Бастауыш сынып бейнелеу өнері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Бастауыш сынып оқушыларының суреті . шығармашылық туынды
1.1 1 .2 сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Затқа қарап заттың суретін салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 Сәндік қолданбалы өнер
2.1 Сәндік сурет салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Жолақ сызықтардың арасына ою . өрнектер салу жолдары ... ... ... ... ...25

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қазіргі заманда бейнелеу өнерін 1-2 сыныптарда оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады.
Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту,затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу. Ал екінші бөлімде сәндік қолданбалы өнер мен сәндік сурет салу және жолақ сызықтардың арасына ою - өрнектер салу жолдары зерттеледі.
Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қаблеттері дұрыс қалыптасатын болса, жоғары сыныпқа қарай баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді . Қарап салу үшін сыныпта қойылатын заттарды мұғалім перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және сынып балаларының барлығына жан – жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана жоғары сыныптарда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар мұғалімнің түсіндіру арқылы айыра біледі.
1. А.А. Жанібеков. Жаңа буын оқулықтары. «Қазақстан жоғарғы мектеп» 1999 ж №6 28 – бет
2. «Қазақстан мектебі» 2000 ж №1, 8 б.
3. «Қазақстан мектебі» 2002 ж № 1-2, 6 – 8 б.
4. «Бастауыш мектеп» 2001 ж №9, 15 – б.
5. «Сыныптағы тәрбие» 2005 ж № 7, 8 –11 б.
6. «Бейнелеу өнері және сызу» 2007 ж №2, 7 – б.
7. « Бейнелеу өнері және сызу» 2005 ж № 8, 6 – 8 б.
8. «Бейнелеу өнері және сызу» 2006 ж № 3, 9 –11 б.
9. С. А. Аманжолов Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы – Астана: ЕҰУ, 2006. -191 6 сурет.
10. Аманжолов С.А. Балалар суреттерін ғылыми негізде зерттеу. Жез У. -2002. -47 б.
11. С.А. Аманжолов Особенности индивидуализации обучения младщих школников 1-4 классов на заниятиях тематическим рисованием. МПГУ. – М., 1992. – 180с.
12. Аманжолов С.А Изобразительное искусство в школе. МПГУ.. – 2002. -120с.
13. Аманжолов С.А Изобразительное искусство в школе. МПГУ.. 2002. 163 с.
14. Аманжолв С.А Индивидуальный подход младщих школьников в обучении изобразительному искусству. МПГУ. – М., 2004. –429 с.
15. Батаршев АВ. Психология индивидуальных различий: От темперамбета-к характеру и типологии личности. М: ВЛАДОС, 2000, - 256 с.
16. Бадмаев Б.Ц. Психология в работе учителя – МВЛАДОС, 2000, 240 с.
17. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском творчестве. М., Просвещение, 199.-95 с.
18. Игнатьев Е.И. Психология изобразительной деятельности детей. М., 1961. – 223 с.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды
1.1 1 –2 сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Затқа қарап заттың суретін салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3. Тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты
сурет салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2 Сәндік қолданбалы өнер
1. Сәндік сурет салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2. Жолақ сызықтардың арасына ою - өрнектер салу жолдары ... ... ... ... ...25

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .30

Кіріспе

Қазіргі заманда бейнелеу өнерін 1-2 сыныптарда оқытудың маңызы өте зор.
Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті
сабақтың бірі болып саналады.
Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде бастауыш
сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту,затқа қарап заттың суретін салу және
тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу. Ал екінші
бөлімде сәндік қолданбалы өнер мен сәндік сурет салу және жолақ сызықтардың
арасына ою - өрнектер салу жолдары зерттеледі.
Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға
өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады.
Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде
заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың
басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол
заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу
тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа
заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы
қаблеттері дұрыс қалыптасатын болса, жоғары сыныпқа қарай баланың сурет
салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді .
Қарап салу үшін сыныпта қойылатын заттарды мұғалім перспективалық
өзгерулері көрінбейтіндей етіп және сынып балаларының барлығына жан –
жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет
салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп
әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына
арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы
балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін
түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана
жоғары сыныптарда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива
заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын
орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда
балалар мұғалімнің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай
композициялық шешімдрі тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады.
Бұл 50 х 50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге
қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі түсті түгі бар қалың
қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар менкейіпкерлер қиылып
жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу
арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі
аңдардың суреттері әр түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның
алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін
қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттыңразмері үлкен болады да алыстағы
зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына
композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына
көмегін тигізеді

1 Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды
1. 1 – 2 сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту
Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға
өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады.
Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде
заттардығ ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың
басты негізгі затты көріп, көрген блйынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол
заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу
тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өзтүсін байқауға және басқа
заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың
осықаблеттері дұрыс қалыптасатын болса, жоғары сыныпқа қарайбаланың сурет
салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасыкөп берілмейді .
Қарап салу үшін сыныпта қойылатын заттарды мұғалім перспективалық
өзгерулері көрінбейтіндей етіп және сыныпм балаларының барлығына жан –
жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет
салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп
әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына
арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы
балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін
түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана
жоғары сыныптарда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива
заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын
орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда
балалар мұғалімнің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай
композициялық шешімдрі тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады.
Бұл 50 х 50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге
қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі түсті түгі бар қалың
қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар менкейіпкерлер қиылып
жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу
арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі
аңдардың суреттері әр түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның
алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін
қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттыңразмері үлкен болады да алыстағы
зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына
композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына
көмегін тигізеді.
Балалардың суреттерін жиырмасыншы ғасырдың басында зерттеген неміс
психологы Г. Кершенштейнер балалар сурет салғанда көргенін емес ойындағы
білгеніне сүйене отырып салады деп дәлелдеген. Балалардың салған суреті
жалпы қоғамға қажеті бар өзіндік маңызды шығармашылық туынды екенін бүкіл
өнер танушы ғалымдар мен қатар психологтар, тарихылар, биологтар суретшілер
мойындап отыр. Балалар жер шарындағы халықтардың ең көп бөлігі болып
есептеледі. Сондықтан болу керек атақты ағылшын жазушысы Ульям Блейк
балалар – азаматтың атасы деген екен. Балалардың салған суреттеріне қарап
балалық шағымызды ескеаламыз, туған жеріміз есімізге түседі. Балалардың
салған суреттерін анықтап қарайтын болсақ, балалардың салған суреттерінің
көпшілігінде күн бейнеленетінін байқаймыз. Күн кейбір балалардың
суреттерінде сары, қызғылт, тіпті көкшіл шар секілді де болып боялады.
Мысалы, сыныптағы балалардың жұмыстарын талдағанда балалардың жартысынан
көбі күнді жылы түсті қолдану арқылы бейнелеген, ауа райының өзгеруі
балалардың күнді бейнелеуге ешқандай әсер етпейтінін аңғаруға болады.
Мысалы, желді, жаңбырлыкүн, кешқұрым, қар жауып тұрған сәттерді бейнелесе
де балалардыңкомпозицияларында бәрі бір күн күн ығып тұрады. Қазір
балалардың жолдың үстіне, үйлердің қабырғаларына, шарбақтарға салған
суреттерін көп кездестіреміз. Кейбір қалаларда мысалы, Жезқазңанда көшедегі
құрылыс алаңын қоршап қойған бетон қоршауларға әр мектептің оқушылары сурет
салады. Балалардың салған суреттерінен Еліміз туралы, оның болашағы,
табиғатты, өнері, өнеркәсібі туралы толық мағлұмат алуға болады. Бұдан
балалардың қиял деңгейлерімен болашаққа деген үлкен ойларын аңғарамыз. Таң
қалатын бір жәйт, ол осы балалардың сурет салудың техникаларын дұрыс
меңгермесе де адамға ой салатын деңгейге жететін туынды салып үлкендерді
таңқалдыруы. Қазір біз балалар суреттеріне көп мән бере бермейміз,
жастайынан сурет салудың техникаларын үйреткіміз келіп, баланың өз ойымен,
өз деңгейінде орындағысы келетін қаблетін басып , табиғи қаблетінің шығуына
кдергі жасаймыз. Көркем өнер мектептерінде балаға жастайынан сурет салудың
заңдылықтарын меңгеруге итермелеп, күштеп үйретеміз. осыдан барып
көрмелерде балалардың ішкі дүниесімен сал5ан таза ж9мысын бағалай алмаймыз.
1987 – 1993 жылдар аралығында мәскеу мемлекеттік педагогикалық
университетінің Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор , атақты балалар суретін
зерттеген психолог Е.И. Игнатьевтың баласы С.Е. игнатьевтың басқаруымен
Семицветик атты ғылым зерттеу зертханасында жүргізілген зерттеу
жұмыстарына қатыстым. Зертханада белгілі психолог – ғылым, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Білім академиясының нақты мүшесі
В.С. Кузин, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Боголюбов,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, № 201 орта мектебінің
Бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы А.И. Васильев және кафедраның асперантары
бірге ғылыми жұмыстар жүргізді. Ғылыми зерттеулерлде қортындылау барысында
диссертациялық еңбектер, оқулықтар, ғылыми, оқу әдістемелік мақалалар
басылып шықты. Жас ғылымдар балалардың суреттерін ғылыми тұрғыда зерттеу
жөнінде көптеген материалдар жинақталып, қазір әрі қарай жалғастырылуда.
XXI ғасырдың өзінде балалардың салған суреттері әлі толық зерттеліп
бітпеген тың проблема болып саналады. Ғылыми деректерге сүйенсек балалар
суреттерін зерттеу жұмыстары XX ғасырдың басында Германия, Франция
елдерінен бастау алған. Балалардың суреттеріне аса ешкімнің көңілі
аударылмағандығынан зерттеу үшін мән беріледі және баланың салған суреттері
шимай сызық деген пікір қалыптасып кеткен қоғамда.
Соңғы кеңес одағының 60 – 80 жылдары кезінде балалар суреттерін
ғылыми негізде зерттеу қажеттігі атақты ғалымдар Л.С. Выготский, В.И.
Киреенко, Б.А. Сазоньтев, Е.И. Игнатьев, В.С. Мухинаның бастауымен жаңа
деңгейге көтерілді. Қазіргі уақыттағылымдардың осы бағыттағыбастаған
жұмыстары одан әрі жалғасын табуда.
Балалардың салған суреттерін бағалау қазіргі орта мектептерде дұрыс
жолға қойылмаған, балалардың суретін салыстыруға үлкендердің жұмыстарын
үлгі ретңнде алуға болмайды. Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
жоғары оқу орнында алған білімі бойынша сурет салудың барлық заңдылықтарына
байланысты баланың суретін бағаласа ол үлкен қателік болады, ондай мұғалім
балаларды дұрыс оқыта алмайды. Өмірде қандай да болсын бір нәрсеге үйрету
үшін, алдымен адамға қалай істелетінің көрсетеді, сосын үйренгісі келген
адам сол көрсеткенді өзгертпей қайталайды. Солай мәшина жүргізуді, темір
жонуды үйретеді. Ал балаларды оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының
салған суреттеріндегі қатені қалай шығарады және оның қате салынғанын қалай
дәлелдеуге болады. Егерде баланың салған композициясындағы бір жерін дұрыс
емес деп өшіріп тастасақ, алдындағы қызықты болып көрінген бала
композициясының мазмұны өзгеріп шыға келедіБаланың суретін көрген ересек
адам өзінің білім деңгейіне сүйене отырып, баланың суретіндегі қателер бар
деп ойлайды, шын мәнінде балалардың суретін біз толық түсіне бермейміз.
Бастауыш сынып оқушыларының білім және сурет салу деңгейлерін дер кезінде
түсініп дамыту біздің міндетіміз. Баланы дұрыс оқыту үшін, баланың мінезін,
қабілетін, темпераментін білуміз қажет. Әсіресе бейнелеу өнерінде баланың
психологиялық жағы, мінез құлқы, өмірге көзқарасы, қаблеті танымдық
процестері қалыптасатыны белгілі. Бейнелеу өнерінде қозғалыс жүйелері мен
ойлауы да көп өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар сурет салуға баланың
зейінін аудара білу немесе зер салу қаблетінің де тигізер жәрдемі көп.
Зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,
соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Бастауыш сынып мұғалімдерінің
методикасына артуы, балалардың сурет салу деңгейңн үнемі сезе біліп, ақыл
беріп отыруы, олардың алдына мақсатты айқын етіп қоя алуы, оқушылардың
еңбектерін дұрыс бағалауы, баланың бастап салған суретін аятатып үйрету
ерекше маңыз алады. Бала сурет салуды мұғалімнің не болмаса басқа
әдіскердің талабымен үйренбеуі керек, бұл балаға сурет салу барысында
мұғалімнің қажеті жоқ деген пікір емес, бұл жерде әр баланың жас
мүмкіншілігін түсінбейтін болса ғана

1.2 Затқа қарап заттың суретін салу
1 – сыныпта өтілетін затқа қарап салу тапсырмаларында балалар басқа
сабақтарында лоындацтын жалпы ережелерді сақтауы тиіс, олар орындықта дұрыс
отыру, алдындағы сурет салатын қағаздарының дұрыс жатуы және сурет салу
барысында бала сурет қағазын қазғадтпау керек. Сурет салатын
карандаштыұстағанда жазу жазатын қаламды ұстағандай түбіне жақын ұстамай,
саусақтарымен қатты қыспай және баспай сызықтар жүргізуі тиіс. Заттың
суретін салғанда сол затты пішінін, бояу түсін көрсете білуге тырысады. Осы
жастағы балалар пішіндердің өз ара ерекшеліктерін түсіне білуі керек.
Сонымен қатар сыныаптың балалары түсте бояу қарандаштарды пайдаланғаны
дұрыс, себебі осы жастағы балалар бояу түрлерінің басты түрлерімен ғана
танысады және бояу кезінде акварель бояуына қарағанда қарандашпен бояу
балаларға салған суреттің контурынан шығып кетпеу үшін, оңайлау болады. Бұл
сабақта балалар тік, көлденең сызықтарды сызып мдағдыланады, сурет салудың
қарапайым түрлерін меңгеруге бағытталады. Бұл жастағы балалар сызықтарды
тең бөліктерге бөліп үйренеді. Балалдарға сурет сабағында салатын затын
қағаз бетіне дұрыс сиғызуын үйрету керек. Екінші сыныптан юастап балалар
акварель бояуды қолдана бастайдығ заттардың симетриялық пішіндерін көрсете
біледі. Балаларға түзу сызықтарды дұрыс жүргізуге үйрету үшін, кітап,
дәптер, еліміздің жалауының сыртқы формасы сияқты тік, түзу сызықтардан
тұратын тапсырмаларды салғызған дұрыс. Ал екінші сыныптың балаларына заттың
бірнеше бөліктен тұратынына байланысты түсіндіретін тапсырмалар берген жөн.
Мысалы, күрек, балта, балға бұл заттар екі бөліктен тұрады, сабы ағаштан,
бастары темірден. Сабақта пайдаланылатын заттарды іріктегенде, басты есте
сақтайтын ереже, ол сол сыныптың балаларының жас ерекшеліктерін ескерумен
қатар сурет салу мүмкіншіліктерін білу және салуға қолданылатын заттардың
эстетикалық мәні. Эстетикалық және экологиялық тәрбиелерге тікелей
байланысты болатын тапсырмалар, олар әр түрлі әсем гүлдер, талдың
жапырақтары және жәндіктер- көбелек, инелек т.б. Пән мұғалімнің қалауынша
балаларға түсңндіру үшін, ақ қағазға не болмасатақтаға салып көрсетуге
болады, әрине егерде сол заттарды табиғаттағы әсем түрлері сияқты бейнелей
білсе. Біздің байқауымызша ақ ватманқағазда үлкен мөлшерде салынған көбелек
сынып оқушыларына сол табиғи түріндегідей әсер қалдырмайды.
Екінші сыныпта балалардың қарандашпен жұмыс істеу қаблеті біршама
жоғарланып, бояу үшін, түрлі – түсті қарандашты қолданбай акварель бояуын
пайдаланады. Акварель бояумен жұмыс істеудің өзінше ерекше жүйесі бар.
Бастауыш сыныптың, бала бақшаның балаларына арнлып шығарылған акварел
бояуларына қолданатын қылқалам, көбінесе арнайы ақтиынның немесе қоянның
қылынан жысамайды. Балаларға арнап акварель бояуына сатып алғанда ата –
аналар қылқаламның сапасына мән бермейді, әйтеуір қылқалам болса жарайды.
Затқа қарап салу тапсырмасы балаларға заттың басқа заттардан
өзгешелігін аңғара білулеріне және осы ерекшеліктіқағаз бетіне түсіруді
үйретеді. Бірінші сыныптың балаларына тапсырма ретінде оқушылардың күндегі
көріп, қолданып жүрген кітабын қолдануға болады. Сабақты түсіндіру үші,
жалпы кітаптың адамзат өмірінде алатын орны туралы қысқаша мағлұмат беріп
түсіндіру керек. Кітапханалар жайлы, оның ішінде Астанада жаңадан салынған
Ұлттық кітапханаға тоқталып, балаларды мысал арқылы таныстырса жақсы әсер
береді. Кітаптың суретін салмас бұрын балаларға дәптердің, сурет салатын
альбомның және кітаптардың өз ара айырмашылықтарын салыстыру үшін
көрсетеміз. Мұғалім осы заттардың аттарын және қалай бір - бірімен
айырмашылықтары бар екенін айтуды балалардан сұрайды. Сұрақ балалдарға осы
заттардың пішіндерін, түстерін ажыратуына көмектеседі. Кітаптың тік жаұ
беті көлденеңіне қарағанда ұзындау,дәптердікі де солай, ал сурет альбомның
пішіні керісінше болатынын балалартолық түсіну керек. Кітапты дұрыс салу
үшін , оның пропорциясын сақтау қажеттілігі ескеріледі. Балаларға
пропорция деген ұғым туралы қысқаша түсінік беріп жіберген артық болмайды.
Балалардың алдына салатын кітапты іліп қоюіа болады немесе арнайы столға
сүйеп қойылады. Суретті қалай бастау керектігін мұғалім тақтаға бастап
салып көрсетеді және сызылған әрбір сызықтарын талдап түсіндіріп айтады.
Суретті балалар бірінші тік сызықтар мен көлденең сызықтарды жұргізу арқылы
бастайды, себебі салатын кітаптың қабырғалары қисық болып кетпеуі үшін.
Мысалы, сурет салатын альбомның парағына үлкен қылып кітапты салудың қажеті
жоқ, сондықтан балаларға парақты ортасынан екіге бөліп, бір жағынан ғана
пайдалануға болатынын ескерткен дұрыс. Сабақтарда, өмірде реті келген
жерлерде қолдағы барлық заттарды үнемді және тиімді пайдалана білуге
балаларды жастайынан үйрету қажет. Қағаз бетіне кітаптың сол жақ қабырғасы,
төбесі және табаны жобалап сызылады, ендігі ең қиыны ол кітаптың жалпы
дұрыс пішінін табу, соны түсіндіру мақсатында мұғалім тақтаға салып
балаларға әдейі бір сызық жүргізіп балалардан сұрайды, мына жерден
сызығымды тоқтатсам салатын кітапқа ұқсайтын болды ма? Бірінші сызығын
сызып байқап отырған балалар қолдамаған соң өшіреді егер де, бұлай
созыңқырап жіберсем ше?, деп, соңында балаларды айтуы бойынша кітапты жалпы
формасы осылай салынады, балалармен бірге талдау арқылы салынған тапсырманы
балалар тез ұғып алады. Бүндай әдістен кейін, балалар кітапты қалай ұстау
керектігін анық түсінеді содан кейін жаңағы балалармен бірге салған
тақтадағы суретті мұғалімнен өшірмеуді сұрап талап етуі мүмкін, себебі, сол
тақтадағы суреттен кейбір жерлерін көшіру үшін бұндайға жол бермеуі тиіс.
Балалардың қөздерімен бірге талдап сурет салғызу және сурет салу барысында
сұрақтар қою әдістері балалардың ойлау, есте сақтау және көз өлшемдерінің
жұмыс істеуіне көп әсерін тигізеді.
Дөңгелек денелерді бейнелеу жолдары. Бұл тапсырма балаларға дөңгелек
заттардың формаларын қолдың көмегімен қалай сызып салуды үйретеді.
Дөңгелеке ұқсас маңайымызда кездесетін заттардың қандай түрлері болатынына
мұғалімнің сұрақтарына балалар өз беттерімен жауап айтады. Сабақта
балаларға дөңгелек заттар туралы толық мағлұмат беру үшін, қосымша
көрнекілік құрал ретінде Елордамыздың Бәйтеректің, Ел таңбамыздың, түрлі
домалақ ойыншықтардың, доптың,машина дөңгелектерінің суреттері бар
таблицаны мысал ретінде пайдаланғаны жөн. Таблицадағы сурет бойынша
қоршаған ортамыздағы техникалардағы кездесетін дөңгелек пішіндес заттарды
қолдану аясын оқытушы талдап балаларға түсіндіреді. Сонымен қатар сабаққа
балаларға көрсету үшін, екі түрлі бір бірінен айырмашылығы бар
ойыншықтардың дөңгелектерін қолдануға болады, көрнекілік ретінде
қолданылатын дөңгелектердің сыртқы пішіні өте кішкентай болмауы тиіс.
Күндегі маңайымыздағы машиналардың дөңгелектері резеңеке және темір
дискілерден тұратын, ал ең үлкені БелАз машинасының дөңгелегінің басым
көпшілігі резеңкеден жасалатын балаларға, мұғалім көрсетеді. Ал балалардың
велосебедінде дөңгелектер машиналардың дөңгелектеріне қарағанда резеңкесі
өте жіңішке және шабақтары болатын балаларға ажыратып түсіндірген қажет.
Балалар заттардың айырмашылықтарын түсінгеннен кейін салған суреттерінде
ерекшеліктерін шамасы келгенше көрсете біледі. Сурет салу үшін, балаларға
арнап, тақтаға екі түрлі дөңгелек ілінеді, олардың өзара айырмашылықтарын
балалар таағы бір рет естеріне түсіру үшін, мұғалім қосымша сұрақтар
қойады. Тақтаның влдына қойылған немесе ілінген дөңгелектерге байланысты
өздеріне қарсы қойылған дөңгелектің суретін салады. Балалар бірінші
тапсырманы түгелдей салып болғаннан кейін, дөңгелектердің ауыстырып
салғызған дұрыс. Бұл жерде жаңағы ауыстырылып қойылған дөңгелектердің
пішіндері бір-біріне ұқсамайтын болғандықтан, балаларға дөңгелектердің
ерекшеліктерін дұрыс ажырата бейнелеу керектігін тағы да ескертіледі. Үйде
орындап келуге, балалардың сыныпта орындаған тапсырмаларына сәйкес пішін
заттарды салу тапсырылады.
Еліміздің көк байрағын бейнелеу жолдары. Берілген тапсырманы рындау
үшін сабақта қолданылатын көрнекі құралды мұғалім алдын ала дайындап әкелу
керек. Балаларға жасайтын тудың суретін салғызу ол патриоттық тәрбие
берудің ең басты құралы, балалар өз отаннының рәміздерінің шығу тарихын,
ондағы күн мен қыранның не үшін туда орын алуын, тудағы бояу түрлерін
балалар біліп қана қоймай, оны өмірде мақтаныш пен өзінен кішілерге
түсіндіре алатындай болу керек, сонымен қатар өзіміздің тудың бояуын өмірде
басқа елдердің туларынан ажыратып, көрсете біледі.сабаққа пайдалану үшін
мұғалімнің өзі салып дайындаған көрнекілік ретінде қолданылатын үлгіс,
Қазақстан Республикасының туын барлық жағынан ұқсас болуы басты шырт. Тудың
түсі мен ішіндегі басқа суреттерінде ешқандай өзгеріс қате болмауына сабақ
жұргізетін мұғалім жауапты болады, себебі, жауапкершілік түсіндіру арқылы
біз балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелейміз
Еліміздің рәміздерін сыйлауға және құрметтеуге тәрбиелеу, мұғалімнің
ең басты ұстанымы болу керек. Біздің туымыздың түсі ерекше ашық аспан
түстес зеңгір көк көгілдір бляуға ұқсас. Зеңгір көк түс адам баласы
түйсігін қабылдап қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділері қатарына
жатады. Туымызда нұр шұғылалы алтын күн бейнесі қыран көңіл халқымыздың
асыл арманы арқалаған дала бүркіті мен рухани болмыстың жарқындық көрінісі
ұлттық өрнек бейнеленген. Міне осының барлығын жас балаларға түсіндіре
білуіміз қажет. Тудың шұберек жағының размері 30 х 15 см, ұстайтын
шыбығының размері 30 см болады, сонда жалпы көлемі тік төрт бұрышқа құсап
шығады. Туды салғанда балалар тектудың жалпы формасын ғана сыза салмай,
туға құсатып салу керектігін естеріне шығармауы тиіс. Мұғалімнің алдын ала
сабаққа қолдану үшін дайындаған көрнекілік туы тақтаға арнайы ілінеді.
Балалардың барлығын жан жағына қарағанда бірдей дұрыс көрінетіндей болуы
шарт. Балаларға ыңғайлы болу үшін қосымша тағы да бір туды пайдалануға
болады, оның шұберегінің шетін үш бұрышта айрықша ойып, бірінші ілініп
тұрған туданқзгешелеу болғаны дұрыс. Сабақта осы жоспарланған тулармен
қатар балаларға түсінікті болу үшін басқа елдердің туларын суретін
көрнекілік құрал ретінде пайдалану қажет. Суреттерін ертерек және сәтті
аяқтаған кейбір балалардың жақсы салған суреттерін сыныптың балаларына үлгі
ретінде көрсетуге болады. Егерде балалардың басым көпшілігі тапсырманы
салып үлгерше онда екінші дайындалған туды салу керек. Бұл жерде мұғалім
тудың суретін салудың жолдары өзгермейтінін бірінші туды салса, екіншісінде
солай салынатндарын ескертеді. Осы сабақтардың соңына қарай сабақты қорыта
келіп мұғалімбалалардан өмірде тік бұрышты, дөңгелек, төртбұрышты заттар
болатынын, олардың өзформаларына қарай қолданатын орындары бөлек екенін
тағы да қайталап осы тапсырма төңірегінде, әсіресе еліміздің көк байрағы
туралы өздерінің түсініктері туралы айтқызғанның пайдасы өте зор. Туды
салып үйрету барысында балалар тік, көлденең сызықтарды қолымен жүргізіп
үйренеді.
Заттың суретін салмас бұрын мұхият қарап ерекшеліктерін басқа
заттармен салыстыра отырып бейнелеуді балалар түсінеді және алдына міндет
етіп қоя біледі. Суретті саларда қарындашты қатты баспауды, қысып
ұстамауды, егерде қатты басып салса, оны өшіргішпен өшіру қиынға соғатынын
балалар түсіне бастайды.
Белгілі психолг Е.И. Игнатьев, балалар сурет саларында олардың
ойлауына салыстыруна және салатын заттың атын ажырата білуне тәрбиелеу
керек деп жазды. Балалардағы дұрыс ойлау қаблетінің қалыптасуы, салатын
суретінің сапалы салынуын көп әсерін тигізеді. Одан балалардың ойы мен
сурет салу процесі бір – біріне байланысты болады, және бір бірінің дамуыны
себебі бар екенін байқаймыз.

1.3 Тақырыпқа байланысты және ертегіні иллюстрациялауға байланысты
сурет салу
Тақырыпқа байланысты тапсырмаларда балалардың бұрын қздері сол ортада
боғанын және көрген мезгілдерін естеріне түсіру арқылы орындайтын болса,
ертегіні иллюстрацилау тапсырмасында балалар кітаптағы ертегіні ой елегінен
өткізіп, айтылған ертеғінің мазмұнына байланысты бұрын балалар болмаған,
өмірде көрмеген зеттарын қиял деңгейлері арқылыорындайды. Бұл тапсырмалар
бойынша композиция салғанда балалар бір ған затты бейнелемейді, үлкен бір
тақырыпта ертегі болғаннан кейін балалар сол тақырыптың міндетті
болғандықтан, соған композиция орындайды, сондықтан қағаз бетін балалар
түрлі заттар кейіпкерлерге толтырып жібереді. Мысалы жазғы каникул,
Астана болашақтың қаласы, Бәйтерек қазақтың сймволы, қысқы демалыс, көктем,
наурыз тақырыптарына байланысты компызитция салу үшін, осындай
тапсырмалар ұсынылады.Компазитция салғанда балалар бұрынғы өздерінің көрген
және болған жерлерін, не болмаса кітаптан көргеніне суйенеді. Астананың
бәйтерек, Ақ орда, Думан, Ұлттық кітапхана, Л.Н.Гумилев Еуразиялық ұлттық
университеті, Нұр-Астана мешіті сияқты күн өткен сайын көркейіп келе
жатқан елордамыздағы ғимараттарды қолдануға болады.Бұл әлемде әрі көрнекті
астананың ғимараттары балалардың еліне деген сүйіспеншілігі, мақтанышын,
патриоттық сезімін оятады. Баланың есіне сақтап, оны қажет кезінде есіне
түсіре білу, жалғыз сурет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Қазақ өнерінің тарихы
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану ерекшелігі мен тиімділігі
Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнерін пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Пәндер