Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы



1. РГКП экономика институты фундаментальді және қолданбалы тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстары.
2. Антимонополиялық реттеу институттарының жағдайын талдау.
3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы бәсекелестік ортасына бағалау талдауы.
4. ҚР табиғи монополия іскерлік реттеулеріне талдау.
5. Нарықта бәсекелестік ортадағы дайын тауарлар мен қызметтер жағдайына талдау.
6. «Әлемдік экономикаға Қазақстан интеграция шарттарының бәсекелестік қатынастар дамуының теория мен тәжірибе» тақырыбы бойынша аннатациялық есептемесі.
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Экономика институтының» Астана қаласындағы филиалы өз жұмысын Білім және ғылым Министрі Қ. Көшербаевтың 2000 жылғы 2-қазандағы № 946 бұйрығының негізінде бастаған болатын. Филиал эксминистр мен эксдиректордың келісімге келу нәтижесінде, академик М.Б. Кенжеғозиннің арқасында туындаған болатын.
Эксминистр Қ. Көшербаев Алматыдағы Экономика институтының дереу Астанаға көшуін қалады. Алайда көшу үшін жағдай мүлде қолайсыз болатын. 250 ғылыми қызметкерлер үшін кеңсе, кітапхана, басқа да арнайы жұмыс орны қажет екені белгілі. Сонымен қатар көшіп келген жағдайда бұдан бірнеше есе көп адамға тұрғын үй керек.
Ел билігі жаңа астанаға көшіп, орнығып жатқандықтан, министрлік институттың көшіп келуін қатаң талап еткен болатын. Академик М.Б. Кенжеғозин министрліктің талабын орындап, институтты жаңа астанаға көшірем десе, еліміздің іргелі экономикалық ғылымының көшбасшысы болып табылатын институтты жоғалтып алуы, оның ұжымын таратып алуы мүмкін екенін түсінген еді.
Келісім іздеумен кеткен бірнеше күннен кейін директор ағамыз Астанадағы ғалым – экономисттердің басын біріктіріп, отандық экономика үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын әлеуметтік экономикалық зерттеулер орталығын немесе Экономика институтының астаналық филиалын ашып, жұмысын жолға қоюға уәде берді.
Баса назар аударатыны, филиалдың құрылып, қалыптасуы сол кезде өзекті мәселе ретінде министрдің жеке бақылауында болды.
2001 жылдың қаңтарынан «Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық үлгілемесі» атты жылдық құны 1 млн. 200 мың теңге тұратын қолданбалы зерттеулер бағдарламасы бөлінді – ғылыми жетекшісі э.ғ.д., профессор Қ.Е. Құбаев, кғқ – А.Т. Закирова, жетекші экономист – Ж.М. Кәкенов. Олар филиал жайлы ереже даярлап, әділет бөлімінде Угольная көшесі 26 үй деген мекен жайда тіркеуден өткізді. Аталған мекен-жайда Егін шаруашылығы институтының э.ғ.д., профессор Ж.Е. Сүндетовтың басшылық жасайтын филиалы орналасқан болатын.
Өкінішке орай, 2000 жылдың желтоқсан айында Қ. Көшербаев министрік қызметті тастап, елшілікке ауысты. Осыған сәйкес, министрлік тарапынан филиалға деген көзқарас өзгеріп шыға келді. Оның үстіне профессор К.Е. Құбаев Алматыға көшіп кетті. Филиал өз қалыптасуындағы қиын кезеңге тап болды.
2002 жылдың сәуір айынан академик М.Б. Кенжеғозиннің шешімімен филиалды басқару э.ғ.к., доцент Ж.Е. Шымшықовқа жүктелді.
1 Weber M. Ekonomy and Sokiety. Vol. I. Berkelety: University of California Press, 1978.-p.38
2 Stigler G. J. Competition, in: Sills, D. (ed.) The International Encyclopedia of he Social Sciences. N. Y., Macmillan, 1968.
3 Робинсон Дж. Экономическая теория несовершенной конкуреиции. - М., Прогресс, 1986.
4Чемберлин Э. Теория монополистической конкуренции: Реориентация теории стоимости. -М., Экономика, 1996
5 Робинсон Дж. Экономическая теория несовершенной конкуренции. - М., Прогресс, 1986. - С.36-137.
6 Хайек Ф.А. Индивидуадизм и экономический порядок. - М., Изограф, 2000. — С.102.
7 Хайек белгілі парадоксқа сілтейді: о баста толык, білімнің болуы ақиқатқа жанаспайтынымен қатар мұндай білім, болған күннің өзінде, катысушыларды белсенді әрекеттерге жетелегеннің орнына оларға қимылдатпай тастайтын әсер ету қабілетіне ие.
8 Хаиек Ф.А. Индивидуализм и экономический порядок. - М., Изограф, 2000. - С. 102-114
9 Еuropean Соmpetitivness Report. - European Соmmunities, 2004.
10 S Соmpetitivness in the World Ekonomy-Boston: Harvard Business School Press , 1985 /Editor by the Bruce R. Scott and George C. Lodge . - Р. 14-16.
11 Конкурентоспособносгь России в глобапьной экономике». - Ұжымдық монография. - М., «Международные отношения», 2003.
12 «Конурентоспособность российской промышленности». - М., Экспертный совет и Торговопромышленная палата РФ, 1996.
13 «Конкуренция и антимонопольное регулирование». - М., «Логос», 1999.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ экономика және халықаралық сауда университеті

Экономика кафедрасы

1 курс магистрантының өндірістік іс-тәжірибе
ЕСЕБІ

Магистрант: Исымова М.Г.
Тәжірибе жетекшісі:
э.ғ.к.Кожахметов З.З.

Астана 2013 жыл

Мазмұны

1. РГКП экономика институты фундаментальді және қолданбалы тақырыптар
бойынша зерттеу жұмыстары.
2. Антимонополиялық реттеу институттарының жағдайын талдау.
3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы бәсекелестік ортасына
бағалау талдауы.
4. ҚР табиғи монополия іскерлік реттеулеріне талдау.
5. Нарықта бәсекелестік ортадағы дайын тауарлар мен қызметтер
жағдайына талдау.
6. Әлемдік экономикаға Қазақстан интеграция шарттарының бәсекелестік
қатынастар дамуының теория мен тәжірибе тақырыбы бойынша
аннатациялық есептемесі.
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы - Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Экономика институтының
Астана қаласындағы филиалы өз жұмысын Білім және ғылым Министрі Қ.
Көшербаевтың 2000 жылғы 2-қазандағы № 946 бұйрығының негізінде бастаған
болатын. Филиал эксминистр мен эксдиректордың келісімге келу нәтижесінде,
академик М.Б. Кенжеғозиннің арқасында туындаған болатын.
Эксминистр Қ. Көшербаев Алматыдағы Экономика институтының дереу
Астанаға көшуін қалады. Алайда көшу үшін жағдай мүлде қолайсыз болатын. 250
ғылыми қызметкерлер үшін кеңсе, кітапхана, басқа да арнайы жұмыс орны қажет
екені белгілі. Сонымен қатар көшіп келген жағдайда бұдан бірнеше есе көп
адамға тұрғын үй керек.
Ел билігі жаңа астанаға көшіп, орнығып жатқандықтан, министрлік
институттың көшіп келуін қатаң талап еткен болатын. Академик М.Б.
Кенжеғозин министрліктің талабын орындап, институтты жаңа астанаға көшірем
десе, еліміздің іргелі экономикалық ғылымының көшбасшысы болып табылатын
институтты жоғалтып алуы, оның ұжымын таратып алуы мүмкін екенін түсінген
еді.
Келісім іздеумен кеткен бірнеше күннен кейін директор ағамыз
Астанадағы ғалым – экономисттердің басын біріктіріп, отандық экономика үшін
іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын әлеуметтік
экономикалық зерттеулер орталығын немесе Экономика институтының астаналық
филиалын ашып, жұмысын жолға қоюға уәде берді.
Баса назар аударатыны, филиалдың құрылып, қалыптасуы сол кезде өзекті
мәселе ретінде министрдің жеке бақылауында болды.
2001 жылдың қаңтарынан Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық
үлгілемесі атты жылдық құны 1 млн. 200 мың теңге тұратын қолданбалы
зерттеулер бағдарламасы бөлінді – ғылыми жетекшісі э.ғ.д., профессор Қ.Е.
Құбаев, кғқ – А.Т. Закирова, жетекші экономист – Ж.М. Кәкенов. Олар филиал
жайлы ереже даярлап, әділет бөлімінде Угольная көшесі 26 үй деген мекен
жайда тіркеуден өткізді. Аталған мекен-жайда Егін шаруашылығы институтының
э.ғ.д., профессор Ж.Е. Сүндетовтың басшылық жасайтын филиалы орналасқан
болатын.
Өкінішке орай, 2000 жылдың желтоқсан айында Қ. Көшербаев министрік
қызметті тастап, елшілікке ауысты. Осыған сәйкес, министрлік тарапынан
филиалға деген көзқарас өзгеріп шыға келді. Оның үстіне профессор К.Е.
Құбаев Алматыға көшіп кетті. Филиал өз қалыптасуындағы қиын кезеңге тап
болды.
2002 жылдың сәуір айынан академик М.Б. Кенжеғозиннің шешімімен
филиалды басқару э.ғ.к., доцент Ж.Е. Шымшықовқа жүктелді.
Шынайы, жігерлі әрекет ұжымы құрылып, олар ҚР ғылым Қорының грантын
екі іргелі зерттеулер жобасы бойынша ұтып алды. Тақырыптары:
1. Жергілікті аумақтық құрылымдарды басқару мен өзін-өзі басқарудың
келешек үлгілемесінің теориялық-әдістемелік негіздемесі және оны жүзеге
асырудың бағыттары (Солтүстік Қазақстанның ауылдық аудандарының мысалында)
(2003-2005ж.ж.). Ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., Д.И. Журкович, ол кісі қайтыс
болған соң жетекшілікті э.ғ.к., Ж.Е. Шымшықов алды.
2. Іскерліктің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың теориялық негіздері
және оны өңірлік деңгейде жүзеге асырудың бағыттары (2003-2005ж.ж.).
Ғылыми жетекшісі – академик, э.ғ.д., С.Б. Байзақов.
2003-2005 жылдары екі іргелі және бір қолданбалы ҚР ғылым Қорының
тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізуге келесі азаматтар үлес қосты: Л.М.
Сембиева – ЖҒҚ, э.ғ.к., В.В. Акимов – АҒҚ, э.ғ.к., М.М Телемтаев (2004-жылы
қайтыс болды) – АҒҚ, т.ғ.д., Т.И. Яковлева – АҒҚ, э.ғ.к., Ю.Б. Саницкий–
АҒҚ, профессор. Т.К.Омурзаков – АҒҚ, э.ғ.к., С.А. Утюльбаев– КҒҚ, Л.Н.
Бурлаков – АҒҚ, М.Д. Дуйсебаев – ҒҚ, Г.Н Кубеева – КҒҚ, Х.И. Мизамова– КҒҚ,
Г.С. Байзакова – КҒҚ, К.А. Уразбаев –ҒК, Б.С. Утибаева– АҒҚ, А.С.
Жакупбекова – КҒҚ, А.Д. Жусупбекова. – КҒҚ, з.ғ.к., Б.К. Баймаканов – АҒҚ,
К.С Калдыбаев – КҒҚ, э.ғ.к., доцент Э.В. Белоусова – ҒҚ, э.ғ.к., К.Б.
Жуманазаров – АҒҚ, Ю.В Кобка– ҒҚ, З.Б.Бадзиева – лаборант.
2003 – 2004 жылдары ҚР БҒМ Экономика институтының филиалы 3 ғылыми-
тәжірибелік конференция өткізіп, олардың материалдарын ҚазМемАИТА арқылы
Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері деген атпен үш кітап қылып
баспадан шығарды. Оларды Астанадағы жоғарғы оқу орындарының
кітапханаларынан табуға болады.
2004 жылы филиал ұжымы қолданбалы ғылыми жобаны ҚР Ауылшаруашылық
министрлігінің конкурсында Аумақтық әкімшілік құрылуы туралы ҚР Заңына
өзгерістер енгізу туралы заң жобасына ұсыныстар жасау атты тақырыпта ұтып
алды. (ҚР АШМ, 2004 жыл жалпы құны 1 млн. 250 мың теңге)
Қорыта айтқанда, 2006 жылға дейін филиал 21 млн. теңге көлемінде ғылыми
зерттеулер жүргізді.
Сонымен қатар 2005 жылдың қазанында филиал ҚР Парламентінің Сенатымен,
Ақмола облыстық, Шортанды аудандық әкімшілік пен маслихаттары мен бірлесе
отырып, Жергілікті өзін-өзі басқару және оның ұйымдық мүліктік қамтамассыз
ету мәселелері деген тақырыппен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
2006 жылы филиал ҚР ғылым Қорының Гранты конкурсында келесі тақырыптағы
2 іргелі ғылыми зерттеу жобаларын ұтып алды:
1. Қазақстанның әлемдік экономикамен интерграциялану жағдайындағы
бәсекелестік қатынастардың дамуының теория мен тәжірибесі. (2006-2008
ж.ж.) (3 млн. 990 мың теңге). Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., Ж.Е. Шымшықов.
2. Қазақстанның салық-бюджет жүйесінің қаржылық өңірлігінің теориялық
- әдістемелік негіздері және келешектегі үлгілемесі. (2006-2008 ж.ж.) (3
млн. 63 мың теңге). Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., В.В. Акимов.
2007 жылы филиал қолданбалы зерттеулер тендерінен келесі тақырыпты ұтып
алды: Рентабельді емес кәсіпорындарды бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
құрылымдық өзгертуден өткізу арқылы тәуекелді бизнес құрудың тетігі мен
ұстанымын негіздеу. (2007-2009 ж.ж.) (4 млн. 790 мың теңге). Ғылыми
жетекшісі – э.ғ.к., Ж.Е. Шымшықов.
Барлық ғылыми жобалар ешбір кемшіліксіз, дер кезінде, тәжірибеге
енгізілген актісімен ҚР БҒМ-ның РМҚК-нің Экономика Институтының Ғылыми
Кеңесінде есеп беріліп, қорғаудан өтті.
Жоғарғыда аталған ғылыми зерттеулерді орындауға келесі ғылыми
қызметкерлер өз үлесін қосты: э.ғ.д., О.Ж. Әлиев – жғқ, э.ғ.к.,
Қ.Б.Жұманазаров – ағқ, э.ғ.к., Э.В. Белоусова – ағқ, Н.Б. Абдрахманова -
кғқ, және Ә.М. Жантлесова – кғқ.
2008 жылы филиал ҚР БҒМ-ның ҒК-нің ғылым Қорының Грантын іргелі
зерттеулерден келесі тақырыптардан жеңіп алды:
1. Монополияға қарсы реттеу және ҚР экономикасында бәсекелестік ортаны
дамытудың тетіктерін теориялық-әдістемелік негіздеу. (2009-2011 ж.ж.) (16
млн. 317 мың теңге, 2-жылда). Ғылыми жетекшісі – э.ғ.к, Ж.Е. Шымшықов.
2. Рента негізіндегі тұрақты жер пайдалануды ынталандыру және жер-
мүліктік қатынастарды реттеу: ұстанымдары мен жүзеге асыру тетігі (2009-
2011ж.ж.) (6 млн. 880 мың теңге 2-жылға). Ғылыми жетекшісі э.ғ.к.,
профессор В.В. Акимов.
Бүгінгі күні филиалда іргелі зерттеулерді келесі ғылыми қызметкерлер
атқаруда: Н.Б. Абдрахманова – КҒҚ; В.В. Акмимов э.ғ.к., –БҒҚ; О.Ж. Әлиев
э.ғ.д., –ЖҒҚ; Э.В. Белаусова э.ғ.к., – АҒҚ; Л.О. Демушкина э.ғ.к., – АҒҚ;
А.К. Жакупбекова – КҒҚ; Қ.Б. Жуманазаров э.ғ.к., –АҒҚ; Р.Т. Есеркепов
э.ғ.к., – АҒҚ; Г.Х. Махметова – ҒҚ; Г.К. Сапарова э.ғ.д., – ЖҒҚ; С.К.
Сұрағанова э.ғ.д., – ЖҒҚ; Қ.Б. Тамержанов –КҒҚ; Ж.Е. Шымшықов э.ғ.к., –
филиал директоры, ғылыми жетекші.

1. РГКП экономика институты фундаментальді және қолданбалы тақырыптар
бойынша зерттеу жұмыстарын жасайды.

Өткен 10 жыл ішінде филиал ұжымы 42 млн. 667 мың теңгелік
ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындады. Осы жылдары филиал қызметкерлері
ғылыми жұмыстарға сарапшылық, сындарлық жасап, әртүрлі экономикалық
форумдар мен конференцияларға қатысты. Үкіметтің экономика бағытын белсенді
насихаттауға да үлес қосты. Филиалдың мүмкіндіктері өте мол. Астаналық ЖОО
ғалымдары филиалмен істес болып, бірлесе әрекет етуге дайын. Әр кезеңде
филиалда 2-академик, 8-доктор және 15 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Өткен
жылдардағы филиалда 41 ғылыми қызметкер әртүрлі зерттеулерге өз үлесін
қосты.
Өкінішке орай, филиал құрылған кезде ешкім оның болашақ материалдық-
техникалық базасы жайлы ойланбаған. Әлі күнге дейін филиалдың баспанасы
жоқ. 2002 жылдан бері әртүрлі басшыларға баспана сұрап жазылған хаттар
тізулі жатыр. Қалада әр кезде болған әкімдер: А.Ж. Жақсыбековке, Т.М.
Досмағанбетовке, Ө.Ш. Шөкеевке, министрлер Ж.А. Күлекееске, Н.
Бектұрғановқа, Ш. Беркімбаеваға, Б.А. Әйтімоваға, сенат депутаты Л.Н.
Бурлаковқа, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің төрағасы Э.К. Утеповқа жазып та, алдынан да өтіп болдық.
10 жыл ішінде өз жай-күйі болмағандықтан филиал 5 рет мекен-жай
ауыстыруға мәжбүр болды. 2002 жылдың сәуірінен маусымға дейін э.ғ.к.,
әкімшілік қызметкері Т.И. Яковлеваның көмегімен Сарыарқа әкімшілігінің
ғимаратында бір бөлмеде тұрып, 2002 маусымнан 2003 жылдың тамызына дейін
Еуразия заң колледжінде, 2004 жылғы тамыздан 2006 жылғы тамызға дейін
Еуразия гуманитарлық институтында, 2006 жылдың қыркүйегінен Туран-Астана
университетінде, ал 2007 жылдың наурызынан осы күнге дейін Қазақ экономика,
қаржы және халықаралық сауда университетінде орын теуіп жатыр.
Бүгінгі, сәтті күні әр кезде филиалға баспана беріп қолдаған мекеме
басшыларына шын алғысымызды айтамыз: бүгінгі күні ҚР Парламентінің мәжіліс
депутаты – Т.И. Яковлеваға, Еуразия заң колледжінің директоры – Б.К.
Төлепбергеновке, бұрынғы ЕАГИ-дің ректорлары М.Н. Сарыбеков пен А.Ж.
Исмаиловқа, Туран-Астана университетінің бұрынғы ректоры О.Ж. Әлиевке
және ҰҒА академигі э.ғ.д., профессор Ғ.С. Сейтқасымовқа ерекше алғыс
айтамыз.
Қазіргі кезде филиалдың бір бөлмеде 2 компьютер, 1 ксерокс пен 1 факсы
бар. Бұл толыққанды жұмыс істеуге мүлдем жеткіліксіз. Көбінесе филиал
қызметкерлері өз үйінде, өз компьютерлерін қолданып жұмыс істеп, өтеусіз
шығын көріп жүр.
Аяқтай келе, басшы ұйым БҒМ ҒҚ РМКҚ Экономика Институтының
жетекшілеріне, осы жиынды өткізуге жәрдем берген АҚ БӨ Қаз Мұнай Газ
басшылығына рахмет айтамыз. Барша бізбен бірге әрекет еткен үзеңгілес
әріптестерімізге шын жүректен алғысымызды айтамыз.
Филиалдың 10 жылдығы келешекте түбегейлі өзгерістер бастауы болар деп
үміттенеміз...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің Экономика институты Республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның филиалы – Астана қаласындағы - Әлеуметтік-экономикалық
зерттеулер орталығы (бұдан әрі орталық) ҚР Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті Экономика институты Республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның (бұдан әрі Институт) ғылыми-зерттеу бөлімшесі болып табылады
жәнеИнститут құзыры щеңберіндегі ғылыми-зерттеу, ғылыми ұйымдастырушылық,
сарапшылық – консультациялық қызметтерін атқарады.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты елдегі әлеуметтік –
экономикалық жағдай мониторингін жүргізу және Институт құзіреті шеңберінде
ғылыми – ұйымдастырушылық және сарапшылық-консультациялық қызметтерін
жүзеге асыру.
Институттың қызметінің мәні мен мақсаты – экономиканы
реформалау және даму көкейтесті проблемалары бойынша басым бағыттағы
іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және осы негізде
ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру және экономика саласында кадрлерді
дайындау.
Орталық бекітілген тәртіпте келесі функцияларды атқарады:
- ҚР дамуының басымды әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша талдау
жұмыстарын жүргізу;
- Республиканың мемлекеттік билік органдары мен барлық меншік түріндегі
ұйымдарына Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының өзекті
мәселелерін шешуге ықпал ету;
- Өз құзіреті шеңберінде әлеуметтік-экономикалық мәселелер саласында
ведомствалық бағынысына тәуелсіз, Астана қаласындағы ғылыми
кәсіпорындар, мекемелер мен жоғары оқу орындары жүзеге асыратын
фундаменталдық және қолданбалы зерттеулерді үйлестіру;
- Институт зерттеулер мен өзіндік ғылыми жетістіктерінің нәтижелерін
практикаға енгізу жөніндегі маркетингтік қызмет;
- Институттың уақытша творчестволық ұжымдараныңғылыми зерттеу
жұмыстарына қатысу және тапсырыстар, келісімдер мен әртүрлі гранттар
бойынша өзіндік ғылыми жұмыстарын жүргізу;
- әлеуметтік-экономикалық мәселелер саласында ғылыми-зерттеу, талдау,
әдістемелік және сарапшылық-консультациялық сипатындағы қызметтерді
іске асыру;
- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері
бойынша Институттың мамандарға және халыққа арналған,ғылыми-
практикалық конференцияларын, дөңгелек столдарын,семинарлар мен білім
беру бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу жұмысына қатысу;
- Институттың білім, ақпарат алмасу және ғылыми зерттеулердің сапалық
деңгейін арттыру мақсатында халықаралық байланыстарын дамыту жөніндегі
жұмысына қатысу;
Орталық мүлкі негізгі қордан және айналым құралдарынан,
сондай-ақ институт балансында құны көрсетілетін басқа да мүліктен тұрады.
Орталықтың ағымдағы басқару құқығында және заңда белгіленген шеңберде
мүлкі болады.
Орталықтың мүлкі мемлекет берген, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған
басқа да көздер есебінен алынған мүлік арқылы қалыптасады.
Орталықтың Институт рұқсатынсыз банк несиелерін пайдалануға – хақысы
жоқ.

2. Антимонополиялық реттеу институттарының жағдайын талдау.
Дүниеүзілік экономикалық интеграция жағдайында ұлттық экономикада
бәсекелестік қатынастардың қалыптасуының теориялық-әдістемелік негізін
құрып, жүйелеу және оларды Казақстанда жетілдіру механизмін негіздейтін
нақты тәжірибелік ұсыныстар құрастыру.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеудің І сатысында келесі мндеттер
орындалды:
- дүниежүзілік интеграциялық процесстермен өзара байланыстағы ұлттық
экономикадағы бәсекелестік қатынастардың теориялық методологиядық
негіздерін, әлеуметтік-экономикалық, қүқықтық факторлары мен шарттарын
айқындау.
Зерттеудің ІІ сатысында келесі міндеттер шешілді:
- монополияға қарсы реттеуде қолданылатын мионополияға қарсы реттеудің
орның, ролін, негізінің теориялық анықтамасын беру. Сонымен қатар оның
нақтылы орындалу жағдайында әлеуметтік – экономикалық, құқықтық,
институционалдық факторладын анықтау.
Экономиканы монополияға қарсы реттеуде жүретін процеетерде туындайтын
әлеуметтік-экономикалық және институционалдық қатынастарды жүйелеу болы
табылады.
Казақстан республикасының экономикасы монополияға қарсы реттеу
органдарымен бірге тұрастай алынады.
Зерттеудің теоретикалық және методологиялық базасы болып отандық және
шет ел ғалымдырының ғылыми ойлары мен жетістіктері, экономикалық теорияның
классиктерінің жетістіктері, берілген проблематиканың төңірегіндегі ғылыми
жұмыста, жобалар, программалар, концепциялар, заңдалақта және нормативті
актілер және де өзге де экономиканы монополияға қарсы реттеуге қатысты
материалдар табылады. ҚР статистика Агенттігінің материалдары, ҚР БҚА және
ҚР ТМРА материалдары қолданылады.
І сатыдағы жүргізілген зерттеулер барысында келесі нәтижелер алынды:
- монополияға қарсы реттеідің әлеуметтік-экономикалық табиғаты ашылды;
- дамыған елдердің әлемдік тәжірибесінің анализі жүргізіліп,
монополияға қарсы реттеудің бар моделдері жүйеленді;
- монополияға қарсы реттеудің принциптері және қолдану шеңбері
негізделді;
- монополияға қарсы реттеудің құрылымдары мен мазмұны айқандалды;
- монополиға қарсы реттеудің механизмдері, факторлары мен
институционалдық негіздері негізделді;
- бәсекелестік экономикалық ортаның көрсеткіштері, факторлары мен
негізі анықталды.
Нақты тәжірибелік ұсыныстар мемлекеттік басқару ограндарының:
Қазақстан Республикасының бәсекені қорғау Агенттігінің (Антимонополиялық
орган) және Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу
Агенттігінің күнделікті әрекетінде қолданылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы бәсекелестік ортасына
бағалау талдауы.
Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы халықаралық еңбек бөлінісіндегі
ұлттық экономикалардың салыстырмалы артықшылықтарын арзан жұмыс күші,бай
табиғат ресурстары және т.б мұндай ерекшелігі жоқ елдерге өнім экспорты
және импорттаушы елдің ұлттық экономикасымен салыстырғанда артықшылыққа ие
болып отырған елдерден өнім импорты үшін пайдалану теориясына негізделген.
Бәекелестік индустриалды қоғамның динамикалы дамуының негізін құрайды,
бастапқы кезде ашық нарықтардағы жеке өндірушілердің еркін бәсекесі
формасында болып, оның жүзеге асуының бағалық механизмінде артықшылық ішкі
және шетелдік нарықтарға беріледі. Бұған қоса бәсекелестік ұғымының өзі үш
ғасыр бойы дамып, динамикалы түрде өзгеріп отырғанын ескеру керек.
Бәсекелестік туралы жалпы ұғым. Бәсекелестік дегеніміз не? Оған
жарыстың қандай түрін жатқызады? М.Вебердің классикалық анықтамасы бойынша
бәсекелестік – басқалар үшін де қалаулы мүмкіншіліктер мен артықшылықтар
үстінен бақылау орнатудың бейбіт тәсілдері. Бәсекелестіктің туындауының
бастапқы алғы шартына қандай да бір күш жұсаудың нәтижесінде қол жеткізе
алатын бірнеше агенттердің бір мезгілде қалауына ілінген шектеулі көлемдегі
ресурстардың болуы жатады. Жоғарыда айтылған ресурстың шектеулілігі, оның
тартымдылығы және бінеше нарыққа қатысушылардың оған қол жетімділігі сияқты
элементтердің болуы бсекелестіктің тууы үшін міндетті блып саналады. Егер
ресурс шектеулі немесе тартымды болмаса бәсекелестік проблемасы
тундамады.Себебі ол тараптар жағынан қиындықтарды жеңу,күш салу әрекеттерін
талап етеді.Егер ресурсқа тек қана бір агент таласса,онда жарыс алаңы
болмайды.Сондай ақ принципті түрде ресурс бірнеше жарысушылар үшін қол
жетімсіз болса ,мұнда да бәсекелестік туралы айтудың қажеті
жоқ.Сонымен,бәсекелестік екі немесе көп агенттердің олардың тарапынан
қандай да бір күш жұмсау арқылы қолжетімді болатын бір ғана шектеулі
ресурсқа бағытталған әрекеттері.
Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім ІЖӨ өндірісі мен тұтынуының
жоғары деңгейі дамыған елдерде әлемдік экономикалық кеңістіктегі еларалық
және фирмааралық бәсекелестік үшін біршама сапалы жағдайлар тудыруға түрткі
болады.Өндірістік даму барысында нарықтық ортада тауарды жасап,оны
өндірушіден тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық кезендердегі ғылыми
техникалық жетістіктер мен инновацияларға негізделген салыстырмалы ұлттық
басымдылықтарды басымдықпен пайдаланудан бастап динамикалы түрде өзгеріп
отыратын бәсекелік артықшылықтарды пайдалануға дейінгі бәсекелестіктің
жалпы бағыттын өзгертіп отыратын жаңа жағдайлар туындайды.
Салыстырмалы артықшылықтар әр елге табиғатынан тән болады,олар
тұрақты,мәңгі емес,қайталанбайды.Бәсекелік артықшылықтар динамикалы,
иновациялар және адам капиталының,зияткерлігінің дамуымен
байланысты,табиғаты жағынан шексіз. Сондықтан салыстырмалы және бәсекелік
артықшылықтарды ажырату керек. Бір елдің ішіндегі салыстырмалы және
бәсекелік артықшылықтардың интеграциясы оның жаһандық экономикалық
кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бәсекеге қабілеттіліктің үш экономикалық үлгісі.

Бәсекелестікті талдау тәсілдерінің әртүрлілігін нысанға алайық.Алайда
бұл зерттеу бәсекелестіктің экономикалық теорияларың барлығына сараптау
жасауды басшылыққа алмайтының,мұнда басты назар үш трек тәсілге аударылатын
ескерте кетеміз. Зерттеуде жетілген бәсекелестік ұғымын сипаттайтын идеалды
алғышарттар жиынтығы алға қойылды. Бұл алғышарттарды мейнстрим өкілдерінің
бірі Дж.Стиглер былай сипаттайды:
1.Берілген өнімді шығаратын фирмалар саны ешбір фирма өнімінің
бағасына айтарлықтай әсер ете алмайтындай едәуір көп;
2.Өндірілетін тауарлар біртекті, сондай ақ тұтынушылар қандай да бір
белгілі фирманың тауарына артықшылық бермейді;
3.Фирмалар бір біріне тәуелсіз әрекет етіп,бірнеше дербес агенттерді
құрайды;
4.Фирма өкілдер маңызды нарық факторлары жөнінде толық білімдер.

Бұл тәсіл белгілі экономистер тарапынан көп қайтара жан-жақты сынға
алынган болатын. Жетілмеген бәсекелестік (Дж. Робенсон) және монополистік
бәсекелестік (Э. Чемберлен теориялары шеңберінде бірнеше беделді сыни
дәйектемелер ұсынылған болатын. Акиқаттағы шаруашылық өмірде жетілген
бәсекелестік үлгісінің постулаттарының болмайтыны пайымдалады. Жетілген
(таза) бәсекелестіктің жағдайы қарама-қарсы полюсінде бір ғана сатушының
болуын талап ететін абсолюттік монополия орналаскан осьтің шеткі нүктесі
больш табылады. Осы екі карама-карсы ұғымдардың синтезі нарықтың
бөлшектенушілік алғышарты арқылы жузеге асырылады. Тауарлар жиынтығы
біртекті емес, керісінше ол гетерогенді және әрбір өндіруші баска
субституттауарлардан оқшауланып алынған өз тауарының монополисі ретінде
көрінеді. Бұған қоса бәсекелестіктің өзі бұл бөлшектенушілікті тудырады,
өйткені әрбір фирма өзіндік бөлек нарықтық бет-бейнесін құрып, бекіткісі
келеді. Сатып алушылардың қалаулары да бірдей емес. Бұл - сұраныстың мұндай
иілгіштігін, жетілгеп бәсекелестік теориясында көрсетілгендей, абсолюттік
мүлде алшақ екендігін білдіреді. Салыстырмалы бағалар өзгергенде сатып
алушылар берілген өнімнен бірден бас тартпайды. Бұл олардың тек баға
деңгейіне ғана назар аударып қоймайтындығымен де көп байланысты. Өнімнің
сапасын арттыру, қосымша қызмет көрсету, жарнама арқылы тауарды нарықта
алға жылжыту және т.б. сияқты бейбағалық бәсекелестік формалары да үлкен
маңызға ие. Бұл туралы Дж. Робинсон: Шын мәнінде сатып алушыны
бәсекелесуші өндірушінің тағайындаған бағалары ғана қызықтырмайды; ол басқа
да көптеген ойларды басшылыққа алады... Бәсекеге түсуші өндірушілер өзара
тауар сапасы жағынан да, сатып алушыға жасалатын жеңілдіктер бойынша да,
жарнамадан да дәл баға жағынан сияқты жарысқа түседі. Нарықтың әртүрлі
бөліктеріндегі сұраныс иілгіштігіне қарай бір түрі тауарға бірнеше
өндірушінің түрліше баға қоюы арқылы көрініс табатын бағалық дискриминация
сияқты ұғым да бар. Жетілген бәсекелестік теориясының сынында оның
классикалық оппоненті Ф. Хайектің мынадай тұжырымы белгілі: "Жетілген
бәсекелестік теориясында сөз болғандардың "бәсекелестік" деп аталука құқығы
мүлдем аз ... бұл теория сол бәсекелестік процесі қол жеткізіп, соның
барысында жасалуға тиісті жағдайларды әрдайым дайын тұрған, қалыпты
жағдайлар ретінде қарастырады. Сонымен, бұл теория ақиқаттағы шаруашылық
өмірде қол жеткізу мүмкін емес жағдайлардағы ұзақ мерзімді бірқалыптылықтың
идеалды жағдайын суреттейді. Бұған балама ретінде Ф. Хайек бастапқы нүктеде
біркелкі емес, толымсыз әлі бытыраңқы ақпараттарға ие нарық қатысушыларынан
тұратын бәсекелестіктің динамикалық үлгісін ұсынады. Бәсекелестік
жетіспейтін білімдерді жинақтау ісі жүзеге асатын жаңа мүмкіндіктер ашу
процесіне айналады. Ақапарат жинау тек белгілі бір дәрежеде ғана нарықтық
процеске практикалық қатысудың алдында жүреді, бұл агенттер үшін сонымен
бірге акпараттық ағынды игеру процесіне де айналады.
Бұған қоса әртүрлі фирмалар ұсынатын өнімдер мен қызметтер біркелкі
емес, бұл жетілген бәсекелестік теориясыңдағыға қарағанда бәсекелестікті
біршама күрделі көпденргейлі процесс екенін көрсетеді. Ф.Хайек нарықтарда
орын алатын монополиялардың екі түрі арасындағы айырмашылықтарды ерекшелеп
көрсетеді. Бірінші түрі тиімділіктің артықшылығына негізделеді де, басқа
катысушылар тарапынан тиімділік жағынан айырмашылық жойылғанша қолда бар
артыкдшылықтарды қамтамасыз етіп отырады. Бұл жағдайда пайда болатын
бәсекелестік нарық қатысушыларының әрекеттеріне байланысты болмайды, ол
рационалды әрі тиімді қатысушылары занды (уақытша болса да) артықшылықтарға
ие болатын жеке кәсіпкерлік күш салудың нәтижесі ретінде қарастырылады.
Алайда ол айрыкща құқықтық басымдылыққа ресурстарға рұқсатқа (мысалы,
"биліктен лицензия" алу) негізделген монополмяның екінші түрінің салдарынан
туындаған кез келген бәсекелестікке қарағанда артық болар еді.

4. Нарықта бәсекелестік ортадағы дайын тауарлар мен қызметтер жағдайына
талдау.

XX ғасырдың екінші жартысында бәсекелестік жаңа белгілерге толығады.
Біріншіден, бастапқы ашық нарықтардағы жеке тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі әртүрлі формада біршама жабық (соның ішінде протекционизмнің
көмегімен) нарықтардағы монополистік және олигополистік құрылымдардың
бәсекелестігімен үйлеседі. Екіншіден, бәсекелестіктің бағалық әдістерінен
бірте-бірте бағалық әдістерге қарай жылысу байқалады, дегенмен де
ақиқаттағы экономикаларда әрдайым бұлардың үйлесіп отыруы байқалады.
Үшіншіден, сұраныс құрылымының жаппай біркелкілендірілген өнімді тұтынудың
жеке тұтынушылық және инвестициялық сұраныстарды қанағаттандыруға қарай
өзгеруі бәсекелестік қарқынының дамуымен байланысты әртүрлі бөліктерге
ыдыраған нарықтардың туындауына алып келді. Бәсекеге түсуші субъектілерге
түбегейлі өзгеріп отыратын сұраныс, нарықтың біршама күрделі конфигурациясы
жағдайыңда өндіріс өнімділігі және еңбек пен капиталды тиімді пайдалануда
қалыпты немесе одан жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыру кажет. Тұтынушы
үшін бәсекелестік уақыт өткен сайын агрессивті сипат алып келе жатыр — ең
күшті инноватор ғана өмір сүре алады. Көп жағдайда бәсекелестік күрес
жойқын сипатка боялады. Осының салдарынан бәсекелестер серіктестік
катынаска түсетін бәсекеге кабілетгіліктің жаңа, біршама жоғары деңгейі
қалыптасады. Икемді альянстардың кұрылуы, бәсекелес-серіктестердің жаңа
ғылыми-техникалық жетістіктер, иновациялар, ноу-хаумен алмасуы оларды
байытып, екі жақтың да бәсекеге кабілетгілігін арттыра түспек. Бұлармен
катар мемлекет "адал" бәсекелестікті қорғау үішін астам монополияланған
альянстар кұруды зерттеудің жаңа тәсілдсрін іздестіреді.
Индустрияалдық қоғамдағы жиынтық сұраныстың өсуі мен материалдық
өндірістің тиімділігінің қарқынды артуы, бір жағынан, материалдық
қажеттіліктің өсуіне шектеу қойса, екінші жағынан, жұмыс күшінің едәуір
бөлігінің кызмет көрсету аясына құйылуына қолайлы алғышарттар жасады.
Өндірістік коғам шеңберінде XXI ғасырдың ерекше белгісіне айналып отырған
постөндірістік кезеңге өтудің жағдайлары пісіп-жетіліп келеді.
Постөндірістік қоғам XX ғасырдың 70-жылдарының ортасынан бастап
калыптасып жатыр, ол ғылымды қажет ететін тауарлар мен зияткерлік қызметті
өндіруге құрылады. Базасында ақпараттық технологиялар дамитын білім мен
ақпарат бәрінен жоғары бағаланады. Қазіргі кезде әлемдік шаруашылықтың
жаһандануы мен жаңа экономика мен білім экономикасының қалыптасуы
жағдайында бәсекеге қабілеттілік проблемасы айрықша қызығушылық тудырып
отыр. Проблеманың мәні айтарлықтай дамып отырған елдердің ақпараттық
технологиялармен (мысалы, Интернет-технологиялармен) байланысты Интернет-
кеңістік сияқты қарқынды кеңейіп келе жатқан ақпарат кеңістіктерінің тиімді
бөліктерін жаулап алуына мүмкіндік беретін бәсекелік басымдықтарын
пайдалануында жатыр. Шынында да қазіргі экономикада бәсекелестік
басымдықтар ақпараттық төңкеріспен тығыз байланысты. Бүл XX және XXI
ғасырлар межесінде телекоммуникациялық фирмалардың капиталдандыру шамалары
бойынша мүнай-газ, автокөлік және металлургия өнеркәсібіндегі дәстүрлі
фирмаларды басып озып, көшбасшылық орынға ие болуынан туындап отыр. Жалпы
алғанда елдің әлемдік нарықтардағы жаһандық бәсекеге кабілетгілігімен
ұлттық нарықтағы бәсекеге кабілетгілігін, сондай ақ ұлттық және әлемдік
нарықтардағы микродеңгейлердегі (фирмалар деңгейіндегі) бәсекеге
кабілетгілігін ажыратқан жөн.
Әлемдік экономикалық әдебиетте бәсекеге қабілеттілік тақырыбы соңғы
жиырма бес жылдың ішінде өзектілердің біріне айналып отыр.
Бұл мәселе (нақты нарықтардағы бәсекеге кабілеггілік ретінде емес) кең
көлемде алғанда АҚШ-та XX ғасырдың 80-жылдардың басында жапоп экономикасы
табыстылығының себептеріне, америка экономикасын "бейиндустриалдау"
каупінің алдын алу жолдарына жауап ізднудің нәтижесінде пайда болып,
ұлттық бәсекеге қабілеттілік бойынша Кеңестің сараптамалық басылымдарында
көтеріліп отырды.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілікке катысты ғылыми зерттеулер ішінде
жылдық баяндамаларында жарияланып тұратын Бүкіләлемдік экономикалық
форумның әзірлемелері (World Есоnоmіс Ғorum - WEF) ерекше орын алады. WEF-
тің салыстырмалы бағыттағы зерттеулері әлемдік экономикалық жүйенің
жаһандануының қарыштап өскен XX ғасырдың 90-жылдары ерекше танымалдылыққа
ие болды.
Жаһапдық деңгейдегі елдердің макро және микробәсекеге қабілеттілігін
салғастыру проблемасын нақты талдауға және қолданбалы теорияларды
әзірлеуге, соңдай-ақ осы тақырып бойынша кең көлемде мәліметтер қорын
калыптастыруға. БЭФ сарапшыларының сіңірген еңбегі зор. Макроэкономикалық
және институционалды факторларға косымша БЭФ сарапшыларының басты назарына
фирманың сапасы мен кәсіпкердің орта сапасы да ілікті.
Сондай-ақ Менеджменг және даму халыкдралық институтының (IМD),World
Соmpetitiveness ҮеаrЬооk, Лозанна, Швейцария) да 1989 жылдан бастап
әзірленіп, жарияланып отыратын елдердің әлемдік бәсекеге кабілеттілігі
туралы жылдық басылым - кітаптары да ғылыми ортаға әбден танымал болып
отыр. Жинақталған аналитикалық ақпараттары бай әрі кұнды больш табылатын
(20 негізгі көрсеткіштер бойынша біріктірілген, елдердің бәсекеге
кабілетгілігінің төрт басты факторы негізінде өңделген 314 критерий) аса
ерекше басылым ғылыми ортада жоғары кәсібилігі қорытындыларының
орындылығымен жоғары бағаланады.
Бүл жүмыс ДЭФ және Гарвард университетінің жаһандық бәсекеге
қабілеттілік проблемалары жөніндегі сарапшылар мен мамандарының қазіргі
әдіс-тәсілдерінің ғылыми және практикалық деңгейін анықтаудың бірден-бір
негізіне айналды. Еларалық бәсекеге қабілеттілікті зерттеуден Еуропалық
экономикалық комиссия (ЕЭК) да құр алақан емес. Ол 1996 жылдан бастап жыл
сайын еуропалық бәсекеге қабілетгілік туралы баяндама жариялап отырады.
Бұл баяңдамада елдің бәсекеге кабілеттілігі — мүмкін болатын ең төменгі
шамадағы жұмыссыздықпен бірге алғандағы халықтың өмір сүру стандарттары
өсуінің критерийлері арқылы карастырылады. Бұған қоса жалпы акпараттық-
коммуникациялық технологаялар мен инновациялардың жиынтықта алғандағы
өндіріс факторларының өнімділігін және экономикалық дамуды арттыруға
қосатын үлесін талдауға ерекше назар аударылады.
Аталмыш ұйымдар мен зерттеу институттары жүргізген зерттеу-лердің
нәтижесінде елдер, салалар, бәсекелес компаниялардың бәсе-кеге
қабілеттілігін көтеру мәселесі мемлекеттік экономикалық сая-саттың басым
міндетгеріне алынды. Басқаша айтқанда ол дәстүрлі өнеркөсіптік саясаттың
орнын басты деуге болады.
Өнеркәсіптік саясаттың мәні ресурстарды тікелей немесе жанама құралдар
арқылы таңдаулы бөліктер мен кәсіпорындар мүддесіне тара-туға, олардың ішкі
және сыртқы бәсекеге кабілеттілігін қолдаута негіз-деледі. Бәсекеге
қабілеттілік. саясаты өнеркәсіптік саясат қорындағы көптеген құралды
пайдаланады. Алайда ол нақты, соның нәтижесінде дәл верификацияланатын
мақсатка ие. Жай ғана салалық өнеркәсіптік саясатқа карағанда ол жағдайлар
мен шамалардың едәуір кең жиынты-ғын құрайды. Жаһандану, жаңа экономиканың
қалыптасуы, ірі әрі ке-шеңді инновациялардың қарқынды өсуі, соның
нәтижесіңде салааралық құрылымдық қозғалыстар кезеңінде ұлттық бәсекелік
басымдықтардың қалыптасуы мен дамуы ұлттық өркендеу мен өмір сапасының
көтерілуінің тұрақты дамуы үшін ешнәрсемен алмастырыла алмайды.
"Бәсекеге қабілеттілік" ұғымының әртүрлі анықтамалары бар. Мәселен,
америка авторларының пікірінше ұлттык, бәсекеге қабілет-тілік
түжырымдамасы "ұлттық экономиканың басқа елдерде өндірі-летін тауарлар және
қызмет түрлерімен бәсекелестік күрес жағдайын-дағы тауар және қызмет
түрлерін өндіруі мен тұтынуына кабілеттілігі, бұған қоса мүның нәтижесінде
халықаралық экологиялық стандартты сақтай отырып, халықтың өмір сүру
деңгейі артуға тиіс". Ресейдің бірқатар ғалымдарының пікірінше білім
деңгейі — экономикалық инфрақұрылым — өмір сапасы күрделі жүйесіндегі
интерактивті байланыстар болмаған жағдайда өздігінен алғанда аса маңызды
болып табылатын сыртқы сауданың оң балансы да, оң төлем балансы да, алтын
валюта қорының өсуі де бәсекеге қабілеттіліктің абсолютті жеткілікті
критерийлері бола алмайды.
Қаралып отырған проблеманың Ресей экономикасы үшін (экономикасының
ащық болуы нәтижесінде және монополиялық үрдістерді жеңу қажеттілігіне
байланысты) XX ғасырдың 90-жылдары өзектілігінің артуы рссейлік
зерттеушілерінің назарының дәстүрлі тиімділік проблемасынан бәсекеге
қабілеттілік проблемасына ойысуына әкелді Ресейлік зерттеулер арасында РФ
Сараптау институты мен сауда өнеркөсіптік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
Индустриялдық-инновациаға жалпы түсінік
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі
Аграрлық саладағы инновациялық қызмет
Кәсіпорынның басқару жүйесінің жағдайы
Елдің технологиялық және инновациялық алмасуы
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру
Мемлекеттік инновациялық саясат аймақтың инновациялық даму деңгейін арттыру механизмі ретінде
Түркістан қаласындағы туризмінің дамуы
Пәндер