«Еcodos» ЖШС депо филиалы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- «Еcodos» ЖШС - НІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
1. 1 «Еcodos» ЖШС - ң іс әрекетінің жалпы сипаттамасы
1. 2 Фирманың ұйымдық құрылымы мен басқару моделі
1. 3 Кәсіпорынның шешім қабылдау процесі
2 «Еcodos» ЖШС - НІҢ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
2. 1 Қызметкерлерді жоспарлау және еңбек нәтижесін бағалау
2. 2 Кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
2. 3 «Еcodos» ЖШС пен оның еңбек ұжымының арасындағы 2010 - 2012 жж арналған ұжымдық келісім.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Өндірістік практиканы «Еcodos» ЖШС депо филиалының, бухгалтер бөлімінде өттім. Өндірістік практиканы өту барысында теориялық білімімді шыңдап, көптеген құжаттармен есеп - қисап жүргізуді үйрендім. Мекемедегі персонал қозғалысымен, кадр бөліміндегі іс - шараларымен практика жүзінде игере отырып, өзімнің болашақ мамандығыма деген қызығушылығым одан да арта түсті. Өндірістік практикада үйренген жұмыстарым алғаш теориялық біліміме септігін тигізіп, толықтыра түсті. Осы үйренген жұмыстарымның арқасында мекемелер мен ұйымдар жұмысына тәжірибелік зерттеп үйрендім.
Өндірістік практика жұмысы 3 бөлімнен құралған.
Бірінші бөлім кәсіпорынның жалпы сипаттамасымен, құрылу тарихымен, басқару құрылымымен, шешім қабылдау процесстерімен, негізгі атқаратын қызметімен, жалпы кәсіпорын қызметкерлерінің сапалық талдау мен еңбек ұжымымен танысу жүзеге асты.
Екінші бөлімінде «Еcodos» ЖШС - нің персонал қозғалысын, еңбек ақы қорын, ҚР еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жүйесін, табыстары мен шығындарын талдау жүзеге асырылады. Аталған кәсіпорын негізінде қызметкерлерді басқару саласының өзекті мәселелері анықталып, жүйелі сараланды.
Бүгінгі таңда «Еcodos» ЖШС еліміздің ірі компанияларының қатарында және де қызмет көрсету аясы жыл сайын кеңеюде. «Еcodos» ЖШС еліміздің экономикасына өзінің үлесін қосуда және жұмыссыздық деңгейін азайтуда.
- «Еcodos» ЖШС - НІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
1. 1 «Еcodos» ЖШС - ң іс әрекетінің жалпы сипаттамасы
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік, келесіде «Еcodos» ЖШС 2004 жылы желтоқсан айында ашылды. Кәсіпорын ұйымдық құқықтық нысандарына тоқталып, қысқаша баяндасақ, «Еcodos» ЖШС 2011 жылы қатысушылардың құрамының өзгеруіне байланысты Астаналық ремонт жөндеу локомотив депосының филиалы «Еcodos» (әрі қарай - филиал) ҚР заңнамаларына сәйкес қайта тіркелді.
Филиалдың қатысушылары «Еcodos» ҚР заңды тұлғасы - 51%, GREENWAY RESOURCES LTD» - 9, 8%, ТОО «MCM CONSULTING» компаниясы - 39, 2% болып табылады. Кәсіпорынның географиялық - аумақтық қызмет ету шекарасы Астана қаласы, сарыарқа ауданы, Катовский 01 көшесі төңірегінде шоғырланған.
Филиал келесідей қызметтерді атқарады:
- Техникалық қызмет көрсету, ауыр қозғалмалы бөлімдерді, моторлы вагонды қозғалмалы бөлімдерді, класстық вагондардағы жұмыстарды модернизация бойынша орындап, ұйымдастырады.
- Локомотив құрылғыларын модернизациялау, жөндеу және қызмет көрсету;
- Агрегаттардың, құрал - жабдықтардың, детальдардың запастарын дайындау, қалпына келтіру, жөндеу;
- Локомотивтердегі жұмыстардың дәйектілігіне анализ жасау;
- Жүктерді түйеу - түсіру жұмыстары;
- Жүктерді сақтау және қоймалау;
- Сауда - саттық қызметі;
- Жылу энергиясын өндіру;
- Химиялық саралауды жүргізу;
- өндірістік негізгі құралдарды жөндеу;
- ағынды суларды тазалау;
- Қауіпсіздік ережесіне сәйкес жоғарғы сападағы жөндеулермен қамтамасыз ету;
- Ішкі экономикалық қызметтер
- Ағымдағы және ұзақ мерзімге жобаланған өндірістік бағдарламаларды өндіру;
- өзінің дайындайтын материалдық ресурстарды жүзеге асыру, сонымен қатар оларды қолма - қол орналастыру және қайта бөлу;
- өз меншігіндегі жылжымалы составпен материалдарды, запас бөліктерді, негізгі құралдарды тасу;
- сонымен қатар, ҚР заң шығару органымен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлері.
Филиалдың органдары
- жоғарғы орган басшысы - қатысушылардың жалпы жиналысы
- атқарушы орган - директор
- бақылаушы орган - тексеру комиссиясы болып табылады.
«Еcodos» ЖШС - нің құрылу тарихын кең. 1992 жылдың шілде айында Петропавл-Көкшетау учаскесінде поездар қозғалысы басталды. 1929 жылдың қараша айының 8-де Бурабайдан Ақмолаға бірінші поезд келді. Поездар аралас болып қалыптасты (тауарлық-жолаушылық), салмағы 400-ден 480 тоннаға дейін.
1929 - 1930 жылдардың қыс мезгілінде Ақмолада уақытша екі орындық депо салынды, қабырғалары шикі кірпіштен, жапқышы қамыстан, жалғай салынған шеберхана ағаштан жасалған, жылу пештен, жарық керосиннан. Технологиялық депо бір токарлық, бір бұрғылау және бір жоңғыш станоктан тұрған, ұстаханамен мыс бөлімдері болған. Депо жұмыстары үшін суды Есілден тасыған. 16 аспапшы, 28 паровоздық бригада болған.
15. 10. 1931 жылы Ақмолада 7 орындық «ОВ» сериялы типтік паровоздық паркі бар депо қолданысқа берілді.
1933 жылы паровоздар паркін «Э» сериясына, ал 1954 жылы «ЛВ» сериясына ауыстырды.
ҰОС жылдарынды Ақмолада СО, СОК, ФД, СУ, ЕА сериялы паровоздар қолданысқа кірді.
1954 жылы тың және жатып қалған жерлерді игеру барысында паровоздарды одан әрі қуатты «Л» сериясына ауыстыру қажеттілігі туды.
1962 жылы Целиноград депосында паровоздар паркінің жартылай тепловоздарға (ТЭ3) ауыстыруымен қатар электр тарту күші үшін кадрлар дайындығы өткізілді. Паровозниктердің жалпы білім деңгейін көтеру үшін депода жұмысшы жастар мектебі ашылды.
1964 жылы Целиноград депосына ВЛ60, ВЛ60К электровоздары келді.
1975 жылы Екібастуз-Магнитогорск учаскесінде жүк тасқынының өсуіне қатысты электровоздық парк одан әрі қуатты ВЛ80 сериясына ауыстырылады. 80-ші жылдары «суперауырсалмақты» 12000-3тонналы поездарының жүруі басталады. Поездардың график бойынша салмағы 6000-9000тонна болды.
1986 жылы Чехословакия Республикасының тепловоз зауытында жасалған ЧМЭ-3 сериялы 4 маневрлік тепловоз әкелінді.
Осы жылдың аяғында және 1987 жылдың басынды Чехословакиядан одан әрі дамытылған ЧМЭ-3т индексі бар реостаттық тежеуіші, күш-қуатын бірнеше есеге арттырып жанармай шығындарын үнемдеуге әкелетін, электроника блоктарын қолданумен жасалған тепловоздар келді.
2004 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырысымен айнымалы тоқты Чжучжой электровоздар зауытында салынған, Астана-Алматы аралығында жүретін «Тұлпар» жедел поезын жүргізетін KZ4A электровозы қолданысқа берілді.
Теміржол транспортының қайта құрылымдау уақыты көптеген өзгерістер әкелді. 2000 жылдың наурыз айында локомотивтік депо жөндеу және эксплуатациялық болып екіге бөлінді, ал 2004 жылдың желтоқсан айында эксплуатациялық локомотивтік депоның құрамынан локомотивтарға техникалық қызмет көрсету пункті шағырылып, оның базасында Локомотивтік Сервистік Орталығының Астаналық филиалы ашылды.
2004 жылы жөндеу локомотивтік депосы «Алтын Орда 2004» ЖШС болып атын өзгертті.
Қазіргі кезде ЖШС желпігіш типті қуатты жөндеу локомотивтік депо болып ВЛ60п/к, ВЛ80с, ВЛ80т, КZ4А сериялы тепловоздарды және ЧМЭ-3 сериялы маневрлық тепловоздарды жөндеу жұмыстарын атқарады.
Техникалық жабдықтандыру жағынан кәсіпорын мамандандырылған жөндеу цехтарында электровоз жабдықтарын сынақтан өткізу және қалпына келтіру үшін барлық стендтармен камтамасыздандырылған, сонымен қатар локомотивтардың электр машиналарын сынау станциясы бар.
Кәсіпорында КЖ-20 дөңгелекфрезерлік станоктардың фрезаларын жөндеу, АЭ-92-4, НБ-455а асинхронды және КР-1 и КР-2 капиталды жөндеу жүргізіледі. 2004 жылдан бастап ТО-2, ТО-4, ТО-6, ТО-7 көлемінде КZ4А сериялы электровоздарға жөндеу жүргізілді.
«Алтын Орда 2004» ЖШС локомотивтерді жаңғыртудың мынандай түрлері игерілді:
2 электрпневматикалық қозғалтқыш валды тежеуіші бар жолаушыларды тасымалдайтын ВЛ80с сериялы электровоздарды жаңғырту.
Электржылу схемасы бар жолаушыларды тасымалдайтын ВЛ80с сериялы электровоздарды жаңғырту.
Ыстық тұндырғы кезінде фазалық жарықшақтанып жарушыларды өшіру схемасы бар ВЛ80с сериялы электровоздарды жаңғырту.
«КЛУБ» жүйесі бар ВЛ80с сериялы жолаушыларды тасымалдайтын электровоздарды жаңғырту.
Локомотивтарды алдынала жоспарлап жөндеу системасынан анықталған жайтта жасалатын жөндеуге көшу мақсатында кәсіпорында «Доктор-030» және «Доктор-030М» атты микропроцессорлық диагностика комплекстерімен, сондай-ақ, «Прогноз-1» и «Прогноз-1Е» атты подшипниктермен өркеш берілімдерді жылдам түрде диагностикалауға арналған екі комплекспен жабдықталған компьютерлік диагностика бөлімі жұмыс істеуде.
Жөндеу жұмыстарының сапасын көтеру үшін 2003 - 2004 жылдары: локомотив арба бұрамаларының геометриялық параметрлерін өлшеу үшін лазерлік сызғыш, электровоз қалқандарының шалыстарын өлшейтін тасымал лазерлік сызғыш, электровоздардың дөңгелек-моторолық блоктарын іліп қою үшін қолданылатын метрология құралдары бар құрылыс жинағы, сондай-ақ, «РОБОКОН-4155» подшипник роликтерін жинақтап сорттауға арналған жартылай автоматикалық құрал.
«Алтын Орда 2004» ЖШС-нің басты мақсаты - жөндеу жоспарын толық орындап, материалдық шығындарды үнемдеуге және эксплуатациялық шығындарды азайтуға бағытталғын жаңа технологияларды еңгізу.
Құрылымдық бірліктері:
ТО-6 цехі ВЛ60п/к, ВЛ80с, ВЛ80т, КZ4А сериялы электровоздарына ТО-6 және ВЛ60п/к, КZ4А сериялы электровоздарға ТО-7 техникалық қызмет көрсетеді.
ТО-8 цехі ВЛ60п/к, ВЛ80с, ВЛ80т сериялы электровоздарына ТО-8 техникалық қызмет көрсетеді.
ПО цехі ЧМЭ серия тепловоздарға ТО-3, ТО-6 техникалық қызмет көрсетеді.
Электромашиналық цех - электровоздармен тепловоздардың барлық электрикалық машиналарына ТО-8 көлемінде, АЭ-92-4, НБ-455а асинхрондық электродвигательдерге КР-1 и КР-2 көлемінде техникалық қызмет көрсетеді.
Автоматтық цех - электровоздармен тепловоздардың автотежеу құралдарына техникалық қызмет көрсетеді.
КИП цехі - бақылап-өлшеу құралдарының және электрқуат санаушыларының тексеріп, жөндеуін өткізеді; электровоздармен тепловоздардың жылдамдық өлшеуіштерінің, қауіпсіздік приборларына техникалық қызмет жұмыстарын және жөндеу өткізеді.
ДКМ цехі - электровоздармен тепловоздардың қос дөңгелек бандаждарын ауыстырумен жай және толық күәландыру.
Жөндеу - дайындау цехі - электровоздармен тепловоздардың механикалық бөлімдерінің құралдарын қалпына келтіріп, жаңадан жасау, соққы-ауыртпалы приборларын жөндеу, пластмассамен резеңкеден құрал сайман қую, моторды-осьты подшипниктерді қалпына келтіру, өркеш беріліс қабын жөндеу.
Аппараттық цех - аккумуляторлық батареяларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, электровоздардың электрикалық аппаратурасының және тепловоздардың реостаттік тежеуіш блоктарын жөндеу. ВЛ80С сериялы электровоздарды жаңғырту жұмыстары:
- электропневматикалық тежеуішпен камтамасыз ету;
- жолаушы тасымалдау поездеріне электржылу жуйесін орнату.
(ГЭЦ) эксперименталды цехі - токарлық-фрезерлік станоктарына арналған фрезаларды жөндеу.
Химиялық зертхана - ЖЖМ, электролит, дистилат, ағынды су анализдерін өткізу, граффитпен баббит қаттылығын зерттеу.
Электркүшті цех - кәсіпорынның электркүшті құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Механикалық құралдарды жөндеу цехі - кәсіпорын құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Жөндеу-құрылыс цехі - кәсіпорын ғимараттарында жөндеу жұмыстарын өткізу
Инженерлік коммуникацияларды жөндеу цехі - кәсіпорынның инженерлік коммуникацияларына, қазандығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Әкімшілік-шаруашылық цех - автотракторлық техника, химиялық тазалау, кір жуу машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Атқарылатын жұмыстардың тексеру жүйесі
Локомотивтарға арналған барлық техникалық қызмет көрсету және бөлек құрал-жабдықтарды жөндеу барысында, кәсіпорын үшін басқару құжаттар болып табылатын: «ВЛ60 и ВЛ80 сериялы айнымалы тоқты электровоздарға техникалық қызмет көрсету ережелері» ЦТ/91-03», «ЧМЭ-3 сериялы тепловоздарға қызмет көрсету ережелері» ЦТ/87-03, «Мотор-вагондық жылжымалы составтың және локомотивтардың тежеу жабдықтарын сынақтан өткізу, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуден инструкциясы» ЦТ-3549, «Қазақстан Республикасының жөндеу қәсіпорындарында өткізілетін зауыттқ жөндеу жұмыстары және техникалық қызмет көрсетудегі тапсыру, қабылдау және гарантиялық мезгілдің ішінде ауыртпалы және жылжымалы мотор-вагондық составқа қызмет көрсету ережелері» ЦТ/360-06-07 және тағы басқа инструкциялармен басқару құжаттар.
Техникалық қызмет көрсетуде локомотивтардың түйіндері мен бөлшектерінің жөнделу сапасын шеберлер, жөндеу цехтарының бригадалары және инженер-технологтар қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, локомотивтер техникалық бақылау бөлімінің жұмысшыларына, локомотив қабылдаушыларға, атқарылған жұмыстардың сапасымен ТПС жөндеу технологиясын бақылау үшін өткізіледі.
Қазіргі кезде «Алтын Орда 2004» ЖШС локомотивтарға қызмет көрсету және локомотивтік жабдықтарды жөндеудің мынандай түрлерін атқарады:
- КZ-4А сериялы электровоздарға ТО-2 техқызмет көрсету;
- ЧМЭ-3, ЧМЭ-3т сериялы тепловоздарға ТО-3 техқызмет көрсету;
- КZ4А, ВЛ60п/к, ВЛ80с, ВЛ80т сериялы электровоздарға және ЧМЭ-3, ЧМЭ-3т сериялы тепловоздарға ТО-6 техқызмет көрсету;
- КZ-4А, ВЛ60п/к сериялы электровоздарға ТО-7 техқызмет көрсету;
- ВЛ60 п/к, ВЛ80с, ВЛ80т сериялы электровоздарға ТО-8 техқызмет көрсету;
- қос дөңгелек бандаждарын ауыстырумен жай және толық күәландыру;
- АЭ-92-4, НБ-455а типті асинхронды электрдвигательдерді капиталды жөндеу жұмыстары;
- СПН ЭПТ М блоктарының бұзылған бөлшектерін ауыстырумен отетін деподағы жөндеу жұмыстары;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz