Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАПӘНІН КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Информатика ғылым ретінде: пәні және ұғымы . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Информатиканы оқыту әдістемелік жүйесі . . .
3: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Мектепте информатика пәнін кәсіптік оқытудың мақсаттары мен міндеттері . . .
3: 16
КІРІСПЕ . . .: 2. ИНФОРМАТИКАНЫ КӘСІПТІК БАҒЫТТА ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУ . . .
3: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Мектепте информатиканы кәсіптік оқытуда электрондық оқу құралдарын құру технологиясының талдауы . . .
3: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 2. Мектепте информатиканы кәсіптік оқытуда электрондық оқулықтар жасау құралдарын топтастыру . . .
3: 34
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Мектепте информатиканы кәсіптік оқытуда электрондық құралын Delphi-дe жобалау . . .
3: 44
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 59
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 61

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, соның ішінде кәсіптік оқыту бағыттары, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.

Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда. Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет. Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т. б. нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық - бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дәлелді қорытынды шығады.

Кәсіптік оқыту бағытын оқыту үшін, оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және программалау құзырлығын арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.

Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі жұмыстың көкейтесі болып отыр. Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған бағдарламалау тілінің бірі - Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады.

Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектепте информатика пәнін кәсіптік бағытта оқыту үрдісінің әдістемесі.

Пәндік зерттеу - информатика пәнін кәсіптік бағытта игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.

Зерттеу мақсаты - информатика пәнін кәсіптік бағытта игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Зерттеу міндеттері:

- Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік бағытта оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;

- Информатика пәнін кәсіптік бағытта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- Информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау;

- Информатика пәнін кәсіптік бағытта оқытуда оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, суреттер және кестелермен қамтылған екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Информатика ғылым ретінде: пәні және ұғымы

Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Информатиканың зерттейтін аймағы - ақпараттың құрылымы мен ортақ қасиеттері, сонымен қатар адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен байланысты мәселелерді қамтиды. Ақпараттың ауқымды көлемі мен ағымын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйесінсіз жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан электронды есептеуіш машиналар мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатиканың іргелі ядросы және материалдық базасы да болып табылады [2] .

Ақпаратты ресурстың айырықша түрі деп есептеген жөн, мұнда

«ресурс» материалдық заттардың немесе заттың энергетикалық, құрылымдық немесе басқа да сипаттамаларынан тұратын білім қоры деп түсіндіріледі. Материалды заттармен байланысты ресурстардан айырмашылығы - ақпараттық ресурстар сарқылмайды және де материалды ресурстарға қарағанда, басқаша жаңару немесе қайта жаңғырту әдістеріне ие болады. Қоршаған ортаның біртұтас құрамдастары зат және энергиямен қатар, ақпарат сол ортаның негізгі сарқылмас таным көзі болып табылады.

Ақпарат жөнінде заманауи ғылыми көзқарасты дәлме-дәл тұжырымдаған кибернетика «атасы» Норберт Винер болды. Оның пікірінше: « . . . ақпарат - біздің және сезіміміздің сыртқы ортаға бейімделу үрдісінде одан қабылданған мағынаны белгілеу».

«Кибернетика» термині пайда болғаннан кейін дүниежүзілік ғылымда ағылшын сөзі «Computer Science» (компьютер ғылымы) қолданысқа енгені белгілі. Бұл термин Америка, Канада және тағы басқа латын-америкалық континеті елдерінде, компьютерлер мен телекоммуникациялық жүйелер көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және жеткізу үрдістерін зерттейтін ғылыми және оқу пәнін атау үшін кең тараған.

Кейінірек XX ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-ші жылдарының басында француз ғалымдары, француздың

«informatione» (ақпарат) және «avtomatique» (автоматика) сөздерінің туындысы болып табылатын - «informatique» (информатика) терминін енгізді. Жаңа термин Кеңестер Одағы (кейіннен Ресей мен ТМД елдерінде) мен Батыс Еуропада кеңінен тарады. Үлкен Кеңес Энциклопедиясында информатика «ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттерін, құрылымын, оны құру, түрлендіру, тасымалдау және адамзат іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолдану заңдылықтарын зерттейтін пән» деп қарастырылды.

Орыс тілінде «информатика» терминінің қолданылуы (шамамен 1960-шы жж. ортасынан бастап) ғылыми-техникалық ақпаратпен, кітапханатану және құжаттаматанумен байланысты болды.

Информатиканың осы анықтамасын түсіндіре келе, А. П. Ершов тағы да: «ғылымдардың салыстырмалы түрде жаратылыстану (табиғи) және қоғамдық болып бөлінуін түсіне келе, біз сонда да, түсінудің туынды принциптеріне және оның атрибуттарына, жасанды, биологиялық және қоғамдық жүйелерде ақпаратты өңдеу заңдылықтарының бірлігі (жалғыздығы) туралы көріністерге сәйкес, информатиканы жаратылыстану ғылымдары пәніне жатқызамыз. Информатиканы іргелі ғылымдар қатарына жатқызғандықтан, ақпарат түсінігі оны өңдеу үрдістері жалпы ғылыми мағынаға ие болады» - деп атап өтті. Қоршаған ортаның (әлемнің) оқып-танылған үзіндісіне (бөлегіне) ақпараттық модель құрылғанда, информатика жеке ғылым ретінде өз құқығына ие болады[2, 6] .

Информатика пәні кибернетика сияқты өз қосымшаларының ауқымды аймағының негізінде, ал объектісі табиғаттағы, қоғамдағы кез келген ақпараттық процестерге тән ортақ заңдылықтарының негізінде қалыптасады. Демек, ақпараттық үрдістер мен технологиялардың көптеген түрлеріне тән ортақ қасиеттері және заңдылықтары информатиканың зерттеу объектісі болып табылады.

Информатика пәні өз қосымшаларының көптүрлілігімен анықталады. Адамзаттың сан алуан іс-әрекетінде, жұмыс жасап тұрған ақпараттық технологиялардың (өндірістік үрдісті басқару, жобалау жүйелері, қаржылық операциялар және т. б. ) ортақ қасиеттері болғанымен, өзара айырмашылықтары да көп. Бұл жерде басты назар, ақпараттық процестер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде әлеуметтік басқаруды жетілдіруге аударылады.

Әлеуметтік жүйелердегі басқаруда айшықталатын ақпараттың жоғарғы формасы - білім болып табылады. Педагогика мен жасанды интеллект зерттеулерінде кең қолданылатын бұл пәнүстілік ұғым да маңызды философиялық категориядан үміткер. Философиялық тұрғыдан, таным - басқарудың функционалды аспектілерінің бірі деп қарастырған абзал. Мұндай көзқарас таным үрдістері генезисін, оның негіздері мен болашағын жүйелі түрде түсінуге жол ашады.

Информатика ғылымын адамзат тек ЭЕМ- нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ ақпаратты автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ бағдарламалау информатиканың негізгі ядросы, ал қазіргі есептегіш техникалардің барлық түрлері - оның аппараттық қамсыздандыру негізі болып табылады. Адам қызметінің барлық саласының ауқымды түрде ақпараттануы жағдайында, информатика пәнін кез келген ғылыммен байланыстыруға болады. Мысалы, философиямен байланысында әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, филология мен тіл білімінде (бағдарламалау жүйесі, мәтіндік редактор, мәтінді айырып тану жүйесі, компьютерлік аударма құралдары, жасанды интеллект жүйесі), метематика, физика, экономика бойынша (компьютерлік модельдеу), бейнелеу және графика (графиктік редакторлар, дизайн, мультимедиа жүйесі), т. с. с.

Информатиканың фундаментальды негізі мына бөліктерден тұрады: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік информатика.

Теориялық информатика - информатиканың философиялық негізі, математикалық және ақпараттық модельдер мен алгоритмдер, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жобалау және құру әдістерін қарастырады.

Ақпараттандыру құралдары бағдарламалық, техникалық болып бөлінеді. Бағдарламалыққа жүйелік бағдарламалық құралдар (операциялық жүйе, бағдарламалау жүйесі мен тілдері), әмбебаб, мамандыққа бағытталған құралдар, техникалыққа - ДК, жұмыс станциялары, ақпаратты енгізу-шығару құралдары, ЭЕМ-нің желілері, компьютерлік (КТ) және телекоммуникациялық технологиялар (ТК) жүйелері жатады.

Орта мектептің мәселелерін қамтитын информатика бөлігін

мектеп информатикасы деп атайды.

Кеңестік дәуір кезіндегі әдебиетке бұл термин алғаш рет 1979 жылы А. П. Ершовтың жетекшілігімен жарық көрген: «Мектеп информатикасы - тұжырымдамалары, жағдайы және болашағы» атты іргелі еңбегі арқылы енгізілді [9] .

Онда мектеп информатикасы мектептегі оқу процесінде ЭЕМ-ді қолдануды зерттейтін және бағдарламалық, техникалық, оқу- әдістемелік және ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ететін информатиканың бір тармағы ретінде анықталды. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады.

1. 2 Информатиканы оқыту әдістемелік жүйесі

Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының енгізілуімен қатар педагогика ғылымының жаңа саласы - информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) қалыптаса бастады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің зерттейтін нысаны информатиканы оқыту болып табылады.

Ғылыми мамандықтардың ресми жіктелуі бойынша, қоғам талабына сәйкес, қазіргі даму кезіндегі информатиканы оқу заңдылықтарын зерттейтін, педагогиканың бұл бөлімі

« Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі » деген жаңа атауға ие болды. Әйтсе де қалыптасқан, « Информатиканы оқыту әдістемесі » атауы оқулықтарда, нормативті құжаттарда әлі де қоланылылуда.

Информатиканы оқыту әдістемесі жас ғылым болғанымен, негізсіз қалыптаспаған. Жеке ғылыми пән бола тұра, қалыптасу кезеңінде басқа ғылымдардан білім жинақтап, өз дамуында осы білімдерден алынған нәтижелерге сүйенеді. Ол ғылымдар - философия, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, информатика, сондай-ақ орта мектептің басқа да жалпы білім беру пәндерінің жалпыланған практикалық тәжірибесін атауға болады [27] . Н. В. Софронова 1 [44, 16-б. ] айтқандай, «информатиканы қазіргі деңгейде оқыту ғылыми білімнің алуан түрлі салаларының

мәліметтеріне сүйенеді:

  • биологияға(өздігінен басқарылатын биологиялық жүйелер, мысалы, адам немесе басқа да тірі организм),
  • тарих пен қоғамтануға(қоғамдық әлеуметтік жүйелер),
  • орыс тіліне(грамматика, синтаксис, семантика және т. б. ),
  • логикаға(ойлау қабілеті, формалды амалдар, ақиқат, жалған),
  • математикаға(сандар, айнымалылар, функциялар, жиындар, белгілер, әрекеттер),
  • психологияға(түйсікпен сезіну, ойлау қарым-қатынас) ».

Адамзат әрекетінің барлық саласы ғаламдық жағынан ақпараттандырылып, информатика ғылымы басқа ғылымдардың барлық салаларына енген заманда, информатиканы оқыту әдістемесі де кез келген ғылыммен байланысы бар екендігін ашық айтуға болады. Қазіргі уақытта Э. И. Кузнецов, М. П. Лапчик, С. А. Жданов, зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындау құрылымы қалыптасты.

А. М. Пискунов, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенина, Н. Ф. Талызина және басқа да дидактиктер мен психологтардың жұмыстарында мұғалімдерді дайындап жетілдірудің негіздері көрсетілген. Бұдан информатика пәнінің мұғалімдерін әдістемелік дайындау мазмұны мен құрылысын жетілдірудің негізгі бағыттарын тұжырымдап шығаруға болады:

  • әдістемелік, дайындықты күшейту бағытында информатика мұғалімін кәсіпті дайындау;
  • мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін дамытуда қазіргі заман талаптарына сай келетін әдістемелік дайындау бағдарламаларын құру;
  • информатиканы оқыту әдістемесінде жеке тақырыптарының мазмұнын, әдістемелік оқыту жүйесінің элементтерімен толықтыру және дамыту.

Информатика мұғалімінің кәсіптік дайындалуының үлгісі негізгі үш бөлімнен құрылады . Олар:

  1. Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындығын арттыру.
  2. Жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауда іскерлігін, бейімділігін, шеберлігін арттыру.
  3. Информатика және есептеуіш техника саласында базалық білімін және ғылыми дайындығын арттыру.

Оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі пәні өзінің алдына мына негізгі міндеттерді қояды [26] :

  • информатиканы оқудың нақты мақсаттарын, оның орта мектептегі оқу жоспарында жалпы білім беру пәні ретінде алатын орнын анықтау;
  • практик-мұғалімге қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытудың ең тиімді ұйымдастыру формаларын және ұтымды әдістерді ұсыну;
  • информатика және есептеуіш техниканы оқытудың барлық құралдарын (оқу құралдары, бағдарламалық құралдар, мультимедиалық құралдар, компьютерлер, интерактивті тақталар, т. с. с) қарастыру;
  • мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;

ИОӘ пәнінің мазмұны екі негізгі бөлімді қамтиды:

  • жалпы әдістемелік бөлім- онда информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бағдарламалық және аппараттық жасақтамалар қарастырылады;
  • жеке (нақты) әдістемелік бөліміндемектептегі информатика , кезеңдеріндегі басты тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына оқытудың заңдылықтарыанықталып, информатика

дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Оқу үрдісінде оқушыларды оқыту нәтижелерінің тиімділігі көбінесе мұғалімдердің кәсіптік дайындығына , педагогикалық шеберлігіне байланысты. Пәнді меңгеру нәтижесінде болашақ информатика пәні мұғалімі білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы мектептің жұмысына толық дайындалып шығуы тиіс.

Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан әлі де зерттеуді талап етеді.

Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін. Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

Информатика оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қырқүйегінде енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10-сыныптар болды) .

Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енгізілген, информатика пәні туралы мағлүмат ертеден белгілі болды. Бұл процесс оқушылардың кибернетика және бағдарламалау элеметтерін оқып үйрену тәжірибелерінен басталады. Білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесіндегі және қоғамдағы маңызды сапалы қорларды сипаттайтын, толық назар аударарлық бірнеше кезеңдер ерекшеленеді. Бұл жинақталған қорлар (дүниетану, оқу- әдістемелік, ұйымдастырушылық) өткен ғасырдың 1980-жылдардың ортасында информатиканың жеке пән түрінде мектепке енуін және

қалыптасуын қамтамасыз етті [2, 4-б. ] . Орта мектептерге ИЕТН пәнін енгізуінің алғы шарттарына қысқартып жалпылама шолу жасайық.

Мектеп информатикасының дамуында, оқыту парадигмаларының ауысуы және оған сәйкес информатиканы оқыту әдістемелік жүйенің өзгеруі бойынша бірнеше (әдетте үш) кезеңді ерекшелеуге болады.

Бірінші кезеңде (1950 жж. ортасынан 1985 ж. дейін) өндірістік оқыту шеңберінде орта мектепте кибернетиканы және информатиканы оқыту курсының екі - жалпыбілімділік және қолданбалы бағыттары пайда болды. Жалпыбілімділік бағытында оқыту - ақпараттық процестерді, табиғаты әртүрлі жүйелердің құрылысы мен басқарылу принциптері, ақпаратты өңдеуді автоматтандыру мәселелеріне арналды (9-10 сыныптар үшін В. С. Ледневтің, А. А. Кузнецовтың: «Основы кибернетики» факультативті курстары) . Қолданбалы бағыты бойынша - жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіш техника саласында кәсіби дайындау шеңберінде, ЭЕМ құрылымы және бағдарламалауға негізделген курс (В. М. Монахов, С. И. Шварцбурд және және б. ) оқытылды.

Екінші кезең (1985ж. - 1980 жж. аяғы) мектептің оқу жоспарларына «Информатика және есептеуіш техника негіздері» міндетті курсын енгізумен (1985 ж. ) сипатталады. Курсты оқыту үшін А. П. Ершов және В. М. Монаховтың жетекшілігімен авторлар ұжымы құрастырған бірінші оқулығы қолданынысқа енді (1. 1-кесте) .

Үшінші кезең (80-жж. аяғы 90-жж. басы) әртүрлі авторлар ұжымы (В. А. Каймин, А. Г. Кушниренко, А. Г. Гейн) құрастырған үш оқулықтың қолдануымен байланысты. Мектептерде 80-жылдардың аяғында информатика бойынша ЭЕМ-ді қолдануға бағытталған оқулықтардың және оқу бағдарламаларының қажеттілігі өсті. Кеңес одағының мектепті компьютерлендіру мәселесіне көңіл аударғанына

«Информатика и образование» (ИНФО) деп аталатын жаңа ғылыми- әдістемелік журнал баспасының пайда болуы куә болады, бұл журналдың бірінші саны 1986-1987 оқу жылында шықты. Ал Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім министірлігінің ғылыми- әдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының

«Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады [2, 24 б. ] .

80-жж. аяғынан бастап білім берудің барлық деңгейлерінде информатиканы оқытудың мазмұны маңызды өзгерістерге түсуде: бағдарламалауға бөлінген сағаттар саны азайып, ақпараттық

М. В. Швецкий, И. А. Румянцев, А. А. Малева және т. б. өткізген.

технологияларды оқытуға бағытталды. «Әр оқушыға - компьютерлік сауаттылық!» деген жаңа мақсат қалыптастырылды.

Шын мәнісінде мектеп информатикасының тарихында жаңа кезең 1993 жылдан басталады. Сол жылы Ресей федерациясында базистік оқу жоспары қабылданды. Онда нформатиканы оқытуды 7-сыныптан бастап оқыту ұсынылды және пәннің атауы «ИЕТН»-нен

«Информатика»-ға ауысты. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын барлық оқу пәндері бойынша алғашқы білім стандарты мен базистік оқу жоспары (БОЖ) 1998 жылы жасалған болатын. Кейін 2002 жылы қайтадан Мемлекеттік білім беру стандарты жасалынды. Алдағы уақытта Қазақстан мектептерінің 12 жылдық оқытуға көшуіне байланысты информатика аумағында мектепте білім берудің орны және құрылымы мәселесі дами бастады

.

  1. -кесте. Информатика пәнінің даму кезеңдері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Информатиканы оқыту әдістері
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz