Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар


Мазмұны: Мазмұны
:
Мазмұны:
:
Мазмұны:

Кіріспе

:
Мазмұны:

1 Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар түсінігі

:
Мазмұны:

1. 1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік аймақтық бағдарламалар

:
Мазмұны:

құрылымы

:
Мазмұны:

1. 2 Елбасының 2007-2008 жылғы халыққа жолдауларының әлеуметтік

:
Мазмұны:

аспектісі

:
Мазмұны:

1. 3 Әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың орындалуының шетел

:
Мазмұны:

тәжірибесі

:
Мазмұны:

2 Әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың орындалуы

:
Мазмұны:

2. 1 Павлодар облысы бойынша әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың

:
Мазмұны:

орындалуы

:
Мазмұны:

2. 2 Денсаулық сақтау саласы бойынша талдау

:
Мазмұны:

2. 3 Білім беру саласы бойынша талдау

:
Мазмұны:

2. 4 Жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін талдау

:
Мазмұны: 3 Әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың қазіргі кездегі жаңа
:
Мазмұны:

жолдарының орындалуы

:
Мазмұны:

3. 1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың

:
Мазмұны:

жаңа тиімді орындалу жолдары

:
Мазмұны:

3. 2 Әлеуметтік аймақтық бағдараламалардың орындалу кемшіліктері

:
Мазмұны:

3. 3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік аймақтық бағдарламалар

:
Мазмұны:

жүйесінің реформалау бағыттары

:
Мазмұны:

Қорытынды

:
Мазмұны:

Қолданылған әдебиеттер тізімі

:
Мазмұны:
:


Кіріспе

Қазіргі кезде әлеуметтік сала мемлекет үшін ең маңызды мәселесі болып отыр. Елдегі экономика әлеуметтік жағдайға үлкен әсер тигізеді. Әлеуметтік жағдайды көтеру үшін көптеген мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.

Бағдарламалардың маңыздылығы- елдегі әлеуметтік жағдайды жақсарту, білім беру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларының сапаларын жақсарту болып табылады. Қазіргі таңда әлеуметтік аймақтық бағдарламалар барлық елдерде ең маңызды шара. Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар арқылы елде жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер, кедейшілік мәселелері шешіледі. Сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік салалардың орындалу жүйелерімен сапасы жоғарлайды, әлеуметтік бағдарламалар бүкіл әлемде әрқашан жаңданып тұрады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты- елдегі әлеуметтік саланы толықтай қарастыру, сондай-ақ елдегі әлеуметтік аймақтық бағдарламаларды зерттеу болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік бағдарламалардың дұрыс орындалуын қарастыру барысында, олардың орындалу кемшіліктерін анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып- Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының дұрыс орындалуын қарастыру, әлеуметтік саясатты толықтай зерттеу, баға беру болып табылады. Осы саясат біздің елімізде қандай бағдарламалар арқылы орындалуын анықтау.

Еліміздегі әлеуметтік саясат көптеген заңдармен бағдарламалар арқылы іске асырылады. Мысалы, «Көп балалы отбасын қарғау заңы» 1992 жылы қабылданды, «Ана мен баланы қорғау бағдарламасы» 2002-2005 жылдарға арналған, «Жұмыспен қамту қоры туралы заңы» 1992 жылы қабылданды, «Зейнетақымен қамтамасыз ету заңы», «Зейнетақы жүйесін дамыту туралы заңы» 1997 жылы қабылданды, «Жинақтаушы жүйесін дамыту бағдарламасы» 2005-2007 жылдарға арналған, сонымен қатар «Білім беру бағдарламасы» 2000 жылы, «Білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» 2005 жылы және «Білім беру стратегиясы» 2000 жылдары қабылданды, «Тұрғын үй қатынасы туралы заңы» 1997 жылы қабылданды, «Ауыз су бағдарламасы» 2000 жылы іске асырылып т. б. заңдармен бағдарламалар елдегі әлеуметтік саясатты іске асырады.

Дипломдық орындау барысында көптеген мәселелер зерттелінді, елдегі білім беру саласын, денсаулық сақтау, жұмыссыздық және кедейшілік мәселелерін толықтай қарастырылды. Сонымен қатар әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың орындалу жолдарының тиімді түрлері ұсынылды. Президентіміздің жолдауларындағы әлеуметтік аспектілері толықтай қарастырылды.

Дипломдық зерттеу жалпы ғылыми әдістегі қарастырылатын жүйелі-кешенді жолдың зерттеу процессіндегі мәселені шешуге келесі әдістер қолданылды:

- жалпы ғылыми индукция, дедукция, жіктелімдер, талдаулар;

- арнайы экономика-статистикалық әдістері (орта ауқым, графикалық, таңдаулы зерттеулер, есептеулер) ;

- зерттеудің сарапшылық әдістері.

Диплом зерттеуінің теориялық негізіне Қазақстан Республикасының заңдылық актілері, шығарылымдар және переодикалық баспа статьялары қолданылды.

1 Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар түсінігі

1. 1 Қазақстан Республикасының бағдарламалар құрылымы

1. 2 Елбасының 2007-2008 жылғы халыққа жолдауларының әлеуметтік аспектісі

Жылда Елбасының Жолдауы үш бөліктен тұратын. Біріншісі-экономикалық, екінші-саяси реформалар да, соңғысы-әлеуметтік бағдарламалар еді. Биылғы байқағаным, әлеуметтік бағдарламалар бірінші орынға қойылыпты, яғни қоғамдағы ең өзекті мәселе бұл жолы алдыңғы орынға шығарылады. Биыл ел күткен әңгіме ең бірінші боп айтылды. Меніңше, бұл шын мәнінде халыққа арналған, жұртшылық сарыла күткен, көптеген қордаланған проблемаларға жауап беретін Жолдау болды. Бұрынғы Жолдаулар мемлекеттік қызметкерлерге, саяси тұлғаларға арналғандай жұртшылық тұшына қабылдамайтын, жалпылама бағыт-бағдарламаларымыз белгіленгендей дәрежеде ғана әсер ететін. Менің байқағаным, халық бұл жолы бірінші рет телдедидар алдында тапжылмай отырып, Елбасы келтірген тұжырымдар мен белгіленген бағдарламалардың әр адамға қандай жақсылық өкілетінің, егер бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосыла қалсақ, сол дамыған елдердегі секілді әл-ауқатымыз арта ма, зейнетке шыққан адам ұзақ жылғы еңбегінің жеміс көре ала ма, демографиялық саясатқа сәйкес бала туған әйелдер, басқа емес, іргеміздегі Ресейдегі секілді жеңілдіктерді пайдалана ма, міне осы мәселелер барша қазақстандықтарды толғандырған еді.

Себебі, Ақорда да конститутциялық реформалар жөніндегі жұмыс тобының отырысында, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің үстіміздегі жылғы 21 ақпандағы кезекті отырысында, тағы басқа мәжіліс-кеңестерде Елбасы Н. Назарбаев халықтың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді түбегейлі оңалту бағытында Үкімет мүшелері мен әрқилы деңгейдегі әкімдіктердің алдына нақты міндеттер жүктеген болатын. Сондықтан да, жұрт бұл жолғы Жолдаудан осы бағыттарда жаңа серпіліс тудыратын сара жолды көреміз деп үміттенген еді.

Расында да Елбасы атап көрсеткендей, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз беріліп, келесі жылғы 1 қаңтардан бастап баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 34 740 теңгеге, тұңғыш бала туғандағы жәрдемақы 177 пайызға, үшінші бала туғанда 159 пайызға артылатыны көрсетілді. Оның үстіне зейнетақы көлемі де біршама ұлғаятын болды. Бұл әрине, экономикасы дами бастаған, шикізатқа бай мемлекеттің алдағы уақытта шешуге мүмкіндігі жететін көрсеткіштер.

Бағдарлама белгіленіп, билік басындағылар алдына нақты міндеттер жүктейді, енді Қазақстан халқы қарышты қадаммен алға дами бастайды, қордаланып қалған, 15 жыл дәңгейінде шешілмеген, әлі де шешілуін талап ететін мәселелер түйіні бір күнде қалыпқа түседі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Себебі, бұған дейінгі Жолдауларда да, Үкіметтің әр бағытқа арналған қаулы-қарарларында да экономикалық -әлеуметтік мәселелерді әлеуметтік мәселелерінде әлемдік стндартқа сай шешудің сан қилы жолдары көрсетіліп, министірліктер мен ведомстволардың, агенттіктердің алдына нақты міндеттер жүктелген болатын. Бірақ Елбасы Н. Назарбаевтың, жиі ауысатын Үкімет басшысының қойған талап-тілектерінің көп ретте толық орындалмай жатқанына сан мәрте куә болған қазақстандықтар бірқатар салалар бойынша әлі де дамыған немесе дамып келе жатқан елдердің деңгейінде өмір сүре алмай отырғандығын жақсы сезінуде.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын жаңа Жолдауында айтылған және міндет етіліп қойылған бірқатар даму бағдарламлары жеме-жемге келгенде орындалмай қалмай ма дейтін қауіптің де көңілге ұялайтыны рас. Себебі, құқықтық мемлекеттің іргетасын енді қалай бастаған сәтте көптеген азаматтар мемлекеттік қызметшілерден өз құқықтарының орындалуын талап ете алмай жүр. Олай дейтініміз Парламентте мақұлданып қабылданған бірқатар заңдар қағаз жүзінде болмаса, іс жүзінде толық өз пәрменіне жете алған жоқ. Заң талаптарына келгенде сауаты жоқтықтан азаматарымыз көбінесе өз құқықтарын қорғай алмай жатады. Осыдан барып, Жолдауда көрсетілген бірқатар талаптар мен міндеттер әрқилы кедергілерге байланысты талап деңгейінде орындалмайды.

Екінші бір мәселе, біздер, саясаткерлер халыққа арналған осындай Жолдаулар мен әрқилы бағдарлмлардың астарында саяси ойын, халықты алдаусырату мүддесі жатқан жоқ па деп те әрқилы ойға бір елеміз. Себебі, Елбасы нақты тапсырма қояды, халықтың әл-ауқатын, мемлекеттің қауіпсіздігін орнықтыру бағытындағы міндеттерді белгілейді. Соған мүдделі және міндетті органдардың басшыларынан күні ертең аталған шараның орындалуын қатаң талап ететіндіктерін де қадап айтып жатады. Бірақ, араға біршама уақыт салған соң оындай игілікті істер соңы науқаншылдыққа айналып, соған жауапты адамдар айтылған шаруаларды орындай алмаған жағдайда ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Бұл халықтың мемлекетке, үкіметтік органдарға деген сенімін жоғалтып, енжарлыққа бастайды.

Бұл айтылғандар Жолдауда көрсетілен ана мен баланың болашағы, өзге де әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты менің өз пайымдауларым ғана. Билік пен халық арасын неғұрлым жақындастыра түсеміз десек, қабылданып жатқан заңдардың, қаулы-қарарлардың, әрқилы бағдарламалардың орындалуын қадғалайтын, ізгілікті істі жүзеге асыруға кедергі келтіргендерді нақты жазаға тартатын құзіреті бар институтар құратын мезгіл жеткен секілді. Барлық күшті жұмылдыру арқылы ғана біз әлеуметтік мәселелерге қатысты алға қойылған талаптарды орындай аламаз.

Бұдан бұрынғы Жолдауларда қоғамдық саяси мәселелер бірінші кезекке қойылатын. Оның өзіндік себептері де бар еді. Өйткені ішкі-сыртқы саясатымызды әлемдік үрдістер ағымына сәйкес құрып алмай, біз бәсекеге қабілетті 50 елімен иық тірестіре алмаймыз. Сондықтан демократиялық қоғам құрудың ең негізгі алғышарты-адам факторына, оның қоғамдағы орнына көңіл бөліп, біз дүниежүзіндегі өркениетті елдер секілді «мемлекет пен қоғам-жеке адамға жұмыс істеуі керек» принципін үнемі басшылыққа алып отыруға тиіспіз. Сонда ғана Жолдаудың алғашқы талаптары ретінде көрсетілген мінедеттер толық жүзеге асады.

Ал саяси реформаларға келсек, мұнда әлі де күнгірт, нақты айқындалмаған мәселелер баршылық. Елбасының өзі атап көрсеткендей, бүгінгі таңдағы басты міндет-президенттік республика құру. Алайда дәл осы Жолдауда көрсетілгендей және бұдан бұрынғы басқосуларда әңгіме болғандай барша билік бір адамның қолына шоғырландырылмайды, яғни Үкіметті бұдан биылғы уақытта Парламент жасақтайды. Қазақстан Республикасының Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Елбасы Н. Назарбаев қандай бағыт ұстану керектігі жөнінде халықпен ақылдасамыз дегенді айтқан еді. Бірақ іс жүзінде ол мақсат орындалмай қалды. Егер бұрынғыдай президенттік парламенттік мемлекет болып қала берсек, онда қазіргідей әрбір халықаралық кездесулерде айтыла беретін демократиялықты таяу арада көксеудің ешқандай қажеті жоқ. Президент билейтін бірқатар өркенитетті, экономикасы дамыған мемлекеттерде Үкімет басшысының беделі ешқашан төменделмеген. Мәселен, Германияда, Италияда көп мәселелерді президент емес, премьер-министрлер шешіп жатады. Сол елдегі халықтың көпшілігі президенттен гөрі премьер-министрдің есіміне қанық болып отырады. Бірақ, президент сол премьер минстр қабылдаған ішкі-сыртқы саясаттың ел мүддесіне орайласуын үнемі қадағалайды. Бір сөзбен айтқанда бұларда биліктің тепе-теңдігі сақталған.

Осыған байланысты тағы бір мәселе - бізде билікке қатысты саяси реформа әлі жасалған жоқ. Бұрынғы басқару жүйесіндегі қалыптасқан үрдістен табан аударғысы келмейтіндер саяси реформаны әрине, қажетсінбейді. Бірақ, әлемдік өзгерістерге, өзіміздің ішімізде қалыптасқан қоғамдық ілгерлеу мен даму барысына байланысты кезең-кезеңмен конституцияға, заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне қатысты саяси реформалар жасап тұрудың ешқандай артықшылығы болмайды.

Депуттардың құқытарын кеңейту керек дейтін әңгіменің де астарында саяси ойын жатқан сыңайлы. Себебі, партиялық тізіммен немесе баламалы сайлау арқылы халық қаулысы аттанатын адамдар өзінің қоғам алдындағы, мемлекет алдындағы парызы мен міндетін жете түсінбесе, немесе белгіленген тізім бойынша сенат депутаттығына сайланса қалай дегенмен де мұндай депутаттардың жоғарыдан түскен нұсқауды ғана орындайтыны күмәнсіз. Сондықтан сайлау туралы заңға да бірқатар өзгерістер енгізіп, баламалы сайлау жүйесін қалыптастырудың демократияландырудың алғы шарты деп қарастырғанымыз жөн. Саяси партияларды рөлін күшейту жағы қарастырыла ма деп күткен едік.

Ал, Қазақстаның әлемдегі алатын орынан келсек нарық заманына өткенімізбе бұл бағыттағы атқарылмаған істеріміз әлі де ұшан-теңіз. Дүниежүзілік сауда ұйымын өтуге билік басындағылар ынталы болып отыр. Бірақ осы ұйымға мүше болып өткен кезде бұл жалпы халыққа нендей жақсылық, қандай жеңілдің әкеледі, міне осы жағын министірліктер мен ведомство басшылары әлі жанжақты ойланып, тұжырымдамаған секілді. Жолдауда осы жайында жалпылама сөз болғанымен, халық үшін әрі тын әрі тосын құбылыстың мән мен мағынасы, болашақтағы сипаты нақты ашыла қойған жоқ. Азық-түлік және басқада тауарлар бағасы онсыз да қымбаттап тұрған бүгінгі таңда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру арқылы біз сон ауыздықтай аламыз ба? Біздің өндіріс орындарымыз әлемдік стандартқа сай өнім шығаруға дайын ба? Міне, осындай қаптаған сұрақтарға халық өз нақты жауап ала алған жоқ.

Тұтастай алғанда бұл жолғы Жолдаудың жылдағыдан өзгеше, терең мазмұнды, әрі аса мағыналы болғандығы рас. Бұл билік басындағыларға ғана емес қарапайым халыққа да зор міндет жүктеліп отырғандығын көрсетіп берді. Бір ғана тілегіміз-Жолдаудағы қойылған талаптар тиісті орындардың тартпаларында жатып қалмай, жүйелі түрде жүзеге асырылып жатса, Қазақстан бұдан да көркейе түсері күмәнсіз.

2 Әлеуметтік аймақтық бағдрламалардың орындалуы

2. 1 Павлодар облысы бойынша әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы

Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар біздің елімізде қарқынды түрде жүргізіліп отыр. Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар қазіргі кезде ең маңызды мәселеге айналды. Өйткені елде әлеуметтік жағдайлар жаңа толықтыруларды әкеледі. Мысалы, елдегі әлеуметтік жағдай жақсы деңгейде болса, онда демографиялық жағдайлар, әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың орындалуының маңызды шарасы болып табылады. Егерде әлеуметтік аймақттық бағдарламлар дұрыс орындалмаса, елде қиын жағдайлар басталады, өйткені елде әлеуметтік топтар көп. Осы топтарға мемлекет көмек көрсетіп оларды қоғайды. Әлеуметтік аймақтық бағдарламалардың орындалуы көптеген мәселелерді шешеді. Ал олардың ішінде денсаулық сақтау мәселесі, жұмыспен қамту мәселесі, білім беру, әлеуметтік жәрдемақылармен зейнетақы мәселелерін шешеді. Әлеуметтік аймақ бағдарламаларын Әлеуметтік қорғау министрлігі құрып, бақылайды. Осы жылы ең бірінші Президенттің жолдауы әлеуметтік саланы қамтиды, сонымен қатар зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер пайда болды. Сонымен қатар еліміздегі ахуал да тұрақты қалпына келді. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттен білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бес еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік-әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Осыдан 5 жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Егер зейнеткерлеріміз туралы айтсақ, бағдарлама бойынша халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде жоғары болады, оның көлемі 1, 1 триллион теңгеден асып түседі. Бағдарлама бойынша зейнетке шыққан адамдардың жағдайы жақсарады. Тұтас алғанда 2007 жылға қарғанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2, 5 есе, оның ішінде 2009 жылы -25 пайыз, 2010 жылы -25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күн көріс мөлшеріне қарай 50 пайызға дейін өсіруге көзделген. Сонымен қатар бағдарламалар бойынша мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдем ақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап әр жыл сайын орта есеппен 9 пайызға арттыру көзделген.

Егерде білім беру бағдарламалардың орындалуына келсек, Президентіміздің бұйрығы бойынша елімізде жаңа мектепттер мен балабақшалар салынды. Мектептер жаңа техникамен жабдықталған, сонымен қатар білім беру салаларын мемлекет тексерді, көптеген білім беретін мекемелер лицензиялаудан өтті. Осыған сәйкес кейбір мекемелер өз жұмыстарын тоқтатты. Әр облыста, әр ауданда білім беру мекемелері ашылып салынды. Осы мектепттерде балалар сапалы білім алуда, мектептер мемлекеттік стандартқа сай келеді. Мектептер жаңа оқу құралдарымен жабдықталған, сонымен қатар мектептер балаларды қазақ тілінде оқытады. Осы бағдарламалар қазақ тілін дамыту саясатымен тығыз байланысты. Үстіміздегі жылы 68 мың оқушыларға арналған 88 мектеп құрылса, ал 2009-2010 жылдары 69 мың оқушыларға арналған тағыда 102 мектеп құрылып салынады. Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелер, ауылдық жерлерде жаңадан өз жұмысын атқаруда. Білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілін оқыту сапасын жақсартуға бағытталған. Осы бағдарлама бойынша қазақ тілінде шығарылған оқулықтардың сапасын жақсарту, мемлекеттік мекемелердегі құжаттарды қазақ тіліне аудару, мемлекеттік қызметкерлердің ана тілінде сөйлеуін көздейді.

Әлеуметтік аймақтық бағдарламасының білім беру аспектісі бойынша, тағы бір маңызды мәселе - ол «Болашақ» бағдарламасы. Осы бағдарлама бойынша біздің жерлестеріміз, отандастарымыз шетелге өз білімін жетілдіруге барады. Олар шетелде оқып тәжірибе алып келеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша адамдар шетелге, яғни Ресейге, АҚШ-қа және Батыс Европа елдеріне оқуға барады. Сол елдердің экономикасын, медицинасын, саясатын оқып келеді. «Болашақ» бағдарламасына қатысушылар күрделі бақылаудан және арнайы тестіден өтеді. Осы бағдарлама бойынша мемлекет басшысы елге жаңа кадрларды, яғни маманданған жоғары білімді адамдарды, мемлекет саясатын жалғастыруға дайын адамдарын таратуды көздейді. Мүмкін осы адамдар үкіметтің құрамында немесе басында болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттегі жоғарғы білім беретін мекемелер шетелдік университеттерімен жақсы байланыста. Олардан тәжірибе алып, бірлескен жобаларды құрайды. Сонымен қатар ұлттық тестілеу өз өрісін алды. Жыл сайын мектепті бітірген түлектер осы бақылаудан өтеді, осы жүйе елдің келешектегі білім беру саласындағы тұғырнамалар анықталып, ол кәсіби білім берудің тек жоғарғы сапасымен ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам іргетасы ретінде жаңа білім беру философиясымен де айқындалмақ делінген. Онда біршама негізгі міндеттер де анықталған:

  • икеімді, мобильді жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру;
  • жоғары оқу орындарының адаптациялық потенциалын көтеру;

- оқу орнындағы академиялық және ұйымдастыру құрылымын, ондағы инфрақұрылымдарды жетілдіру;

  • әдістемелік жүйені және білім беру технологиясын реформалау;

- педагогикалық үрдісті жетілдіру, педагогикалық құрам сапасын жақсарту.

Бұл айтылғандардан туындайтын мәселе біздің пікірімізше, шындығында

ұлттық идея негізіндегі кешенді білім беру философиясын қалыптастыру қажеттілігінің бар екендігі, жоғарыда келтірілген еліміздегі білім беру саласына қатысты, ерекше өзіндік философиялық мәнге ие болатын тұғырнамалық парадигмаларды қалыптастыруға болады. Ең алдымен олар:

- адам білімдарлығы феномені және оның жалпы адами бәсекелестік қатынаспен өзара тәуелді байланысы;

- әлемдік үрдіс немесе бүгінгі өркениеттік ағым, одан туындайтын әлемдік өлшем, талап, басқаша айтқанда бүгінгі жалпы дүниежүзілік интеграция және ұлттық білім беру моделін қалыптастыру парадигмасы;

- адам өмірін жақсарту және білім беру сапасын жетілдіру парадигмасы;

- білім сапасы жеке тұлғаның даму жағдайындағы айқындаушы фактор ретінде мойындалу тенденциясы;

- білім беру саласы бойынша халықаралық қарым-қатынастың нормативтік негіздері, академиялық еркіндік хақындағы әмбебап нормалар және демократия.

Тағы басқа міндеттермен бағыттарды білім сапасы арқылы шешуге

болады. Сонымен бірге білім беру бағдарламасы «Қазақстан-2030» стратегиясында да айқын көрсетілген. Өйткені сапалы білім мемлекеттік бәсекелестік кепілі. Халықаралық білім конгрессінде білім сапасы өмірдің сапасын, кедейшілік деңгейін шешетін қару деп айтылған. Ел басмыз айтқан сапалы білім елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын жоғарылатты. Сонымен бірге Президентіміз басқада жолдауларында да білім беру бағдарламаларын бірінші орынға қояды. Мысалы 2007 жылғы жолдауында елдегі білім сапасын әлемдік стандартқа сай істеп, кәсіби даярлауды дамыту, осы мәселелерді мемлекеттік саясатымен байланыстыру. Егерде осы әлеуметтік бағдарламаға нақты тоқталсақ осы бағдарлама бірнеше бөліктен тұрады.

Бірінші бөлім, елде 100 мектеп салу.

Екінші бөлім, бағаларды біркелкі жүйесін қабылдау, әр адамның білімін қалыптастыру.

Үшінші бөлім, онлайн желісіндегі оқу тәжірибесін енгізу, елде электронды ақпарат құралдарын енгізу.

Төртінші бөлім, сабақ кестесіне математикамен информатика пәндерге сағат қосып, жабдықталған сынып ұйымдастыру.

Бесінші бөлім, мектептерге шетелден мұғалімдерді тарту керек, әсіресе ағылшын тілін меңгеру үшін.

Алтыншы бөлім, мектептер үшін байқау арқылы грант бөліну мәселесі, мектептің білім сапасына қарау.

Жетінші бөлім, жақсы білім беретін мұғалімдерді марапаттау.

Сегізінші бөлім, оқу мекемелерін аттестациялау саясатын жүргізу, яғни халықаралық стандартқа сай.

Тоғызыншы бөлім, елде ғылыми орталықтардың, зерттеу ұйымдарының жұмыстарын қадағалау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аймағының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
ҚР-ның аймақтық саясаты туралы
Жергілікті бюджет аймақтық экономиканың негізін құраушы ретінде
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
ҚР аймағын дамыту стратегиясының негізгі бағыттары мен олардың ресурстық қамтылуы
Нарық жағдайындағы аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару ерекшеліктері
Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
ҚР-ның аймақтық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz