Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы меңгертудің жолдары



І. Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы меңгертудің жолдары.
І.І Жалпы білім беретін мектепте шетел тілін оқытудың лингвистикалық және психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.2 Шетел тілін оқытудағы коммуникативтік әдіс және лексиканы коммуникативтік мақсатта қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ ТАРАУ
ІІ Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы қолданудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы түсіндіру тәсілдері.
2.2Ағылшын тілі пәнінен лексиканы қолданып өтілген тәжірибелік сабақтардың нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Адамдар өзара қарым-қатынас жасау үшін тілді пайдаланады; тілдің көмегі арқылы коммуникация болады.Ал шетел тілін оқытуды зерттегенде, тілді зертеумен айналысатын ғылым ретінде лингвистикаға соқпай кету мүмкін емес. Өйткені лингвистика тілдің нормасын,яғни сөйлегенде қолданылатын тілдік құралдардың пайдалануын, оның ережелерін,қолданылу тәртібін, тілдегі стилдік құралдарды дыбыстық, морфологиялық, синтаксистік т.б. жағынан қарастырады.
Тіл білімі-адамзат өміріндегі қоғмдық –тарихи тәжірибелердің жеке адамдарға берілуі және олардың ол адамдардың ақыл –ойында сақталып қалуы. Басқаша айтқанда, тіл- қолданатын белгілі ережелері бар тілдік қатынас құралының жүйесі.
Көрнекті неміс ғалымы В.Гумбольдт «шетел тілі белгілі бір халықтың тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінің, салт-дәстүрінің т.б. жиынтығы» деп атап көрсетті. Ал сөз- тілдің негізгі бірлігі, дыбыстық таңбалармен мағынаның көрінісі. Тіл мен сөз- бір құбылыстың екі жағы болғанмен, бүтін бір нәрсе.
Бастапқы саптыда оқыту мазмұнын анықтағанда, неге үйретеміз, тілге ме, сөзге ме деген сұрақ туады. Жүйе ретінде тілге үйретуден бастаймыз ба әлде тілді коммуникативтік мақсатта қолдануға үйретеміз бе? Р. Рогова мен И. Верещагинаның көзқарасы бойынша тілді оқытудан бастағаннан-ақ алдымен түсінгенін қарапайым тілде айта алуы қажет.
Ертеректе лексика, грамматика, фонетиканы жеке-жеке үйреткен кезде оқушылар қарапайым коммуникативтік жағдайда білімін іс-жүзінде қолдана алмаған болатын. Оқышылар алған білімін белгілі бір ситуацияда өздері саналы, ережелерге сай, жүйелі түрде пайдалана алғанда ғана іс жүзінде коммуникацияға жаттығады деп пайымдайды Р.Рогова мен И. Верещагина.
Мақсатымыз лексиканы оқыту болғандықтан, біз фонетика мен грамматикаға емес , лексиканы оқытуға байланысты еңбектерге баса назар аударамыз,солардың бірі лексиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға байланысты зерттеулер жүргізген ғалымдар Е. Ризель мен Е.Шендельс.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
І ТАРАУ.
І. Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы меңгертудің
жолдары.
І.І Жалпы білім беретін мектепте шетел тілін оқытудың лингвистикалық және
психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
І.2 Шетел тілін оқытудағы коммуникативтік әдіс және лексиканы
коммуникативтік мақсатта
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
ІІ ТАРАУ
ІІ Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы қолданудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы түсіндіру тәсілдері.
2.2Ағылшын тілі пәнінен лексиканы қолданып өтілген тәжірибелік сабақтардың
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..

Адамдар өзара қарым-қатынас жасау үшін тілді пайдаланады; тілдің көмегі
арқылы коммуникация болады.Ал шетел тілін оқытуды зерттегенде, тілді
зертеумен айналысатын ғылым ретінде лингвистикаға соқпай кету мүмкін емес.
Өйткені лингвистика тілдің нормасын,яғни сөйлегенде қолданылатын тілдік
құралдардың пайдалануын, оның ережелерін,қолданылу тәртібін, тілдегі
стилдік құралдарды дыбыстық, морфологиялық, синтаксистік т.б. жағынан
қарастырады.
Тіл білімі-адамзат өміріндегі қоғмдық –тарихи тәжірибелердің жеке
адамдарға берілуі және олардың ол адамдардың ақыл –ойында сақталып қалуы.
Басқаша айтқанда, тіл- қолданатын белгілі ережелері бар тілдік қатынас
құралының жүйесі.
Көрнекті неміс ғалымы В.Гумбольдт шетел тілі белгілі бір халықтың
тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінің, салт-
дәстүрінің т.б. жиынтығы деп атап көрсетті. Ал сөз- тілдің негізгі
бірлігі, дыбыстық таңбалармен мағынаның көрінісі. Тіл мен сөз- бір
құбылыстың екі жағы болғанмен, бүтін бір нәрсе.
Бастапқы саптыда оқыту мазмұнын анықтағанда, неге үйретеміз, тілге ме,
сөзге ме деген сұрақ туады. Жүйе ретінде тілге үйретуден бастаймыз ба әлде
тілді коммуникативтік мақсатта қолдануға үйретеміз бе? Р. Рогова мен И.
Верещагинаның көзқарасы бойынша тілді оқытудан бастағаннан-ақ алдымен
түсінгенін қарапайым тілде айта алуы қажет.
Ертеректе лексика, грамматика, фонетиканы жеке-жеке үйреткен кезде
оқушылар қарапайым коммуникативтік жағдайда білімін іс-жүзінде қолдана
алмаған болатын. Оқышылар алған білімін белгілі бір ситуацияда өздері
саналы, ережелерге сай, жүйелі түрде пайдалана алғанда ғана іс жүзінде
коммуникацияға жаттығады деп пайымдайды Р.Рогова мен И. Верещагина.
Мақсатымыз лексиканы оқыту болғандықтан, біз фонетика мен грамматикаға
емес , лексиканы оқытуға байланысты еңбектерге баса назар
аударамыз,солардың бірі лексиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға
байланысты зерттеулер жүргізген ғалымдар Е. Ризель мен Е.Шендельс.

Олар өз зерттеулерінде сөйлеуге қажетті лексиканы стилистикалық жағынан
бейтарап және функционалды стилистикалық реңктегі сөздер деп екіге бөледі:
1) Стилистикалық жағынан бейтарап лексика сөйлеудің барлық түрлеріне негіз
болады. Оған жалпы қолданылатын, күнделікті өмірде қажетті нәрселерді ,
құбылыстарды білдіретін сөздер жатады.
2) Екінші топқа айтылатын ойға ерекше бір реңк беретін, көңіл-күйді, бір
нәрсенің мәнді,аса қажетті екенін көрсететін сөздер жатады. Бұлар
–модаль сөздер, үстеулер, тұрақты сөз тіркестері.
Оқытудың бастапқы сатысында негізінен стилистикалық жағынан бейтарап
сөздер алынады , әйтсе де стилистикалық реңктегі сөздер де біраз алынуға
тиіс, әрине оларды қолданудың ерекшелігін мұғалім жан-жақты түсіндіруі
қажет. Сондай-ақ, айтылатын ойдың жүйелі, логикалық жағынан бір-бірімен
сабақтасып жатуына үстеулер, сан есімдер, есімдіктер т.б.қызмет етеді.
Атап өтетін бір жай,орта мектептегі шетел тілі бағдарламасында
оқушылардың хабарлама жасай алуға, біреудің іс-әрекетіне баға беруге
дағдылануы, қысқаша мәтіндердің мазмұнын айта алуы да қарастырылған.
Оқыған мәтін мазмұнынан түсінгенін өз ана тілінде не шетел тілінде
айтуға, кино және диафильмдердің мазмұнына, достарының т.б. іс-
әрекеттеріне хабарлама жасауға, баға беруге дағдыландыру- оқушыларды
жоғарғы сыныптарда қалыптастырылатын түсіндіру, иландыру, сендіру, көзін
жеткізу сияқты сөйлеу біліктеріне жетелер алғаш баспалдақ.
Бастапқы сатыда типтік сөйлемдер, үлгі диалогтар және монологтардың
атқарар рөлі зор. Олар бірнәрсе туралы хабарлайтын, бір нәрсені
мақұлдайтын, жоққа шығаратын, түрлі көңіл-күйді білдіретін болып
келеді.Бұндай тілдік топтармен жұмыс істеу жүйелік-семантикалық жобаның
оқушылардың санасында қалуына сеп болады, яғни тіл жүйесі қалыптасады.
Тіл- белгілі бір халықтың тыныс тіршілігінің, салт-дәстүрінің,
мәдениетінің көрінісі, айнасы. Сондықтан тіл ойды білдіру құралы ғана
емес, халықтың мәдениетінен хабар беретін мәліметтер көзі де. Тілде
халық пен Отанның бүкіл рухани кел беті бар: тіл арқылы халықтың рухы
шығармашылықпен ойға, санаға, оның Отанының суреті мен дыбысына, ауасына
, даласына, тау мен төбесіне, өзен мен орманына, бораны мен найзағайына
айналады... Халық тілінде оның туған Отанының тек табиғаты ғана емес,
барша рухани өмірінің бүкіл тарихы көрінеді.
Ағылшын тілі оқытқанда,сол елдің мәдениетімен тығыз байланыста
оқытудың еларалық, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тигізер үлесі
өте үлкен.1975 жылы Еуропада атап айтқанда Хельсинкиде, отыз бес елдің
бірігіп құрған Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық туралы Кеңесінде
қабылданған Шетел тілдері және цивилизация дегегн құжат бар. Құжатта
отыз бес елдің халықтар арасындағы қарым-қатынас пен достықты жетілдіру,
кеңейту ісінде, ел-елдің бір-бірінің мәдениетімен танысуын, араласуына
өте бір қажетті құрал ретінде шетел тілдерін оқытуды қолдау қажет деген
шешім қабылданған.
Қазіргі заман талабына сай әдістемеде шетел тілдерін оқытуда оқыту
мазмұнына міндетті түрде географиядан, тарихтан , әлеуметтік өмірден ел,
жер тану мәліметтері қосылуда. Бұндай әдістемелік бетбұрысты
лингвоелтану деп атайды. Лингвоелтанудан сабақ беру оқушыларға табиғи,
тарихи шындықтарды, рухани байлықтарды білдіріп, сол арқылы тәрбиелеу
ісін жүзеге асырады. Сондай-ақ ол мәліметтер шәкірттер бойында өздері
үйреніп жатқан шетел тілінің еліндегі бала осылай сөйлейді, ослай өмір
сүреді екен деген ой тудырып,тілге саналы көзқарас қалыптастырады.
Шетел тілін үйрету барысында психологияға көңіл бөлмеу мүмкін
емес,өйткені ол-адам сана –сезіміндегі шындықтың психологиялық
заңдылықтарының адамның рухани жан сезімдерінің ойлау іс-әректінің
көрінісі. Психология (психо-грек сөзі psychikos-ішкі сезім- адамның
сырттан келген әсерді қабылдап, соған жауап қайтаруы және логос- сөз,
ой, сана) адамдардың психологиялық әрекеттерінің заңдылықтары туралы
ғылым.
Сөз әрекетінің құрылымымен айналысатын ғылым саласы
–психолингвистика: Пихолингвистика тіл бірліктері қандай тәртіп бойынша
орналасатынын, тіл жүйесі қандай ретпен меңгерілетінін, қалай іске
асатынын қарастырады.
Оқытудың объектісі ретінде сөз әрекеті алынады. Ал психологиялық
әдебиеттерде сөз, сөйлеу әрекеті адамның тілді қарым-қатынас құралы
ретінде пайдалануы деп қарастырылады. Сөз әрекетінің өзін психологтар
іштей және дауыстап сөйлеу деп екіге бөледі.
Б.Ф. Баев іштей сөйлеу арқылы адам дауыстап сөйлеуге дайындалатынын
айтады.Оқушы сөйлегенде, сөзін белгілі бір тыңдаушыға (құрдастарына
мұғалімге т.б.) бағыттайды. Сөйлеу үшін адам алдымен не айтатынын
біледі де сол жайында сөзбен сабақтайды. Пихологтар В.А. Артемов, С.Л.
Рубинштейн шетел тілін үйренуші еркін, мәнерлеп сөйлеуге қол жеткізу
үшін оны алғаш күннен бастап-ақ оқу материалдарына, таяныштарға сүйене
отырып, өз ойын жинақы, мәнерлі, жүйелі етіп айтуға дағдыландыру
керектігін ескертеді.
Сөз әрекеті тілдік материалдардың бәрін оқу-тәрбие ісін жүргізу
барысында іскерлік пен дағдыға мықтап айналдырылғанда ғана іске асады.
С.Л. Рубинштейн дағдыны саналы түрде орындалатын іс-әрекеттің жаттығулар
арқылы автоматтандырылған компоненті деп қарайды.
Пихологтар дағдыларға қоса оқушы өз ойын дәл жеткізуге септігін
тигізетін іс-қимыл, дауыс ырғағы т.б. да қолдау қажет деп есептейді.
Ойын жүйелі түрде сөзбен жеткізе алуы үшін адамда алдымен ой туады, ал
ой мен сөйлеу-бірбірімен өте тығыз процесс. Неғұрлым жан-жақты терең
ойлаған сайын адамның айтпақ болған ойы соғұрлым нақты, айқын болып
шығады.
Ойлау заңдылықтарын зерттеген психологтар оның талдау,жинақтау,
жалпылау сияқты процестерін бөліп қарайды. Оқушы бойында өз бетімен
жұмыс істей алу, тез ойлау,бейімділік, икемділік сияқты қасиеттер жақсы
дамыған жағдайда ойлаудың осы аталған үш процесі нәтижелі болмақ. Өз
бетімен ойлау сөйлеушінің жаңа бір проблеманы көре біліп, оны өз күшімен
шешуге тырысуына байланысты болады. Ойлауға икемділік, бейімділік
бастапқыда айтайын деген ойды өзгерту қабілетінен көрінеді. Ал ойлаудың
тездігі адамның қысқа мерзімде белгілі бір шешім қабылдау үшін қөажет.
Сөйлеудің негізі ой болып табылатынын айта келе И.А.Зимняя шетел-тілін
үйретуде оқушыларды әуелі қызықтыру, талпындыру арқылы ойландыруға
жағдай жасау керек екендігін айтады. Ол үшін түрлі таяныштар, суреттер,
жағдайлар т.б. қолданылады.
Жеке сөздерді тіркестіріп сөйлеуге жеткізетін жүйені алғаш рет
Л.С.Выготский көрсетті. Сөйлеу жүйесін ол мынандай кезеңдерге бөлді:
талпыныс-ой-ішкі сөз-семантикалық жоспар- сыртқа шығарып сөйлеу. Осы
мәселе жайында Пихологтар А.А. Леонтьевтің
өз көзқарасы бар.Сөз әрекетінің ерекшеліктерін ол:қандай да
болмасын іс-әрекетталпыныстан және жоспардан тұрады да, белгіленген бір
нәтижемен аяқталады дейді.Ал оның ортасында мақсатқа жетуге бағыттайтын
нақты іс-әрекеттердің жүйесі жатады.
А.А. Леонтьев бұл жүйеде мынандай кезеңдер бар екенін
көрсетеді:а)талпыныс,ә)айтылатын ойдың жоспары, бағдарламасы, б)ойдың
іске асыуы, в)ойдың іске асырылуын сол ойдың өзімен салыстыру.
И.А.Зимняя шетел тілін сөйлеу әрекетінің ерекшелігін ескере отырып,
оны үш кезеңге бөледі:
1.талпындыру;
2.қалыптастыру;
3.іске асыру.
Сөйлеуге талпындыру кезеңі талпыныс, мақсат, қажеттіліктің өзара бірігі
арқылы іске асады.Талпыныс,мақсат, қажеттілік біріге келе сөздің тууына
ықпал етеді. И.А. Зимняяның пайымдауы бойынша қажеттілік пен талпыныс
адамды белгілі бір іс-әрекетке итермелейді. А.А. Алхазишивили оқушы
шетел-тілінде сөйлей алуы үшін, сөйлеуге мәжбүр болатын жағдайға тап
болуы керекекенін айтады.Сонымен шетел тілінде сөйлеу үшін талпыныстың,
қызығудың маңызы өте зор, ал оның пайда болуына жағдай қажет.
Ал қалыптастыру кезеңінде тіл үйренушінің бар тәжірибесі іске
асырылады. Ол сөздерді қалай пайдалану керектігін түгел іеске түсіреді,
яғни бұл ой мен тілдің байланыстылығын көрсетеді.
Сөйлеудің үшінші кезеңі-іске асыру.И.А.Зимняя бұл кезеңді дұрыс айту
кезеңі деп атайды.Бұл кезеңде сөйлеудің екпініне көңіл бөлінеді,бұл
сөйлеудегі ой жемісін көрсетуге көмектеседі.Сөйлеу әрекетінің осы үш
кезеңінде де оқушы ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді еске сақтау
қабілетін пайдаланады екен.Психологтар ұзақ мерзімдік ес арқылы оқушы
алған білімін ойында сақтап қалады,ал қысқа мерзімді ес арқылы ол бұрын
ойында сақтап қалған білімді алып қолданады.Оқытудың бастапқы кезеңінде
осы қысқа мерзімді ес тетігін жетілдіру үшін жаттығулардың алатын орны
үлкен.
Бастапқы кезеңде оқушыда шетел тіліндегі білік, дағдылардың барлығы
оның ана тіліндегіден төмен болып келеді. Оларды жетілдіру үшін суреттер
мен мәтіндер, т.б.түрлі көрнекіліктерді қолдану керек.
Шетел тілін меңгеру-сөз дағдыларының жүйесін игеру. Тіл адам
психикасында қажет бола қалған сәтте пйдалана алатындай дағды түрінде
болады. Біз А.А.Леонтьевтің қарым-қатынас жасау үшін қалыптасқан сөз
дағдылары жеткіліксіз,ол үшін сөйлеу іскерлігі де қажет деген пікірді
қолдаймыз.Іскерлік шығармашылық іс-әрекетке жетелейді,өйткені ол
ойлаумен, сезіммен, қиялмен байланысты.
Е.И.Пассов дағды мен іскерлікті бөлуге әрекеттенеді.Ол дағды саналы
қызмет жүйесіндегі мүлде өз бетінше,өз алдына бөлек іс-әрекет
десе,іскерлікті коммуникативтік міндеттерді орындауға арналған саналы
түрдегі қызмет деп атайды.
Баланың ана тілін жақсы меңгерген кезінде үйретілетін екінші бір
шетел тілін меңгеруге кедергі келтіретін жайттарды Ш.А.Амонашвили
мыналар деп көрсетті:
1. Баланың бойында оны екінші тілге ұмтылтатын талпыныс жеткіліксіз
болады.Оның талпынысын арттыру үшін басқа елдің мәдениетіне, өміріне,
қызықты істеріне қызығушылық тудыру,тілдің әдемілігін көрсете
отырып,сол тілде сөйлеуге ұмтылдыру қажет,ал талпыныс пайда болса,
сабақты түрлендіру арқылы одан әрі күшейте түсу керек.
2. Екінші қиындық –оқушылардың өз ана тілін меңгеруіне байланысты.
Баланың есінде қалыптасып қалған ана тілінің білік,
дағдылары,құрылымы кедергі жасайды. Сондықтан оқыту барысында ана
тілін жиі қолданбай, оның тиімді ықпалы мен тиімсіз ықпалын ескере
оқытқан жөн.
3. Үшінші қиындық- оқушылардың шетел тілінде сөйлей алмаймын-ау, нашар
баға алып қаламын-ау деген психологиялық кедергі.Мұғалім сабақтың
әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп, оқушыға тек білім беруші ғана емес,
кеңесші болып,оны жылы ықыласпен оқытқанда,жоғарыдағы аталған
қиындықтардан құтылуға болады. Ш.А.Амонашвили шетел тілін оқытудың
бастапқы сатысында төмендегідей үш педагогикалық және психологиялық
жағдайлардың қажет екенін көрсетеді: оқыту процесі оқушының жеке бас
ерекшелігін ескеруі; білім бағасының баланы алға ұмтыла түсетіндей
болуы.
Осы айтылғандардан мынандай қорытынды шығады:
1.Сөйлеуге үйретудің психологиялық ерекшеліктерін ескеру
оқушылардың коммуникативтік білік, дағдыларын қалыптастырудың тиімді
әдісін белгілеуге көмегін тигізеді.
2.Шетел тілін оқытудың көрсетілген психологиялық және
лингвистикалық ерешеліктерін ескеру әдістемелік мақсатты іске асыруға
көмегін тигізеді.
3.Сөйлеудің психологиялық заңдылықтарын негізге ала отырып, тіл мен
ойлаудың бірлігіне ерекше мән берілсе, оқушының өз бетімен жұмыс істеуі,
бейімділік және тез ойлай алуы дамиды.Шетел тілін оқытуда оқушыларды
шығармашылыққа жетелейтін жаттығуларды міндетті түрде орындау керек

Шетел тілін оқытудағы коммуникативтік әдіс және лексиканы
коммуникативтік мақсатта қолдану

Білім –адамзат қазынасы, халықтың білімділігі-елдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Шет тілін оқыту әдістемесі
Ағылшын тілінде лексиканы оқытудың міндеттері мен принциптерін сипаттау
Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу оқыту технологиясының дидактикалық тұғыры
Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Шет тілін оқытудың жалпы әдістемесінің құрылымы, мақсаты және мәні
Лексиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Пәндер