басқадай экономикалық факторларды ескеруі керек.
Салаларды таңдағанда олардың өзара байланысын ескерген жөн:
технологиялық және экономикалық байланыстар болуын; кәсіпорынның ішкі
қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі, саланың ресурстарға қатынастары
жөнінен бәсекелестігі жоқтығын ескеру қажет.
Мысалы, бір шаруашылықта шошқалар мен құстарды қатар ұстау тиімсіз,
өйткені мұның екеуі де құрама жемазықты көп тілейді.
Сондай-ақ көкөністер мен техникалық дақылдардың тауарлы өндірісімен
бір мезгілде айналысу жөн емес, өйткені оларға тыңайтқыштарды және қол
еңбегін көп жұмсау керек.
2. Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып,
меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару,
пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі
және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі
болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып
және дамытып отыратын қоғамдық  ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан
көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық
тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени
деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып,
адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік
құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу,
тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу),
өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық
қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды
реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда  барлық өндірістің өсу
ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін
көрсетеді. 
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен
өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және
осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар
арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін
дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-
өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін
белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы
әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз
меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және
т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.
Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін
пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны
өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң
өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық
жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:
-              өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни
өндіріс процесін ұйымдастыру;
-              өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда
болуы;
-              қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді  (тауар) сату,
жеке қызмет көрсету.
Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну,
табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің
мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастардың негізі жеке
меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның
өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады.  Бұл үй - оның дербес (жеке)
меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт
жасасып, жылдық төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім
жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық
қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам
пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық
мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің
көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.
Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен
иеленемін, пайдаланамын және билеймін.
Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық
субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз
қажеттерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің
қызметі.
Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және
мемлекеттік емес деп бөледі.
Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін
пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі
үлгілері жатады.
Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жалпы ұлт мүдделерін
есепке ала отырып, барлық экономикалық жүйенің өмірге бейімділігін
қамтамасыз етеді.
Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы,
пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті
заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен,
тәуекелімен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық,  көп пайдалылық,  белгілі
бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің  еңбек нәтижесі,
ұтуы, ұтылуы.

2.3. Шаруашылық қызметті талдау әдістерінің жіктелуі

Экономикалық талдау әдістері деп кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
дамуын зерттеу, саралау және тану тәсілдерін айтады. Шаруашылық қызметті
экономикалық талдау әдістерінің мәні оның міндеттерінен көрінсе, ал әдісті
таңдау зерттеудің мақсатымен анықталады.
Экономикалық талдау әдістерінің сипатты ерекшеліктері болып
экономикалық құбылыстарды зерттеу, талданатын құбылыстардың ерекшеліктеріне
қарай бағалау өлшемдерін таңдау, факторларды анықтау және олардың
математикалық, статистикалық және т.б. ғылыми әдістердің көмегімен қызмет
нәтижесіне ықпалын өлшеу үшін жүйелі көрсеткіштерді пайдалану табылады.
Экономикалық талдау әдістері шаруашылық қызметті жан-жақты зерттеп,
зерделеуге мүмкіндік беру жолдарын білдіреді.
Шаруашылық үдерісті зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы
экономикалық талдау әдістемесін құрайды. Экономикалық талдау әдістемесі
экономика, статистика және математика ғылымдарының аясында қалыптасады.
Сондықтан да экономикалық талдау әдістерін негізгі үш түрге бөледі:
1. Дәстүрлі әдістер (абсолютті, салыстырмалы және орта шамаларды
пайдалану әдісі, салыстыру әдісі, топтастыру әдісі, графикалық әдіс,
баланстық әдіс);
2. Факторлық талдау әдістері:
– детерминирленген факторлық талдау әдістері (тізбекті ауыстыру әдісі,
индекстік әдіс, абсолютті айырым әдісі, интегралды әдіс);
– стохастикалық факторлық талдау әдістері (корреляциялық талдау,
дисперсиялық талдау, компонентті талдау, қазіргі көпөлшемді факторлық
талдау);
3. Математикалық оңтайландыру әдістері (сызықтық бағдарлау әдістері,
ойындар теориясы, жаппай қызмет көрсету теориясы) (4-сурет).

Сурет 4 – Шаруашылық қызметті талдау әдістерінің түрлері

Экономикалық талдау әдістерін былай жіктеу шаруашылық қызмет
нәтижелерін жете зерттеуге мүмкіндік беретін әдістердің сипатты
ерекшеліктерін толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.

2.4. Шаруашылық қызмет нәтижелерін талдаудың дәстүрлі әдістері

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаудың дәстүрлі
әдістеріне салыстыру; абсолютті, қатысты және орташа шамаларды пайдалану;
топтау; графикалық және баланстық әдістер жатады. Аталған әдістердің мәні
мен маңызын тереңірек түсіну үшін оларға жеке-жеке тоқталамыз.

Салыстыру әдісі
Салыстыру – бұл құбылыстардың ортақ сипатты белгісін немесе
айырмашылығын анықтау мақсатымен белгісіз құбылысты бұрын зерттелген
белгілі құбылыспен салыстыратын ғылыми тану әдісі.
Салыстыру экономикалық талдаудың барлық міндеттерін шешетін негізгі
әдіс болып табылады.
Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардың жалпы және арнайы
жағдайы, зерттелетін объектілердің өзгерісі мен даму заңдылықтары
анықталады.
Салыстыру әдісі әдетте кеңінен қолданылатын жағдайларды қарастырайық.
1) Жоспарлы және нақты, сондай-ақ базистік және ағымдағы кезең
көрсеткіштерін салыстыру.
2.1-мысал:

Тауардың түрі Өндіріс көлемі, данаАбсолютті Өсу қарқыны,
ауытқу, дана %
жоспар нақты
А 300 327 27 109
В 250 225 -25 90

Ал тауарын өндіру жоспары 9 пайызға артық өндірілсе, ал В тауарын
өндіру жоспары 10 пайызға орындалмаған.
2) Жоспарлы көрсеткіштердің негізділігін бағалау үшін өткен 3-5
жылдағы нақты көрсеткіштердің орташа мәндері ағымдағы жылдағы жоспарлы
көрсеткіштермен салыстырылады.
2.2-мысал:

Тауардың Тауар өндірісі, дана Өткен 4 жылдағы 2011 жылға
түрі орташа тауар жоспарлы тауар
өндірісі, дана өндірісі, дана
2007ж 2008ж 2009ж 2010ж
А 280 300 300 320 300 300
В 200 205 218 221 211 250

2.2-кестенің мәліметтері А тауарын өндіру жоспарының негізсіз екенін
сипаттайды, өйткені ағымдағы жылдағы жоспарлы көрсеткіштің мәні өткен төрт
жылда өндірілген орташа өнім көлемінің мәніне тең.
3) Өндіріс көлемінің нақты өсу көрсеткіштерін белгіленген шаралар
өткізілген жылдағы жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру арқылы сақтық
қорларды табу. Егер тауар өндірісін өсіру жоспары орындалмаса, онда оны
өндірісті ұлғайтудың пайдаланылмаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы түсініктемелері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мағлұматтар
Кәсіпорынды қаржылық болжамдау мен талдаудың теориялық негіздері
Пәндер