Жүрек қан тамырлардың ақаулары және оны емдеу профилактикасы



Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Жүрек қан тамырдың ақаулары және оның қызыметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Емдеу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Жүректің ішкі қабының және қан тамырларының аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Жүрек ақаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Proanamnesis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Anamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Anamnesis morbi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Status prоesens communis universale ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Status pоaesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 Decursis morbi et therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8 Еріkrisis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Техникақауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайданылғанәдебиеттертізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Жүрек пен қан тамырларының жұмысы және олардың басқа ағзалармен байланысы сопақша мидаға орталық және нейрогуморальдық жолдар арқылы реттеліп отырады.
Жүректің жұмысы ғалымдарды өте ерте кезден қызықтыра бастаған. Бірақта көпке дейін қан айналу процесін нақты түсіндіру мүмкін болмады. Бір кездерде артерияларда ауа, ал қан тек веналарда ғана болады деген түсініктер болды және қан айналуды реттейтін орталық бауыр делінді.
Қаннын оң құқлақшадан сол қарыншаққа келетінін бірінші рет Гален дәлелдеп берді.
Қанның жүректің оң жартысынан сол жартысына өкпе арқылы өтетінін ХVІ ғ. Сервет пен Коломбо дәделдеді.
1582 -1579 ж. Гарвей кіші қан шеңберін ашты.
1661 ж. Малъпиги капиллярларды ашты.
Одан кейінгі жүректің жұмысының реттелу процесіне
И.П.Павловтың, Старлиигтің, Г.И.Косицкийдің, В.Ф.Овсянниковтың қосқан еңбектері мол болды. Ол -аурудың бастапқы кезінде жүрек қызмётінің жетіспеушілігін тұншықтыру ретінде болса (систоланыц мөлшерінің кебеюі арқылы), кейінен систоланың мөлшері азайған кезде жүрек соғуының жиілегенінің пайдасы болмайды. Соның салдарынан жүрек еті шаршап, оның демалыс уақыты азаяды (диастола). Осындай журек соғуыньщ жылдамдауы (тахикардия) жүрек етінің қоректенуін нашарлатады. Осының бәрі жүрек етінде дистрофия құбылысын тудырады.
Кальций жүрек еттінің жиырлу, босаңсу процесстерін реттеп отыратын бірден-бір табиғи элемент. Ол микоплазмадан саркогоматикалық ретикулумға белсеиді түрде ауысын отырады.
Жүрек қақпақшаларының тарылуымен немесе олардың кемістіктерімен сипатталатын, көбінесе эндокардиттің асқынуынан пайда болатын дерт.
1. К.Н. Қожанов. « Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей – 2005 ж. (66-85 б).
2. М. Қожабаев, Ш.М. Қаратаев, «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары» - Шымкент 2006ж (69-75 б).
3. Қ.Қ. Қожанов. «Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары» - Алматы 2005 ж. (55-59 б).
4. Т. Сайдулдин «Ветеринарлық індеттану» Алматы 1999 ж .(133-136 б).
5. Ж.Бердімұратов "Ірі қара аурулары" Алматы Қайнар 1976 ж.(78-80 б).
6. Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж. (33-40 б).
7. Б.К. Ілиясов «Алғашқы ветеринарлық жәрдем» Алматы -2001( 45-50б)
8. Жаңабай Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің» Шымкент-2007 ж.(15-17 б).
9. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (67 б).
10. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., т.б. «Ағылшынша-қазақша-
орысша ветеринария сөздігі». - Алматы, 2005, (235 б).
11. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том. Астана, 2004.(125 б)
12. А.Д.Третьякова, М. Колос «Ветеринарное законодательство». 1988г.(44б)
13. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (249 б).
14. Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж. ( 215 б)
15. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие.
Л. Колос, 1981г.(225 б)

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Жүрек қан тамырдың ақаулары және оның қызыметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Емдеу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Жүректің ішкі қабының және қан тамырларының аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Жүрек ақаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Proanamnesis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Anamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Anamnesis morbi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Status prоesens communis universale ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Status pоaesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.7 Decursis morbi et therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.8 Еріkrisis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС2Л04-2006КҚБЖ(ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСҚД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Белгілер мен қысқартулар

%-пайыз
Г-грамм
Мл-милилитр
Кг-килограмм
Г-грамм
Млкг-милилитркилограмм
Мгкг-милиграммкилограмм
Гкг-граммкилограмм

Анықтама
Балау - ауруды анықтау, табу, диагноз қою.
Індет -- індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.
Дезинфекция -- сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.
Дауалау -- жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.
Оқшаухана - жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге арналған орын.

Аннотация
Ішкі жұқпалы емес аурулар, клиникалық балау,рентгенлогия пәнінен жазылған Жүрек қан тамырлардың ақаулары және оны емдеу профилактикасы атты курстық жұмысым. Кіріспе бөлімінде қысқаша ауру туралы қамтылған.
Негізгі бөлім тақырыптары мыналар қамтылған, жүрек қан тамырдың ақаулары және оның қызыметтері, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының жіктелуі, емдеу шаралары, жүректің ішкі қабының және қан тамырларының аурулары, жүрек ақаулары.

Кіріспе

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Жүрек пен қан тамырларының жұмысы және олардың басқа ағзалармен байланысы сопақша мидаға орталық және нейрогуморальдық жолдар арқылы реттеліп отырады.
Жүректің жұмысы ғалымдарды өте ерте кезден қызықтыра бастаған. Бірақта көпке дейін қан айналу процесін нақты түсіндіру мүмкін болмады. Бір кездерде артерияларда ауа, ал қан тек веналарда ғана болады деген түсініктер болды және қан айналуды реттейтін орталық бауыр делінді.
Қаннын оң құқлақшадан сол қарыншаққа келетінін бірінші рет Гален дәлелдеп берді.
Қанның жүректің оң жартысынан сол жартысына өкпе арқылы өтетінін ХVІ ғ. Сервет пен Коломбо дәделдеді.
1582 -1579 ж. Гарвей кіші қан шеңберін ашты.
1661 ж. Малъпиги капиллярларды ашты.
Одан кейінгі жүректің жұмысының реттелу процесіне
И.П.Павловтың, Старлиигтің, Г.И.Косицкийдің, В.Ф.Овсянниковтың қосқан еңбектері мол болды. Ол -аурудың бастапқы кезінде жүрек қызмётінің жетіспеушілігін тұншықтыру ретінде болса (систоланыц мөлшерінің кебеюі арқылы), кейінен систоланың мөлшері азайған кезде жүрек соғуының жиілегенінің пайдасы болмайды. Соның салдарынан жүрек еті шаршап, оның демалыс уақыты азаяды (диастола). Осындай журек соғуыньщ жылдамдауы (тахикардия) жүрек етінің қоректенуін нашарлатады. Осының бәрі жүрек етінде дистрофия құбылысын тудырады.
Кальций жүрек еттінің жиырлу, босаңсу процесстерін реттеп отыратын бірден-бір табиғи элемент. Ол микоплазмадан саркогоматикалық ретикулумға белсеиді түрде ауысын отырады.
Жүрек қақпақшаларының тарылуымен немесе олардың кемістіктерімен сипатталатын, көбінесе эндокардиттің асқынуынан пайда болатын дерт.

1 Негізгі бөлім
1. Жүрек қан тамырдың ақаулары

Ішкі ағзалардың ішінде бір қалыпты, циклді ритмде жұмыс істейтін жүрек. Жүрек пен қан тамырлар жүйесі мал организміндегі ең басты жүйенің бірі, оның негізгі қызметі -ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және әртүрлі нәрлі затгармен қамтамасыз етіп, кереті заттарды денеден шығару.
Орташа жас ұзактығымен есептегенде адамның жүрегі өмір бойына 2,5 млд. рет соғады екен де, өзі арқылы 200 млн.литр қанды өткізеді екен.
Міне бұл табиғаттың жаратқан мүмкіншілігі,
ең алдыңғы қатаралы ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып
жасалған техникалық насостардың бірнеше мың сағат қана
жұмы істейтінін ескере отырып, оны табиғаттың
мүмкіншілігімен салыстырсақ, онда әлі ашылмаған табиғат
тылсымының қанша құпия сырлары бар екендігі болжамданады.
Денедегі қан айналысын үздіксіз жүргізіп тұруға жүрек, артерия, вена, капилляр қан тамырлары міндетті. Жүрек еттерінде аз уақыттың ішінде секунд энергияға өте күрделі қосылыстар пайдаланылып, қайта түзіліп жатады. Жүрек еттерінің 4 негізгі қасиеттері бар:
* автоматтық;
* қозғыштық;
* өткізгіштік;
* жиырылғыштық.
Жүрек еттерінің осы жұмыстары гликолиз процессінің барысында болатын, үнемі жаңарып отыратын, негізгі энергия көзі АҮФ қышқылы қатынасатын реакциялар жүреді [1,3.4].
Осы процестердің барысында түзілетін өте бір маңызды қосылыстар жүзім және сүт қышқылдары тотығу процесінің субстраттары болып есептеледі де, олар жүрек етінде түзілетін биосинтез процесін және еттің созылғыштық қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Жүрек диастола кезінде неғүрлым толығырақ созылса, систола кезінде соғұрлым күштірек жиырылады (Франко-Старлинг заңы). Жүрек қызметінің ең компоненті диастола болып есептеледі. Себебі, диастола кезінде жүрек етінің жирылуына қажетті энергия жинақталады. Мысалы, жылқының жүрегі тәулігіне 45 000 рет жырылады да, өзі арқылы 4-4,5 т қанды өткізеді. Әрбір жиырлған сайын энергия қолданылып отырылады. Ол энергия клеткалардың митохондрияларында оттегінің қатысуымен, не оттегісіз түзіледі. Оттегі жеткілікті болған жағдайда, глюкозаның молекуласынан 38 молекула АҮФ қышқылы түзіледі. Олай болса бұл процесс өте ұтымды және пайдалы. Ал оттегі болмаған жағдайда глюкозаның бір молекуласынан екі-ақ молекула АҮФ қышқылы түзіледі. АҮФ - креатинфосфокиназа - АЕФ + креатиифосфат.
Жүрек пен қан тамырларының жұмысы және олардың басқа ағзалармен байланысы сопақша мидаға орталық және нейрогуморальдық жолдар арқылы реттеліп отырады.
Жүректің жұмысы ғалымдарды өте ерте кезден қызықтыра бастаған. Бірақта көпке дейін қан айналу процесін нақты түсіндіру мүмкін болмады. Бір кездерде артерияларда ауа, ал қан тек веналарда ғана болады деген түсініктер болды және қан айналуды реттейтін орталық бауыр делінді.
Қаннын оң құлақшадан сол қарыншаққа келетінін бірінші рет Гален дәлелдеп берді.
Қанның жүректің оң жартысынан сол жартысына өкпе арқылы өтетінін ХVІ ғ. Сервет пен Коломбо дәделдеді.
1582 -1579 ж. Гарвей кіші қан шеңберін ашты.
1661 ж. Малъпиги капиллярларды ашты.
Одан кейінгі жүректің жұмысының реттелу процесіне
И.П.Павловтың, Старлиигтің, Г.И.Косицкийдің, В.Ф.Овсянниковтың қосқан еңбектері мол болды.
Қанның организмдегі негізгі кызметтері:
* Қоректендіру ( 1 литр сүт түзілу үшін сиырдың емшегі арқылы
500-550 литр қан өту керек екен).
* бөліп щығару (мочевина, зөр қышқылы, креатинин,
басқа да тұздар, қышқыддар ).
* Дем алуды қамтамасыз ету (02, С02) .
* организмді қорғау (фагоцитоз, уларға қарсы заттар, антитела,
иммунитет ).
* Дененің жылулығын реттеу.
* коррелятивтік қасиеті - ағзалар қызметтерінің тұрақтылығын
(гомеостаза) гуморальдық жолмен реттеу.
Қанның 20%-ы бауырда, 16% -ға жуығы көк бауырда, 10% -ға жуығы теріде қорда депо болады.
Артерия қан тамырлары арқылы қанның жүруі жүрекгің жиырылуы мен артерия мен капиллярлардың тонусына байланысты.
Вена тамырлары арқылы қанның жүру процесі күрделірек болады:
:: артериялардың қалған серпімділігі және олардың жиырылуы;
::. Дене бұлшық еттерінің жиырылуынан болатын қысым;
:: демалу кезіндегі кеуде қуысында пайда болатын кері
қысымның арқасында қанның сорылуы есер етеді.
Қан айналу процесі мен ондағы қанның мөлшері ұлпалардағы зат алмасу процесімен тікелей байланыста жүреді.
Жүрек дұрыс жұмыс істегенде оған келіп құятын қан мен шығатын қанның мөлшері бірқалыпты жағдайда ұсталуы тиіс. Ал жүрек ауруға шалдыққанда бұл қатынас бұзылады да, әуеліде жұмыс істеген кезде, кейіннен тіпті тыныштықта оның қызыметі өзгере бастайды.
Жүрек ауруларын анықтау және ол ауруларды емдеу өте күрделі іс. Сондықтан да көп жағдайларда жүрек аурулары анықталмай қалуы да мүмкін. Белгілі деректерге қарағанда жүрек аурулары барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың 4,5 - 35%-на болады екен. Мұндай проценттік ара қашықтық соның дәлелі болса керек.
Жүректің, қан тамырларының қандай аурулары болмасын, жүрек пен қан-тамырлар жүйесінің жеткіліксіздігін тудырады. Жүрек пен қан-тамырлар ауруларында олар:
* жүректің қызметінің жеткіліксіздігі;
* қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі болып
кездеседі.
Жүрек пен қан-тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігі организм ағзаларында ауру пайда болған кезде жүрек пен тамырларының ағзалар мен тіндерді қажетті мөлшерде қанмен қамтамасыз ете алмауы.
Ең негізгі себебі - жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуі.
Мына жағдайларда жүректің әлсіреуі пайда болады:
* Жұқпалы аурулардың көбінде;
* Жүрек етінің қоректенуі бұзылғанда;
* оттегі жетіспеген жағдайда;
* организмдегі қанның деңгейі, қозғалысы бұзылғанда;
* уланганда;
* Малдар қозғалмай көп тұрып қалғанда;
* зат алмасуының қаттырақ бұзылуында;
* Жүрек қабаттарының ауруларында (эндокардит, миокардит, Перикардит, склероздар);
* әртүрлі стресс жағдайларда (шуыл - невроз ).
Жүрек етінің жиырылу қаблетінің әлсіреуі жүрекке келіп құятын қан мен одан шығатын қанның ара қатынасын бұзады. Ол жүректің минуттік көлеміне әсер етеді.
Г.Ф.Лангтың деректері бойынша жүректің минуттық көлемінің азаюы оның жеткіліксіздігінің дамуына тура пропоционал.
Жүрек етінің жиырылу қабілеті оған келетін энергия мен кальций насосына тікелей байланысты. Ал ол энергия қайдан келеді ?
АҮФ қышқылының тұрақты түрде жаңарып отыруы;
Гликолиз процессі;
:: анаэробты фазасы (сүт қышқылы, пировиноград
қышқылы).
:: аэробты фазасы (гликогеннің Н20 және С02-ға
ыдырауы).
Сау организмде сүт қышқылының 45 бөлігі ыдырап (ресинтез) үлгереді. Ал ауру организмде оның ыдырауы бәсендеп, сүт қышқылының мөлшері сау организмдегіден 5 есеге дейін артатын көрінеді. Бұл шоғырланған сүт қышкылын гликогенге айналдыру үшін жеткілікті мөлшерде оттегі қажет. Денедегі барлық оттегін оған жұмсаса, организмде оттегінің жеткіліксіздігі (гапоксия) пайда болады. Сондықтан оттегінің жеткіліксіздігінен шоғырланған сүт қышкылы қанға барады да, оның құрамындағы натрийдің бикорбанатымен қосылып, одан көмірқышқыл газын ығыстырып шығарады. Бос жағдайдағы көмір қышқыл газы демалу орталығын тітіркендіреді. Осыдан барып алқыну, демігу пайда болады. Бұған қоса ауру малдың организмінде оттегін пайдалану коэффициенті азаяды. Ол барып жүректің соғуын жиілетеді.
Ол -аурудың бастапқы кезінде жүрек қызметінің жетіспеушілігін тұншықтыру ретінде болса (систоланыц мөлшерінің кебеюі арқылы), кейінен систоланың мөлшері азайған кезде жүрек соғуының жиілегенінің пайдасы болмайды. Соның салдарынан жүрек еті шаршап, оның демалыс уақыты азаяды (диастола). Осындай журек соғуының жылдамдауы (тахикардия) жұрек етінің қоректенуін нашарлатады. Осының бәрі жүрек етінде дистрофия құбылысын тудырады.
Кальций жүрек еттінің жиырлу, босаңсу процесстерін реттеп отыратын бірден-бір табиғи элемент. Ол микоплазмадан саркогоматикалық ретикулумға белсенді түрде ауысын оттырады.
Кальцийді сіңіру организмнің қышқыдың жоғарлаған кезде (ацидоз) күрт нашарлайды. Ол барып жүрек етінің жиырылуына есер етеді. Егер де біз кальцийдін, торшаға, жәнс одан тысқары ағамын реттей алатын болсақ, онда жүрек етінің жиырылу, босаңсу процестерінде реттеген болар едік.
Соңғы кезде табылған ерекше зат (ионофора А) жүрек етінің жиырылу және босаңсу процестерінің жиілеуіне және күшіне әсер ететін көрінеді. Олай болса, жүрек етінің осынау бір қажетті қасиеттеріне фармакологиялық дәрілермен әсер етуге ашуға мүмкіншілік бар деген сөз.
Көп жылдар бойы неғүрлым АҮФ қышқылы көп түзілсе, соғұрлым жүрек етінің жиырылуы да күшті болады деген түсінікпен келдік.
Соңғы кезде, молекулалық биологияның жақсы дамуының арқасында жүрек етіне энергияны жеткізу және беру процесінде креатинфосфокиназалық жүйенің рөлі зор екені анықталды. Жалпы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі 3 топқа бөлінеді:
1. Жүректің сол жақ қарыншасының жұмысының
жеткіліксіздігі;
2. Жүректің оң жақ қарыншасының жұмысының
жеткіліксіздігі;
3. Жалпы, аралас жеткіліксіздігінің түрі.
1. Жүректің сол жақ қарыншасының жұмысы жеткіліксіз
болғаңда систола кезінде ондағы қан толық ортаға жіберіліп
үлгермейді. Қанның қалдығы қарыншақта калып қояды да, әрбір
арылған сайын оның мөлшері көбейе береді. Осының салдарынан:
* кіші қан шеңберінде, әсіресе бронхыларда, қанның
тоқырауы;
* сол жақ қарыншақтың созылуы;
* кей кезде кеуде қуысында сұйық заттың іркілуі
(гидроторакс) байқалады.
Бұндай өзгерістер кебінесе қанның қысымы жоғары болғанда, бүйрек қабынғанда, склероз ауруларында, жүрек уларында жене жүқпалы ауруларда жиі кездеседі.
2. Оң жақ қарыншаның жеткіліксіздігінде:
- жүректің көлемі үлғаяды;
- 1 саз көмескіленіп алыстан естіледі;
- ішкі ағзаларда, бас жақта вена қанының тоқырауы
байқалады;
- бауырдың көлемі ұлғаяды;
- ас корыту ағзаларында қабыну белгілері білінеді;
- вена қанының қысымы көтеріледі.
3. Жүрек жеткіліксіздігінің аралас түрінде жоғарыдағы
өзгерістер қабаттас жүреді. Алдымен оң жақ қарыншақтың жеткіліксіздігі, содан кейін сол жақ қарыншақтың жеткіліксіздігі байқалады.
Жалпы жүрек пен қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі 3 сатыға бөлінеді:
1-ші сатысында малдар жай тұрғанда жүрек пен қан тамырлары жеткіліксіздігінің ешқандай белгілері жоқ (белгісіз түрі);
2-ші сатысында малдарға аздап салмақ түсіргенде: жүректің соғуы мен тыныс алудың жиілеуі, ұлпалардың ісінуі (әсіресе екі жақ сүйектерінің арасында, кеуде тұсында, жыныс ағзаларының маңайында, аяқтың төменгі жақтарында) байқалады.

3-ші сатысында жүректің жеткіліксіздігінің белгілері тыныш тұрған малда білінеді. Бұл сатыда жүректің жеткіліксіздігінің емдеудің нәтижесі жоқ. Ондай малдарды уақытында есептен шығарып, шаруашылыққа пайда келтіру жағын ойлаған дұрыс.
Қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігі малдар-салыстырмалы түрде аз өмір сүретіндіктен оларда тіптен
кездеспейді деседе болады.
Мысал ретінде шоқ коллапс құбылыстарын келтіруге
болады.
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі қызметтерінің
жеткіліксіздігінің негізгі белгілері:
1. Жүрек соғысының ырғағының бұзылуы;
2. Көмірқышқыл газының дем алу орталығына тигізетін
әсерінен және өкпеде вена қанының тоқырауы салдарынан
ентігудің пайда болуы;
3. Көгеру - қанда оттегінің жетіспеушілігінен қара-қошқыл-
көк түсті қайта құрылған гемоглобиннің шоғырлануы. Оның екі
түрі болады:
- орталыққа байланысты көгеру;
-шеткергі ұлпалардағы көгеру.

Жүрек ақауы
Орталыққа байланысты көгеру артерия қанында оттегінің жетіспеушілігінен болады. Ол кейде жүрек жұмысының, ал кейде өкпе жұмысының нашарлауынан болады.
- Шеткергі ұлпалардың көгеруі қан айналысының жылдамдығының нашарлауынан туындайтын жағдай.
4. Шектелінген немесе жалпы ісіктің пайда болуы. Дененің ісінуі жүрек пен кан тамырлары қызметтерінің нашарлауының қатерлі белгісі болып есептеледі. Оның негізгі қанның көк тамырлары мен капиллярларындағы (майда тамырлар) қанның іркілісінен оның қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын кереді де, қан түтікшелерінің өзектері кеңейіп, қан сұйығының сыртқа шығуына қолайлы жағдай туады.
* Жүрек ақауларынан болатын ісік, сарысудың ет пен терінің арасынан жиналуынан, едетте, дененің төменгі бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін.
* Журек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы, ол:
* тығыздырақ, қамыр төріздес (саусақпен басқадда із
қалады).
* ісікті басса ауырмайды;
* ауру малдың жергілікті қызуы көтерілмейді.
Жалпы жүрек пен қан тамырларының қызметгерінің бұзылғанын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлу керек:
* малдың жасы;
* бұлшық еттерінің тонусы;
* малдың қимылы, жүрісі;
* малдың сырт бейнесі, терісінің жағдайы;
* ісіктер, тұрақтыма, болмаса белгілі бір уақытта ғана
пайда бола ма (әсірессе түнгі мезгілде); ол ұлғаяма,
ұлғайса қандай жылдамдықпен;
* көк тамырлардың қанға толуы қандай:
а) кілегей қабықтарда кегерген белгі бар ма?
б) терінің көк тамырлары сыртқа теуіп, білініп
тұрама?
в) веналық қысым көтерілген бе?
д)күре тамырдың соғуы;
а)көк тамырдың дағдылы соғасы;
б)көк тамырдың дағдысыз соғысы;
в)көк тамырдың ундуляциясы.
- жүрек соғысы (түткісі), жүректің салыстырмал
дүңкілінің көлемі;
артерияның соғысы;
жүректің саздарын тексеру тексеру;
- жүрек тұсындағы шуылдар: ішкі қабатты
(эндокард), сыртқы қабаттың (перикард), жүрек пен
өкпенің қосалқы дыбыстары.

1.2 Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының жіктелуі

Бұл жөнінде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі біз үшін қолайлырағы Г. В. Домбрачевтың ұсынған классификациясы. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді;
1. Жүректің сыртқы қабының аурулары:
а) жүрек қабының қабынуы ( перикардиттер);
б) жүрек қабының шеменденуі (гидроперикардит) [2,5,6].
2. Жүрек етінің аурулары:
а) жүрек етінің қабынуы (миокардит);
б) жүрек етінде зат алмасуының бұзылуынан болатын ауру (миокардоз);
в) жүрек етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз);
г) жүрек етінің склерозы (миокардиосклероз).
д) жүрек қуысының кеңеюі.
3. Жүректің ішкі қабының аурулары:
а) жүректің ішкі қабының қабынуы (эндокардит);
б) жүректің ақаулары.
4.Қан тамырларының аурулары :
а) артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдап-беріштенуі (артериясклероз);
б) тамыр түтітігінің ұйыған қанмен немесе басқа бөгде заттармен бітелуі (тромбоз).

1.3 Емдеу шаралары

Жүрек пен қан тамырларының әрбір қолданылатын емдеу тесілдері де әртүрлі болады.
Жалпы барлық ауруларға қолданылатын емдерді белгілі бір үлгіге топтастыруға болады:
- организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін арттыру
шаралары: дұрыс орын, жұғымды тамақ, жақсы күтім.
аурудың себептеріне қарсы күресу.
аурудың дамуын тежеуге бағытталған емдер: жүрек
гликозидтері (дигаталис, строфант, строфантин,горицвет, коргликон).
- аурудың негізгі белгілеріне қарсы күресу:
Қан қысымы көттерілгенде қан алу,:
ісіктерге қарсы тер шығаратын, зәр шығаратын дәрілерді қолдану
- Жалпы жүрек пен қан тамырларының ауруларын
емдеуге қолданылатын дәрілерді 2 топқа бөлуге
болады:

Қойларға вакцина салу

1. Жүрек пен қан тамырларына тікелей әсер ететін дәрілер:
a. жүректі қуаттандыратын (стимул беретін) дәрілер: (жүрек гликолизиттері: оймақгүл, жалынгүл, ландыш, строфант. жүректің соғу ырғағын өзгертетін дәрілер;
қан тамырларының тонусына әсер ететін дәрілер [7,8.9].
4.Организмнін басқа ағзалары арқылы жүрекке әсер ететін дәрілер:
a. Нерв жүйесін қоздыратын дәрілер (кофеин, стрихнин, жень-шень тамыры).
b. адреномиметикалық дәрілер (жүректі қоздыратын) норадреналин препараттары.
c. холинолитикалық дәрілер ( атрофин, скополамин) - жүректің жұмысын үдетеді.
d. холиномиметикалық және антихолинэстразалық дәрілер.

1.4 Жүректің ішкі қабының және қан тамырларының аурулары

Эндокардит -- жүректің ішкі қабының қабынуы. Жіті және созылмалы, жүрек қақпақшаларында және қабырғаларында, сүйелді және жаралы болып кездеседі.
СЕБЕПТЕРІ. Індетті-токсикалық негізде және миокардит асқынғанда пайда болатан екінші қатардағы ауру.
ДАМУЫ. Көбінесе жүрек қақпақшаларының қан ағатын жақтағы беттері зақымданады. Бұл мысал эндокардиттің себебі патогенді микроорганизмдер мен токсиндер екенінің бірден-бір дәлелі.
Біртіндей келе қабыну процесі сіңір-тарамыс талшықтарына, ішкі қабырғалардың әр жерлеріне тарайды. Қабынған жері ісінеді, бұдырланады. Ол жерге кұрамында лейкоциттер, тромбоциттер бар фибринді белок талшықтары жиналып, қабаттасады. Ары қарай дәнекер ұлпа өсіп ол жерде сүйелге ұқсас бұдыр пайда болады. Ондай өзгеріс қақпақшалардың түйілісетін жапсарларында орналасады. Қақапақшалардың түрлері өзгеріп, олардың кызметтері мен қан айналысы бұзылады. Оның ақыры жүрек ақауына барып тіреледі. Бұл сүйелді эндокардиттің дамуы.
Жаралы эндокардитте шіру процесі басымырақ болады. Қақпашалардың пішіні өзгеріп, кейде тесіліп кетуі де мүмкін. Әуелгіде күңгірт сарғыш нүктеден басталады да, ол бірте-бірте ұлғайып, шіріген кезде жұмсарады. Ол жерде ойық жара пайда болады. Жараның беті фибрин талшықтарымен қапталады. Кейіннен талшықтар бөлініп, қан ағысына қосылып, жиі-жиі қан тамырларының бітелуіне (эмболия), қабынуына, қанды іріңнің организмге жайылуына (септикопиемия), жүрек ақауларына апарып соғады.
Жаралы эндокардит көбінесе қатерлі түрде өтеді. Кейде қабыну процесі жүрек етіне, жүректің сыртқы қабына тарап жүректін барлық қабаттарының қабынуын (панкардит) тудырады. Процесс қан немесе лимфа арқылы басқа ағзаларға жетіп оларды да зақымдайды.

Жүрек қан тамырлары
Жүрек қақпақшалары мен қабырғаларының зақымдануларының түрлеріне байланысты эндокардиальдық шуылдар естіледі.
ӨЛЕКСЕДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР. Сүйелді түрінде эндокард қабырғаларынын ішкі жағында сұр, қызғылт-сұр түсті бүртік; -- қақпақшаларының пішінінің өзгергені, олардың жиектерінің тұтасып өсіп кетуі байқалады.
Жаралы түрінде әртүрлі жаралар, қақпақшаларының ені, эмболия, қанды ірің анықталады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ көбніесе негізгі аурулардың сипаттарына байланысты.
Ауру мал жабырқаңқы, кейде ессіз, терең ұйқыға кетеді. Тәбеті жоқ, өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Дене жоғары, әсіресе жаралы эндокардитте тұрақты түрде. Жүрек-қан тамырларының кемістіктері тез дамиды.
Жіті түрінде жүрек түрткісі күшті, жиі-жиі эндокардиальды шуыл тындалады. ЭКГ кертештерінің амплитудасы биіктеген. Жүрек саздары бастапқыда қатты естілгенімен, соңынан әлсірейді. [10,11,12].
Қан айналысының бұзылуынан өкпелердің, бауырдың, бүйректердің, ас қорыту ағзаларының жұмыстары нашарлайды. Жаралы түрінде терінің кілегей қабықтарының қанталағаны байқалады. Аретрияда қан қысымы жоғары, қан айналысы жылдамдайды. Сепсис құбылысы байқалады. Қаңда лейкоцитоз. Барысы жіті түрі созылмалы түріне айналып жүрек ақауларын туындатады. Миокардитпен асқынуы мүмкін. Ауруды анықтауда негізгі клиникалық белгілеріне сүйенеді. Басқа аурулардан ажырату үшін эндокардиалъды шуылдарды. ЭКГ көрсеткіштерін, қанның қысымы мен оның жылдамдыгғын анықтап, талдаған жөн.
Болжамы. Жаралы түрінде емдегеннің нәтижесі жоқ. Сүйелді түрі көбінесе жүрек ақауларына апарып соғады.

ЕМІ.
* Негізгі ауруларды уақытында дұрыс емдеу;
* Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын
оларды қолдану ережелерін сақтай отырып қолдану.
Әсіресе септикалық түрінде жақсы нәтиже береді;
* Жіті түрінде жіті миокардиттегі емдеу әдістері;
* Камфораның сары суымен емдеудің нәтижесі жақсы; 1
камфораны 75 мл этил, спиртінде ерітіп, оған 75 г глюкоза
мен 350 мл 0,85 % ас тұзының ертіндісін қосады да венаға
жібереді.
САҚТАНДЫРУ:
* негізгі ауруларды дұрыс анықтап, дер кезінде емдеу;
* организмнің жалпы резистенттілігін арттыру;
* малдарды суықтықтың әсерінен қорғау.

1.5 Жүрек ақаулары

Жүрек қақпақшаларының тарылуымен немесе олардың кемістікгерімен сипатталатын, көбінес эндокардиттің асқынуынан пайда болатын дерт.
Туа бітетін түрі жүрекшелер мен қарыншалардың аралықтарындағы перделердің дұрыс қалыптасуынан, Боталл артерия өзегінің бітпей ашық қалуынан және жүрек тесіктерінің табиғи тарылуынан пайда болады.
Жүре пайда болған ақаулар иттерде, жылқыларда, шошқаларда, құстарда жиірек, ал ірі қарада, қойлар мен ешкілерде, үй қояндарында сирек кездеседі.
Негізгі себептері:
* жіті және созылмалы эндокардиттер;
* әртүрлі жүрек жарақаттары;
* жүрек қақпақшаларының түсындағы әртүрлі ісіктер;
* эхинококк жылауығы және т.б.
Жүрек ақауларының негізгі белгісі - ішкі қабат (эндокардиальды) шуылы ұдайы естіліп тұрады, Қақпақшалардың зақымдану дәрежелері мен сипатына байланысты шуылдар үрген, ызылдаған, тырналаған, ыңылдаған сияқтанып естілуі мүмкін. Жүрек тұсын қолмен басып тексергендегі сезілетін әсер пырылдап отырған мысықты сипалағандағы әсер тәрізді.
Жүректің 8 жәй ақаулары және 247-ден аса күрделі ақауларының болатындығы тіркелген,
Кейде жүрек ақауы бола тура аурудың клиникалық белгілері анықталмаса, ондай ақауларды қызметін өтегіш ақаулар деп атайды. Ақаулардың клиникалық белгілері жүрек саздарының өзгерімен сипатталады. Сондықтан да жүрек саздарының құрамдарын талдай білу өте қажет.
Жүректің бірінші сазының құрамы:
* жүрек жүрекшелерінің жирылуы;
* жүрекше еттерінің тығыздалуы;
* атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуы;
* жарты ай тәрізді қақпақшалардың ашылуы;
* қан тамырлары қабырғаларының созылып, дірілдеуі.
* Жүректің екінші сазының құрамы:
* жүрекше еттерінің босаңсуы;
* жарты ай тәріздес қақпақшалардың жабылуы;
* атриовенгрикулярлық қакпақшалардың ашылуы;
* қан тамырлары қабырғаларының созылып, діріддеуі.
Жүректің ақауы

Жүректің қарапайым 8 ақауларының сипаттамасы:
1.Қолқа қақпақшасының кемістігі-жеткіліксіздігі. Қолқа қақпақшасының толық жабылмау салдарынан диастола кезінде қанның біраз бөлігі қайтадан жақ қарыншаға құйылады. Ол барып қолқаның р.о. нүктесінде диастолалық шуыл тудырады.
Клиникалық белгілері:
* жүрек түрткісі күшейеді;
* диастолалық шуыл тындалады;
* жүрек шекарасы ұлғаяды;
* мойын көк тамыры толқынданады;
* тамыр соғу қысымы көтеріледі.
Бұл кемістіктің өтегішітік қабілеті (компенсация) жақсы. Ал бір себептерден ол мүмкішілігі нашарласа, онда:
сол жақ қарынша кеңейін қанға толады;
сол жақ жүрекшеден келетін қан толық кабылданбайды,
қарыншаға симайды;
кіші қан шеңберінде кан іркіледі;
ентігу, көгеру, ісіну белгілері білінеді.
2. ҚОЛҚА ТЕСІГІНІҢ ТАРЫЛУЫ.
Систола кезінде қолқаның тар тесігінен қан қатты қысыммен өтуі салдарынан қолқаның р.о. систолалық шуыл тудырады. Клиникалық белгілері:
* кілегей қабықтар бозарған;
* кеуде дірілі сезіледі;
* систолалық шуыл тыңдалады;
* артерияда тамыр соғуы жәй, баяу;
* жүрек шекарасы ұлғайған
Өтегіштік қызметі жақсы болғандықтан клиникалық белгілері көпке дейін білінбейді. Адамдарда тіпті екі есе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Ишемиялық жүрек ауруының теориялық негіздері
Шу мен вибрацияның адамға әсері
Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі
Қант диабеті және оның типтері
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Тумастан бұрын және жүре біткен жүрек ақаулары
Балалардың жүрек қызметінің бұзылуы, оның себептері, алдын алу
Жүрек ақаулары
Пәндер