Дүниежүзілік шаруашылық және оның даму тенденциясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3

1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗІ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ЕЛДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 4

2. ХАЛЫКАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН АҚИҚАТЫ ЖӘНЕ ЕЛДЕРДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ӨСУІ 5

3. ХАЛЫКАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ 8

4. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫКАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ 10

ҚОРЫТЫНДЫ 12

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13

КІРІСПЕ

1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗІ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ЕЛДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Дұниежүзілік шаруашылық бұл бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы болып табылады. Осы шаруашылыкқа дамыған және дамушы еддер енеді. Бұл процесс XVI-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басына дейін жалғасьш, үш жүз жыддан астам уақытқа созылды.

XVI-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттық мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы ХХ-шы ғасырдың басында жалпы дүниежүзілік сыйпатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды. Бүғандаму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады.

Статистиканың куәландыруына қарағанда, «үлкен жетілік» еддердін, көп экономикалық мүмкіншілігі барлығын байкдтады. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халқының 12%-нан астамын құрайды.

Осы «жетілік» үлесіне дүниежүзілік жалпы үлтгық өнім мен әнеркәсіп өндірісінің 50%-дан артығы, ауьш шаруашылығы өнімнің 25%-дан астамы келеді.

Дүниежүзінде түратын халықтың орташа түрғынымен салыстырғанда, «жетілікке» енетін елдердің бір түрғынына 4-4, 5 еседен артық азық-түлік келеді екен.

Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары өте жақын болып, «жаңа индустриадды еддер» тобын қүрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея,

Гонконг, Тайвань, Сингапур жатады. Бүл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы - әсіресе, американ, жапония, батыс-еуропаның капиталдары - көмектесті. Соның аркдсында өнеркәсіп өндірісі саласында ірі құрылыс жобалары жүзеге асты.

Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады.

Өнеркәсіптік қатынастары аса дамымаған топқа 40-қа жуық елдер енеді. Дүниежүзілік шарушылық аясында өтпелі кезеңнің экономикалық дағдарысынан шыға бастаған елдер де талпыныс жасауда. Нарықтық қатынастарға талпыныс байқатқан Шығыс Еуропа және ТМД елдері тартылуда. Дүниежүзілік шаруашылықгағы 100-ден астам елдер дамымаған елдер қатарын құрайды. Жоғары дамыған елдердің индустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты) қоғамға өтуінде олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді.

2. ХАЛЫКАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН АҚИҚАТЫ ЖӘНЕ ЕЛДЕРДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ӨСУІ

Экономикалык ғылымда халыкаралық еңбек бөлісі туралы төмендегідей негізгі экономикалык теориялар қалыптасты.

Халыкаралык еңбек бөлісінің негізгі ілімін абсалютті және салыстырмалы артықшылык теориясы қүрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. 1 Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылыктары мынада: мүнда еңбек бөлісінің жүзеге асуын қысқарған үдісте - екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек, бүл салыстырмалы артыкшылықтың жалпы моделі ғана.

Казіргі калыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлісіне көптеген факторлар әсер етеді. 1

ХІХ-ХХ ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлісін дамытуда жаңа тенденциялар пайда болып, салыстырмалы артыкшылық теориясына белгілі өзгерістер енгізуді талап етті. Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.

Көптеген елдердегі халықаралық ендірістін мамандануын осы авторлар үш фактордың-енбек, капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы, «арзан еңбектің» артық болуы еңбек көп жүмсалатын өнім (текстиль, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы - капитал кеп жүмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлісіне шындық тұрғысынан толық түсінік

бере алады.

Американ экономисі В. Леонтьев 1953-ші жылы Э. Хекшер мен Б. Олин теориясына тағы бір фактор қосты. йндаГелдердеғі білікті және біліксіз еибекті ескеру халықаралық еңбек бөлісіне кәдімгедей әсер ететінін айтты.

Қазіргі кезде американ ғалымы, социолог Майкл Портнердің 1961-ші жылы ашқан «технологиялық алшақтық» теориясы ерекше орын алады. Оныц айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық потенциалмен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.

Жана енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануында жаңа көздерді жасайды.

Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер «өнімнің өміршең циклы» теориясына ерекше мән беріп, практикада қолдануда. Бүл теорияны дүниеге әкелген американ ғалым-экономистері - Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилд. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.

Өнімнің пайда болуының бірінші фазасы кезінде монополия ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші фазада монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға үмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі фазадағы жағдайға қарағанда төмен болады.

Халықаралық еңбек бөлісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық кызметтер, тауарлармен алмастыру жағдай туғБізып, халықаралык сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлісінін пайда болуы, оның дамуы мен теревдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлісінің калыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізат пен жанар-жағар өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қаланың өсу урбанизациясын тудырып, азық-тулік тауарларына, ауыл шаруашылық енімдеріне сұранымды кәдімгедей арттырады.

Халыкаралык енбек бөлісін негізінен уш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз (бул ұлттык экономикадағы коғамдык еңбек бөлісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өндеу мен кен қазу өнеркісібі, ауыл шаруашылығы мен өнер кәсіп т. б. Бұл жағдайда жеке елдердің территориялық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралык еңбек белінісінің байқалуы экспорт - елдердің индустриаддық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.

Жеке халықаралық еңбек болінісі дегеніміз елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралык еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелінуі тән.

Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз. Осы аталған технологиялық стадиясы -өндіргіш куштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып табылады.

Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басымды болу тенденциясы анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері деталді және кооперациялық мамандандырылумен толық тырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың «Форд Моторс» концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шетел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай «Рено» (Франция), «Фиат» (Италия), «Тойота» мен «Ниссан» (Жапония) концерндерінде және т. б. байқалады.

Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интернациялануына алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытьш, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлтгык шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интернационалануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік масштабтағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін артгырады. Халықаралык айырбас кебінесе түрлі еддердегі кооперативті кәсіпорындардьщ арасындағы тауардьщ жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айнадды. Өндірістің кең көлімді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдык деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және енімді жаппай экспортауды талап етеді. Импорттык шикізат пен жанар майды түгыну АҚШ-та 1\3 есе құраса, Батыс Еуропада шамамен 2\3, Жапонияда 4\5 шамасында. 1 Кәсіпкерлер ұлтгық нарықтың шеңбер ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда - 10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда - 20-25% шығарылады екен. 22

Өндіргіш күштерді интернационаландыру бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. Халықаралык еңбек бөлісінің жетістігін қолдана отырып дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, кажетгі машина, жабдыктар, түгыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек. Халықаралық еңбек белінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкінцігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастар қалыпты, жан-жақты байланыстардын болуына жағдай туады.

«Ескіден келе жатқан үлттық, жергілікті тар шеңбермен өз өндірісіиің өнімімен шектелудің орнына жан-жақты катынастар мен ұлттардың арасында бір-біріне байланысы күшейе түседі». 3

Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі-халықаралык экономикалық түрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудын басты факторы болып табылады.

3. ХАЛЫКАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

Бірнеше рттык шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құрауын халыкаралық экономикалық интеграция процесі дейміз.

Осы интеграциялык құрылымға - Еуропалық экономикалық қауымдастык (ЕЭҚ) жатады. ЕЭҚ 1957-ші жылы қүрылып, оған алғашкыда алты мемлекет енді: Бельгия, Голландия, Италия, Люксембург, Франция, Германия.

Ал, 1973-ші жылы төрт мемлекет косылды: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылы қаңтардан бастап Испания, Португалия косылып - «Еуропа он екілігі» дүниеге келді. Үлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына кауымдастықтың бюджет-каржы істерін бакылау жатады. ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып Министрлер Советі жатады. Министрлер Советінің шешімі серіктес-мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Совет жұмысыньщ аясына кауымдастық қызметінің негізгі сұрақтары толык енеді. Әр мемлекеттің басшысы Совет мәжілісіне жарты жыл терағалык жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады.

Еуропалық экономикалык қауымдастық территориясында енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өз ара еркін козғалып отырады.

Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.

Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекетгерінің сауда- экономикалык тобы (АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филшшин. Латын Америка территориясында 1980-ші жылы сондағы еддерден ең ірі экономикалық сауда тобы құрыдды. Мақсаты - аймактағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, баска елдермен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикандык жалпы нарықты кұру болып табылады. Бұл кауымдастыққа 11 ел кіреді: Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан.

Ал, 1992-ші жылы ақпан айының 17-де Солтүстік америка жалпы нарығы (НАФТА) құрылды. Оған: АҚШ, Канада, Мексика елдері мүше болды. Олардың үйғаруынша: Канада - табиғи (орманды) ресурстарды, Мексика - мүнай мен арзан жүмыс күшін жіберіп отырады.

Сондай-ақ, 1991-ші жьшы желтоқсан айында бұрынғы кеңес Одағына кірген республикалар егеменді мемлекетгер Декларациясьш қабылдап Одағының Шартына қол қойды. Сөйтіп, Тәуелсіз мемлекетгер достастығы (ТМД) пайда болды.

Жаңа реформалау жағдайында олардың араларында қалыпты экономикалық қатынастар түрі осы кезге дейін табылған жоқ. Экономикалық әріптестіктің тиімді схемасынын қапыптасуын Еуразиялық тертіліктің (1996 ж. ) шартынан байқаймыз. Оған: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия елдері енді. Кеден одағы қүрыдды. Бірігуідің нәтижесі өз жемісін беріп келеді.

4. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫКАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі моиындады. Минерадды ресурстарға бай Қазакстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын қүрылды. Соңғы үш жыдда (1995, 1996, 1997) инвестицияның келуі 2 есе өсіп, 282 млн. жуық доллар құрады.

Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т. б. ) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе - Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақгастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатьшастар басым бағытгар үстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалык қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байкатады.

Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлык ТМД еддерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық еңбек бөлінісі және экономикалық интеграция
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
Өзгеріс үстіндегі әлем шаруашылығы
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының объективті негіздері
Халықаралық экономикалық қарым - қатынастардағы рыноктық механизм
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Халықаралық сауда туралы
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы мәлімет
Халықаралық капитал қозғалысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz