Ақша мәні және ақшаның формасы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ 1922 . 1924 жылғы және 1947 жылғы ақша
реформалары, ақша реформаларының түсінігі
1.1. 1922 . 1924 жылғы ақша реформасы
1.2. 1947 жылғы ақша реформасы
1.3. Ақша реформасының түсінігі

ІІ БӨЛІМ Ақша мәні және ақшаның формасы
2.1. Ақша мәні
2.2. Ақшаның формасы

ІІІ БӨЛІМ Рубль бағамының жоғарлауы және оны 1950 жылы алтын базасына өткізу және 1961 жылғы деноминация
3.1. Рубль бағамының жоғарлауы
3.2. Рубль бағамын 1950 жылғы алтын базасына өткізу
3.3. 1961 жылғы деноминация

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Менің бұл жұмысымның тақырыбы Қазақстандағы ақша реформасының қажеттілігі мен маңызы жайында болғандықтан мен бірінші бөлімде, Ақшаның мәні және негізгі функциялары және Ақша реформасының түсінігі туралы айта кетемін.
Ал екінші бөлімінде Қазақстандағы 1922 – 1924 жылғы және 1947 жылғы ақша реформалары жайында, және Рубль бағасының жоғарлауы және оны 1950 жылы алтын базасына өткізу және 1961 жылғы деноминация жәнеде ҚР-нің 1993 жылғы ақша реформалары жайында.
Өскелең халық шаруашылығына тұрақты ақша шаруашылығына тұрақты ақша қажет, онсыз қала мен ауыл арасындағы тауар алмасуын қалыптастыру, өндірісте есеп жұмыстарын ұйымдастырып, оғаншаруашылық есепті енгізу, еңбекке экономикалық ынталандыру мүмкін емес.
Сондқытан рубльді тұрақтандыру мақсатында 1922 ж. ақша реформасын жүргізу басталды.
Ал еліңіз егемендігін алғаннан кейін 1993 ж. 12 қарашада ҚР-ң Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Ақша, Несие, Банктер. Ғ.С.Сейітқасымов, С.Б. Мақыш. Алматы, «Экономика» 2001 ж.
2. Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары. Баян Көшенова. Алматы «Экономика» 2000 ж.
3. Экономикалық теория негіздері Я.Әубакиров. Алматы «Санат» 1998 ж.
4. Ақша айналысы және несие. С.Б.Мақыш. Алматы 2000 ж. «Қазақ Университеті»
5. Журнал «Қаржы-қаражат». 1998 ж.
6. Сейтқасыомв Г.С. Банковское дело. Қаржы-қаражат. Алмты, 1998 жыл.
7. Сейтқасымов Г.С. Деньги, кредит, банки. Экономика Алматы 1999 г.
8. Сейлова З.С. Құнды қағаздар нарығы.
9. Өмір мен ақша. Есенберлин Қ. Г.
10. Есенберлин Қ.Г. Ақшаны дұрыс қолданудың негізгі ережелері.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І БӨЛІМ 1922 – 1924 жылғы және 1947 жылғы ақша
реформалары, ақша реформаларының түсінігі
1.1. 1922 – 1924 жылғы ақша реформасы
1.2. 1947 жылғы ақша реформасы
1.3. Ақша реформасының түсінігі

ІІ БӨЛІМ Ақша мәні және ақшаның формасы
2.1. Ақша мәні
2.2. Ақшаның формасы

ІІІ БӨЛІМ Рубль бағамының жоғарлауы және оны 1950 жылы алтын базасына
өткізу және 1961 жылғы деноминация
3.1. Рубль бағамының жоғарлауы
3.2. Рубль бағамын 1950 жылғы алтын базасына өткізу
3.3. 1961 жылғы деноминация

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Менің бұл жұмысымның тақырыбы Қазақстандағы ақша реформасының
қажеттілігі мен маңызы жайында болғандықтан мен бірінші бөлімде, Ақшаның
мәні және негізгі функциялары және Ақша реформасының түсінігі туралы айта
кетемін.
Ал екінші бөлімінде Қазақстандағы 1922 – 1924 жылғы және 1947 жылғы
ақша реформалары жайында, және Рубль бағасының жоғарлауы және оны 1950 жылы
алтын базасына өткізу және 1961 жылғы деноминация жәнеде ҚР-нің 1993 жылғы
ақша реформалары жайында.
Өскелең халық шаруашылығына тұрақты ақша шаруашылығына тұрақты ақша
қажет, онсыз қала мен ауыл арасындағы тауар алмасуын қалыптастыру,
өндірісте есеп жұмыстарын ұйымдастырып, оғаншаруашылық есепті енгізу,
еңбекке экономикалық ынталандыру мүмкін емес.
Сондқытан рубльді тұрақтандыру мақсатында 1922 ж. ақша реформасын
жүргізу басталды.
Ал еліңіз егемендігін алғаннан кейін 1993 ж. 12 қарашада ҚР-ң
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу
туралы жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де
Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді.

І БӨЛІМ 1922 – 1924 жылғы және 1947 жылғы ақша реформалары, ақша
реформаларының түсінігі
1.1. 1922 – 1924 жылғы ақша реформасы.
Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда
жүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета
айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс
және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз
етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты
бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан
да оларға деген халықтың сенімі болды.
1917 ж. жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін
шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық
арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа
Уақытша укімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік
казынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз
ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және басқа
да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы
басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан
кейін ақша айналасының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-
1920) айналыстағы қағаз акшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша
10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билетгер,
кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналыска шығарылды. Түркістанда,
Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті
ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі
болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі
Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билетгер Мемлекеттік банкте апиынмен
сақталған және Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл
туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүние
жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік
органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрәлік шикізаттың 275 пуды болды,
олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта
аламады. "Верненск рублі" күн сайын кұнсыздана бастады.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер,
шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды.
Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардын
натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж.
соңынан бастап "еңбек паегін" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы
және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға
тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни
кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1
пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.
1921 ж. наурызда болған РКП(б)-ның X съезінде жаңа экономикалық саясат
(ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін,
артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында
нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ
өнеркәсіпке араласуына жол берілді.
Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 ж.
көктемінде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 ж. бірінші
тоқсанында, ол - 80%-дан астамын кұрады. Бұл ақша реформасының
арқасында ғана мүмкін болды.
1921 ж. қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік
Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып ол елдің басты эмиссиялық
орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын
жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің
нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өңеркәсіп
саларында өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, шарушылығының
басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір
алғышарты - бұл ақшаның тынмен қамтамасыз етілуі. 1.01.1922 жылдан
1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7
млн-нан 31 млн рубльге дейін өсті. 1922 ж. бағалы металдарды және
тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық
оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған
монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің
өзі ғана жүргізуге монополиялық болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 ж.
мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған
10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нолін
сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.
1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге
асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 ж. 1 қаңтарына дейін
кассаларда қабылдады.
Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922
жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына
теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, ақша айналысын бір
қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстар куәландырды. Әйтсе де рубльді
тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында
жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек
құнсыздануға ұшырады.

1.2. 1947 жылғы ақша реформасы.

Ұлы Отан соғысы елге - 679 млрд рубльге шығыи әкелді, оның ішінде
әскери шығындар 551,1 млрд рубльді қүрады (соғысқа дейінгі бағамен
есептегенде).
Өндіріс пен халық түтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты
қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери
шығыстар өсе бастады. Оларды жабу максатында халыктан алынатын табыс
салығына коса эскери салық, баласыз адамдарға салык, шағын жанұялыларға
салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық
арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери
техникаларды ауға ерікті жарналар беру жүмыстары үйымдастырылды. Соғыс
уакытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың
25,4% шамасында қаражаттар түсті. Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен
жабылды. Өндіріс көлемінін кысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады.
Бұл ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта бағанын көтерілуіне әкелді.
Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды.
Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол
жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.
Соғыстын зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдін
тұрақтылығын және оның сатып алу кабілеттігін көтеру кажет болды.
Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар
айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі акша реформасын жүргізуғе (КСРО
Кеңес министрлігімен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947ж. 14 желтоксанда
"Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп
тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді.
Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюрлар
шығарылды. Қолма-қол акшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбастальшды.
Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды
ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі
ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000-нан 10000 рублъге дейін
3:2 жеңілдік арақатысымен 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта
бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен үйымдардағы ақша қаражаты
қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және
несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша каражаты жеңілдік қатынаспен
5:4 есебінде айырбасталды. Ақшанын айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20
желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы үйымдастырылған
айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета
айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді.
Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бүръшғы мөлшерде жаңа ақшамен
төленді.
Реформаның басты элементерінін бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік
займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ^ біртұтас 2%-дық займға
конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1
арақатынасымен айыр. басталды.
Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлык азық-түлік және өнеркәсіп
тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық
жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.
Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарық-тарындағы бағалар
төмендеді. 1948 ж. бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың
бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.
1947 ж. ақша рефомасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құруылуын
білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған акша
айналысының құрылымы сақталды. Бұнын сәл айырмашылығы сол, Мемлекеттік
банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, акшаның бар-лык кызметтерінін
маңызын арттырды. Бүл реформа өз кезе-ғінде бірнеше рет төлем қабілетті бар
сұраныс пен түтыну саласында үсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала
алды. Бірак бұл елуінші жылдардың басында-ак бөлшек сауда бағаларын
төмендетудің ойланбаған саясатының эсерінен бұзылды.

1.3 Ақша реформасының түсінігі

Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11
қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец
тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құкық берілді. Бір червонец
соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рубльге теңесті.
Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз
етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының
қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу
барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы
материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25%
алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға
айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының
сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец
жалғыз ғана тұ-рақты валюта болып табылды.
Сауда-саттықтың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де
айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлык ақша массасының нақты
құнының 1.04.1923 ж. - 15%, 1.07.1923 ж. - 37%, және 1.10.1923 ж. -74%
кұрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің
кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене
бастады.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық
айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ қүндылығына
қарамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете ббрді.
Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысынының жүйесі қалыптасты:
Мембанктің несиелеу барысында шығар-ған червонецтері және Халықаралық қаржы
комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының
белгілері.
Екі валютаның қосарлы айналысы - халык пен елдің экономика
жағдайына қатты есер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен
кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін
құнсыз кеңестік акща белгілеріне сатқылары келмеді.
1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762,3
квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нолі бар ақша бірлігі) жетті. Бұл
ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн рубльді құрады.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану карқыны орташа және ұсақ
купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар
ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталарда бейнеленген
сурогаттарды шығарды.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді.
Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл
шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша
реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалык
алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен
тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. 10,9 млн
рубльден, 1.02.1924 ж. 153,6 млн рубльге дейін). Бірақ алтын қорының сомасы
Ресей патшалығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты
алғанда 9%-ға жуығын құрады.
5.02.24 ж. Орталық атқару комитеті (ОАК - ЦИК) және Халық Комиссарлар
кеңесі (ХКК - СНК) декретіне байланысты ақша реформасы токтатылды.
Айналысқа 1, 3 жэне 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды, мүндағы 10
казыналык рубльдің күны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілерін шығару
тоқтатылды. Олардың қаржы Халық Комиссариаты-нын қорында болған коры
жойылды. 22.02.24 ж. бастап 10, 15, 20 және 50 тиындық күміс монеталар және
1, 2, 3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айна-
лыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағаммен сатып алу басталды, 1
рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге теңесті. Қазыналық билетгердің
шығарылу шамасы айналыс-тығы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс
болды.
1888ж. дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант)
1922-1924 жж. ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі, болды.
1921 ж. қараша айынан бастап ол қаржы Халық Комиссариатын
басқарған болатын. Онын, жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына
келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдын аяғында, мемлекетік
бюджет тапшылықсыз болды. Бұл кеңестік ақша белгілерінің эмиссиясын
қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 ж.
басынан бастап валю-танын тұрактылығы елдің экономикалық өрлеуінің
қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылык иелері,
құнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы -ұлттық табысты бірінші
кезектегі мемлекеттік кажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар
тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я.Сокольников, барлық
тауарлық шаруашылықта ақша тек кана айналыс және төлем күралы болап
табылмай, сондай-ак, құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп
санаған. Сонғы екі қызметті құнсыз кеңестік ақша бірліктері атқара
алмайды. Қорлану құралы ретіндегі акшаға деген қажетгілік
алтыннын, тұрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік
эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияньщ барлық акша жүйесінің кұл-
дырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалық-ты сырты сауданың
дамуы ішкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы акшалар арасында
тұрақты катынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты
ұлтгық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның
еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен катар
Т.Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.
Алтын қорының үш ролі болдъі:
1) халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;
2) ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды
шетел валготасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);
3) көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві.
Червонец тарихқа "алтын" деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны
патшалық он рубльдін алтын мазмұныңа сәйкес келуінің қатысы болғандықтан
емес.
Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке)
калыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасын сатып
және сатып альщ отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валюта-сына
деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп
атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын
арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды.
Червонецке тұрақты бағамда валюта алу мүм-кіндігі, сондай-ак червонецтегі
бағалардың тұрақтылығының камтамасыз етілуі, оған деген "сенімді" арттырып
коймай, оның пайдалану аясын кенейте түсті. 1.07.1923 ж. червонец-тер
елдегі ақша массасыньщ 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану
қүралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының
қатты қүйылымы басталды.
1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз
ақшалардың орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды ақшалар
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Ақшаның маңызы
Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
Ақша айналысы мен заңы
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл
Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері
Пәндер