Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу және оның нәтижелілігін арттыру міндеттері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

"Экономикалық теория және мемлекеттік басқару" кафедрасы

:

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Қорғауға жіберілді: " " 200_ жыл

Қорғалды: " " 200_ жыл

Мазмұны:

Кіріспе

1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

1. 1 Бағалы қағаздар, олардың түрлері мен жіктелуі

1. 2 Бағалы қағаздар рыногы сипаты

2. Бағалы қағаздарды айналысқа шығару тәртібі

2. 1 Мемлекеттің бағалы қағаздар рыногына араласуы

2. 2 Бағалы қағаздар рыногын жетілдіру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кiрiспе

Курстық жұмыстың тақырыбы - “Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу және оның нәтижелілігін арттыру міндеттері”.

Курстық жұмыстың мақсаты - бағалы қағаздардың түрлері мен классификациясын талдай келе, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының құрылымын, қызметін, даму тенденциясын анықтау.

Курстық жұмыстың өзектілігі мынада: бағалы қағаздар рыногы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі болғандықтан, бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі көптеген экономикалық, инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан, сондай-ақ қосымша ақпараттар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде бағалы қағаздар рыногының қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығы және қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы ретінде бағалы қағаздар рыногы қарастырылған. Сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздарды айналысқа шығару тәртібі мен оларды жетілдіру мәселелері талданған.

  1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

1. 1 Бағалы қағаздар, олардың түрлері мен жіктелуі

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Ол әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құн - бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктік бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистерінде дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рынокта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар және т. б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т. с. с. салалық критерийі бойынша.

Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыттай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

Қазақстанда қор рыногының қалыптасуына бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші роль атқарады. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінеді. Осының нәтижесінде 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік-коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80%-ды құрады.

Алайда акционерлік қоғамдардың брокерлік және қор биржаларының ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған 1995 жылдан басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан “таза” қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде “Бағалы қағаздар және қор биржасы” туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар” әзірленіп, бекітіледі. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін 3 заң қабылдады, олар: “Бағалы қағаздар рыногы туралы”, (Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап “Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі” Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның ұлттық банкіне берілді.

Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.

2003 жылы шілдеде “Бағалы қағаздар рыногы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы “Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы мамырдың 13-і) қабылданғаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.

Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы 6 жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:

Бастапқы рынок

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) рыногы:

бастапқы орналастыру секторы;

сатып алу - сату секторы.

Корпорациялық облигациялар рыногы

Акциялар рыногы:

МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:

МБҚ - ны сатып алу - сату секторы;

МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы

Қайталама рынок

Қор биржасы

Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы

Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақөшалай немесе тауарлай құжаттар.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушысының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал ролін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісім-шарттарға негізделеді.

Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыногы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулі, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар рыногының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай берумен сипатталады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және фьючерлік өзара шарттар және басқалары) .

Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздарды 3 топқа бөледі: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лоторея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол - кредиттік ақшалардың түрі) . Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу - сату процестеріне тартылғандықтан, вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель - қарызгер несиегерге беретін және несиегерге қарызгерден белгіленген мерзімде вексельде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айысырудың нысаны ғана емес, сондай-ақ бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызмет үшін вексельмен есептесе отырып кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес вексельде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит береді дегенді білдіреді.

Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банк сертификаттары, вексельдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар, варранттар, коносаменттер және басқалары.

Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі және туынды болып бөлінеді.

“Бағалы қағаздар рыногы туралы” заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтары және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелділіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

Бағалы қағаздар - бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен сан алуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.

Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпорациялық және басқ (фьючерстер, опциондар, коносаменттер және т. б) бағалы қағаздар жүр.

Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орые алады.

Акция - акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздардың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғмдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорынның немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

Еңбек ұжымының акциялары өз кәсіпорынының қызметкерлері арасында таратылады және оның дамуы үшін ақша салуы туралы болып табылады. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл акциялар 1998 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді акциялар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы мүмкін. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бағдарламасын орындау барысында шығарылған акциялардың Республика заңнамасымен белгіленген бір бөлігі шетелдік тұлғаларды қоса (қаржы - шаруашылық қызмет жөніндегі шектесушілер мен басқа әріптестерге) қызығушы заңы немесе жеке тұлғаларға нақтылы құны немесе биржа бағамы бойынша сатылуы мүмкін. Акциялардың бұл бөлігі өзінің дәл мәнісінде акционерлік қоғамдардың акцияларына жақындайды.

Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай акциялар жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанды (электрондық жазбалардың жиынтығы түріндн) шығарылды.

Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс.

Акциялар атаулы, сондай- ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция - оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей-ақ бағалы қағаздар рыногында еркін сатып алу- сатуға мүмкіндік береді.

Облигация - ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарызшығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілген сыйақы есептелетін ақшадай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (несиегерлер) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (борышқорлар) арқасында қарыз қатынастарын растайды.

Облигациялар атаулы, сондай- ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналыста шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебіне сатып алады.

Облигациялардың мынандай түрлері болады:

агенттік облигация;

ипотекалық облигация;

қамтамассыз етілген облигация;

ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;

мемлекеттік емес облигациялар;

кәсіпорындардың облигациялары;

Агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облигация.

Ипотекалық облигация - жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен шығарылтын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облигация және тұрақты пайыз әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

Қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.

Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.

Кәсіпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.

  1. Бағалы қағаздар рыногы сипаты

Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан, халықтан және заңи тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы қағаздар ерекше болып келеді. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық вексельдер, облигациялар және басқалары. Олардың арасындағы айырмашылық іс-әрекет ету мезгіліне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына, ұстаушыларына байланыстылығында. Қазақстан Республикасында қазынашылық вексельдер мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер нысанына түрленген, олардың мәні "Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш" тарауында (17. 2 бөлімде) қаралған.

Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздың түрі, ол иелерінің ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының ағымдағы жай-күйі
Бағалы қағазды инвестициялау
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар теориясы
Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бағалы қағаздар нарығы
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz