Дәмхана жұмысын автоматтандыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ТЕОРИЯСЫ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3 ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2. ӨҢДЕУ ОРТАСЫН ТАҢДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.1 DELPHI (BORLAND/INPRISE) ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ ... ... ... .25
2.2. Delphi.дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.3. Оқиғалар. Программалық код терезесi. Әдiс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.4 Компоненттер палитрасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.5 BDE Administrator ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.5.1 Мәліметтер базасының кестесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.5.2 Кестенің қасиетін беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.5.3 Paradox форматының кестелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.5.4 SQL көмегімен мәліметтер қорын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.5.5 SQL .командаларының типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3. ДӘМХАНА ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... .46
3.1 Программаны сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.2 Тағамдар мен қызметкерлер тізімін толтыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.3 Тапсырыс алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
4 ТЕХНИКА.ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
ПРОГРАММИСТКЕ МӘЛІМЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
Менің дипломдық жобамда дәмханадағы әкімшілік (администратор) жұмысын автоматтандыру мақсаты қойылды. Дәмханадағы әрбір жұмысшының қанша ақша түсіргендігін реттейтін, әрбір столдың жеке қабылдау сияқты жұмыстарын автоматтандыру – осы жобаға қойылған талаптарының бірі. Ал теориялық бөлімде процедуралар мен функциялар туралы, мәліметтерді сұраныстар арқылы сүзгілеу және жұмыстың бағдарламасын сипаттау.
Елімізде тауар және қаржылық нарықтың жылдам дамуы қоғамның барлық салаларында ақпаратандыру процессінің интенсивті жүруіне әсер етті. Өндірістік шаруашылықта, басқару ісінде, қолданушылардың әр түрлі категорияларында ақпараттық қызмет көрсету мен ақпарат рольін бағалау көптеген өзгерістерге ұшырады. Біздің қоғам ашық қоғамға айналды, осыған байланысты шынайы, толық, қолданушыға түсінікті және уақтылы берілетін ақпаратқа сұраныс арта түсуде. Мемлекетіміздің заңы мен ретке келтіруші ісі әрекеттері нәтижесінде микро- және макроэкономикалық объектілер деңгейінде алынатын есептік – статистикалық ақпараттардың заңдылығына, шынайылығы мен уақтылығына қойылатын талаптар көбейді.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
ДӘМХАНА ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ТЕОРИЯСЫ) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .15
1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3 ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23
2. ӨҢДЕУ ОРТАСЫН ТАҢДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
2.1 DELPHI (BORLANDINPRISE) ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ ... ... ... .25
2.2. Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..26
2.3. Оқиғалар. Программалық код терезесi. Әдiс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.4 Компоненттер палитрасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.5 BDE Administrator ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.5.1 Мәліметтер базасының кестесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.5.2 Кестенің қасиетін беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.5.3 Paradox форматының кестелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.5.4 SQL көмегімен мәліметтер қорын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.5.5 SQL -командаларының типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3. ДӘМХАНА ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ ... ... ... ... ... . ... ... ... 46
3.1 Программаны сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3.2 Тағамдар мен қызметкерлер тізімін толтыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.3 Тапсырыс алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
4 ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
ПРОГРАММИСТКЕ МӘЛІМЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

Кіріспе

Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
Менің дипломдық жобамда дәмханадағы әкімшілік (администратор) жұмысын автоматтандыру мақсаты қойылды. Дәмханадағы әрбір жұмысшының қанша ақша түсіргендігін реттейтін, әрбір столдың жеке қабылдау сияқты жұмыстарын автоматтандыру - осы жобаға қойылған талаптарының бірі. Ал теориялық бөлімде процедуралар мен функциялар туралы, мәліметтерді сұраныстар арқылы сүзгілеу және жұмыстың бағдарламасын сипаттау.
Елімізде тауар және қаржылық нарықтың жылдам дамуы қоғамның барлық салаларында ақпаратандыру процессінің интенсивті жүруіне әсер етті. Өндірістік шаруашылықта, басқару ісінде, қолданушылардың әр түрлі категорияларында ақпараттық қызмет көрсету мен ақпарат рольін бағалау көптеген өзгерістерге ұшырады. Біздің қоғам ашық қоғамға айналды, осыған байланысты шынайы, толық, қолданушыға түсінікті және уақтылы берілетін ақпаратқа сұраныс арта түсуде. Мемлекетіміздің заңы мен ретке келтіруші ісі әрекеттері нәтижесінде микро- және макроэкономикалық объектілер деңгейінде алынатын есептік - статистикалық ақпараттардың заңдылығына, шынайылығы мен уақтылығына қойылатын талаптар көбейді.

1.БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.

0.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері
0.2.
Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.
Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.
Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:
- үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;
- үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.
Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:
- басқару объектісінің дамуын болжау;
- басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;
- басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;
- басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;
- басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;
- басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.
Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:
- ғылыми - зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;
- объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;
- негізгі өнімді өндіруді басқару;
- объектінің қосымша - қызмет көрсетуші өндірісін басқару;
- көлік үрдісін басқару;
- негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;
- математикалық - техникалық жабдықтауды басқару;
- еңбек қорларын басқару;
- өнім өткізуді басқару;
- объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;
- басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.
Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.
Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:
- ақпараттық жабдықтау;
- техтикалық жабдықтау;
- математикалық жабдықтау;
- бағдарламалық жабдықтау;
- ұйымдастырумен жабдықтау;
- ленгвистикалық жабдықтау;
- құқықтық жабдықтау;
- эргономикалық жабдықтау;
Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:
- ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті - басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;
- техникалық жабдықтау - ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;
- математикалық жабдықтау деп - жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;
- бағдарламалық жабдықтау - ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;
- лингвистикалық жабдықтау - есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;
- құқықтық жабдықтау - ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
- эргономикалық жабдықтау - ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.

1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.

Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.
Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде мақсатты өнімді қалаптастырады.
Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:
:: Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?
:: Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?
:: Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?
Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.
Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшелігімен танысу және қарастырылатын мәселеге ұқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.
Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үлкен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:
* Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;
* Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;
* Өңдеу жоспарын тұрғызу.
Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін құжаттандыру және алдын ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.
Ондағы есеп беру құжаттарында:
* Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;
* Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті көбейту;
* Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;
* Амал жасау немесе қолданушыға өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.
Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде қолданушының ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне - жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.
Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:
ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т.б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;
қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық, бағдарламалық, математикалық, тнхникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және мағынасына зер салу жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;
жүйе талаптарын талдау сатысында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі типтік әдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;
жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;
келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материалдарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. Жүйеге қойылатын талаптар немесе Атқарымдық талаптар құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т.б.), енулер (ақпараттық қайнар көздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т.б.), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымен қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.
Жүйелік жобалау сатысы (3-саты) - мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын талаптары бойынша күрделі саты.Бұл сатының мақсаты - жүйелік ерекшеліктерді өңдеу.
Жүйеге қойылатын талаптар немесе Ақпараттық талаптар құжаттарды мәліметтерді өңдеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді өңдеу - жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер - оның өнімі болып, келесі төртінші саты - жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:
қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;
мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;
бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;
компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;
мамандар ерешеліліктері;
жүйелік ерекшеліктері жатады.
Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп тоқталайық.Қолданушылар интерфейсі ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған ақпараттық объектілер: дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы мен адымдарды, ену-шығу құжаттарының барлық түрі жатады.
Мәліметтер қоймасының ерекшеліктеріне - концептуальді және сыртқы нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен сәйкестік кестесі, енулерді басқару әдісін сипатталу саналады.
Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері - сатып алынуғы тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өңделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды.
Компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері - компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен жабдықтар бойынша сипатталады.
Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны жобалаудағы барлық тараулар бойынша жүйелік құжаттар тізбегімен, ақпараттың жүйені қолданушылар мен техникалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.
Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйені жұмысшы жобасын қалыптастыру мен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді және қолданушыға арналған нұсқауларды сипаттайды. Жобалау барысында логикалық және физикалық жобалаулар мен жүйелік ерекшеліктер адымдары болады.
Логикалық және физикалық жобалаулар мәліметтер қоймасын жобалауға тығыз қатысты. Мәліметтер қоймасы қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында ұдайы назарда болып, бұл жерде ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын және ондағы элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, әрі қалыптастыру басты жағдайға саналады.
Қолданбалы ақпарат жүйесін іс жүзінде жобалау, төмендегі элементтерді өңдеу түрінде жүргізілуі мүмкін, яғни олар:
- ақпарат пен жабдықтау;
- қолданушылар интерфейсі;
- бағдарламалық жабдықтау.
Ақпарат пен жабдықтауды өңдеуді қарастырсақ, пікір алысу мен қолданбалы программаларды өңдегенге дейін мәліметтер қоймасының логикалық құрылымдары, әрі оның сөздігі мен басқа файлдардың логикалық құрылымдары да анықталынып, ерекшеленіп және құжаттану тиіс.Себебі пікір алмасуда және бағдарламаларда МҚБЖ арқылы тұрғызылмайтын мәліметтер қоймасы мен қосымша файл элементтері қолданылады.

1.3. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау.

Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында жұмыс станциясы кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т.б.
Дүние жүзінде IBM PС архитектурасы бар маманданған ДК негізіндегі АЖО ең көп таралған.
АЖО нгізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде өзінің тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.
Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындарда ауыл шаруашылығын басқарудың таратылған жүйе концепциясы жасалуда. Оларда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде мәліметтің локальді және көп жағынан аяқталған өңдеушілігі көзделеді. Бұл жүйелерде төменнен жоғарыға мәліметті жоғары деңгейде қажет етілгендерін жіберу ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәліметті өңдеу нәтижелерірің маңызды бөлігі және бастапқы мәліметтер мәліметтің локальдік банктерінде сақталу керек.
Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және аптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:
- Жүйелік;
- Икемділік
- Тұрақтылық;
- Нәтижелілік.
Көрсетілген түсініктердің мазмұнын түсіндірейік.
Жүйелілік.
АЖО-ны құрылымы функционалды белгіленуі бойынша анықталатын жүйе ретінде қарастырайық.
Икемділік.
Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің үлгі қалыптылығы арқасында мүкін болатын қайта құрушылыққа негізделген жүйе.
Тұрақтылық.
Оның ұстанамы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі ол қылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек деген сөз.
Нәтижелік.
АЖО нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.
АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және ұйтқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.
Қазіргі уақытта осындай гибритті интеллектіні құру өте үлкен мәселе. Бірақ АЖО-ны ұйымдастыру мен қызметі кезіндегі осы енгізілімнің таратылымы жақсы нәтижелерді әкеле алады. АЖО тек еңбек өнімділігін және басқару нәтижелілігінің өсу құралы ғана емес, сондай-ақ мамандардың сайлануы ыңғайлылық құралы да болады. Осы жерде адам АЖО жүйесінде басқарушы буын болып қала береді.
Өндірістік кәсіпорындарда АЖО мәліметті жоспарлау, басқару, өңдеу және шешімді қабылдаудың өзіндік құрылымы ретінде Автоматтандыру Жүйесін Басқару (АЖБ) немесе АСУ маңызды құрылымдық біріктірілуі болып табылады. АЖО - бұл әр уақытта арнайы жүйе, техникалық құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру тобы және ол нақты шамаларға бағытталады-әкімшілік, экономист, инженер, бақылаушы, жоспарлаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, кітапханашы, ұйымдастырушы, зерттеуші мұражай қызметкері.
Сонымен қатар бұл жерде АЖО-ның кез-келген мамандығына оның жасалу кезінде қамтамасыз етілуі тиіс жалпы талаптар тізімін беруге болады, ал нақты айтсақ:
* Мәліметті өңдеудің тікелей құралдардың бар болуы;
* Диалогты режимде жұмыс істеу мүмкіндігі;
* Эргоэкономиканың негізгі талаптарын орындау; оператор, АЖО
кешенінің элементтері мен қоршаған орта арасындағы қызметті рационалды таратуды; жұмыс істеуге жағдайлар жасау; АЖО құрамының ыңғайлылығы; адам - операторының психологиялық факторларын ескеру; АЖО формалары мен элемент түстерінің жағымдылығы және т.б.
* АЖО жүйесінде жұмыс жасайтын ДК жоғары өнімділігі мен сенімділігі;
* Шешілген мәселелер санатына программалық қамсыздандырудың парапарлығы;
* Күрделі процесстердің максимальді автоматты деңгейі;
* Мамандарды АЖО операторлары ретіндегі өзін-өзі қамтамасыз етуіне ыңғайлы талаптары;
* АЖО-ны жұмыс құралы ретінде пайдаланатын маманның максимальді жайлылығын және қамсыздығын қамтамасыз ететін басқа факторлар.
АЖО құрамында жүйе біріңғайлылығы болады. Техникалық мәліметтік бағдарламалық және ұйымдастырушылық.
Техникалық жүйе туралы жоғарыда аталған еді. Алдында көрсетілген АЖО-ны құратын техникалық жүйе тобына объектінің жады жүйесінде жұмыс істейтін басқа АЖО мен байланысы құралдары мен байланыстың басқа құралдарын (телефон, телекс, телефакс) қосу керек. Мәліметтік жүйеге, негізінен дискілік сақтағышта орналасқан локальді мәліметтер қорында сақталып мәліметтер массивтері жатады. Сондай-ақ бұған мәліметтер қорын басқару жүйесіде енгізілген.
Бағдарламалық қамтамасыздануда операциялық жүйелер, сервисті бағдарламалар, АЖО тағайындалуы бойынша орындалған арнайы мәселе класын шешуге бағытталған және локальдік ұстаным бойынша жасалған қолданбалы бағдарламалар мен пайдаланушының үлгі қалыпты бағдарламалары болады. Қажет етілген жағдайларда бағдарламалық қамтамасыздандыруға графикалық мәлімет пен жұмыс істеуге арналған бағдарлама пакеті қосылады.
АЖО-ның ұйымдастырушылық қамтамасызданудың мақсаты олардың қызметін ұйымдастыру, дамыту, кадрді даярлау және әкімшіліктендіру. Соңғысына жұмысты жоспарлау, жіктеу, бақылау, талдау, реттеу, АЖО-ны пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеу.
Егер АЖО құрылғысы өте қиын болса, ол пайдаланушы да арнайы дағдысы болмаса, онда пайдаланушыны оның негізгі автоматтанған жұмыс орнына бірте-бірте енгізе алатын арнайы оқу құралдарын қолдану мүмкін. АЖО қызметін жүзеге асырғанда (бұл оның функционалдануы деген сөз) ағымдағы қызметінің мақсатын, мәліметтік қажеттілігін, оның тарату процесстерін бейнелейтін әртүрлі шараларын анықтау тәсілдері қажет.
АЖО-ны жоспарлау тәсілдері оның қызмет ету тәсілдерімен байланыса алмайды, өйткені АЖО-ның қызметінің дамуы пайдаланушылардың өзі мен оның даму мүмкіндігін көздейді. АЖО-ның тілдік құралдары ақырғы (соңғы) пайдаланушы көз қарасы жағынан тәсілдік құралдарын тарату болып табылады, ол бағдарламалықтар пайдаланушының тілдік құралдарын таратуды және ақырғы пайдаланушыға барлық қажет етілген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.

2 ТАРАУ. ӨҢДЕУ ОРТАСЫН ТАҢДАУ

2.1.DELPHI (BORLANDINPRISE) ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

Программалар мен қосымшалар Delphi-дің IDE ( Integrated Devalopment Environment) интегралданған жетілдіру ортасында орындалады. IDE басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. IDE жабдықтарының көмегімен программист қосымшаның интерфейстік бөлігін құрумен қатар, программалық код жазып оны басқарушы элементтермен байланыстыра алады. Бұл жағдайда қосымшаны жасаудағы жұмыстың барлығы IDE-де орындалады. Delphi 5-тің интегралданған жетілдіру ортасы көп терезелі жүйені білдіреді. Интегралданған жетілдіру ортасының ( интерфейс ) түрлері, оның келтірілуіне байланысты бөлінеді.
Жүктелгеннен кейінгі Delphi 5 интерфейсі 4 терезеден құралады:
- Негізгі терезе (Delphi 7 - Project 1)
Инспекторлар объектісінің терезесі (Object inspector)
Форма конструкторының терезесі (Form 1 )
Редакторлар кодының терезесі (Unit 1)
Экранда басқада терезелер орналасуы мүмкін, қажетті жағдайда терезе көлемін өзгертуге, орнын ауыстыруға, экраннан алып тастауға болады. Delphi көп терезеден тұрса да, бір құжатты орта болып табылады, ол бір мезгілде бір ғана қосымшамен (қосымша проектісімен) жұмыс істейді.
Егер негізгі терезені бүктесе, онда Delphi интерфейсі мен барлық ашық терезелер кішірейеді. Негізгі терезе жабылғанда Delphi жұмысы тоқтатылады.
Негізгі терезеде:
негізгі мәзір
саймандар панелі
компаненттер политрасы орналасады.
Негізгі мәзірде Delphi функцияларын пайдаланатын командалар жиыны бар.
Саймандар панелі негізгі мәзірдің астында, негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан жиі қолданылатын командалардан тұратын 15 батырмалы компанент.
Барлығы 5 саймандар панелі бар:
Standart (Стандартная)
View (Просмотр)
Debug (Отладка)
Custom (Пользователь)
Desktop(Рабочий стол )

Компоненттер политрасы - негізгі менюдің астында, негізгі терезенің оң жағында орналасқан бірнеше компаненттерден тұрады. Компанент дегеніміз форма құратын негізгі қосымша.
Барлық компаненттер әртүрлі топтарға бөлінеді және олардың әрқайсысы компаненттер политрасындағы жеке бетте орналасады.
Алғашқыда компаненттер политрасы мынадай беттерден тұрады:
- Standart- Стандарттық
- Additional- Қосымша
Win32- 32 разрядты Windows интерфейсі
System- Жүйелік функцияларға ену мүмкіндігі
Data Access - BDE көмегімен мәліметтер қорына ену мүмкіндігі
Data Controls- Мәліметтерді басқару элементтерін жасау
- АDO- ActiveX объектілерінің берілгендерін пайдаланып мәліметтер қорымен байланыс ұйымдастыру.
- Interbase - Берілген мәліметтер қорына тұрақты пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз етеді
- Midas- Таратылған мәліметтер қоры үшін қосымшаны
құрастыру
- Internet - Internet үшін Web-сервер жасау
- Decision Cube- көп өлшемді анализ
- QReport- есеп (отчет) құру
- Dialogs- Бір өлшемді сұхббаттасу терезесін жасау
- Win 3.1- Windoows 3.x интерфейсі
- Samples- Мысалдар түрінде берілетіндер
Active X- ActiveX- компоненттер
Servers - СОМ жалпы серверлердің VCL сыртқы ортасы
Жоғарыда келтірілген компоненттердің кейбіреулері Delphi5 ортасында кездеспеуі мүмкін.
Форма конструкторының терезесі бастапқыда экран ортасында орналасады және form1 деген тақырыбы болады. Онда форма проектісі орындалады, оған компоненттер политрасынан керек элементтер орналастырылады. Форманы құрастыру кәдімгі графикалық редактордағыдай болады. Форма конструкторы проект жасау кезінде форма артында қалады, сондықтан құрастырушы форманың өзімен ғана жұмыс істейді, сол себепті форма конструкторының терезесі форма терезесі немесе форма деп аталады.
Редактор кодының терезесі- (тақырыбы Unit1.pas) программалық жүйе жүктелгеннен кейін форма конструкторының терезесін толығымен жауып кетеді. Бұл терезеде қосымшаның модулінің бастапқы тексті орналасады. Редактор коды (редактор) жай текстік редакторды білдіреді, оның көмегімен қосымшаның текстік файлдарымен текстік модульдеріне түзетулер енгізуге болады.
Сілтеуіш кодының терезесі- редактор кодының терезесінің сол жағында орналасады. Онда форманың обьектілері тал түрінде бейнеленеді. Сілтеуіш кодының терезесінде қосымша обьектілерін қарастыруға ыңғайлы.
Объектілер инспекторының терезелері- жүйе жүктелгеннен кейін негізгі терезенің астындағы экранның оң жағында орналасады және берілген форманың (form1) қасиеті мен жағдайларын сипаттайды. Бұл терезені экранда ViewProject Inspector (просмотр инспектор объектов) командасы арқылы немесе F11 батырмасы арқылы шақыруға болады.
Объектілер инспекторы екі терезеден тұрады: Properties (своиства-қасиеті) және Events(события-жағдайы).
Properties беті таңдалынған компонент туралы мәліметтерді форма конструкторының терезесінде бейнелейді және форманы проектілеу кезінде көптеген компоненттердің қасиетін өзгертуге мүмкіндік береді.
Events беті белгілі бір жағдайды орындайтын компонентті анықтайтын процедура.
Әрбір компоненттің өзінің қасиеттерімен жағдайларынан тұратын жиыны болады.

2.2 Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект

Windows жүйесiнде Delphi ортасын iске қосу үшiн оны алдын-ала компьютерге орнату қажет. Орта компьютерге орнатылған соң, Delphi-дi iске қосу командасы:
Iске қосу - Программалар - Borland Delphi 6 Delphi 6
3
2
1
Нәтижеде экранда Delphi интерфейсi көрiнедi (1-су - рет).

1.1-сурет. Delphi ортасы
1 - Delphi
Сурет 1. Delphi'дің негізгі терезесі
5-тiң негiзгi терезесi;
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).
Ортада программа құруға арналған мо - дуль тере - зесi да iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесi - нiң астында орналасқандықтан, ол экранда көрiнбейдi.
Delphi интерфейсiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспап - тар па - нелi және компоненттер палитрасы (2-сурет) енгiзiлген.

Сурет 2. Delphi-дiң негiзгi терезесi
Негiзгi мәзiр пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Del - phi - -де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне iшкi мә - зiрлерге енгiзiлген негiзгi команда - ларды орындайтын түй - мелер орналастырылған.
Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, програм - ма - ның сүхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде формаға Form1 атауы берiледi (1-сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналас - тырып, ол екi жақты нұсқама түрiне айналған кезде форманы кеңейтуге не қысуға болады.
Программа пайдалану үшiн форма бетiне түрлi компо - нент - тер орнатылады. Негiзгi компоненттер Delphi терезесiнiң компо - нент - тер палитрасында орналасқан.
Форманың және форма бетiне енгiзiлетiн компоненттердiң түрлi қасиет - терi бар. Олар объектiнiң түрлi мүмкiн - дiктерiн сипаттап, ағым - дық күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне алғашқы ағымдық мәндер мен - шiк - телiп қойылады.
Форманы, онда орнатылған компоненттi қосымша құру үшiн дайындау оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден бас - талады. Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн керектi объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) таңдау керек. Инс - пектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Delphi iске қосылған кезде форманың алғашқы қасиеттер терезесi 1-суретте көр - сетiлген. Қасиеттер терезесiнiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қа - сиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан түратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда - қа - сиет атаулары жазылған, екiншi бағанға - олар - дың мәндерi енгiзiледi.
Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнатуға болады. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн программаға Form1.Font.Size := 14 мен - шiктеу операторын енгiзуге болады.
Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-Object Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол +-11 клавишi басылған кезде де көрiнедi.
Ескерту. Жаңа проект iске қосылған кезде алдымен Delphi Direct терезесi iске қосылуы мүмкiн. Терезеден Delphi News бу - масын таңдау жеткiлiктi.

2.3 Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс

Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатып фор - мада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Осы iс-әрекет (тышқанның шертiлуi) оқиға деп аталады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi барысында объект жағдайын өз - гертетiн белгiлi бiр iс-әрекеттi шақырады.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, ком - поненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқи - ғасын шақырады.
Объектiге байланысты түрлi оқиғалар бар. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (3-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосым - шасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

Сурет 3. Форма оқиғалары

Delphi ортасында жиi қолданылатын оқиғалар:
OnClick - тышқан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick - тышқан түймесiн екi рет басу;
OnKeyDown - клавиштi басу;
OnKeyUp - басылған клавиштi босату;
OnMouseDown - тышқан түймесiн басу;
OnMouseUp - тышқан түймесiн босату;
OnMouseMove - тышқан көрсеткiшiн жылжыту;
OnCreate - форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: ал - ғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын про - грамма мәтiнi (проце - дура - лар) енгiзiледi (олар 1.4-тақырыпта кең тұрде қарасты - рылған). Программа мәтiнiн про - граммалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
oo форманы жабу (жабу тұймесiн шерту);
oo код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,
оны шерту. Терезе белсендiрулi тұрде ашылады да, он - да процедура дайындамасы (ұлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нұкте арқылы бөлiнген класс және процедура атаула - рынан тұрады (4-сурет), т.б.
Формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту ұшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 4-суретте көрiнiп тұрғаны - код терезесiне енгiзiлген процедура дайын - дамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиға - ны өңде - уiш не оқиғаны өңдеу про - це - дурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу тұрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай клас - қа тиiстiлiгiн анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шы - ғу - ға болады.

Сурет 4. Программалық код терезесi.
Кез келген про - грамма program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр не бiрнеше модульдерден тұ - рады да, қолдан құрылатын программа мо - дуль iшiне енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады. Проект фай - лын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны про - ек - тiнiң жалпы сипатта - ма - - сынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол автомат - ты тұрде дайындап шыға - ды. Негiзгi модульге ерекше жағдай - лардан басқа кездерде қосымша нұс - қау - лар енгiзудiң қажетi жоқ. Негiзгi модуль (проект):

program Project1;
uses
Forms,
Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};

{$R *.RES}

begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
мұндағы,
Project1 - негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi да - йын - дап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) - Турбо Паскальдағы сияқты, қызметшi сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалық) Forms модулi мен Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдiк файлда құрылатыны (in 'Unit1.pas') және онымен байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}).
{$R*.RES} - нұсқау. Ол компиляторға қо - сымшаның (Win - dows көмегiмен дайындалған қолданбалы программаның) қор си - паттамаларын, мысалы, шартбелгiлер (пик - тограммалар) сақ - - - талған файлды және т.с.с. пайдалану керек - тiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi - .res);
Begin - end операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм - қосымшаның алғашқы жұктелуiн қамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-әрекеттi орындайтын проце - дура, функция және командалар әдiстер делiнедi):
Application.Initialize - қосымша объектiсiн инициалдау (про - - - г - рам - маны алғашқы рет дайындау) әдiсi;
Application.CreateForm - проект құрамына енетiн фор - маны дайындап, экранда көрсету әдiсi (create - құру);
Application.Run - программаны iске қосуды қамтамасыз ету әдiсi.
Delphi-де әдiстiң командалық тұрде жазылуы:
Объект.әдiс
Мысалы, Application.Initialize - Application объектiсiнiң Initia - lize әдiсiн орындау.
Кейбiр жағдайда бөлiмге проект сақталатын бума атын меншiктеу командасын қосып қою да мұмкiн, т.б.
Delphi-де программаның орындалуы автоматты тұрде негiзгi мо - дульдi орындаудан басталады.
Модуль - тұрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған про - грам - ма бөлiмi. Мо - дуль тақырыбы Unit (модуль) қызметшi сө - зi - нен басталып, со - ңына әдеттегiдей нұктелi ұтiр (;) таңбасы - мен аяқталатын мо - дуль атауы жа - зылады. Delphi-дiң модульге алғашқы рет мен - шiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект ашыл - ған кезде модуль дайындамасы да авто - мат - ты тұрде құры - ла - ды:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.DFM}
end.
Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен бас - талады да, оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses - Турбо Пас - кальда пайдаланатын бөлiм сияқты, оған стандартты мо - дуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп қою да мұмкiн. Одан әрi, Delphi дайында - ған форма типi сипатталады (онда өрiстер, қасиеттер, компо - ненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын проце - ду - ра - лар мен функциялар (про - грамма элементтерi) жария - ла - нады, т.б.).
Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдық модульге тиiстi элементтер енгiзiлуi мұмкiн (элемент - өрiстер, әдiстер, қасиеттер мен оқиғалар); Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдық модульге қол жеткiзуге болатын кез келген про - грамма не модульдiң кө - рi - нетiн элементтерi, облыстары ен - гiзiледi. Олар клас - қа енетiн элементтердiң пайдалану облыс - тарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi.
Implementation (iске асыру,орындау) бөлiмiндегi {$R*.DFM} - .dfm кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульдi оған сәйкес форманың си - паттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиет - терiнiң мәндерi жа - зылып қойылған. Ол формада орнатылған ком - поненттер қасиеттерiнiң де сипаттаммаларын бойында сақ - тайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector тере - зе - сiнде көрiнедi). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тiлiнде қа - жеттi процеду - раларды қолдан кiрiстiру керек. Олар - дың iшiндегi оқиғаны өңдеуiш процедуралардың тақы - рыптары мо - дульдiң интерфейс бөлiмiнде авто - матты тұрде жа - зылып қойылады.
Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi. Бөлiм модуль айныма - лы - ларын ини - циалдап (бас - тапқы мәндер берiп), про - грам - маны дайындау ұшiн қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлiм басқаруды программа денесiне беруден бұ - рын орын - да - лады. Бө - лiм нұсқау - ларын begin және end кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияқты, бөлiм толтырылмаса, begin сөзi жазыл - май, оған тек end. сөзi енгiзi - ледi. Ол - модульдiң соңын бiлдiретiн кiлттiк сөз.

2.4Компоненттер палитрасы

Delphi-де программа дайындау ұшiн компонент - тiк тәсiл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кiтапха - насы про - граммалау ортасымен бiрге ұсынылатын, белгiлi бiр iс-әрекеттi орындайтын ком - поненттерден жинақтала - ды, ал олар - - - форма терезесiне енгi - зi - ледi. Компонент - тiк тә - сiл про - грам - малау технологиясына на - ғыз төңкерiс жа - сады деу - ге болады, себебi, компоненттердi пай - далану программа жұ - мы - сын кұрделi тұрде жеңiлдеттi.
Компоненттер кiтапханасын визуальды компоненттер кi - тап - ханасы (Visual Component Library, VCL) деп атайды. Онда тұр - лi компонен - ттер жинақ - та - лып (Delphi 5-те олардың саны 200-ден артық), олар тұрлi атаулы 19 бетке орнатылып қойылған.
Жиi қолданылатын беттер мен компонеттер 1-кестеде көрсетiлген:
1.1-кесте
Standard

Additional
Win32
System
DataAccess
DataControls
InterBase
Midas
Internet
QReport
Dialogs
Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стан - дартты бет.
Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.
Windows 9598 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттер
Таймер, плеер т.с.с. жұйелiк компонеттер бетi
Берiлгендердi BDE арқылы басқару бетi
Берiлгендердi басқару бетi
InterBase программасымен тiкелей байланыс
Берiлгендер қорын басқару қосымшаларын құру
Инетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құру
Есептер даярлау
"Open file", т.с.с. сұхбаттық терезелердi пайдалану

Standard бетiнiң кейбiр компоненттерi:
Label
Edit
Memo
Button
Panel
MainMenu
Мәтiндi шығару
Бiр жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау
Көп жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау
Командалық тұйме құру
Компоненттердi топтастыру контейнерi
Мәзiр құру

Additional бетiнiң компоненттерi:
BitBtn
Image
Shape
Chart
Бетiне биттiк бейне орнатуға болатын командалық тұйме
Графикалық кескiндердi шығару (бейнелеу)
Форма бетiне тұрлi геометриялық фигураларды шығару
Диаграммалар мен графиктер тұрғызу

Win32 бетiнiң компоненттерi:
Animate
ProresBar
Дыбыссыз клиптердi орындау
Орындалуы бiршама уақыт алатын процестердi бейнелеу

System бетiнiң компоненттерi:
Timer
PaintBox
Қосымшада уақыт интервалын беру
Форма бетiнде сурет салуға болатын облыс құру

Dialogs бетiнiң компоненттерi:
OpenPictureDialog

SavePictureDialog
Графикалық файлдарды ашу сұхбаттық терезесiн пайдалану
Графикалық файлдарды сақтау сұхбаттық терезесiн пайдалану
Аталған компоненттердi пайдалану мысалдары 1-тарауда келтiрiлген. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компо - ненттер панелiне қосып қоюына болады.

2.5 BDE Administrator

DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase Engine- Borland фирмасының деректер базасының поцессоры ) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие. (Сурет 1.1)
Деректер базасы
қолданба
BDE
Сурет 1.1. Дербес сәулет

Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type - драйвер аты және PATH - деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows - тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.
STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.
Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске

2.5.1 Мәліметтер базасының кестесін құру

Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кафе жұмысын автоматтандыру (Delphi ортасында)
Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
Тұтынушылық сұраныс және жарнама
80 орынға арналған дәмхананы жобалау
Ашық аспан астында кинотеатр ашу бизнес - жобасы
Delphi туралы мәлімет
Ашық аспан астында автокинотеатр ашу бизнес жоспары
МЕЙРАМХАНА, БАР, ДӘМХАНА, АСХАНА ҚЫЗМЕТІН ЖІКТЕУ ЖӘНЕ СИПАТТАУ
Мәліметтер қорын жүйелеу
Сорпалар мен сорпалар
Пәндер