Шағын кәсіпкерлікті басқару


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1 Шағын бизнестің экономикалық мәні мен басқару ерекшеліктері . . . 6
1. 2 Шағын бизнес дамуының шетелдік тәжірибесі . . . 16
2 ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ТАЛДАУ . . . 27
2. 1 Қазақстандағы шағын бизнестің дамуын талдау . . . 27
2. 2 Шағын бизнесті басқару бағыттары . . . 36
2. 3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері . . . 45
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 57
3. 1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті ынталандыру бағыттары . . . 57
3. 2 Шағын және орта бизнесті басқаруды жетілдіру жолдары . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76
ҚОСЫМШАЛАР . . . 78
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік қызмет - еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және тағы басқа себептер өз кезегінде әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр. Ел экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған шағын құрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен кәсіпорынның экономикасын жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді.
Қазіргі кезде елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Шағын кәсіпкерліктің дамуы әлі де болса төмен деңгейде екендігі жасырын емес. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «Бүкіл әлемдік банктің баяндамасында 2010 жылы Қазақстан бизнестің мүддесін көздеген реформа жүргізу бойынша көшбасшы болып танылды. Бизнестік ахуалы едәуір қолайлы елдердің әлемдік рейтингісінде Қазақстан әлемнің 183 елінің арасында 59-орынға ие болған», - деп атап көрсеткен болатын [1] .
Сондықтан да қазіргі кезде кәсіпкерлікті, соның ішінде ШОК-ті дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы аталғандарды ескере отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту және оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, қызмет тиімділігін арттыру объективті қажеттілік болып отыр.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қою керек. Алайда, мұндай стратегиялық міндетті шешу үшін экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тарту және өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндіру, салалық кластерлер құру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта, ең алдымен, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданып іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, кластерлер құру арқылы дамытуға баса назар аударылып отыр. Мұның барлығы жоғары деңгейде орындалып, оң нәтижесін беру үшін еліміздегі шағын кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру, дамыту және қызмет тиімділігін арттыруға ерекше мән беру қажет.
Бәрімізге мәлім шағын кәсіпкерлік секторы (ШКС) экономиканы әртараптандыруға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға, шағын кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Яғни, еліміздің экономикасының әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, экономика саласын тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әр түрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Басқаруды дамыту, ШОК-ті жүргізудің экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдерін жетілдіру мәселелері көптеген отандық ғалымдардың: Н. Қ. Мамыровтың, А. Қ. Қошановтың, К. Ә. Сағадиевтің, Қ. О. Оқаевтың, Қ. Қ. Құрманалиевтің, Б. З. Зиябековтың, Ә. Н. Дәуренбекованың, Ө. Қ. Шеденовтың, А. Н. Саханованың, О. С. Сабденнің, және т. б. еңбектерінде жарық көрген.
Шағын кәсіпкерлікті басқару саласында ұйымдастырушылық-басқарушылық және экономикалық мәселелеріне шетел ғалымдарының: В. Блюменфельдтің, С. Н. Рагимовтың, М. Г. Лапустаның, М. И. Бакановтың, А. Ю. Чепуренконың, Джон Ф. Берджестің, Николас К. Сирополистің, Б. Я. Горфинкельдің, Э. М. Гайнутдиновтың, П. Ершовтың, А. Д. Иоффенің, Н. Довганьның, Т. А. Красеваның, С. Г. Светуньковтың, Е. К. Смирницкийдің, А. А. Вороновтың және т. б. жұмыстары арналған.
Жоғарыда көрсетілген авторлардың ғылыми еңбектерінде экономикалық тиімділіктің мәні, мазмұны және ұстанымдары жүйеленген, нарықтық механизмінің құрылуының теориясы мен тәжірибесі қорытындыланған.
Жұмыстың мақсаты шағын және орта бизнестің қызметін басқаруды жетілдірудің бағыттарын анықтау.
Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:
- нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін қарастыру; шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшылықтарын айқындау; шағын бизнесті реттеу бағыттарын сипаттау; шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау; Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін анықтау; шағын кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын негіздеу; шағын кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру бағыттарын ұсыну.
Зерттеу пәні шағын кәсіпкерліктің қызметін басқару және жетілдіру шаралары болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның шағын кәсіпкерлік нысандарының дамуы мен әркет ету і мәселелері алынып отыр.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін шағын кәсіпкерліктің қызметін басқару механизмінің теориясы мен тәжірибесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелерінің зерттемелері, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мәліметтері. Дипломдық жұмыста әр түрлі зерттеу әдістері: экономикалық-статистикалық, монографиялық, талдаулық әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шағын бизнестің экономикалық мәні мен басқару ерекшеліктері
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда «меншік иесі» деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шағын және орта бизнес - жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады.
кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.
Шағын бизнес - қоғамдық қатынастардың бірден-бір түрі ретінде қоғамның рухани және материалды потенциялын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, әрбір индивидтің таланты мен мүмкіндіктерінің практика жүзінде көрінуіне жағымды бастау бола отырып, ұлттық бірігуіне, оның ұлттық рухының және мақтанышының сақталуына әкеледі.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша бекітілген кәсіпкерліктің анықтамасы жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизричтің пайымдауы бойынша «кәсіпкерлік - белгілі бір құқы бар, жаңа бір нәрсені шығару процесі, ал кәсіпкер - осы процеске қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алып, бұл үшін ақша алып және жеткен жетістігінен рахат сезімін алатын адамды айтады.
Көп жылдар бойы ғалымдар шағын бизнеске анықтама беруге тырысты. АҚШ-тың Конгресс Комитетіне шағын кәсіпкерлікке 700-ге жуық анықтама ұсынылды. Бір ғалымдар 100-қызметкер санымен кәсіпорынды шағын бизнес деп, ал басқа бір ғалымдар елуден мыңға дейін қызметкерлері, үшіншілері жүзден 1500-дейінгі қызметкерлері бар кәсіпорынды атау керек деп ұсынады. Кейбір ғалымдар шағын бизнесті қызметкерлер саны, капитал айналымы, өндіріс көлемі және тағы басқа сияқты көрсеткіштер арқылы айқындаудан босатуды ұсынады. Осының орнына шағын бизнестің ірі бизнестен, яғни: нарықтағы үлесі, кәсіпорынды құрушылардың басқаруы, шешім қабылдау ұзын-ырғысына ірі кәсіпорындардың әсер етуі сипаттарына көңіл аударады. Қазіргі зерттеулерге шағын бизнесті сипаттауда бағалы қағаздарды ашық сатудың және шектеулі жауапкершіліктің болмауы; тәуекел қаупі бар алғашқы буын кәсіпкерлер - негізін салушылар; менеджерлер командасы толық жинақталмаған; бизнесі үлкен маркетингтік шығындар тартады; акционерлердің өзара қарым-қатынасы формальді сипатта; түрлі өтемақы төлеудің түрін таңдауда бизнес жоғарырақ дәрежеге ие сияқты сипаттамалар ұсынылады [2, 112б. ] .
Қазіргі кезде қалыптасқан ұдайы өндіріс процесі тұрақсыздығымен сипатталады. Өтпелі экономика жағдайында экономикалық қатынастардың субъектісі және шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, сондықтан да шағын кәсіпкерлікті басқару процестерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың және оны басқарудың ғылыми негіздерін құруда шетел және отандық ғалымдарының еңбектері едәуір ықпалын тигізді.
«Шаруашылық механизмі» терминін көптеген экономистер эконо-миканың үздіксіз және келісілген функцияларын қамтамасыз ететін шаруашылық әдістері мен нысандарының жиынтығы ретінде түсіндіреді. Шаруашылық механизм - бұл мекемелердің тұрақты қызметін қамтамасыз ететін экономикалық тұтқалар мен стимулдардың, шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымдары мен нысандарының жиынтығы. Оның құрамындағы келесі элементтерді құрылымдық түрде бөліп көрсетуге болады: өндірісті жоспарлау, экономикалық ынталандыру, баға белгілеу, қаржыландыру және несиелеу. Өндірісті жоспарлау және экономикалық ынталандыру әдістерінің жиынтығын басқарудың экономикалық механизмі деп те атайды, ол шаруашылық жүргізу процесінде басқару құралы ретінде қолданылады. Өндірісті жоспарлау, оны экономикалық ынталандыру және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы - бұл шаруашылық механизмінің элементтері. Олар мазмұны мен міндеттері жағынан ерекшеленеді.
Басқару механизмі дегеніміз басқарудың ұйымдастырушылық құры-лымдарының, функцияларының, қағидалары мен әдістерінің, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және құқықтық нормаларының жиынтығы, бұлар кешенді түрде саланың тұрақты қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етеді. Басқару механизмін анықтауда басқарушылық әсердің мақсаттарын көрсету маңызды. Себебі, басқару механизмі мекеменің нақты мақсаттарына қол жеткізуді білдіреді.
Басқару - бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы түрде реттеу. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны 1-суретте келтірілген. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың мақсаты - оны дамытуды жетілдіре отырып, еліміздің экономикасының өсуіне серпін беру.
Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру деңгейімен анықталады және ол келесідей негізгі элементтерді үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын, ақпарат пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық иерархиялық еңбек бөлінісін құрылымдық бөлу.
Кәсіпкерлікті басқару жетекші қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Басқару қағидалары - бұл қызметті жүзеге асыратын басқару органдары мен адамдардың өз қызметінде жетекшілік ететін негізгі ережелері.
Басқару, біздің ойымызша - бұл қоғамның экономикалық зандарының өзгеруі және іске асырылуын ұйымдастыратын, ұйымдастырушылық-экономикалық, әлеуметтік қатынастардың нысандары, халық шаруашылығы экономикасының және оның жеке салаларының даму пропорциялары анықталатын буын. Тиісті түрлендірулердің табыстылығы шешімдердің қаншалықты дұрыс жасалып қабылдануына және осы шешімдерді қабылдау кезінде қандай қағидалардың орнатылуына байланысты болады.
1 сурет. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны
Қайнар көзі: Қаныбекова Ә. Государственное регулирование развития малого предприни-мательства в Республике Казахстан // Исследования, результаты. -2009. - № 4. - C. 44-46
Шағын кәсіпкерлікте басқару процесі бір-бірімен байланысып жатқан өндірісті жобалау, жоспарлау және ұйымдастыру кезеңдерін қамтиды. Сонымен бірге, жобалау кезеңі кәсіпкерлікті басқаруда маңызды, әрі міндетті болып табылады және әр кезеңде бірыңғай мақсатқа жету үшін кәсіпкерліктің өнімділігі мен құндылығын, оларды пайдалану тиімділігін сақтау, жоғарылату міндеттері шешіледі. Басқару процесіндегі аталған кезеңдердің айқындылығын мойындай отырып, қазіргі уақытта басқарудың экономикалық әдістерін ұстанумен ғана түбегейлі табыстарға жетуге болады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқарудың негізгі жағдайлары мен алғышарттарына мемлекет экономикасында өтіп жатқан үрдістермен тығыз байланысты жағдайларды және алғышарттарды енгізуге болады (2-сурет) . Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті басқару үрдісі кәсіпкерлік саясатын жүргізудің жүйелі бағыттарын қалыптастыруды талап етеді.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық кәсіпкерлік иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау.
2 сурет. Шағын кәсіпкерлік секторының дамуын басқарудың алғышарттары мен жағдайлары
Қайнар көзі: Қаныбекова Ә. Государственное регулирование развития малого предприни-мательства в Республике Казахстан // Исследования, результаты. -2009. - № 4. - C. 44-46
Мемлекеттік басқару - бұл әлеуметтік басқарудың ерекше түрі. Кез келген деңгейдегі әкімшілік-мемлекеттік шешімдер қандай да бір саяси шешімдердің шеңберінде жасалады, қабылданады және жүзеге асырылады. ШКС-ның тұрақты дамуын анықтайтын фактор - кәсіпкерлік саясаты (институционалдық аспект) болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті басқарудың ұйымдастырушылық-бақылау механизмі мемлекеттік тұрғыда қолдау жүйесімен, әдістерімен, шешім қабылдау процедураларымен, басқару органдарының құрылымымен, тиімділігімен сипатталады (3 сурет) .
3 сурет. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау жүйесі
Қайнар көзі: Қаныбекова Ә. Государственное регулирование развития малого предприни-мательства в Республике Казахстан // Исследования, результаты. -2009. - № 4. - C. 44-46
Шағын кәсіпорын өндірісі тұтастай және кез келген жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты еркін шаруашылық жүргізуде (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың (сыртқы орта) ұтымды үйлесуін көрсетеді.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, экономикалық қызметтің тіпті қоғам үшін қажетсіз түрлерін басуға немесе шектеуге, мысалы, есірткі, қару-жарақ өндіру және сату сияқты, сонымен қатар кәсіпкерліктің кейбір түрлерін (шағын кәсіпкерліктің фермерлік шаруашылығын, қайырымдылық қызмет-терін) қолдауға бағытталуы мүмкін. Экономиканы мемлекеттік реттеу, ішінде кәсіпкерлік қызмет, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын ескере отырып, халықтың әлеуметтік қорғалмаған қабаттарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін толығымен бақылауды басты мақсат етіп қояды.
Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндiрiстi басқару құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерiстер болып жатқаны байқалады. Соның iшiнде маңызды бағыттардың бiрi - шағын кәсiпкерлiктiң дамуы болып табылады. Кәсiпкерлiк алымдылық қабiлеттiң, пысықтықтың шынығуына жағдай жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкiн емес. Сондықтан қазiргi кезеңде өз ойлау қабiлетi мен еркiндiгiн пайдалана кәсiпкерлiкке баса назар аудармасқа болмайды [3, 44 б. ] .
Қазақстан республикасының заңына, кіші кәсіпкерлік туралы 6-бабына сәйкес, егер қарасақ, кіші кәсіпкерлік дегеніміз жұмыскерлердің саны 50 адамнан аспау керек және активтары 60 мың айлық есептен аспау керек дейді. Ал орта бизнесті алсақ, адамдардың саны 250 аспау керек және 325 АЕК-тен аспау керек дейді.
Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын және орта кәсіпорындар тек нарықтық экономика жағдайында ғана тиімді бола алады Олардың барлық өндірістік, яғни ақпараттық, материалдық техникалық, ғылыми, жобалық - конструкторлық және т. б. қажеттіліктерін нарық қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің негізгі факторы олардың икемділігі болып табылады, яғни, тұтынушыны тез тауып алуға және нарықта өтімді товарды тез тарату қабілеті.
Ғылыми техникалық прогрессте шағын кәсіпкерліктің ролінің негізгі факторлары үш бағыт бойынша анықталады:
• ірі және ұсақ өндірістің техникалық деңгейіндегі мамандандырылудың дамуы;
• шағын өндіріс маштабында тиімді, аз ақша қаражаты жұмсалатын технологиялық әдістерді, өндірістік саланы (бағытты) және машина жүйесін енгізу және дамыту;
• жаңалықтардың (жаңа енгізілгендердің) жылдамдатылған өндірісі.
Шағын бизнес тәуелсіз басқаруымен, меншік капиталымен, операциялар ауданының жергіліктілігімен, шағын көлемімен сипатталған .
Шағын кәсіпорындардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
• тез өзгеріп отыратын нарықт талаптарына жылдам бейімделгіштігі мен икемділігі;
• өндіріс технологиясын өзгертуге, товардың үлгісі мен типін тез өзгертуге, жаңалық енгізуге қабілеттілігі;
• ынталандыру жүйесінің икемділігі;
• жұмыс күнінің еркін ұйымдастырылуы (толық емес жұмыс күні және үйге алынатын жұмыс) ;
• аймақтық экономиканың дамуындағы, аймақтық басқарудағы дербестіктің жоғарылауындағы шағын кәсіпорындардың ролі;
• әкімшілік кедергілердің болмауы;
• өндіріс пен қызмет көрсетуге мамандандыру;
• жұмыспен қамтамасыз етудегі маңызды роль;
• дәрежелі мамандарды ұтымды пайдалану;
• өндіріс процөсстерінің қарапайымдылығы;
• өнімнің әрдайым жаңартылып тұруы;
• жеке қарым - қатынас мүмкіндігі.
Бұл артықшылықтар тек сатушы мен сатып алушының арасында ғана емес, сонымен қатар, менеджер мен жұмысшының арасында да көрініс береді.
Шағын бизнесті басқаруда бірқатар негативті сәттер де бар. Кейбір факторлар шағын бизнеске қолайсыз болып келеді. Бұған, бірінші орында, ресурстарға қол жеткізудің қиындығын жатқызуға болады. Банктер мен басқа да қаржы көздері шағын кәсіпорындарға сенімсіздікпен қарайды және оларға жоғары проценттер қояды.
Шағын бизнестегі өндіріс шеңберінде үнемділік болмайды, бұл тек өндіріс шеңбері кең ірі бизнеске ғана тән.
Көп елдердің өкіметі жаңа идеялардың жаңа жұмыс орындарының, табыс пен гүлденудің көзі деп қарап отыр, шағын бизнесті дамытуда ынталандыру жөнінде шаралар қабылдайды. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, мақсаты ірі бизнестен тіпті бас тарту болып табылмайтын, елдің экономикасы үшін шағын бизнестің артықшылығын көрсету болып табылатын шағын және ірі бизнесе салыстырмалы талдау жүргізуге болады.
Сонымен, шағын бизнес экономиканы жандандыратын фактор ғана емес, сонымен бірге экономикалық дағдарыстан шығудың алдыңғы кезегі ретінде де қаралады. Үлкен емес кәсіпорындардың орасан зор санын құру жұмыссыздықтың азаюына, таза бәсекелестікті тұғызуға, қаржы нарығын жандандыруға, тұрғындардың сұраныс қабілеттілігін арттыруға, ірі бизнесті дамытуға бастау алуға және дамытуға себеп болды. Экономиканың мұндай орасан қарқынды шағын бизнестің кез-келген ірі бизнестің негізі екендігіне көз жеткізген жоғары дамыған елдердің өзі қуаттайды, себебі кез-келген ірі кәсіпорын бір-екі адамның өз ісін көп емес, бастапқы капиталмен ашатын идеясынан басталады [4, 35б. ] .
Кесте 1
Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz