Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ТАРАУ ТАЙЫР ЖОМАРТБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
1.1 Тайыр Жомартбайұлының өмірі және шығармашылық жолы ... ... ... ... ... ...5
2.ТАРАУ «ҚЫЗ КӨРЕЛІК» РОМАНЫ
2.1 «Қыз көрелік» романына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 «Қыз көрелік» романындағы. әйел бостандығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы – құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны бағытындағы ерекше шығарма. Әсіресе, автордың романға тосын пішін таңдау жолындағы ізденістері ойлануға тұрады. Менің ойымша, романның табысы да, қазақ әдебиет тарихындағы маңызы да осы төңіректен табылады.
Дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған «Қыз көрелік» романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Семейдегі «Жәрдем» баспасынан 1912 жылы жарық көрген.
Автор 20 ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне дейін әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. «Қыз көрелік» романында осы тақырып проблематикасы мүлде басқа: енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек.
Жаңа идеяның өзі, әрине, жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан.
«Қыз көрелік» туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдыратын мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы. Көлемді шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол жеткізген.
Қазақ қыздарының өздеріне жар таңдауы, сүйгеніне қосылуы тарихта болмаған іс емес, алайда Т. Жомартбаев романында мүлде шартты шешімге барады.[1,5]
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығарманы талдау болып табылады.
1. Әбдешев М. Ұлт жанашырының талайым тағдыры [Мәтін]// Құқықтық Қазақстан.- 2007 . — 30 мамыр. — Б. 2.
2. Ғасыр басында: [Әдебиет саласына XX ғасырбасында келген білімді мәдени қайраткер, тәжірибелі ұстаз Т. Жомартбаевтың өмірі мен қызметі жайында
3. Жиреншин Ә.Қазақ кітаптары тарихынан.- Алматы: Қазақстан, 1971.- 178б.Қабышев Т.
4. Т.Жомартбаев өмірбаянына қатысты тың деректер.// Ұлт тағылымы.- 2004. — N 2. — Б. 178-183
5. Қабышев Т.Б.XX ғасыр басындағы ағартушылық ағым және Тайыр 5. Жомартбаев шығармашылығы: Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.- Алматы: Б.ж.,2005.- 26 б.Қосуақ
6. Т. А.Азапты аластаған арулар [Мәтін]: естелік-әңгімелер / Т. А. Қосуақ.- Алматы: Арыс, 2004.- 128 б. — 1-ші кітап. — 2004. — 128 б
7. Құлбарақов С.»Қыз көрелік» — қазақ прозасының қарлығашы// Абай.- 2002.-N1.-Б.54-56.
8. З.Мағауина; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама — библиографиялық бөлім.- Семей: Талант, 2005-250 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-ТАРАУ ТАЙЫР ЖОМАРТБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
1.1 Тайыр Жомартбайұлының өмірі және шығармашылық жолы ... ... ... ... ... ... 5
2-ТАРАУ ҚЫЗ КӨРЕЛІК РОМАНЫ
2.1 Қыз көрелік романына талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2.2 Қыз көрелік романындағы- әйел бостандығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Тайыр Жомартбаевтың Қыз көрелік романы - құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны бағытындағы ерекше шығарма. Әсіресе, автордың романға тосын пішін таңдау жолындағы ізденістері ойлануға тұрады. Менің ойымша, романның табысы да, қазақ әдебиет тарихындағы маңызы да осы төңіректен табылады.
Дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған Қыз көрелік романы - қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Семейдегі Жәрдем баспасынан 1912 жылы жарық көрген.
Автор 20 ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне дейін әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. Қыз көрелік романында осы тақырып проблематикасы мүлде басқа: енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек.
Жаңа идеяның өзі, әрине, жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан.
Қыз көрелік туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдыратын мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы. Көлемді шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол жеткізген.
Қазақ қыздарының өздеріне жар таңдауы, сүйгеніне қосылуы тарихта болмаған іс емес, алайда Т. Жомартбаев романында мүлде шартты шешімге барады.[1,5]
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығарманы талдау болып табылады.
Осыған орай курстық жұмыстың негізгі міндеті ретінде - романда көрсетілген қазақ қыздарының бостандығы проблемасын ашып жазу.
Зерттеудің дерек көздері. Тайыр Жомартбайұлының Қыз көрелік романын таңдадық.
Зерттеудің әдістері. Курстық жұмыста тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы әдіс, сипаттама әдісі, жинақтау, қорыту әдісі қолданылды.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Жасалған тұжырымдар теориялық жағынан негізделіп, нақты мысалдармен дәйектелді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Тайыр Жомартбайұлының романындағы ащы проблеманы арнайы зерттеу нысаны етіп қарастыру, оның қазақ әдеби тілінің қоғамдық өмірдің саяси-құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық жағынан күрт өзгерістер бар екендігін көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ ТАЙЫР ЖОМАРТБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
0.1 Тайыр Жомартбайұлының өмірі және шығармашылық жолы
Тайыр Жомартбаев 1884 жылы Семей облысының Шыңғыстау (қазіргі Абай ауданы) Мұқыр ауылында дүниеге келген. Тобықты ішінде - Көкше руынан. Мұқыр ауылы бір кездерде Бірлік , қазір Шәкәрім деп аталады. Көкбай медресесінде хат таныған. Бірден оқуға қаражат болмаған соң, Тайырға Жақия Зұлқарнаев деген байдың жұмысын істеуге тура келеді. Пысық Тайыр өзіне міндетті жұмысты да істеп, бай баласымен мектепке барып жүріп, білім көзін аша түседі. Ақыры сауат таныған ол 20 жасында ауылына қайтып келіп, ескі қоныс Баян қорық деген жерде мектеп ашады. 1911 жылы медресені бітіріп, өзімен бірге оқыған татар қызы Адғия Фахрлислашқызы Ормановаға үйленіп, Жаңа Семейде ашылған мұсылман мектебінде сабақ берді. Жастар тәрбиелеуде жаңашыл, прогресшіл Тайыр Семейдегі 12 мешіттің имам-хазіреттеріне ұнай қоймайды, ақыры түрткіге түсіп, соққыға жығылып, жұмысын тастауына тура келеді.[2,3]
Тайыр Жомартбаев Ғ. Тоқай, С. Көбеев, С. Торайғыров сияқты жастарды тәрбиелеуде ескілікке қарсы тұрды. Оның Қыз көрелік, Балаларға жеміс атты еңбектері соның айғағы. Кітаптары 1912 жылы Семейдің Ярдам (Жәрдем) баспасынан жарық көрген. Арманы жастарды білімге ынталандыру болғанын Тайыр Балаларға өнеге деген өлеңінде ашып айтқан. Тайыр Абайды сүйіп, оның шығармаларын насихаттаймын деп Абайшыл атанып, қуғынға ұшырағандардың бірі. Тайыр Жомартбаевтың ұйымдастыруымен 1914 жылы Абайдың қайтыс болуының 10 жылдығы атап өтіледі. Ағартушылық жұмысы, Айқап журналының белсенді мүшелерінің бірі болғаны жергілікті басшылыққа ұнамайды да, оны 1915 жылы Семейден Өскемен, Зайсан қалаларына жер аударады. Зайсанда көп жыл мектеп директоры болып қызмет атқарады. Мамандығы математик болғанымен, өлең шығаратын ол, шәкірттері есепке тез қалыптасу үшін Бөлшек сандардың ережелерін өлеңмен жазып жаттықтырады екен. Ұстаздық жолда Ы. Алтынсаринді үлгі тұтқан. Балаларға білім берудің барлық әдістерін қолданып, көп ізденеді, мектепті білім алудың қызғылықты ордасына айналдыра білген. Ол 1927 жылы қайтадан Семейге көшіп келіп, ағартушылық жұмысын одан әрі жандандыра түседі. 1937 жылдың қыркүйек айында халық жауы деген атпен ұсталып қамауға алынады. 1937 жылдың 2 желтоқсанында атылған Тайыр Жомартбаев 1957 жылы ақталды.
Шығармашылық жолы
1912 жылы Семейдегі Жәрдем баспасынан оның Балаларға жеміс, Қыз көрелік атты кітаптары жарияланды. Алғашқы еңбегі ағартушылық қызметімен тікелей байланысты - өлеңдер, аудармалар жинағы болса, соңғысы қазақ прозасының тұңғыш көлемді ізденістерінің бірі болуымен ұлттық әдебиетіміздің тарихынан өзіндік орын алады.[3,7]
Қыз көрелік - әйел теңдігі, ағартушылық тақырыбын заманында ешкімге ұқсатпай, өзіне тән көркемдік ізденіспен өрнектеген шығарма. Бұл туындыда М. Дулатовтың Бақытсыз Жамалы болса, С. Торайғыровтың Қамал сұлуындағыдай қазақ халқы тіршілігінде әлеуметтік теңсіздік, жастардың бақытқа жетуіне кесе көлденең тұрған ескі әдет-ғұрып, қатал озбырлық пен қиянат жайы негізгі мотив етіп алынбайды.
Туындының негізгі ой қазығы - оқығаны арқасында өз басының теңдігін сақтап, бақытына қол жеткізген әдепті қыз Ғайникамал тәрізді қазақ қызын дәріптеу.
Роман өлең үлгісімен жазылған. Әйел теңдігін сол кездегі туындыларда кеңінен айтылғаны мәлім. Осы сәйкессіздікті, жағымсыз өмір салтын сынауда ақын өзгеше логикалық қисын табады. Кәріні жас құшақтау мін болмаса, кемпірді жас жігіттер неге алмайды? деген дәлелді сауал тастайды. Ғалым Б. Кенжебаев белгілі монографиясында 20 ғасыр басындағы әдебиеттің дамуында әйел теңдігі тақырыбын жазуда екі концепцияның болғандығын айтады. Бірі - ескілік әдет-ғұрып әлі де күшті, жастардың махаббат еркіндігіне жетуіне мүмкіндік жоқ деп келетін трагедиялық шығармалар жүйесі болса, екіншісі заман өзгеріс үстінде, өз еріктері үшін бел шешіп күресе білген жастар мақсаттарына жетуіне болады деп келетін оптимистік үлігдегі туындылар еді.
Қыз көрелік романы сол кездегі қазақ романдарының алғашқы қарлығаштары деп аталуы заңды құбылыс. Ол туралы ғалым-аудармашы С. Талжанов былай дейді: Ұлы Октябрьден кейін туашақ қазақ романының толғағы бұрынырақ басталған. Нәресте проза - Қыз көрелік пен С. Көбеевтің Қалың малы еді. Бұл екеуі де роман деп атала береді[4,15].

2-ТАРАУ ҚЫЗ КӨРЕЛІК РОМАНЫ
2.1 Қыз көрелік романына талдау

Тайыр Жомартбаевтың Қыз көрелік романы бұдан екі жыл кейін, 1912 жылы жарық көрді. Романның тұңғыш басылымындағы көлемі - 44 бет. Басылып шыққан жері - Семей қаласы, Жәрдем серіктестігінің баспаханасы. Титулдық бетінде Қыз көрелік деген тақырыптың дәл астына Роман деп жазылған.
Тайыр (шын аты Тайлақбай) Жомартбаев 1884 жылы қазіргі Абай ауданы жеріндегі Мұқыр өзені бойында дүниеге келген. Өз әкесі Боқай, үлкен атасы Жомартбай да кезінде дөңгеленген шаруашылығы бар, мал бағып, көп бала өсірген еңбек адамдары болған. Тайыр алғаш рет ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады.
12 жасында Семейдегі бір саудагер дүкенінде қолбала бола жүріп, бос уақытында мектептен дәріс алып тұрады. 20 жасқа келгенде ауылына оралып, бірер жыл бала оқытқан.[5,12]
Тайыр одан әрі оқуын Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде жалғастырды. Бұл оқу орны туралы көптомдық Қазақ Совет энциклопедиясында төмендегідей деректер бар:
Медресе Ғалия - Еділ бойында, Орта Азия мен Қазақстанда жоғары білімді оқытушылар даярлаған прогрестік бағыттағы оқу орны.
Өйткені, Медресе Ғалияда Шығыстану пәндері, логика, философия, тарих, география, математикамен қатар орыс тілі, орыс әдебиеті де оқытылған. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында Медресе Ғалияда көптеген талапкер қазақ жастары оқыды. Солардың ішінен белгілі жазушы Бейімбет Майлин, педагог-ақын Тайыр Жомартбаев сияқты барлығы 1913 жылға дейін 50 бала оқыған (7-том, 564-бет).
Міне, Тайыр осы оқу орнын 1911 жылы ойдағыдай бітіріп, сонда бірге оқыған Адығия деген татар қызына үйленіп, сол кезде Заречная Слабодка деп аталатын Семей қаласының бір жерінде ашылған мұсылман мектебінде мұғалімдік қызметін бастайды.
Тайыр мектепте ер балаларға, әйелі қыз балаларға сабақ береді.
Шынында кең жазиралы Арқа жерінің өнерсүйгіш сауықшыл Шыңғыс елі Тайырдың бойына ақындық, жазушылық қабілетті ерте ұялатты.
Өзінің ұлы жерлесі ақын Абайды рухани ұстаз тұтты. Абайдан нәр алып, тебіндеп өскен егіннің бір көкжелегі - Қыз көрелік романы. Себебі, романның үштен бірі өлеңмен жазылған. Романның ішінде аракідік ұлы ақын есімі құрметпен еске алынып, кейбір өлеңдерінен үзінді де пайдаланылған.
Романның қысқаша мазмұны төмендегідей: Керей руы ішіне ертеректе келіп қазақ болып кеткен тәшкендік сарт Ғайса деген саудагер байдың баласы болмапты. Бертін келе Ғайса мал беріп, тоқалдыққа кедей Жұбаныш дегеннің қызы Жәкішті алады. Бұдан Ғайникамал деген қыз туады. Бәйбішесі Бәкіжан Ғайникамалды қырқынан шыққан соң өз бауырына салады да, Жәкішті күң есебінде ұстайды.
Бір жасқа толмай-ақ Ғайникамалды атастыруға келеді. Бұған әкесі Ғайса қарсы болып, ешкімге уәде бермейді. Қызым өскен соң теңін өзі тауып алар деп, сөз салғандарды маңына жуытпайды. Әкесі Ғайникамалға жеті жасынан бастап өз ауылына мұғалім жалдап оқыттырады. Соның арқасында бірталай ауыл балалары да сауатын ашып, хат таниды. Он үш жасқа келгенде Ғайникамал әкесіне: Мені осы күнімде әрі қарай оқыт деп қолқалайды. Әкесі Ғайни қызының айтуына көніп, оны Уфа қаласындағы Дәрілмұғалимат медресесіне оқуға аттандырады. Жалғыз жібермейді, қасына бәйбішесі Бәкіжанды қосып жібереді. Қызы Ғайникамал Уфаға үйренген соң Бәкіжан елге бір жылдан кейін оралады. Үйіне хатты қыз өлеңмен жазады. Ұл мен қыздың теңдігін.
Сәлем айт маңыңызда жігіттерге,
Ғылымға болмас па екен ол да жерік?
Қайдағы надандықты қуаттайды,
Болғандай надандықпен пайда серік.
Ұл мен қыз басқа жұртта бәрі бірдей,
Қызды қыз деп кеміткен қазақ һәмен
Айтарым ағайынға келсе шамам деп жырлап, жерлестерін надандықтан
ұтылуға, білімге шақырған тілегін жолдайды.
Ғайникамал медресені мақтау қағазымен бітіріп, ауылына қайтады. Бойжеткен қыз үйіне келген кезде арғыннан - Әділхан, найманнан - Мұқаш, керейден - Сейітхан деген өздері бай, әрі мырза үш жігіт қыз таңдап жүр екен. Үшеуі де Ғайникамалға сөз салып, оның есін шығарады. Қыз олардың үшеуін де ұнатпайды. Бірақ, үшеуінің де көңілін қалдырғысы келмеген Ғайникамал оларға өлеңмен хат жазып, үйіне шақырады. Хат былайша басталған:
Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік,
Таңдап ап сұлу қызды, мал берелік.
Мырзалар қыз таңдаған келсін мұнда,
Жігітті қыз көретін біз көрелік.
Шақыртумен келген үш жігітке қыз: Дүниеде адам көрмеген сыйлық алып келгендеріңе тием дейді. Үш жігіт үш жаққа: Әділхан-ағылшын еліне, Мұқаш - герман, Сейітхан - француз патшалығына тартады.
Әділхан Лондон базарынан фонарь сатып алады. Бұл фонарьға мініп ұшсаңыз, бір сағатта қалаған жеріңе барады екенсіз. Мұқаш Берлин базарынан дүрбі тәрізді түрікпен сатып алады. Оның ішіне үңіліп қараса, ауылында жүрген Ғайникамалды көреді. Сейітхан Париж базарынан бір ұзын, іші қуыс сыбызғы алады, аузымен үрлесе өлген адам қайта тіріліп кетеді екен.
Уәделескен үшеуі қайтарында бастарын Омбыда қосып, Мұқаш алған түрікпеннен қараса, Ғайникамал өліп, оң жақта жатыр екен. Үшеуі Әділхан тапқан фонарьға мініп, Ғайникамал ауылына жетеді. Сейітхан қолындағы сыбызғы-резинкамен Ғайникамалды тірілтіп алады. Енді үшеуі қыз үшін таласқа түседі. Ғайникамал тағы да үшеуінің басын қосып: Менің мақсатым-малды, бай кісінің қатыны болу емес. Кім де кімнің білген шамалы білімі болып, мақсаты оқымаған, білмеген халықтың көзін ашпақшы болса, сол уақытта мен сол кісінің өмірлік қызметкері болайын. Мен де оқымаған, білмеген әйелдердің көңіл көзін ашсам-ау деген мақсаттамын. Енді, мырзалар, менің обалыма қалмаңдар, - деп жауап береді. Қыздан біржола түңілген үш жігіт бірігіп, оған қастандық жасауға әзірленеді. Дәл осы кезде Семей шаһарында тұратын Тарамбай деген нашарлау адамның баласы Мұхаметқали іздеп келіп, Ғайникамалмен сөз байласады. Бұл да сол Дәрілмұғалимат медресесін бітіріп қайтқан жігіт екен. Олар бір түнде Ғайникамал ауылынан Семейге салт атпен аттанып кетеді. Мұхаметқали еркек балаларды, Ғайникамал қыз балаларды оқытып, екеуі халыққа пайдалы адам болып өмір сүріп тұра бастады деп аяқталады роман.
Романдағы оқиға желісі шағын ғана. Қыз көрелік романының алды-артында жарық көрген М.Дулатовтың Бақытсыз Жамалында және С.Көбеевтің Қалың мал романдарының өрнектері бұдан гөрі күрделірек. Екі романда да ұлы жанрға тән оқиғаның басталуы, өрістеуі, шиеленісуі және шынайы шешілуі бар. Қарама-қарсы тұрған екі жақ, олардың толассыз тартысы бар. Мысалы, С.Көбеевтің Қалың мал романындағы Ғайшаның әкесі Итбайдың қызын ақшаға сатып базарға баруы, менімен сауда жасайтын дүкен бар ма? деп күпінуі таныс мінездің нанымды көрінісі, өмір шындығы. Қалың малда кейіпкерлерді қимыл-әрекетімен, озбырлығымен таныстыру басым болса, Қыз көрелікте ертегі стилінде баяндау тәсілі қолданылған.
Әділін айту керек, Қыз көрелік өзінің құрылымы жағынан романның болған түрі емес, қайта болам деген талпыныс түрі. Оның солай болуы заңды да. Өйткені көш жүре түзеледі емес пе? Ендеше, заман өсіп, ержеткен сайын шығармаға көзқарас та, талғам да өзгеріп, ерекшеленіп, іріктелініп отырады.
Көзқарас демекші, 1829 жылы орыс әдебиетінде Ф.Булгарин дегеннің Иван Выжигин атты романы жарық көріпті. Осы романның басты кейіпкері Иван Выжигин жасында тұл жетім болып, иттің үйшігін паналап, өсе келе жасауы мол бір қалыңдыққа үйленіп, аузы аққа тиіп, ақыры арманына жетеді.
Қысқа мазмұны осы ғана. Бірақ, бұл орыс әдебиетіндегі тұңғыш роман саналады. Бұл романды кезінде В.Белинский іске алғысыз етіп сынаған екен. Сөйте тұра: Бұл роман ішкі қадір-қасиетімен емес, жарыққа шыққан мезгілін алғанда Русь романдарының басы болып есептелінеді. Орыс халқының өз өмірінен алынып, орысша жазылған роман сәтті еңбек бола алар ма? деген сұрақ туады, сол сұраққа бірінші жауап берген Ф.Булгарин болды. Міне, бар қасиеті осы-ақ, - дейді ұлы сыншы. [6,24].
Әділінде, әрбір шығарма өз кезеңінің таразысымен өлшеніп танылмақ. Содан кейін оны бүгінгінің биігінен бағалай бер. Жоғарыда Иван Выжигин романы орыстың тұңғыш романы екені айтылды. Прогресшіл идеясы жағынан да Иван Выжигин романынан анағұрлым жоғары тұрған Қыз көрелікті қазақтың тұңғыш романдарының бірі деуге неге болмасқа? Қыз көреліктің идеясы адамгершілікті уағыздайды, қадір тұтады, теңдік мәселесін, өнер-білімді насихаттайды.
Сол кезде Ғайса әкенің қыз баласын оқыту үшін ауылында мектеп ашуы, оны ауыл балаларымен бірге оқытуы, оған қоса қызын үйінен шет жерге ғылым іздеуге жіберуі, сүйгенін өзіне таңдатып, қалыңмалсыз ұзатуы - мұның бәрі өз кезінде қазақ өмірінде көз көріп, құлақ естімеген жаңалық, тіпті жаңалық емес, адам айтқысыз ерлік болатын.
Қыз көрелік романының авторы Жомартбаев Абай жолын қуып, оны өзіне ұстаз тұтып, өнерін өнеге тұтқаны келісті көрініп тұр. Абай егіні қылтанақсыз қалмаған. Абайдан нәр алып, тебіндеп көктеген егіннің піскен дәні - Қыз көрелік. Тайыр Жомартбаев орысшаны да жақсы меңгергенге ұқсайды. Пароход, число, воздушный шар - канон сияқты сөздерді орынды пайдаланады.
Ағылшынды іңгліш деуі де нақа құралақан кісі емес. Дүниежүзлік картаны да біледі. Арабшадан да хабары мол екені шығармада анық көрінеді.
Шығыс халықтарының көбі Родина деген орысша атауды ватан деседі. Татарда, башқұртта, өзбекте, әзірбайжанда, тіпті түрікте де солай. Ал, біздің қазақ оны Отан деп алған. Қазан төңкерісіне дейінгі кітаби шайырлар шығармаларында мүлде жоқ. 20 ғасырдың басында өткен Абай мен Сұлтанмахмұтта да кездеспейді. Ал, қазақ топырағында осы сөзді тұңғыш рет көркем әдебиетке кіргізген Тайыр Жомартбаев екен. Атап айтсақ, Қыз көрелік атты романының беташар сөйлемін автор: Семипалат шаһарының күнбатыс жағын Отан етіп Керей деген қазақтың үш атасының баласы тұрады деп бастаған. Әрине, бұл контексте Отан атауы қоныс, мекен деген сөздердің баламасы. Ал, кеңестік дәуірде Отан атты оттан ыстық сөзді төл әдебиетімізде тұңғыш рет Сәбит Мұқанов өзінің 1925 жылы жазылған Қызыл Арқа өлеңінде қолданған. (Бұл екі деректі табушы М.Әлімбаев).
ХХ ғасырдың басында талпынған, тырбанған қазақ өнершең ойы әр қияға құлаш сермей бастаған-ды тіпті, қазақ романының толғағы Қазан төңкерісінен бұрынырақ басталған. Бұлар нәресте прозалар - Бақытсыз Жамал, Қыз көрелік және Қалың мал еді. Әрине, бұлар әлі торсықшеке романның өзі емес. Локомотивтен алғашқы ағылшын паровозының айырмашылығы қандай болса, дәл бүгінгі романнан бұл алғашқы романдардың айырмашылығы да сондай. Бірақ екеуі де паровоз, екеуі де роман деп атала береді. Ендеше, Қыз көрелікті де осы логикамен роман деп атауға негіз баршылық.
Романға арқау болған оқиға өмірден алынған ба? Автор ең әуелі ауыл өмірін суреттейді. Ғайса тұрмысын баяндай отырып, артынан ертегілік оқиғаны өрбітеді. Жар таңдаған қыздың сынаған жігітін қиынға айдайтыны Шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ ертегілерінде де бар сюжет. Айтпақшы, мүмкін автор, мәдениетті мұғалім В.Шекспирдің Венеция көпесі атты пьесасын оқыған, шығар. Сонда кездесетін Порцияның үш сандығын өзінше келтіріп тұр ма? Әрине, бұл да зерттелетін шаруа. [3,33,].
Ал қыз бейнесі қайдан алынған? Орайы келгенде айта кеткен жөн. Тайыр Жомартбаев пен оның Қыз көрелік романы туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тайыр Жомартбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Нарманбет Орманбетұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Ығылман Шөрекұлы шығармашылығына мәтіндік талдау
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Абайдың ақын шәкірттері М.О.Әуезов зерттеулерінде
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Пәндер