Қазақстандағы 2030 даму стратегиясы



Жоспар

Кіріспе.

1. Бағытымызды бағамдаған бағдарлама.
2. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағының қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Бұл бізге не үшін керек? Менің ойымша, біздің әр қайсысымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп – жетілді.
Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегиямызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік - жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш – қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызды кездесер кез – келген күрделі мәселелерді абырой мен еңсере аламыз.
Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш – қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Преспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп – қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз бабаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді.
Олар әл – ауқатты өмір сүреме, тоғайған, дендері сау әрі білікті – білімді бола ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт – татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшелер мен емін еркін жүріп, өз дүние – мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым – қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқанымызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар еттіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да іс әрекетке кірісе отырып – біз дұрыс бағыт пен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы таразылып отыру үшін қажет.
Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай түскенін сезінеміз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро – Венгрия, ал мүлде таяуда – Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәірде дүниеге келді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев Бағытымызды бағамдаған бағдарлама. \\ Егемен қазақстан 2005ж 12 қазан 1-2 бет.
2. Жаңа ғасырдың жаңа мемлекеті қандай болуы керек? \\ Жас алаш 2001ж 5 сәуір.
3. Н.Ә.Назарбаев жасампаздық стратегиясы Егемен қазақстан 2002ж 19 қазан.
4. Басым мақсаттар іске асырыла бастады. \\ Алматы ақшамы. 2002ж 8 қазан.
5. Қазақстан 2030 стратегиясын насихаттау және жүзеге асыру. \\ Егемен қазақстан. 1998ж 15 қыркүйек.
6. Қазақстан 2030ж дейінгі даму стратегиясы. \\ Алматы қазақстан 1998ж 13бет.
7. Болашаққа болжам. Қазақстан 2030. \\ Егемен қазақстан.
8. Сатыбалдыұлы. Ғасыр тоғысында. Қазақстан 2030 Егемен қазақстан 1998ж 24 қаңтар.
9. Болашаққа бағдар. Қазақстан 2030 \\ Оңтүстік қазақстан. 1998ж 10 қаңтар.
10. Айшықты алыс жолда. Қазақстан 2030ж. 1997ж 13қазан
11. 1998жылы стратегияны жүзеге асыра бастау жылы болуға тиіс. \\ Жас алаш 1998ж 6 қаңтар.
12. Жаңа ғасырдың жаңа мемлекеті қандай болуы керек? \\ Жас алаш. 2001ж 5 сәуір.
13. Аймаханов. Бес жылдық бес белес. Алматы ақшамы. 2002ж 15 қазан.
14. Назарбаев. Жасампаздық стратегиясы.\\ Егемен қазақстан. 2002ж 19 қазан.
15. Назарбаев. Қазақстан экономикалық және саяси жаңару жолында. Жолдау 2005ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстандағы 2030 даму стратегиясы.

Жоспар

Кіріспе.

1. Бағытымызды бағамдаған бағдарлама.
2. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру
стратегиялары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағының
қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.
Бұл бізге не үшін керек? Менің ойымша, біздің әр қайсысымызда
ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз
шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп
– жетілді.
Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған
мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы
қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті
стратегиямызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік - жігер
мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты
сенделістерден, күш – қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз
зая кетіруден сақтандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз
жолымызды кездесер кез – келген күрделі мәселелерді абырой мен
еңсере аламыз.
Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш
– қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Преспективаларымызды айқын
ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп – қатерді бүкпесіз
түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ
міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер
ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер
мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері
алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз бабаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта,
олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді.
Олар әл – ауқатты өмір сүреме, тоғайған, дендері сау әрі білікті –
білімді бола ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт – татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз
бола алар ма, көшелер мен емін еркін жүріп, өз дүние – мүлкі үшін
қауіптенбес болар ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс
көршілерімізбен достық қарым – қатынасымызды мұра етіп қалдыра
аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде
жауап беруге тиіспіз.
Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқанымызды
білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы
мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін
жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы
көз алдымызда бағдар еттіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да
іс әрекетке кірісе отырып – біз дұрыс бағыт пен жүріп келеміз бе,
әлде бағдардан ауытқыдық па, әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы
таразылып отыру үшін қажет.
Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл
процесті сан рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың
маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір
бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың
тынысын және олардың жуықтай түскенін сезінеміз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман,
Австро – Венгрия, ал мүлде таяуда – Кеңес Одағының жан тәсілім
еткенін көрген дәірде дүниеге келді.

1. Бағытымызды бағамдаған бағдарлама.
Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуын айқындаған осы жолдау жолдау
жария етілгенде оны қолдаушылардан сынаушылар әлдеқайда басым еді.
Сол кезде ел өміріндегі әлі шешілмеген түйінді проблемалардың
көптігіне қармастан, алған бағытымыздың анықтығына, таңдаған
жолымыздың туралығына сендік. Бүгінгі Қазақстанның қол жеткізген
табыстары біздің бірден бір дұрыс жолды таңдағанымызды айқын
дәлелдеп шықты.
Біріншіден, бұл кеңестен кейінгі республикалар ішінде ұзақ
мерзімді стратегиялық дамуға арналған алғашқы құжат болды.
Екіншіден, бағдарлама Қазақстан экономикасы дамуының бар
мүмкіндігін мейілінше елеп–ескеріп, еліміздің нақты мүмкіндіктері мен
айқын перспективасына құрылды.
Үшіншіден, Стратегияда қоғам өмірінің: ұлттық қауіпсіздік,
ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісім, түбегейлі экономикалық
реформа, денсаулық сақтау, ғылым – білім мен халықтың әл - ахуалын
көтеру салаларын түгел қамтып, бүгінгі шетелдік сарапшылар
қазақстан даму жолы деп ат қойып үлгерген дамудың қазақстандық
моделі жасалды[1].
Бүгінде сол еліміздің стратегиялық дамуының бас құжатында
белгіленген мақсаттар рет – ретімен, кезең – кезеңімен жүзеге асырыла
бастады. Бірақ тоқмейілсуге әлі ерте: жүріп өткен жолымыз
қаншалықты жемісті болсада, алдағы асулар әлі де жеткілікті екндігін
естен шығармаған жөн. Сөйтіп, Қазақстан барлық кеңестен кейінгі
кеңістікте алғаш болып стратегиялық жоспарлау жолын таңдап алды.
Стратегияда біз қойған негізгі мақсат - өркендеуді,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және барлық қазақстандықтардың әл –
ауқатын жақсарту.
Бір сәтке есімізге сол жылдардағы оқиғаларды есімізге
түсіріп, Стратегия қандай жағдайда қабылданғанына көз жүгіртіп
көрейікші.
Әміршіл экономикадан нарықтық экономикаға көшудің салдары
алып келген жан ауыртар жалпы экономикалық және
трансформациялықдағдарыстан шықпай жатып, біз оның Оңтүстік – Шығыс
Азия мен Ресейдегі қаржы дағдарысы арандатқан жаңа тармағына тап
болды. Еңбек ақы мен зейнет ақы төлеудің кешіктірілуі,
жұмыссыздықтың белең алуы, қыста жылусыз қалған қалалар мен электр
қуатының жиі ағытылып тасталуы біздің қыр соңымыздан қалмайтындай
көрінетін[2].
Ел ішіндегі экономикалық және әлеуметтік проблемалардың өршуі
сыртқы тұрақсыздық пен ұштасып жатты.Бұл проблемалар, олардың
шешілмеуі Стратегиялық сенімсіздік туғызып, сынауға себеп болды.
Алайда, небір ауыртпашылықтар иықтан басқанымен, біз
тәуелсіздік алған сәттен басталған кең көлемді экономикалық,
әлеуметтік және саяси реформаларды жалғастыруға міндетті болдық. Ол
өз кезегінде стратегияның пайда болуына барлық алғышарттарды жасап
берді. Ал бұл тіршілік үшін күрес стратегиясы емес,
онжылдықтарға бағытталған даму стратегиясы еді.
Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның жұмылуы
мемлекетіміз тұрақты даму үшін қажетті қағидаттар.
Стратегияда олардың аса маңызды басымдықтар арқылы айқындалғаны
кездейсоқ емес.
Бүгін біз мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
жағдайдың бәрін жасадық.
Ел экономикасы ырғақты дамуда.
Қазіргі заманғы қарулы күштер құрылды.
Біздің дипломатиялық күштеріміздің арқасында еліміздің
егемендігімен қатар, аумақтық тұтастығы да нығайтылды.
Соңғы жылдары біз шекарамызды, оның барлық ұзына
бойынаделимитациялауға қол жеткіздік. Ол 14 мың шақырымды құрайды.
Қазақстан аймақтық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыруға
белсенді қатысып келеді. Біз әлемнің Ресей Федерациясы, Қытай, АҚШ
және Еуропалық Одақ сияқты жетекші елдерімен стратегиялық
әріптестігімізді бекемдеп алдық. Біз Орталық Азия
мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте
береміз[3].
Біздің стратегиямыздың екінші құраласы - Америка Құрама
Штаттарымен басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен
байланысын күшейту. Бұл елдер тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды
құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.
Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік,
Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктері сияқты халыаралық
институттар мен форумдардың көмегі мен қолдануын барынша
пайдаланамыз, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық, тарапынан
қолдау көрсетілуін қамтамасызетеді.
Біздің стратегиямыздың төртінші элементі – еліміздің ұлттық
егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола
алатын бай табиғи ресурстарды игеру[4].
Бесіншіден – біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық
сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық
пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып
кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі
қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар
мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын түсіну пісіп жетіліп келеді.
Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезімнің нығая беретіне
күмәнім жоқ. Бұл әрі азаматтық жақсы тұрмысының өзі ол тұрып
жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне байланысты екені
сияқты, бір қарағанда, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетеді.
Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында
сөзсіз басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның
өз көршілерімен, дүниежүзілік алдыңғы қатарлы елдермен өзара тиімді
қарым қатынасының берік тұғырын қалыптастыруға берілді.
Ал қазіргі өтпелі кезеңде адамдардың көпшілігіне оңай
болмайды, Үкіметтіңде барлық адамға бірдей көмектесетіндей қаражаты
жоқ. Бұл салада біздің стратегиямыз мемлекеттік көмекті халықтың ең
мұқтаж

біз өз қиындықтарын өзі жеңе алатын адамдардың санын көбейтуге
мұқтаж болып отырмыз[5].
Бүкіл әлемдік экономикалық форумның есебі бойынша 2005 жылы
Қазақстан ТМД – дағы өз көршілерінен оза отырып, есепке енген 117
елдің арасында 61-ші орын алды. Қазіргі заманғы даму тенденциялары
құрлық ортасындағы елдің мүшкілдігі туралы ескілікті көзқарасты
күйретті.
Қазақстанның экономикалық жаһандану үдерісіне қосылуы бірінші
сатыда, негізгі шикі заттар қорының бірін, ең алдымен,
көмірсутегін, Еуропа мен Қытайға жеткізіп беруші ретінде мүмкіндік
бере отырып, кейін әлемдік экономикалық интеграцияның белсенді
қатысушысы болуға жағдай жасайды.
Бүгінде сол стратегиялық дамуының бас жоспарында белгіленген
мақсаттар реет – ретімен кезең – кезеңімен жүзеге асырыла бастады.
Бірақ тоқмейілсуге әлі ерте: жүріп өткен жалымыз қаншалықты жемісті
болса да, алдағы асулар әлі де жеткілікті екенін естен шығармаған
жөн.
Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстан халқына алғашрет жолдаудф ел
басымыз арнаған болатын.
Негізінен мемлекет пен қоғам, тұтастай алғанда, реформаларды,
елдің дамуын кезең – кезеңімен және жүйелі түрде алға жылжылатын
үйлестіруші бағдарлама қызметін атқаратын түбегейлі стратегияны
қажетсінетініне сенімді едік.
Сөйтіп, Қазақстан барлық кеңестен кейін кеңістікте алғаш болып
стратегиялық жоспарлау жолын таңдаған еді.
Стратегияда біз қойған негізгі мақсат - өркендеуді,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және барлық Қазақстандықтардың әл –
ауқатын жақсарту.
Бір сәтке есімізге сол жылдардағы оқиғаларды түсіріп, Сратегия
қандай жағдайда қабылданғанына көз жүгіртіп көрейікші[6].
Әміршіл экономикадан нарықтық экономикаға көшудің салдары алып
келген жан ауыртаржалпы экономикалық және трасформациялық
дағдарыстан шықпай жатып, біз оның Оңтүсті – Шығыс Азия мен
Ресейдегі қаржы дағдарысы араңдатқан жаңа тармағына тап болдық.
Еңбекақымен зейнет ақы төлеудің кешіктірілуі, жұмыссыз қалған
қалалар мен электр қуатының жиі ағытылып тасталуы біздің қыр
соңымыздан қалмайтын көрінетін.
Ел ішіндегі экономиколық және әлеуметтік проблемалардың өршуі
сыртқы тұрақсыздық пен ұштасып жаты. Бұл проблемалар, олардың
шешілмеуі Стратегияға сенімсіздік туғызып, сынауға себеп болды.
Алайда, небір ауыртпашылықтар иықтан басқанымен, біз
тәуелсіздік алған сәттен басталған кең көлемді экономикалық,
әлеуметтік және саяси реформаларды жалғастыруға міндетті болдық. Ол
өз кезегінде Стратегияның пайда болуына барлық алғы шарттарды жасап
берді. Ал бұл тіршілік үшін күрес стратегиясы емес,
онжылдықтарға бағытталған даму стратегиясы еді[7].
Бүгін Стратегия жүзеге асырыла бастағалы бері тоғыз жылдық
қортындысын шығаратын болсақ, таңдап алынған бағдарламалардың
дұрыстығы мен негізділігі анық көрінеді. Бүгінде сратегия кім –
кімге де түсінікті. Біздің орта және ұзақ бағдарламамыз оның
ережелеріне негізделді. Ол даму жолын көрсеткен шамшырақ болды.
өмір біздің жолымыздың дұрыстығын айқындап берді деуге де болады.
Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның
жұмылуы мемлекетіміз тұрақты даму үшін қажетті қағидаттар.
Стратегияда олардың аса маңызды басымдықтар арқылы айқындалғаны
кездейсоқ емес.
Бүгін біз мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
жағдайдың бәрін жасадық.
Ел экономикасы ырғақты дамуда.
Қазіргі заманғы қарулы күштер құрылды.
Біздің дипломатиялық күштеріміздің арқасында еліміздің
егемендігімен
қатар, аумақтық тұтастығы да нығайтылды.

Соңғы жылдары біз шекарамызды, оның барлық ұзына
бойынаделимитациялауға қол жеткіздік. Ол 14 мың шақырымды құрайды.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын
жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жақан елдерінің қатарына
қосылуы тиіс. Біз бұны ұлтымыз Бен экономикамыз бәсекеге қаблетті
болған жағдайда ғана істай аламыз[8].
Иновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды
дамыту. Біз бәсекеге қаблетті экономиканың үлгісін таңдай отырып,
бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды
таңдап алдық, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына
жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтық туризм,
мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік
– логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары
сияқты салаларда кемінде 5 – 7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары
болуы керек деп білеміз. Ел экономикасының шикізаттық емес
салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын
болады.
Балаларымыздың болашағы мен адамдар арасындағы қарым – қатнастың
қандай болатыны туралы сөз қозғағанда біз өзіміз құратын
өркениеттің – біздің болашақ қоғамымыздың моделін алдын ала білуіміз
қажет. Бүгін тоталитарлық және либералдық қоғам арасындағы дау
жойылған кезде либералдық қоғам моделдерінің өзі әртүрлі болатыны
және әр елдің өзіндік ерекшеліктері болатындығы анықталып отыр.
Бұдан бұрын айтып өткеніміздей, бұрынғы жылдары алдымызға жедел
өзгерістерді мақсат етіп қойып, белсенді түрде ағылшын – саксон
нұсқасы бойынша жүрдік, бірақ бүгін біз бұдан әрі қай жолды
таңдау керек деген стратегиялық сауалға жауап табуға тиіспіз.
Қоғамда бұған қатысты консенсус жоқ. Қазақстан Еуропаның кішкентай
болсада бір бөлігі, тарихи
тұрғыданда біз Батыс өркениетіне ұмтыламыз дейді біреулер. Біз
көбінше азиялық елміз, сондықтан жолбарыстың: Жапонияның, Кореяның
тәжірибесін ұстануға тиіспіз дейді екінші біреулер. Біз Ресейлік
менталитет пен ұжымшылдық принциптерін терең сіңірдік, сондықтан
біздің таңдауымыз Ресейдің таңдауына сай болуға тиіс дейді
үшіншілер. Төртінші біреулер біздегі халықтың басым көпшілігі
мұсылмандар, сондықтан біз жаңа түркі моделін негізге алуға тиіспіз
деп дауласады. Алдымызға екінің бірін таңдап алу керек деген
мәселені қоймаймыз. Біз екеуін де, іс жүзінде өзінің тиімділігін
дәлелдеген барлық өркениеттерінің ең соңғы жетістіктерін паидаланып,
диалектикалы боламыз.
Бүгін біздің төңірегімізде бейбітшілік белдеуі қалыптасты деп
бекем айтуға болады. Бірде бір мемлекеттің бізге талабы жоқ әрі
жау көзқараста емес[9].
Еліміздің ішінде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.
Ұлтына, сенім – нанымына, саяси көзқарасына қарамастан, барлық
қазақстандықтың тең мүмкіндігіне негізделген азаматтыққа басымдық Бере
отырып қана біз осыған қол жеткізе аламыз.
Бүгін Қазақстан жалпы ұлттық келісім мен азаматтық татулығын
сақтап отырған аздаған пост кеңестік мемлекеттердің бірі әрі
ұлтаралық жанжалдар мен конфессия аралық жіктелуді білмейді.

2. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру
стратегиялары.
1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - Адамзат дамуының бүкіл
тарихы тәжірибесі мемлекеттік алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге
асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі
мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен
тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап,
нығайтып, ұрпақтарға қалдыру керек. Біздің ұрпақ еңсере алмай,
өздеріне қалдырған ауртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін
болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекетімізден айрылып,
егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы
Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары
Қазақстандағы бастау алған стратегиялар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Кәсіпқой мемлекет
Қазақстанның гендерлік саясаты
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық - саяси дамуы
Саяси жаңару туралы түсінік
Пәндер