Қазақстанды экономикалық аудандастыру


Кіріспе

Қазақстан Республикасының маңызы зор мәселелердің бірі экономикалық аудандарға бөліп баға беру болып табылады. Сол себептен Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандар ішінен өзінің алатын орны ерекше.

Солтүстік Қазақстан облыстарын алып, оған жеке мінездеме беру арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерімен танысамыз. Облыстарды жеке- жеке жан- жақты оқып үйрену арқылы олардың маңызын білеміз.

Диплом жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандарының экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағдайын, маманданған шаруашылық салаларын, халқына сипаттам беріп олардың қоғамдағы маңызын ашып көрсетуімен өзекті.

Диплом жұмысының мақсаты: Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандарының:

  • географиялық орнын;
  • климатын;
  • табиғи байлығы мен пайдалы қазбаларын;
  • маңызды шаруашылығы, өнеркәсіп орындарын ашып көрсету.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандарына жеке сипаттама беру;
  • Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық жағдайын баяндау;
  • Тарихы, географиялық жағдайы, табиғаты, мәдени орталықтары, демалыс орындары;
  • Қостанай облысының экономикалық жағынан сипаттама беру;
  • Географиясы, тарихы, мәдени орталықтары, демалыс орындары;
  • Павлодар облысының экономикалық жағдайын баяндау;
  • Географиялық орны, шаруашылығы, тарихи- мәдени орталықтары;
  • Ақмола облысының экономикалық тұрғыдан баға беру;
  • Географиялық жағдайы, шаруашылығы, демалыс орталықтарына тоқталып, олардың маңызын көрсету.

Диплом жұмысының әдістемелік- методологиялық негіздері: Ұсынылған диплом жұмысының теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі бекіткен экономикалық және әлеуметтік географиясы, В. М. Чупахиннің «Физическая география Казахстана» оқулықтары басшылыққа алынып салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының практикалық маңызы: Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, өндірістің жеке салаларының мамандары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.

Диплом жұмысының құрылымы мен мазмұны: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланыоған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері ашып көрсетілген.

Бірінші тарауда Қазақстанның түрлі бөліктері шаруашылығының айырмашылықтарымен байланысты аудандастыру мәселесіне, аудандастыру факторларына және принциптерге талдау жасалған. Екінші тарауда Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына, яғни аталған аудан құрамына кіретін облыстарға жан- жақты сипаттама беріліп, олардың табиғи-климаттық ерекшеліктері, халқының орналасуы, шаруашылық маңызы қарастырылған.

I Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына сипаттама

1. 1. Қазақстанды экономикалық аудандастыру

Экономикалық аудандастыру елдің жеке бөліктерінің шаруашылығын жоспарлауда, олардың даму келешегін анықтауда маңызды орын алды.

Ресей - экономикалық аудандастыру проблемасына арналған еңбектер пайда болған біінші ел. Ресейді экономикалық аудандастыру туралы алғашқы зерттеулер 18 ғасырда басталды. Семенов-Тянь-Шаньскийдің 19 ғасырда Орталық-өнеркәсіпті, Орталық-егіншілікті, Волга бойы (Поволжье) аудандарын жеке экономикалық аудандар ретінде ұсынуының тарихи маңызы зор.

Кеңес Үкіметі жылдарында елді экономикалық аудандастырумен ГОЭЛРО жоспары, ВЦИК (Бүілодақты орталық атқару комитеті), Госплан (Мемлекетті жоспарлау комитеті) комиссиялары айналысты. Кеңес Одағы аумағы 19 экономикалық ауданға бөлінді.

Экономикалық аудандастыру дегеніміз - аумақтық еңбек бөлінісі ортақ, өзара байланысты экономикалық аудандарға топтастыру. Экономикалық аудандастыру карта мен жер бетінде экономикалық аудандарды белгілеу.

Экономикалық аудан - аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасып, бір-бірінен шаруашылықтың мамандануы және кешенді дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.

Аумақтық еңбек бөлінісі - әрбір ел не ауданның өзінде өндірілетін артық өнімдерін басқа ел, аудандарға шығарып, олардан жетіспейтін өнімдер алуы. Мысалы, Қазақстан басқа елдерге мұнай, көмір, қара және түсті металдар, астық, жүн т. б. өнімдер шығарып, олардан машина, түрлі-құрал жабдықтар, газ және жеңіл өндірістік бұйымдарын алып отырады.

Қазақстанның түрлі бөліктері арасында революцияға дейін-ақ, яғни 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында шаруашылықтың аумақтық айырмашылықтары байқалды. Ол кезде бүкіл Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы, солтүстік далалық алқапқа дәнді дақылдар, сүтті-етті мал шаруашылығы, ал оңтүстікте суармалы және тәлімі егіншілік (богарлар), бау-бақша, ал орталық, батыс, шығыста тау-кен өнеркәсібі дами бастады.

Кеңес Үкіметі жылдарында аумақтық еңбек бөлінісі, көлік қатынасы дами түсіп, елдің жеке бөліктерінің шаруашылығының мамандануы байқалды. Ел аумағында өндіргіш күштердің ұтымы орнастыруы ішкі экономикалық-географиялық айырмашылықтардың онан әрі дами түсуіне және республика ішіндегі экономикалық аудандардың пайда болуына әсер етті.

Экономикалық аудандарды шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың нәтижесінде қарау керек. Экономикалық аудандар шаруашылықтың кешенді дамуымен сипатталады.

Белгілі ғалым Н. Н. Баранский Қазқстан аумағын 5 экономикалық ауданға бөледі. Аудандастыру экономикалық аудандар шаруашылығының мамандануына, өндірістік кешендердің құрамына қарай топтастырылады. Бұл аудандар аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасуына мүмкіндік туғызды.

Экономикалық-географиялық белгілеріне қарай Қазақстан аумағы: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарға бөлінеді.

Экономикалық аудандар схемасы

Әрбір экономикалық аудан бірнеше облыстарды біріктіріп, олардың аумағында шаруашылықтың 3 тобы, яғни маманданған, қосалқы және қызмет көрсетуші салаларын қалыптасады.

Маманданған сала сол аудандағы шаруашылықтың жетекші, әрі өнімнің басым бөлігін беретін саласы. Мысалы, Шығыс Қазақстан ауданының маманданған салалары энергияны көп қажет ететін түсті металлургия және су электр энергетикасы. Әрбір аудандар шаруашылықтың бірнеше маманданған салалары қалыптасып, кешенді дамиды.

Қосалқы сала маманданған салаларды жетілдіруге, оны онан әрі дамытуға қызмет етеді. Мысалы, Орталақ Қазақстандағы маманданған металлургия өнеркәсібін электр энергиясымен қамтамазыз ету қосалқы саланың қызметі.

Әрбір аудан халқын тұтыну заттарымен қамтамазыз ету - қызмет көрсету саласына жатады.

Қазақстанды экономикалық аудандастыруда өндірістік, перспективалық және елді саяси-әкімшілік болу мен экономикалық аудандастырудың бірлігі ұстаным ретінде басшылыққа алынған.

1. 2. Аумағы. Географиялық орны. Қазақстан шаруашылығындағы орны

Солтүстік Қазақстан еліміздің қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейндерінде, шығыс бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан. Ауданның құрамына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары креді. Аумағы - 600, 9 мың шаршы шақырым. Халқы - 4, 6 млн адам. Солтүстік Қазақстан аумағының көлемі жөнінен Батыс және Оңтүстік аудандарынан кейін үшінші орын алып, оған еліміз аумағының 22% келіп, ауданы Украина жер көлеміндей.

Аудан аумағына физикалық физикалық географиялық жағынан Батыс Сібір жазығының оңтүстік, Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі ене отырып, Солтүстік Қазақстан орманды дала зонасынан шөл зонасына өтпелі болып келеді. Каштан және қара топырақты жыртуға жарамды жерлері, жайылмалы шалғындары мен шабындықтары мол табиғат ресурстарымен ұштаса отырып көп салалы шаруашылықты дамытудын табиғи негізі болып табылады.

Солтүстік Қазақстан қолайлы экономикалық-географиялық жағдайда орналасқан. Солтүстік Қазақстан солтүстігінде Ресейдің Орал, Батыс Сібір аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Ұлы Сібір, Орта Сібір, Оңтүстік Сібір және Қазақстанаралық Трансқазақстан темір жолы магистралдары өтеді. Бұл жолдар Солтүстік Қазақстанды Орталық Қазақстан және Орал, Кузбасс, аудандарымен бйланыстырып, соңымен бірге Ресейдің Европалық, Азиялық бөліктері және Оңтүстік Қазақстан ауданына шығуына мүмкіндік береді. Ертіс өзені арқылы түсті металлургияКенді Алтай, Ресейдің мұнай-газды Батыс Сібір ауданымен байланыса алады. Ресейдің өнеркәсіпті аудандарымен көршілестігі Солтүстік Қазақстанда тау-кен, энергетика шаруашылықтарының дамуына елеулі әсері болады.

Солтүстік Қазақстан еліміздің ең басты астық шаруашылықты және етті-сүтті мал шаруашылықты ауданы. Қазіргі нарықтық экономикаға көшудің қиындық жағдайындағы мал санының азаюы, өнімнің төмендеу кезеңінде де Солтүстік Қазақстан елімізде дәнді дақылдардың егіс көлемі, әсіресе жаздық бидай, мүйізді ірі қара және шошқа майы, мал майы және ет т. б. тамақ өнімдері жөңінен жетекші орын алады.

Агроөнеркәсіп кешенімен бірге Солтүстік Қазақстанда темір рудасын, боксит, көмір, асбест, алтын т. б. кендер өндіру және байыту, оларды өндеу барысында ферроқорытпа, алюминий балқытумен байланысты металлургия өнеркәсібі едәуір дамыған аудан.

Табиғат жағдайы және табиғат ресурстары

Ауданның солтүстігі мен батысына орта биіктігі 100-120 метр Батыс Сібір ойпатының оңтүстік сілемдері еніп, бұл негізінде тегіс жазықты жыртуға қолайлы болып келеді. Еліміздің Шығыс және Оңтүтік Қазақстан аудандарындағыдай мұнай биік тау жүйелері болмағандықтарынан жер бедері Батыс Қазақстан сияқты жазық. Міне, сондықтанда Солтүсті Қазақстанның табиғат жағдайы Батыс Сібірдің табиғатына ұқсас, барлық жерінде біркелкілеу болып келеді. Кей жерлерде ойлы-қырлы тұщы және ащы көлдер орналасқан ойыстарда кездеседі. Ауданның шығысында Құлынды даласы, ал оңтүстігінде Қазақтың ұсақ шоқысы - Сарыарқа созылып жатыт.

Солтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континенталды, еліміздің басқа аудандарымен салыстырғанда жазы қоңыр салқын, қысы суық. Қысты аудан климатына қатаң Солтүстік Мұзды мұхиттың арктикалық, ал жазда Орта Азия мен Иранның ыстық тропикалық ауа массалары әсер етеді. Соған қарамастан температура жағдайлары дәнді, дәнді бұршақ тұқымдас және көкөніс бақша дақылдарының пісіп жетілуіне жеткілікті. Оған солтүстік аудандарындағы 160, ал оңтүстігіндегі 167 өсіп-өну кезеңі мүмкіндік береді.

Аудан аумағының көп бөлігінде жылына 350-400 мм жауын-шашын түсіп, оның басымы жылдың жылы мезгіліне келеді де, ол суарылмайтын егіншілікті дамытуға мүмкін береді. Ал ауданның оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 150-200 мм-ге төмендеп, өзен анғарларында ғана суғарылмайтын, қалған жерлерінде егіншілік тек суарылмалы жағдайда ғана дами алады.

Солтүстік Қазақстан аумағы орманды дала, дала және шөейт зоналарында орналасқан. Орманды дала ені 150-250 шақырым болып, ауданның солтүстік жиегін алып, бұған құрамындағы қара шірігі 10 пайыз шалғынды-қара топырақты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігі жатады.

Ал дала зонасы солтүстігінде нағыз қара, ал оңтүстігінде оңтүстік қара топырақты Солтүстік Қазақстанның басым бөлігін алып жатыр. Мұндағы қара шіріктің үлесі 6-8 пайыз. Дала зонасының оңтүстігі құрғақ далаға ауысып, қошқыл-каштан топырақ басым болып, әр жерінде сор, сортанды жерлер кездеседі. Орманды дала, дала зоналары суарусыз тәлімі егіншіліктің аудандары. Ауданның оңтүстігін, яғни Қостанай облысының оңтүстігі Торғай өңірін, Теңізқорғалжын көлі тобы ауданы, Ертістің сол жағалауы оңтүстік бөлігін ашық-шашық топырақты шөлейт зонасы алып жатыр. Жауын-шашынның тапшылығынан мұнда тек суармалы егіншілікті

дамыту мүмкін болып, бұл зона негізінде көктемгі қысқы мал жайылымы ретінде пайдалынады. Сонымен ауданның топырақ-өсімдік зонасының сипаты егіншілікті кең көлемде дамытуға қолайлы. Аумағының басым бөлігін қара топрақты орманды дала және дала зонасы алып жарыр, ол толық жыртылып егіншілікке игерілген.

Жыл бойында Солтүстік Қазақстан аумағында оңтүстік-батыс, оңтүстік аңызық жерлері басым болып жазда ауа мен топырақты құрғатып, ал қыста қарды ұшырып әкетіп «қара боран» туғызады. Мұндай табиғат жағдайларының зиянды әрекетін бәсендету және болдырмау үшін ауданда егіс қорғау алқаптары отырғызылып, топыраққа ылғал жинау мақсатында қар тоқтатылады, жайылым мен шабындықтар суландырылады.

Жер ресурсы - ауданның өте маңызды табиғи байлығы. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер көлемі 50 млн га мал жайылымы, соның 24 млн га жыртылған жнр, ал 26 млн га мал жайылымы, шалғындық және шабындық жерлер. Бірақ соңғы жылдары нарықтық экономикаға көшудің қиындықтарымен байланысты ұзақ жылдардан бері қалыптасқан жыртылған егістік жерлер толық пайдаланылмай, оның көлемі жылдан жылға заюда. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнім көлемі де төмендеуде.

Солтүстік Қазақстан аумағы жер бедерінің жазық болып келуіне қарамастан пайдалы қазбаға бай. Ауданның солтүстік-батысында Қостанай темір ресурсы, оның маңында Жетіқара асбест, Торғай қоңыр көмір бассейні, ал оңтүстігінде Арқалық боксит кен орындары бар. Павлодар облысында Екібастұз тас көмір, Майкөбен қоңыр көмір, Бозшакөл мыс, Коряковск, Таволжан, Қалқаманда астұзы кездеседі. Солтүстік Қазақстанның әр жерінде, Жетіқара /Қостанай/, Майқайын /Павлодар/, Жолымбет, Ақбейіт, Степняк, Васильков, Бестөбеде /Ақмола/ алтын кені кездеседі.

Аудан аумағында известняк, шыны құмы, отқа төзімді саз т. б. құрылыс материалдары бар.

Климаттың құрғақтылығы, жазық жер бедерінің басымдығы Солтүстік Қазақстан аумағында су байлығының таралу ерекшелігін анықтап, өзен жүйесінің нашар дамып, ал көлдердің мол болуына мүмкіндік береді. Ертіс өзені, оның тек Есіл, Тобыл сияқты сол жақ салалары ғана мұхитқа құяды. Ал қармен қоректенетін Торғай, Селеті, Шідергі, Шағалалы сияқты ұсақ өзендері ағынсыз көлдерге құяды. Олардың ағыны біркелкі болмай, кеме қатынасын, су электр стансаларын салуға қолайсыз болып, негізінде шабындық пен жайылымдарды лимандап /жайып жіберу/ суғаруға пайдаланылады.

Солтүстік Қазақстанның кедірлі-жоталары және жазықты жер бедері көлдердің мол болуына мүмкіндік береді. Мұнда 13 мыңдай көлдер бар. Ірілері Қостанай облысындағы Құсмұрын, Сарықопа, Ақмола облысындағы Теңіз, Қорғалжын, Шағалалытеңіз, Селетітеңіз, Бурабай, Шортанды т. б. көлдер тұрмыста, мал суаруға пайдаланылады. Ауданның шаруашылық мақсаты үшін Есілден басынан алатын Есіл, Булаев, Пересновск жер асты құбырлары жүргізілген. Оларды үздіксіз сумен жабдықтау үшін Сергеев, Вячеслав су қоймалары жасалынған.

Халқы

М. Ш. Ярмухамедов «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығы, 106 бет . ауданның халқы жөніндегі қосымша мағлұматтар.

Ежелден-ақ Солтүстік Қазақстан аумағында Орта жүздің қазақтары көшіп-қонып жүрген. 16 ғ. бастап оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігін шығыстан келген жоңғарлар иеленген. Олар Солтүстік Қазақстан шегінен XVIII ғ. ортасында ығыстырылады. Шамамен осы уақытта және бұдан сәл ертеректе патшалық Ресей аудан аумағында қамалдары бар Ертіс және Жаңа Есіл бекініс шебін құрады, олардың маңында казактар өздерінің станицалары мен хуторларын ұйымдастырды. Алайда Солтүстік Қазақстан аумағында қоныстанып оның жер кеңістігін игеруге казактар емес, 1861 жылғы реформадан кейін іле-шала осында қоныс аударылған шаруалар басты роль атқатды. XIX ғ. аяғында Ұлы Сібір темір жол магистралінің салынуы ауданда шаруалардың қоныстануын женілдетті. ХХ ғ. басында мұнда көптеген орыс, украин, мордва, неміс және татар қыстықтары пайда болды. Қоныстанушы шаруалар, негізінен алғанда суарылмайтын тәлімі егіншілікті жүргізуге барынша қолайлы. Есіл, Ертіс өзенінің анғарында, Қостанай және Көкшетау маңына орнықты. Революциядан кейін де халықтың қоныс аударуы жалғаса берді және 50- жылдардың ортасында тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде өзінің шырқау шыңына жетті. Тың жерлерді игерудің алғашқы жеті жылы ішінде ғана ауданның халқы бір миллион адамға өссе, кейінгі он жыл ішінде - тағы бір миллион адамға өсті. Соғыстан кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстандағы халық санының тез өсуін осындай жағдайлармен түсіндіруге болады.

Халқының жалпы саны және оның орташа тығыздығынан Солтүстік Қазақстан елімізде Оңтүстік Қазақстанға ғана жол беріп, бір шаршы шақырымға 7, 2 адам болып келеді. Аудан аумағында халық жалпы біркелкі қоныстанған. Мұндай қоныстану егіншілікті орманды дала және дала зоналарына тән болып келеді. Халықтың жоғарғы жиілігі Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау қаласы маңы, Ұлы Сібір және Трансқазақстан темір жолдары бойы, оның ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері анғарларына таяу жатқан аудандар. Мұндағы халықтың бір шаршы шақырымға жиілігі 15-30 адамнан. Мұнда халқының саны 500-ден 1000 адамға дейінгі ірі ауылдар басым.

Сонымен бірге 10-15 адамнан келетін жиілік Ақмола облясының солтүстік және орталық бөліктеріне келіп, мұнда халықтың саны 300-500 не 1000 адамдай ірі елді-мекендер кездесіп, олар негізінде Есіл өзені, оның салалары және тұщы көлдер бойында орналасады. Осындай жиілік Павлодар облысының оң жағалық Ертіс бойында тән болып келеді.

Ауданның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-бтысындағы суарусыз тәлімі егіншіліктің жағдайы нашарлау бөліктерінде аумақ бойында сирек және әркелкі қоныстануы байқалады.

Солтүстік Қазақстанның шөлейтті аудандары, яғни Қостанай облысының оңтүстік, негізінде Торғай өңірі, Павлодар, Ақмола облыстарының оңтүстік-батысы сирек қоныстанған. Мұнда бір шаршы шақырымға 0, 1-0, 5 адамнан, тіпті оданда аз келеді. Көптеген жерінде тұрақты халық болмайды да. Бұл аймақтарда халқының саны 50-100 адамдық елді-мекендер басым.

Солтүстік Қазақстанның халқы көп ұлтты. Мұнда қазақ, орыс, украин, татар, неміс, мордва, еврей, чуваш, поляк т. б. халықтар тұрады. Олар бұл ауданға темір жолдар салу, пайдалы қазба кен орындарын және тың жерлері игеру кезінде қоныстанған. Халықтың басымы славян тілді халықтар. Олар ауданды терең қоныстану және оны егіншілік тұрғыда игеруге маңызды орын алады. Байырғы қазақтар аудан халқының 25 пайызын құрап, олар негізінде отарлы мал шаруашылықты оңтүстік аудандарда басым. Соңғы жылдары еліміз астанасының Астанаға ауысуы, оған мемлекеттік мекемелермен бірге халықтың жаппай қоныс аударуы, шетелдерден келген қазақтардың жоспары қоныстануымен байланысы қазақтардың үлесі едәуір артуда. Солтүстік Қазақстанда қала халқының үлесі аудан халқының 50 пайызы ғана. Бұл ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің бірдей жақсы дамығандығын көрсетеді.

Шаруашылығы

ен ғасырлар бойы Солтүстік Қазақстанның ұлан-байтақ аумағын жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланып келі. Сарыарқаның, Есіл мен Құлынды даласының бай, әрі шырынды өсімдіктер жамылғысы жеткілікті су көзімен ұштаса отырып мал шаруашылығына қолайлы болып келеді. Қысқы мал жайылымы ретінде Торғай аңғары, Теңіз-Қорғалжын көлдер ауданы, тіпті Бетпақдала арқылы Сарысу және Шу өзендері пайдаланылды.

XVIII ғасырдың аяғында бұл жерге Сібір казактарының және әсіресе XIX ғ. аяғымен XX ғ. басында орыс-украин шаруалары көшіп келуден кейінегіншілік дами бастады. Қазан революциясы қарсңында дәнді дақылдар егісі кең аумақты қамтыған және дамыған етті-сүтті мал шаруашылықты аудан болды. Астық мол жинаған қолайлы жылдары, оның басым бөлігі Ұлы Сібіртемір жол арқылы Ресейдің ішкі базаларына шығарылды. Ал ішкі аудандарда астық жергілікті қажеттілікке пайдаланылып, кейде Ақмола, Атбасар, Баянауыл т. б. жәрмеңкелерінде сатылды.

Солтүстік Қазақстанда революцияға дейін жеткілікті өнеркәсіп болмай, одан тек ауыл шаруашылық шикізаттарын өндейтін кәсіпорындар жұмыс істеді. Екібастұзда көмір, Степняк пен Жетіқара аудандарында алтын, Ертіс маңындағы көлдерде тұз өндіріліп, Павлодар мен Петропавлде жөндеу-механикалық шеберханалары жұмыс істеді. Революцияға дейін Солтүстік Қазақстан аграрлы бағытта ғана дамыған аудан болды.

Қазіргі шаруашылығы

Солтүстік Қазақстанда революциядан кейін ғана кен өнеркәсібі қайта құрылып, өңдеуші өнеркәсіптің дамуына көңіл бөлінді. Өнеркәсіптің дамуына қарамастан Солтүстік Қазақстан шаруашылығында жетекші орынды агроөнеркәсіп кешені, соның ішінде ауыл шаруашылығы алды. Ауыл шарушылығының мұндай жоғары дәрежеде орын алуы 50-60 жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты болды.

Солтүстік Қазақстан елдегі астық өнімінің 90 пайызын береді. Мұнда Қазақстан елдегі астық өнімінің 75 пайызы орналасқан, яғни Украин егіс көлемінен екі есе астамболып, бұл ауданның беретін астық көлемі АҚШ-тың жылдық өнімінің 30 пайызы. Жаздық бидайдың басымы орманды дала және далалы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облысының солтүстік Ертіс бойына келеді.

Ауданның орталық бөлігінде құрғақшылыққа төзімді тары өсіріліп, республика егісінің 40 пайызын алады. Оның басымы Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігі, Павлодар облысының оңтүстік-батысында. Басқа дәнді дақылдардан ауданның солтүстігінде сұлы, арпа, күздік қара бидай, қарақұмық, мал азықтық жүгері өсіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Тарбағатай
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Табиғат жағдайларын зерттеу тарихының басты кезеңдері
Жамбыл облысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz