Қазақстандағы экономикалық саясаттың кезеңдік сипаты және оның шағын бизнеске әсері



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

I Тарау

1.1. Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда экономиканың тиімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8
1.2. Экономикадағы саяси жүйенің икемділігін ұлғайту ... ... ... 9.13

II Тарау

2.1. Қазақстандағы экономикалық саясаттың кезеңдік сипаты және оның шағын бизнеске әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасы кезекті биік белесті бағындыру қарсаңында тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің 15 жылы ішінде елде зор жетістіктерге жеткізіп, ұлттық экономикамызды әртараптандыру арқылы-ғылыми инновациялық даму жолына түсіруді қолға алды, әлеуметтік саланы жаңартып жетілдіру және бүгігі талабына сәйкестендіру біраз іс-шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, билік қоғам арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіріп отырған қазіргі саяси жүйені модернизацмялауға бағыттарға белсенді әрі батыл қадамдарды қарапайым жұрт арасында кеңінен қолдау тапты. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаң әрі тиімді тетіктері құрылуда. Біздің қол жеткен табыстарымызды дүние жүзі мойындап отыр.
Жалпы алғанда, аталмыш кең ауқымды қамтитын іс-шаралар жүйелі түрде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауды негізінде әзірленіп, түгелдей еліміздің бәсекелестікке қабілеттігін арттыруға бағытталған.
Ел дамуының бағытын анықтайтын және оған үдемелі қарқын беретін «ғаламдағы бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енудің стратегиясы» нағыз ұлттық идеяға айналуына лайық. Оның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, Стратегия күллі Қазақстан халқының барлық сұраныстарын қанағаттандырады, қайсыбір әлеуметтік топтардың мүдделеріне қайшы келмейді. Стратегия көздейтін мақсаттар ман міндеттер қоғамның барша мүшелеріне ортақ құндылықтар. Соған сәйкес , әрбір азаматтың өсіп-өнуі өз кезегінде жаһандық деңгейдегі бәсекелестіке тұтастай мемлекетіміздің позицияларын күшейте түседі.
Екіншіден, Стратегия жүйеленген өрлеу жолын орнықтырады. Еліміздің перспективті даму бағыттарының жан-жақты қолдауды күшейтуді көздейді. Мәселен, ұлттық және өңір экономикаларына сәйкес кластерлердің қалыптасу қажеттілігін білдіреді.
Үшіншіден, стратегияны талдағанда, оның құрамында ұлттық идеяның нышандары бар екенінде көз жеткізуге болады. Мысалға, халықта топтастыру арқылы жұмылдыру секілді қасиеттері бар.
Қазақстан Президетті жүктеген тапсырмалары іске асыру барысында ел Үкіметі төмендігедей салаларда бірсыпыра шаралар атқарды. Енді соларды дербес талдаудың қажеттігі туындағаны айдан анық.
Қазақстан Президентінің 2007 жылғы жолдауында атап көрсеткендей, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады. Сол үшін де Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап алынды. Бұл – біздің бұдан-былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс арнасы. Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және Қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруының қамтамассыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып біздің: біріншіден, қандайда бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кузьминов Я.И., Набиуллина Э.С., Радаев В.В., Отчуждение труда: история и современность. Москва Экономика 1989 Гл.1,5.
2. Ядов В.А. мотивация труда: проблемы и пути развития исследований / Советская социология. Т.2. Москва Наука, 1982 С. 36-37.
3. Эльстер Ю. Социальные нормы и экономическая теория // Thesis 1993 Т.1. Вып. 3. С.76.
4. Булгаков С.Н. Народное хозяйство и религиозная личность/Булгаков С.Н. Соч. Т.2. Москва Наука 1993 С.366.
5. Смит А. Теория нравственных чвуств, или опыт исследования о законах, управляющих суждениями, естественно составляемыми нами, сначала о поступках прочих людей, а затем о наших собственных. СПб.: Глазунов 1868 С.37.
6. Менгер К. Исследования о методах социальных наук и политической экономии в особенности. СПб.: Цезерлинг, 1894. С.68-69, 75.
7. Маршалл А. Принципы экономической науки. Т.1. Москва. Прогресс-Универс, 1993. С.56,83.
8. Бем-Баверк Е. Основы теории ценности хозяйственных благ. С.361.
9. Радаев В.В. Два корня российского предпринимательства: фрагменты истории // Мир России. Т. 4. 1995 С. 173-176.
10. Радаев В.В. Хозяйственная мотивация в условиях монополизма советского типа // Вопросы экономики 1990 № 6 С. 53-61.
11. http//www.Экономика.ru.
12. Назарбаев Н. Заманның сыншысы да, тарихшысы да – бүгінгі жастар.// Егемен Қазақстан 2001 3 ақпан.
13. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы» // Егемен Қазақстан 2007 3 наурыз № 35-36.
14. Қазақстан тарихы очерктер. Республикалық «Дәуір» газет журнал баспасы.
15. Қазастан 2030 стратегиялық бағдарламасы «Ата Мұра» 2000.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

I Тарау

1.1. Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда экономиканың
тиімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-8
1.2. Экономикадағы саяси жүйенің икемділігін ұлғайту ... ... ... 9-13

II Тарау

2.1. Қазақстандағы экономикалық саясаттың кезеңдік сипаты және оның
шағын бизнеске әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..25

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасы кезекті биік белесті бағындыру
қарсаңында тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің 15 жылы ішінде
елде зор жетістіктерге жеткізіп, ұлттық экономикамызды әртараптандыру
арқылы-ғылыми инновациялық даму жолына түсіруді қолға алды, әлеуметтік
саланы жаңартып жетілдіру және бүгігі талабына сәйкестендіру біраз іс-
шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, билік қоғам арасындағы қарым-
қатынастарды ретке келтіріп отырған қазіргі саяси жүйені модернизацмялауға
бағыттарға белсенді әрі батыл қадамдарды қарапайым жұрт арасында кеңінен
қолдау тапты. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаң әрі тиімді
тетіктері құрылуда. Біздің қол жеткен табыстарымызды дүние жүзі мойындап
отыр.
Жалпы алғанда, аталмыш кең ауқымды қамтитын іс-шаралар жүйелі түрде
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауды негізінде әзірленіп, түгелдей
еліміздің бәсекелестікке қабілеттігін арттыруға бағытталған.
Ел дамуының бағытын анықтайтын және оған үдемелі қарқын беретін
ғаламдағы бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енудің стратегиясы
нағыз ұлттық идеяға айналуына лайық. Оның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, Стратегия күллі Қазақстан халқының барлық сұраныстарын
қанағаттандырады, қайсыбір әлеуметтік топтардың мүдделеріне қайшы келмейді.
Стратегия көздейтін мақсаттар ман міндеттер қоғамның барша мүшелеріне ортақ
құндылықтар. Соған сәйкес , әрбір азаматтың өсіп-өнуі өз кезегінде жаһандық
деңгейдегі бәсекелестіке тұтастай мемлекетіміздің позицияларын күшейте
түседі.
Екіншіден, Стратегия жүйеленген өрлеу жолын орнықтырады. Еліміздің
перспективті даму бағыттарының жан-жақты қолдауды күшейтуді көздейді.
Мәселен, ұлттық және өңір экономикаларына сәйкес кластерлердің қалыптасу
қажеттілігін білдіреді.
Үшіншіден, стратегияны талдағанда, оның құрамында ұлттық идеяның
нышандары бар екенінде көз жеткізуге болады. Мысалға, халықта топтастыру
арқылы жұмылдыру секілді қасиеттері бар.
Қазақстан Президетті жүктеген тапсырмалары іске асыру барысында ел
Үкіметі төмендігедей салаларда бірсыпыра шаралар атқарды. Енді соларды
дербес талдаудың қажеттігі туындағаны айдан анық.
Қазақстан Президентінің 2007 жылғы жолдауында атап көрсеткендей,
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады. Сол үшін де
Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап алынды. Бұл –
біздің бұдан-былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс арнасы. Біз осы заманғы
әлемде Қазақстанға және Қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының
әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруының қамтамассыз ету
үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің
озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып біздің:
біріншіден, қандайда бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды
жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден, жаңғырта
жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің
барлық салаларына тарату керек.

Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда экономиканың
тиімділігін арттыру
Жаһандану үрдісінің күшеюі жағдайында ұлттық экономиканың бірбеткей
шикізаттық бағыты ел қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіруі мүмкін екені
рас. Бұл өзкезегінде елдің бәсекелестікке қабілеттігін төмендетеді. Алайда
Қазақстанның экономикалық әлеуеті жылдан-жылға қарқын алып өсу үстінде.
Шындап қарасақ, бұл құбылыстың негізгі факторы елдің жер қойнауындағы
байлықтарын тиімді игеруі болып отыр. Қазақстанның халықаралық экономикада
бәсекелестік әлеуетін арттыруды көздейтін айтуыл іс-шаралар асырылды.
Мемлекеттік сектор. Экономиканың мемлекеттік секторында активтерде
қайта үлестіру және шоғырландыру процесі байқалуда.
Осыған орайластырып, ұлттық компанияларды басқарудың мемлекеттік
тетіктерін жетілдіру мақсатымен Самұрық мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі Қазақстандық холдингі АҚ құрылды. Оның құрамына қазірдің өзінде
статегиялық маңызы бар бірнеше ұлттық компаниялар енеді:
• ҚазМұнайГаз Ұлттық мұнай-газ компаниясы АҚ;
• Қазақтелеком Ұлттық компаниясы АҚ;
• Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ;
• Кегок электр желілерін басқару жөніндегі Ұлттық компаниясы АҚ;
• Қазпошта АҚ.
Соңғы мәліметтерге сәйкес оған мемлекет үлесі бар тағы 17 компанияны
қосуды көздейтін ұйғарым әзірлену үстінде. Ел үкіметінің бұл бағыттағы
қадамдарын құптауға тұрарлық, өйткені соңғы кездері ұлттық компаниялардың
іс-әрекеті қоғамға да, салалық министрлікке де беймәлім еді. Негізінен,
осындай жағдайды бастан кешуіміз ұлттық компанияларды бақылаудың
мемлекеттік тетіктердің жеткіліксіздігі және қоғамдық тетіктердің мүлдем
жоқтығынан болып тұр. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін Самұрық ұлттық
холдингімемлекеттің аталмыш компаниялары үстінен стратегиялық бақылауын
қайта орнату үшін құрылған. Сонымен бірге, ұлттық компаниялар сегментін
ірілендіру арқылы олардың жалпы бәсекелестікке қабілеттігі күшейеді деп
топшылауға негіз бар.
Мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз етуіне оңтайлы жағдай
қалыптастыру және индустриалдық-инновациялық салада мемлекеттік басқару
жүйесін жетілдіру үшін Қазына тұрақты даму қоры АҚ құрылған. Оның
негізгі міндеттері: даму институтарын корпоротивті басқарудың әлемдегі
үздік тәжірибені енгізу, даму институттары іс-әрекетінің экономикалық
тиімділігін арттыру, олардың мамандырылуы мен өзара бәсекелесуі арасында
тиімді тепе-тең ұстап тұру, ұлттық экономиканы диверсикациялау, даму
институтарының іс-әрекетін үйлестіру арқылы экспорт-импорт секторының
артықшылықтарын пайдалану. Бүгінде еліміздің негізгі даму институттар
Қазына қорына біріктіріліп, табысты қызмет жасауда. Соның ішінде:
• Қазақстанның даму банкі АҚ;
• Ұлттық инновациялық қор АҚ;
• Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ;
• Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы АҚ;
• Қазақстанның инвестициялары мен экспорттық несиелерін
сақтандыру мемлекеттік корпорациясы АҚ;
• Қазинвест инвестицияларды қолдаудың Қазақстандық орталығы АҚ;
• Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ;
• Инжиринг пен технологиялар трансферті орталығы АҚ.
Есесіне, экспортты қолдаудың агенттігін құру мәселесі қарастырылып
жатыр. Қазына қоры қалыптасып келе жатқан ұлттық инновациялық жүйенің
діңгегі болады деп күтілуде. Қазірдің өзінде еліміздің дамуына ерекше
қарқын беретін әрі стратегиялық маңызы бар ондаған жобаларға қарамағындағы
даму институттары арқылы қатысып жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Парламент сессиясын ашу
кезінде сөйлеген сөзінде осы іспеттес ауылшаруашылығы саласында ҚазАгро
компаниясын құру қажеттігін шегелеп айтты.
Ғылыми-технологиялық кеңістік. Қазақстанның жоғары саяси басшылығы
жаңа технологияларды өндіріске кеңінен таратып енгізу керектігін жете
түсініп отыр. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы осының айғағы іспеттес. Бүгінгі
таңда бұл құжаттың мән-маңызы соншалықты зор, ол еліміздің осы мерзімдегі
даму басымдықтарын анықтап жол сілтейді. Шикізаттарды игеруден түскен
табыстардың басым бөлігі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске
асыруға жұмсалуда. Мысалға, ҚР Ұлттық Қорында қордаланатын қаржы-қаражат
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жинақтаушы қызмет атқарып,
тұрақтандырушы ықпал етеді.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде индустриалды-инновациялық және
өндірістік-технологиялық парктер құрылуда. Мәселен:
• Алматыда ұлттық деңгейдегі тұңғыш Аlatau IT City технопаркі
құрылды., ол болашақта атақты Силикон алқабының Орталық Азиядағы
баламасы болмақ, технопарк компьютерлік бағдарламалар құрастыруға
бағытталған;
• Оралда Алгоритм машина жасау технопаркі құрылатын болатын, бертінде
қорғаныс мұқтаждықтарын өтеу саласында жемісті қызмет жасады;
• Қарағандыда UniScienTech инжиниринг пен құрастыру технопаркі
құрылды. Технопарк құрамында бизнес-инкубатор, металлографиялық
зертханалар және мәжіліс залы қызмет көрсетеді.
• Курчатовта Ұлттық-ядролық технологиялар паркі қалыптасып жатыр;
• Атырау облысында Ұлттық индустриалық мұнай-химия технопаркі
құрылады;
• Астанада Ұлттық биотехнологиялыр орталығы қызмет жасайтын болады, ол
4 бағытта қызмет жасайды: ауылшаруашылық, медицина, азық-түлік және
экология салаларындағы биотехнологиялар.
Жоғарыда көрсетілген құрылымдық-институционалдық шаралар сервистік-
технологиялық экономикаға көшу негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Ғарыш саласын дамытудың ұлттық бағдарламасы аясынды ҚазСат және оған
қоса жерді зерттеудің бір топ ғарыш серіктерін құрастыру және ұшыру
жоспарланып жатыр. Міне, осы арқылы Қазақстанда Білім экономикасының
алғышарттарын қалыптастыру жүріп жатыр.
Осылайша, ұлттық экономиканың дамуы келесі кезеңдерден өтуі тиіс деп
есептейміз: өндіріс инфрақұрылымы мен агроөнеркәсіп секторының толығымен
қалыптасып бітуі, экономиканың тегерілуі, өңдеу өнеркәсібінің оза дамуы,
жоғары технологиялық және ғылыми өндірістердің дамуы және кең етек жаюы.
Жалпы, ұлттық экономикадағы кластерлік саясаттың іске асуы және ғылыми-
инновациялық бағыттың күшеюі мемлекеттің осы саладағы тиімділікті ұлғайту
арқылы бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруға бағытталған.

Экономикадағы саяси жүйенің икемділігін ұлғайту
Кез-келген қоғамдағы саяси жүйенің тұрақтылығы мен өміршеңдігі оның
икемделу тетіктерінің дұрыс қызмет атқаруына тәуелді екені рас. Өйткені,
сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге түсетін саяси жүйе, өз қызметінде сыртқы
ортамен үнемі ақпарат алмасып тұруына тура келеді.
Саяси жүйені сыртқы ортамен сабақтастыратын ақпараттық байланыс
арнасын тура байланыс деп, ал сыртқы ортаның саяси жүйемен. Дәнекерлейтін
ақпараттық байланыс арнасын кері байланыс деп атайтыны теориялық
саясаттанудан мәлім. Саяси жүйе туралы байланысты іске асыру кезінде
мемлекеттік аппарат өз саяси шешімдері мен саяси іс-әрекеттерін
қоғамға, яғни сыртқы ортаға білдіреді.
Сыртқы орта болса, кері байланыс кезінде сол саяси шешімдер мен саяси
іс-әрекеттерге өз пікірін білдіреді. Сондықтан да кері байланыс не
талап ретінде, не қолдау ретінде нақты саяси өмірде орын алады.
Сонымен бірге саяси жүйенің икемделгештік қасиетінің парапар, оңтайлы
әрі дер кезінде жауап беруі сыртқы орта мен оның күйі туралы қандай
деңгейде ақпарат жиналғандығына байланысты екендігін ескеру қажет. Ал сол
икемделу тетіктері арасынан саяси жүйенің сараптамалық-болжау функциялары
маңызды орынға ие.
Тұтастай алғанда, саяси жүйенің ақпаратты-талдау функциясы үш күйде
қызмет атқаруы мүмкін, олардың мобилизациялық деңгейінің артуына қарай
төмендегідей ретімен орналасады:
• Жүйені саяси процестерге бақылау жасау күйі;
• Жүйенің саяси процестерді реттеу күйі;
• Жүйенің саяси процестерді басқару күйі.
Саяси процестерге бақылау жасау. Саяси жүйенің осы күйінде шешім
қабылдау орталығының бір қалыпты қызмет атқаруымен сипатталады. Осы тұста
жергілікті орындардан мерзімді ақпарат алу мен оған сараптамалық мониторинг
жасау қызметі жоспарға сәйкес жұмысын жасайды. Негізі екпін ұзақ мерзімді
сараптамалық болжау қызметіне түсіріледі.
Саяси процестерді реттеу. Саяси ахуалдың күрделене түсуіне немесе
саяси өмірдегі елеулі уақиғаның орын алуына байланысты шешім қабылдау
орталығы өз қызметін белсендірек атқаруына себеп болады. Саяси жүйе орта
мерзімді сараптамалық жұмысын күшейтеді. Осы кезде мемлекеттік аппараттың
ақпаратты-сараптау қызметі саяси прцестерге жанама араласуы әбден мүмкін.
Саяси процестерді басқару. Бұл саяси жүйенің ең жоғарғы мобилизациялық
деңгейі. Саяси-мемлекеттік шешім қабылдау орталығының қарқынды қызмет
атқаруымен сипатталады. Мемлекеттік аппарат саяси процестерге барынша
кірігуі байқалады. Сараптамалық қызмет көбінесе өзінің ағымдағы ахуалды
талдау, яғни қысқа мерзімді сараптама жұмыстарына жүгінеді. Саяси
процестерді басқаруға жұмылдырылып, оның кері салдарын алдын алуға не жоюға
тырысады. Атап өтерлігі, саяси жүйенің тұрақтылығы мен өміршеңдігіне қауіп-
қатердің туындауы негіз бола алады.
Саяси күштердің кез-келген конфигурациясында саяси жүйе қоғамдағы
қарапайым азаматтардың, мемлекеттік аппараттың және саяси-экономикалық
топтардың мүдделерінің үйлесімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Әйтпесе,
жүйені тұрақтандыру мен сыртқы ортаның кері ықпалын, жұмсарту қасиеттері
төмендеп, жүйе құлылымының іргесі әлсірейді.
Әлбетте, саяси ахуалдың нашарлауы саяси жүйенің сыртқы ортамен өзара
әрекеттесудегі кері байланыс арналарының дұрыс істемеуінен болуы мүмкін.
Ол үшін, ең бастысы, сараптамалық-болжау қызметінің жұмысын күшейту керек.
Осылайша, дұрыс шешім қабылдау үшін сапалы ақпараттың болуы шарт, яғни
саяси жүйенің беріктігі, көп жағдайда, сыртқы ортамен қаншалықты нәтижелі
өзара әрекеттесуіне тәуелді болады.
Саяси саладағы реформалар неғұрлым жүйелі, тиімді және тұрлаулы болса,
соғұрлым елдің бәсекелестікке қабілетін арттырады. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың саяси ерік-жігер танытуы арқасында Қазақстанда саяси шешім
қабылдаудың ымыраластық үлгісі қалыптасу үстінде. Қазақстан Республикасында
Демократиялық реформалар бағдарламалар әзірлеу мен нақтылау жөніндегі
мемлекеттік комиссиясының жұмысы табысты деп бағалауға толық негіз бар. Ол
өзін өзіндік кері байланыстың маңызды арнасы ретінде танытты. Мемлекеттік
комиссияның жоғарғы мәртебесін тіпті оппозиция лидерлерінің біразы мойындап
оның жұмысына қатысуға қызығушылығын білдірді.
Сонымен бірге, ел Үкіметінің демократиялық реформаларды тереңдету
жөніндегі 2006 жылға арналған іс қимыл жоспары бекітілді. Бұл ерекше атап
өтерлік жәйт, өйткені орталық атқарушы биліктің саяси демократияландыру
прцесін нормативтік-құқықтық жоспарлау негізінде іске асыру елімізде бұрын-
соңды болмаған тәжірибе. Осы іспеттес шаралар биліктің жауапкершілігін
едәуір арттыратыны сөзсіз.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда саяси жүйенің икемділігін арттыру келесі
бағыттарда жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік басқару жүйесі. Мемлекеттік басқару жүйесінің әрбір
деңгейінің өзіне тән басқарудың мақсаттары және міндеттері болады. Алайда
еліміз КСРО-дан басқару органдарының бір-бірінің қызметін қайталау, басқару
деңгейлері арасында жауапкершіліктің анық межеленудің болмауы сияқты
келеңсіз құбылыстар мұраланды. Оларды ауыздықтау үшін Қазақстанның басқару
жүйесінде айтарлықтай істер тындырылуда. Мәселен, кезең-кезеңімен
орталықсыздандыру, басқару деңгейлерінің функцияларын қатаң анықтау,
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту шаралары жүріп жатыр.
Жергілікті өзін-өзі басқару жайлы сөз қозғасақ, мұнда, ең бастысы,
жергілікті орындарда тежемелік пен тепе-теңдік жүйесін орнату көзделуде.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың органдарының функциялары менуәкілеттіктерін,
ішкі құрылымын, қаржыландыру көздері және қорғану тетіктерін ойластыру
керек. Сонымен қатар, қала мен аудан әкімдерді сайлау кезінде аса
мұқияттылық пен сарабдалдық танытқан абзал. әлемдік тәжірибеде бұл жүйеден
бас тарту жәйттері де орын алды. Мәселен, Ұлыбритания, Дания және Бельгия
елдерінде қайта орталықтандару үрдістері байқалды. Алғашында қала мен аудан
деңгейіндегі әкімдердің 30 пайзын сайлау нәтижелерін қорытындылау қажет.
Әкімшілік реформалар барысы. Қазақстан мемлекеттік егемендігін
жариялағалы ьмемлекеттік аппаратты жаңарту саласында ұдайы реформалар
жүзеге асыруда. Қазіргі таңда елімізде іске асырылып жатқан әкімшілік
реформалардың алдында қос міндет тұр:
Біріншіден, мемлекеттік аппараттың көлемін оңтайландырумен бірге оның
тиімділігін арттыру.
Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттырумен
қатар олардың әлеуметтік беделін көтеру.
Жалпы алғанда, әкімшілік реформалардың жаңа кезеңі төмендегідей
бағыттарда дамып жатыр:
• Мемлекеттік қызмет институтын одан әрі жетілдіру. Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы
негізінде Ұлттық Басқару Мектебі құрылмақшы. Соған сәйкес,
мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру жайы қаралуда.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің саласық стандарттары әзірленеді.
Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің өзі ептеп электрондық форматқа
көшіріледі. Осы арқылы мемлекеттік қызметкер мен тұтынушы
арасында тікелей қарым-қатынастар едәуір қысқарады деп күтілуде.
• Сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелендіру. ҚР мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі агенттіктің ішінде Тәртіптік комиссия құрылып
жұмысын бастап кетті. Оның құзырына С-1 деңгейіндегі
лауазымындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі
тәртіптік істері жатады. Оның үстіне, мемлекеттік
қызметкерлердің жалақысын жүйелі негізде көтеру және жалақының
мөлшерін артық нәтижеге бағыттау жүйесі әзірленуде. Сыбайлас
жемқорлықпен күрес саласындағы заңнаманы күшейту, мемлекеттік
қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар іске
асып жатыр.
• Мемлекеттік аппараттың құрылымын оңтайландыру. Ел үкіметі
толықтай стратегиялық басқару, жалпы реттеу функцияларын іске
асыру мен заң жобаларын әзірлеу жұмыстарына ден қояды. Оның
құрылымы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес қайта
жаңартылады. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдар
классификациясы қайта қаралып, керек емес артық лауазымдар
жойылады.
• Басқарудың, үйлестірудің және бақылаудың тиімді тетіктерін
енгізу. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының сапасы
ментиімділігін бағалаудың кешенді жүйесі енгізілмекші. Соның
ішінде, мемлекеттік органдар іс-әрекетінің рейтингілік жүйесі
әзірленеді.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту. Азаматтық қоғам институттарын
дамыту тұжырымдамасы мақұлданды. Азаматтық қоғам институттары, әсіресе,
үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуы мен әрекет жасуына бірнеше
кедергілер бар. әуелден мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасында
әріптестік қатынастар орнауына жағдай жасау. Есесіне, үкіметтік емес
ұйымдардың шетелдік демеушілерден қаржылай тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
Оның үстіне, үкіметтік емес ұйымдар сыбайлас жемқорлықпен күресудегі
негізгі қоғамдық құралына айналуы тиіс. Сонымен бірге, үшінші секттор
демократиялық даңғылмен дамуымыздың кепілі болуы шарт.
Осылайша, жүйелі реформалардың саяси бағдары биліктің тиімділігі мен
саяси жүйенің ырықтандырылуы арасында дұрыс тепе-теңдікті орнатуды
көздейді. Саяси үрдісті демократияландыру мемлекеттің іргелі саяси
институттарын одан әрі дамыту мен нығайтуға, әртүрлі билік тармақтарының
әрекеттесуінің тиімділігін арттыруға және өзара тежемелік пен тепе-теңдік
жүйесін күшейтуге негізделген.
Экономикалық өрлеудің қарқыны жөнінен ТМД мемлекеттері және Шығыс
Еуропа елдері арасынан алға суырылып шыққан еліміз, ендігі, саяси
реформалардың тереңдігі мен қарқындылығы жөнінен де көшбасшы болуға бел
буды. Оған қажетті алғышарттың барлығы бар.

Қазақстандағы экономикалық саясаттың кезеңдік сипаты және оның шағын
бизнеске әсері
Экономиканың даму барысындағы әр түрлі пікірталасты, мәселелерді шешу
макроэкономика ғылымы арқылы жүзеге асырылып отыратыны белгілі.
Экономиканың жедел дамуы, өндірілетін өнімнің өсуі, инфлияция мен
жұмыссыздық кезіндегі төлемнің балансы, айырбас курсы сияқты мәселелердің
бәрі осы макроэкономика ғылымындағы зерттелетін жағдайлар. Ал, осы
экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат-бюджет-салық,
қазыналық, ақша-несие, монетарлық саясаттың жүргізілуімен іске асырылып,
осы арқылы мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылықты
орнатып, оны ұстап тұруға жұмыстанады. Осыған байланысты әр мемлекет өз
экономиаксының оңды дамуы барысында макроэкономикалық саясаттың белгілі бір
қатесіз, дұрыс таңдалған бағытын басшылыққа алып жүргізуді өзекті
мәселелердің бірі ретінде санайды.
Экономикалық саясат теориясының мақсаты - нақты қалыптасқан
жағдайларды жан-жақты ескере келіп, дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету. Бұл
үшін, анықталған кездегі жағдайларды терең зерттеп, осы әдісті экономикалық
процестердің алғашқы кезеңінде қолдану маңызды. Ондағы факторлардың саны аз
болғандықтан, процестің дамуы да, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі де
жоғары болады. Кең өріс алған экономикалық саясат бір-біріне қарсы келетін
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді зерттеп, оңды дәлелді сипаттамаларды
жасауға бағытталады.
Экономикалық саясаттың базалық теориясын алғаш рет 50-жылдардың
басында голландық экономист Ян Тиберген кешенді түрде талдады. 1969 жылы
алғаш рет Нобель сыйлығының жүлдегері атағын иеленген Я. Тинберген
теориясының концепциясы экономикалық саясаттың нормативті теория бағытына
негізделген еді.
Осы жерден түсінік бере кетсек, экономика теориясында айрықша сала
ретінде экономикалық саясаттың нормативті теориясы, сондай-ақ келесі бір
бөлімі саясаттанумен қиылысқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының ерекшеліктері
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІН ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒАЛАУДЫН МАҚСАТТАРЫ
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы
Лизинг туралы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Пәндер