Операциялық жүйелер мен олардың арқаратын қызметтері туралы


Жоспар:

  1. Операциялық жүйелер мен олардың арқаратын қызметтері.
  2. Негізгі түсініктер мен белгілеулер.
  3. MSDOS операциялық жүйесінің құрылымы.
  4. Операциялық жүйенің негізгі жұмыс істеу режимі
  5. Командалардың жіктелуі.

Кiрiспе

Бүгiнгi тақыбырымыз WINDOWS операциялық жүйесiнiң қыр-сырымен толыққанды танысу болмақ. Иә, бiр рефератқа WINDOWS операциялық жүйесi туралы бүкiл мәлiметтердi сидырып айту мүмкiн емес. Соған қарамастан WINDOWS операциялық жүйесiнiңнегiзгi және маңызды деген мәлiметтер келтiруге тырысамыз.

Бүгiнгi таңда қарапайым қолданушылар үшiн компьютермен бiлiктi жұмыс iстеу үшiн WINDOWS операциялық жүйесiнiң мүмкiндiктерi мен оның жұмыс iстеуiн толық меңгеруi қажет.

Адам мен компьютер арасында байланысты ұйымдастырушы қызметiн, яғни пайдаланылатын негiзгi интерфейс рөлiн MS-DOS жүйесiнде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы адам мен MS-DOS жүйесi арасында сұхбат өте қолайсыз болды. Бiр еоманда-ны орындау үшiн ондаған символдарды теруге тура келдi. Осы опе-рациялық жүйемен негiзiнен тек маман программалаушылар ғана тiкелей жұмыс iстейдi де, көптеген адамдар ондай дәрежеге жете алмады.

80-шi жылдардың ортасында MS-DOS-тың мұндай кемшiлiгiнен арылу үшiн, Microsoft фирмасы IBM тәрiздi компьютерлерге арналған көп мақсатты операрациялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, олардың бiрi windows жүйесi бола-тын.

Осылайша windows95, windows98, windowsNT операциялық жүйелерi пайда болды.

Операциялық жүйелер мен олардың атқаратын қызметі.

Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасатудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОС-тың екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:

  1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
  2. Әрбір адамға ЭЕМ-нің жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

Windows жүйесiнiң негiзгi функциялары.

Кез-келген операциялық жүйе сияқты windows мынандай мәселе-лердiң орындалуын қамтамасыз етуi тиiс:

-компьютердiң барлық ақпараттық құрал-жабдықтарын басқару;

-файлдық жүйемен жұмысiстеудi қамтамасыз ету;

-қолданбалы программаларды iске қосу;

-бiр уақытта бiрнеше программалардың жұмыс iстеуiнiн;

-әртүрлi программалар арасында мәлiмет алмасуды;

-масштабталатын қарiптердi қолдауды;

-мультимедия мүмкiндiктерiн пайдалануды;

-бiрiңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

Windows жүйесiнiң негiзгi ұғымдары.

Терезе.

Терезе - WINDOWS жүйесiндегi ең негiзгi ұғым болып саналады, WINDOWS сөзiнiң нақты аудармасы “терезелер” екенi осыны бiлдiредi.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлi программалар орындалады, кез-келген өңделiп түзетiледi және басқару әрекеттерi жүргiзiледi. WINDOWS терезесiнiң экранды толығымен, жартылай немесе белгiлi бiр бөлiгiн ғана қамтуы мүмкiн.

Экран бетiнде бiр меэетте бiрнеше терезе орналаса бередi. Мұнда кез-келген программаның өзiне тән жұмыс iстеу терезесi болады. Егер терезенi жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейiн терезе iшiнде екпiндi күйде болып жұмыс iстеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.

Болашақта WINDOWS ортасының әр түрлi терезелерiн қарастырамыз, олардың жұмыс iстеуiнде айырмашылық болса да, бәрiнiң кейбiр ортақ элементтерi, қасиеттерi бар. Ендi сол элементтермен танысайық.

Терезе шекаралары- бұл терезенiң периметрi бойынша өтетiн тiк және көлденең сызықтар. Терезенiң жоғарғы жағында тақырып жолы орналсқан, ал сол жағында жүйелiк меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенiң аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар.

Тақырып жолынан төменiрек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменiрек төртбұрышты аудан - терезенiң жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлi информация болады;

орындалатын программа, өңделуге арналған мәлiметтер, басқа кiшiгiрiм терезелер және т. б.

Жұмыс столы

Жұмыс столы- екiншi негiзгi ұғым.

Жұмыс столы ұғымы қазiргi барлық операциялық жүйелер интерфейсiнiң элементi болып саналады.

Әдеттегi өзiмiздiң жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кiтаптар, мәлiметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкiн. Олар сiздiң қалауыңызша, столда әртүрлi күйде

орналаса алады. Стол бетi әдемi дастарқанмен жабылуы мүмкiн немесе ещтеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сiздiң стол бетiндегi заттарды алма-кезек қолдануға және олрдың орнын ауыстыруға болады. Дәл осы стол бейнесi экранда да жүзеге асырылып отыр.

WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлiн дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс iстейтiн программалардың терезелерi, құжаттардың жеке файлдары белгiлер (немесе шартты-белгiлер ) түрiнде орналасқан.

Белгiшелер, бумалар.

Белгiше (Icon) - бұл экран бетiндегi қысқаша жазуы бар кiшiрейтiлген графикалық бейне. Ол дисплей экрандағы прогромманы, терезенi, функцияны, файлды, т. б. бейнелеп тұруы мүмкiн. Әр белгiше белгiлi бiр терезеге сәйкес келедi және ол қажет болған жағдайда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда менадай белгiшелер кездеседi:

-қосымша (қолданбалы) программалар белгiшесi;

-белгiлi бiр топтар белгiшесi;

-функциялар белгiшесi;

Бума ( Folder ) экранда каталогтарды(WINDOWS98) және программалық топтарды белгiлеу үшiн қолданады. Мұның мағынасы мынада: каталогпен пен программалар тобы белгiлi бiр объектiлердi орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, т. с. с. Әрине мұндай контейнерлер әр объект үшiн әр түрлi болуы мүмкiн. Бiрақ,

олармен атқарылатын амалдар бiртектес бола бередi (мысалға, жою, көшiру және т. б. ) .

“Тышқан” тәрiздi графикалық сiлтеме.

Тышқан тетiгiнiң екi немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негiзiнен, көбiнесе оның сол жақтағы, ал анда-санда оң жақтағы батырмасы пайдаланылады.

Тышқан тетiгiмен орындалатын ең негiзгi операция - экран бетiмен курсордың қозғалуы болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздiгiнен ешқандай әрекет - амал орындамайды.

WINDOWS жүктелгеннен кейiн экранға “жұмыс столы” шығуы тиiс, жұмыс столының солжақ төмен жағында iске қосу (Пуск немесе Start) батырмасын байқауға болады. Тышқан курсорымен осы батырмаға екi рет бассақ, алдымызға iске қосу терезесi шығады. Ол терезелерден байқайтынымыз (төменнен жоғары санағанда) :

  1. WINDOWS -пен жұмысты аяқтау (завершение работы с WINDOWS) сөзi жазылған батырманы көремiз. Бұл батырманың ныгiзгi қызметi компьютердi дұрыс өшiру. Егер компьютер дұрыс өшiрiлмесе кейбiр жүйелiк программаларға зақым келуi мүмкiн.
  2. Анықтама (справка) батырмасында әр адамға қажеттi ақпараттар толық түрде болуыкерек. Яғни WINDOWS және оның қолданбалы программаларытуралы сөз болуда. Мазмұнбатырмасына басып, ақпарат керектi тақырыпты таңдап, ол жерде жазылған мәлiметтердi терезе бетiне шығарып онымен толыққанды танысуға болады. Мысалы, баса отырып: принтердi қалай орнату, құжатты қалай басу т. б. мәлiметтер алуға болады.
  3. Табу(Найти) батырмасының қызметi компьютердегi файл, бума т. б iздеу. Алдымен, iздегелi отырған файл, бума атын көрсету қажет.
  4. Настройкабатырмасы компьютерге қосылған сырт құрылғылардың немесе компьютердiң өзiндiк атқаратын функцияларын өзгертуге болады.
  5. Құжаттар (документы) . Бұл батырмада сыңғы жазылған немесе өзгертiлген бiрнеще құжаттар сақталынады.
  6. Программалар. Бұл батырманы кейде қосымша программалар батырмасы деп те атайды.

Уақыт өте келе WINDOWS 3. 1, WINDOWS 95 және WINDOWS 98 сияқты бiрнеше берсиялары шықты. Олардың операциялық орындау жүйелерi жетiлiп, қолданушы жұмысын ыңғайлығып және жеңiлдете түстi. Жоғарыда айтылғандарға мысал ретiнде WINDOWS 95 және WINDOWS 98 версияларын салыстырып көрелiк.

WINDOWS 98 жүйесiде WINDOWS 95 версиясымен салыстырғанда компьютердiң жұмысын жетеделдете түсетiн, қосымша қондырғылар орнаттпай-ақ атқаратын қосымша программалары енгiзiлген. Бұл программалардың негiзгi қызметi - компьютер жұмысының өнiмдiлiгiн арттыру. Бұл қосымша программалар мыналар:

-қызмет көрсету шеберi (мастер обслуживания) ;

-дисктi түрлендiру ( преобразование диска ) ;

-дискiнi дефрагментациялау (дефрагментация диска) ;

Ендi осы айтылғандарға жеке-жеке тоқталайық.

Қызмет көрсету шеберi, программалардың орындалуын жеделдетедi және қатты дискiдегi (жесткий диск) қатенi табуды, сол жерден бос орынды босатуды өз мойнына алады. Мысалға, компьютердi түнге қосулы қалдырып, дискiнi дефрагментациялаудың кестесiн компьютерге енгiзiп, онымен қоса олардың орындалу уақытын енгiзуге де болады.

Дискнi дефрагментациялау (дефрагментация диска) жүктелудi (загрузка) прогммалардың орындалуын тездетедi. Тез арада жүктеу немесе оны аяқтау уақытты тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi ойнауымызға немесе интернетте жұмыс iстеуiмiзге қолайлы емес пе. Дискiнi дефрагментациялау программасының мұндай ерекшелiгi файлдарды қолдану жағдайына байланысты дискiнiң бос жерлерiне бөлiп орналастыруында.

ОС-тың негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру функциялар жатады. ОС-тың негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.

Сонымен, ОС - адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер - сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер - жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

ОС дербес компьютердің аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын істерді мынадай үш топқа жіктеуге болады:

  1. мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;
  2. ЭЕМ-нің сыртқы ортамен байланыстыру;
  3. мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

Компьютерлердің әртүрлі модельдерінде қолданылатын ОС-тердің мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОС түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер - Windows программалары жатады.

Біз қарастырғалы отырған MS-DOS жүйесі 1981 жылы IBM PC компьютерлерімен бірге шығып, ол әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі түсініктері операциялық жүйелердің бәрінде де толық пайдаланылады.

Негізгі түсініктер мен белгілеулер

Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рөлін магниттік дискідегі жинақтауыштар (МДЖ) атқарады, сондықтан оларды дұрыс қолдана білу ЭЕМ-нің тиімді пайдалану негізі екені талас тудырмаса керек. Дискілер латын алфавитінің алғашқы бас әріптерімен А:, В:, С:, D: және т. с. с. болып белгіленеді.

Компьютерлердің көбісінде екі иілгіш дискідегі мәлімет жинақтауыштар болады, олар А: және В: болып, ал қатты дискідегі жинақтауыштар бір немесе бірнеше бола береді де C:, D:, E: және т. с. с. түрінде белгіленеді.

ДЭЕМ іске қосылғанда ОС көбінесе С: қатты дискінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып жедел жадқа жүктеледі де, экранға ОС-тың қызмет атқаруға дайын екендігін білдіретін төменде көрсетілгендей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.

А:\ - бұл А: дискісінің жұмыс істеп дайын тұрғанын көрсететін шақыру белгісі, егер компьютер іске қосылғанда А: дискі қозғағыш ұясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ автоматты түрде В: немес С: дискілерінен ОС мәліметтерін алуға тырысады;

С:\ - С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру белгісі.

ОС ЭЕМ жедел жадында дұрыс жіктелген соң, экранға А:\ немесе С:\ тәрізді команда енгізу қатарына шығады.

Сонымен, ОС магниттік дискіде (қатты) немесе дискетте (иілгіш) сақталады. Дискілердің негізгі бөлігі мәліметтер мен басқа программаларды сақтау үшін қажет болады. Оның кішкене бір шеткі бөлігінде ғана ОС пен әрбір адамның программаларының мазмұны (каталог не директорий) сақталады.

MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы

MS DOS операциялық жүйесі дискеттің немесе С: дискінің түпкі каталогында файлдар түрінде орналасады да, мынадай бөліктерден (модульдерден) тұрады:

  • BIOSмодулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметті енгізу-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істейтінін немесе істемейтінін тексеріп, ОС-тың мәлімет енгізу-шығаруға байланысты атқарылатын қарапайым жұмыстарын атқарады;
  • Операциялық жүйенің жүктеуіші- бұл кішкентай ғана прграмма операциялық жүйенің компьютердің жедел жадында тұрақты сақталатын қалған модульдерін файлдардан (IO. SYS, MSDOS. SYS) оқуды қамтамасыз етеді;
  • IO. SYSфайлы сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) имформация алмасудың барлық түрін атқарады;
  • MSDOS. SYSфайлы жалпы файлдар ашу үшін және де ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі болады;
  • COMMAND. COMкомандалық процессоры бар әрбір адамға қажет түрлі іс-әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап ОС-тың барлық резидентті немесе ішкі командаларын орындау ісін жүргізеді. Алтранзиттісыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды тауып, оны оқып бірден орындауға кіріседі. Команданы атқарып болған соң, оны жадтан өшіріп, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін, шақыру мәліметін (DOS шақыру) шығарады;
  • DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары- операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек файлдар түрінде берілетін программалар, кейде утилеттер деп те айтыла береді. Олар транзитті командалар ретінде әртүрлі қызмет атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т. с. с.
  • Құрылғылар драйвері- DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге оқылады да, олардың аттары CONFIG. SYS деген арнаулы файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG. SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадта орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND. COM файлы оқылып, ол іске кіріседі. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC. BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
  • Операциялық жүйенің негізгі жұмыс істеу режимі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер мен олардың арқаратын қызметтері
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Java бағдарламалау тілі
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Пән Java тілінде программалау
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Негізгі программалық құрылғылар
Linux операциялық жүйе
Операциялық жүйенің негізгі функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz