Экономикалық жүйе модельдері: жоспарлы, рыноктық, аралас



Жоспарлы экономикалық жүйе моделінің негізгі белгілері
Рыноктық экономикалық жүйе модельдері
Барлық рыноктық модельдерге тән ортақ белгілер
Модельдің ерекшелігі
Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей модельдері болады:
1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық-әкімшіліктік немесе тоталитарлық).
2. Рыноктық экономикалық жүйе.
3. Аралас экономикалық жүйе.
1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе мемлекеттік меншік үстемдік ететін жағдайда қызмет етеді. Және жеке меншік болмайды. Мемлекет жоғары деңгейдегі бұйрық беруші. Мұндай экономикалық жүйеде шешім қабылдау үшін қажет ақпараттар көлемі өте көп болғандықтан, экономиканы мемлекеттің басқаруы қымбатқа түседі, әрі тиімсіз жақтары жеткілікті. Қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу, ағымдық және болашақ жоспарлар жасау, өзара салыстыру мен олардың орындалуын бақылау толық жүзеге аспайды және кедергілер көп. Командалық-әкімшіліктік экономикалық жүйедегі қабылданған шешімдер экономикалық емес, жасанды әдіске айналады. Себебі барлық өндірістік қорлар, ресурстар, жер, капитал мемлекеттік меншігінде қалады. Сондықтан максималды пайдалы әсер беретін әдісті қолдану мүмкін болмайды. Өйткені, мемлекеттік бюрократия экономикалық субьектілердің әрекет ету шекарасын бұйрықтар, тапсырмалар арқылы шектеп отырады.
Нәтижеде өндірістік процесте ескірген әдіс қолданылып, өндіріс факторлары тиімсіз жұмсалынады. Еңбек өнімділігінің төмендеуі салдарынан экономикалық жүйе тиімсіз құрылған болып шығады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық жүйе модельдері: жоспарлы,
рыноктық, аралас
Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен
экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның
келесідей модельдері болады:
1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық-
әкімшіліктік немесе тоталитарлық).
2. Рыноктық экономикалық жүйе.
3. Аралас экономикалық жүйе.
1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе мемлекеттік меншік
үстемдік ететін жағдайда қызмет етеді. Және жеке меншік болмайды.
Мемлекет жоғары деңгейдегі бұйрық беруші. Мұндай экономикалық жүйеде
шешім қабылдау үшін қажет ақпараттар көлемі өте көп болғандықтан,
экономиканы мемлекеттің басқаруы қымбатқа түседі, әрі тиімсіз жақтары
жеткілікті. Қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу, ағымдық және болашақ
жоспарлар жасау, өзара салыстыру мен олардың орындалуын бақылау толық
жүзеге аспайды және кедергілер көп. Командалық-әкімшіліктік
экономикалық жүйедегі қабылданған шешімдер экономикалық емес, жасанды
әдіске айналады. Себебі барлық өндірістік қорлар, ресурстар, жер,
капитал мемлекеттік меншігінде қалады. Сондықтан максималды пайдалы
әсер беретін әдісті қолдану мүмкін болмайды. Өйткені, мемлекеттік
бюрократия экономикалық субьектілердің әрекет ету шекарасын бұйрықтар,
тапсырмалар арқылы шектеп отырады.
Нәтижеде өндірістік процесте ескірген әдіс қолданылып, өндіріс
факторлары тиімсіз жұмсалынады. Еңбек өнімділігінің төмендеуі салдарынан
экономикалық жүйе тиімсіз құрылған болып шығады.

Жоспарлы экономикалық жүйе моделінің негізгі белгілері:
1) елдің материалдық байлығының 90 пайызға жуығы қоғамның
(мемлекеттің) меншігі болып табылады. Меншікті тиімсіз пайдалану
ешкімге экономикалық және т.б. жауапкершілік жүктемейді. Ал
тиімді пайдаланудың жүйелі механизмдері жоқ;
2) қоғамның барлық салалары орталықтан жоспарлау арқылы реттеледі.
Бір нұсқада жасалатын жоспардың орындалуы міндетті болып
табылады.
3) өндірістік материалдық техникалық жабдықтау орталықтандырылған.
Барлық ресурстар өндірушілерге бір орталықтан жоспар бойынша
қатаң бөлініп беріледі.
4) Экономикалық ынталандыру тек жалақымен сый-ақы жүйесі арқылы
ғана жүзеге асады.Бірақ оның өзі қатаң бақыланады. Еңбек ақы
деңгейінде алшақтық жоқ және еңбек етуге мәжбірлеу басым;
5) Экономикалық тепе-теңдік қатаң экономикалық – құқықтық және
заңдарды қабылдау негізінде қамтамасыз етіледі;
6) Экономикада тауарлардың тапшылығы орын алады;
7) Қаржы несие тетіктері (баға, пайыз, ақша массасы, несие) жаппай
жоспардың орындалуына қызмет етеді. Бағалы қағаздар мен бағалы
қағаздар рыногы мүлдем жоқ;
8) Сыртқы саудада мемлекеттің ғана монополиялық билігі бар.
Валютаны еркін айырбастауға тыйым салынады және валюта бағамын
мемлекет бекітеді;
9) Шектеулердің көптігіне байланысты жүйеде көлеңкелі экономиканың
үлесі жоғары;
10) Коммунистік идеологияның үстемдік етуі;
11) Әлеуметтік мәселелерді (жұмыссыздық, үймен
қамтамасыз ету, көп балалы отбасыларға көмек беру
және т.б.) шешуге үлкен көңіл бөлінеді.

2. Рынок қағидаларына құрылған экономикалық жүйе жеке меншіктің
классикалық жаңартылған нысандарына негізделеді. Мұнда нақты
экономикалық мүдделері бар өндірушілердің іс-әрекеттері мен еркін
таңдауларына басты мән беріледі. Меншік обьектілерін аса тиімді
пайдалану кезінде әртүрлі кедергілер, өндірушілер мен тұтынушылардың
іс-әрекеттері мен тұтынушылардың іс-әрекеттері мен таңдауларын шектеу
болмайды. Жоғары пайда экономикалық жүйенің тиімдіәрі үдемелі
әдістерге негізделгенін, ал пайданың төмендеуі оның ескіргенін және
жаңа өндіріс әдісін іздестіру қажеттігін сипаттайды. Яғни, өндірістік
техналогияны жаңартуды талап етеді.
Рыноктық экономиканың ерекше белгілері: 1) инвестициялық
ресурстарға жеке меншік; 2) макроэкономикалық қызметті рыноктық механизм
арқылы реттеу; 3) еркін бәсеке; 4) көптеген сатушылар мен сатып
алушылардың болуы; 5) еркін кәсіпкерліктің дамуы.
Бұл экономикалық жүйедегі экономикалық дамудың іргелі міндеттері баға
және рынок арқылы шешіледі. Бағаның төмен немесе жоғары деңгейі өндіру
мен тұтыну көрсеткіші іспеттес. Рыноктағы баға деңгейі мен динамикасын
ескере отырып, өндірушілер мен тұтынушылар ресурстарды бөлуді дербес шеше
алады. Жоғары пайда алу мақсатында кәсіпкерлер табиғи, еңбек, қаржы
ресурстарын үнемді пайдаланады, өздерінің шығармашылық, ұйымдастырушылық
қабілеттерін жетілдіре түседі.
Аралас экономика туралы 100 жылдай бұрын А:Шефле, А.Вагнер сияқты
ғалымдар өз еңбектерінде жазған болатын. Олардың пікірінше аралас
экономиканың қалыптасуына, жеке кәсіпкерліктің дамуына аралас мемлекеттің
араласуы негіз болған.

Батыс экономистері аралас экономикаға мемлекет пен жеке сектордың
есепке негізделген некеге отыруы деп анықтама берген.
ХХ ғасырдың 30-жылдары ДЖ. М. Кейнс мемлекеттік капитал салымдарын
басқару жүйесінің қажеттігін негіздеп, аралас экономика теориясының
дамуына өз үлесін қосты.
Ал қазіргі кездегі экономикалық мүдделердің күрделілігі мен
қайшылықта дамуы, оларды шешу үшін балама нұсқаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар жайлы
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты туралы
Тауар теориясы
ТАУАР ЖӘНЕ АҚША ТЕОРИЯСЫ
Нарықтық экономика жайлы
Пәндер