Рим империясы тұсында Христиан дінінің кеңінен таралуы



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлімі.
1) Рим империясы тұсында Христиан дінінің кеңінен таралуы.
2) Батыс Рим империясы мен Шығыс Рим империясының (Византия) шіркеулерінің басты ерекшеліктері.
3) Орта ғасырдағы білім ордаларының құрылуы.
ІІІ. Қорытынды.
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше роль атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін әлеуметтік институт болып табылды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяи институт болуымен қатар, адамдар санасында да мейлінше ықпал етті. өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні – халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәірде шіркеу соборларында христиандық діни – уағыздардың ьасты қағидалары – сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі - Иисус Христостың тірілгеніне , о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне кәміл сену болып табылады. «Үштік» ұғымы құдайдай дәріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай - әке , құдай – бала, қасиетті Рух және күнәларды өтеуші Иисус Христос - әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең . Христиан діні адам өзінің таьиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға беім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің қоғамдағы ықпалы әр елде әр түрлі болғанымен, тұтастай алғанда күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяи доктринаға , құқықтар жүйесіне, моральдық ілімге айналды. Алғашқы кезде рұсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285-337ж.) бүкіл Рим ипериясының мемлекеттік діні – деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласында жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің
діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің
қоғамда ерекше роль атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі
мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни
шіркеулер Еуропа елдері үшін әлеуметтік институт болып табылды.
Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяи институт болуымен қатар, адамдар
санасында да мейлінше ықпал етті. өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние
туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей
жағдай орын алған кезде христиан діні – халыққа дүние жөнінде, онда
үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін
ұсынды. Бұл тарихи дәірде шіркеу соборларында христиандық діни –
уағыздардың ьасты қағидалары – сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл
қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды.
Христиандық ілімнің негізі - Иисус Христостың тірілгеніне , о
дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті Үштіктің бар екендігіне кәміл
сену болып табылады. Үштік ұғымы құдайдай дәріптелді. Ол өзінің
үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай - әке ,
құдай – бала, қасиетті Рух және күнәларды өтеуші Иисус Христос - әрі
мәңгілік, әрі бір-біріне тең . Христиан діні адам өзінің
таьиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға беім тұрады, міне сондықтан
да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті.
Шіркеудің қоғамдағы ықпалы әр елде әр түрлі болғанымен, тұтастай
алғанда күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі
еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан өмірі христиан
дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл
осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді.
Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяи доктринаға ,
құқықтар жүйесіне, моральдық ілімге айналды. Алғашқы кезде рұсат
етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285-337ж.)
бүкіл Рим ипериясының мемлекеттік діні – деп танылған христиан діні
жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласында жаңа леп, жаңа мазмұн
әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византияға
көшірілуі де әсерін тигізбей қойған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс
және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік
сипат алуына әкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен
кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға
ұшырады және көп ұзамай-ақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да өз
тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің
сипаты жағынан ою-өрнекті , әшекейлі болып келді. Тек , 756 ж.
Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада
қаларладың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына
байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер
салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады.
Батыс және Шығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-
бірінен онша алшақтамады.
Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империсянда
христиандық шіркеу күшті иператорлық билікке тәуелді болды. (Византия
империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің
аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары,
Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары,
Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы
әркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік
– діни өмірде басты роль атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан
бастап дін мәселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де
өз қолдарына алды.

Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, шіркеу мемлекетке
дәл мұндай тәуелділікке ұшыраған жоқ, қайиа қоғамда ерекше жағдайға
ие болды. IV ғ. бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары
өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен
сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да
тереңдей түсті. Олардың арасында ІХ ғ-да филиоква жайындағы, яғни
қасиетті Рух тек Құдай - әкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің
көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс
шіркеуінің көзқарасы) деген діни мәселеге байланысты айтыс-таластар
туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен
толық тәуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл
алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз
шіркеуінің әлемдік роліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс
шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі - гректік-
ктоликтік, яғни православиелік деп аталды.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана
бастады. Бұл қозғалыста жақтаушылар Иисус Христостың құдайлылық мәні
туралы догматты жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан
ешбір айырмашылықтары болмаған деп санайды. Монофизистік деп
аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай
деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарады. Ересьтік
ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары
инквизицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу
соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балгерлер,
емшілер, көріпкелдер және т.б. қатаң жазаға тартылатын болды.
Шіркеу сайтан адамдардың бойында, әсіресе әйелдердің бойына ұялап
алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп
уағыздады. Жын-сайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге
жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан
ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай
қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кең етек алды. Мысалы,
Испанияда 30 мың адам инквизиция оттарында өртелді.

Батыста да, Шығыста да монахтық жолға түсудің маңызы өте
зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас
тартты, жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VІ ғ.
өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарғак айнала
бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің
орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да
болды. Солардың бірі – Англияның тарихы жайындағы ең алғаш іргелі
еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда
Достопочтенный болды. Ол VII ғ. аяғы мен VIII басында Англияның
Солтүстік – Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.

Доминикан орденінің (оның негізін 1215 ж. испандық монах
Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы
Фома Аквинский (1226 – 1274 ж.) құдай болмысының бес қағидасын
тұжырымдады. ХІХ ғ. аяғында католик шіркеуі Ф. Аквинскийді дін,
философия, тарих, саясат, саясат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиан діні, мәдени ерекшеліктері
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Ерте Христиан өнері
Митру құдайы
ВИЗАНТИЯ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
Аттиланың аманаты
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Әлемдік діндер
ХІ – ХҮ ғасырлардағы діннің халыққа әсері
Пәндер