Иондық адсорбция. Хромотография әдісі туралы ұғым



 Адсорбция жайында жалпы түсінік.
 Адсорбциялық құбылыстың жалпы сипаттамасы.
 Адсорбция түрлері мен теориясы.
 Хроматография.Жалпы сипаттама.
 Қолданылған әдебиет.
Адсорбция (лат. ad- бетіне және serbeo сіңіремін) қатты немесе сұйық заттардың бетіне газ, бу және еріген заттарды сіңіруі. Заттардың ішіндегі бөлшектерінің өзара куштері теңесіп, барлық бағытта да өзініің көріші бөлшектерімен байланыста болса, ал заттың сыртқы бетінде көрші бөлшетер жоқ болғандықтан, оның тарту күшінің біразы бос тұрады.Сондықтан сыртқы бетке жанасқан газ, бу және еріген заттың бөлшектері оған тартыоады. Бетінде адсорбция болатын зат адсорбент деп аталады.Физикалық адсорбцияда адсорбенттің молекуласы өзгермейді, химиялық адсорбцияда (химосорбция) олар адсорбцияның бетінде онымен химиялық қосылыс түзеді. Адсорбция мөлшеоі адсорбенттің қасиетіне, сіңіретін заттың табиғатына, темпиратураға байланысты. Қатты адсорбент ретінде активтелгнг көмір, силикогель,алюмогель, ал сұйық адсорбент ретінде су, көмірсутектер т.б. органикалық сұйықтық қосылыстары. Адсорбция газдар мен сұйықтар қоспаларын бір бірінен бөлу, оларды кептіру, тазарту үшін противогаздарда қолданады. Бөлу жоспарында, көптеген биологиялық процестерде адсорбцияның маңызы үлкен.
Адсорбциялық құбылыстың жалпы сиспаттамасы.
Берілген дененің(заттың) дисперстілік дәрежесі жоғарылыған сайын, ол өзінің көбейген бетіне басқа дененің көп бөлшегін сіңіреді.Еріген немесе газ қалпындағы заттардың қатты дене немесе сұйықтың бетіне өздігінен жиналып, шоғырлана келіп, қоюлану құбылысын сорбция деп атайды.Әдетте өзінен басқа сіңіруші затты сорбент, ал оғен сіңірілетін затты сорбтив деп атайды.Ал сорбцтяға кері құбылысты десорбция дейді.Сорбтив бөлшектері сорбентке қаншалықты терең сіңуіне байланысты және ондағы пайда болатын өзара әсер мен байланыс күшіне, табиғаты сәйкес сорбция күшін қарастырады. Егер сіңіру дененің тек беткі қабатында ғана жүретін болса, онда оны адсорбция деп атайды. Мұнда да сіңіруші затты адсорбент, ал сіңірілетін затты адсорбтив деп атайды.
Сорбент пен сорбтив бөлшектерінің тбиғаты мен өзара әрекеттесу сипатына орай, сорбция құбылысын физикалық және химиялық деп бөледі.Физикалық сорбция әлсіз және қайтымды.Ол тек молекуааралық, яғни ван дер вальстік күш әсерімен жүзеге асады.Ал химиялық сорбцияны химосорбция деп те атайды және ол қайтымсыз, өйткені ол артық не бос валенттілік арөылы іске асады. Хемосорбция одан әрі жіктеле келіп абсорбциялы және адсорбциялы болып бөлінеді.Бұл бөлулер тек шартты ғана.
Капилляр(жіңішке түтікше) конденсациялы сорбциялық процесс деп аталатын құбылыстың негізгі мәні тек сіңәіруде ғана емес,мысалы, активті көмірдің өз бойына газдар мен буларды сіңіретіні сияқты, жеңілдетілген қатты қуыс сорбенттердің өз бойына конденсациялануымен де ерекше мәнде болады.Капиллярлы конденсация ең алдымен оңай да жеңіл қосылатын (сығылатын)газдарда жиі кездеседі.
 КазССР энциклопедиясы
 «Физикалық химия» С.Жайлауов
Алматы, Рауан 1992ж.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Иондық адсорбция. Хромотография әдісі туралы ұғым.

Жоспар
❖ Адсорбция жайында жалпы түсінік.
❖ Адсорбциялық құбылыстың жалпы сипаттамасы.
❖ Адсорбция түрлері мен теориясы.
❖ Хроматография.Жалпы сипаттама.
❖ Қолданылған әдебиет.

Адсорбция (лат. ad- бетіне және serbeo сіңіремін) қатты немесе сұйық
заттардың бетіне газ, бу және еріген заттарды сіңіруі. Заттардың ішіндегі
бөлшектерінің өзара куштері теңесіп, барлық бағытта да өзініің көріші
бөлшектерімен байланыста болса, ал заттың сыртқы бетінде көрші бөлшетер жоқ
болғандықтан, оның тарту күшінің біразы бос тұрады.Сондықтан сыртқы бетке
жанасқан газ, бу және еріген заттың бөлшектері оған тартыоады. Бетінде
адсорбция болатын зат адсорбент деп аталады.Физикалық адсорбцияда
адсорбенттің молекуласы өзгермейді, химиялық адсорбцияда (химосорбция) олар
адсорбцияның бетінде онымен химиялық қосылыс түзеді. Адсорбция мөлшеоі
адсорбенттің қасиетіне, сіңіретін заттың табиғатына, темпиратураға
байланысты. Қатты адсорбент ретінде активтелгнг көмір,
силикогель,алюмогель, ал сұйық адсорбент ретінде су, көмірсутектер т.б.
органикалық сұйықтық қосылыстары. Адсорбция газдар мен сұйықтар қоспаларын
бір бірінен бөлу, оларды кептіру, тазарту үшін противогаздарда қолданады.
Бөлу жоспарында, көптеген биологиялық процестерде адсорбцияның маңызы
үлкен.
Адсорбциялық құбылыстың жалпы сиспаттамасы.
Берілген дененің(заттың) дисперстілік дәрежесі жоғарылыған
сайын, ол өзінің көбейген бетіне басқа дененің көп бөлшегін сіңіреді.Еріген
немесе газ қалпындағы заттардың қатты дене немесе сұйықтың бетіне өздігінен
жиналып, шоғырлана келіп, қоюлану құбылысын сорбция деп атайды.Әдетте
өзінен басқа сіңіруші затты сорбент, ал оғен сіңірілетін затты сорбтив деп
атайды.Ал сорбцтяға кері құбылысты десорбция дейді.Сорбтив бөлшектері
сорбентке қаншалықты терең сіңуіне байланысты және ондағы пайда болатын
өзара әсер мен байланыс күшіне, табиғаты сәйкес сорбция күшін қарастырады.
Егер сіңіру дененің тек беткі қабатында ғана жүретін болса, онда оны
адсорбция деп атайды. Мұнда да сіңіруші затты адсорбент, ал сіңірілетін
затты адсорбтив деп атайды.
Сорбент пен сорбтив бөлшектерінің тбиғаты мен өзара
әрекеттесу сипатына орай, сорбция құбылысын физикалық және химиялық деп
бөледі.Физикалық сорбция әлсіз және қайтымды.Ол тек молекуааралық, яғни ван
дер вальстік күш әсерімен жүзеге асады.Ал химиялық сорбцияны химосорбция
деп те атайды және ол қайтымсыз, өйткені ол артық не бос валенттілік
арөылы іске асады. Хемосорбция одан әрі жіктеле келіп абсорбциялы және
адсорбциялы болып бөлінеді.Бұл бөлулер тек шартты ғана.
Капилляр(жіңішке түтікше) конденсациялы сорбциялық
процесс деп аталатын құбылыстың негізгі мәні тек сіңәіруде ғана
емес,мысалы, активті көмірдің өз бойына газдар мен буларды сіңіретіні
сияқты, жеңілдетілген қатты қуыс сорбенттердің өз бойына
конденсациялануымен де ерекше мәнде болады.Капиллярлы конденсация ең
алдымен оңай да жеңіл қосылатын (сығылатын)газдарда жиі кездеседі.
Капиллярлы конденсация дегеніміз қатты дене (сорбент) қуысында бу
сияқты заттардың (сорбтивтердің) конденсациялануы. Конденсация құбылысы
темпиратураға, бу серпімділігіне, капилляр диаметріне, қатты сорбенттің
беткі қабатының өзіне сұйық күйдегі сорбтивті жұқтыру өабілетіне
байланысты.Ондағы капилляр түтігі жіңішке болған сайын және олардың
қабырғасы сұйық күйдегі сорбтивті өзіне жақсы жұқтырғанда да
конденсациялану тезірек жүреді.
Абсрбция дегеніміз сорбент массасына диффузия арқылы газ енгендегі
сробция құбылысы.Ол берілген бір заттың (сорбтивтің) екінші бір
затта(сорбентте) еру құбылымына пара пар. Фаза араларындағы таралу заңы
Генри заңына бағынады.Қазір абсорбциялық құбылыстар өнеркәсіптк кеңінен
қолданылады.
Хемосорбция дегеніміз сіңетін және сіңіретін заттар арасындағы
әрекеттесуі терең жүру нәтижесінде жаңа химиялық заттар пайда болатын
процесс. Бүған мысал ретінде натронды ізбестің көміртек (IV) оксиді мен
күкірт (IV) оесидін өзіне сіңіріп, карбонат пен сульфат тұздарын түзетінін
келтіруге болады. Хемосорбцияны да физикалық сорбция мен абсорбциядан осы
құбылыстар кезінде бөлінетін жылу шамасымен өлшеп, ажырытуға болады.
Адсорбция құбылысы.Термодинамиканың екінші заңына сәйкес бос
энергия қоры бар системалар сияқты заттардың жанасу шегінде де бос энергия
қоры болғандықтан, ол өздігінен осы энергияны азайтуға ұмтылады. Бұл
адсорбция және басқа да физикалық құбылыстардың жүруіне тікелей және жанама
әсер етеді.Адсорбция дегеніміз екі фазаның жанасу шегіндегі заттар
концентрациясының өздігінен өзгеруі немесе әдетте біреуі қатты зат болып
келетін екі фазаның жанасу шегіндегі беткі қабатта бір фаза
концентрациясының жоғарылауы.Қалыптасөан терминологияға сәйкес бетіне басқа
зат жинақталатынды адсорбент, жинақтаушыны адсорбтив немесе адсорбат дейді.

Адсорбент бетінің 1см ²-на сіңген заттың мөлшерін меншікті (үлесті)
адсорбция (Г) деп атайды. Іс жүзінде кез келген адсорбент бетін өлшеу
мүмкіедігі бола бермейтіндіктен, 1кг адсорбентке адсорбцияланған мольмен
өлшеп, А әріпімен белгілейді:
A=xm
Адсорбция (А) мен меншікті адсорбция арасындағы байланыс былайша
өрнектеледі:
A=Г*Sº
Берілген адсорбент пен адсорбтив үшін адсорбцияның шамасы адсорбтив
газ күйінде болса темпиратура (Т) мен қысымға (Р), ал ерітінді болса
темпиратура(Т) мен концентрацияға (С) тәуелді.
Көптеген зерттеулерде көрсеткендей адсорбция қайтымды процесс.
Адсорбция жүретін беткі қабаттарда оргаласқан молекулалар аса мықты
бекітілмеген. Олардың кейбіреулері адсорбенттің тартылыс күші әсер ететін
шектен шығып кетуі мүмкін, яғни адсорбенттің бетінен бөлініп, өзі қоршаған
ортаға кетуі мүмкін. Мұны десорбция дейді.Бұл екі құбылыс белгілі бір
жағдайларда адсорбциялық системада тепе теңдік жағдайын тудырады:
адсорбция ↔ десорбция
Мұндай тепе теңдік жағдайда белгілі мерзім аралығында адсорбент
бетінен бөлініп, басқа жаққа кеткен, яғни десорбцияланған бөлешктер санысы
уақыт аралығында екінші ортадан бөлініп, адсорбцияланған бөлшкетер санына
тең болады.
Адсорбция процесі экзотермиялық, демек оны Ле Шателье принципіне
сәйкес төмендеу темпиратурада жүргізу тиімді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,
температура жоғарылаған сайын адсорбция кезіндегі әр бөлшектің ішкі жылуы,
ішкі энергиясы артып, атомдық не молекулалық тербеліс жиілеп, адсобция мен
десорбция процестер арасында орнаған тепе- тіңдік бірте бірте дисорбция
бағытына үарай ығыса бастайды. Сондай ақ адсорбцияға экзотермиялық сияқты
құбылыстармен қатар, бұл процесске өте аз шамадағы активтендіру энегиясы
тән екен. Адсорбция процесіндегі энегетикалық кедергі төмен болғандықтан,
ол жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хроматография әдісі туралы түсінік
Жасушалардың қосылу әдістерінің мүмкіншіліктері
Десорбциялау
Төмен молекулалық тұздармен комплекс түзуге бейім полимерлер - құрамында гетероатомдары бар бейиондық полимерлер
Комплексонометриялық титрлеу әдістері
Ионалмасу хроматографиясы
Коллоидты ерітінділерді тазалау
Газдардың сұйықтықтардағы ерітінділері
Коллоидтық химиядан дәрістер
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
Пәндер