Ес елестету



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
І. Тарау. Елестетудің психологиялық маңызы
1.1 Елестетуге психологиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Елестетудің физиологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Елестетуді дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ. Тарау Ес елестету
2.1.Қиял елестету және оны дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі орны мен маңызы ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді.
1.Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992.
2.Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалык ұгымдарды меңгеру
психологиясы. Алматы. «Мектеп», 1983.
3. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық
практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. Алматы, 1978; Екінші бөлім.1979.
4. Аймауытов Ж.. Психология (оқу құралы). Қызылорда —Ташкент, 1926.
5. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976.
6. Жарықбаев К. «Психология» Алматы, 1993жыл.
7. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
8. Жалпы психология. В. В. Богословский т. б. редакциясымен. А, «1980.
9. Гиппенрейтер Ю.Б. «Введение в общую психологию» М, 1988год.
10. Гоноболин Н., Психология. Алматы, «Мектеп», 1976.
11 .Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
12. Мұқанов М. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1956.
13. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
14. Мұқанов М. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
15. Тәжібаев Т. «Жалпы психология» Оқулық – Алматы, 1993жыл.
16. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
17. Рубинштейін С.Л. «Основы общей психиологии», Москва, 1989год.
18. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
19. Теплов Б. М. Психология. Орта мектептерге арналган оқулық. ОПБ,А,1953.
20. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Пединституттар мен университет студенттеріне арналған. Алматы: «Мектеп», 1966.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І. Тарау. Елестетудің психологиялық маңызы
1.1 Елестетуге психологиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Елестетудің физиологиялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Елестетуді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...10

ІІ. Тарау Ес елестету
2.1.Қиял елестету және оны дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі орны мен маңызы ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.29

Кіріспе
Өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары
біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады,
біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен
оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин
ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген
басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын
қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың
бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған
қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан
солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз
алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына
мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген
велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап
қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай
кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре
алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана
бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады.
Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге
жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға
елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа
жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген
қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар
да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді.
Мақсаты: Елестердің физиологиялық негізі — заттар мен құбылыстарды
қабылдаған үлкен ми сыңарлары кыртысында жиналған қозулар мен уақытша
байланыстардың іздері осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Міндеті: Көру (біздің алдымызда жоқ заттарды біз көріп тұрғандай
боламыз), есту (біз таныс адамның даусын, музыкалық дыбысты дәл естиміз),
иіс (өзіміздің қасымызда жоқ қандай бір заттың иісін елестетеміз), сипай
сезу (қандай бір қатты, жұмсақ нәрсеге денеміз тигендей болғанын ойша
сеземіз) елестерінің мәнін ашу осы жұмыстың басты міндеттеріне жатады.

І. Тарау. Елестетудің психологиялық маңызы
1.1 Елестетуге психологиялық сипаттама
Адамда елестің болуы біздің қабылдауларымыздың ми қыртысында қандай да
бір іздердің қалдыратынын, олардың бірсыпыра уақыт сақталатындығын
көрсетеді. Біздің ойларымыз бен сезімдеріміз туралы да осыны айтуға болады.
Есге сақтау және кейін оны жаңғырту немесе біздің бұрынғы тәжірибемізде
болғанды білу — елес деп аталады.
Егер адамдар бұрынғы тәжірибені есте сақтамаса және өткен тәжірибесін
жаңғырта алмаса, олардың ақылы ешқандай ілгері дамымас еді, білім жинақтай
алмас еді, әрқашан да жаңа туған баланың интеллектуалдық дәрежесінде болар
еді. Сондықтан әрбір адамның міндеті өзінің ой-өрісін байыта түсу болып
табылады. В. И. Ленин: Адам баласы жасап шығарған байлықтың бәрін білумен
ой-өрісіңді байытқанда ғана коммунист болуға болады,— деп тектен-текке
айтпаған.
Есте қалдыру процесінде әдетте бір заттың немесе құбылыстың екінші бір
заттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мысалы, біздің жаңа
танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол
адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен
байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны
тарихтың басқа уақиғаларымен байланыстырамыз, оны белгілі бір кезеңге
жатқызамыз т. с. с. Шетел сөзін, мысалы dаs Наus — деген сөзді есте сақтау
үшін, бұл сөзді үй деген ұғыммен байланыс-тырамыз. Сөйтіп есте сақтау
дегеніміз — жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.
Ежелгі гректер елестің мәні заттар мен құбылыстардың арасында
байланыстар жасауда екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар деп
аталатын болды. Ассоциацияның үш түрі айырып көрсетіледі: а) шектестігіне
(немесе уақытына) қарай; мысалы, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен
көршілес бау-бақшаны есіме түсіремін; белгілі бір уақиғаны еске түсіргенде
сол кезде болған басқа бір фактілер ойыңа түсе кетеді; б) ұқсастығына қарай
(таныс адамның суретін көргенде мен оның өзін есіме түсіремін) және
в)контрастылығына қарай (у-шуы мол қалаға барғанда мен деревня өмірінің
тыныштығын есіме түсіремін). Бұлай етіп жіктеуді ежелгі грек философы
Аристотель (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 384—322 жылдар) көрсеткен
болатын.
Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысы дейтінге үлкен
мән береді. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі (комплексті) ассоциация
деп ұғады. Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші құбылыстарға
тәуелділігін түсіну (себептес-нәтижелестік байланысын түсіну) жатады.
Мысалы, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын
біледі. Бұл байланыс (теорема мен есептің арасындағы) мағыналық себептес-
нәтижелес байланыс болып табылады. Мұндай ассоциациялардың адам өмірінде
үлкен маңызы бар.

1.2 Елестетудің физиологиялық негізі
Елестердің физиологиялық негізі — заттар мен құбылыстарды қабылдаған
үлкен ми сыңарлары кыртысында жиналған қозулар мен уақытша байланыстардың
іздері осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Материалды есте қалдыру, есте сақтау және оны кейін жаңғырту— біздің
миымыздың тамаша қасиеттерінің бірі. И. М. Сеченов елесті жануарлардың,
әсіресе адам организмінің нағыз маңызды кереметі деуге болады деп тегін
айтпаған.
Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерден миға баратын қозулар көп жылдар
бойы (кейде бүкіл өмір бойы) есте сақталатын іздер қалдырады. Ми
сыңарлары қыртысында қозулар үшін жол салынғандай болады, бұған байланысты
нерв байланыстары онан әрі тез және жеңіл пайда болады. Егер қозулар
қайталап тұрса байланыстар сақталып, күшейіп тұрады, егер қозулар
қайталамаса байланыстар сөнеді. Бұл соңғы жағдайда білгендерін ұмыт болады.
Уақытша байланыстардың жасалуы және сақталуы елестің физиологиялық негізі
де болып табылады.
Сыртқы әсерлердің адамның ми қыртысында белгілі бір із қалдыратынын
нейрохирургтер жасаған қазіргі кезгі тәжірибелер көрсетіп отыр. Мидың жеке
бөліктерін электр тогымен қоздырған кезде ауру кейде өзі қатысқан
уақиғаларды есіңе түсіреді. Ми сыңарлары қыртысында байланыстар жасалуының
тездігі және олардың сақталуы мидың тітіркендіргіштерге жауап беру және
бұрынғы қозулардың іздерін сақтау қабілеттілігіне тәуелді болады. Нерв
системасының табиғи сапаларымен қатар мұнда адамның іс-әрекетінің сипаты,
дағдылануы, машықтануы үлкен роль атқарады. Белсенді ой еңбегі, ми
қыртысында көптеген байланыстардың болуы жаңа ассоциациялардың тууын
жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Білімнің белгілі бір саласын жақсы білетін
мамандардың сол саладағы ғылымның жаңа мәліметтерін оңай және жете ұғынып
алатындығы да міне осыдан. Мектеп оқушысы да егер өткен материалды жақсы
білсе, жаңа оқу материалына жақсы түсініп, еске сақтайды.
Елесті есте қалдыру. Елеске мынандай психикалық процестср: еелсті есте
қалдыру, білгендеріп есте сақтау, білу және жаңғырту кіреді.
Елес процестері есте қалдырудан, яғни заттар мен құбылыстардың арасында
байланыстар жасаудан басталады. Елесті есте қалдырудың физиологиялық негізі
— үлкен ми сыңарлары қыртысындағы уақытша нерв байланыстары.
Есімізде сақталғандардың көпшілігін біз ырықсыз есте қал-дырғанбыз. Бұл -
ырықсыз есте қалдыру деп аталатынның нәтижесі: Адамның ықыласын аударған
немесе оның сезіміне байланысты нәрселер ерекше жақсы есте қалады. Егер жас
өспірімнің ықыласы автомобильге ауса, ол арнаулы түрде оқып, үйренбей-ақ
машинаның бөлшектерін, құрылысын және олардың атқаратын қызметтерін т. с.
с. оңай біліп алады. Нақ сол сияқты бізде қуаныш немесе реніш туғызған
уақиғалар есімізде жақсы сақталады.
Бірақ адамның өмірі мен іс-әрекеті ырықты есте қалдыру дегенді де керек
етеді, мұнда өзіңді-өзің бір нәрсені есте сақтауға ұмтылдырасың. Мектепте
ғылым негіздерін оқып-үйрену, белгілі бір мамандыққа даярлау жұмысы әдетте
ерікті есте қалдыруды керек етеді. Мұнсыз қажетті білім алуға, дағдылануға,
икемделуге болмайды.
Елесті есте қалдыру мағыналы және механикалық болады. Мағыналы елесті
есте қалдыруда ойлау процесінің мәні зор болады. Мұнда адам әдетте есте
қалдыруға керектілерді түсінуге тырысады, жаңа материал мен ескі
материалдың арасында, белгісізден бұрыннан белгілінің арасында байланыс
жасауға тырысады. Теореманың дәлелдерін есте қалдырған соң, оқулықта
жазылғандардың бәрін қайталай берудің керегі жоқ, қайта ең алдымен онда не
жөнінде айтылғанын түсіну, бұл дәлелдердің бұрын оқылған қандай
математикалық ережелерге негізделгенін ойластыру қажет. Тек осыдан кейін
ғана оны жақсы игеру үіпін қайталау керек болады.
Механикалық елесті есте қалдыру тек қайталаудан тұрады, бұл көбінесе оқып
отырған материалды түсінбей қайталау жағдайында өтеді. Мұнда қиын,
түсініксіз материалды оқушы жәй жаттап алады. Мұндай есте қалдыру үшін
әдетте көп еңбектену, көп уақыт жұмсау керек, ал игерілген материалдар тез
ұмытылады. Бірақ кейде механикалық елестерді есте қалдыруды қолдану керек
болады. Мысалы, бірнеше рет қайталау арқылы біз телефон нөмерін, таныс
адамның адресін, сондай-ақ шетел сөздерін, қиын терминдердің т.с.с.
елестерін есте қалдырамыз. Бірақ мұнда да есте калдырмақшы болғанынды,
бұрыннан белгілі бір нәрселермен байланыстырып игерілгенді ойға тоқу керек
болады, өйткені мағыналы елесті есте қалдыру механикалық елесті есте
қалдырудан жемісті келеді.
Белгілі бір білім алу үшін жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын ерікті
елесті есте қалдыруды жаттап алу деп атайды. Бұл мектеп оқушысының оқу
жұмысының мақызды бөлігі болып табылады.

1.3 Елестетуді дамыту
Біздің елесті есте қалдырғанымыздың біршама бөлігі ғана есте ұзақ уақыт,
кейде бүкіл өмір бойы сақталады. Игерілгендердің көпшілігі бірте-бірте
ұмытылады, өйткені бұрын болған тітіркендіргіштер енді қайталанып
отырмайды. Сондықтан игерілгенді ойда сақтау үшін оны қайталап тұру керек.
Толық түсінбей сөзбе-сөз жатталынған материалға қарағанда, жақсы ұғынған
материал елестері есте жақсы сақталады.
Есте сақтауда кейде ерекше бір құбылыс болатыны байқалады: жаттап алынған
материал бірден ойға түспейді, біраз уақыттан кейін (бір-екі күннен соң не
онан да көбірек) жақсы ойға түседі. Меңгерілген материал бұл уақыттың
ішінде ми қыртысында орнығып, оны еске түсіру оңайланатын сияқты болады.
Мұның бірқатар себебі — тиісті ми қыртысы клеткаларының шаршауынан болуы
керек. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін ол жоғалады, ми қыртысында жаңадан
қажетті қозулар туады, тиісті нерв байланыстары жасалады.
Егер мектеп оқушысына оқу материалдарын меңгергеннен кейін басқа бір,
бірақ алдыңғыға ұқсас материалдың елесін есте қалдыру тапсырылса (мысалы,
әдебиеттен кейін тарих сабағымен шұғылданатын болса), онда ұқсас материалды
есте қалдыру қиынырақ болады. Күшті қоздыру туғызатын кейінгі белсенді іс-
әрекет те бұрынғы материалды толық немесе бірсыпыралап ұмыттырады. Мұның
себебі — кейінгі іс әрекеттің елесін есте қалдырудың нәтижесінде ми
қыртысында қалған іздерді өшіретін сияқты болады.
Түс кезінде үйреніп, ұйықтар алдында және ертемен оянғасын қайталанған
материал елесі есте жақсы сақталады. Мұның себебі - ұйқы кезінде
игерілгенді естен ығыстырып, өшіретіндей күшті әсерлер болмайды.
Біз игерілген елесті есте берік және ұзақ уақыт сақтаудың қажеттігі
туралы айтамыз. Бірақ мұнан адам өмірінде ұмытудың тек теріс салдары ғана
болады деген сөз шықпайды. Егер біз ешқашан да ешнәрсені ұмытпайтын болсақ,
онда біздің миымыз керегі жоқ хабарлармен толы болар еді, жаңа, пайдалы
байланыстардың жасалуын қиындатар еді. Ұмыту бізге белгілі бір дәрежеде
маңызы бар нәрселердің елесін есте сақтауға мүмкіндік береді.
Елесті жаңғырту және тану. Біздің қабылдағанымыздың немесе жасағанымыздың
көбі біздің тарапымыздан көп күш жұмсамай-ақ еріксіз еске түседі (жаң-
ғыртылады). Мысалы, оқушы тарихты оқи отырып, өзі бұрын оқыған тарихи
романды еске түсіреді. Бұл еріксіз (немесе байқаусыз) елесті жаңғырту болып
табылады.
Бірақ көбінесе біз кейбір нәрселерді еске түсіруге бірқатар күш саламыз.
Мысалы, оқушы Пифагордың теоремасын бірден есіне түсіре алмайды. Ол
оқулықта көрсетілген чертежді есіне түсіруге тырысады, әңгіме тік бұрышты
үш бұрыш жөнінде, оның жақтарындағы квадрат т.с.с. жөнінде болып отырған
елесін еске алады. Ақырында барып оған теорема мазмұнының елесін еске
түсіруге мүмкіндік болады. Бұл — ерікті (немесе әдейі) елесті жаңғыртудың
мысалы. Әсіресе оқу жұмысында көбінесе осылай етуге тура келеді.
Адамнан белгілі бір күш салуды талап ететін едәуір ерік күшіне байланысты
жаңғыртуы елесті еске түсіруі деп аталады. Бұл ойдың белсенді жұмыс істеуін
керек етеді, егер еске түсірілмек затты не құбылысты қабылдаған кездегі
жағдайларды, фактілерді қайта жаңғыртсақ, бұл онша қиын болмайды.
Елесті тану қайта жаңғыртудың ерекше формасы болып табылады. Бұл қайта
қабылдау кезінде болады. Мысалы, біз көшеде өзімізге қарсы келе жатқан
адамды көреміз. Біз онымен бұрын бір жерде кездескен сияқтымыз. Ол бізге:
Саламатсыз ба! дейді. Енді біз оның даусынан өткен жылы демалыс үйінде
онымен бірге болғанымызды білеміз.
Елесті тану да еріксіз және ерікті болады. Жаңғыртуға қарағанда елесті
тану процесі әдетте оңайырақ болады, өйткені ол қайта қабылдауға сүйенеді.
Сондықтан, еске түсіргенде, біз кейде тануды да пайдаланамыз. Танысымыздың
атын ұмытып қалып, біз ойымызша бірнеше аттарды: Петя, Ваня, Сережа т. б.
айтамыз. Өзімізше Қоля дейміз де, таныс адамның атын табамыз.
Бірақ елесті тану есте қалдырудың толықтығының және беріктігінің
критерийі (өлшемі) бола алмайды. Кейде оқушылар оқу материалын қайталап
оқуда оны өздері игеріп алған сияқты болады. Шындығында олар бұл материалды
біліп қана отыр. Оқушыларға материалды кітапқа қарамай айтуға тура
келгенде, оларға бұл материалдың елесін есте қалдырудың әлі қашық жатқанын
біледі. Сондықтан елесті есте қалдырудың сапасын тек қайта жаңғыртудан ғана
білуге болады.
Елестің сапасы. Елестің сапасына мыналар жатады: а) адамнын белгілі бір
уақытқа дейін есте сақтауға қабілеті бар заттардың немесе фактілердің саны,
яғни көлемі; б) жаңғырту дәлдігі; в) елесті есте қалдырудың шапшаңдығы; г)
игерілгеннің ойда сақтауда ұзақтығы; д) елестің дайын екендігі, яғни
керектілердің елесін тез еске түсіре білу.
Бұл көрсетілген қасиеттердің бәрі жеткілікті дамыған адам елесті келеді.
Бірақ бұл біршама сирек болады. Әдетте адамдарда елестің бірқатар сапалары
жақсы дамыған да, екінші біреулері нашар дамиды. Кейбіреулердің елесінің
көлемі үлкен болады, бірақ есте сақтауы баяу болады, материалды тез
ұмытады, екіншілері біршама азғантай материалды тез үйреніп алады, бірақ
оны жеткілікті дәл жаңғырта (елесін есіне түсіре) алмайды.
Елестің түрлері. Игерудің және жаңғыртудың ерекшеліктеріне
қарай елестің бірнеше түрлері болады. Мысалы, қала сыртында
болған экскурсияның елесін еске түсіре отырып, өзіміз көрген заттардың,
өзіміз болған уақиғалардың бейнелерін көз алдымызға елестетеміз. Бұл —
образды елес. Мұнда бірінші сигнал системасы үлкен роль атқарады.
Экскурсоводтың түсіндірмелерін, онымен әңгімелескенімізді, зкскурсия
жөнінде жолдастарымызбен пікір алысқанымыздың елесін еске ала отырып, біз
мағыналық, немесе сөзлогикалық елесті, яғни ойды сөзбен айту жөніндегі
елесті пайдаланамыз.
Бұл елес екі сигнал системасының өзара әрекетіне, екінші сигнал
системасының басым болуына сүйенеді.
Егер біз досымыздың басына түскен бақытсыздықтың елесін еске түсірсек,
мұнда біз тағы да тіпті қайғыра түссек, онда бұл — эмоциялық елестің немесе
елестің сезімде пайда болғаны болып табылады.
Біздің іс-әрекетіміздің бірсыпырасын - ерте бала кезімізде есте
қалдырған, дағдыланған қозғалыстар (жүріс-тұрыс, жүгіру, тілдің, көмейдің
қозғалысын керек ететін дыбыс шығарулар т. с. с).
Қозғалысқа құрылған елесті моторлық немесе қозғалыс елесі деп атайды.
Жеке адамның қасиеті ретінде елестің ерекшеліктері адамның қабілетінің
дамуына, іс-әрекетіне ықпал жасайды. Елесі нашар дамыған адамдар, елесін
есте күшті ұстайтын адамдарға қарағанда, оқу материалын игеруге көп уақыт,
көп күш жұмсайды. Көптеген мамандықтарда елесті есте сақтай білу жақсы
болуы керек.
Адамдарды игерген елестерін есте қалдырып, ойда сақтауына (елес сапасына)
қарай төрт топқа бөлуге болады: а) тез және берік елесті есте қалдыратын,
көпке дейін ұмытпайтын адамдар; б) материалды игеруі тез бірақ берік емес,
тез ұмытатын; в) баяу елесті есте қалдыратын, бірақ игергендерін көп
уақытқа дейін ұмытпайтын; г) баяу игеретін және тез ұмытатын (елесі
неғұрлым нашар) адамдар.
Адамдардың арасында әдетте анализаторларының игеру процесіне және есте
қалған материалдың елесін жаңғырту процесіне көбірек қатысуында айырма
болады. Мысалы, кейбіреулерге елесті есте қал-дыру үшін затты қалайда
көзімен көруі немесе ол туралы жазғанды өзі оқуы керек. Материалды
жаңғыртқанда бұл адамдар оқылған текстіні көзімен көріп отырғандай болады,
сөз басылған беттер салынған суреттер оның есінде болады. Мұндай адамдарда
елестің көзбен көру типі үлкен роль атқарады.
Екінші біреулер елесті еске сақтау керек болатын текстіні дауыстап
оқығанда жақсы игеріп алады. Оны жаңғыртқанда олар бұл текстіні оқыған
адамды естіп тұрғандай болып, соның ізімен қайталайды. Бұларда елестің есту
типі жақсы дамыған.
Кейбіреулерге материалды есте қалдыруға әр түрлі қозғалыстар көмектеседі;
мұндай адамдар шетел сөзін жаттағанда оны бармағымен столға немесе ауаға
жазуға тырысады. Бұл адамдарда елестің қозғалыс немесе моторлық типі жақсы
дамыған.
Егер адамда есте қалдырудың және жаңғыртудың белгілі бір типінің басым
болуы оны тиісті іс-әрекетке неғұрлым жарамды ететін болса, өз тарапынан
белгілі бір мамандық оған керекті елестің типін дамытуға көмектеседі.
Сондықтан суретшілерде елестің көбінесе көзбен көру типі, музыканттарда
елестің есту типі жақсы дамыған болып келеді. Елестің моторлық типі
спортшыларда жақсы дамыған болады.
Тиісті мамандығына байланысты елестің бір типі ерекше күшті дамыған
адамдар да кездеседі.
Мысалы, Рахманиновтың консерваторияда студент болған кезіндегі мынандай
бір жағдай әңгімеленеді. Бір күні оның оқытушысы Танеевке өзінің жаңа
шығармасын ойнап беруге композитор Глазунов келеді. Рахманиновтың музыкалық
есінің ерекше күшті екендігін білетін Танеев әзілдеп шәкіртін көршілес
бөлмеге қаман қояды. Глазунов өзі шығарған күрделі музыкалық пьесасын
ойнайды. Біраз уақыттан кейін Рахманинов кіреді. Глазуновпен сәлемдесіп
болғаннан кейін, ол рояль жанына отыра салады да, композитордың жаңағы жаңа
шығармасын ойнайды.
Адамдардың едәуір көпшілігінде елестің аралас типі дамыған болып келеді,
бұларда елесті есте қалдырудың көру, есту және моторлық типтерінің
элементтері ұштасып жатады.
Жақсы елесті есте қалдырудың кейбір шарттары
Ұмытшақпын деп өзін-өзі кінәлайтын адамдар көбінесе жәй елесті есте
сақтай білмейді және жақсы елесті есте қалдырудың қажетті шарттарын есепке
алмайды.
Оқу материалын тез және ұзақ уакытқа елесті есте сақтаудың манызды шарты —
есте сақтайтындарына ықылас қою және ма-териалды игеру, жаңғырту процесіне
зейін аудару. А. С. Пушкин поэзияға үлкен ықылас аударған. Өлеңді ол өте
жақсы көріп, беріліп оқитын болған, сондықтан оны жақсы есте сақтайды екен.
Пушкинге кейбір өлең жазылған кітап бетін бір-екі рет оқыса болғаны, енді
ол бұл өлеңді жатқа айтып беретін болған. Поэтикалық шығарманың елесін есте
қалдыруда Владимир Маяковскийдің қабілеті де ерекше күшті болған.
Елесті есте қалдыруда сезімнің маңызы зор. Адамның селсоқ, нем кетті
қарайтынынан гөрі қуанышпен, қайғы-мұңмен, ашумен байланысты нәрселердіңғ
елесі көбіне есте жақсы сакталады.
Жақсы елесті есте қалдырудың маңызды бір шарты — игеретін нәрсені жақсы
түсіну. Егер есте қалуға керекті ойлар оқушыға айқын болмаса, ол бұларды
механикалық түрде, сөзбе-сөз жаттайды; мұндай оқу жұмысы оның ой-өрісінің
дамуына тек зиян жасайды, ал бұлай етіп жатталынған сөздер тез ұмытылады.
Өзінің алдыңа ұзақ уақыт ұмытылмайтын етіп, жақсы игеру керек деген міндет
қоюдың да маңызы үлкен. Егер оқушы сабақты ертең мұғаліміне жауап беру үшін
(ал кейін бәрін ұмыту үшін) оқитын болса, әдетте мұндай мақсатпен
үйренгендер адам есінен тез-ақ шығып кетеді. Ал егер мектеп оқушысы бұл
материалды ұзақ уақыт есте сақтау қажет, өйткені ол өмірде керек болады
деген оймен оқыса, мұндай материалды адам неғұрлым тез, жақсы игереді. Бір
экспериментте бір топ оқушылар қиындық жағынан бірдей екі әдеби текстің
үзіндісін оқиды, оларға бірінші үзінді ертең, екіншісі бір аптадан кейін
сұралады деп айтылған. Бірақ екі үзінді де екі аптадан кейін сұралды.
Бірінші үзіндіні оқушылар түгелінен ұмытқан, өйткені оларда мұны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның есі мнемикалық процесс пен әрекет жүйесі ретінде
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде жайлы
Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.
Ес – күрделi психикалық процесс
Сезіну, қабылдау, ұсыну, елестету
Ес туралы ақпарат
Өмірлік жол жеке тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тарихи дамуының формасы
Адам есі
Бөбек жасындағы қабылдау, ес, ойлау
Пәндер