Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ- ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

География кафедрасы

БАКАЛАВРЛЫК БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері »

Орындаған: 050609 - география мамандығын бітіруші

М. Асабаева

Ғылыми жетекші : п. ғ. к, доцент К. Н. Мамырова

Нормабақылаушы: Г. Е. Ниетжанова

«Қорғауға жіберілді»

кафедра менгерушісі: п. ғ. к., доцент С. К. Касенов

Хаттама № «» 2009

АЛМАТЫ, 2009

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. Физикалық - географиялық аудандастыру проблемасының

ғылыми-теориялық негіздері . . . 5

1. 1. Физикалық-географиялық аудандастыру мәселесінің тарихи аспектісі

/ 19 ғасыр және 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстан аумағын еңдік зоналарға және биіктік белдеулерге бөлу жөніндегі алғашқы зерттеулер/ . . . 5

1. 2. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру жолындағы әртүрлі көзқарастар: . . . 6

а/. Л. С. Берг пен И. М. Крашенинниковтың аумақты ландшафтық зоналар мен морфологиялық облыстарға бөлуі . . . 6

б/. А. А. Григорьевтің ландшафтық - типтік негіздегі аудандастыруы

мен ӨКЗК-нің / СОПС/ табиғи-тарихи аудандастыруы . . . 9

в/ ММУ география кафедрасының зерттеулері. В. М. Чупахин (1968), Б. А. Федорович (1969), Н. А. Гвоздецкий мен В. А. Николаевтардың (1978) аудандастырулары . . . 12

г/ Қазақстан аумағын аудандастырудың жаңа зерттеулерінде басшылыққа алынған принциптер. 70 жылдары ұсынылған физикалық-географиялық аудандастыру схемалары. Жазықтық және таулы аймақтарға шөлу . . . 14-24

II. Геоэкологиялық аудандастырудың ғылыми-теориялық негіздері . . . 39

2. 1 Геоэкологиялық аудандастырудың мақсаты- әрбір бөлінген аймақтың экологиялық жағдайын кеңістікте сипаттап көрсету . . . 39

2. 2. Геоэкологиялық анклав - геоэкологиялық аудандастырудың ең төменгі бірлігі . . . 41

2. 3. Қазақстан геожүйелерінің экологиялық бұзылу деңгейлері. Геоэкологиялық аудандастыру схемасы . . . 42

Қорытынды . . . 49

Әдебиеттер . . . 50

Қосымшалар . . . 52

Кіріспе

Зерттеу жұмысының мақсаты : Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері айқындап / анықтап/, оларға сипаттама беру.

Физикалық география теориясының қалыптасуының тарихы жер бетін табиғи зоналар мен жеке аудандарға бөлу мәселесінің дамуымен тығыз байланысты. Тұтастай және жекелеген физикалық - географиялық аудандастыру мен географиялық зонаға бөлу заңдылықтарының сабақтастығын және даму принциптерінің ортақтығын дәлелдейтін деректер осы заманғы ғылымда өте көп кездеседі. Бұл мәселені ілгері бастырып, дамытуға Қазақстанның табиғатының тарихын зерттеушілер де елеулі үлес қосты. Алайда ежелгі замандардан бастап 20 ғасырдың басына дейін Қазақстан территориясын аудандастыру және табиғи зоналарға бөлу мәселелерінің қалыптасу барысына жүйелі тарихи гографиялық талдау терең жасалған емес. Тек, Қазақстанды зерттеген академиялық экспедициялар тұңғыш рет кең көлемді физикалық - географиялық материалдар жинап, өлкенің солтүстік және батыс аудандарындағы өсімдіктердің, жануарлардың, және топырақтың таралуы жөнінен бірқатар географиялық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік туғызады.

Қазақстанды физикалық - географиялық аудандастыру мәселелерімен Л. С. Берг, И. М. Крашенинников, А. А. Григорьев, Н. Г. Рыбин, Л. Н. Соболев, В. М. Чупахин, Б. А. Федорович, Н. А. Гвоздецкий мен В. А. Николаев,

В. И. Прокаев, А. Е. Федина т. б. сияқты белгілі ғалымдар айналысты.

Соңғы физикалық -географиялық аудандастыру бойынша Қазақстан аумағын 8 аймаққа (Орыс жазығы өлкесі, Батыс Сібір жазығы, Орал таулы, Сарыарқа, Тұран жазығы, Алтай - Саян таулы, Жоңғар - Сауыр - Тарбағатай таулы, Тянь - Шань таулы) және 46 провинцияларға бөлінді. Алдағы уақытта география ғылымының мамандарына республика территориясын ғылыми талапқа сай аудандастыру және табиғи жағдайлар мен ресурстарға баға беру міндеттері қойылып отыр.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта физикалық-географиялық аудандастырумен қатар қолданып отырған геоэкологиялық аудандастыру белгілі бір аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайдың кеңістік заңдылықтарын қөрсетеді. Экологиялық жағдайы бағаланатын аймақтардың экологиялық қасиеттерінің бірдейлігі, геожүйелерде экологиялық жағдайды жақсарту, қалпына келтіруге бағытталған шаралардың да бірдей болуына мүмкіндік береді. Табиғатты пайдалану мәселелерін шешуде геоэкологиялық аудандастырудың маңызы зор. Осы ұғымға табиғат құбылыстары мен процестерін қоғамға қолайлы бағытта өзгертуге арналған шаралар кешені де енеді. Бұл жағдайда жергелікті табиғат жағдайларының ерекшеліктері жан-жақты ескерілуі қажет. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған еңбекті және қаржыны көп қажет ететін шаралар кешенің геоэкологияда геожүйелерді экологиялық реконструкциялау стратегиясы деп атайды. Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыру схемасының әрбір геоэкологиялық провинциясы экологиялық бұзылудың белгілі бір деңгейіне жатқызылған. Экологиялық бұзылуды бағалау критериін таңдау геожүйелерді ранжирлеуді жалғастыруға, яғни табиғи аймақтарды экологиялық бүзылудан одан да төмен реттік деңгейлеріне бөлуге мүмкіндік береді. Табиғи аймақтарды біріктіру экологиялық жағдайдын қалыптастыруға бағытталған бірдей шаралар жүйесін жасауға жағдай туғызады.

Жоғарыда аталған үстанымдарға сәйкес Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыру схемасында 8 физикалық-географиялық аймақтар бөлінген, олар 47 геоэкологиялық провинцияладан түрады. Соңғы кездерде Қазақстанның жеке аймақтарында ірі масштабты физикалық - географиялық аудандастыру зерттеулері жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қазақстан географиясының алдына республика территориясын ғылыми талапқа сай физикалық - географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыру және оның жеке аудандарының табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылық жағынан баға беру мүмкіндіктері қойылып отыр.

І. Физикалық - географиялық аудандастыру проблемасының

ғылыми-теориялық негіздері

1. 1. Физикалық-географиялық аудандастыру мәселесінің тарихи аспектісі /19 ғасыр және 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстан аумағын еңдік зоналарға және биіктік белдеулерге бөлу жөніндегі алғашқы зерттеулер/

Республика аймағын табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне қарай жеке аудандарға бөлу географиялық әдебиетте ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан - ақ орын ала бастайды. Мәселен, Э. А. Эверсманның «Орынбор өлкесінің табиғи тарихы» (1840) деген еңбегінде Қазақстанның батыс бөлігі 3 табиғи өңірге бөлінеді. Олар: 1. Орманды және таулы жерлер; 2. Солтүстік және шығыс құнарлы қара топырақты далалар өңірі; 3. Оңтүстік және оңтүстік батыс құнарсыз далалар. Қазіргі ландшафттық ұғым бойынша бұл өңірлердің біріншісі Оңтүстік Оралдың тау орманы мен орманды даланың солтүстігіне, екінші - орманды дала мен далаға, үшіншісі - шөлейт пен шөлге сәйкес келеді. Осы сияқты Қазақстанның жазықтық бөлігі

А. И. Левшин «Қырзыз - қазақ немесе қырғыз - қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» (1832) деген еңбегінде 7 табиғи өңірге бөлініп, олардың әр қайсысының табиғат жағдайларының жан - жақты сипаттамасын берді. Біріқ аудандастырудың негізіне біріңғай принцип алынбағандықтан оның бөлген аудандарының кейбіреуі зона іспеттес келсе (мысалға І - өңірі), екіншілері табиғи аудан (мысалы Үстірт) сипатын алды.

Тап осы кезде Ресейдегі геоботаника ғылымын негіздеуші И. Г. Борщов Арал - Каспий өлкесінің ботаникалық географиясы жайындағы еңбегінде (1865) Қазақстан аумағын ландшафтылық типологиялық негізде аудандастыру жөнінде тұңғыш қадам жасады. Оның Арал - Каспий өлкесін селеулі дала облысы, сазды шөл облысы, тұзды шөл облысы, төбешікті құм облысы т. б. атпен бөлінуің өзі осы принципке саяды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның оңтүстік шығыс тауларында атап айтқанда Тянь - Шань мен Жоңғар Алатау жүйесінде биіктік табиғат белдеулері бөліне бастады (А. Шренк, 1845; П. П. Семенов Тянь - Шанский, 1856 - 1857; Н. А. Северцов, 1873; Ш. Ш. Уәлиханов 1858 - 60) .

Бұл ғалымдардың ішінде П. П. Семенов - Тянь - Шанский Іле Алатауының солтүстік беткейін биіктік зоналарға бөлуі жалпы Орта Азия таулы аймағы үшін ландшафтыны биіктік бойынша жіктеудің ғылыми негізі болды.

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның жазықтық бөлігінде табиғат зоналарын бөлуді негіздеу үшін зоналық топырақ және өсімдік типтерімен қатар климаттық көрсеткіштер қолданыла бастады. Алғашқы метеорологиялық бақылау нәтижелерін қорытудың негізінде Б. А. Скалов Батыс Қазақстанды үш табиғат өңіріне бөліп, олардың әр қайсысына сипатты орташа температуралар мен жауын - шашын мөлшерін келтіреді.

1. 2. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру жолындағы әртүрлі көзқарастар

а /. Л. С. Берг пен И. М. Крашенинниковтың аумақты ландшафтық зоналар мен морфологиялық облыстарға бөлуі

Қазақстан аумағын шын мәніндегі физикалық - географиялық аудандастыру Л. С. Бергтің еңбегінен басталады «Сібір мен Түркістанды ландшафтылық және морфологиялық облыстарға бөлу тәжірибесі», 1913 ж.

Ғалым аудандастырудың бір - бірінен бөлек екі дербес тексономиялық бірлігін ұсынады. Олар ландшафтылық зоналар және морфологиялық

облыстар деп аталады. Л. С. Берг ендік зоналарды бөлуде климат, топырақ және өсімдік жамылғысының ерешеліктерін негіз етіп алады. Осыған орай Қазақстанның жазықтық бөлігінде орманды дала, қара топырақты дала,

шөлейт, шөл зоналары бөлінеді. Осымен бірге ол жеке аумақтардың жер бедері ерекшеліктеріне қарай морфологиялық облыстарды ажыратады. Олар: Батыс Сібір, Торғай төрткүл даласы, Қырғыз (қазақ) қатпарлы аймағы, Үстірт, Түркістан ойпаты.

Л. С. Бергтің ландшафтылық және морфологиялық принципте жүргізген бұл аудандастыруы кейінгі физикалық - географиялық аудандастырудың негізін қалады.

Л. С. Бергтің аудандастырғандағы кемшілігі - ландшафтылық зоналар мен морфологиялық облыстардың бір - бірімен байланыстырылмай, бірінен - бірі дербес қарастырылуында.

Зоналық және морфологиялық принцип И. М. Крашенинниковтың физикалық географиялық ауданстыру схемасында бір - бірімен ұштастырылған (1923, 1925) . Ол «Қырғыз» (қазақ) далалары ботаникалық географиялық анализ бен синтез объект ретінде және «Қырғыз (қазақ) республикасының өсімдік жамылғысы» деген еңбектерінде Қазақстанның жазықтық бөлігін ботаникалық географиялық аудандастыру мәселелерін қарастырады. И. М. Крашенинниковтың аудандастыруы ботаникалық географиялық деп аталғанымен шын мәніндегі кешенді физикалық географиялық аудандастыру болды. Өйткені ол аудандастыру негізінен мүмкіндігінше физикалық географиялық жағдайларды жан - жақты және толық алады.

И. М. Крашенинников Қазақстанның жазықтық бөлігін ландшафтылық зоналарға және табиғи - орографиялық облыстарға бөлді. Оның бөлген зоналары Л. С. Бергтен басқаша аталады.

Ол төрт өсімдік зонасын бөледі:

  1. Орташа ылғалды селеулі - әртүрлі шөпті дала.
  2. Құрғақ селеулі дала.
  3. Жусанды - бетегелі кешенді дала (шөлейтке сәйкс келеді) .
  4. Жусанды шөл дала (шөлге сәйкес)

И. М. Крашенинников Қазақстанды орманды дала зонасын бөлмейді. Өйткені, ол орманды дала деп аталуы үшін орман өсімдігі плакор жағдайында (тегі суайырықта) да өсуі керек деп есептейді. Ал, Қазақстанның Батыс Сібірге қарасты бөлігінде орман жер бедерінің ылғалды өйыстарында өседі. Ол зоналық құбылыс емес, интрозоналық құбылыс. Сондықтан бұл өңір орманды дала емес, дала зонасы деп есептеулі керек дейді. И. М. Крашенинников әрбір зонаны онан әрі подзонаға бөледі. Аудандастырудың мұннан кейінгі бірліктері табиғи - тарихи облыс және ботаникалық аудан. Бірақ, И. М. Крашенинниковтың табиғи - тарихи облысы морфологиялық облысына сәйкес келмейді (Бергте облыс - дербес морфологиялық бірлік, зонамен қатар тұрады) . И. М. Крашенинников облысты ландшафтылық зоналық бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, біртұтас Торғай төрткүл аймағы зоналық шегіндегі үш табиғи - тарихи облыстан тұрады:

1. Торғай төрткүл аймағының құрғақ селеулі даласы, 2. Торғай төрткүл жусанды - бетегелі кешенді даласы, 3. Торғай төрткүл жусанды шөл даласы (шөл) .

Немесе, И. М. Крашенинников бірі ғана құрғақ селеулі дала зонасының шегінде Батыс Сібір ойпатының Орал - Мұғалжар таулы аймағының, Орал алды үстіртінің, Торғай төрткүл даласының, Қазақтың қатпарлы өлкесінің даларын бөледі. Екінші сөзбен айтқанда, ол табиғи - тарихи облысты физикалық - географиялық ауданның ландшафтылық зонадан кейінгі екінші таксономиялық бірлігі деп есептейді. Ғалым табиғи - тарыхи облысты өз кезегінде онан әрі ботаникалық ауданға бөледі. И. М. Крашенинников бөлген ботаникалық аудандары шын мәнінде физикалық - географиялық аудан болып табылады. Өйткені, бұл аудандарды бөлуде тек қана өсімдік сипатына сүйенбей геоморфологиялық және палеогеографиялық белгілерді негізге алады. Сонымен, қорыта айтқанда И. М. Крашенинниковтың Қазақстанның жазықтық бөлігін ботаникалық физикалық географиялық аудандастыруы шын мәніндегі тұңғыш жүйелі аудандастыру болып табылады.

б/. А. А. Григорьевтің ландшафтық - типтік негіздегі аудандастыруы

мен ӨКЗК-нің / СОПС/ табиғи-тарихи аудандастыруы

1944 жылы А. А. Григорьев «Қазақстанның табиғат жағдайлары» деген шағын кітапшасында Қазақстан аумағын зоналарға, подзоналарға және аудандарға бөлді.

А. А. Григорьевтің аудандастыру схемасында онан бұрынғы аудандастырулармен салыстырғанда бірқатар жаңалықтар орын алды.

1. А. А. Григорьев И. М. Крашенинниковтың схемасындағы бірнеше дала зоналарын бір зонаға біріктіріп, оның ішінде подзоналарға ажыратады.

2. Шөл зонасы екі дербес зонаға: солтүстік шөл мен оңтүстік шөл зоналарына бөлінеді.

3. Жеке зоналар мен ползоналардың шегінде ландшафтылар бөлінеді: Мысалы: солтүстік шөл зонасының шегінде құмды шөл ландшафт, теңіз жағалық жусанды - сораңды шөл ландшафтысы т. б. ажыратылады. Ландшафтылардың басым түріне немесе жиынтығына қарай физикалық географиялық аудан бөлінеді.

Бұдан А. А. Григорьевтің физикалық географиялық аудандарды бөлудің негізіне ландшафт типтерін алғаны көрінеді. Екінші бір көңіл аударарлық мәселе ол зоналар мен подзоналарды бөлуде басым топырақ - өсімдік түрлері, ауданның температурасы мен жауын - шашынның арақатынасы, яғни ылғалдану дәрежесі ғана емес, радиациялық жағдайларды да ескерген.

Қазақстанды физикалық географиялық аудандастырудағы жаңа кезең КСРО Ғылым Академиясының өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі кеңестің (СОПС) бүкіл Кеңес Одағын табиғи - тарихи аудандастыру схемасында орын алды. Бұл схемада аудандардың ең ірі бірлігі физикалық географиялық аймақ болып белгіленеді. Аймақ зонаға, өз кезегінде зона провинцияға бөлінеді. Қазақстан аумағы төрт жазықтық (Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір ойпаты, Қазақтың қатпарлы өлкесі, Тұран ойпаты) және екі таулы аймаққа (Алтай - Саян және Орта Азия таулы аймақтары) жатқызылады.

Жазықтық аймақтың шегінде орманды дала, дала, құрқақ дала шөлейт және шөл зоналары белгіленеді. Бұл схемада құрғақ дала жеке зона ретінде алынған.

Провинция жазықтарда зонаның бөлігі ретінде алынса, тауларда тікелей аумақтық бөлігі ретінде қабылданған. Мысалы: таулы аймағының Тянь - Шань провинциясы ОКЗК схемасында морфологиялық облыстар физикалық географиялық аудандастырудағы ең ірі бірлік ретінде ұсынылып физикалық географиялық аймақ деп аталған.

Тікелей Қазақстан территориясын физикалық географиялық аудандастыру мәселесі Н. Г. Рыбиннің ҚазССР Ғылым академиясының хабарламаларында жарияланған мақаласында қарастырылды. (1948) . Автор республика аумағын ең алдымен Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстан деп бес ірі бөлікке бөледі. Автор физикалық географиялық аудандастыруға ландшафтылық географиялық зоналарды негіз етіп алады. Ол республиканың жазықтық бөлігінде дала, шөл дала және шөл зоналарын бөледі. Осы ландшафтылық зоналардың үстіне морфологиялық зоналар салынады. Географиялық - морфологиялық белгілеріне қарай бөлінетін бұл облыстар физикалық географиялық аудан деп аталады. Бірақ физикалық географиялық аудандарды бөлуде бір ізділік жоқ. Сондықтан да Торғай үстірті мен Каспий ойпаты сияқты ірі аумақтар Арал маңы Қарақұмы, Үлкен Борсық пен Кіші Борсық, Орал алды сияқты шағын аумақтар мен бірдей таксономиялық дәрежеде қарастырылған.

Торғай үстірті мен Каспий маңы ойпатының жеке бөліктерінің табиғат жағдайлары бір - бірінен елеулі айырма жасайтындықтан ондай ірі аумақтарды тұтасынан физикалық географиялық ауданға жатқызу қисынға келмейтіні айдан анық. Сондай - ақ автор аудандық шолуға «ыңғайлылық үшін» деп республика территориясын алдымен бес ірі бөлікке бөлуі де қисынсыз. Кезінде Н. Н. Баранский экономикалық аудандар ретінде белгіленген Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстан физикалық география тұрғысынан ешқандай тексономиялық бірлікке сәйкес келмейді. Бұлай болу аудандастыру схемасын жөнсіз күрделендіріп жіберген.

Жеке аудандардың шегінде тағайындалған ландшафт типтері ала - құла. Автор ландшафт типтерін белгілеуде ландшафтылық подзоналарды негіз етіп алған. Бірақ, бұл принцип үнемі сақталып отырмайды.

Қазақстанды арнайы физикалық географиялық аудандастыру жөніндегі А. А. Григорьевтің схемасын әрі қарай Л. Н. Соболев жетілдіре түсті (1950) .

Л. Н. Соболев бүкіл Қазақстанды алдымен жазықтық және таулы бөліктерге бөледі. Ол Қазақстанның жазықтық бөлігінде дала, шөлейт және шөл зоналарын ажыратады. А. А. Григорьев сияқты Л. Н. Соболев те орманды дала зонасын бөлмейді. Бірақ дала зонасының солтүстік шегінде қайың шоқ ормандары сипатты деп есептейді. Әрі қарай шөл зонасын 2, дала зонасы 3 подзонаға бөледі, ал шөлейтті ондай подзонаға бөлмейді. Автор әрбір зонаның шегінде грунт жағдайларына қарай ландшафт типтерін ажыратады

(сазды, құмды және қиыршықты дала, шөлетті және шөл ландшафтылары) . Зонадан кейінгі таксономиялық бірлік - округ. Бұл бірлікке жіктеуде бірыңғай принцип жоқ. Дала зонасы екіге - дала және құрғақ дала округтарына бөлінсе, шөл дала бір ғана округке жатқызылады. Оның есесіне шөл зонасында батыстан - шығысқа қарай бірін - бірі алмастырып отыратын 5 округке келеді.

Таулы бөлікте Алтай, Жоңғар, Солтүстік Тянь - Шань және Батыс Тянь - Шань округтары ажыратылады.

Автор бөлген таксономиялық бірліктердің ішінде зоналар мен ландшафт типтерінің топырақ - өсімдік жамылғысына толық сипаттама берген, ал аудандардың тек аттары ғана аталады.

Кешенді физикалық географиялық сипаттамалардың берілмеуі, аудандастыру принциптерінің ашып көрсетілмеуі және округтерге бөлудің ала - құлалығы бұл схеманың басты кемшілігіне жатады.

в/ ММУ география кафедрасының зерттеулері. В. М. Чупахин (1968), Б. А. Федорович (1969), Н. А. Гвоздецкий мен В. А. Николаевтардың (1978) аудандастырулары

1968 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің КСРО физикалық географиясы кафедрасы ғалымдары жасап шығарған «КСРО - ны физикалық географиялық аудандастыру» картасымен сипаттамасында елді кешенді негізде физикалық географиялық аудандастыру белгілі бір жүйеге салынды. Бұл аудандастыру схемасында физикалық географиялық аймақ, зоналық облыс (таулы облыс), провинция жіктелген. Онда Қазақстанның жазықтық бөлігі Батыс Сібір, Шығыс Еуропа, Тұран, Орталық Қазақстан, таулы бөлігі - Орал, Оңтүстік Сібір, Орта Азия таулы аймақтарына жатқызылған. Жазықтық аймақ - зонаға (зоналық облысқа) таулы аймақ - таулы облысқа, онан әрі облыс провинцияға бөлінген.

ММУ ғалымдарының бұл схемасын аз кем өзгерістермен мұнан кейінгі В. М. Чупахиннің (1968), Б. А. Федоровичтің (1969), Н. А. Гвоздецкий мен В. А. Николаевтың (1978) аудандастыруларына негіз болды.

В. М. Чупахиннің Қазақстанның жазықтық бөлігін зоналық - провинциялық негізде аудандастырумен қатар, таулы аймақтарына да ендік зоналарға жатқызады. Атап айтқанда, Оңтүстік Сібір таулы аймағы дала, Орал және Жоңғар - Сауыр - Тарбағатай аймағы шөлейт, Орта Азия таулы аймағы шөл ландшафт зонасына жатқызылады.

Н. А. Гвоздецкий мен В. А. Николаевтың аудандастыру схемасында Н. Г. Рыбиннің ізімен Қазақстан 4 ірі бөлікке бөлінген. Олар Солтүстік -

батыс, Солтүстік және Оңтүстік - Шығыс Қазақстан. Бұл бөліктер ешқандай таксономиялық бірлікке сәйкес келмейтіндіктен аудандастыру схемасын

орынсыз күрделендіріп тұр. Сол сияқты Қазақстан жазықтық бөлігінде дала зонасынан құрғақ даланы дербес ландшафтылық зона ретінде бөліп қарастыруда дәлелсіз.

Ал Іле Алатауы провинциясы солтүстік Тянь - Шаньның шығыс бөлігіндегі Іле Алатауын, Кетпен жотасын, Қаратау жотасын қамтиды. Провинция Тянь - Шаньның солтүстік геологиялық зонасына кіреді. Бұнда протерозой және төменгі палеозой геосинклинальды шөгінділері таралған.

Провинция территориясы 8 және 9 балдық сейсмикалық зонаға жатады. Вертикальдық зоналық дала зонасынан бастап, барлық зонаны қамтиды. Егіншілік, шаруашылығы, бау - бақша дамыған. Туризм және альпинизм орталығы.

Мұндағы Қырғыз жотасы провинциясының Қазақстанға тек қана солтүстік беткейінің тік бітетін батыс бөлігі кіреді. Қазақстандық бөліктің абсолюттік биіктігі 3000 м-ден аспайды. Негізінен протерозой және төменгі палеозойдың жыныстарынан түзілген. Провинцияда астық тұқымдас дала, шалғынды дала ландшафтылары үстемірек келеді.

Соңғы Қаратау провинциясы биіктігі орташа Қаратау жотасын қамтиды. Негізінен архей, протерозой және палеозойдың дислокацияға ұшыраған қабаттарынан құралған, ал тау алды бөлігі мезозой, палеоген және неоген шөгінділерінен тұрады. Провинция территориясы 5 және 6 балдық сейсмикалық зонада жатыр. Негізінен шөлейт және дала ландшафтылары таралған. Суармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Алматы облысы Балқаш ауданы
Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау
Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас
Қазақстан топонимиясы
Жамбыл облысының топырағы әралуан
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Алматы қаласына физикалық-географиялық сипаттама
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz