Көркем мәтіндегі шендестіруге лексикалық және грамматикалық құралдардың қатысы


Кіріспе
Лингвистиканың өз ішінде қалыптасқан жаңа саласының бірі ретінде танылатын мәтін лингвистикасы қазақ тіл білімінің де негізгі зерттеу нысандарына айналды. Қазақ тіл білімінде мәтіннің стилистикалық тілдік, құрылымдық, мағыналық қырларын зерттеу Р. Ғ. Сыздық, Т. Қордабаев, Б. Шалабай, С. С. Құнанбаева, С. С. Мұстафина, М. Серғалиев, Б. Мүсірепова, А. Таусоғарова, Б. Райымбекова, Ф. Жақсыбаева, Ж. Қайшығұлова, З. Ерназарова, О. Бүркіт, Г. Смағұлова, Г. Әзімжанова, А. Ахметова, Ғ. Әнес, т. б еңбектерінде көрініс тапқан.
Мәтін туралы зерттеулер бұл мәселенің түрлі аспектіде қазақ тіл білімінде едәуір қарастырылып, талданғанын байқатады. Бұл (мәтін) туралы алғашқы ойларды А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектерінен кездестіруге болады. А. Байтұрсынұлының зерттеулерінде мәтін деп нақты аталып өтілмегенмен, мәтін құрылымына қатысты тілдік болмысты шығарма сөз деп қарастырып, оның стилистикалық, мағыналық құрылымын айқындап, мәтіннің тақырыптан тұратынын көрсетеді.
Қ. Жұбанов мәтінді сөз бұйымы деп атайды да, оны қарым-қатынасты танытатын тілдік құрал деп танып, оның ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсетеді. (1)
Қазақ тілі стилистикасы оқулығында: «Жазу - ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп хабарлайды. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады», - деп көрсетілген.
Мәтін - әртүрлі формада көрініс тауып қарым - қатынасты жүзеге асыратын, дербес зерттеу нысаны болып саналатын, өзіне ғана тән категорияларымен айқындалатын табиғаты күрделі тілдік құбылыс. Сөйлеу туындысында бейнеленетін болмыс мәтінде түрліше көрініс тауып, оқырманға жеткізілетін хабар композициялық - сөйлеу формалары әңгімелеу, суреттеу, ойталқы арқылы беріледі. Мәтіннің негізін құрайтын бұл элементтер көркем мәтіннің бір тұтасымға айналуына әрі оның мүшеленуіне өз әсерін тигізеді.
Мәтін белгілі бір контекстерден құралады. Сөз мағынасын айқындаудағы, мәтін түзудегі контекстің қызметі ашылады. Мәтіннің түзілуіне, оның нақтылығына заттық-оқиғалық фонның әсері анықталады. Кеңестік тіл білімінде И. А. Гальперин жазба сөзді мәтін деп таниды. (2) Сонымен қатар ауызша немесе жазбаша болсын кез келген сөйленімді мәтін деп көрсетушілер де бар. Қай топты қолдаушыларды алсақ та, мәтінді анықтау барысында оларға ортақ болып келетін нәрсе - мәтіннің мағыналық тұтасымы мен аяқталған сипатқа ие болу белгілерін көрсетуі.
Мәтін автор ойын объективтендіріп, оның шығармашылық көзқарасын таныту үшін, адам, әлем туралы білімі мен түсінігін жеткізу үшін және осы автор санасындағы әлемді басқаларға айқын дәл жеткізу үшін жұмсалады.
Мәтінді құрайтын негізгі элементтер:
- автор (мәтін адресанты) ;
- оқырман (адресат) ;
- мәтінде көрінетін ақиқат оқиға, білім;
- автор өзіндік шығармашылық ойын танытуда қолданылатын тілдік
жүйе.Кез келген мағыналы мәтінге хабарлау тән болып келеді. Сондықтан мәтіннің аса маңызды қасиеті - оның ақпараттылығында. Мәтіндегі ақпарат екі түрде беріледі:
а) хабарлаудың негізгі мәнін құрайтын ақпарат;
ә) қарым-қатынас әрекетінің шарттарымен және қатысушыларымен байланысты ақпарат. Бұлар тілдік бірліктердің (лексема, морфологиялық форма, синтаксистік құрылым) денотативті және коннотативті мәндерімен сәйкеседі. Осыған байланысты ақпарат тақырыптық-логикалық ақпарат және эмоционалдық, бағалық, экспрессивтік ақпарат деп жіктеледі.
И. Р. Гальперин ақпараттылықты мәтіннің аса маңызды грамматикалық категорияларының қатарына енгізе отырып, оның үш түрін көрсетеді:
- мазмұндық-фактілік (МФА) ;
- мазмұндық- концептуалдық (МКА) ;
- мазмұндық-мәтінішілік (ММА) .
Мазмұндық - фактілік ақпарат әрқашан вербальды түрде көрінеді. Оны жеткізетін тіл бірліктері тура, тақырыптық - логикалық, сөздік мағыналарында қолданылады және эксплицитті түрде көрінеді. Мазмұндық - концептуалдық ақпарат автор көрсеткен оқиға, процестерді шығармашылық тезден өткізу болып табылады. Ол үнемі жеткілікті түрде айқын бола бермейді және әр түрлі пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Мазмұндық - мәтінішілік ақпарат мәтінді ұйымдастырудың байқалмайтын заңдылықтарына жатады, бірақ ол оның нақты ақиқат болмысын көрсетеді
Мәтінішілік мазмұн (импликация) құбылысы тек мәтін стилистикасында ғана емес, сонымен қатар функционалды лингвистикада да кең ауқымда және жемісті зерттеледі, өткені имплицитті мазмұн бүкіл тілдік қарым-қатынастың өн бойынан өтетіндігі барған сайын айқындала түсуде. Көркем мәтіндерде эксплицитті мазмұнмен астарлы мағыналар қатар жүреді. Ақиқат болмыстың көптеген заңдылықтары астарлы сипатқа ие. Мәтінішілік мазмұнға тән сипат оның толық қалыптаспағандығы, демек, ойды сан саққа жүгіртетін белгілі бір дәрежедегі айқынсыздығы болып табылады. В. М. Лотманның пікірінше, көркем мәтін әркімнің түсіну шегіне қарай - әр оқырманға әр түрлі ақпарат береді. (3) Мәтінішілік мазмұн құбылысы сөздің кең мағынасындағы импликацияның бір бөлігі ретінде қаралады. Мәтінішілік мазмұнның импликацияның басқа түрлерінен (аллипсис, семантикалық күрделену және импликацияның өзі) айырмашылығы - ол тұтас көркем шығарманың немесе оның бөліктерінің макротексінде жүзеге асырылады және тек бір-бірімен байланыста ғана емес, сондай-ақ бір - бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналасқан әртекті және әр түрлі деңгейдегі элементтердің негізінде жасалады .
Мәтіндегі мағыналылық әр түрлі сипатқа ие болуы мүмкін, сондықтан оның түрлерін бөліп көрсеткен дұрыс. Мәселен, Г. В. Колшанский мәтіннің ішкі ұйымдасуы грамматикалық құрылымның қандай да бір түрі болып табылады деп пайымдайды. Ол мәтіннің грамматикалығы деп алдымен белгілі бір ортақ тақырыппен, идеямен, бірігетін ой-пікірлер тізбегінің бірізділігін түсінеді. (4) Мәтін неғұрлым көлемді болған сайын, соғұрлым формальды грамматикалық байланыс тізбегінің бірізділігі жоғалады және мәтіннің мәні оның мазмұндық ұйымдастырылуы арқылы ашылады.
Мәтіндер мазмұнына, мақсатына, құрылымына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың бірі - көркем мәтін. Осыған қарай диплом жұмысының мақсаты - қарама - қарсылықтың тіл жүйесінде көрінуі және олардың көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- көркем мәтіндегі шендестіруге лексикалық құралдардың қатысын;
- көркем мәтіндегі шендестіруге грамматикалық құралдардың қатысын айқындау.
Тақырыптың өзектілігі. Тіл өркениетті қоғамда адамзаттың баға жетпес құндылықтарының қатарына жатады. Тілдің ішкі құрылымындағы дүниені тану барысында қалыптасқан мағыналық қатынастарды ашып, олардың қыр-сырына терең бойлау қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі болып табылады. Қазақ тілі деректері негізінде қарама-қарсылық қатынастың тіл жүйесіндегі көрінісін барлық тіл деңгейіне қатысты қарастырған және оның көркем мәтіндегі стилистикалық қызметін айқындаған арнайы зерттеу жұмысының болмауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Негізгі бөлім
- Көркем мәтіндегі шендестіруге лексикалық құралдардың қатысы
Көркем шығарма құрылысында әрбір дыбыс, әрбір қосымша түрлері мен шығарманың композициясы біртұтас қызмет атқарады. Бірақ әрбір көркем шығармадан дыбыстардың көркемдік қызметін іздеудің қажеті жоқ екені белгілі жай. Көркем шығарма тілін танудағы басты объект - сөз. Өйткені сөз поэтикалық қызмет атқарғанда өзінің мүмкін (потенциалды) және жасырын жатқан, яғни контексте ғана көрінетін мағыналарын ашады.
Поэтикалық тілде (мәтінде) дыбыстар да үйлесімділік туғызып, көркем мағына бірлігіне қызмет етеді.
Көркем мәтінде өлең мәтінімен салыстырғанда дыбыстардың стилистикалық қызмет атқаруы басқаша болып келеді. Сондықтан көркем мәтіннің дыбыстық жағы арнайы зерттеуді қажет етеді. Осы жайларды ескере келе, жұмыста көркем мәтіндегі дыбыстық құрылымның көркемдік қызметіне тоқталмадық. Диплом жұмысында көркем мәтін құрылысындағы грамматикалық, лексикалық құрылымдардың шендестіру тәсіліндегі атқаратын қызметіне басты назар аударылады.
Антитеза (шендестіру) - сөйлеу тілі фигурасы ретінде ежелден бері белгілі. Термин грек тілінде - аntithosis, «қарама - қарсы қою» мағынасын білдіреді. Антитеза туралы риторика және стилистика бойынша барлық оқу құралдарында мазмұндалады. Көне дәуір ғалымдары оны тыңдаушыларға әсер етуге көмектесетін аса тиімді шешендік құрал ретінде қарастырған. Шендестіру тілдің фигуралық айшықтарына жатып, ойды әсерлі жеткізу үшін жұмсалады. Француз лингвисті А. Альбала оны дерексіз немесе «интеллектуалдық» стильге көбірек тән тәсілдерге жатқызған, шендестіру -ойларға баса назар аударту мақсатымен, оларды бір-біріне қарама - қарсы қою деп есептеген. (5)
Ш. Балли осы ойды нақтылай және тереңдете отырып, антитеза осы сөздің ең кең мағынасында - адам санасына тән ұғымдарды қарама-қарсы қою үрдісін жалғастыру және дамыту деп жазады. Шендестіру стильдік тәсілдердің сөйлеу тілінің табиғи үрдістерін жаңғыртудың көңілге қонымды мысалы болып табылады. Сондай-ақ қазіргі кезде шендестіру жеке қабылдау (түйсіну) тұрғысына бағытталған ерекше сипаттау тәсілдеріне жатады деген көзқарас бар.
Осы зерттеуде «контраст» және «антитеза» терминдерін саралап қолдандық. Біз контрасттың да, антитезаның да ұғымдар мен олар белгілейтін құбылыстардың объективті, сондай-ақ субъективті қарама - қарсы қойылуына негізделетіндігіне сүйенеміз. Көркем мәтін жүйесінде осындай қарама - қарсы қою тілдік элементтер қарама-қарсылықтарында жүзеге асырылады. Осындай қарама - қарсылықтардың жиынтығын, сондай-ақ мәтіннің басты семантикалық қарама - қарсылығын жасау кезіндегі олардың өзара әрекеттестігін біз антитезаның ұйымдастырушы қағидасы ретінде қарастырамыз. Зерттеуде біз термин таңдау кезінде «контраст» әдебиеттану саласына, ал «антитеза» лингвистика саласына жатады деген көзқарасты негізге алдық. Осы зерттеу мәтін лингвистикасы саласында орындалғандықтан, «антитеза» термині таңдалды. Жұмыстың мақсаты - ең алдымен, қарама - қарсы қою негізінде көркем мәтінді жасаудың лингвистикалық механизмін талдау. Қарама - қарсы қойылуы мәтіннің басты қарама - қайшылығын жүзеге асыру үшін маңызды болып табылатын лингвистикалық бірліктердің арасында грамматикалық, лексикалық және композициялық элементтердің қарама - қарсылығын бөліп көрсетуге болады. Көркем шығарманың эстетикалық - көркемдік біртұтастығында басты қызмет атқаратын тілдің лексикалық қабаты болып табылады. Бұл қабаттың негізгі құдіреті - сөз. Көркем шығармада сөз негізгі ұйымдастырушы элемент. Біздің жұмыста негізгі көңіл аударатынымыз - көркем шығармадағы сөздердің антонимдік қарым - қатынасы.
Антонимия мәселесі бойынша көлемді зерттеу жүргізген - Ж. Мусин. Қазақ тілінің антонимдер сөздігінде антонимдерге мынадай сипаттама берген:
- мағыналар бір-біріне қарама - қарсы сөздер;
- антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады;
- антоним сөздердің қарама - қарсылықты мәні олар бір сөйлем ішіндеқатар қолданылғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі.
Антонимия мәселесін жан - жақты қарастырып, оған сипаттама берген көлемді зерттеу - А. Жұмабекованың қазақ және орыс тілдеріндегі антонимиялық оппозиция құбылысын зерттеген еңбегі. Осы еңбекте жалпы күні бүгінге дейінгі антонимия құбылысының кейбір таласты болып келген мәселелерінің басы ашылып, оған нақты сипаттама беріледі. Еңбекте контрарлық қарама-қайшылық (контрарная противоположность) пен контрадикторлық қарама-қайшылықтың (контрадикторная противоположность) айырмашылығын ашып көрсетеді. (6) Автор логикалық карама-қайшылық пен тілдік қарама-қайшылық (логическое противоположность, языковая противоположность) екеуі бір емес екенін айтады. «Логическое противоположность характеризует определенные отношения между несовместимыми понятиями и включает контрарную и контрадикторную противоположность. Языковое противоположность являясь производный от логический, отражает в языке существенные с точки зрения человеческого сознания различия в предметах и явлениях объективного мира и реализуется в антонимических единицах».
А. Жұмабекова антонимиялық оппозициясының үш түрін талдап көрсетеді.
- Градуальды антонимиялық оппозиция.
- Привативті антонимиялық оппозиция.
- Эквивалентті антонимиялық оппозиция.
Көптеген зерттеушілер антонимдерді узуальды және контексті түрлерге бөліп қарайды. Алайда контекстік антонимдер жайлы арнайы зерттеу еңбегі жоқ. Ол жайында орыс-қазақ тілдеріндегі антонимиялық оппозиция мәселесін зерттеген ғалым А. Жұмабекова былай деп жазады: «отсутствие специальных исследовании по проблеме контекстуальной антонимии объясняется, по видимому, спецификой этого языкового материала, затрудняющего систематизаций его по определенным дифференциальным признакам. Помимо лингвистического, здесь необходим и литературоведческий анализ, позволяющий вскрыть факторы, породившие те или иные контекстуальные оппозиций, определить их место в системе концептуальной картины мира писателя».
Ол узуальды және контекстік антонимиялық оппозицияға өз тарапынан мынадай анықтама береді: «Узуальная антонимическая оппозиция - это противопоставление двух или более лексем, выражающее логическую и языковую противоположность и закрепленное в сознании человека как стабильная контрастная ассоциация».
«Контекстуальная антонимическая оппозиция - это противопоставление двух и более лексем, организованное лексическими и формальными средствами текста, реализующее ассоциативную и языковую противоположность».
А. Е. Жүсіповтің «Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» тақырыбындағы зерттеу еңбегінде қазақ тіліндегі антонимдердің обьективті негізі анықталып, түбірлі антонимдердің полисемия, омонимиямен байланысы ашылады. Еңбекте қарама-қарсылықтың тілдік көрінісі, мағына қарама-қарсылығы мен қарама-қарсы мағына арасындағы айырмашылықтары анықталады.
«Қарама-қарсы мағына адамның санасында қарама-қарсы мағынадағы басқа да бір құбылыстарды елестетуге мүмкіндік береді, ал мағыналардың қарама-қарсылығы дегеніміз - осындай қасиеттердің қатынасы. Қарама-қарсы мағына өзі іспеттес семантикалық бірліктермен антонимдік қатынасқа түседі. Мағыналардың қарама-қарсылығы осындай байланыстардың нәтижесі: антонимдер арасында семантикалық қатынастарды көрсетеді немесе сол қатынас десе де болады. Қарама-қарсы мағына дегеніміз - уақытша категория, себебі, ол өзіне қарама-қарсы антиподынсыз өмір сүре алмайды, себебі сапа мен қасиет бірдей емес. Себебі, сапаны заттан бөліп алып қарау мүмкін емес, сапаның өзгеруі заттың өзгеруімен пара-пар; ал қасиет болса, керісінше заттың басқа бір затқа қатысы нәтижесінде және табиғи процестерге сай өзгеріп отыратын құбылыс. (7)
А. Жүсіпов антонимдердің көркем шығармада қолданылуы жайлы былай дейді: «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қарар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады». Ол антонимдерді көркемдік қызметіне қарай былайша топтастырады:
- антонимдер бейненің негізгі қасиеттерін ашуға және көрсетугекөмектеседі.
- кейіпкерлердің сезімдерін, ішкі жан дүниесін танытуға мүмкіндікберетін тәсіл ретінде қолданады.
- автордың кейіпкерге деген көзқарасын таныту мақсатындажұмсалады.
Жеке суреткердің антоним сөздерді қолданудағы шеберлігі көркем шығарманың әсерлілігін нықтай түседі. Суреткер суреттеп отырған оқиғаның, құбылыстың қарама-қарсы мәнін ашып көрсету мақсатында антоним сөздерді жиі пайдаланады.
Көркем шығармада қарама-қайшы ұғымдарды қатарластыра қолданып, контраст туғызу өте көп қолданылады. Стилистикада мұндай контраст туғызатын фигуралардың қатарында антитезадан басқа акротеза, амфитеза, диатеза (А. А. Введенская ұсынған), альтернатеза, антиметабола (Балохонский қолданған), оксюморон түрлері аталып жүр.
Біздің зерттеуіміз негізінен антитеза жасаудағы шеберлік деңгейіне бағытталғандықтан біз контраст ұғымын кең мағынада пайдаландық және стилистикалық контраст туғызудың барлық түрлерін қамтуға тырыстық.
Антитезада, әдетте екі немесе бірнеше керағар мағынадағы сөздер қатар келіп ерекше бір контрастық мағынаға ие болады. Контраст туғызудың лексикалық тәсілінде сыртқы құрылымына да мән береміз. Сырттай қарағанда қарама-қайшы ұғымдағы мағыналар туғызудың көп кездесетін мынадай түрлері бар.
Кереғар ұғымдағы мағыналар екі ғана лексикалық единицамен беріледі де, олар бір сөйлемнің ішінде қатарласа орналасады. Олар интонация арқылы кейде шылаулар арқылы байланысады. Мұндай тәсіл, әсіресе, Абай өлеңдерінде көптеп кездеседі. Мысалы;
Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі,
Ар ұяттың бір ақыл- күзетшісі.
Қайғың қыс, жүзің жаз,
Боламын көрсем мәз.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа.
Алдың- жалын, артың-мұз,
Барар едің қай жаққа.
(А. Құнанбаев) .
Екінші өлең жолдарында қыс, жаз сөздері антонимдік мағынада тура қарсылықты мәндес болып тұр. Алайда қайғы мен жүз сөздерінде жекелей алып қарағанда ешбір қарама-қарсы мән жоқ. Дегенмен Абайдың антитеза жасаудағы шеберлігі сол - контекстік қарама-қарсылықты мағына туғыза білген.
Алғашқы өлең жолдарындағы достық, қастық сөздері қатарласа келіп жинақылықты, біртұтастықты көрсетіп тұр. Яғни тілімізде күні, түні, қысы, жазы секілді антонимдес сөздер қатарласып қолдана келе жинақтау мәніндегі қос сөзге айналып кеткен. Абай осы тілдік заңдылыққа сүйене отырып, достық, қастық сөздерін қатар ешбір шылаусыз қолдана отырып, жинақтау, жалпылау мағынасына қол жеткізеді.
Соңғы өлең жолында таза антонимдік мәндегі сөздер шебер жымдастырылып беріледі. Алды, арты сөздері антонимдес болса, жалын, мұз сөздері де осы қатарды толықтырады. Мұндай шендестірудің биік үлгісі Абай өлеңдерінде өте мол. Кейде текстегі негізгі қарама-қарсылықты мағына туғызып отырған негізгі лексикалық бірліктер бір рет емес қайталана қолданылып, антитезалық көріністі тереңдете түседі. Дәл осы тәсілмен жазылған тағы бір өлеңге тоқталайық.
Өмірдің алды - ыстық, арты- суық,
Алды -ойын, арт жағы -мұңға жуық.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
(А. Құнанбаев) .
Мұнда да Абай өмірдің алды, өмірдің арты және ыстық, суық сөздерін терең астарлы мәнде жұмсай отырып, өткір антитеза жасайды. Ал, осы тұста өлеңнің екінші жолындағы ойын және мұң сөздері тура мағынадағы антонимдер емес. Абай ойын сөзін «көңілді, қызық» деген ұғымда жұмсап, мұң сөзіне қарсы мәнді контекст арқылы ұтымды қолданады.
Абай үлгісі кейінгі ақындар тілінде де жалғасын тапқан. Мысалы, М. Мақатаевта мынадай жолдар кездеседі.
Жолым менің болмай жүр көпке дейін,
Тағдырыма сондықтан өкпелеймін.
Алды тартып, өмірдің арты теуіп,
Ығыстырып тастайды шетке кейін.
(М. Мақатаев) .
Мұнда ақынның алыс-жұлысы, арпалысы көп өмір туралы ойын аз сөзбен терең жеткізуіне осы бір Абай дәстүрінен келе жатқан қағидалы шендестіру үлгісі әсер етіп отыр деуге болады.
Қарама-қарсы мағынадағы сөздердің қатарласа келуі кейде өлең шумақтарында ойды терең жеткізу мақсатында арсына шылау сөздер жалғанып та қолданылуы мүмкін. Мысалы,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz