А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
А.Байтұрсынов өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨТЕРГЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық қызметі, қайраткерлігі ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Қаламгер шығармашылығындағы азаттық рухы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Отарлық езгідегі қазақтың азаттық жолындағы ұлттық мұратынан туындайтын елдік қасиеттегі мәңгілік мәселелерін шығармашылық және қоғамдық қызметінің өмірлік өзегі етіп ұстанған Алаш арыстарының өнегелі ғұмыры, жасампаздық мұрасы сан ұрпақты отаншылдық биігіне жетелейтін қуатты күш. ХХ ғасыр басындағы ұлт санаткерлерінің азаттық жолында атқарған саяси және рухани іс-тәжірибелерінің тарихи тағылымы қазіргі тәуелсіздік рухындағы қоғамдық сананы елшілдік ұстанымға негіздеуде өзекті сипат алуда. Ел тарихындағы саяси зияткерлік пен санаткерлік өрлеудегі Алаш кезеңінің тұтас дәуірлік болмыстағы бағытын тануда қазақтың рухани және саяси көсемі Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық қызметі, сан салалы шығармашылық тұғыры асқақ.
Алып тұлғаның ұлт азаттығы мен рухани кемелдену жолында атқарған өлшеусіз тарихи еңбегі «қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш - мәңгілік ескерткіш» (М.Әуезов) болып қалады. «Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей намысын бірдей жыртып, арын бірге жоқтаған» (С.Сейфуллин) А.Байтұрсынұлы қазақ руханияты мен қоғамдық тарихындағы бірегей құбылыс[1,3].
«Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауруын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес; кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес. Олай болмаған болса, онда табиғат заңынан тысқары адамнан шошқа, шошқадан күшік туған сиықты болып шығады... Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құталады...Азаттық асылы мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі оқу мен әдебиетте» деген өршіл азаматтық ұстанымымен ұлттық әдебиет пен мәдениетті өркендету ғана отаршыл және әкімшіл-әміршіл саяси билік жүйе қысымынан арылтатынын кемеңгерлікпен түйді[2,8].
1. Қойгелдиев м. Алаш қозғалысы.- А.:Санат, 1995.
2. Қойгелдиев М. Ә.Бөкейханов шығармалар А.:Қазақстан,1994 .
3. Қозыбаев М. Историография Казахстана: уроки истории.- А-А.,
1990.
4. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.- А., 1992.
5. Қозыбаев М., Қозыбаев Ч. Қазақстан тарихы.- А., 1997.
6. Құл-Мұхаммед М. Алаштың қайраткерлерінің саяси- құқықтық көзқарастарының эволюциясы.- А.:Атамұра, 1998.
7. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- А.:Санат, 1995 .-З б.
8. Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлттық-азаттық үшін
күресінің ұраны. - 8 б.
9. Құсанова Ш. "Алаш" партиясы тарихын зерттеу хақында.-
42 б.
10. Қордабаев Т. «Көне шындыққа жаңа көзқарас», «Халық кеңесі», 1993,
11. Сомжүрек Ж. «Ақыл-ойдың асқар алыбы», «Торғай таңы», 1990, 28
12. Шаяхметов А. «Ахаң түрлеген тіл», Дала қоңырауы», №1, жылқы
13. Ысмағұлов Ж. «А. Байтұрсынов», «Торғай таңы», 1994, 27 қаңтар.
14. Байтұрсынов А. «Оқужай жайы», «Соц. Қазақстан», 1989,7 ақпан.
15. Айтбаев Ө. «Қазақ терминологиясының атасы», «Қазақстан әйелдері»,
16. Дәуітов С. «Айтықшы мұң», «Алматы ақшамы», 1989, 30 мамыр.
17. Библиографический словарь отечественных тюркологов. Дооктябрьский период. М, 1947, стр
18. Қ. Мұқаметов. «Бес арыс», 261 б.
19. Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші «Білім кеңесі», 1926, 56
20. Байтұрсынов А. «Жаңа мектеп», «Қай әдіс жақсы?», 1928,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
А.Байтұрсынов өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2-ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨТЕРГЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық қызметі, қайраткерлігі ... ... ... ... ... .. ... ..10
2.2 Қаламгер шығармашылығындағы азаттық рухы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ
Отарлық езгідегі қазақтың азаттық жолындағы ұлттық мұратынан туындайтын елдік қасиеттегі мәңгілік мәселелерін шығармашылық және қоғамдық қызметінің өмірлік өзегі етіп ұстанған Алаш арыстарының өнегелі ғұмыры, жасампаздық мұрасы сан ұрпақты отаншылдық биігіне жетелейтін қуатты күш. ХХ ғасыр басындағы ұлт санаткерлерінің азаттық жолында атқарған саяси және рухани іс-тәжірибелерінің тарихи тағылымы қазіргі тәуелсіздік рухындағы қоғамдық сананы елшілдік ұстанымға негіздеуде өзекті сипат алуда. Ел тарихындағы саяси зияткерлік пен санаткерлік өрлеудегі Алаш кезеңінің тұтас дәуірлік болмыстағы бағытын тануда қазақтың рухани және саяси көсемі Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық қызметі, сан салалы шығармашылық тұғыры асқақ.
Алып тұлғаның ұлт азаттығы мен рухани кемелдену жолында атқарған өлшеусіз тарихи еңбегі қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш - мәңгілік ескерткіш (М.Әуезов) болып қалады. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей намысын бірдей жыртып, арын бірге жоқтаған (С.Сейфуллин) А.Байтұрсынұлы қазақ руханияты мен қоғамдық тарихындағы бірегей құбылыс[1,3].
Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауруын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес; кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес. Олай болмаған болса, онда табиғат заңынан тысқары адамнан шошқа, шошқадан күшік туған сиықты болып шығады... Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құталады...Азаттық асылы мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі оқу мен әдебиетте деген өршіл азаматтық ұстанымымен ұлттық әдебиет пен мәдениетті өркендету ғана отаршыл және әкімшіл-әміршіл саяси билік жүйе қысымынан арылтатынын кемеңгерлікпен түйді[2,8].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыста Ахмет Байтұрсыновтың отаншылдық сезіміне бұла күш дарытқан тау тұлға қайраткерлік және шығармашылық қызметімен елге шексіз сүйіспеншілікпен ерен еңбек етудің өшпес үлгі-өнегесімен саяси-әлеуметтік ахуалды қарастыру;
- Ахмет Байтұрсыновтың негізгі идеясын анықтау;
- Жаңа реалистік әдебиеттің, ағартушылық-халықтық бағыттағы әдебиеттің ерекшеліктері мен көтерер жүгін саралау;
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Курс жұмысында қаралған мәселелерді қазақ әдебиетінің тарихы пәнінде деректік негіз ретінде қолдануға, сондай-ақ курс жұмысын, реферат жазу кезінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Курстық жұмыстың мәнін ашу үшін көптеген әдеби, тарихи материалдар материалдар қолданылды, соның ішінде жетекші ғалымдар Ә.Қайдаров, Т.Қор - дабаев, Р.Сыздықова, С.Кеңесбаев, әдебиетшілер - Қ.Мұқамедқанов, Р.Нұрғалиев, тарихшылар - К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, С.Өзбеков, жас ғалымдар - А.Мектепов, Ғ.Әнесов, Б.Байғалиев т.б. еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. Курс жұмысының негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды.
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау - бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе болғандықтан, ақынның азаттық үшін атқарған қызметінің маңызы мен мағынасын анықтап көрсету.
Курстық жұмысының құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі соңынан беріледі.

1-ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
0.1 А.Байтұрсынов өмірі мен шығармалары

Тұтас буынның төлбасы,кешегі Абай,Ыбырай,Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты жалғастырушы-Байтұрсынұлы Ахмет 5 қыркүйек 1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.Ол қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 - 1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913 - 1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалыңқазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық Қазақ газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол Қазаққа жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, Қазақ газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.
Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру - жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920 - 1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.
1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 - 1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми -- әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.
1921 - 1925 жылы Орынбордағы, 1926 - 1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ үштігінің 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.
1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамыза тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы - Қырық мысал 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері Маса деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). Масаның негізгі идеялық қазығы - жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.
Байтұрсыновтың Қазақтың бас ақыны деген көлемді мақаласы - әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін, сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның Әдебиет танытқыш деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. Әдебиет танытқышта ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.
Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. Әдебиет танытқыш - сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерттеді. Байтұрсынұлы Әдебиет танытқышымен қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша Ер Сайын жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын 23 жоқтау жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін айтты. Байтұрсынұлы - қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырғантырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған Қазақ газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. Қазақ газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы - әлеум. мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол - қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: [[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық деп жазды. Байтұрсыновтың Оқу құралы (1912) - қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. Оқу құралы қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған Өмірбаянында (1929): ...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын Тіл - құрал атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. Тіл - құрал - қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. Тіл - құрал қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде Тіл жұмсар, мұғалімдерге арналған Баяншы деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген сынау, дағдыландыру деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы Ақаңның елу жылдық тойы деген мақаласында ...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді деп жазды. 1929 ж. шыққан Әдебиет энциклопедиясында]] (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен М.С.СильченкоСильченконың Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері деген кітапшасында: оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды деп Б-тың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академиг А.Н.Кононов Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі деген еңбегінде (1974) Байтұрсыновтың толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсын есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университеті Байтұрсыновтың есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.
Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.
Мұхтар Әуезов былай депті:
Ахаң өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, халық жауы деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.
А.Байтұрсынұлы-қазақ тілінің негізін қалаушы
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды -- жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынов жазуы деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті Әліппе құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [8]әліппесі Оқу құралы деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым Әліп-бидің жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты Тіл - құрал атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. Тіл-құрал тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы мен Тіл құралдарының орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі -- ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

2-ТАРАУ А. БАЙТҰРСЫНОВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨТЕРГЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық қызметі, қайраткерлігі
Ахмет Байтұрсынов -қыры мен сыры мейлінше көп адам. Ол қоғам қайраткері, өз заманындағы саяси басшы, дарынды ғалым-түрколог, ол -әдебиетті. Ол Абайдың кесек тұлғасын алғаш таныған, оның әдеби мұрасын алғаш жоғары бағалаған сыншы. Ол -әдіскер педагог.
Халық ағарту ісіне білек сыбанып, тікелей кіріскен, мектептер ашып, оқу құралдарын жазып,ұстаздықпен айналысқан Ы. Алтынсарин екені белгілі. Ол: Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек мектептерде,-деп жазды.
Ахмет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы - 8.12.1937, Алматы қаласы) - қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді.Ұлы ағртушы бастаған осы ойды, ұстазлық жұмыстарды дамыта жалғастырушы А. Байтұрсынұлы болды [4,12].
Ахмет Байтұрсынов 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны
1891 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбор мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданып, 1895 жылы ОММ-нің Педагогикалық кеңесінің шешімімен бастауыш училищенің оқытушысы деген атақ беріледі.
1896-1901 ж.ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектепте, екі сыныптық училищеде оқытушылық қызмет атқарады.
1902-1904 ж.ж. Омбыда Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымын атқара жүріп, бұратана ұлтының санасын ояту мақсатында И.Крыловтың мысалдарын аударады.
1905 жылы қазақ оқығандарымен бірге Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, тарихта белгілі Қарқаралы құзырхатын (петициясын) жазады.
1905-1908 ж.ж. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесінің оқытушысы әрі меңгерушісі болып, екі міндетті қатар атқарады.
1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалады.
1910 жылы 9-наурызда Орынборға жер аударылады.
1911 жылы Маса өлеңдер жинағы жарияланып, Қырық мысал кітабы екінші рет басылым көреді. Осы жылы Айқап журналында Қазақ һәм түрлі мәселелер, Қазақтың өкпесі, Қазақ жерін алу турасындағы низамдар, бұйрықтар, Закон жобасының баяндамасы, Тағы да народный сот хақында, Жер жайынан, Жазу тәртібі, Кітаптар жайынан, Бастауыш мектеп т.б. өзекті мақалалары жарияланады[10,31].
1912 жылы Қазақ әліпбиін (төте) түрлеп, қолданысқа ұсынады. Осы жылы Оқу құралы қазақша әліппесінің бірінші кітабы шығады. Айқап журналында Қазақ жерін алу турасындағы низам, Шәйзіман мырзаға, Қазақ һәм төртінші Дума мақалалары жарияланады. Шора журналында Қазақша сөз жазушыларға, Қазақ газетінде Көшпелі һәм отырықшы норма, Шаруа жайынан, Жер жалдау жайынан, Земство, Білім жарысы, Оқу жайы т.б. келелі мақалалары басылады.
1913-1918 ж.ж. қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, Қазақ газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады. А.Байтұрсынов Қазақ газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады: Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін Қазақ деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесер қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы
Қазақ газетінің дәл сол кездегі тарихи мәнін Ахмет Байтұрсынов осы басылымның бірінші нөмірінде былай деп көрсетті: Әуелі, газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүниеде не болып жатқанын білу жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ. Екінші, газет жұрттың уланбасына медет нәрсе. Олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп ғалым адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық етіп тұрады. Үшінші, газет халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттерден жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте молайып, пікірі ашылып, қыр асты жетпекші. Төртінші, газет халықтың дауысы. Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады, деген тұжырым арқылы мерзімді баспасөздің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Қазақ газеті либералдық-демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Тұтас алғанда қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуымен таныстыра білген Қазақ газеті Алаш партиясының дауысына айналды. Осы тұста әлеуметтік ахуалды баяндаған цензура көтермейтін мақалалар жариялағаны үшін әкімшілік А.Байтұрсыновқа бірнеше мәрте (1914-1915) айыппұл төлетеді, кейіннен абақтыға қамайды. Бұл -- үшінші рет қамалуы[5,25].
1918-1919 ж.ж. Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда үкіметінің жетекшілерінің бірі әрі оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. Осы жылы Революция и киргизы мақаласы Жизнь национальностей атты басылымда жарияланады.
1917 жылы патшаның тақтан құлауын Ахмет Байтұрсынов зор қуанышпен қарсы алып, Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен қазаққа бостандық, теңдік әперу үшін саяси күрес майданына араласты.
1917 жылы Ақпан революциясының жеңісінен кейінгі елдегі революциялық процестердің қарқынды дамуы барысында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық көзқарастағы қазақ интеллигенциясының өкілдері ұлттық партия құру жоспары бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І-ші жалпықазақтың съезде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов Тәуелсіз автономия құру идеясын ұсынды . І-ші жалпықазақтың съездің қортындасында Алаш ұлттық саяси партиясы құрылды. Әлихан Бөкейханов қазақ халқының көсемі, партия басшысы болып сайланды. Бірақ қоғамда аласапыран ахуал қалыптастырған большевиктердің төңкерісі Ахмет Байтұрсынов және оның серіктерінің қазаққа дербес ұлттық автономия алып береміз деген әрекеттерін тұйыққа тіреді. Алаш қозғалысы білімсіз кедей-кемшіктің қалың тобырына арқа сүйеген жүгенсіз коммунистік қозғалысқа қарсы тұруға ол заманда қауқарсыз еді. Осыны түсінген және халқымен бірге болуды ойлаған Ахаң 1919 жылдың наурызында Кеңестер өкіметі жағына өтті, алғашқы өлкеде құрылған Революциялық комитет құрамына енгізілді. Ахаңдай ірі тарихи тұлғаның беделі уақытша болса да большевиктерге де қажет болды. Ол екі жылдай Республика халық ағарту комиссары қызметінде болып, қазақты ағарту ісіне, осы саланы аяғынан тұрғызуға қыруар еңбек сіңірді. Қазақ халқының қоғамдық ой-санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар А.Байтұрсыновтың есімімен байланысты. Ол бейбіт ұлттық либерализмнен Октябрь революциясын және Совет өкіметін тануға дейінгі саяси даму кезеңдерінен өтті [6,13].
1919 жылғы жаз бен күзде Ахмет Байтұрсыновтың инициативасымен Қазревком өз мәжілістерінде Алашорданың батыс бөлігімен байланыс жасау және оның басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін арнаулы өкілдер жіберу мәселесін талай рет талқылады. Қазревкомның және оның төрағасы қызметін көп жағдайда өзі атқарған Ахмет Байтұрсыновтың осы мәселедегі табандылығы Торғайда болған оқиғаларды қайталамау және Алашорданың батыс бөлімінің түгелдей Совет жағына шығуын қамтамасыз етпесе де, оның Совет өкіметіне бейтарап жағдайда болуын жүзеге асыру ниетінен туындаған еді. Түптеп келгенде Алашорданың батыс бөлімін ақтардың одақтасы болудан совет өкіметі жағына шығару Орал өңіріндегі азамат соғысын тезірек аяқтаудың алғы шарттарының бірі еді . Шын мәнінде, Ахаңның және оның серіктерінің Кеңес өкіметі жағына кездейсоқ өтпегені белгілі. Бұл туралы Ахаңның өзі Жизнь национальностей журналында 1919 жылы 3 тамызда жазған Революция және қазақтар атты мақаласында төмендегідей пікір білдірген еді: Егер де бұрын бір топ адамдар патша чиновниктері атынан қырғыздарды (қазақтарды) жауапсыздықпен қамап, әр түрлі зорлық-зомбылықтарға жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Пәндер