Некенің жармасыздығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Некені жарамсыз деп танудың түсінігі және маңызы

Некені жарамсыз деп талап етуге құқығы бар адамдар

Некенің жармасыздығын болғызбайтын мән-жайлар

Некені жарамсыз деп танудың салдары

Қорытынды

Некені жарамысыз деп танудың түсінігі және маңызы

Некені жарамсыз деп танудың негіздері Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңының 9-11баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде сондай-ақ, жалған жаслаған жағдайда неке жарамсыз деп танылады.

Әрбір заң бойынша тіркелген неке әрине ол заңды неке болып табылады. Некені жарамсыз деп танығанға дейін некенің барлық құқықтық салдары болады¹. Некені жарамсыз деп тануда маңызы ол, сот тәртібімен бұзылуы. Яғни “Неке және отбасы туралы” Заңның 24-бабының 4-тармағында некені жарамсыз деп тек сот таниды деп көрсетілген. Некені сот жарамсыз деп танығанға дейін некеде тұратын еркек пен әйел ерлі-зайыпты болып табылады. Яғни оларда өзара отбасылық құқықтар мен міндеттер болады деген сөз.

Жоғарыда көрсетілгендей некені тек сот ғана жарамсыз деп таниды. Бұл органнан басқа ешбір мемлекеттік орган некені жарамсыз деп тани алмайды. Соттың некені жарамсыз деп тануы сотқа талап арыз беру арқылы жүзеге асады.

Некені жарамсыз деп танудың негіздері ол “Неке және отбасы туралы” Заңының 9-бабында көрсетілген шарттарға, яғни некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Некеге тұруға белгілі бір кедергілердің өзі некені жарамсыз деп танудың негізі болып табылады.

Енді нақтырақ тоқталсак, мына тіркелген неке жарамсыз деп жарамсыз деп танылады:

¹Антокольская М. В. Семейное право Москва-1996 124-бет

Егер некеге тұрушылардың біреуі басқа тіркелген некеде тұрса, Тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (Ата-аналары мен балаларының, атасының, әжесінің және немерелерінің) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің, аға-қарындастардың, асырап алушылар мен асырап алғандардың, біреуінің болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында тіркелген неке жарамсыз деп танылады.

Бұдан өзге некені жарамсыз деп танудың тағы бір негізі ерлі-зайыптылардың біреуінің болса да өзінің ВИЧ/СПИД немесе венерологиялық ауруының болуын жасыруы болып табылады.

Некені жарамсыз деп тану бұл неке заңдарын бұзғаны үшін белгілі бір санкция болып табылады¹. Яғни бұл жерде кінә ерлі-зайыптылардың әрқайсысында да болуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың некеге тұрған кезде біреуінің немесе екеуінің де кінәсінің болуы бұл белгілі бір жауаптылық болып табылады.

Бірақ кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де кінәсіз болуы да мүмкін. Оған дәлел ретінде мына бір мысалды келтіруге болады. Ерлі-зайыптылардың зайыбының қайтыс болуына байланысты өзінің бұрынғы некесі тоқтатылған деп ойлайды. Ал бірақ шын мәнісінде тірі болуы. Бірақ оған қарамастан екінші неке жарамсыз деп танылады. Бұл жерде некені жарамсыз деп тану заңға қайшы әрекеттің алдын алу яғни заңды қорғау болып табылады²².

Неккені жарамсыз деп танудың кері күші болады, ол дегеніміз неке некеге тұрған кезден бастап жарамсыз деп танылады.

¹Антокольская М. В. Семейное право Москва-1998 128-бет

²¹Антокольская М. В. Семейное право Москва-2000 118-бет

Некені жарамсыз деп тану құқықтың өзінің табиғаты бойынша жарамсыз мәміле жасаумен тең. Даулы немесе жарамсыз мәміле жасалғандай некедегі барлық отбасылық қатнастар соттың некені жарамсыз деп танығанша болады. Бұл уақытқа дейінгі некенің жарамдылық презумпциясы болады. Жоғарыда аталған жағдайлардың болуы некенің жарамсыздығы болады, бірақ некенің жарамсыздығы туралы шешімді сот шығарады ол үшін талап арызбен сотқа жүгіну керек.

Некені жарамсыз деп тануда неке қатнастарына тұрушы адамдардың өзара ерікті келсімі және еркі болуы ықпалды әсерін тигізеді. Ерікті келсімнің болмауы мына жағдайларда орын алады:

Күштеп мәжбірлеу, қорқыту, алдау, адастырушылық және де өзінің іс-әрекетіне ие бола алмауы, яғни психикасының дұрыс еместігі.

Күштеп зорлау физикалық және психикалық болуы мүмкін. Екі жағдайда да ол анық және тура болуы керек. Күштеп зорлаудың некеге тұруға байланысты әсерін объективті критерий емес субъективті критерий бойынша анықтау керек. Көбінде некеге тұруға мәжбірлеу әйелдерге көп қолданылады, яғни алып қашу көбінесе орын алады, бұндай некені жарамсыз деп тану көбінесе орын алмайды, себебі некені жарамсыз деп тану туралы сотқа арыз түспейді.

Алдау және адастырушылық өзара бір-бірінен айырмашылығы бар түсініктер. Алдау бұл біле тұра көрнеу адастырушылыққа апару, ал адасушылық немесе жаңлысу бұл тараптардың еркінен тыс жағдайда да немесе үшінші тұлғалардың әрекетінен де орын алуы мүмкін. Жаңлысу көбінде адамдардың моральдық тұрғыдан адасуы болып келеді. Мысал ретінде ерлі-зайыптылардың біреуінің өзінде ВИЧ инфекциясының немесе венерологиялық ауру бар екендігін жасыруы немесе ол туралы білмеуі. Бірақ оған қараматсан неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады¹.

Некесі әлі тоқтатылмаған некесінің болуы екінші некені жарамсыз деп таниды. Ерлі зайыптылардың біреунінің әрекет қабілетсіз болуы да некені жарамсыз деп танудың негізі болып табылады. Бұл жерде айтакететін бір мәселе некені жарамсыз деп тану соттың міндетті емес құқығы болап саналады. Көбінде некені жарамсыз деп танудың негізі жалған некеге тұруда орын алады. Жалған неке деп - отбасын құру мақсатынсыз қиылған некені айтамыз. Бұл некенің құқықтық табиғаты жарамсыз мәміле тәрізді, яғни олардың түпкілікті мақсаты заңмен белгіленген құқықтық салдары жоқ.

Некені жарамсыз деп тануға байланысты талап қою мерзімі ескірмейді. Талап некенің кез келген уақытында берілуі мүмкін. Неке бұзылғаннан кейін талап қойылмайды.

¹ «Жанұялық құқық» нормативтік құқықтық актілер жинағы 2005 жыл.

Некені жарамсыз деп талап етуге құқығы бар адамдар

Егер неке ерлі-зайыптылардың біреуінің еркінен тыс тіркелсе, яғни ерікті келсімі болмаған жағдайда: мәжбір ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекетінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некені жарамсыз деп тану туралы талапты некеге тұру арқылы құқығы бұзылған сол тұлға жұбай сондай-ақ прокурор береді¹. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің неке жасына толмай тіркелсе некені жарамсыз деп талап қоюға:

Кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар) қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек өзі ғана құқылы. Осы жерде некені жарамсыз деп мына жағдайда орын алмайды. Яғни зайыбының жүкті болуы, баланыың туылуы, бір-біріне деген байланыстылық сезімінің оянуы бұл жерде ерлі-зайыптылардың құқықтарына қайшы келеді.

Некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қоғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңының 11-бабының талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзыған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор.

Жалған некеге тұру жағдайында прокурор сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы.

¹ «Неке және отбасы туралы» заң 25-баптың 2-тармағы

Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшесіне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінеді¹. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тарттылады.

¹Антокольская М. В. Семейное право Москва-1996 134-бет

Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар

Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Ал егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ оның некені жарамсыз деп тануға келсімі болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап арыздан бас тарта алады. Осы жерде некені жарамсыз деп мына жағдайда орын алмайды. Яғни зайыбының жүкті болуы, баланыың туылуы, бір-біріне деген байланыстылық сезімінің оянуы бұл жерде ерлі-зайыптылардың құқықтарына қайшы келеді². Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сотқа қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды

Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі болған некені не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайды қоспағанда¹. Некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды

¹ ҚР “Неке және отбасы туралы” Заңының 11- бабы

² Антокольская М. В. Семейное право Москва-1996 130-бет

Некені жарамсыз деп танудың салдары

Некені жарамсыз деп танудың салдары ол некенің барлық құқықтық салдарын жоққа шығарады. Некені жарамсыз деп танудың ерекшелігі сол: ол некені тоқтату ғана емес некеге дейінгі барлық жағдайды қалпына келтіреді. Ерлі-зайыптылар ортақ тегін сақтап қалуы яғни әйелі күйеуінің тегін алуы жоққа шығарылады, бір азаматтығы жойылады, жұбайының үйын пайдалану құқығынан айырлады, алимент талап ету құқықтарынан да айырлады. Егер некеде неке шарты болса некені сот жарамсыз деп таныса онда неке шарты да жарамсыз деп танылады.

Бірақ барлық уақытта некені жарамсыз деп таныған кезде некеден туған барлық құқықтықсалдарды жоққа шығару адал жұбайының белгілі бір құқықтарын бұзуға алып келеді. Бұл туралы ереже “Неке және отбасы туралы” Заңының 27-бабында көрсетілген:

Неке жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасның Азаматтық Кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады. Некені жарамсыз деп мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.

Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы¹.

¹ “Неке және отбасы туралы” Заңның 134 және 135 баптары

Некені жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алған мүлікті бөлуге қатысты “Неке және отбасы туралы” Заңның 32, 36, 37 - баптарында белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕКЕНІ БҰЗУ. Некені тоқтату және оның негізі
НЕКЕНІ БҰЗУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Некені қию және бұзу
Некенің бұзылуы
Неке және отбасы ұғымы туралы
Неке отбасы құқығын жүзеге асыру және қорғау
Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Неке және отбасы. Некені тоқтату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz