Қазақстандағы бизнес жауапкершілігінің әлеуметтік дамуы және қалыптасуы


қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ
Қол жазба құқығында
Татиев Данияр Болатович
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИЗНЕС ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
6М050600 - Экономика
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежені ізденуге арналған диссертация
Ғылыми жетекші:
э. ғ. д., профессор Мадиярова Д. М.
АСТАНА, 2013
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
КIРIСПЕ… . . .
1 ТАРАУ. БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуының теориялық алғы- шарттары
1. 2 Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің белгілері мен деңгейлері
1. 3 Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің әлемдік тәжірибесін талдау
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСМУЫМЕН ДАМУЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстанда әлеуметтік жауапкершіліктің қалыптасуының құқықтық және әлеуметті- экономикалық жағдайлары
2. 2 Отандық кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің дамуы
2. 3 Қазіргі жағдайда Қазақстандық кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігіндегі мәселелер
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРПОРАТВИТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
3. 1 Мемлекеттік-жеке жауапкершілік кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты ретінде
3. 2 Әлеуметтік жауапкершіліктің әлеуметті- экономикалық тиімділігі
3. 3 Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершіліктің қазақстандық моделінің даму келешегі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР Азаматтық кодексі
ҚР Еңбек кодексі
Бюджет кодексі
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» Заңы
«Қазақстан Республикасында 2009-2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту концепциясы
«2020 бизнестің жол картасы».
Диссертацияда келесі белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:
БАҚ- бұқаралық ақпарат құралдары
АҚШ- Америка Құрама Штаттары
ТҰК - трансұлттық компаниялар
ҰІӨ - ұлттық ішкі өнім
АҚ - акционерлік қоғамдар
ҰК- ұлттық компаниялар
ЖШС - жауапкершілігі шектелген серіктестік
ҚҚС - қосымша құн салығы
МӘҚЖ - міндетті әлеуметтік қорғау жүйесі
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ШОК -шағын және орта кәсіпкерлік
ШОБ - шағын және орта бизнес
млрд. - миллиард
ҒЗҰКЖ- ғылыми- зерттеу ұйымдастырушылық конструкторлық жұмыстар
МЖӘ - мемлекеттік жеке әріптестік
ЖІӨ -жалпы ішкі өнім
ЖТС -жеке табыс салығы
МЖС- мемлекеттік жекеменшік серіктес
КІРІСПЕ
Тақырыптық өзектілігі. Соңғы жылдары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбы Қазақстанның іскердік және ғылыми ортасында кеңінен таралып жүр. Өркениетті кәсіпкерліктің қоғамның дамуындағы ролі оның әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуымен айқындалатындығын әлемдік тәжірибе көрсетті. Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі көбіне ірі кәсіпкерлік субъектілер қызметінде көрініс алуда, ал шағын бизнес әле де болмасын ол жауапкешілік түрін мойынсынба жүр.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектісінің белсенді әлеуметтік саясатыжұмыскерлердің еңбектік потенциалының артуына және кәсіпорынның артуына ықпал ететіндігі сөзсіз. Жеке бизнестің өз кәсіпорнында әр түрлі бағдарламаларыд енгізу арқылы әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысуы нарықтық экономикасы бар елдердің барлығына тән. Бүгіңгі таңда корпоративті әлеуметтік жауапкершілік заманауи кәсіпкелік ажырамас бөлігі болып табылады. Бизнестің қоғамныі әлеуметтік мәселлерін шешуге қатысуы Қазақстанда да дамып келеді.
Шынайы тәжірибе көрсеткендей, бизнестің әлеуметтендірілуі, отандық кәсіпкерліктің әлеуметтік әрекетінің дамуы бірқатар мәселелердің шешусіз қалғанын көрсетеді. Осылайша, әлеуметтік жауапкершіліктің нақты анықтамасы анықталмаған, және тек біздің елдің көлемінде ғана емес әлемдік ғылымда да. Әлеуметтік жауапкерщіліктің мәні, деңгейлері және көрініс алу нысандары әр түрлі әдембиеттерде әр түрлі қарастырылады. Осы ретте осы әлеуметтіу жауапкершіліктің анық көрініс беру үшін осы еңбектерді жүйелеу қажеті туындайды. Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тиімділігін анықтау мәслелері де шешуді қажет етеді. Аталған мәселелер тақырыптың өзектілігін, оны теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеуқажеттілігін анықтады.
Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің теориялық және әдіснамалық мәселелері экономикалық ғылымның әр түрлі бағыттарының өкілдерінің ғылыми жұмыстарында зерттелінеді.
Әлеуметтік жауапкершілік мәселелері мен оның корпоративті жақтары ресейлік ғылымдардың жұмысында көрініс алады, атап айқтанда Дрожджа Ю., Знак Н., Степина А., Хайтина В., Фиглин Л., Афонцев С., Кипарская Г., Е. Пахомова, Л. Полищук және т. б.
Отандық зертеушілер арасында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін зерттеумен айналысқан келесі ғалымдарды атап өтуге болады У. Баймуратов, П. Исахова, О. Сабден, А. Токсанова, К. Берентаев, А. Майдырова, Н. Нысамбаева, М. Дузбаева, Ж. Караманова және т. б. Олар отандық кәсіпкерліктік туралы ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосқанымен теория және практика тұрғысынан кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің мәселелерін зерттеудегі жүйеліліктің, логикалық өзара байланыстылығының, ғылыми негізделуінің, тиімдігінің өзектілігі сақталып келеді. Осы жағлайлар жұмыс тақырыбы мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасу және даму теория мен практикасын жетілдіру және Қазақстандағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің даму қағидасы мен бағыттрын анықтау болып табылады.
Жұмыстың мiндеттерi. Зерттеу мақсаты келесі міндеттерде шешуді қажет етеді:
- кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің теориялық негіздерін талдау және оның негізгі белгілері мен деңгейлерін анықтау;
- қазіргі заманда бизнестің әлеуметтелінуін анықтайтын факторларды айқындау;
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуымен дамуын бағалау, дамуын тежейтін мәселелерді айқындау ;
- отандық кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мен жетілдірудің бағыттары мен келешегін айқындау.
Жұмыстың зерттеу объектiсi отандық кәсіпкерліктің әлеуметтік бағытталған қызметі болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
- кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуының теоретикалық - әдіснамалық негіздері жалпыланады;
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуымен дамуының ерекшеліктері анықталды;
- отандың кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің даму мәселелерін анықтау негізінде даму бағыттары айқындалды:
- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды негізі ретінде мемлекеттік қолдау механизмі өңделді.
Диссертациялық зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері. Әлемдік экономика ғылымының дайындап шыққан теориялық ережелері, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдің, еліміздің экономист-ғалымдарының еңбектері осы зерттеу жұмысына бастапқы негіз болды.
Бұл жұмыста экономикалық зерттеулердің жалпыға мәлім әдістері және танымның жалпы ғылыми әдістері ғана кеңінен пайдаланылып қойылған жоқ, сонымен қатар, мәселені оның динамикасында қарастыруға мүмкіндік беретін құрылымдық-әрекеттік әдіс те қолданылды. Біздің пікірімізше, осылардың бәрі диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелерінің шынайылығын және тұжырымдарының негізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады, 9 кесте, 4 суретпен безендірілген.
1 ТАРАУ. БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуының теориялық алғы- шарттары
«Хремастиканы» оқуда және Аристотельдің шаруашылық қызметіне қатысушылардың іс-әрекетінің этикалық нормасының негізінде жүзеге асырылып отырған қызмет жауапкершілігіне маңызды пайымдаулар жатыр. Дұрыс емес жолдармен тек байлыққа ұмтылу, өзінің жағдайын құру мен жоғарылату көне замандардан бері талқылауды талап етілетін. Тек қана өзін оңай олжаға ие болуға тырысу «экономика» деп аталатын шаруашылық қызметтің табиғи жағы емес. Іс-әрекеттерді орындау заңға сәйкес жүргізілуі тиіс, яғни, өзінің шаруашылық қызметіне жауапкершілік арқалауы тиіс [1] .
Саяси экономиканы ғылым ретінде негізін қалаған А. Смит тек қана өз пайдасы үшін ғана талпынатын «экономикалық адамды» ойлап шығарды. Бірақ ортақ пайдаға жету жеке мүдденің, басқалардың қажеттілігн қанағаттандыру арқылы қоғамға пайда алып келіп, қоғамдық игіліктерге жетуді қамтамасыз етеді. Біздің ойымызша, бұл жерде қайнар көзі, бизнестің басқалар алдында, яғни дайын өнімді тұтынушылар болсын, өндірістің басқа қатысушылары болсын ең соңында барлығы да қоғамдық игіліктердге жетуді қамтамасыз ететіндігінде жатыр[2, 3] .
К. Маркс «1857-1859 жж. Экономикалық жазбаларды қолдануда» «жеке пайдалануды» қарастыра отырып, былай деп жазған болатын: «пайдалану бұл да сол өндірудің ажырамас бөлігі, себебі, табиғаттағы химиялық элементтерді мен заттарды қолдану, өсімдік өндірісінің өзі болып табылады. Мысалы, адам пайдаланудың бір формасы ретінде тамақтану үдерісінде өз денесін өндіретіні анық; яғни дәл осылай басқа пайдалану түрлеріне де қатысы бар, қай жағынан қарастырсақ та, әркім адамды өндіреді. Бұл - тұтынушылық өндіріс»[4, 27б. ] .
Й. Шумпетер «Экономикалық даму теориясында» капиталистік қоғамның дамуындағы кәсіпкердің рөлін ашып көрсетті. Автордың түсінігі бойынша, кәсіпкер дегенміз - өндіріске жаңа тәсілдерді енгізетін, бастамашы адам. Фабрикант, нақты билік жүргізе алатын администратор, директор, құрылтайшы да кәсіпкер бола алады, яғни Й. Шумпетер кәсіпкер сипатының ерекшелігі кәсіпорынға немесе басқа да нәрсеге меншік құқығының болуы деп есептемей, кәсіпкер мен капиталисті теңестірмеді. Шумпетерлік кәсіпкерліктің пайда болуы мен оның капиталистік қоғамның дамуындағы рөлін қарастыра отырып, бұл эволюцияда тек қана экономикалық факторлар ғана маңызды рөл атқармады, керісінше, кәсіпкерліктің жаңа әлеуметтік типінің қалыптасуы әсер еткен экономикалық емес факторлардың да рөлін атап өткен жөн [5] .
Бұл үдерісте реформация немес протестантизм маңызды рөл ойнады (М. Лютер мен Ж. Кальвиннің уағызы) . Протестанттық этиканың қалыптасуына еңбексүйгіштік, міндеттерді орындау, шыншылдық, нақтылық ережелері болатын жаңа адамгершілк ережелер, жаңа мораль салды. Батыс Еуропада Реформация мен Ағарту соңғыфеодалдық алымқорлықты, яғни кез-келген жолмен ақша табуды, оның ішінде таза емес құралдармен, кіналап, нарық заңдарына сәйкес байлықты өндіретін ертекапиталистік кәсіпкерлікті жақтады. Біздіңше, бұл жаңа ережелер мен жаңа мораль әлеуметтік жауапты кәсіпкерліктің заманауи адамгершілік бейнесінің қалыптасуының алғышарты болып табылады.
«Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты» экономикалық ізгілік қоғамының жолы ретінде елестету, сөзсіз, кәсіпкерлік қызметте өз іс-әрекеттері үшін басқа кәсіпкерлік қызметтің қатысушы жағы мен оның өнімдерін тұтынушылары арасында да, жалпы қоғам алдынд да «адал ойын» ережесін сақтауды білдіреді.
Неолибералдар мен институционалистер үлігісіндегі маңызды ережелердің бірі эксплуатациялық және кластық антогонизмнің қатынастарының шеттетілуі болып табылады. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық қатысушылары арасында әріптестік қарым-қатынастың қалыптастырудың, әсіресе, кәсіпкер мен жалдамалы жұмысшылардың арасында барлық жақтардың әлеуметтік экономикалық мүдделері мен осы мүдделерді жүзеге асырудағы бизнестің, кәсіпкерліктің жауапкершілігін ескеруді маңызды екендігін көрсетіп отыр.
Инстутционалистер экономикалық даму жолдарын негіздеуде рухани, моралдық, құқықтық және басқа да тарихи мәнмәтінде қарастырылатын факторларды атап өткен болатын. Инстутционализмнің көрнекті өкілдерінің бірі Т. Веблен барлық қоғамдық қатынастырдың оның ішінде, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық қатынастар өзара байланысты мен өзарашарттастырылған деген қағидаға сүйенген. Реформалау жолымен қоғамның эволюциялық даму жайғасымында отырып, ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз жылдамдауы мен инженерлік-техникалық зиялылардың жоғарылауынан тұратын көріністі ұсынады. Инженерлік техникалық зиялы қауым өкілдерінің билігіне көшуі, индустриалды жүйесі«абсентеистік жеке меншік иелерінің (монополистердің) » мүддесіне қызмет етуін тоқтатады, себебі, технократтар мен индустриалдардың ынталануы «ақшаның тиімділігі» емес, жалпы қоғамның мүддесіне қызмет ету болып табылады.
Американдық әдебиеттерде әлеуметтік-жауапты бизнестің түсіндірмесінің негізгі үш түсіндірмесін ұсынады.
Бірінші түсіндірме ең дәстүрлі болып табылады. Ол бизнестің жалғыз жауапкершілігі болып, оның табысының өз акционерлері үшін көбюі деп бөліп көрсетеді. Аталған көзқарасты алғаш рет 1971 жылы Милтон Фридман «айтқан» болатын, ол көзқарас былайша: «Бизнестің жалғыз, бір ғана әлеуметтік жауапкершілігі бар:, табысты көбейтуге бағытталған өз ресурстары мен іс-әрекетегі қуаттарын пайдалану ойынның ережесі шегінде жүзеге асыру». Бұл теорияны ұжымдық өзімшілдік теориясы деп атауға болады.
Екіншші түсіндіру бірінші Фридман теориясына қарама-қарсы және ұжымдық басқаның қамын ойлау теориясы ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық даму Комитетіне тиісті және NewYorkTimes-тағы атышулы Фридманның мақаласынан кейін пайда болды. Комитет өз ұсыныстарында «корпорациялар американдықтардың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін өз маңызды үлесін қосуға міндетті» деп атап көрсетті.
Үшінші көзқарас теориясы маңызды, ең мықты «центрстік» теориясымен, «ақылды өзімшілдік» (еnlightenedself-interest) теориясымен көрсетілген. Бұл теория бойынша, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - ол жай ғана «жаксы бизнес» емес, себебі, ол ұзақ мерзімді табысты жоғалтуды қысқартады деп саналады. Корпорация әлеуметтік және филантроптық бағдарламаларға қаржы сала отырып, ағымдық табыстарын қысқартады, бірақ ұзақмерзімді перспективада жағымды әлеумметік орта мен тұрақты табыстарға жағдай жасайды. Корпорация үшін әлеуметтік жауапты мінез-құлық тірі қалудың, қауіпсіздік пен тұрақты дамудың негізгі қажеттіліктерін жүзеге асырудың мүмкіндігі болып табылады.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің даму эволюциясының тарихында ол ХХ ғасырда Солтүстік Америкада пайда болған және оны тек англо-американдық мәнмәтінде пайда болңандықтан оны толығымен түсінуге болады деген көзқарас қалыптасып қалды. Сонымен қатар, бизнестің жауапкершілігі компанияның табыстылығымен қатар көрінеді деп есептелді, жақсы бизнесте әлеуметтік жауапкершілік дәстүрлі түрде филантропия мен қайырымдылық деп қарастырылды, өйткені барлық бай компаниялар аз қамтылған әлеуметтік топтарға өзінің игі бастамалары мен жауапкершілігін көрсету үшін қайырымдылық жасауға тырысады.
Э. Юхолин пікірінше, корпоративті әлеуметтік қайырымдылық XIX ғасырда Еуропада дамуы басталды және ол дін мен қайырымдылыққа емес, ал бизнес-идеология мен инвестициялардың тиімділігін талдауға сүйене отырып жүргізілді деп есептеді. Біздің ойымызша, осы факторларды теріске шығармай, барлық уақытта да дін, оның ішінде Батыс Еуропадағы Реформация мен Ағарту әлеуметтік жауапты бизнестің заманауи адамгершілік бейнесінің қалыптасуына алғышарт болғанын ескерген жөн. Юхолин бойынша жаңа басқару ілімі ірі компаниялардағы басқарудан жеке меншік құқығының бөлінуі мен фирма қызметіндегі мәнмәтіннің басқарудан меншік иелерінің автономиясының күшеюінен көрінетін басқарудағы революмен байланысты еді. Бизнес-ұйымдардағы жаңа менеджмент бағыттары жай ғана табысты көбейтуден басқа мақсаттар туралы ойландыруға мәжбүрледі. Назар аударарлық басты мәселелердің қатарына тек қана табысты ғана қамтып қоймайтын, сонымен қатар, адамдардың өмірлік ұстанымдары мен ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасы қосылды [6] .
Солтүстік Еуропада кәсіпкерліктің, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі XVIII ғасырдағы индустрияландыру үдерісінде көрініс берді. Ол фабрикалардың иелері жұмысшыларды жұмысқа алу мен ұстап тұру мақсатында олардың тамақтануын, біоім алуын, медициналық көмек көрсету және діни сұраныстарын ұйымдастырып, ақысын төлеуінен көрініс беретін. Сонымен қатар меншік иелерінің өз есептері бар еді, бірақ адамдардың тұрмыс деңгейін шынайы жақсарту ниеттері де бар еді. XX ғасырдағы негізі қаланған еңбек кеңестері жүмыс уақытының сегіз сағаттық болуын, еңбек жаңдайларын жалпы жақсартуын қалады. Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде еңбек кеңестері әлі күнге дейін әр түрлі жақтардың мүдделерін шоғырландыруда маңызды рөл ойнап, қоғамдық келісімнің қалыптасуына негіз болуда.
Өткен жүзжылдықтың орта шенінен бастап әлемде бір жақтан «кәсіпорындарды әлеуметтендіру», екінші жағынан шаруашылық субьектілеріне мемлекеттің ықпал жасау «әлеуметтік бағдарланған» әдістерін белсенді қолдану тенденциясы байқалды. Мұндай әсердің мысалына, мемлекеттік билік органдарымен корпорацияның әлеуметтік жұмыс параметрлеріің тапсырмаларын олармен келісімшартқа отыруы болып табылады, соғыс жылдарынан кейінгі Франциядағыдай жалпыұлттық индикативті жоспарлау аясында болғандай немесе үшпартиялы форматтты толықтай қолданудағы әлеуметтік механизмді пайдалану және т. б.
1970 жылдарға дейін «кәсіпорындарды әлеуметтендіру» әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес қаржылық қатысу арқылы салықтарды төлеу мен қайырымдылық іс-шараларын жүзеге асыруға көмектесе отырып басымдықты орын алды.
Осылайша, ірі бизнестің, корпорацияның әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасы Еуропада өткен жүзжылдықта әзірленген болатын. Өз уақытында оны «Дженерал электриктің» президенті Дж. Своуп, «Америкэн телефон энд телеграфтың» президенті У. Джиффорд, «Ай-Би-Эм» корпорацисының негізін қалаушы Т. Уотсон сынды көрнекті менеджерлер мен бизнесмендер қолдаған болатын. Сол уақыттың өзінде корпорацияға корпоративті және жалпыұлттық мүдделерінің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарын үйлестіру формаларын табуға обьективті қажеттілік туындады.
Ірі бизнестің, корпорацияның әлеуметтік жауапкершілігінің тұжырымдамасының қалыптасуына экономиканың даму деңгейі, қоғамның жағдайы, салты мен мәдениеті, институтционалды ортасына байланысты. Инстутционалды теория корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің қоғам мен экономикадағы орны мен рөлін нақты елестетуге мүмкіндік береді.
Инстутционалды теорияның жайғасымы тұрғысынан Р. Коуз бойынша КӘЖ-ті компания мен акцияларды ұстап тұрушылар арасындағы келісімге қол жеткізу құралы деп қарастыруға болады, яғни, стейкхолдерлар (меншік иелері мен менеджментті шегергенде) . Мұндай келісімшарттардың пәні болып компания қызметінде пайда болатын экстерналиилер қатысады. Бұл түсіндірмесінде КӘЖ экономикалық реттеудің жеке инстутционалды баламасы, мемлекеттер тарапынан бақылау экстерналийіннің дәстүрлі құралы ретінде көрінеді [7] .
Экстерналийлерді мемлекеттік реттеу белгілі бір қызмет түрлерін шектеу жолымен, я болмаса өз әс-әрекеттері үшін қоғамдық шығындары мен пайдаларын компанияға толығырақ ескеруі үшін салықтар (субсидиялар) енгізуге мәжбүрлеу жолымен жүзеге асырылады. Әлеуметтік шығындардың талдауын Р. Коуз жүргізді, қортындысыныда, ол Дж. Стиглердің ұсынысы бойынша «Коуз теоремасы» деп аталды. Жоғарыда аталған теорема бойынша, экстерналий жүргізетін жақта, және олардың әсерін сезінетін жақ - мәселені реттеудің өзара тиімділігін өз бетінше келісім жүргізе алады. Коуз бойынша, егер қатысушылар өздері келісе алады және мұндай жағдайда шығынд өте аз мөлшерде жұмсалып, өндірістің құнылығын ең жоғары көлемдегі максималды нәтиже алуға қол жеткізеді. Және де бұл нәтиже сыртқы әсерлердің залалына жауапкершілікті қосатын, және мұндай жауапкершілік жоқ жағдайда баға белгілеу жүйесінде орын алады. Осы жерде мұндай жағдайларда мемлекеттің араласуы артық болуы мүмкін екендігін болжауға болады. Бұл жайғасымнан біріншіден, КӘЖ жеке меншік иелері мен менеджерлер ұсынған компаниялар арасында Коуздың идеясын жүзеге асыру мүмкіндігін, екіншіден, басқа стейхолдармен де коллизияны реттеуге мүмкіндік беретін тең дәрежеде қарастыруға болады. Бұл пікірді жақтаушылар қатарына мемлекеттің минималды арасуымен еркін нарық теориясын жақтаушылардың өкілдерін кіргізуге болады [8] .
КӘЖ туралы тараптар арасындағы келіссөздер кеңес берулер, дөңгелек үстелдер, көпшілік тыңдаллар және т. с. с формаларда жүргізілуі мүмкін. Аталған келіссөздердің мақсаты - компанияның қызметіне қоғамның келісімін алу.
Коуз бойынша келісімшарт қатысушылары «жағымсыз төлемдер» арқылы алынған жеңісті бөлісу туралы келісңмге келе алады. Егер КӘЖ туралы айтар болсақ, мұндай өзара есептесулер меншік құқықтарын шектегені үшін компания стейхолдерлерді әлеуметтік инвестициялар түрінде өтемақыларын жүзеге асырады. Мұндай төлемдер тек бір ғана бағытта - компаниядан стейкхолдерлерге ғана, ал кері бағытта жүзеге аса алмайтындығын ескерген жөн. Меншік құқығын қорғауға келетін болсақ, экономикалық теория құқығында екі түрлі ұстанымды бөліп көрсетеді. Бірінші ұстанымда меншік құқықтары оның иесінің алдын ала келісімінсіз, оның ұсынылған өтемақысын қанағаттандырады. Екінші ұстанымда, өтемақы жасалған факт болған уақыттан бастап құқықтың бұзылуы ретінде соттан кейін анықталады. Егер бұл қағидаларды КӘЖ жатқызатын болсақ, онда ол бірінші режимге сәйкес келеді.
Коуздың теоремасы бойынша меншік құқықтары келіссөздердің бастапқы нүктесі ретінде белгіленеді. Егер компания акционерлерінің меншік құқықтары таласқа түспейтін болса, онда, КӘЖ осы құқықтардың өкімімен, компания жұмысы қатысқан басқа стейкхолдерлердің құқықтарын ескере отырып қорытындыланды. Акционерлердің меншік құқықтары толық заңды емес немесе қажетті құқықтық қорғаудан айырылса, онда ол КӘЖ аясында саудаласудың құралы болып қалады. Мұндай жағдайда келесідей меншік құқығының екі негізгі құрамдас бөліктеріне талап ете алады:
- Активтерді иелену құқықтары;
- Табысты алу құқығы;
Бірінші жағдайда компанияға артық жұмыс орындарын құру, бизнестегі белгілі бір әріптестерді таңдау т. с. с. шешімдер қабылдауға күш көрсетіледі Екінші жағдайда, әр түрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға қол жеткізу мақсатында қысым көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz