Мектеп оқушыларын тамақтандырудағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп оқушыларын тамақтандырудағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру»

Қабылдаған:

Орындаған:

Тобы:

Алматы 2012

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3

1. Тамақтану тәптібін білесің бе? . . . 4

1. 1. Теңестірілген тағам теориясы . . . 6

2. Тамақтанудың гигиенасы ұйымдастыру . . . 7

2. 1. Ішек-қарын ауруларының алдын алу . . . 7

2. 2. Ұлттық тағамдардың адам денсаулығын

нығайтудағы маңызы . . . 9

3. Дұрыс тамақтану негіздері . . . 10

3. 1. Мектеп оқушыларын тамақтандыруда қызмет көрсетудің бірінші принципі - энергия теңдестігі . . . 11

3. 2. Мектеп оқушыларын тамақтандыруда қызмет көрсетудің екінші принципі - негізгі қоректік заттарға деген қажеттілікті қанағаттандыру . . . 15

3. 3. Мектеп оқушыларын тамақтандыруда қызмет көрсетудің үшінші принципі - тамақтану режимін ұйымдастыру . . . 26

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе.

Адам тамақ үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақтанады. Ал, өмірдің дархан молшылығы да, қиын-қыспақ таршылығы да болуы ақиқат. Бүкіл ел басына қиыншылық түскенде, қол жеткенді қанағат қылып, киімнен кенде, тамақтан аш болған да уақыттар болды.

Қазіргі заманымыз да жақсарды, еліміз де жаңарды, тұрмысымыз да түзелді. Киім көк, тамақ тоқ деген сияқты талғай білсек, жоқ зат аз.

Ал, қазіргі уақытта біздің елімізде пайдаланылатын тағамдардың калориялық қуаты мол. Халқымыздың дастархан байлығымен қатар тамақтану мәдениеті де өсе түсуде. Денсаулық сақтау жөніндегі медициналық шаралар да ойдағыдай жүзеге асырылып келеді.

Дегенмен, көпшілігіміз тағамды ғылыми тұрғыдан, организм талабына сәйкестеніп талғай алмаймыз. Қазақ халқының тағамды пайдалану мен дайындауында ерте заманнан қалыптасқан ұлттық ерекшеліктері бар екені мәлім. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқандығынан ет пен сүт көбірек пайдаланылған да, жеміс пен овощ өте сирек қолданылған.

Ал, қазіргі дәуірде әлеуметтік-экономикалық және тарихи жетістіктерге байланысты жалпы әдет-ғұрпымызға, сол сияқты тағам жөніндегі талғамымызға да біраз өзгерістер енді.

Міне, осыған байланысты тағам құрамы, оның сапасы, организмді қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету жөнінде білгеніміз әбден орынды. Әсіпесе, тағам құрамындағы организмге өте қажетті және оларды басқа заттармен алмастырып, орнын толтыруға болмайтын факторлар жөнінде хабардар болғанымыз жөн. Белок, углеводтар, май, витаминдер, тұздар т. б. заттар белгілі бір мөлшерде күнделікті пайдаланылатын тағам құрамында болуы қажет.

Тиімді тамақтану деп организмнің қоректік заттарға деген физиологиялық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуді айтады. Сапалы ас мектеп оқушыларының дұрыс өмір салтын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Тиімді де сапалы тамақ - көптеген аурудан сақтандыратын, олардың алдын алатын қуатты фактор болғандықтан да адам денсаулығы мен өнімді еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.

Адам тәулігіне қанша тамақ ішу керек? Бұл сауалға дұрыс жауап беру үшін ең алдымен лайықты тамақтану теориясына тоқталайық. Организмнің өсуі мен клеткаларының үнемі тұрақты түрде жаңарып тұруына қажетті тамақ, яғни қуаты мен құрылыс материалдарына деген қажеттілік мектеп оқушыларының жасына, жұмысына, жұмысының сипатына, мекендейтін жерінің климатына лайық болуға тиіс. Сонымен бірге адам бір тәулікте ішкен тамағынан бойына қаншалықты қуат алса, соншалықты қуат шығындауы да керек. Олай етпеген жағдайда артық ішкен тамақтың зардабы көп ұзамай-ақ біліне бастайды.

1. Тамақтану тәртібін білесің бе?

Тамақтың - тіршілік атаулыға ауадай қажет екені бәріңе белгілі. Онсыз адам баласы өмір сүре алмайды. Дұрыс тамақтанбаса, аш құрсақ болып жүрсе, денсаулығы нашарлап, қабілеттілігі төмендейді. «Өзі тоймастың көзі тоймас» демекші, ішіп-жеген осы екен деп, тыңқиып тойып алуға тағы болмайды. Қалай болса солай тамақтанғанда, біріншіден - организмде зат алмасу процесі бұзылады. Екіншіден, дене құрылысының қалыпты жағдайы, әсіресе, тағам қорыту, жүрек-қан тамыр, жүйке жүйелерінің жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығады. Бұл ғылыми тұрғыдан зерттелген. Белгілі мөлшерден артық немесе кем ішіп-жеу адам түгілі тірі жәндіктің өзіне зардабын тигізеді. Әсіресе, өсіп-жетілуі тоқтамаған кішкене сәбилер мен аяғы ауыр, нәрестелі аналарға оның әсері күшті. Сондай-ақ, аз қозғалатын, білек күшін жұмсайтын еңбекпен шұғылданбайтын адамдарға мөлшерден тыс тамақтанудың зияны көп.

Сонда не істеу керек дейсіңдер ғой. Бұл үшін медицина ғылымының кандидат Сәтбек Мұсабекұлы ағаларыңның айтқандарына назар аударыңдар. Ол кісі Алматыдағы Тағамдау институты тамақтану физиологиясы бөлімінің меңгерушісі болғандықтан, осы мәселені зерттеп жүрген маман. Сәтбек ағаларыңның айтуынша, әр адам өз жасына, жұмыс түріне, физиологиясына, тіпті тұратын жерінің ауа-райына қарай ішіп жеуі керек екен. Яғни, тағамның күш-қуаты оқушының 1 тәулікте жұмсаған энергия мөлшеріне тең болуы шарт. Бұл кім қалай жұмыс істесе, солай тамақтануы керек деген сөз.

Егер оқушы белгілі мөлшерден тыс ішіп-жесе, толысып кетеді. Содан барып, қан диабеті, атеросклироз ауруына шалдығады. Бауырдың қызметі бұзылып, басқа да аурудың түрлері пайда болуы мүмкін. Ал керісінше, аз тамақтағанда, организмнің қалыпты өсіп-жетілуі, зат алмасу процестері төмендейді. Кейбір ұл-қыздардың сабақты игере алмай, ой мен дене жұмысына деген қабілеті нашарлап, денсаулығына зиян келетіні осыдан.

Тағамдау институтының мамандары зат алмасу процесі адамдардың іс-қимылына қарай өзгеріп отыратынын анықтаған. Олардың айтуынша, осы процесс кісінің демалып жатқан сәтімен салыстырғанда, отырған кезде 12 %, орнынан тұрған кезде 20 %-ке, жүргенде 80-100 %-ке, ал жүгіргенде 400 %-ке артады екен. Астан кейін жата кетуге болмайтыны, ішкен-жегенін дұрыс сіңіру үшін көбірек жүру керектігі де осыдан.

Білесіңдер ме, мендерде зат алмасу, энергия жұмсау мөлшері ересек адамдарға қарағанда, анағұрлым жоғары екен. Керек десең, ол сабақтың түріне де байланысты көрінеді. Әңгімеміз дәлелді болуы үшін Сәтбек ағаларың жасаған ұл-қыздардың тағамдық заттарға мұқтаждық мөлшерін (тәулігіне) ұсынып отырмыз:

Оқушының жасы, жынысы
Қуаттылық (энергия) ккал
Белоктар, г.
Майлар, г.
Көмірсулар (углеводтар), г.
Барлығы
Оның ішінде жәндіктер белогі
Барлығы
Оның ішінде өсімдік майы
Оқушының жасы, жынысы:

6

7-10

11-13 /е/

11-13 /А/

14-17 /е/

14-17 /А/

Қуаттылық (энергия) ккал:

2000

2350

2750

2500

3000

2600

Белоктар, г.:

69

77

90

82

98

90

Майлар, г.:

45

46

54

49

59

54

Көмірсулар (углеводтар), г.:

67

79

92

84

100

90

10

16

19

17

20

19

285

335

390

355

425

360

Ескерту: е - ер бала, А - қыз бала.

Мысалы, 6 жастағы оқушы тәулігіне 2000 ккал энергия жұмсаса, 7-10 жаста орташа есеппен 2300 ккал, 11-13 жастағы қыз бала - 2500 ккал, ал ер бала - 2700 ккал, 14-17 жастағы қыздар - 2600 ккал, жасөспірімдер - 3000 ккал жаратады екен. Бұл жалаң сандардан сендердің жестарың ұлғайған сайын энергия жұмсау мөлшері де көбейетінін байқадыңдар. Шын мәнісінде олай емес, - дейді Сәтбек ағаларың. - Керісінше, дене салмағының кг-на шаққанда жасы кіші болған сайын энергия жұмсау да анағұрлым көп. Өйткені жас балалар үздіксіз қозғалыс үстінде болады да, бойында зат алмасу процесі өте жылдам қарқынмен жүреді. Төмендегі кестеде осы жағдайғы байланысты әр жастағы ұл-қыздардың жұмсауға тиісті қуаты (энергиясы) мен соған сай түзілетін заттардың мөлшері көрсетілген:

Оқушының жасы, жынысы
Қуаттылық (энергия) ккал
Белоктар, г.
Майлар, г.
Көмірсулар (углеводтар), г.
Барлығы
Оның ішінде жәндіктер белогі
Барлығы
Оның ішінде өсімдік майы
Оқушының жасы, жынысы:

6

7-10

11-13 /е/

11-13 /А/

14-17 /е/

14-17 /А/

Қуаттылық (энергия) ккал:

112, 3

97, 9

83, 3

73, 5

65, 2

55, 7

Белоктар, г.:

3, 9

3, 2

2, 7

2, 4

2, 1

1, 9

Майлар, г.:

2, 5

1, 9

1, 6

1, 4

1, 3

1, 1

Көмірсулар (углеводтар), г.:

3, 8

3, 3

2, 8

2, 5

2, 25

1, 9

0, 6

0, 7

0, 6

0, 5

0, 4

0, 4

16, 0

14, 0

11, 8

10, 4

9, 2

7, 7

Тамақтану - өмірді, өсіп-өнуді, денсаулық пен мектеп оқушыларының жұмысқа деген қабілетін сақтау амалы. Организм тамақ және сыртқы орта бір-бірімен біте байланысқан. Тамақ көп құрамдас бөліктерден тұрады: белок, май, көмірсу, макро және микро элементтерден (фосфор, кальций, натрий, йод, кобальт, қалайы, және т. б. ), сондай-ақ, витаминдерден, фитоцидтер мен клетчаткадан.

Ұтымды тамақтану - ол жасушалар құрамына қажетті заттармен организмді қамтамасыз етіп, қуат, қимыл және тағы басқа қажеттілік ететін, заттар алмасуын қоректі деңгейде ұстайтын тағамдарды қолдану. Ұтымды (тиімді) тамақтанудың негізгі элементтері :

1. Тәуліктік қоректі заттардың ара-қатынасының үйлесімді балансын сақтау.

2. Мектеп оқушыларын тамақтандыруда қызмет көрсетудің тәртібі.

3. Энергия балансын (тепе-теңдігін) сақтау.

Рационалды (толық мәнді үйлестірілген) тамақтану - ол тамақтың қуат және сапалық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік ара-қатынастарының тұрақтылығын, қорытылуын және сіңірілуін, санитарлық және гигена жағынан мінезділігін ескртуді қажет етеді. Мұнымен қатар, тамақтану тәртібін анықтай отырып, оның қабылданар мерзімін, ұзақтығын, сандық шамасын, құрамын т. с. с. анықтауды керек етеді.

1. 1. Теңестірілген тағам теориясы.

Тағам теориясы дегеніміз - мектеп оқушыларының ішетін тағамдарының құрамында қоректік заттар компоненттер бар - бір-бірімен теңестірілген және жеткілікті түрде болуы. Мысалы, тағамдардың құрамында витаминдердің, органикалық қышқылдардың, аминқышқылдарының, микро және макро элементтердің мөлшері жеткілікті түрде болуы.

Тағамдардың құрылысы мектеп оқушыларының ғзасына сәйкес келіп отыруы тиіс. Ал егер тағамдардың құрылысы бұзылса, онда адам неше түрлі дерттерге шалдығады. Оларды кейінгі кездегі жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдеп шықты.

Дерттердің көпшілігі қант диабеті, қан қысымы жоғарлауы, жүрек аурулары, тіс ауруы, қатерлі ісік, ми соқпасы (инсулы және толып кету, семіру) дұрыс және жүйелі түрде тамақтандырудан пайда болады. Теңестірілмеген тағамдарды ішуден ауруларды өзіне таратып алуымыз мүмкін.

  1. Тиімді тамақтану ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әсеріне қарсы тұрарлық қажетін дамытатын маңызды тәсілдердің бірі.
  2. Теңестірілген тағамдардық ролі.
  3. Тағам мөлшерінде (рационында) қалаулы өнімдерде қант, ас тұзы және майлар өте аз болуы керек.
  4. Мектепте болсын, жоғары оқу орындарда оқыған кезде жақсы оқуға дем беретін тағамдар ішу керек.

2. Тамақтанудың гигиенасы ұйымдастыру.

Мектеп оқушыларының денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.

Қандай қенеулі заттар астың құрамына кіретінін айтыңдар.

Ас тағамдары әр түлі болуы керек.

Үнемі бір түрлі тамақ ішкенде, оның сіңімділігі төмендеп, мектеп оқушыларының аса тәбеті тартпайды. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.

Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады.

Асқорыту солінің мол бөлінуіне жеміс шырындары мен көкөністер әсер етеді.

Тамақтану мезгілі. Асқорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үшін әр уақытта бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанып отыпған мектеп оқушыларының асқорыту мүшелерінің бездерінен тамақ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді. Мезгілімен тамақтану - оның жалдам қорытылып және жақсы сіңуіне шартты жағдай.

Күніне төрт мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне үш мезгіл тамақтанады. Күніне төрт рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: ертеңгі ас - 25 %, түскі ас - 15 %, кешкі ас - 20 %.

Есіңде болсын!

Тамақты өте кешігіп ішу және ққұрғақ тағамдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан екі сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты ассықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқында болмағаны жөн. Ас ішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістерді астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттену керек.

Ас кенеулі және әр түрлі болуы керек. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

2. 1. Ішек-қарын ауруларының алдын алу.

Ішек-қарын аурулары ауру қоздыратын микроптар арқылы пайда болады. Бұл микроптар денеге қанатылмаған су ішкенде, жуылып тазартылмаған көкөніс және жемістер, лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады. Микроптар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп ағзаны уландырады. Адам ауруға шалдығады. Әсіресе тышқақ (дизентерия), іш сүзегі, тырысқақ өте қауіпті ішек-қарын аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда ішектің жұмысы бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Мұндайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделу адам өміріне қатер туғызады. Бұл қауіпті ауруларды шыбындыр мен тарақандар таратады. Олар тамақ қалдықтарымен қоректенетін болғандықтан, азық-түлік заттарының үстінде жорғалап жүріп, әр түрлі микроптармен және ішек құрттарының жұмыртқаларын жұқтырады. Бұл бунақденелілер өте жылдам көбейеді де жан-жаққа таралады. Олардан арылу өте қиын. Сондықтан, үйдің маңайын, қораны үнемі таза ұстау керек. Азық-түлік заттардың артығын арнаулы жәшіктерге, жабылатын шыны ыдысқа немесе жылтыр қағаздарға салып сақтаған жөн. Тамақтанған соң тамақтың қалдықтарын үстен үстінен жинап, ыдыс-аяқты тазартып жуып, шкафта сақтайды. Ас қалдығын сақтайтын шелектің бетін жақсылап жауып, күнделікті тазартып, жуып отыруды ұмытпау керек.

Ішқұрттардан пайда болатын аурудың алдын алу. Жануартанудан құрттарды өткенде олардың көптеген паразитті түрлерімен таныстыңдар. Солардың ішінде адам ағзасында тіршілік етуге бейімделген түрлері болады. Мектеп оқушыларының ішқұрты дайын кенеулі заттармен қоректенеді де, улы заттарды өзінен бөліп шығарып, адамды уландырады.

Ішқұрт ауруымен ауырған адамдар жылдам шаршап, ұмытшақ болады. Олардың басы ауырып, жүрегі айнып, құсады, қаны азаяды. Ішқұрттар кір қолдан, жуылмаған жемістен, көкөністен жұғады. Кейбір ішқұрттар шала піскен және қуырылмаған ет пен балық арқылы да адам ағзасына өтеді.

Адамға көбірек жұғатыны ішексорғы, цепен. Бұлар өте сезімтал. Мысалы, ішексорғының ұрғашысы бір жылда ондаған миллион жұмыртқа салады. Аурудың таралуына шыбындар себеп болады. Ішқұртымен ауыпған адам, өз ауруын басқа адамдарға жұқтырады. Сондықтан өз бетімен емделмей, дәрігерге қаралып, емделу қажет.

Есіңде болсын!

Ішқұртының ауруларынан сақтану үшін, жеке басыңның гигиенасын сақтай біл, ас ішер алдынджа және тамақ пісірерде, дәретханадан соң қолыңды жақсылап сабынмен жу, төсек орныңды және киім-кешектеріңді үнемі таза ұста. Жеміс, жидектерді жуып, суды қайнатып ішкен жөн. Тамаққа шала піскен немесе шала қуырылған ет пен балықты қолданба. Өзің тұратын бөлмені таза ұста.

Астан уланудың алдын алу. Қандай улы саңырауқұлақтарды және өсімдіктерді білесіңдер? Тамақтан уланудың белгілерін және алғашқы жәрдем көрсете білесің бе?

Сапасы төмен тамақтармен тамақтанғаннан кейін көп кешікпей аурудың пайда болуын тамақтан улану дейді. Уланудың алғашқы белгілері: мектеп оқушыларының іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, іші өтеді, адам әлсізденеді, қуаты кетеді. Уланған мектеп оқушыларының дене қызуы көтерілуі де мүмкін. Уланған адамды жатқызып, тез арада дәрігер шақыртып, алғашқы көмек көрсетеді. Ондайда мектеп оқушыларының қарқынын жуу қажет. Науқасқа (жарты шай қасық ас содасын бір стақан жылы суға қосып) 2-3 рет жылы су ішкізу керек те, әбден құстыру қажет. Қарын тазарған соң ыстық шай береді.

Алкоголь мен никотиннің ас қорытуға әсері. Шылым шегудің денсаулыққа зиянды екенін сендер естіп жүрсіңдер. Темекінің түтініндегі улы заттар мектеп оқушыларының барлық мүшелеріне әсерін тигізеді. Темекінің түтіні дәм сезуді және мектеп оқушыларының тамаққа тәбетін нашарлатады. Шылым шегуден, тістің кіреукесі бұзылып, тіс сарғайып кетеді. Темекінің түтіні сілекеймен қарынға түседі. Темекінің уы қарынның қабырғасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Қарында, ұлтабарды жара пайда болады. Темекі түтініндегі улы заттар асқорыту жүйесінің мүшелерін пәле ауруына шалдықтырады. Шылым шегу асқорыту жүйесінің жұмысын бұзады.

Алкоголь - өте жылдам әрсе ететеін улы зат. Ол қанға өтіп онымен бүкіл ағзаға тарап уландырады. Алкоголь қарынның сілекей қабықшасын және басқа ас қорыту мүшелерді қабындырады. Үнемі қабынудан асқорыту мүшелері тітіркенеді де жара және пәле ауруына шалдықтырады.

Алкоголь бауырдың жұмысына әсер етеді. Алкогольдің әсерінен бауырдың жасушалары май жасушалырымен орын алмасады. Сөйтіп, бауырбы серозит ауруына шалдықтырады. Бауыр өзіне тән қызметті атқара алмайды.

Шылым шегу, ішімдікке әуестену асқорыту жүйесін мүшелерінің жұмысын бұзады. Өмірге қатерлі ауруларды дамытады.

2. 2. Ұлттық тағамдардың адам денсаулығын нығайтудағы маңызы.

Қазақ халқы ұлттық тағамдырды дайындаудың ежелгі әдістерін осы күнге дейін пайдаланып келеді. Бұрыннан белгілі, жылдың маусымдық ауысуына байланысты, мектеп оқушыларының күш-қуатын ас арқылы толықтыру мақсатында, халқамыз тағамның мынадай түрлерін әзірлеген:

Қыстың боранды күндерінде жылқы етінен тағамдар жасаған (жал-жая, қазы-қарта, езілген құрт қосылған көже) ; жаз айларында сүт, ет пен сары қымыз, ірімшік пен сықпа құрт, ыстық шай; күздің қоңыр салқын күндерінде сары май салған сүзбе көже, қуырдақ, күзге сойған малдың етінен жасалған тағамдар; жазғытұрым уыс, айран, сүт тағамдары. Бұл тағамдардың кенеулі қасиеті ағзаның айналаның ауыспалы өзгерістермен сақтап қалуға зор мүмкіндік береді.

Ұлттық тағамдардың емдік қасиеттері мемлекетіміздегі тамақтану институтының ғалымдарының еңбектерінде жан-жақты зерттеліп жазылды. Осының нәтижесінде Қазақстан Республикасында Бурабай, Мойылды т. б. емдеу орындарында қымыз, сүт, ет тағамдары кеңінен қолданылып отарды.

Қонақжайлықтың тәбет ашуға, көңіл-күйді көтеріп, денсаулықты нығайтуға әсері. Қазақ халқында тамаша қасиеттің бірі - қонақ жайлылық 7-10 ғасырлардан басталып осы күнге дейін мектеп оқушыларының көңіл-күйін көтеруде қалыптасқан салт - қонақ ақысы беру. Адам күні адаммен - деген мақалдың шығу себебі де, осы адамдардың адагершілік қарым-қатынасын білдіреді. Үлкендерге сыбаға беру, кішілерге сарқыт беру, көршілерге ерулік беру - деген ұғымдар осы ас арқылы, дәм беру жолымен жүзеге асады. Бұлар күні бүгінге дейін өз мағыналарын жоймаған, мектеп оқушыларының көңіл-күйіне байланысты жағдайлар. Көңіл-күйі жоғары мектеп оқушыларының тәбеті асқа тартып тұрады.

Көбіне той, мейрамдарда әр түрлі тағамдардан дастарқан дайындайды (неке тойы, шолпан тойы, қырман тойы, т. б. ) . Бұл тойларда тәбет ашатын жақсы сөздер мен дәмді тағамдар мектеп оқушыларының көңіл-күйін көтеріп, асты сіңімді етеді. Сонымен ғасырлар бойы қанымызға сіңген той-думан, салт-дәстүр, ұлттық тағамдар және оны үлестіру (табақ тарту) адам дененің сау болуына әрі ем, әрі сіңімді ас болып саналады. Халықтың бұл салтын, дәстүрін ешуақытта ұмытуға болмайды. Өйткені бұлар - ғасырлар бойы талай сыннан өтіп, біздерге жеткен тамаша қасиеттер.

Ұлттық тағамдардың сіңімділігі мен қуатының адам денесіне әсері. Бұл күнде ғылымға белгілі қазақтың ұлттық тағамдарының елуден астам түрлері белгілі. Мысалы қымыздың соғыз түрі (уыз қымыз, сары қымыз, саумал қымыз, т. б. ), ал еттен қырықтан астам тағам жасалады ( ет, мипалау, қуырдақ, ақлақ, т. б. ) . Бұған қоса тағамдардың дәмін келтіретін, исін бұрқырап, мектеп оқушыларының тәбетін ашатын тұздықтар қаншама?! Жоғарыда жазылған тағамдардың қуаттылығы олардың құрамындағы минералды тұздардың ақуыздың, майлардың, көмірсулардың жеткілікті дәрежеде және дәруменге (А, В, С, Д, Е), т. б. бай болуында. Сөйтіп, ұлттық тағамдардың қуатты қасиеті мен асқорыту мүшелерінің қызметін жақсартуда маңызы өте үлкен. Мектеп оқушыларының денсаулығы нығайтуда олар мол әсерін тигізеді. Бұл күндері тәбет ашу үшін қазақ халқы басқа халықтар сияқты балық, құс және өсімдік өнімдерінен дайындалған әр түрлі тағамдар мен ұннан дайындалған тағамдардан дастарқан әзірлейді.

3. Дұрыс тамақтану негіздері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар емханасының, балалар ауруханасының жұмысын ұйымдастыру
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру
Салқын цехтың жұмысын ұйымдастыру
Жобаланған кәсіпорын - құймақ
Бұзаудағы вирустық пневмонияның өтуі
Бухгалтерлік есептің жалпы мінездемесі
Тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру
Ә.І.Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеудегі еңбектеріне тарихи-педагогикалық және теориялық талдау жасау және оларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу
Франчайзинг жүйесі
Кәсіпорынның еңбек өнімділігі түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz