«Су ресурстары қызметі» ЖШС-ң құжат айналымын автоматтандыру


Аннотация

Дипломдық жұмыс тақырыбы: «Су ресурстары қызметі» ЖШС-ң құжат айналымын автоматтандыру».

Құжат айналымының ұйымның әкімшілік іс жүргізуінде аса маңызды рөлі бар. Құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру құжаттарды реттеуді жеделдетеді, ұйымда және мекемеге қарасты объектілердің басқару мақсатындағы ақпараттық құжаттарды пайдалануға әсерін тигізеді. Сондықтан құжат айналымын автоматтандыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Дипломдық жұмыста құрылған бағдарламалық жабдық «Су ресурстары қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжат айналымын автоматтандыру жұмысын орындайды. Мұнда кіріс және шығыс құжаттары туралы мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы интерфейс жасалған. Оларды түзету, қажет мәліметті іздеу, құжат тізімдерінен әртүрлі есептер алу мүмкіндіктері қарастырылған.

Ақпараттық жүйенің деректер қоры Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде, онымен жұмыс жүргізу қосымшасы Delphi визуалды бағдарламалау ортасында орындалған.

Дипломдық жұмыстың түсіндірме жазуы кіріспе, бес бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтитын 93 беттен тұрады. Жұмыстың құрамында 30 кесте, 28 сурет, 1 қосымша бар және 25 әдебиет көздеріне сілтеме жасалған.

Дипломдық жұмыс М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында орындалған.

Дипломдық жұмыстың жетекшісі: т. ғ. к., доцент Ботаева Сәуле Байзаққызы.

Орындаған: ИП-10-3к1 тобының студенті Қаңлыбаева Жанар


Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .
9
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
9: 10
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
9: 11
Нормативтік сілтемелер . . .: Кiрiспе . . . . . .
9: 12
Нормативтік сілтемелер . . .: 1 Аналитикалық бөлім . . .
9: 14
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2 Жобалау бөлімі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1 Ақпараттық жабдықтау . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1. 1 Кіріс ақпаратының сипаттамасы . . . . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1. 2 Тұрақты ақпарат сипаттамасы . . . . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1. 3 Нәтижелік ақпарат сипаттамасы . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2 Аппараттық жабдықтау . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 3 Ақпараттық жүйелерді технологиялық жабдықтау . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 4 Есеп кешенін бағдарламалық жабдықтау . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 4. 1 Операциялық жүйені таңдауды негіздеу . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:

2. 4. 2. Ақпараттық жүйенің бағдарламалық құрылғыларын негіздеу

және таңдау . . .

9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 4. 3 Delphi және деректер қоры . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .:

2. 4. 4 Delphi-дегі ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық

кластар мен компоненттер . . .

9:
Нормативтік сілтемелер . . .:

2. 4. 5 Деректер жиынтығымен жұмыс істеуге арналған негізгі

компоненттер . . .

9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5 Бағдарламалық өнімнің сипаттамасы . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 1 Бағдарламалық модульдерді сипаттау . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 2 Пайдаланушы интерфейсін ұйымдастыру . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3 Еңбекті қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі бөлімі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 1 Жұмыс орындарындағы метеорологиялық шарттар . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2 Жұмыс орнындағы ауаны желдету және конденционерлеу . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 3 Өрт қауіпсіздігі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 4 Электр қауіпсіздігі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 5 Электромагниттік өрістің қауіптілігі және оны алдын алу шаралары . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 6 Табиғат қорғау іс шараларын ұйымдастыру . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 7 Зертханалық зиянды және қауіпті факторларды талдау . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 4 Экономика бөлімі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 4. 1 Автоматтандырудың экономикалық тиімділігін есептеу . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 4. 2 Автоматтандыруға жұмсалған күрделі шығындарды есептеу . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 4. 3 Еңбек және еңбекақы сұрақтары . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 4. 4 Бағдарламаның өтелу мерзімі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5 Бизнес-жоспар бөлімі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 1 Аннотация . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 2 Түйін . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 3 Кәсіпорынның сипаттамасы . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 4 Маркетинг жоспары . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 5 Бағдарламалық жабдықтың сипаттамасы . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 6 Өндірістік жоспар . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 7 Ұйымдастырушылық және басқару жоспары . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 8 Қаржылық жоспар . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 9 Жұмыстардың орындалу тізбесі . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 10 Жобаның тәуекелділігін талдау . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: 5. 11 Әлеуметтік аспектілер . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . …… . . .
9:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қосымша . … . . .
9:


Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

СТ ҚР 1158-2002 Жоғары кәсіби білім. Білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасы.

ҚР МЖМБС 5. 04. 019-2011 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер.

ҚҮ ОҚМУ 1-005-2012 Сапа менеджменті жүйесі. Құжатталған процедура. Құжаттарды басқару.

СТ ОҚМУ 4. 02-2012 Сапа менеджменті жүйесі. Университет стандарты. СМЖ құжаттарын құру, келтіру және рәсімдеудің жалпы талаптары.

СТРК 34. 006 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;

СТРК 34. 007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер»;

МЕСТ UCO 8790 - 95 - «Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары»;

СанПиН 2. 24. 548-96, «Өндірістік орындардың гигиеналық талаптары».

СНиП2. 04. 05-86, «Жылыту, венитялция, салқындату».

ДНАОП 0. 03-3. 01-71, «Өндірістік орындардың санитарлық нормалары -245-71».

ГОСТ 12. 1. 005-88, «Жұмыс зонасының ауасына жалпы талаптар».

ГОСТ 12. 1. 0. 19-79, «Электр құрылғыларын орнату ережелері».

Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылады:

Іс қағаздарын қалыптастыру - бұл құжаттарды іс номенклатурасына сәйкес белгілі бір іске жатқызу және оның ішіндегі құжаттарды жүйелеу

Ақпараттық жабдықтау - ақпаратты кодтау және классификациялаудың, құжаттаудың унификацияланған жүйелерінің, ақпараттық ағын схемаларының, сонымен бірге деректер қорын құрудың методологиясының біртұтас жүйесінің жиынтығы.

Кіріс ақпараты - қандай да бір құрылымдық бөлімге келіп түскен ақпарат;

Шығыс ақпараты - қандай да бір құрылымдық бөлімнен келіп түсетін ақпарат;

Ішкі ақпарат - объекттің ішінде туындайтын ақпарат;

ADO (Active Data Objects) - Берілгендер қорының информациясына қол жеткізу механизмі, ADO Microsoft фирмасының стандарты.

Белгілеулер мен қысқартулар

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

СТН - салық төлеушінің номері

ӘЖК - әлеуметтік жеке код

СМЖ - сапа менджментінің жүйесі

ЭМЖ

ЕҚ

ЕҚМЖ

ТҚКО - Тұтынушыларға қызмет көрсету Орталықтары

ЖК - Жеке кәсіпкерлер

МҚ - Мәліметтер қоры

МҚБЖ - Мәліметтер қорын басқару жүйелері

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, нақты іске асыру тарауында былай деп жазылған: «Электрондық үкімет» жобасын іске асыруды жеделдетсін. Ол үшін биылғы жылы «Біріздендірілген номерлердің ұлттық тізілімі туралы» Заң қабылдануға және «Ақпараттандыру туралы» Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс. Нақты іске асырылған жағдайда мұның өзі әрбір азаматтың енді қазіргі кезде жиі талап етіліп жүрген СТН, ӘЖК, төлқұжат нөмірі және басқа да құжаттардың орнына өзінің әмбебап дербес кодын иеленуіне мүмкіндік береді» [1, 2] . Сондай-ақ, айтуынша құжаттарды басқару келешекте электрондық жолымен жүзеге асырылады. Құжаттарды басқару жеделдету жолында құжаттарды қазақ тілінде жүргізу аса маңызды рөл атқарады.

Құжаттардың тиімді тіркеу жүйесінің әзірленуі іс жүргізуді жетілдіру жолдарының бірі. Құжаттарды тіркеу ұйымдағы жұмыстардың көптеген бөліміне тығыз байланысты және үнемі әсер етеді: орындалуын тексеру, хат-хабар қозғалысының жылдамдығы, құжаттарды іздеу және сақтаудың ұйымдастырылуы, іс жүргізу және тағы басқалар. Бұдан өзге, еңбек мөлшері мен уақыттар да құжаттар есебіне байланысты операцияға жұмсалады. Құжаттарды тіркеудің тиімді жүйесін өңдеу кезеңдерімен жүріледі [3-5] .

Ұйымның әкімшілік іс жүргізуінде құжат айналымының мәні зор. Құжаттарды жедел өңдеу, ұйымды және бөлімдерді басқару үшін ақпараттық құжаттарды қолдану оларды дұрыс ұйымдастырып реттеуге байланысты болады. Өз өзіндік дайын ақпарат әрдайым шешім қабылдауға жағдай бермейді. Мұндай ақпараттарды өңдеу, жүйелеу, талдау қажет сонда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік болады.

Бұл үшін құжат айналымының есебін жүргізу керек болады. Құжат айналымы жөніндегі толық мәліметті хат-хабарландыру қабылдау және тіркеу туралы мәліметтерді қоса барлық құжат айналым көлемі шығады.

Құжаттамалық процестің іске асырылуы ақпараттың құжаттар мен олардың ағымдағы жүйесі түрде зерттеу көзқарасты қажет етеді. Жүйелілік барлық қажетті мақсатты элементтерін зерттеу және бұл мақсаттардың толық сипаттамасын беруге әкеледі.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік құндылығы төмендегідей негізделеді:

  • Кіріс-шығыс құжаттарын тіркеудің және орындалуын қадағалаудың автоматтандырылуы;
  • Кіріс-шығыс құжаттары туралы әртүрлі есептерді алу мүмкіндіктерінің болуы.

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы алынған бағдарламалық қосымшаның жұмыс істеу нәтижелерінің шынайылығымен түсіндіріледі.

Шешілетін ғылыми мәселенің заманауи тұрғыдағы бағасы. Жасалған диплом жұмысында құжат айналымын жүргізетін және ресми құжаттарды әзірлейтін қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуін қадағалау мәселелеріне айрықша назар аударылғаны мәлім. Ал бұл шаралар бұрын-соңды жете көңіл бөлінбей келген ресми іс қағаздарының тілдік-стильдік құрылымына ерекше мен беруді қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. «Су ресурстары қызметі» мекемесінің құжат айналымын автоматтандыру үшін ақпараттық, бағдарламалық, математикалық жабдықтарды пайдаланып, ақпараттық жүйе құрастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Жұмыстың мақсатына орай келесі міндеттер орындалуы тиіс:

- мекемедегі құжаттардың мөлшерін есепке алуын анықтау;

- кіріс және шығыс құжаттарының тіркеу жұмыс барысын көрсету;

- құжат айналымының компьютерлендеру жолымен маңыздылығын сипаттау.

Жұмыстың зерттеу нысанының қысқаша сипаттамасы. Диплом жұмысының зерттеу нысаны ретінде «Су ресурстары қызметі» ЖШС-де айналымда жүретін құжаттар ағымы алынды. Мекемеде көптеген әкімшілік істі тиімді жүргізу үшін әр түрлі ағымдағы ақпараттың құжаттардың ішінен бұл ұйымның негізгі функциясына көп дәрежеде әсер ететін ақпараттарды анықталады.

Теориялық және әдістемелік негіздері . Ақпараттар ағымын зерттеу - ақпараттық құжаттарды өңдеу және қабылдау, жөнелтулердің құрамдық бөлімдерін анықтау мүмкіншілігін береді. Құжат айналымын ұйымдастыру хат-хабардың көлемінен белгілі мөлшерде байланысты болады. Құжат айналымын автоматтандыру үшін бағдарламалық жабдық жасауда математикалық үлгілеу, жүйелік талдау мен құрылымдық бағдарламалау әдістері қолданылады.

Зерттеудің тәжірибелік базасы. Жұмыстың тәжірибелік базасы ретінде «Су ресурстары қызметі» ЖШС қарастырылды.

1 Аналитикалық бөлім

Құжат айналымының ұйымның әкімшілік іс жүргізуінде аса маңызды рөлі бар. Құжат айналымның дұрыс ұйымдастырылуы құжаттарды реттеуді жеделдетеді, ұйымда және оған қарасты объектілерді басқару мақсатындағы ақпараттық құжаттарды пайдалануға әсерін тигізеді. Өз өзіндік дайын ақпараттар үнемі шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Бұл ақпараттарды өңдеу, жүйелеу, талдау, дұрыс шешім шығара алатындай, жаңа сапалы немесе қайталама құжаттық ақпарат шығарады. Кез келген басқару құжаттарына қозғалыстағы іс қағаздары жатады.

Ақпараттық құжат ағымдарын мекеменің төменгі бөлімдерінен бастап оның орталық аппаратына дейін жүйелі түрде зерттеу бүкіл жүйенің іс-қимыл әрекеттінің сипаттамасын бере алмайды. Нақты зерттеулер автоматтандырылған жүйені игерумен жүргізіледі. Ақпараттар базасы - басқарудың автоматтандырылған жүйесінің қамтамасыз етілген жүйесі болып табылады. Ұйымдардағы құжаттар қозғалысының ретті ұйымдастырылу құрылымы және шешім қабылдау деңгейі сонымен тікелей байланыстырып құрылады. Сондықтан дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлімінде зерттеу объектісінің қазіргі кездегі жай-күйі мен ондағы қолданылып отырған ақпараттық жүйенің негізгі құраушыларының сипаттамалары қарастырылады.

1. 1 Зерттеу объектісінің сипаттамасы

Шымкент қалалық Су ресурстары қызметі мекемесінің тарихы

Қалалық коммуналды шаруашылығының 1951 жылы 28 қарашасындағы №103 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласында «Су арнасы» басқармасы құрылды. «Су арнасы» құрылғанға дейін қала тұрғындары бұлақтардың, құдықтардың және шағын өзендердің суын пайдаланған. 1951-1957 жылдар аралығында қалаға су Қошқар ата шағын өзенінің бойында орналасқан 2 сорғы стансасынан берілетін. Сорғылардың қуаты тәулігіне 1255 текше метрге дейін жететін, ал су жүйелерінің ұзындығы 18, 5 км құрайтын. Екі сорғы стансасы арқылы көтерілетін судың сатылу бағасы 2 шелек үшін 1 тиын болатын.

1952 жылы - Коммунистік даңғылы бойымен диаметрі 200 мм, ұзындығы 2 км алғашқы кәріздік желі салынды;

1953 жылы - диаметрі 600 мм, ұзындығы 3 км коллектор жүргізілді. Қуаты тәулігіне 17 мың текше метр қаланың алғашқы кәріздік тазалау ғимараттары іске қосылды;

1957 жылы - Бадам-Сайрам қақпасы маңында қуаты секундына 0, 8 текше метр болатын бірінші су қабылдағышының құрылысы басталды;

1968 жылы - Бадам-Сайрам су қабылдағышы пайдалануға берілді. Екі су қоймасы бар екінші көтергіш стансасының құрылысы басталды;

1972 жылы - «Казводоканалпроект» институтының жобасы бойынша Тассай-1 су қабылдағышы салынды;

1973 жылы - Тассай-2 су қабылдағышы пайдалануға берілді;

1977 жылы - 32 ұңғымадан тұратын Ақбай-Қарасу су қабылдағышы іске қосылды;

1983 жылы - қаланың кәріздік тазарту қондырғыларының шайынды суларды механикалық тазалау блогының құрылысы басталды;

1986 жылы - Көмеш-бұлақ су қабылдағышының құрылысы бітті;

1989 жылы - шайынды суларды биологиялық тазалау блогы пайдалануға берілді;

1996 жылы - тарату желілері мен тұтынушыларда су есептегіш құралдарын орнату арқылы суды пайдалану есебінің бағдарламасын жүзеге асыру басталды;

1998 жылы - «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і құрылды;

1999 жылы - қысым деңгейінің өзгеруін пьезометриялық түсірілу жолымен су көтеру жүйесі жетілдірілді;

2001 жылы - есептегіш құралдарын тарату тораптарға шығару арқылы су құбыр желілерін қайта құру жобасын іске асыру басталды;

2006 жылы - ИСО 9001:2000 Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сертификат алды;

2008 жылы - мекеме:

- «Алтын сапа сертификаты»;

- «Ұлттық экономика көшбасшысы» Құрмет белгісімен;

- «ТМД үздік компаниясы» Құрмет белгісімен;

- ҚР қаржы Министрлігінің «ОҚО үздік салық төлеушісі» дипломымен марапатталды.

2009 жылы - Басымбағытты Инвестициялау Бағдарламасын жүзеге асыру үшін Европалық Қайта құру және Даму Банкісінің инвестициясын игеру басталды;

2010 жылы - мекеме бизнестегі мінсіз абыройы және өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасы үшін «Алтын ягуар» және Москва қаласындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» халықаралық бағдарламасы бойынша қазіргі замандағы кәсіптік жетістіктері мен қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін «Даңқ мерейлері» дипломдарымен марапатталды.

2010 жылы - тазарту қондырғыларын жаңарту және биогаз қондырғысын орнату құрылысының жобасын іске асыру үшін Европалық Қайта құру және Даму Банкісімен 2011-2013 жж. несие мерзімі 10 жылға жеңілдік шарттармен 13, 6 млн. ЕВРО (2, 8 млрд. теңге) көлеміндегі несиелік келісім-шартқа қол қойылды.

2011-2012 жылдары - тазарту қондырғыларын жаңарту жобасы іске асырылды.

2012 жылы биогаз қондырғысының құрылысы басталды.

2012 жылы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Қыран» тұтынушылардың аймақтық лигасы» қоғамдық мекемесінің «Алтын қыран» халықтық сапа белгісін иеленді.

2012 жылы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Жыл көшбасшысы» халықтық тәуелсіз конкурсын ұйымдастыру комитетінің «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясының дипломымен марапатталып, «Оңтүстік Қазақстанның алтын көшбасшылары» құрметті атағына ие болды.

2012 жылы экологияға қосқан маңызды үлесі үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсы күміс жүлдегерінің белгісі мен дипломы» мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мекеменің маңызды жетістіктері.

1212, 9 теңге көлеміндегі инвестициялық бағдарламаны толық іске асырылуы. Қолдағы тазалау ғимараттарын жаңғырту бойынша Басымды Инвестициялау Бағдарламасының бірінші кезеңінің аяқталуы;

Жеке сектордағы 5 мың абоненттің және 30 көп қабатты үйлердегі жеке есептеу құралдарын жалпы су есептегіш тораптарына орнатумен су құбыры желілерін қайта құру;

Ең көп су шығыны болатын мекен-жайлар бойынша ұзындығы 5 мыңнан асатын су таратқыштар мен магистральды су құбыры желілерін қайта құру және алмастыру;

11 ескірген сорғы-энергетикалық қондырғысын үлгілі және энергиялық тиімділігіне алмастыру;

ARAD, ITRON, ZENNER және SENSUS әлемнің жетекші өндірушілерінің көрсеткішті ара қашықтықтан алатын жалпы үйлік және жалпы көшелік есептегіш құралдарын орнатуды аяқтау;

Пайдаланушы қызметтерде қолданылатын жаңа технкалар мен технологиялардың заманауи түрлерін алу және ендіру;

Су шығынын 21%-ға дейін төмендетуге және тұтынушыларды тәулік бойы қажетті көлемде үздіксіз сумен жабдықтауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу;

Ішкі жарықтандыруға арналған электр қуатының баламалы көздерін ендіру басталды.

Инвестициялық бағдарлама, тарифтік сметалар және 2013-2014жж. ортамерзімдік мезгілге қызметтердің қолдану көлемі бойынша сараланған тарифі бекітілді,

Әрекет ету мерзімі 2015 жылға дейінгі ИСО 9001:2008, ИСО 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 Халықаралық стандрат талаптарына сәйкес СМЖ, ЭМЖ, ЕҚ және ЕҚМЖ қайта сертификациялау сәтті өтті.

Халықаралық рейтингі бар компания жүргізген 2011 жылғы қызмет қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметінің қаржылық аудиті сәтті аяқталды.

Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісінен үшінші кезең бойынша инвестиция тарту жұмыстары басталды.

2012 жылдың 19 қарашасында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Қыран тұтынушылардың аймақтық лигасы» қоғамдық мекемесінің «Алтын қыран» халықтық сапа белгісін иеленді.

2012 жылдың 16 желтоқсанында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Жыл көшбасшысы» халықтық тәуелсіз байқауының ұйымдастыру комитетінің «Жылдың ең үздік кәсіпорны» номинациясы дипломымен мараптталып, «Оңтүстік Қазақстанның алтын көшбасшысы» құрметті атағы берілді.

2012 жылдың 25 желтоқсанында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директорына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың эколгияға тиімді үлесі үшін белгі мен «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауының күміс жүлдегері дипломы табысталды.

1. 2 Мекеменің қолданыстағы ақпараттық жабдықталуы

Мекеменің қолданыстағы ақпараттық жабдықталуы ондағы қолданылып отырған ақпарат ағымымен сипатталады.

Қазіргі таңда сумен қамту және кәріз су қызметтерінің тұтынушыларына қолайлы жағдай жасау үшін қалада тұтынушыларды қабылдау жөнінде үш Тұтынушыларға қызмет көрсету Орталықтары (ТҚКО) қызмет етеді.

Тұтынушыларға қызмет көрсету Орталықтары жеке және заңды тұлғаларға қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Тұтынушы төмендегідей қызмет түрлерін ала алады:

  • Білікті мамандардан сумен қамту және ағынды суды бұруға қатысты кез-келген мәліметті алу;
  • Тұтынылған қызметтерге төлем жасау;
  • Суық суды есептеу құралдарының көрсеткіштерін ұсыну;
  • Келісім-шартты жасауға құжаттар өткізу;
  • Сумен қамту және/немесе ағынды суды бұру қызметтеріне келісім-шарт жасау;
  • Есептеу құралдарын пломбалауға өтінім беру және т. б.

Барлық Орталықтар электронды кезекке тұру жүйесімен жабдықталған, төлемдерді қабылдау терминалдары жұмыс істейді, тұтынушылар үшін қолайлы уақытта қызмет етеді.

Жеке тұлғалармен келісім-шарт жасау үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) Жеке тұлғаның жеке куәлігі (көшірме) ;

2) Жеке тұлғаның СТН құжаты (көшірме) ;

3) Үй кітапшасы (көшірме) ;

4) Сату-сатып алу (айырбастау, сыйға беру және т. с. с. ) келісім-шарты (көшірме) ;

5) Жер актісі (көшірме) ;

6) Техникалық паспорт (көшірме) ;

7) Техникалық шарттар (бұрын берілмеген жағдайда) ;

8) Кепілхат (жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда) .

9) Ведомстволық желілердің иесінен рұқсат қағаз (тұтынушының жеке желілері 3-тұлғаның ведомстволық желілеріне қосылған жағдайда)

Жеке кәсіпкерлермен (ЖК) келісім-шарт жасау үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) ЖК жеке куәлігі (көшірме) ;

2) ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірме) ;

3) ЖК СТН құжаты (көшірме) ;

4) Сату-сатып алу (айырбастау, сыйға беру және т. с. с. ) келісім-шарты (көшірме) ;

5) Техникалық паспорт (көшірме) ;

6) Техникалық шарттар (бұрын берілмеген жағдайда) ;

7) Кепілхат (жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда) .

8) Ведомстволық желілердің иесінен рұқсат қағаз (тұтынушының жеке желілері 3- тұлғаның ведомстволық желілеріне қосылған жағдайда)

Заңды тұлғалармен келісім-шарт жасау үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік(көшірме) ;

2) Заңды тұлғаның жарғысы (көшірме) ;

3) Заңды тұлғаның СТН құжаты (көшірме) ;

4) Сату-сатып алу (айырбастау, сыйға беру және т. с. с. ) келісім-шарты (көшірме) ;

5) Техникалық паспорт (көшірме) ;

6) Техникалық шарттар (бұрын берілмеген жағдайда) ;

7) Кепілхат (жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда) .

8) Ведомстволық желілердің иесінен рұқсат қағаз (тұтынушының жеке желілері 3- тұлғаның ведомстволық желілеріне қосылған жағдайда)

Нотариустармен және адвокаттармен келісім-шарт жасау үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) Адвокаттың, нотариустың жеке куәлігі (көшірме) ;

2) Адвокаттың, нотариустың СТН құжаты (көшірме) ;

3) Сату-сатып алу (айырбастау, сыйға беру және т. с. с. ) келісім-шарты (көшірме) ;

4) Техникалық паспорт (көшірме) ;

5) Техникалық шарттар (бұрын берілмеген жағдайда) ;

6) Кепілхат (жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда) .

7) Ведомстволық желілердің иесінен рұқсат қағаз (тұтынушының жеке желілері 3 тұлғаның ведомстволық желілеріне қосылған жағдайда)

Жеке тұлғалармен (көппәтерлі сектор) келісім-шарт жасау үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) Жеке тұлғаның жеке куәлігі (көшірме) ;

2) Жеке тұлғаның СТН құжаты (көшірме) ;

3) Үй кітапшасы (көшірме) ;

4) Сату-сатып алу (айырбастау, сыйға беру және т. с. с. ) келісім-шарты (көшірме) ;

5) Кепілхат (жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда) .

Су құбыры мен кәріз су желілеріне қосулы үшін:

1. Шымкент қаласының Сәулет және құрылыс басқармасынан желілерге қосулыға үшін техникалық шарттарды сұрау керек.

2. Желілерді жобалап, келістіру ( Халыққа қызмет көрсету орталығы)

3. Желі құрылысы бойынша монтаждық жұмыстар жүргізу және салынған желінің суретін ұсыну.

4. Есептеуіш құралын орнату («Есептеуіш құралдары» деген сайттағы бөлімшеден табасыздар)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асем-ай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі
Кәсіпорынның сату бөлімі
Қойма логистикасындағы ақпараттық жүйелерді дамыту шаралары
Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі
VСT шаблон негізінде «Компьютерлік желілер» пәні бойынша электронды оқулық құрастыру»
Ауыл шаруашылында қаржы ресурстарын ұйымдастыру
Мақта тазалау кәсіпорындарының басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды жетілдіру
Басқарудың ұйымдық құрылымы
Қалалық телефон желісінің жұмысын автоматтандыру
ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының аж -н құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz