Паскаль тілі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Паскаль қазіргі езде ең белгілі тілдердің бірі болып табылады. Бұл тілді көбінесе, программалауды үйрену үшін қолданады. Пскаль тілінде қарапайымдылық пен жоғарғы дәрежелі өнімділік ұштастырылған.
Бұл тілді 60-шы жылдары Цюрих университетінің профессоры Никлаус Вирт жасаған еді. Жылдар өте келе Паскалькең тараған тілдердің біріне айналды.
Паскальда программа жазу өте оңай. Программалаудан хабары жоқ адам аз уақыттан кейін қарапайым программалар жаза алады. Паскаль Бейсик тілінен күрделіреу, ал СИ немесе Си++ тілінен әлдеқайда жеңіл.
Паскаль тілінің негізінде жоғарғы дәрежелі Delphi тілі жасалған. Бұл тілді оқу әрбір болашақ программисттің міндеті болып табылады.
Берілген есепті шығару барысында бізге көптеген айнымлылар, жолдық айнымалылар және т. с. с. қолданады. Есептің жауабын файлға жазу керек болған соң, ол жерде файлмен жұмыс жасайтын процедуралар мен функцияларды пайдалану керек болады. Біздің программамыз өте ауқымды болуыда мүмкін. Сондықтан да біз осы жерде өзіміз жасаған модудульдерді пайдаланғанымыз жөн деп ойлаймын. Бұған қоса программаның сыртқы келбетін сүйкімді қылу үшін стандартты модульдерді пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Мәліметтер қорымен жұмыс болған соң, программада жазбалар мен файлдар қолдануы қажет. Себебі, жазбаларсыз және файлдарсыз біз өзімізге керек мәліметтер қорымен жұмыс жасай алмаймыз.
2. Пайдаланылатын әдістер
Қазіргі кезде копьютерді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ. Компьютерлер көптеген мекемелерде бар ақпаратпен тиімді жұмыс жасауда қолданылады. Мысалы, қызметкерлер туралы мәліметтер қорын жасағанда бізге өте ауқымды ақпарат қорымен жұмыс жасауға тура келеді.
Ауқымды ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратпен жұмыс жасайтын есептерді жасағанда бізге ондай ақпарат көлемімен жұмыс істейтін массивтерді пайдалануға болады. Бірақ, массив бір типті ақпаратпен жұмыс жасайды. Сондықтан массивтерді пайдалану тиімсіз болып табылады.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасағанда, әр түрлі типтермен жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан да Паскальда әр түрлі типті объектілерді сипаттау үшін арнайы жаалған аралас типті «Жазба» қолданылады.
Жазба қазіргі кезде аралас мәліметтердің ортақ және пайдалануға жеңіл болатын типі кеңінен қолданылады. Жазба әртүрлі типті компонеттерден құрала отырып, олардың арасында байланыс жасайды да, біріңғай объект ретінде келеді.
Бұған қоса, есептің берілгенінде файл болған соң, файлдармен де жұмыс жасайтын процедураларды қарастырғанымыз жөн.
2. 1 Жазба типінің сипатталуы
Жазба - бұл структурленген, шектелген компоненттерінің санынан тұратын, мәлімет типі болып табылады. Жазба типін жариялау Rekord идентификаторынан басталып, end резевтелген сөзімен аяқталады. Олардың арасында компоненттердің жиыны тұрады, олар аймақтар деп аталады. Олардың әрқайсысында типтің аты жазылуы қажет.
Формат:
Type
<тип аты>=record
<аймақ идентификаторы>:<компонент типі>;
…
< аймақ идентификаторы >:< компонент типі >;
End;
Var
<идентификатор . . . >:<типтің аты>;
Мысал:
Type
Mobilnik=Record
Number: integer;
Marka: string;
FIO: string;
Address: string;
End;
Var M, V: char;
Бұл жерде Mobilnik жазбасы төрт компоненттен тұрады: нөмір, ұялы телефоннның маркасы, аты-жөні және адресі. Жазбалар аймақтарымен жұмыс жасау ‘жазба’ типі арқылы мүмкін. Біздің мысалымызда олар М және V, Mobilnik типі.
Аймақ идентификаторы жазбаның айналасында ғана біреу болу керек. Бірақ, әр түрлі қателіктерді болдырмау үшін оны бүкіл программа үшін жалғыз қылайық. Жазба үшін керекті жады мөлшері оның аймақтарының ұзындығынан құрылады. Жазба аймақтарының мағыналары өрнектрде пайдалануға болады. Бөлек аймақтардың аттары айнымалылар атымен болмауы қажет. Себебі ұқсас типті жазбалардың бірнешеуі болуы мүмкін. Аймақпен жұмыс жасау үшін оның айнымалды идентификаторы мен аймақ идентификаторы белгілі болуы қажет. Осындай аттар «Құрама аттар» деп аталады. Олардың арасында нүкте болады. Мысалы Mobilnik типті жазбалармен жұмыс жасау үшін:
M. Number, M. Marka, M. Fio, M. Address.
Аймақтың мағынасын енгізу үшін меншіктеу операторы қолданылады.
Мысалы : M. Number:=3230;
M. Marka:=’Nokia’;
M. Fio:=’Marlen Dzu’;
M. Address:=’Zhandosova 184a’;
Құрама аттарды енгізу-шығару операторларында пайдалануға болады:
Read(M. Number, M. Marka, M. Fio, M. Address) ;
Write(M. Number, M. Marka, M. Fio, M. Address) ;
Жазбалара қатысты меншіктеу операторын қолдануға болады. Бірақ жазбалардың типі бірдей болуы керек. Мысалы:
V:=M;
Бұл оператордың орындалуынан кейін V жазбасының мағынасы М жазбасының мағынасына тең болады.
Кейбір есептерді шығарғанда жазбалардың массивін пайдаланған жөн. Оларды келесі түрде жазған жөн болады:
Type
Person=Record
Fio: string;
Age: 1988;
Prof: string:
End;
Var
List: array[1. . 50] of person;
Жазбаның әрбір аймағымен жұмыс өте үлкен болып келеді. Ол әсіресе мнимоникалық идентификаторларды пайдаланғанда белгілі болады. Бұл мәселені шешу үшін, Паскаль тілінде with қолданылады. Оның форматы:
With<айнымалы>do< операторы >;
With операторында бір рет пайдаланған жазба айнымалысын енгізгеннен кейін, оның аймақтармен, қарапайым айнымалылармен сияқты жұмыс жасай беруге болады. Мысалы:
With M do Begin
Number:=’D600’;
M. Marka:=’Samsung’;
M. Fio:=’Markus Dzu’;
M. Address:=’England’;
End;
Паскальда жазбалардың ішінде жазбалар болуы мүмкін. Сәйкесінше with опера торы қолданылады:
With rv1 do
With rv2 do
With rvn do…
Ол келесіге эквивалентті:
With rv1, rv2…rvn do…
Ондай жазбалар саны 9-дан аспауы керек.
2. 2Файлдық тип
Үлкен мәліметтер қорын, мысалы телефондық анықтама немесе мектеп оқушылары жөнінде мәліметтерді сыртқы жадыда сақтаған жөн. Қандай да болмасын программалау тілі сыртқы жадыда сақталған ақпаратпен жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек. Паскальда мұндай қажеттілік үшін арнайы объктілер бар- файлдар. Файлсыртқы жадыда жазылған, белгілі атпен сақталған ақпараттар жинағын айтамыз.
Файлдарды жиі-жиі пайдалану келесі елесі себептерден пайда болады:
- Өте үлкен өңделетін мәліметтер жиынын енгізу өте көп уақыт алады және қатты шаршатады. Одан гөрі ақпаратты арнайы жасалған файлдарда сақтаған жөн. Ол файлды біз бірнеше жүктеп және сақтауға болады. Бұған қоса оларды бірнеше рет пайдалануға болады.
- Мәліметтер файлы басқа програмамен де жасалуы мүмкін. Бұлд жағдайда фал екі әртүрлі программа арасындағы көпір және сыртқы ортамен байланыс болады.
- Файлдағы мәліметтерді пайдаланатын программа жұмыс жасау кезінде қасында пайдаланушының болуын қажет етпейді.
Әр файлдың үш басты ерекшеліктері бар. Біріншіден, программа бірнеше файлдармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін өзіне тән файл аты болады. Екіншеден, файл бірнеше компоненттерден тұрады. Мұндай компонент файлдан басқа типті болады. Мысалы: жазбалар немесе жолдар файлын жасуға болады. Бірақ , «файлдар файлын» жасауға болмайды. Үшіншіден, жаңадан жасалған файлдың ұзындығын шектеудің қажеті жоқ. Оның өлшемі тек сыртқы жадының көлемімен шектеледі.
Көбінесе файлдар жазбалардан немесе мөтіндік жолдардан тұрады. Файлды сипаттау үшін File of сөз тіркесі қолданылады. Оның синтаксисі былай жазылады:
File of <тип>;
Файлмен жұмыс жасау үшін арнайы файлдық айнымалы сипатталады. Ол Паскаль-програмадаға файлдың көрсеткіші болып табылады. Егер файл жазбалардан құралса, онда оған қоса жазбалармен жұмыс жасайтын айнымалы қолданылады. (оны R деп белгілейік) :
Формат:
Type
<типтің аты>=<компонет типі>;
Var
<F>:file of<типтің аты>;
<R>:<типтің аты>;
2. 2. 1Файлды өңдеу жабдығы
Паскальдағы файлдық жүйесі операциялық жүйені мәліметтер тасымалдау мүмкіндігін максималды түрде пайдаланады. Әрбір файлға программада файлдық айнымалы меншінтеледі. Сондықтан да файлмен жұмыс жасар алдында оны дұрыстап сәйкестендіру қажет. Ол үшін Паскальда келесі процедура пайдаланады:
Assign(var f; name:string) ;
Мұндағы F- қандай да болмасын файлтипті айнымалы. Ал name операциялық жүйені қанағаттандыратын файлдың толық аты болады. Assign процедурасы әрдайым басқа процедуралардың алдында жазылады. Егер файл ашық болса, онда Assign процедурасын пайдалануға болмайды. Ол файлды қайтадан пайдалану үшін, оны алдын ала Close процедурасы арқылы жабу керек. Содан соң оны қайтадан қосуға болады.
Файлмен жұмыс жасау үшін, оны алдымен ашып алу керек. Бұл үшін Паскаль тілінде келесі процедуралар көзделген:
Reset(var f:file) ; -бар файлды іске қосады.
Rewrit(var f:file) ; - жаңа файл жэасайды да, оны ашады.
Егер Reset процедурасын қолданғанда дискіде файл болмаса, онда қате пайда болады. Енгізу-шығару операциялары нәтижесінде пайда болған қателіктерді арнайы IO Result функциясы тексеріп отырады.
Мысалы: Файлды ашу.
Assign(, ’’) ;
Reset(f) ;
Әр түрлі файлдарды ашқанда Reset процедурасын қолдану үшін кейбір ерекшеліктерді ескерген жөн. Мәтіндік файлдар келсе, онда бұл процедура файлды оқу үшін ашады. Типтелмеген файлдар үшін процедураның сипатталуына Word типті Recsize параметрі енгізіледі. Типтелмеген файл үшін Reset процедурасының мысалы:
Reset(var f:file, Recsize:word) ;
Rewrite процедурасы жаңа файлды жасайды және ашады. Бұл процедураға қатты назар аудару қажет. Жаңа файлды жасап және ашқан кезде оның атына ерекше назар аудару керек. Егер сіз дискіде бар файл атын енгізсеңіз, онда дискідегі файл аты жойылады да, орнына сіздің жаңа файлыңыз келеді.
Жаңадан типтелмеген файлдарды жасағанда Rewrite процедурасына Word типті Recsize қосымша параметрін енгізу қажет. Бұл кездегі процедураның жалпы типі мынадай болады:
Rewrite(var f:file, Recsize:word) ;
Егер жаңадан мәтіндік файл жасалса, онда оған қатысты жазба операцияларын қолдануға болады.
Жабу операциясы әрбір ашық файлен жұмыс аяқталған кезде пайдаланылатын логикалық операциясы болып табылады. Ол үшін келесі процедура қолданылады:
Close(var f ) ;
Close процедурасын қолданғанда, Assign процедурасымен орнатылған, файлдық айнымалы мен сыртқы файлдың арасындағы байланыс үзіледі.
Мысалы: Work. txt мәтіндік файлын жасау үшін керекті командалардың тізбегі:
Var
F:txt;
Begin
Assign(f, ’work. txt’) ;
Rewrite(f) ;
Write(f, ’file of text’) ;
Close(f) ;
End.
Бұған қоса файл атын өзгерту және файлды кетіру процедуралары бар. Олар- типіне қарамай жұмыс жасай береді.
Rename(var f; Newname:string) ;
Процедура ашық емес файлдың атын өзгертеді. Жаңа файлдың аты Newname жолында беріледі.
Erase(var f) ;
Процедура F айнымалысымен берілген, ашық емесфайлды кетіреді. Мысалы: Файлдың атын өзгерту және кетіру.
Var
F:file;
Ch:char;
St:string;
Begin
Write(‘файл атын енгіз’) ;
Readln(st) ;
Assign(f, st) ;
Write(‘файлды кетіру(у) ’, переименовать(П), выход(В) ’) ;
Readln(ch) ;
Case ch of
‘У’, ’у’: erase(f) ;
‘П’, ’п’: begin
Write(‘:’) ; readln(st) ;
Rename(f, st) ;
End;
‘В’, ’в’ halt(1) ;
End;
End.
2. 2. 2 Мәтіндік файлдар
Мәтіндік файлды белгілі бір символдардың тізбегі ретінде қарастыруға болады. Оның өлшемі 0 -ден басталып 255- ке шейін бара алады. Оны сипаттау үшін Text стандартты типі қолданылады:
Var
F:text; (F- файлдық айнымалы) ;
Мәтіндік файл жұмыс жасау кезінде келесі стандартты операцияларды қолдануға болады: оқу және жазу. Бұған байланысты мәтіндік файлдармен жұмыс жасау үшін тағы да бір процедура бар:
Append(var f:text) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz